Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 590 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 желтоқсанда № 8211 тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 10-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары бекітілсін.
      2. «Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау ережесін бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 6998, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдары актілері жинағының 2011 жылғы 14 қыркүйекте № 6 санында жарияланған) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2011 жылғы 30 наурыздағы № 111 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылымдық бөлімшелері, ведомстволары, аумақтық және өзге де органдарының басшылары Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидаларының мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      5. Бұйрықпен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері таныстырылсын.
      6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Комитет Төрағасы                           Н. Әбіқаев

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Төрағасының       
2012 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 590 бұйрығымен    
бекітілген       

Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы
(әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҰҚК) арнаулы (әскери) оқу орындарына азаматтарды оқуға қабылдау тәртібін белгілейді.
      2. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына орта білімі бар, әскери қызмет өткермеген, оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған, мерзімді әскери қызмет өткерген азаматтар, мерзімді әскери қызмет немесе арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген, оқуға түсетін жылы жиырма төрт жасқа дейінгі, сондай-ақ әскери қызметін келісімшарт бойынша өткеріп жүрген жиырма бес жасқа толмаған әскери қызметшілер қабылданады.
      3. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындары осы Қағидалардың 1-қосымшасында аталған Мамандықтар тізбесіне сәйкес мамандықтар бойынша оқуға қабылдайды.
      4. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына тапсыруға тілек білдірген азаматтар оқуға тапсыратын жылдың алдындағы жылғы 1 қарашаға дейін тұрғылықты жері немесе қызмет ету орны бойынша ҰҚК бөлімшелеріне, ведомстволарына және аумақтық органдарына қай тілде тест тапсыратындығын және қай тілде білім алатындығын көрсете отырып, мыналар:
      әскер қатарына шақырылған және запастағы әскери міндеттілер – ерікті нысандағы өтініш;
      әскери қызметшілер – баянат өткізеді.
      Өтінішке немесе баянатқа қоса мыналар:
      1) жалпы орта білім туралы аттестаттың көшірмесі қосымшасымен немесе техникалық және кәсіби білімі туралы дипломның көшірмесі қосымшасымен не болмаса орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломның көшірмесі қосымшасымен;
      2) «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) бекітілген анықтама нысанына сәйкес жалпы орта, техникалық және кәсіби, сондай-ақ орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын бітірмеген адамдарға берілетін анықтама (түпнұсқа);
      3) жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);
      4) туу туралы куәлік (көшірме);
      5) алты фотосурет (бас киімсіз, көлемі 4,5 х 6 см);
      6) өмірбаян (түпнұсқа) тіркеледі.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.03.2015 № 15 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      5. ҰҚК Кадрлар департаменті оқуға тапсыратын жылдың алдындағы жылғы 1 қазанға дейін ҰҚК бөлімшелері, ведомстволары, аумақтық органдары үшін ҰҚК Төрағасының бұйрығымен бекітілетін ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсетін кандидаттарды жіберу жөніндегі бөлу қағазын дайындайды.
      6. Бөлу қағазы бекітілгеннен кейін ҰҚК бөлімшелерінде, ведомстволары мен органдарында:
      1) бұқаралық ақпарат құралдарына, ҰҚК ресми интернет-ресурсына ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсу үшін өтініш беру мерзімдері, сондай-ақ өтінішке қосымша тіркелетін құжаттардың тізбесі туралы хабарландыру беру ұйымдастырылады;
      2) оқуға кандидаттарды кәсіби бағыттау, іріктеу мен тексеру жөніндегі жұмыстар олардың қызмет ету орны және тұрғылықты жері бойынша жүргізіледі.
      7. Оқуға кандидаттар қызметке жарамдылығын анықтау үшін қызмет ететін орны немесе тұрғылықты жері бойынша міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда психофизиологиялық және медициналық куәландырудан, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді.
      8. ҰҚК бөлімшелерінің, ведомстволарының, органдарының кадрлар аппараты оқуға түсуге кандидаттардың жинақталған жеке істерін ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсетін жылғы 20 мамырға дейін жолдайды.
      9. ҰҚК Кадрлар департаменті оқуға баратын кандидаттарға ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау мерзімі туралы ҰҚК бөлімшелерінің, ведомстволарының, органдарының кадрлар аппараты арқылы хабарлайды.

2. Арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау тәртібі

      10. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдауды қабылдау және мандаттық комиссиялары жүзеге асырады. Қабылдау және мандаттық комиссиялардың құрамдары ҰҚК Төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
      Қабылдау және мандаттық комиссиялардың құрамына басшы, сондай-ақ ҰҚК бөлімшелерінің, ведомстволарының, органдарының өзге де қызметкерлері мен әскери қызметшілері кіреді.
      Қабылдау комиссиясы төраға, төрағаның орынбасары, жауапты хатшы және комиссияның сегіз мүшесінен кем емес құрамнан құрылады.
      11. Қабылдау және мандаттық комиссиялар осы Қағидаларды басшылыққа ала отырып, ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарын курсанттармен сапалы қамтамасыз етуге бейімделеді.
      Қабылдау комиссиясы:
      1) оқуға түсетін кандидаттардың жеке істерін тексеруді жүзеге асырады;
      2) соңғы кәсіби іріктеуге қатысуға жіберілген оқуға кандидаттардың тізімін бекітеді;
      3) соңғы кәсіби іріктеу жүргізеді;
      4) оқуға қабылдау мәселелері бойынша шағымдар мен өтініштерді қарастырады;
      5) конкурс тізімдері мен кандидаттарды курсанттар қатарына қабылдау туралы бұйрық жобасын әзірлейді;
      6) оқуға түсетін кандидаттарды іріктеу мен тексеру жөніндегі жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.03.2015 № 15 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      12. Қабылдау комиссиясының қызметіне төраға басшылық жасайды.
      Қабылдау комиссиясының төрағасы ҰҚК құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволарының бастықтары (бастықтардың орынбасарлары) қатарынан тағайындалады.
      Қабылдау комиссиясының төрағасы қабылдау комиссиясының қызметіне басшылық жасайды, олардың мүшелерінің өкілеттіктерін белгілейді және осы комиссияның жұмыс жоспарын бекітеді.
      Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындары бастықтарының орынбасарлары қатарынан тағайындалады. Қабылдау комиссиясы төрағасының орынбасары қабылдау комиссиясының мүшелері мен қабылдау комиссиясының жауапты хатшысының қызметін ұйымдастырады және қадағалайды, оқуға кандидаттарға соңғы кәсіби іріктеу жүргізуді ұйымдастырады.
      Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы ҰҚК құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволары басшы құрамының қатарынан тағайындалады.
      Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы қабылдау комиссиясына жүктелген функцияларды іске асыру бойынша құжаттарды, қабылдау комиссиясының отырыстарына материалдарды, оның жұмысы туралы есебінің жобасын әзірлейді.
      Ескерту. 12-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.03.2015 № 15 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      13. Қабылдау комиссиясының қызметі жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Қабылдау комиссиясының отырысы қажеттілікке байланысты комиссия төрағасының шешімімен жүргізіледі және хаттамалармен ресімделеді.
      Қабылдау комиссиясының шешімі бекітілген құрамның кемінде үштен екі мүшесі болған кезде қарапайым көп дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда қабылдау комиссиясы төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      14. Мандаттық комиссия төраға, төрағаның екі орынбасары, хатшы және комиссияның жеті мүшесінен кем емес құрамнан құрылады.
      15. Мандаттық комиссия:
      1) ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнының қабылдау комиссиясы одан әрі соңғы кәсіби іріктеуден өту үшін ұсынған кандидаттардың жеке істерін іріктеп тексеруді және талдауды жүзеге асырады;
      2) соңғы кәсіби іріктеуден өткен және ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнына қабылдануға конкурсқа қатысу үшін жіберілген кандидаттармен әңгіме өткізеді;
      3) оқуға кандидаттардың оқуға қабылдау мәселелері жөніндегі шағымдары бойынша қорытынды шешім қабылдайды;
      4) оқуға кандидаттарды кәсіби іріктеу қорытындысы бойынша талдау жасайды және осы жұмыстарды одан әрі жетілдіру бойынша шаралар әзірлейді.
      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.03.2015 № 15 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Мандаттық комиссияның төрағасы болып ҰҚК Төрағасы орынбасарларының бірі тағайындалады.
      Мандаттық комиссия төрағасының орынбасарлары ҰҚК бөлімшелері немесе ведомстволары және ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарының бастықтары қатарынан тағайындалады.
      Мандаттық комиссияның хатшысы болып ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарының кадр бөлімшесі бастығының орынбасары немесе қызметкерлерінің бірі тағайындалады.
      Мандаттық комиссия мүшелері болып ҰҚК бөлімшелері, ведомстволары, органдары және арнаулы (әскери) оқу орындарының басшы құрамының адамдары тағайындалады.
      17. Мандаттық комиссия жыл сайын құрылады және ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнының қабылдау комиссиясы жұмыс істеген кезеңде әрекет етеді.
      Мандаттық комиссияның қызметіне жалпы басшылықты комиссия төрағасы, ол болмаған жағдайда оның орынбасарларының бірі жүзеге асырады.
      Мандаттық комиссияның жұмысын ұйымдастыру комиссия төрағасының орынбасарына, ал іс қағаздарын жүргізу комиссияның хатшысына жүктеледі.
      Мандаттық комиссияның отырысы қажеттілікке байланысты жүргізіледі.
      Отырыс барысы және шешімдер хаттамамен ресімделеді.
      18. Оқуға кандидат ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарының қабылдау комиссиясына салыстыру үшін: жалпы орта білімі туралы аттестаттың көшірмесін қосымшасымен немесе техникалық және кәсіби білім туралы дипломның көшірмесін қосымшасымен не болмаса орта білімнен кейінгі білімі туралы дипломның көшірмесін қосымшасымен, ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесі бойынша сертификатын көрсетеді.
      Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.03.2015 № 15 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      19. Оқуға кандидаттарды оқу орнына қабылдау тәртібі, ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орны қабылдау комиссиясының оқуға қабылдау мәселелері және кәсіби іріктеу нәтижелері туралы соңғы шешімдері ақпараттық тақтада орналастырылады.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.03.2015 № 15 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      20. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген жоғары білімнің кәсіби оқу бағдарламасын іске асыратын білім беру мекемелеріне оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына сәйкес жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының өткен жылдарғы түлектері, техникалық және кәсіби (орта кәсіби, орта білімнен кейін) білім беру ұйымдарының түлектері үшін кешенді тестілеу өткізіледі.
      20-1. Оқуға кандидаттарға: медициналық куәландыру, кәсіби жарамдылығын, дене шынықтыру дайындығын тексеруден тұратын соңғы кәсіби іріктеу жүргізіледі.
      Ескерту. 20-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.03.2015 № 15 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      21. Соңғы кәсіби іріктеу жүргізу үшін ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орны бастығының бұйрығымен арнайы (пәндік, сарапшылық) комиссия (бұдан әрі – арнайы комиссия) құрылады.
      Аталған комиссияның төрағалығына қабылдау комиссиясының мүшесі тағайындалады, арнайы комиссияның құрамына саны үш адамнан кем емес ҰҚК құрылымдық бөлімшелерінің, ведомстволарының, аумақтық органдарының тәжірибелі және білікті қызметкерлері, ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орнының оқытушылары енгізіледі.
      Ескерту. 21-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.03.2015 № 15 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22. Оқуға кандидаттарды медициналық куәландырудан өткізу «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы № 437 қбп бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10328 тіркелген) сәйкес жүргізіледі.
      ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарында медициналық куәландырудан өткізу үшін жыл сайын ҰҚК Төрағасының бұйрығымен штаттан тыс әскери-дәрігерлік комиссия (бұдан әрі – ӘДК) құрылады. ӘДК құрамын ҰҚК Орталық әскери-дәрігерлік комиссиясының төрағасы құрады.
      ӘДК құрамына ҰҚК әскери-дәрігерлік бөлімшелерінің және ұлттық қауіпсіздік органдары басқа да әскери-дәрігерлік комиссияларының тиісті мамандықтағы медицина қызметкерлері кіреді.
      Медициналық куәландырудан өткізу кезінде кандидаттардың арнаулы мемлекеттік органдарға қызметке жарамдылығы анықталады.
      Ескерту. 22-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.03.2015 № 15 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      22-1. Оқуға кандидаттың кәсіби жарамдылығын тексеруді арнайы комиссия жүзеге асырады және қызметтік іс-қимылдың жоспарланып отырған учаскесіне (бағытына) қойылатын талаптарға оның кәсіби біліктілігінің сәйкестік дәрежесін анықтауға бағытталған.
      Ескерту. 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.03.2015 № 15 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      23. Кандидаттардың дене дайындығын тексеруді арнайы комиссия ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға түсетін орта білім беретін ұйымдарды бітірген тұлғаларға арналған жалпы денешынықтыру дайындығы бойынша бақылау тестілері мен нормативтеріне сәйкес осы Қағидалардың 2-қосымшасы бойынша жүзеге асырады.
      24. ҰҚК Шекара қызметінің академиясына оқуға тапсырушы әскери қызметшілер қатарындағы кандидаттармен аталған оқу орнының базасында кешенді тестілеу қарсаңында үш айлық дайындық жиыны өткізіледі.
      25. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына қабылдау соңғы кәсіби іріктеудің деректері ескеріле отырып, сертификат балына сәйкес мандаттық комиссияның шешімі бойынша конкурстық негізде жүргізіледі.
      Бұл ретте ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына оқуға қабылдау үшін ұлттық бірыңғай тестілеу (кешенді тестілеудің) сертификатының шекті балы қабылдаудың үлгілік қағидаларымен белгіленеді.
      Ескерту. 25-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.03.2015 № 15 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      26. Қызмет өткеру кезінде мерт болған немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары оқуға тапсырушылар үшін қойылған талаптар бойынша жеткілікті деңгейде балл жинаса, ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарына конкурстан тыс қабылданады.
      27. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындары курсанттарының қатарына қабылдауға арналған конкурсты өткiзу кезiнде:
      1) «Алтын белгi» белгiсімен марапатталған адамдардың;
      2) дербес бiлiм беру ұйымдарының бiлiм туралы құжаттары бар адамдардың;
      3) тiзбесiн бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының басым құқығы бар.
      28. ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындарында оқитындардың қатарына қабылдау конкурсын өткізу кезінде бірдей көрсеткішке ие болған жағдайда басымдық құқығына мына адамдар ие болады:
      1) жетім балалар және ата-анасының асырауынсыз қалған балалар;
      2) соғысқа қатысушыларға берілетін жеңілдіктер мен кепілдіктерге теңестірілген адамдар;
      3) үздік білімі туралы құжаты (куәліктер, аттестаттар, дипломдар) бар адамдар.
      4) «Жас ұлан» Республикалық мектебінің түлектері;
      5) әскери дайындық бойынша қосымша бағдарламалары бар білім беру ұйымдарының тәрбиеленушілері;
      6) әскери қызмет өткеру кезінде мерт болған, із түзсіз жоғалған немесе мүгедектік алған қызметкерлердің балалары.
      29. Қабылдау тілдік бөлімшелер бойынша жеке өткізіледі.
      30. Курсанттар қатарына қабылдау туралы мандаттық комиссияның шешімі ҰҚК арнаулы (әскери) оқу орындары бастығының бұйрығымен ресімделеді.

