Медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеу стандарттарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 2 қазандағы № 676 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қарашада № 8064 тіркелді

Қолданыстағы

      «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 14-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеу стандарттары;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес стационарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеу стандарттары;
      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес жедел медициналық жәрдем көрсететін медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеу стандарттары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (Б.С. Байсеркин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамамен бекітілген тәртіппен мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Ж.Ж. Данаева) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жариялаған күнінен қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    С. Қайырбекова

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 2 қазандағы
№ 676 бұйрығына    
1-қосымша      

Амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін
денсаулық сақтау ұйымдарына арналған аккредиттеу
стандарттары

А БӨЛІМІ «БАСШЫЛЫҚ»

Өлшенетін критерийлер

1.0. ҰЙЫМНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ
Этикалық қағида ұйым қызметінің бағытын және шешім қабылдау үдерісін анықтайды.

1.1

Медициналық ұйымының мақсаты немесе міндетінің тұжырымдау персоналдың көмегімен және мүдделі тараптардың ұсынымдарын ескере отырып, басшылықты жүзеге асырады және ұйымды дамытуды жоспарлау және бағыттарын айқындау үшін негіз болып табылады.

1.2

Медициналық ұйымда шешім қабылдау және қызметкерлердің мінез-құлқы қағидаларын анықтауда басшылыққа алатын белгілі этикалық норманың кешені бар.

1.3

Медициналық ұйым медициналық ұйым мен пациенттерге қызмет көрсетуге қатысты мәселелерді қамтитын этикалық ережелерді әзірлейді.

1.4

Персонал этика және деонтология мәселелері бойынша үнемі оқудан өтіп отырады.

1.5

Медициналық ұйымда этикалық нормалардың бұзылу фактілерін анықтау, талдау және шаралар қабылдау үдерісі енгізілді.

2.0. БАСҚАРУ
Медициналық ұйымда оның құқықтық статусы мен жауапкершілігіне сәйкес тиімді басқару жүзеге асырылады.

2.1

Ұйым басшылығының міндеттеріне мыналар кіреді:
1) этикалық нормаларды анықтау және қарау;
2) ұйымның стратегиялық, шұғыл жоспарларын, сондай-ақ медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету жоспарын келісу және бекіту;
3) бюджетті бекіту және алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін ұйымды тиісті ресурстармен қамтамасыз ету;
4) стратегиялық және шұғыл жоспарлар нәтижелерінің жетістіктерін бағалау және мониторингілеу;
5) құрылымдық бөлімшелер басшыларын тағайындау, бекіту және қызмет тиімділігін бағалау.

2.2

Медициналық ұйым Қазақстан Республикасының конституциялық және құқықтық қағидаларына сәйкес жұмыс істейді және оның талапқа сай құқықты белгілейтін құжаттары бар, соның ішінде:
1) әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі;
2) жарғы (қағида);
3) СТН, БСН

2.3

Басшылық ұйым өз қызметін денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге (НҚА) сәйкес, мынадай жолдармен жүзеге асырады:
1) мемлекеттік органдардың бұйрықтарын алу, қарау және орындау;
2) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер пакетін уақтылы жаңарту;
3) оларды мүдделі тұлғаларға жеткізу бойынша пәрменді әрекеттерді қабылдау;
4) медициналық мекеменің персоналы үшін нормативтік құқықтық актілер базасының қолжетімділігін қамтамасыз ету.

2.4

Медициналық ұйым жұртшылыққа мынадай ақпарат береді:
1) көрсетілетін қызметтер және оларды алу талаптары туралы;
2) қызметтер және көрсетілетін қызметтерге ықпал етуі мүмкін қабылданатын шешімдер туралы;
3) көрсетілетін қызметтер сапасы және қол жеткізілген нәтижелер туралы.

3.0. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ШҰҒЫЛ ЖОСПАРЛАУ
Ұйым өз қызметтерін халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жоспарлайды және айқын басымдылықпен жүзеге асырады.

3.1

Басшылықтың персоналмен және басқа да мүдделі тараптармен бірлесіп әзірлеген стратегиялық даму жоспарында медициналық ұйымның миссиясын жүзеге асыру мақсаттары, міндеттері, стратегиялары жазылады.

3.2

Стратегиялық жоспар:
1) ұйым мақсаты мен этикалық нормаларына;
2) қызмет көрсетілетін тұрғындардың қажеттіліктеріне;
3) пациенттерден/отбасылар мен жұртшылықтан алынған пікірлерді талдауға;
4) көрсетілетін медициналық қызметтердің сандық және сапалық көрсеткіштеріне;
5) Үкімет стратегияларына, денсаулық сақтау басымдықтарына;
6) ұйымның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде күтілетін нәтижелерге (бағалау индикаторлары) негізделеді.

