"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2012 жылғы 7 желтоқсандағы № 545 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 желтоқсанда № 8186 тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 15 шілдедегі № 309 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7106 тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 360-367 және «Қазақстанская правда» газетінің 2011 жылғы 12 тамыздағы № 253-257 нөмірлерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1-қосымшада:
      үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      «Уәкілетті орган ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау рейтингін соңғы 5 жылдағы мәліметтердің негізінде айқындайды. Соңғы 5 жылдағы мәліметтерді ұсыну туралы талаптар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар шеңберінде құрылған субъектілерге қолданылмайды. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің халықаралық шарттарға жататыны халықаралық шартта анықталған субъекті мен атқарушы орган арасындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті жүзеге асыруға арналған Келісім (шарт, келісім-шарт) түрінде расталады.».
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):
      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Білім және ғылым вице-министрі М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің
      міндетін атқарушы                                М. Орынханов