Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 17-03/541 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 қарашада № 8108 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 25 қаңтардағы Заңын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е.Н. Нысанбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Тізбенің 1) тармақшасын қоспағанда, ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

Қазақстан Республикасы     
Ауыл шаруашылығы министрінің  
2012 жылғы 24 қазандағы   
№ 17-03/541 бұйрығымен бекітілген

Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі бұйрықтарының тізбесі

      1) «Аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерінің нысанын және оны беру қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 301 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6261 нөмірмен тіркелген, 2011 жылғы 2 сәуірдегі «Егемен Казақстан» газетінде № 124-127 (26529) жарияланған):
      бұйрыққа 1-қосымша осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Аңшы, балықшы және қорықшы куәлiктерін беру қағидасында:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Аңшы куәлiгi тұрғылықты жері бойынша 10 жылға Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығының (бұдан әрі – қауымдастық) филиалдары мен өкілдіктері бередi.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Аңшы куәлiгiмен бiр мезгiлде қауымдастық филиалдары мен өкілдіктері осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес мемлекеттiк баж төленгенi туралы түбіртек қоса тіркелетін аңшының есепке алу карточкасын толтырады, содан кейін аңшының жеке iсi қалыптастырылады, ол аңшы куәлiгiн қолдану мерзiмi бойы бөгде адамдардың қолы жетпейтін жабық шкафтарда сақталады.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Аңшы куәлiгiн алу үшiн жеке тұлғалар тұрғылықты жерi бойынша қауымдастық филиалына немесе өкілдігіне осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес сауалнама ұсынады.»;
      Сауалнамаға мына құжаттар қоса тіркеледі:
      1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшiрмесi (азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік азаматтар үшiн - аңшылық шаруашылығы субъектісімен жасасқан аң аулауды ұйымдастыру шартының және олардың аң аулау құқығын куәландыратын, тұратын елінде берілген және жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат алу құжатының, сондай-ақ аушы құстарды (аушы құстармен аң аулау кезінде) тіркеу туралы құжаттардың көшірмесі);
      2) жеке тұлғаның ол көрсеткен тұрғылықты жер бойынша тұратынын (тiркелгенiн) растайтын құжаттың көшірмесі;
      3) көлемi 3x4 сантиметр фотосуреттер (түрлi-түстi) - 3 дана;
      4) аңшылық минимум бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификаттың көшiрмесі (Қазақстан Республикасының азаматтары үшін).»;
      78 және 9-тармақтар алып тасталсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Аңшы куәлiгiн беруді осы Қағиданың 6-тармағында көрсетілген қауымдастық филиалының немесе өкілдігінің жауапты тұлғасы құжаттарды тапсырғаннан кейін 10 күнтізбелік күннен кешіктірмей жүргізеді.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Аңшыларды есептен шығару және есепке қою олар аумағында аңшы куәлiгi берiлген әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктен (облыстан) тыс жерлерге тұрақты тұратын жерге көшіп келген кезде жүргiзiледi.
      Бұл жағдайда аңшы келген күннен бастап 30 күнтізбелік күн iшiнде жаңа тұрғылықты жерi бойынша қауымдастықтың филиалында немесе өкілдігінде есепке тұрады. Бұл ретте қауымдастықтың тиiстi филиалы немесе өкілдігі аңшының ол тiркелген бұрынғы орыннан кеткенi туралы белгiсi бар есепке алу карточкасының түпнұсқасын және оның жеке iсiн сұратады. Аңшының бұрынғы тiркелген орны бойынша қауымдастықтың филиалында немесе өкілдігінде аңшының есепке алу карточкасының және есепке алу карточкасы мен жеке iстiң түпнұсқасын жаңа есепке алу орнына жіберу туралы белгiсi бар және оларды жіберудің негiзi көрсетiлген iлеспе хаттың көшiрмесi сақталады.
      Әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк (облыс) шегiнде аңшының тұрақты тұратын жерi өзгерген кезде, сондай-ақ аңшы куәлiгi мен есепке алу карточкасында ескерілетін басқа да деректер өзгерген кезде аңшы 30 күнтізбелік күн iшiнде болған өзгерiстер туралы өзi есепте тұрған жерге хабарлайды.»;
      13-тармақ алып тасталсын;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Аңшы куәлігінің берілуі осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аңшы куәлігін беру журналда тiркеледi.»;
      1516 және 17-тармақтар алып тасталсын;
      18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «18. Белгіленген нысан бойынша берілген аңшы куәліктері туралы есепті «Аңшы куәлiктерін беру бойынша есептемелік нысандарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 26 наурыздағы № 25-03-02/122 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7513 нөмірмен тіркелген).»;
