"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына өзгерістер және толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 20 қарашадағы № 501 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 қарашада № 8092 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 2013 жылғы 13 наурыздағы № 71 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің 13.03.2013 № 71 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
      9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      215 «Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 050 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «050 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру үшін берілетін нысаналы даму трансферттері»;
      271 «Облыстың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 080 және 081 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:
      «080 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
      081 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру үшін берілетін нысаналы даму трансферттері
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары және 080 және 081 бюджеттік бағдарламалары бар 281 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «281 Құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      080 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
      081 Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру үшін берілетін нысаналы даму трансферттері
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары және 080 бюджеттік бағдарламасы бар 368, 373 және 466 бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен толықтырылсын:
      «368 Астана қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы
      080 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
      373 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың Құрылыс басқармасы
      080 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
      466 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі
      080 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 040 бюджеттік бағдарламасы бар 467 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі
      040 Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту»;
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 080 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «080 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары және 080 бюджеттік бағдарламасы бар 472 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «472 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі
      080 Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарын құру
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      04 «Бiлiм беру» функционалдық тобында:
      2 «Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру» функционалдық кіші тобында:
      225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 079 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «079 Алматы облысының облыстық бюджетіне Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы көз жанарының проблемалары бар балаларға арналған мектеп-интернатты ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      261 «Облыстың білім беру басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      003 «Арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша жалпы білім беру» бюджеттік бағдарламасы мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалармен толықтырылсын:
      «011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      9 «Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      201 «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 053 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «053 Білім беру объектілерін салу және реконструкциялау»;
      225 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» бюджеттік бағдарламалар» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 086 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «086 Астана қаласының бюджетіне Астана қаласының Оқушылар сарайының құрылымындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Ұлттық интерактивті паркті жарақтандыру үшін берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      360 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 086 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «086 Астана қаласының Оқушылар сарайының құрылымындағы балалар мен жасөспірімдерге арналған Ұлттық интерактивті паркті жарақтандыру
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      05 «Денсаулық сақтау» функционалдық тобында:
      9 «Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      226 «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 027 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «027 Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне жаңадан iске қосылатын денсаулық сақтау объектiлерiн ұстауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
      2 «Коммуналдық шаруашылық» функционалдық кіші тобында:
      279 «Облыстың Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 038 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «038 Коммуналдық шаруашылық объектілерін дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      3 «Елді-мекендерді көркейту» функционалдық кіші тобында:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары және 017 бюджеттік бағдарламасы бар 354 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
      «354 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы
      017 Қаланы көркейтуді дамыту
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      мынадай мазмұндағы 018 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «018 Қаланы абаттандыру мен көгалдандыру»;
      12 «Көлiк және коммуникация» функционалдық тобында:
      9 «Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      601 «Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      005 «Нысаналы ғарыш жүйелерін, технологияларды құру және оларды пайдалану, сондай-ақ Құрастырма-сынақ кешенін салу үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «005 Нысаналы ғарыш жүйелерін, технологияларды құру және оларды пайдалану, сондай-ақ Құрастырма-сынақ кешенін салу үшін «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталын ұлғайту»;
      13 «Өзгелер» функционалдық тобында:
      9 «Өзгелер» функционалдық кіші тобында:
      220 «Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      054 «Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының бюджетіне кәсіпкерлікті қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «054 Маңғыстау облысының облыстық бюджетіне Жаңаөзен қаласында кәсіпкерлікті қолдауға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер»;
      233 «Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
      001 «Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының бәсекеге қабілеттілігін және оның әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне интеграциялануы, отандық тұтынушыны сапасыз өнімдерден қорғауды, елді мекендер мен аумақтарды орнықты дамытуды қалыптастыруды қамтамасыз ету жөніндегі, электр энергетикасы, геология, отын-энергетика кешені, көмір өнеркәсібі, атом энергетикасын пайдалану және туристік индустрия салаларындағы қызметті үйлестіру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «001 Стандартизациялау, метрология, өнеркәсіп, инвестициялар тарту, электр энергетикасы, геология, отын-энергетикалық кешен, көмір өнеркәсібі мен туристік индустриясын үйлестіру жөніндегі қызметтер»;
      100 «Қазақстан экономикасының шикізаттық емес секторының бәсекеге қабілеттілігін және оның әлемдік шаруашылық байланыстары жүйесіне интеграциялануы, отандық тұтынушыны сапасыз өнімдерден қорғауды, елді мекендер мен аумақтарды орнықты дамытуды қалыптастыруды қамтамасыз ету жөніндегі, электр энергетикасы, геология, отын-энергетика кешені, көмір өнеркәсібі, атом энергетикасын пайдалану және туристік индустрия саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «100 Стандартизациялау, метрология, өнеркәсіп, инвестициялар тарту, электр энергетикасы, геология, отын-энергетикалық кешен, көмір өнеркәсібі және туристік индустрия саласындағы уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету».
      2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық оны мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жәмішев