Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 354 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қарашада № 8073 тіркелді

Қолданыстағы

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы аккредиттеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті (А.А. Тұрлубек) заңнамамен белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның кейіннен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің орынбасары –
      Министр                                    Ә. Исекешев

      КЕЛІСІЛГЕН                             КЕЛІСІЛГЕН
      Қазақстан Республикасы                 Қазақстан Республикасы
      Экономикалық даму және сауда           Ауыл шаруашылығы министр
      министрі                               ________ А.С. Мамытбеков
      ______________ Е.А. Досаев             2012 жылғы 25 қазан
      2012 жылғы 5 қазан

      КЕЛІСІЛГЕН
      Қазақстан Республикасы Құрылыс
      және тұрғын үй–коммуналдық
      шаруашылық істері агенттігінің
      төрағасы
      ______________ С.К. Нокин
      2012 жылғы 12 қазан

Қазақстан Республикасы       
Премьер-Министрінің орынбасары –
Қазақстан Республикасы       
Индустрия және жаңа        
технологиялар министрінің     
2012 жылғы 3 қазандағы      
№ 354 бұйрығымен        
бекітілген           

нысан

_____________________________________________________________________
(аккредиттеу бойынша уәкілетті органның толық атауы)

Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы
АККРЕДИТТЕУ ТУРАЛЫ КУӘЛІК

№________                            ______ жылғы ____ _____________
                                                         (күні)
Куәлік ______________________________________________________________
            (ұйымның ұйымдастыру-құқықтық нысаны, толық атауы БСН)
мынадай қызметтерді көрсетуге берілді: ______________________________
Заңды мекенжайы: ____________________________________________________

Куәлік Қазақстан Республикасының барлық аумағында қолданылады.

Аккредиттеу туралы куәліктің қолданылу мерзімі берілген күннен бастап 5 (бес) жыл.

______________________________ ________ ___________________________
уәкілетті органның лауазымы    (қолы)   Тегі, аты және әкесінің аты
                                            (болған жағдайда)

М.О.