      Қағидаға 12 және 4-қосымшалар осы Тізбеге 23 және 4-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
      Қағидаға 3 және 5-қосымшалар алып тасталсын.
      2) «Табиғат қорғау мекемесiнiң рәмiздерiн әзiрлеу және пайдалану қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 556 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 6522 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 31 наурыздағы «Егемен Қазақстан» газетіне № 116-119 (26521) жарияланған):
      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Табиғат қорғау мекемесiнiң рәмiздерiн (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану қағидасын бекiту туралы»;
      кіріспе мен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 6) тармақшасына және 19-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғат қорғау мекемесiнiң рәмiздерiн (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану қағидасы бекiтілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғат қорғау мекемесiнiң рәмiздерiн (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану қағидасында:
      тақырып пен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Табиғат қорғау мекемесінің рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану қағидасы
      1. Осы Табиғат қорғау мекемесiнiң рәмiздерiн (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 6) тармақшасына және 19-бабына сәйкес әзірленді және мемлекеттік табиғи қорықтардың, мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің, мемлекеттік табиғи резерваттардың, мемлекеттік өңірлік табиғи парктердің (бұдан әрі – табиғат қорғау мекемелері) рәміздерін (эмблемасы мен туын) әзiрлеу және пайдалану тәртібін белгілейді.»;
      3) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 558 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6518 нөмірімен тіркелген, 2011 жылғы 8 наурыздағы «Егемен Қазақстан» газетіне № 94-97 (26499) жарияланған):
      көрсетілген бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасын бекiту туралы»;
      кіріспе мен 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 6) тармақшасы мен 20-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасы бекiтілсін.»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасында:
      тақырып пен 12345 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 8-бабының 6) тармақшасы мен 20-бабына сәйкес аумақтарды ұйымдастыру мен республикалық және жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әртүрлі түрлерінің жұмыс істеуі жөнінде негізделген шешімдер қабылдау мақсатында әзірленді.»;
      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негіздемелерінің жобаларын әзірлеуді, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзетуді ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган), қарауында ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылып немесе кеңейтіліп отырған орталық немесе облыстардың республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдардың техникалық тапсырмалары бойынша мамандандырылған ғылыми (ғылыми-зерттеу) және жобалау (жобалау-іздестіру) ұйымдары екі кезеңде жүргізеді.»;
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Бірінші кезеңде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасы (бұдан әрі - жаратылыстану-ғылыми негіздемесінің жобасы) әзірленеді.»;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Екінші кезеңде уәкілетті орган бекіткен немесе онымен келісілген жаратылыстану-ғылыми негіздеменің негізінде ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі техникалық-экономикалық негiздеменің, сондай-ақ техникалық-экономикалық негіздемені түзету жобасы (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негіздеменің жобасы) әзірленеді.»;
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Техникалық-экономикалық негіздеменің жобасы жер учаскелерінің меншік иелерімен және жер пайдаланушылармен, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісіледі.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру немесе кеңейту жөніндегі жаратылыстану-ғылыми және техникалық-экономикалық негiздемелердің жобалары мемлекеттік экологиялық сараптамаға жатады және оларды уәкілетті орган 30 күнтізбелік күн ішінде бекітеді.»;
      45-тармақтың үшінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Жер кодексіне және Заңға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары шешімдер шығару үшін күзет аймағының аумағында күзет режимі және табиғат пайдалану тәртібі анықталады.»;
      47-тармақтың бірінші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «47. Ерекше қорғалатын табиғи аумақты құру немесе кеңейту жөніндегі техникалық-экономикалық негiздеменің жобасы мына бөлімдерді орындауды қамтиды:».