3.3

Кешендік жылдық жоспар медициналық ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерімен келісіліп әзірленген:
1) стратегиялық жоспарға сәйкес;
2) тікелей басымдықтарды қарастыра отырып;
3) барлық қызметтер бойынша міндеттер мен жоспарларды қамти отырып;
4) штатты толықтыруды, жоспарланған әрекеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қаржылық және материалдық ресурстарды айқындайды.

3.4

Медициналық ұйым және оның құрылымдық бөлімшелері іс-шаралардың мақсаттары мен жоспарына сәйкес жылдық жоспарды іске асыруда қол жеткізілген прогресті жүйелі түрде салыстырады:
1) мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейі;
2) жоспарланған әрекеттерді орындау;
3) ресурстық қолдау сәйкестігі;
4) жоспарланған мерзімдердің орындалуы;
5) іске аспаған міндеттер мен мәселелер;
6) бұдан әрі жоспарланған қадамдар.

3.5

Ішкі аудит қызметі жылдық жоспармен салыстырғанда қол жеткізілген нәтижелерге талдау жүргізеді, ақпарат бұдан әрі іс-қимылды жоспарлау үшін медициналық ұйымның басшысына және құрылымдық бөлімшелердің басшыларына ұсынылады.

3.6

Жылдық жоспардағы іс-шараларға қатысты шешімдер персоналға хабарланып, бірге талқыланады және қажеттілігіне қарай тиісті сыртқы қызметтерге беріледі.

4.0. ЖАЛПЫ БАСҚАРУ
Медициналық ұйымда басқару мен есеп берудің нақты құрылымы бар. Басқаруды білікті менеджерлер жүзеге асырады.

4.1

Медициналық ұйымның басшысы мыналар үшін жауапты болып табылады және есеп береді:
1) қауіпті басқару және сапаны арттыру, инфекциялық бақылау, денсаулықты сақтау/еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қоса алғанда барлық шұғыл мәселелер;
2) басшылық органы және жоғары тұрған мемлекеттік органдар алдында клиникалық, басқару және қаржылық қызмет туралы есептілік;
3) бақылау және реттеуші органдардан алынған кез-келген хабарландыруға ден қою.

4.2

Медициналық ұйым басшысының білімі, біліктілігі, еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесі бар.

4.3

Медициналық ұйым басшысының лауазымдық нұсқаулығында оның құқықтары мен міндеттері айқындалған.

4.4

Ұйым басшысы жұмысының тиімділігі медициналық ұйымның жетістіктерімен бағаланады және орындалған іс-шаралардың есебі басшылық ететін ұйымға ұсынылады.

4.5

Әрбір құрылымдық бөлімшенің функциялары мен өкілеттіктері құрылымдық бөлімше туралы ережеде әрбір қызметкердің міндеттері көрсетіле отырып айқын белгіленген, ақпарат қызметкерлердің назарына жеткізілген.

4.6

Медициналық ұйымның әрбір бөлімшесін осы бөлімшені басқару үшін қойылатын біліктілік талаптары мен жұмыс тәжірибесіне сәйкес басшы басқарады.

4.7

Медициналық ұйымның клиникалық қызметіне жауапты тұлғалар:
1) клиникалық практиканы жоспарлауды және бағалауды;
2) медициналық ұйымның басшысы және басқа бөлімшелердің меңгерушілеріне клиникалық мәселелер бойынша консультациялар жүргізуді;
3) клиникалық емдеу стандарттарының мониторингін;
4) бақылау және персоналға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

4.8

Ұйымдастыру құрылымы:
1) құжат түрінде ресімделген және схема түрінде берілген;
2) ұйымның мақсаттарына, міндеттері мен функцияларына сәйкес келеді;
3) персоналдың бағыныстылығы құрылымын анық көрсетеді;
4) бөлімдер мен қызметтерді жоспарлау және қызмет көрсетуді үйлестіруге көмек көрсетеді.

4.9

Ұйымның құрылымы жүйелі түрде қаралып отырады және ұйымның персоналы мен тиісті тұлғалардың назарына уақтылы жеткізіледі.

4.10

Медициналық ұйым сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік басқару органдары мен басқа медициналық ұйымдарға жоспар мен стратегиясын ұсына отырып, өз жұмысын және қызметін келіседі. 

5.0. ҚАУІПТЕРДІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ САПАНЫ АРТТЫРУ
Медициналық ұйым болу ықтимал қауіптерді барынша аз мөлшерге төмендетеді, тұрақты түрде оларға мониторинг және бағалау жүргізеді, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады.

