"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 02-01-02/182 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 желтоқсанда № 8249 тіркелді

Қолданыстағы

      «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызмет көрсету регламенті бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімі (М.Ы. Өтешев):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Мемлекеттік қызметті өткеру бөлімінің меңгерушісі М.Ы. Өтешевке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                           А. Байменов

Қазақстан Республикасы  
Мемлекеттік қызмет істері 
агенттігі Төрағаның    
2012 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 02-01-02/182 бұйрығымен 
бекітілген         

«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік
басқару академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің
кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызметінің регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызметінің осы регламенті Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 желтоқсандағы № 1687 «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын бекіту туралы» қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламалары бойынша оқыту» мемлекеттік қызмет көрсету стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес әзірленді.
      2. Осы Регламентте мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен көрсетілетін, білім беру бойынша мемлекеттік қызмет;
      2) мемлекеттік қызметті алушы – Академияға белгіленген тәртіпте жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік бағдарламалары бойынша оқытуға қабылданған тұлғалар.
      3. Мемлекеттік қызметті көрсетуші орган атауы – «Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы РМҚК» (бұдан әрі – Академия).
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: автоматтандырылмаған.
      5. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім беру туралы» Заңы негізінде жүзеге асырылады.
      6. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі:
      1) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік білім бағдарламасын – Академия магистратурасын толық меңгергенін растайтын диплом, сондай-ақ оған қосымша (транскрипт);
      2) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің кәсіптік бағдарламаларын аяқтамаған мемлекеттік қызметті алушыға берілетін анықтама;
      3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
      7. Мемлекеттік қызметті алушыны оқуға қабылдау сәтінен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері: мамандыққа байланысты бір жыл және екі жыл – магистрлік бағдарламалар, үш жыл – докторлық бағдарламалар.
      8. Мемлекеттік қызмет:
      1) республикалық бюджет қаражаты есебінен мемлекеттік қызметшілерге;
      2) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) бекіткен бағаларға сәйкес төлеген кезде жеке және/немесе заңды тұлғалар қаражаты есебінен өзге адамдарға көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      9. Мемлекеттік қызмет Академияның ғимаратында жүзеге асырылады. Ғимарат тәртібі: ғимаратқа кіру білім алушының куәлігі бойынша жүзеге асырылады.
      Ғимаратта тәулік бойлы күзет бекеті, өртке қарсы дабыл қаққыш және басқа да қауіпсіздік шаралары бар.
      10. Мемлекеттік қызмет оқу жоспарына, мамандықтың академиялық күнтізбесіне, сабақ кестесіне, аралық бақылауға, емтихан сессиясына, қорытынды аттестацияға сәйкес (кешенді мемлекеттік емтиханды тапсыру және диссертацияны қорғауға) сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен, жексенбі, демалыс және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңымен бекітілген мереке күндерінен басқа көрсетіледі.
      11. Мемлекеттік қызмет туралы ақпарат Академияның www.pa-academy.kz интернет-ресурсында орналастырылған, сондай-ақ 8 (7172) 75 31 32, 75 31 17 телефондары бойынша беріледі.
      12. Мемлекеттік қызмет ұсынудан бас тарту негіздері Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.
      13. Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңдері:
      1 кезең – Академияның білім алушы қатарына қабылдау;
      2 кезең – оқытудың барлық кезеңіне оқу жоспарындағы барлық пәндер бойынша қанағаттанарлық оқу жетістігі;
      3 кезең – шетелде тағылымдамадан/өндірістік тәжірибеден өтуде қанағаттанарлық оқу жетістігі;
      4 кезең – диссертация жазуды табысты аяқтау және бітіруші кафедраның қорғауға ұсынымы туралы шешімі (кафедра мәжілісінің хаттамасынан үзінді);
      5 кезең – ғылыми жетекшінің оң пікірін алу;
      6 кезең – ғылыми басылымдарда диссертация тақырыбы бойынша белгілі сандағы жарияланымдардың немесе халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларда сөз сөйлеуінің болуы;
      7 кезең – бір сыртқы рецензияның болуы;
      8 кезең – кешенді емтиханды табысты тапсыру;
      9 кезең – диссертацияны табысты қорғау.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде әрекет (өзара әрекет) тәртібінің сипатталуы

      14. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      15. Мемлекеттік қызметті алушы Академияның білім алушы қатарына қабылданғаннан кейін білім алушы куәлігі мен сынақ кітапшасын алады.
      16. Әр әкімшілік іс-қимылдың (рәсімдердің) орындалу мерзімі көрсетілген әр ҚФБ-нің әкімшілік іс-қимылдардың (рәсімдердің) бірізділігі мен өзара іс-әрекетінің мәтіндік сипаттамасы осы регламенттің 1-қосымшасында келтірілген.
      17. Функционалдық өзара іс-қимыл диаграммасы осы регламенттің 2-қосымшасында келтірілген.

«Қазақстан Республикасы    
Президентінің жанындағы    
Мемлекеттік басқару академиясында
жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің кәсіптік бағдарламалары
бойынша оқыту» Регламентіне 
1-қосымша           

1-кесте. ҚФБ әрекетінің сипаттамасы

ҚФБ атауы

Рәсім

Мерзімдер

Құжат

1

Академия:
Қабылдау комиссиясы, ректор

Білім алушы қатарына қабылдау

Тамыз аяғы

Академия ректорының бұйрығы

2

Академия:
Институттар Оқу-әдістемелік орталық, Оқытушылар

Оқу процесі

1 немесе 2 жыл

Оқу жоспары
Академиялық күнтізбесіне
Сабақ кестесі
Аралық бақылау емтихан сессиясы: емтихан тізімдемесі
Тәжірибе/тағылымдама бойынша есебін қорғау:
Есебін қорғау бойынша тізімдеме

3

Академия:
Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы

Қорытынды аттестация

Маусым

Емтихан тапсыру хаттамалары
Диссертация қорғау хаттамалары
Осы атақты беру бойынша комиссия шешімінің хаттамасы

4

Академия:
Оқу-әдістемелік орталық

Дипломдарды, транскриптерді, анықтамаларды дайындау

Маусым

Дипломдар
Транскриптер (үш тілде)

5

Академия

Тапсыру

Маусым

Дипломдар
Транскриптер

«Қазақстан Республикасы    
Президентінің жанындағы   
Мемлекеттік басқару академиясында
жоғары оқу орнынан кейінгі білім
берудің кәсіптік бағдарламалары
бойынша оқыту» Регламентіне
2-қосымша           

           Оқыту бойынша мемлекеттік қызмет процесі