«Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2006 жылғы 12 маусымдағы № 149-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4287 нөмірмен тіркелген, «Заң газетінің» 2006 жылғы 28 шілдедегі № 139 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтері (тауарлары, жұмыстары) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейін бекіту ережесінде:
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
«3-1. Реттеліп көрсетілетін қызметтер (тауарлар, жұмыстар) тарифтерінің (бағаларының, алымдар ставкаларының) және тарифтік сметаларының шекті деңгейінің жобасы табиғи монополиялар субъектілерінің бекітілген инвестициялық бағдарламаларының (жобаларының) параметрлері (көрсеткіштері) қалыптасады.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы Ереженiң мақсаттары үшiн мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) базалық тарифтiк смета - тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу жылына белгiленген тәртiппен бекiтiлген тарифтiк смета;
2) болжанып отырған тарифтiк смета - орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңнiң әрбiр жылына уәкiлеттi орган қабылдаған және бекiткен тарифтiк смета;
3) құзыреттi орган - бiр облыстың аумағында су шаруашылығы жүйесiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн көрсететiн салалық министрлiк және (немесе) ведомство және (немесе) кәрiз жүйесiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - жергiлiктi атқарушы органдар, ал екi немесе одан да көп облыстар аумағында су шаруашылығы жүйесiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтерiн көрсететiн табиғи монополиялар субъектiлерi үшiн - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Су ресурстары жөнiндегi комитетi; ұзақ мерзiмдi кезең - бес жылдан астам уақыт аралығы;
4) орташа мерзiмдi кезең - бес жылға дейiнгi уақытты қоса алғанда бiр жылдан асатын уақыт аралығы;
5) тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) шектi деңгейi - орташа мерзiмдi немесе ұзақ мерзiмдi кезеңге бекiтiлетiн табиғи монополия субъектiсiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметiне (тауарына, жұмысына) арналған тарифтiң (бағаның, алым ставкасының) ең жоғары шамасы;
6) тарифтiк табыс - уәкiлеттi орган бекiткен тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейi бойынша Субъектiнiң реттелiп көрсетiлетiн қызметтердi (тауарларды, жұмыстарды) көрсетуден түсетiн табысы;
7) уәкiлеттi орган - табиғи монополиялар салаларындағы және реттелетiн нарықтардағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
8) ұзақ мерзiмдi кезең - бес жылдан астам уақыт аралығы.
Осы Ережеде пайдаланылатын өзге де ұғымдар мен терминдер Қазақстан Республикасының табиғи монополиялар және реттелетiн нарықтар туралы заңнамасына сәйкес қолданылады.»;
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Табиғи монополия (бұдан әрi - Субъект) субъектісі уәкiлеттi органға тарифтер (бағалар, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн ол қолданысқа енгiзiлгенге дейiн күнтізбелік бiр жүз сексен күн бұрын бекiтуге өтiнiм ұсынады.»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Өтiнiмге берiлетiн есептер мен негiздеушi материалдар мынадай тәртіп сақталып ұсынылады:
1) өтiнiм материалдары тiгiледі, нөмiрленеді, Субъект басшысының мөрiмен және қолымен расталады. Бұл ретте қаржы құжаттарына Субъектiнiң бiрiншi басшысы мен бас бухгалтерi не оларды алмастыратын тұлғалар қол қояды және Субъектiнiң мөрiмен расталады;
2) негiздеушi материалдар ретiнде өтiнiм беру алдындағы төрт тоқсан және өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi шығындар туралы нақты деректер ұсынылады;
3) көлемдердiң маусымдық ауытқуларының тарифтерге (бағаларға, алымдар ставкаларына) әсер етуiн болдырмау мақсатында негiздемеге жылға арналған есептегi деректер, мұндай есеп салықтық есептiң ұстанымдарымен мақсатсыз жағдайын қоспағанда, алынады;
4) тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) жобаларын есептеген кезде негiзге өтiнiм беру алдындағы төрт тоқсан немесе өткен күнтiзбелiк жыл iшiндегi реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) нақты көлемдерi алынады;
5) реттелiп көрсетiлетiн қызметтердiң (тауарлардың, жұмыстардың) көлемдерi төмендеген кезде төмендеудi негiздеушi және растаушы материалдар ұсынылады;
6) табиғи монополия субъектiсi жүзеге асыратын қызметтердiң әрбiр түрiне жеке дайындалды.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Субъект тарифтерiнiң (бағаларының, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiнiң жобасын уәкiлеттi орган табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада және осы Ережеде белгiленген талаптарға сәйкес экономикалық негiзделген есеп айырысуларды ұсынған жағдайда, өтiнiмдi беру сәтiнен бастап күнтізбелік бiр жүз қырық бес күн iшiнде қарайды.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Уәкілетті орган Қазақстан Республикасы «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» Заңының 7-бабы 5) тармақшасына сәйкес Субъектіден қосымша ақпарат сұратады.