5.1

Медициналық ұйымдарға арналған қауіптерді басқару жоспары:
1) стратегиялық жоспардан; клиникалық көрсеткіштерді талдау нәтижелерінен, пациенттердің пікірлері мен жағымсыз оқиғаларды талдау нәтижелерінен; инфекциялық бақылау қызметінен; персоналмен толықтыру және ресурстармен қамтамасыз етуді талдау нәтижелерінен; қоршаған ортаның жай-күйін талдау нәтижелерінен алынған ақпаратқа негізделген;
2) олардың ықтималдылығы және денсаулыққа келтірілген зияны мен материалдық шығыны салдарларының тұрғысынан барлық қауіптерді анықтайды, бағалайды және басымдықтары бойынша орналастырады;
3) осындай қауіптерді басқару стратегиясын қамтиды;
4) қолда бар және персонал арасында танысу үшін таратылады.
Ескерту:
Қауіптерді басқару жоспарына саясат, қауіпті бағалау критерийі, қауіпті басқару міндеттері мен функциялары, қажетті кадрларды даярлау, сәйкестендірілген қауіптер тізімін: стратегиялық және қауіп-қатер, қаржылық пайдалану – қауіптер тізілімі немесе қауіптер және олардың деңгейінің талдамасы бар осындай құжат, мүдделі тараптарға ақпаратты беру процесін қосқанда қауіптермен жұмыс жоспарларына немесе негізгі қауіптерді бақылау бойынша шараларға қатысты қорытындылар сияқты элементтерді кіргізуге болады. 

5.2

Медициналық ұйым өз қызметкерлерін:
1) қаупі бар оқиғаларды анықтау, бағалау және олар туралы хабарлау;
2) әлеуетті қаупі бар оқиғаларды басқару;
3) инфекцияның алдын алу немесе бақылау;
4) жабдықтар мен материалдарды қауіпсіз пайдалану;
5) адамдар мен жүктерді тасымалдаудың қауіпсіздік әдісі арқылы қауіптерді төмендету ережелеріне үйретеді.

5.3

Қауіптерді басқару жоспары оның тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде тексеріледі және қайта қаралады:
1) қауіптерді басқару қағидалары талаптарының нақты орындалуына бақылау жүргізу жолымен;
2) белгілі қауіптерді қайта қарау;
3) қауіптерді басқару қағидалары талаптарының нақты орындалуына бақылау жүргізу және белгілі қауіптерді қайта қарау процесінде алынған нәтижелерді пайдаланып қауіптерді басқару жоспарына өзгерістер енгізу.

5.4

Медициналық ұйымда құрамына мыналар кіретін медициналық қызметтер сапасын арттырудың үздіксіз жүйесі бар:
1) медициналық ұйымның барлық бөлімшелерінің қатысуы;
2) жоғары қаупі бар, ауқымды, қымбат тұратын немесе проблемалы процестерді, көрсетілетін қызмет сапасын бақылау бойынша медициналық ұйымның басымдықтарын анықтау және оларды пациенттердің талаптарын ескере отырып толықтыру;
3) мониторинг және аудит мәліметтерін жинау, талдау және бағалау;
4) басшылық пен қызметкерлерді ақпараттандыру.

5.5

Жыл сайынғы сапаны арттыру жоспары:
1) құрылымдық бөлімшелер бастықтарымен бірге әзірленеді;
2) сапаны бақылау бойынша іс-шараларды, іс-қимылдар жоспарларын, олардың мақсаттары мен жетістіктерінің әдістерін толық белгілейді;
3) аудит жүргізу, сапалық көрсеткіштер бойынша мәліметтер жинау кестесін белгілейді;
4) жауапты тұлғалар мен орындау мерзімдерін белгілейді.

5.6

Сапаны арттыру жоспарына мониторинг, есептілік және бағалау кіреді:
1) мысалы, күту уақыты, қайталанған сырқаттанушылық және емдеуге жатқызу деңгейі, дәрілік заттарды тағайындаудағы қателіктер, инфекциялар мен жазатайым оқиғалар, басымды аурулар және негізгі процестер бойынша емдеу нәтижелігінің көрсеткіштері;
2) пациент пен оның отбасына көрсетілген медициналық қызметтерге қанағаттануы.

5.7

Құрылымдық бөлімшелер басшылары:
1) тиісті көрсеткіштердің мониторингі;
2) стандарттарды, саясаттарды, рәсімдерді, клиникалық хаттамалар мен қағидаларды орындау мониторингі;
3) пациенттер мен олардың отбасыларының тарапынан түскен шағымдар мен ұсыныстар фактілерін қарастыру;
4) көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын жақсарту бойынша жобаларды қоса алғанда сапаны арттыру бойынша жоспарды іске асыруға жауап береді.

