Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының 2012 жылғы 30 қазандағы № 112 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 24 қарашада № 8116 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 ақпандағы № 209 қаулысымен бекітілген Дінтану сараптамасын жүргізу қағидаларының 6-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Конфессияаралық қатынастар департаменті (Кулекеев Б.К.) Құқықтық қамтамасыз ету басқармасымен (Жуанышпаева Ә.Т.) бірлесе отырып:
      1) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
      2) мемлекеттік тіркеуден кейін ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Төраға орынбасарына (Әзілханов М.А.) жүктелсін.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Қ. Лама Шариф

Қазақстан Республикасы    
Дін істері агенттігі Төрағасының
2012 жылғы 30 қазандағы № 112
бұйрығымен бекітілген    

Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі нұсқаулық

      1. Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеудің осы нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) дінтану сараптамасын жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу тәртіптерін айқындайды (бұдан әрі – сарапшылар).
      2. Іріктеуге:
      1) діни қатынастар мәселелері саласындағы жоғарғы немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі білімі бар;
      2) діни қатынастар мәселелері саласында жұмыс тәжірибесі (бір жылдан кем емес) бар;
      3) нысандарды зерттеудің алдыңғы қатарлы әдістемелерін жұмыста қолдануда және халықаралық тәжірибені ескеруде тәжірибелік дағдысы бар, талдау жасай білетін және негізделген қорытындылар жаза алатын;
      4) діни қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын білетін тұлғалар жіберіледі.
      3. Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің аумақтық органы (бұдан әрі – аумақтық орган) алдағы өтетін дінтану сараптамасын жүргізу үшін сарапшыларды іріктеу жөніндегі хабарландырудың мәтінін жергілікті ресми басылымға жолдайды.
      4. Сарапшыларды іріктеуге қатысу үшін үміткер аумақтық органдарға келесі құжаттарды ұсынады:
      1) жеке басын куәландыратын құжат немесе төлқұжаттың көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      2) білімі туралы құжаттың қосымшасымен бірге көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқа ұсынылмаған жағдайда нотариалды куәландырылған);
      3) өзі авторы болып табылатын дінтанулық тақырыптар бойынша мақалалар, ғылыми еңбектер және басқа материалдардың көшірмелері (бар болған жағдайда);
      4) еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері (нотариалды куәландырылған).
      5. Осы нұсқаулықтың 4-тармағында көрсетілген барлық құжаттарды ұсынған жағдайда іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау және тіркеу аумақтық орган тарапынан жүзеге асырылады.
      6. Құжаттарды тіркеу кезінде аумақтық орган тарапынан құжаттардың қабылданғандығы жөнінде қолхат беріледі.
      7. Іріктеу үш кезеңмен жүзеге асырылады:
      1) бірінші кезең – аумақтық органның ұсынылған құжаттардың осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарастыруы;
      2) екінші кезең – аумақтық органның Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) құрастырған сұрақтар бойынша тестілеуді өткізуі;
      3) үшінші кезең – Агенттік тарапынан құрылатын Дінтану сараптамасын жүргізетін сарапшыларды іріктеу жөніндегі Комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) іріктеудің бірінші және екінші кезеңінің нәтижелерін қарастыруы.
      8. Құжаттардың осы Нұсқаулықтың 2-тармағының 1)-3) тармақшаларында көрсетілген талаптарға сәйкестігін қарастыру және екінші кезеңге қатысуға жіберу туралы шешім құжаттардың қабылданған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      9. Сарапшыларды іріктеуге қатысуға рұқсат берілген тұлғаларға шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде екінші кезеңге өткендігі не өтпегендігі жөнінде жазбаша хабарлама жолданады.
      10. Сарапшыларды іріктеудің екінші кезеңіне қатысуға рұқсат беруден бас тартуға төмендегілер негіз болып табылады:
      1) білімі туралы құжаттың осы нұсқаулықтың 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген талаптарға сәйкес болмауы;
      2) діни қатынастар мәселелеріне қатысты салаларда зерттеушілік немесе сарапшылық жұмыс тәжірибесінің болмауы.
      11. Іріктеудің бірінші кезеңінен өткен тұлғалар, діни қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тестілеуден өтеді.
      12. Тестілеу мерзімі хабарлама жіберілгеннен кейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен соң белгіленеді.
      13. Діни қызмет саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша тестілеу жазбаша түрде бір сағат көлемінде өткізіледі және 30 сұрақтан тұрады. Тест бойынша шекті мән – 20 жауаптан кем емес жауапты құрайды. Тестілеу нәтижесі тестілеу өткізілген күні шығарылады.
      Тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда үміткер Комиссияға шағым бере алады.
      14. Тестілеудің шекті мәнінің дұрыс жауап санын жинай алған тұлғалар тестілеуден өтті деп есептеледі, ал шекті мәннен төмен алған тұлғалар іріктеудің екінші кезеңінен өтпеген болып саналады.
      15. Тестілеуге қатысуға жіберу және тестілеуден өткізу туралы шешім хаттамамен рәсімделеді.
      16. Іріктеудің бірінші және екінші кезеңінің нәтижесі бойынша сарапшылыққа үміткер болған әрбір тұлғаға ерікті формада қорытынды дайындалады.
      17. Іріктеудің бірінші және екінші кезеңінен өткен сарапшылыққа үміткерлердің құжаттары, хаттамалар, қорытындылар тестілеудің нәтижелерін шығарғаннан кейін келесі жұмыс күні Комиссияның қарауына Агенттікке жолданады.
      18. Комиссия 10 (он) жұмыс күні ішінде іріктеудің бірінші және екінші кезеңдері бойынша материалдарды зерттеп, сарапшыларды іріктеу жөнінде соңғы шешімді шығарады, әрбір сарапшылыққа үміткер бойынша жеке ұсыныстар дайындайды және оны аумақтың органға жолдайды.
      19. Іріктеу кезінде туындайтын даулы мәселелер сот тәртібінде қаралады.
      20. Іріктеуден өткен сарапшы кеңесші-талдау органдарының (сараптамалық кеңес, сараптамалық топтар) құрамына енгізіледі.