Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 26 қарашадағы № 812 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 26 желтоқсанда № 8236 тіркелді

Қолданыстағы

      «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңының 7-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (В.В. Ярошенко):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі С.С. Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                      А. Жұмағалиев

     «КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат
министрі
____________ Д. Мыңбай
2012 жыл 27 қараша

Қазақстан Республикасы     
Көлік және коммуникация министрінің
2012 жылғы 26 қарашадағы № 812
бұйрығымен бекітілген      

Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу туралы қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Телерадио хабарларын тарату туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және телерадио хабарларының сапасына бақылау тәртібін айқындайды.
      2. Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
      1) телерадио хабарларын тарату саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
      2) мемлекеттік техникалық қызмет (бұдан әрі - МТҚ) - уәкілетті органның телерадио хабарларын тарату саласындағы қызметті бақылауын техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын заңды тұлға.
      3. Телерадио хабарларын тарату сигналдарының параметрлері сапасын бақылау телерадио хабарларын тарату қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қамтамасыз етуге телевизиялық сигналды қабылдаудың кепілдік сапасына, Қазақстан Республикасының аумағында теле,- радиобағдарламаларды таратудың техникалық сапасын жақсартуға ықпал ету, телерадио хабарларын таратудың белгіленген пайдалану-техникалық нормалары мен параметрлері бұзушылығын айқындау және алдын алу мақсатында жүзеге асырылады.
      4. Телерадио хабарларын тарату сапасын бақылауды жүргізу уәкілетті орган МТҚ тартумен және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырады.
      5. МТҚ телерадио хабарларын тарату сапасын техникалық бақылаудың негізгі міндеттері мыналар болып табылады:
      1) уәкілетті органның теле-, радиоарналарды халықтың қабылдауының сапасына бақылау жүргізу кезінде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету;
      2) теле-, радиобағдарламаларды қалыптастыру, тарату және қабылдау технологиялық үдерісіне қатысатын телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарын уәкілетті орган жүргізетін тексеріс кезінде жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету;
      3) Қазақстан Республикасы аумағында қолданыстағы нормативтік құжаттармен сәйкестігіне телерадио хабарларын тарату сапасының техникалық параметрлерін бақылау жұмыстарын техникалық қамтамасыз етуі;
      4) Қазақстан Республикасы телерадио хабарларын тарату желісінде сигналдарды (бағдарламаларды) қалыптастыру трактісінің шығуында таратылатын теле-, радиобағдарламалар сигналдарының сапасын техникалық бақылау;
      5) сигналдарды (бағдарламаларды) тарату тракті буындарының шығуында телерадио хабарларын тарату желісінде теле-, радиобағдарламаларды тарату сапасын техникалық бақылау;
      6) телерадио хабарларын тарату технологиялық үдерісіне қатысатын ұйымдар, кәсіпорындар мен телерадио хабарларын тарату қызметін пайдаланатын тұтынушылар арасында туындайтын даулар мен келіспеушіліктерді уәкілетті органның шешуі кезінде техникалық бақылау өткізу;
      7) телерадио хабарларын тарату саласында радиожиілік спектрінің және радиоэлектрондық құралдардың мониторингі бойынша жұмыстарды техникалық қамтамасыз ету;
      8) Қазақстан Республикасы аумағына шетелдік телерадио хабарларын тарату сигналдарының өтуін техникалық бақылау;
      9) Қазақстан Республикасы телерадио хабарларын тарату радиоэлектрондық құралдарына оларды жою бойынша одан әрі шаралар қабылдау үшін басқа Байланыс әкімшіліктерінің радиоэлектрондық құралдарынан радиобөгеулер көздерін анықтау;
      10) Қазақстан Республикасы аумағының телерадио хабарларын таратудың есептеу аймақтарына нақты аймақтарға сәйкестігін тексеру.