5.8

Сапаны бақылау жөніндегі ішкі қызмет:
1) сапаны қамтамасыз ету шаралары бойынша есеп алады;
2) жиналған деректерді талдайды, оларды бағыттары бойынша жіктемелейді;
3) құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен ұйым басшыларының алдында есеп береді.

5.9

Сапаны жақсарту туралы ақпарат және есептер өндірістік немесе клиникалық кездесулер мен конференцияларда талқыланады. Ұйымның қызметкерлері, құрылымдық бөлімшелер басшылары мен ұйым басшылары сапаны жақсарту саласында нақты әрекеттер бойынша шешімдер қабылдауға қатысады.

5.10

Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын және бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкестігін бағалау мақсатында медициналық ұйымдарда:
1) уәкілетті тұлға/сарапшылар тобы;
2) жеткілікті мөлшерде бар клиникалық хаттамаларды пайдаланудың клиникалық аудитін белгіленген кестелеріне сәйкес аудит жүргізіледі.

5.11

Клиникалық аудит және клиникалық оқиғаларды шолу нәтижелері:
1) тиісті комиссиялардың жұмысында, кеңестерде немесе конференцияларда талқыланады;
2) медициналық көмек көрсету процестерін жақсарту үшін пайдаланылады;
3) сапаны арттыру бағдарламасын орындау бойынша жазбаша есептерге енгізіледі.

5.12

Сапаны арттыру іс-шаралары жоспарланған, тиісті шаралар мен әрекеттер қабылданған, әрекеттер тиімділігі бағаланған. Персонал, клиенттер/пациенттер бағалау нәтижелері туралы хабардар етілген.

5.13

Әрбір құрылымдық бөлімшеде өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде персонал құжатталған саясаттар мен ресімдерді сақтайды.

5.14

Басшылық бекіткен саясаттар мен ресімдер:
1) әр жыл сайын жаңартылады;
2) персоналдың қатысуымен әзірленеді;
3) жұмыс орындарында персоналға қолжетімді.

B БӨЛІМІ «РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ»

6.0 ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУ
Медициналық ұйымның қаржылық ресурстары мақсаттарға қол жеткізуде қолдау көрсету үшін басқарылады және бақыланады.

6.1

Басшылық жыл сайын:
1)медициналық ұйымның қаржылық-экономикалық блогы дайындаған;
2) медициналық ұйымның персоналының қатысуымен;
3) болжамдалатын кірістер мен шығыстар сметаларына негізделген;
4) жылдық жоспардың міндеттері мен жоспарланып отырған іс-шараларының негізінде қаржылық-шаруашылық қызметтің жоспарын бекітеді.

6.2

Медициналық ұйымның қаржылық қызметінің қағидалары мен рәсімдері бухгалтерлік есеп нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес құжатталады және мыналарды қамтиды:
1) төлемдерді көрсету және төлемдерді төлеу шұғылдығы;
2) бухгалтерлік есеп;
3) жабдықтарды сатып алу және қаражатты жұмсау бойынша өкілеттіктер, өкілеттіктерді беру рәсімі;
4) сақтандыру;
5) активтерді басқару.

6.3

Бухгалтерлік есеп кірістер мен шығыстардың барлық көздері туралы нақты қаржылық ақпаратқа негізделген және шешімдер қабылдау үшін уақтылы және нақты қаржылық есептерді қамтамасыз етеді.

6.4

Кіріс, шығыс және қызметтерге жұмсалатын шығындар бюджетпен салыстырылып жүйелі түрде қадағаланып отырады және медициналық ұйымның басшылығына ай сайынғы қаржылық есептер түрінде тапсырылып отырады.

6.5

Ішкі қаржылық бақылау және аудит жүйесі жұмыс істейді.

6.6

Сыртқы қаржылық аудит НҚА сәйкес жүргізіледі.

6.7

Медициналық қызметтер ақылы негізде көрсетіледі:
1) бағалар прейскуранты бар;
2) бағалар жұмсалған шығындардың негізінде есептелген;
3) ақылы қызметтерге төлемдер ҚР заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

6.8

Бекітілген ақылы қызметтердің тізімі және олардың бағалары халық үшін қолжетімді.

6.9

Медициналық  ұйым мыналарды анықтау үшін ақылы қызметтерге жүйелі түрде аудит жүргізеді:
1) бағалары талапқа сай, ал шығындар мен төлемдер құжат түрінде ресімделген процестерге сәйкес  жүзеге асырылады;
2) ақылы қызметтерден түскен қаржы мақсатты тағайындау бойынша НҚА сәйкес пайдаланылады.

6.10

Қызметкерлердің еңбекақысын төлеу, зейнетақы қорына аударымдар және басқа міндетті аударымдар:
1) уақтылы жүзеге асырылады
2) еңбекке ақы және медициналық ұйымның қызметкерлеріне берілетін сыйақының бекітілген құрылымына негізделген.