Жоғары білімнің кәсіби оқу  
бағдарламасын іске асыратын 
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің арнаулы
(әскери) оқу орындарына оқуға 
қабылдау қағидаларына     
1-қосымша         

Мамандықтар тізбесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 20.03.2015 № 15 (алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Бакалавриат мамандықтары

Мамандықтар тобының атауы

Пәндер тізбесі

Оқу мерзімі

Бейіндік пәні

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі бөлімшелерінің қызметтік-жауынгерлік іс-қимылдарын басқару

Әскери іс және қауіпсіздік

1) Қазақ тілі немесе орыс тілі (оқыған тілі);
2) Қазақстан тарихы;
3) Математика;
4) Таңдау пәні – физика.

4 жыл

Физика

Жоғары білімнің кәсіби оқу  
бағдарламасын іске асыратын 
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитетінің арнаулы
(әскери) оқу орындарына оқуға
қабылдау қағидаларына    
№ 2 қосымша        

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнаулы
(әскери) оқу орындарына оқуға түсетін орта білім беретін
ұйымдарды бітірген тұлғаларға арналған жалпы денешынықтыру
дайындығы бойынша бақылау тестілері мен нормативтері

Жаттығулар

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

11

9

7

100 метрге жүгіру (с)

14,0

14,2

14,8

3000 метрге жүгіру (мин.с)

12,15

12,45

13,30

Денешынықтыру дайындығы бойынша қызметкерлерге (әскери
қызметкерлерге) арналған бақылау тестілері мен нормативтері

Жаттығулар

Өте жақсы

Жақсы

Қанағаттанарлық

Белағашта тартылу (қанша рет)

15

13

9

100 метрге жүгіру (с)

13,9

14,4

15,2

3000 метрге жүгіру (мин.с)

12,10

12,25

12,50