2. Телерадио хабарларының сапасына бақылауды жүргізу тәртібі

      6. Телерадио хабарларын таратудың сапасын бақылау:
      1) телерадио хабарларын тарату техникалық құралдары параметрлерін жоспарлы бақылау өлшемдерін жүргізу;
      2) уәкілетті органның нұсқауы бойынша бағдарламаларды тарату үдерісінде және бағдарламаларды алып тастаумен өткізілетін телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдары параметрлерін жоспардан тыс бақылау өлшемдерін жүргізу;
      3) телерадио хабарларын тарату саласындағы радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдарының техникалық сипаттамаларын талдау жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
      7. Телерадио хабарларын тарату техникалық құралдары параметрлерінің жоспарлы және жоспардан тыс бақылау өлшеулері уәкілетті органның инспекциялау тексерістерімен бір уақытта инспекцияланушы ұйым орналасқан жері немесе (және) оның техникалық объектілері (техникалық құралдар) бойынша инспекциялық тексерулер өткізілуі мүмкін.
      Жоспарлы бақылау өлшеулері мүмкіндігінше телерадио хабарларын тарату желісінде жоспарлы өлшеулер жүргізу кезеңінде өткізіледі.
      8. МТҚ мен телерадио хабарларын тарату операторы және/немесе теле-, радиокомпания өкілдерінің қатысуымен уәкілетті органның талаптары бойынша жоспардан тыс бақылау өлшеулері жүргізілуі мүмкін.
      Уәкілетті органның талабы бойынша телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының параметрлерін жоспардан тыс бақылау өлшемдерін жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмалары мен сауалдары, оған уәкілетті мемлекеттік органдарының депутаттық сауалдары, өтініштері, сұрау салулары, жеке және заңды тұлғалардың шағымдары болып табылады.
      Егер жоспардан тыс бақылау өлшеулер жүргізген кезде бұзушылықтар анықталмаса онда кестеде көзделген кезекті жоспарлы бақылау өлшеулері ағымдағы тоқсанда өткізілмейді.
      9. Телерадио хабарларын тарату саласындағы радиожиілік спектрі мен радиоэлектрондық құралдарды бақылау МТҚ тұрақты түрде жүзеге асырады.
      10. Техникалық параметрлерінің бақылау өлшеулері (қабылдау және беру сигналы) телевизиялық хабар таратудың техникалық құралдарының телерадио хабарларын тарату сапасын бақылау бөлігінде нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.
      11. Өлшеулер өткізу үшін өлшеу құралдарының телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарына қосылуы техникалық құралдар иесінің өкілі теле-радиокомпания немесе телерадио хабарларын тарату операторы іске асырады.
      12. Телерадио хабарларын таратудың техникалық құралдарының параметрлерін бақылау өлшеулерін жүргізу кезінде МТҚ-ның аспаптары да сондай-ақ өлшенетін техника құралдары иесінің аспаптары пайдаланылады.
      МТҚ өкілі өлшеу жүргізудің дұрыстығын бақылайды және өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін белгілейді.
      13. Бақылау өлшеулерін жүзеге асыратын МТҚ жұмыскерлері телевизияның хабар тарату аспаптарының жабдықтарын кірерде және шығарда (бейне және дыбыстық сүйемелдеу), сондай-ақ хабар тарату кезінде де және телевизиялық хабар тарату құралдары параметрлерін, оларды жіберу бақылау өлшеулері уақытында да бақылау жүргізеді.
      14. Бақылау өлшеулердің хаттамасына үш данада өлшеулердің барлық қатысушылары қол қояды. Хаттама түпңұсқасының бір данасы телерадиохабарларын техникалық құралдарымен жұмысы барысында барлық бұзушылықтар анықталған жағдайда одан әрі шаралар қабылдау үшін уәкілетті органға жіберіледі. Хаттама түпнұсқасының екінші данасы МТҚ-да сақталады, хаттаманың үшінші түпнұсқасы бірлескен өлшеулерге қатысушының өкіліне тапсырылады.