6.11

Есептер уақтылы салық органдары мен мемлекеттік статистика органдарына жіберіледі. 

7.0. АҚПАРАТТЫҚ БАСҚАРУ
Ұйым ақпараттық қажеттіліктері мен міндеттерді қанағаттандыру мақсатында өз ақпаратын жүйелі түрде басқарады және оны қорғайды.

7.1

Медициналық ұйымда оның қызметін басқару бойынша бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе бар, ол мыналарды қамтиды:
1) әрбір бөлімнің қажеттіліктеріне сәйкес келетін компьютерлер мен қолданбалы бағдарламалар пакеттері бар;
2) лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету;
3) ағымдағы шығындарды басқару;
4) бағдарламалық қамтамасыз етуді қажетті жаңарту рәсімдері;
5) ағымдағы техникалық қызмет көрсету;
6) персоналды оқыту.

7.2

Медициналық ұйым мынадай жолдармен ақпараттың құпиялылығын, қауіпсіздігі мен тұтастығын қорғайды:
1) персоналдың аса маңызды ақпаратқа қолжетімділігінен қорғау деңгейін орнату;
2) жеке ақпаратты жарияламау және құпиялылықты сақтау туралы персоналды оқыту;
3) құпия, оның ішінде  пациент туралы ақпаратқа қолжетімділікті шектеу. 

7.3

Ақпараттық қорғаудың құжатталған рәсімдерін  персонал пайдаланады және олар мыналарды қамтиды:
1) файлдардың резервтік көшірмелерін құру;
2) резервтік көшірмелерді сақтау;
3) төтенше жағдайлар кезінде мәліметтерді қалпына келтіру.

7.4

Клиниканың персоналында кәсіби міндеттерін атқару үшін  Интернет-ресурстарға және телекоммуникациялық технологияларға қолжетімділік бар.

7.5

Персонал денсаулық сақтаудағы жетістіктер мен озық технологиялар туралы ақпаратты мынадай жолдармен ала алады:
1) жаңартылған медициналық ақпаратты, медициналық жабдықты пайдалану нұсқаулықтарын, дәрілік препараттар бойынша дерекқорды  кітапханадан немесе басқа қолжетімді орындардан;
2) кәсіби конференцияларға, семинарлар мен оқу бағдарламаларына қатысу.

7.6

Медициналық ұйым құжаттарды басқарудың  стандарттық процесін пайдаланады, оның құрамына мыналар кіреді:
1) сақтау мерзімі көрсетілген, бекітілген істер номенклатурасы;
2) барлық бөлімшедегі файл/папкалар  бірыңғай  номенклатураға тіркеледі;
3) құжаттар номенклатурасына сәйкес папкаларда сақталады.

7.7

Ұйымның қызметін реттеуші ішкі құжаттар:
1) жауапты тұлға бекітіп, қол қойылған;
2) енгізу және қолданыс мерзімінің күні бар;
3) қажеттілігіне қарай жаңартылады;
4) жауапты тұлғалармен уақтылы орындалуы бақыланады.

7.8

Пациенттер туралы медициналық жазбалар:
1) жоғалудан, жойылудан, қате жіберуден және құқықсыз қолжетімділіктен немесе пайдаланудан қорғалған;
2) тек уәкілеттелген персоналға қолжетімді;
3) қолжетімділігі қолайлы, бірақ құпиялылығы сақталады;
4) ғимараттан арнайы рұқсатсыз шығарылмауы тиіс.

7.9

Медициналық құжаттама белгілеген тәртіппен мұрағатталады:
1) құжаттарды мұрағатқа беру кезінде мұрағаттау бойынша жазбаша рәсімге сәйкес;
2) жауапты тұлғаның басшылығымен;
3) мұрағат бөлмесінің техникалық жағдайы қажетті деңгейде, бөгде тұлғалардың қолжетімділігінен қорғалған және стеллаждармен (шкафтармен) жабдықталған;
4) амбулаториялық карта көшірмелері сұрату бойынша тек белгілі адамдарға беріледі.

8.0. АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ
Адами ресурстарды тиімді жоспарлау және басқару персоналдың еңбек өнімділігін арттырады және медициналық ұйымның қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің  құралы болып табылады.

8.1

Медициналық ұйымда мыналарды анықтау үшін құжатталған үдеріс  пайдаланылады:
1) жоспарланған қызметтер мен жұмыс көлемдерін орындауға  қажетті персоналды толықтыру деңгейі;
2) қажетті жұмыс өтілі мен тәжірибе деңгейі;
3) персонал бейіндері және  лауазымдарының неғұрлым тиімді және ұтымды құрылымдары.

