"Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 30 қазандағы № 473 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 23 қарашада № 8090 тіркелді

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5489 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесінде:
      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «80. Кредиторлық берешек туралы шұғыл есепті ай сайын:
      1) ведомство қағаз тасығышта және электрондық дерекқор түрінде есептіден кейінгі айдың 20-ші күнінен кешіктірмей, сондай-ақ Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінің (бұдан әрі - ЭҚАБЖ) талаптарына сәйкес ресімделген ілеспе хат түрінде, КБ-Б және КБ-П нысандары бойынша есепті деректердің электрондық түрлерін және бюджеттік және өзге де қаражат есебінен қалыптасқан кредиторлық берешектің қалыптасу себептері туралы ақпаратты осы Ереженің 16 және 16-1-қосымшаларына сәйкес сала отырып беріледі.
      Берешектiң құрылу себептерi туралы ақпарат әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша берешектiң құрылу себебiн қамтиды;
      2) бюджеттi атқару жөнiндегi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi уәкiлеттi органдары - электронды дерек қор түрiнде, есептiден кейiнгi айдың 20 күнiнен кешiктiрмей, есептiден кейiнгi айдың аяғына дейiн есеп деректерін қағаз тасығышта растай отырып, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бередi.
      Қағаз тасығыштағы КБ-Б және КБ-П нысандар бойынша кредиторлық берешек туралы ай сайынғы есепке бюджет және басқа да қаражат есебiнен құралған кредиторлық берешектiң құрылу себептерi туралы ақпарат осы Ереженiң 16 және 16-1-қосымшаларына сәйкес қоса берiледi.
      Берешектiң құрылу себептерi туралы ақпарат әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша берешектiң құрылу себебiн қамтиды.»;
      81-тармақ алынып тасталсын;
      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «83. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құзыретi шегiнде мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ведомство және бюджеттi атқару жөнiндегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi уәкiлеттi органдары жарты жылдық және 9 айға нақтыланған есептердi өткен қаржы жылы үшiн есептiден кейiнгi екiншi айдың 20 күнiнен кешiктiрмей, есептi қаржы жылының үшiншi айының 1 күнiнен кешiктiрмей бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның тиісті құрылымдық бөлiмшесiне бередi.»;
      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «84. Нақтыланған кредиторлық берешек туралы есептер электрондық дерекқор түрiнде және атқарушы туралы мәлiметтерді көрсете отырып, ресми бланкiге жазылған, басшының қолы қойылған қағаз тасығыштағы iлеспе хатпен жiберiледi.»;
      85-тармақ алынып тасталсын;
      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «93. Дебиторлық берешек туралы шұғыл есепті ай сайын:
      1) ведомство қағаз тасығышта және электрондық дерекқор түрінде есептіден кейінгі айдың 20-ші күнінен кешіктірмей, сондай-ақ ЭҚАБЖ талаптарына сәйкес ресімделген ілеспе хат түрінде, ДБ-Б және ДБ-П нысандары бойынша есепті деректердің электрондық түрлерін және бюджеттік және өзге де қаражат есебінен қалыптасқан дебиторлық берешектің қалыптасу себептері туралы ақпаратты осы Ереженің 16-1 және 16-2-қосымшаларына сәйкес сала отырып беріледі.
      Берешектiң құрылу себептерi туралы ақпарат әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша берешектiң құрылу себебiн қамтиды;
      2) бюджеттi атқару жөнiндегi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi уәкiлеттi органдары - электронды дерек қор түрiнде, есептiден кейiнгi айдың 20 күнiнен кешiктiрмей, есептiден кейiнгi айдың аяғына дейiн есеп деректерін қағаз тасығышта растай отырып, бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бередi.
      Қағаз тасығыштағы ДБ-Б және ДБ-П нысандар бойынша дебиторлық берешек туралы ай сайынғы есепке бюджет және басқа да қаражат есебiнен құралған кредиторлық берешектiң құрылу себептерi туралы ақпарат осы Ереженiң 16-1 және 16-2-қосымшаларына сәйкес қоса берiледi.
      Берешектiң құрылу себептерi туралы ақпарат әрбiр бюджеттiк бағдарлама (кiшi бағдарлама) бойынша берешектiң құрылу себебiн қамтиды.»;
      94-тармақ алынып тасталсын;
      96-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «96. Бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құзыретi шегiнде мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуына қызмет көрсетудi жүзеге асыратын ведомство және бюджеттi атқару жөнiндегi облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi уәкiлеттi органдары жарты жылдық және 9 айға нақтыланған есептердi өткен қаржы жылы үшiн есептiден кейiнгi екiншi айдың 20 күнiнен кешiктiрмей, есептi қаржы жылының үшiншi айының 1 күнiнен кешiктiрмей бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның тиісті құрылымдық бөлiмшесiне бередi.»;
      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «97. Нақтыланған дебиторлық берешек туралы есептер электрондық дерекқор түрiнде және атқарушы туралы мәлiметтерді көрсете отырып, ресми бланкiге жазылған, басшының қолы қойылған қағаз тасығыштағы iлеспе хатпен жiберiледi.»;
      98-тармақ алынып тасталсын;
      16-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
      осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес 16-2-қосымшамен толықтырылсын;
      17-қосымша алынып тасталсын.
      2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми бұқаралық ақпарат құралдарында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы бұйрықтың 1-тармағының он бірінші, он екінші, он бесінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма сегізінші, отыз бірінші абзацты қоспағанда, мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                         Б. Жәмішев