Субъект уәкiлеттi орган белгiлеген мерзiмдерде талап етiлген ақпаратты ұсынбаған немесе оларды толық емес көлемде ұсынған жағдайда, уәкiлеттi орган тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн қалыптастыру кезiнде мәлiмделген шығындарды есепке алмайды.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн есептеген кезде табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген нормативтен тыс техникалық ысыраптармен байланысты шығындар есептеледі.»;
31-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«нормативтен тыс техникалық және коммерциялық ысыраптарға, тауар-материалдық құндылықтардың бүлiнуi мен жетiспеуiне және қоймалардағы қорларға, басқа да өндiрiстiк емес шығыстар мен ысыраптарға арналған;»;
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«32. Орта мерзімді (ұзақ мерзімді) кезеңге шекті тарифтерді бекіту деңгейі жыл сайын бекітуге жол беріледі.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Уәкiлеттi орган жүргiзiлген сараптаманың нәтижелерi бойынша тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметалардың шектi деңгейiн оның қолданыс мерзiмiн көрсете отырып, бекiту туралы шешiм қабылдайды.
Тарифтердiң қолданыс мерзiмi Субъектiнiң инвестициялық бағдарламаны және (немесе) инвестициялық жобаны iске асыруға көзделген кезеңнен аспайтын мерзiмге белгiленедi.
Тарифтердiң шекті деңгейінің қолданыс мерзімі аяқталған жағдайда, өңірлік электр желілік компания болып табылатын табиғи монополия субъектісі салыстырмалы талдау әдісін қолданып реттеліп көрсетілетін қызметтерге тариф бекітілгенге дейін тарифтердiң бекітілген шекті деңгейін қолданады.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) және тарифтiк сметалардың шектi деңгейiн бекiту туралы шешiмдi уәкiлеттi орган Субъектiге оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн кемiнде күнтізбелік отыз бес күн бұрын жолдайды.»;
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Субъект тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу туралы ақпаратты тұтынушылардың назарына оларды қолданысқа енгiзгенге дейiн кемiнде күнтізбелік отыз бес күн бұрын жеткiзедi.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«39. Субъект күнтізбелік бес күн iшiнде уәкiлеттi органға тарифтердiң (бағалардың, алымдар ставкаларының) шектi деңгейiн енгiзу туралы тұтынушыларды хабардар еткен фактi туралы ақпаратты ұсынады.»;
46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«46. Тарифтердің шекті деңгейінің қолданысы кезеңінде Субъект шығындарды бекiтiлген тарифтiк смета шегiнде азайтуға қарай, оның iшiнде:
1) еңбекке ақы төлеу қорын төмендету;
2) материалдық ресурстар шығысының техникалық және технологиялық нормаларын, нормативтiк техникалық және нормативтен тыс техникалық ысыраптарды және басқаны төмендету;
3) әкiмшiлiк және шығыстардың басқа да түрлерi есебiнен қысқартады.»;
1-қосымшадағы жиырма үшінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Табыс (АРБ*ПС)»;
3-қосымшадағы жиырма үшінші жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Табыс (АРБ*ПС)».
2. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Стратегиялық жоспарлау және жиынтық талдау департаменті (А.В. Мартыненко):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің интернет-ресурсында жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Әкімшілік жұмысы департаменті (С.П. Базарбаев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін:
1) оны ресми бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен жариялауды қамтамасыз етсін, кейін жарияланғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Заң департаментіне ұсынсын.
2) оны Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің құрылымдық бөлімшелері мен аумақтық органдарының назарына жеткізсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының орынбасары А.Ж. Дүйсебаевқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Төраға М. Оспанов