8.2

Медициналық ұйым штатты басқару бойынша саясат пен рәсімді әзірлейді, оған медициналық көмек көрсету бойынша қойылған міндеттерді орындау мақсатында білікті штатты тағайындау, іріктеу, оқыту, бағалау, біліктілігін жоғарлату және оларды талдау кіреді.

8.3

Мамандардың қолжетімділігі және персоналдың кәсіби дағдысының құрылымы:
1) әрбір бөлімшенің функцияларына сәйкес келеді;
2) жоспарлау кезінде жыл сайын немесе қажеттілік бойынша қайта қаралады.

8.4

Барлық штаттық лауазымдарға медициналық ұйымның басшысы бекіткен лауазымдық нұсқаулар әзірленген. Лауазымдық нұсқаулар әрбір қызметкерге қолжетімді және  мыналарды қамтиды:
1) штаттық лауазымда болуға қажетті біліктілік, дағды, дайындық, жұмыс тәжірибесі;
2) лауазымдық міндеттер;
3) есептілік;
4) қайта қарау мерзімдері.

8.5

Лауазымға тағайындау/қабылдау бекітілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады:
1) қызметкер мен ұйым арасында келісімшартқа қол қою;
2) лауазымдық нұсқаулықта баяндалған талаптарға сәйкес;
3) еңбек заңнамасына сәйкес және жұмысқа орналасу үшін бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

8.6

Клиникалық практикаға жіберілген маманды жұмысқа тағайындау/қабылдауға дейін медициналық ұйым:
1) оның клиникалық білімдері мен біліктілігіне бағалау жүргізеді;
2) тапсырылған алғашқы құжаттамаға тексеру жүргізеді (дипломдар, сертификаттар);
3) қызметтік тізім, еңбек өтілі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жеке істі толтырады.

8.7

Әрбір қызметкерде өз нұсқаулығының қол қойылған түпнұсқасы болады, оның көшірмесі кадрлар бөлімінде сақталады.

8.8

Әрбір қызметкер медициналық ұйыммен, оның мақсаттары және міндеттерімен, сондай-ақ лауазыммен таныстырудың құжатталған бағдарламасына сәйкес өзінің лауазымдық міндеттерімен танысу үшін нұсқаудан өтеді.

8.9

Медициналық ұйымдағы персонал мынадай жолдармен сәйкестендіріледі:
1) арнайы медициналық киіммен жүру;
2) техникалық қызметкерлерге арналған арнайы киімдер;
3) тегі, аты-жөні, әкесінің аты және атқаратын қызметі көрсетілген бейдждер.

8.10

Медициналық ұйымда мыналарды тексеру үшін жыл сайын жүргізілетін мамандардың жұмыс нәтижелерін бағалау рәсімі бар:
1) лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;
2) біліктілікті арттыруды жақсартуды және  талаптарды қажет ететін басымды жақтарды, салаларды анықтау;
3) рәсім құжатталады және қызметкер мен бөлім басшысы қол қояды;
4) жеке іске тігіледі.

8.11

Медициналық ұйымда үздіксіз біліктілікті жоғарлату саясатын жүзеге асыру үшін барлық клиникалық персоналдың қызметіне мониторинг жүргізу механизмі жұмыс істейді, ол мыналарды қамтиды:
1) өз құзыретін сақтау үшін клиникалық персоналдың үздіксіз жеткілікті клиникалық практикасы бар екеніне мониторинг жүргізу;
2) қосымша тәлімгерлік, оқыту немесе басқа рәсімдер арқылы персонал құзыретіне байланысты проблемаларға ден қою;
3) клиникалық персонал клиникалық қызметпен өз өкілеттіктері мен құзыреті шеңберінде айналысатынына мониторинг жүргізу;
4) қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен құзыреті туралы мәліметтерді жүйелі тексеру.

8.12

Медициналық ұйымның талаптарына сәйкес мыналардың негізінде мамандардың  біліктілігін жоғарлату бойынша бюджет және жылдық жоспар жасалады:
1) қызметкерлерді қосымша даярлауға қажеттіліктерді талдау;
2) қызметтер көрсетуге байланысты медициналық ұйымның қажеттіктерін талдау.

8.13

Медициналық ұйымда үздіксіз кәсіби білім саясаты бар және ол мыналарды көздейді:
1) жүйелі түрде мамандардың  біліктілігін арттыру (бес жылда бір реттен кем емес);
2) біліктілікті жоғарлату курсы үшін қосымша ақы төлеу.

8.14

Оқыту туралы жазбаларды қосқанда ұйымның әрбір қызметкері туралы толық құжатталған ақпарат бар, ол құпиялы болып есептеледі және күзетілетін орында сақталады.