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2012 жылғы 30 қазандағы          
№ 473 бұйрығына              
1-қосымша                  

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың
бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесіне
16-қосымша                     

Нысан                

Бюджет қаражаты есебінен _______________ кредиторлық берешектің
(бюджеттің атауы)
қалыптасу себептері туралы ақпарат

201 ___ жылға ______________ арналған жағдай бойынша

Бюджет түрі - ____________________
Кезеңділігі - айлық, тоқсандық, жылдық
Өлшем бірлігі - мың теңге

Әкімші

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Атауы

Кредиторлық берешегінің, барлығы

оның ішінде

Кредиторлық берешектің қалыптасу себептері

Олар бойынша төлеу мерзімі басталмаған міндеттемелер бойынша

Жұмыс берушілердің жалақысы мен жарналары бойынша қысқа мерзімді берешек (төлем мерзімі келген)

Орындалған жұмыстар актісін және аванстық есептерді кеш беруге байланысты

Тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жеткізу бойынша өнім берушілердің шартты міндеттемелерді орындамауына байланысты

Тарифтердің көтерілуіне байланысты

Салыстыру актісі бойынша анықталған берешек

Төлемдер жөніндегі жоспар бойынша қаражаттың жетіспеуіне байланысты

Өзге де берешек бағ.5-бағ.6-бағ.8-бағ.9-бағ.10-бағ.11-бағ.12-бағ.13)

Барлығы

оның ішінде құрылыс және реконструкциялау бойынша 5% төлемді ұстау

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14














































Мемлекеттік бюджетке қызмет көрсетуді жүзеге
асыратын ведомствоның/бюджетті атқару
жөніндегі жергілікті уәкілетті органның
басшысы                ________________     _______________________
                         (қолы)              (қолды таратып жазу)

Деректерді жасау үшін жауапты құрылымдық
бөлімшесінің басшысы   ________________     _______________________
                         (қолы)              (қолды таратып жазу)

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2012 жылғы 30 қазандағы          
№ 473 бұйрығына              
2-қосымша                 

Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың
бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесіне
16-2-қосымша                     

Нысан

Бюджет қаражаты есебінен _______________дебиторлық берешектің
(бюджеттің атауы)
қалыптасу себептері туралы ақпарат

201 ___ жылға ______________ арналған жағдай бойынша

Бюджет түрі - ____________________
Кезеңділігі - айлық, тоқсандық, жылдық
Өлшем бірлігі - мың теңге

Әкімші

Бағдарлама

Кіші бағдарлама

Атауы

Дебиторлық берешегінің, барлығы

оның ішінде:

Өзге де берешек бағ.5-бағ.6-бағ.7-бағ.8- бағ.9-бағ.10 -бағ.11-бағ.12-бағ.13-бағ.14

Дебиторлық берешектің қалыптасу себептері

Шарт талаптары бойынша ағымдағы жылғы алдын ала төлем

Ауыспалы шарттар бойынша (көп жылдық) алдын ала төлем

Есепті сома

Салыстыру актісіне сәйкес алдын ала төлеу

Мыналарға байланысты қалыптасқан берешек:

өнім берушілердің шартты міндеттемелерді орындамауына

берешекті өтеу бойынша сот шешімдерін орындамауына

өткен жылдары

ағымдағы жылы

өткен жылдары

ағымдағы жылы

өткен жылдары

ағымдағы жылы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

















































Мемлекеттік бюджетке қызмет көрсетуді жүзеге
асыратын ведомствоның/бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті уәкілетті органның
басшысы                ________________     _______________________
                         (қолы)              (қолды таратып жазу)

Деректерді жасау үшін жауапты құрылымдық
бөлімшесінің басшысы   ________________     _______________________
                         (қолы)              (қолды таратып жазу)