Өзгерістер енгізілетін 
Қазақстан Республикасы 
Ауыл шаруашылығы министрі
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша        

Қазақстан Республикасы   
Ауыл шаруашылығы министрінің
2010 жылғы 29 сәуірдегі № 301
бұйрығына 1-қосымша   

Нысан

Аңшы куәлігі
Аңшы куәлігінің мұқабасы
(көлемі 105 х 80 мм, түсі жасыл, жазбасы қою сары түсті,
қысып басу әдісімен жасалады)


Қазақстан Республикасы
Аңшы куәлігі

Аңшы куәлігі бланкісінің 1-парағы
(мұқабаның ішкі бетінің сол жағына желімденеді)

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері
қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы

№ _____ аңшы куәлігі

3 х 4 см
фотосуретке
арналған
орын

М.О.

____________________________________________
                (тегі)
_____________ ______________________________
                (аты, әкесінің аты)
Туған күні «____» ______________ ______ж.
Аңшы өтілі _____ж.

Куәлікті берген _____________________________________________________
(аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктері қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің атауы)
_____________________________________________________________________
(куәлікті берген тұлғаның қолы және аңшылар мен аңшылық шаруашылығы
субъектілерінің қоғамдық бірлестіктері қауымдастығының мөрі)
Аңшылық минимумын тапсыру туралы белгі _____________________________
                                             (емтихан алу комиссиясы
                                        хаттамасының нөмірі мен күні)
Куәлік 20 __ ж. «__» _______ берілді, 20__ ж. «__»____ дейін жарамды.

2-парақ

АҢШЫЛЫҚ СУЫҚ ҚЫЛЫШ ҚАРУДЫ ТІРКЕУ

Қарудың атауы

Нөмірі

Сатушы ұйымның белгісі










АҢ АУЛАЙТЫН ИТТЕРДІ, ҚЫРАН ҚҰСТАРДЫ ТІРКЕУ

Тұқымы (түрі), түсі, сақина, микрочип нөмірі

Туған күні

Иттің ветеринарлық тіркеу құжаты, паспорты

Итті аң аулауға жіберу туралы белгі, қыран құсты қолда ұстау мерзімі













3-парақ

ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ БЕЛГІ

Есепке алынды

Есептен шығарылды

Тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы










4-парақ
(куәлік мұқабасының ішкі бетінің оң жағына желімденеді)

Куәлік:

«__» _________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж.
«__» _________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж.
«__» _________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж.
                                                    дейін ұзартылды.

Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша      

Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидасына
1-қосымша     

Нысан

Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілері
қоғамдық бірлестіктерінің республикалық қауымдастығы
_____________________________________________________________________
(аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктері қауымдастығының филиалы немесе өкілдігі)

АҢШЫНЫҢ ЕСЕПТІК КАРТОЧКАСЫ

3 х 4 см
фотосуретке
арналған орын

М.О.

Тегі ____________________________________________
Аты ________________ Әкесінің аты _______________
Туған күні «__» ______________ ______ ж.
Жеке куәлігі/төлқұжаты/ _________________________
СТН (ИИН) _______________________________________
Үйінің мекен-жайы,телефоны ______________________
Аңшының өтілі 20__ж. бастап.
Аңшы куәлігі № _____«__»________20 __ ж. берілді.

Аңшылық минимумы бойынша емтихан тапсырғаны туралы белгі ____________
_____________________________________________________________________
       (емтихан алу комиссиясы хаттамасының нөмірі және күні)
Тұлғаның қолы және мөр __________________________

ЕРЕКШЕ БЕЛГІЛЕР

1. Аңшылық қарудың болуы туралы мәліметтер

Түрі

Маркасы

Калибрі

Шығарылған жылы

Зауыт нөмірі

Басқа да



















2. Аң аулайтын иттерді, қыран құстарды тіркеуге алу

Тұқымы (түрі), түсі, сақина, микрочип нөмірі

Туған жылы

Иттің ветеринарлық тіркеу құжаты, паспорты

Итті аң аулауға жіберу туралы белгі, қыран құсты қолда ұстау мерзімі













3. Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану
саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасының бұзылғаны туралы
белгілер ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Аңшы куәлігі:

«__» _________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж.
«__» _________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж.
«__» _________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж. «__» _________ 20 __ж.
                                                     дейін ұзартылды.

ЕСЕПКЕ АЛУ ЖӘНЕ ЕСЕПТЕН ШЫҒАРУ ТУРАЛЫ БЕЛГІ

Есепке алынды

Есептен шығарылды

Тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы










Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша      

Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидасына
2-қосымша     

Нысан

Сырт жағы

САУАЛНАМА

3 х 4 см
фотосуретке
арналған орын

М.О.