8.15

Медициналық ұйымда себепсіз жұмысқа келмеу және кадрлардың тұрақтамауы сияқты негізгі көрсеткіштерге талдау жүргізіледі, олардың нәтижелерін жақсарту үшін пайдаланылады.

С БӨЛІМІ «ҚАУІПСІЗДІКТІ БАСҚАРУ»

9.0. ҒИМАРАТТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Медициналық ұйым ортасы пациенттер, персонал және келушілер үшін қауіпсіз және жайлы болып табылады.

9.1

Медициналық ұйымның ғимараты:
1) күнделікті жұмыс пен төтенше жағдайда пациенттерге қызмет көрсету кезінде бөлімшелердің аумағы мен орналасуы талаптарына сай келеді;
2) тұрақты түрде жөндеуден өткізіліп тұрады;
3) құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына сай келеді;
4) санитариялық нормалары мен қағидаларының талаптарына сай келеді.

9.2

Медициналық ұйым:
1) жеке және оқшау жұмыс істейтін персоналды;
2) күндіз-түні пациенттерді, келушілерді және персоналды тәни зорлық қаупінен және мүлікті жоғалтудан;
3) дәрілік заттарды ұрлық пен талан-тараждан;
4) ғимаратты, жабдық пен мүлікті бүліну мен жоғалудан қорғау мақсатында жазбаша саясат пен рәсімдерге сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.

9.3

Медициналық ұйымның барлық аумағы бойынша көрнекті орындарда қауіпсіздік техникасы бойынша жеңіл оқылатын ақпараттық белгілер орнатылған:
1) бағыттар;
2) темекі шегуге тыйым салу;
3) тыйым салынған аймақтар мен басқа ескертулер;
4) ғимараттағы радиоактивтік сәулелену қаупі;
5) өртке қарсы жабдық;
6) төтенше оқиғалар кезіндегі эвакуациялау схемасы;
7) жақын маңдағы шығу белгілері.

9.4

Медициналық ұйымның аумағына қажетті көлемде қызмет көрсетіледі және көлік талаптарына сай келеді:
1) бос көлік жолы;
2)медициналық ұйымның көлігі, пациенттер мен келушілердің көлігі үшін арнайы автотұрақ;
3) қажет кезде медициналық ұйымның көлігі үшін жабдықталған гараж;
4) көлікті жөндеу үшін тиісті орын.

9.5

Медициналық ұйымда мүмкіндіктері шектеулі пациенттер мен келушілердің қозғалысы және жүк тасымалдауы үшін мүмкіншіліктер жасалған:
1) үш және одан көп қабаттан тұратын ғимараттарды жұмыс істеп тұрған лифтілермен, екінші қабаттан жоғары емдеу бөлімшелерін қызметтік лифтілермен қамтамасыз ету;
2) балалар арбаларына, мүгедектер креслоларына, арбаларға арналған пандус.

9.6

Медициналық ұйымда санитариялық-гигиеналық нормалар мен қағидалар талаптарына сай су құбыры және кәріз жүйесі жұмыс істейді:
1) пациенттердің болу орындарында және басқа қызметтік аймақтарда қолжетімді суық және ыстық суды үздіксіз беру;
2) жұмыс істеп тұрған кәріз және дренаждық жүйе.

9.7

Медициналық ұйымда орнатылған тәртіп персонал мен пациенттердің қолайлы сезінуі және қауіпсіздігіне мынадай жолдармен мүмкіндік туғызады:
1) ауаны сору-шығару, терезелерді ашу көмегімен табиғи және жасанды – сору-шығару арқылы желдету;
2) жылдың суық мезгілдерінде барлық бөлмелерде орталық немесе жергілікті жылу берудің тиімді жұмыс істеп тұрған жүйесі;
3) пациенттер болатын орындарда табиғи жарық беру;
4) табиғи жарық жоқ орындарда лайықты жасанды жарық беру.

9.8

Медициналық ұйым жайлы жұмыс ортасын құру мақсатында өздерінің коммуналдық қызметтерін басқарады және әлеуетті қауіптерді барынша төмендетеді:
1) ұйымның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету жүйелеріне коммуналдық қызмет жұмысының тұрып қалу әсерінің алдын алу үшін альтернативтік жүйесі бар және инфекциялық бақылау;
2) инженерлік коммуникациялардың қамтамасыз етуін тиісті рәсімдерге сүйенетін жоғары білікті, құзыретті қызметкерлер жүзеге асырады;
3) орталықтандырылған зарарсыздандыру қызметі, зертхана, тамақтандыру қызметі сияқты орындарда таза ауаның дұрыс келуін қамтамасыз ете отырып, ластайтын заттардың таралуының алдын алады.