Тегі _______________________________________
Аты ______________Әкесінің аты _____________
Туған күні «___»______________ ______ж.
Азаматтығы _________________________________
Жеке куәлігі/төлқұжаты _____________________
СТН (ИИН) __________________________________
Үйі, мекен-жайы, телефоны __________________
____________________________________________

_____________________________________________________________________
(аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық
___________________________________________________________ басшысына
бірлестіктері қауымдастығының филиалы немесе өкілдігі)
_____________________________________________________________________
(аңшы куәлігін (аңшылық билетін) берген ұйымның
_______________________________________ берген № ______ аңшы куәлігін
атауы және берген күні)

беру/ауыстыру үшін мынадай құжаттар беріледі:
1) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің көшірмесі
(азаматтығы жоқ тұлғалар мен шетелдік азаматтар үшін – аңшылық
шаруашылығы субъектісімен аң аулауды ұйымдастыруға жасалған шарттың
және тұратын елінде берілген олардың аң аулау және жануарлар дүниесін
пайдалануға рұқсат алу құқығын куәландыратын құжаттың көшірмесі);
2) __________________________________________________________________
(сауалнамада көрсетілген мекенжайы бойынша өтініш берушінің тұратынын растайтын құжат)
3) Қазақстан Республикасы cалық төлеушісі куәлігінің көшірмесі;
4) Mөлшері 3 х 4 см фотосурет (түрлі түсті) – 3 дана;
5) Аңшылық минимумы бойынша курсты аяқтағаны туралы сертификаттың көшірмесі.
Жеке тұлғаның тегі, қолы _____________/__________________/
Күні «___» __________ 20 ___ ж.

Сауалнаманы қабылдадым ________________________________________
           (Өтінішті қабылдаған тұлғаның Т.А.Ж., лауазымы, қолы)
Күні «___» __________ 20__ ж.

1. Аңшылық минимумы бойынша курсты өткені туралы белгі

Аңшылық минимумы бойынша курсты 20__ ж. «__» _____ бастап 20 __ ж. «__» __________ аралығында өтті.
Курсты аяқтағаны туралы құжат 20 __ ж. «__» __________ берілді.
Курсты өткізген ұйым басшысының қолы ___________________________
                                              (Т.А.Ж.)
М.О. Күні 20 __ ж. «___» ____________

2. Емтиханға жіберілгені туралы белгі

Емтиханға _________________________________________
              (жіберілді/жіберілген жоқ)
Емтихан тапсыруға жіберуден бас тарту негіздемесі ______________
Емтиханға жіберген/жібермеген тұлғаның қолы __________/_________
                                            (Т.А.Ж.)
Таныстым, жеке тұлғаның қолы_______________/_______________
                                        (Т.А.Ж.)
М.О. Күні 20 __ ж. «__» _____________

Емтиханды қайтадан тапсыруға ___________________________________
                                (жіберілді/жіберілген жоқ)
Емтиханды қайтадан тапсыруға жіберуден бас тарту негіздемесі ___
Таныстым, жеке тұлғаның қолы _______________/_______________
                                        (Т.А.Ж.)
М.О. Күні 20 __ ж. «__» _____________

3. Емтихан нәтижелері туралы белгі

Тест тапсырмасының нөмірі _____
Емтихан нәтижелері:
дұрыс жауаптар ________________
               (жауаптар саны)
бұрыс жауаптар ________________
                (сұрақтар саны)
жіберілген қателіктер _________
                (сұрақтар саны)

Емтиханның нәтижесі:
Емтихан ________________________
    (тапсырылды/тапсырылған жоқ)
Емтихан қабылдау комиссиясының хатшысы ________________________
           (Т.А.Ж., қолы)
Күні 20 __ ж. «___» ____________
Таныстым, жеке тұлғаның қолы/_______________/

Тест тапсырмасының нөмірі _____
Емтихан нәтижелері:
дұрыс жауаптар ________________
                (жауаптар саны)
бұрыс жауаптар ________________
                (сұрақтар саны)
жіберілген қателіктер _________
                (сұрақтар саны)

Қайта тапсырылған емтиханның нәтижесі:
Емтихан ________________________
    (тапсырылды/тапсырылған жоқ)
Емтихан қабылдау комиссиясының хатшысы ________________________
              (Т.А.Ж., қолы)
Күні 20 __ ж. «___» ____________
Таныстым, жеке тұлғаның қолы/_______________/

Өзгерістер енгізілетін
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша      

Аңшы, балықшы және қорықшы
куәлiктерін беру қағидасына
4-қосымша     

Нысан

Аңшы куәлігін беру
журналы

_____________________________________________________________________
(аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктері қауымдастығының филиалы немесе өкілдігі)

р/с №

Аңшының тегі, аты, әкесінің аты

Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы

Аңшы куәлігінің нөмірі, берілген күні

Алғаны туралы қолы

1

2

3

4

5
















Аңшылар мен аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қоғамдық
бірлестіктері қауымдастығы филиалының немесе өкілдігінің басшысы _____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      (қолы)                               (Т.А.Ж.)

М.О.             «___» ____________ 20 __ ж.