9.9

Медициналық ұйым пациенттер мен персоналдың гигиенасын сақтау:
1) ыңғайлы орындарда орналасқан, түсінікті түрде белгіленген, қолжетімді, жеткілікті мөлшердегі гигиеналық бөлмелер;
2) барлық әжетханаларда және персонал үшін жұмыс аймақтарындағы электркептіргіштер немесе қағаз сүлгілер;
3) жеке гигиеналық қажеттіліктерге жіберілген кезде пациенттер үшін жабық орын және осы жағдайда көмек алу мүмкіндігі көмегімен қамтамасыз етеді.

10.0. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ БАСҚАРУ
Медициналық ұйым өрттің пайда болу қаупін барынша төмендетеді және төтенше және қиын оқиғаларға дайын.

10.1

Медициналық ұйым өрт немесе басқа төтенше оқиғалар іс-шараларының нақты жоспарын әзірлейді:
1) шұғыл құлақ асу шараларын басқару және үйлестіру үшін жауапкершілік;
2) апаттық қызметтер мен персоналға хабар беру процесі;
3) шұғыл байланыс жүйесі;
4) қажет кезде адамдарды ғимараттан эвакуациялау рәсімі.

10.2

Эвакуация кезіндегі бағдар табу рәсімін қосқанда персонал ТЖ жанындағы шұғыл шара қолдану жоспарына сәйкес жыл сайын оқудан өтеді және оқу дабылы бойынша іс-шараларға қатысады.

10.3

Медициналық ұйым өрт шығу қаупін мынадай жолдармен төмендетеді:
1) отқа төзімді бояу, перде, жиһаз және төсек жаймалары сияқты отқа төзімді құрылыс материалдарын пайдалану;
2) ғимарат ішіндегі баспалдақтар және сыртқа шығатын өрт сатылары сияқты қосалқы көшіру жолдарымен қамтамасыз ету;
3) тиісті орындарда орналасқан және түсінікті етіп белгіленген өрт сөндіру жабдықтарымен қамтамасыз ету (гидранттар, өрт шлангілері, өрт сөндіргіштер, автоматтық су өрт сөндіргіштері);
4) өрт дабылы жүйесін және хабарлау жүйесін орнату;
5) өрттің таралуын шектеу үшін техника және құрылғыларды пайдалану (өртке қарсы кедергілер, өртке қарсы қабырғалар, өрт есіктері және апаттық ажыратқыштар).

10.4

Апаттық дабыл жүйесі:
1) дайын күйде болуы және қажетті қашықтықта естілетін және басқа шуды естіртпейтін дыбыстық дабыл қағуға жарамды болуы тиіс;
2) қажетті күйге келтіріліп, жұмысқа жарамды болуы тиіс, жоспарлы-алдын алу техникалық қызмет көрсету бағдарламасына сәйкес тестіленеді, алынған мәліметтер құжатталады.

10.5

Медициналық ұйымның барлық аймақтарынан мыналарды қосқанда эвакуация үшін арнаулы жолдар бар:
1) өрт оқиғалары кезінде есік оймалары, дәліздер, пандустар және өту жолдары, әрдайым кедергілерден бос баспалдақтар оймалары сияқты эвакуация жолдары;
2) қолмен жақсы ашылып-жабылатын өрт және түтінге қарсы есіктер;
3) ашық қалдырылатын немесе автоматты ажыратудың электрлік құрылғыларымен бекітілген шығатын есіктер;
4) ерекше оқиғаларды және арнаулы қосымша шығатын жолдарды қоспағанда пациенттер палаталарының және шығатын есіктердің құлыпталуына тыйым салу.

10.6

Тұтанатын заттарды, газ баллондары және басқа әлеуетті қауіпті материалдар мен химиялық заттар қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сақталады, пайдаланылады және мыналарды қамтиды:
1) жүйелі іріктеу мен таңбалауды;
2) бөлмелерді құлыптау және герметикалы қамтамасыз ету;
3) газ баллондарын сақтауға арналған контейнерлерді құлыптау немесе бөгде тұлғаларды жібермеу мақсатында қоршаулардың болуы;
4) еден деңгейінде арнайы түбі бар ыдыстарда сақтау.

11.0. ЖАБДЫҚ ПЕН ШЫҒЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ
Медициналық ұйым жабдықты, шығыс материалдары мен медициналық құралдарды қауіпсіз, тиімді және ұтымды пайдаланады.

11.1

Медициналық ұйым медициналық құралдар мен жабдықты сатып алуды, жаңартуды және айырбастауды жоспарлайды:
1) жоспарланатын қызметтерді қамтамасыз ету үшін;
2) қолда бар резервтің көмегімен төтенше жағдайлар кезінде шұғыл шара қолдану үшін;
3) барлық құралдар мен жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында.

11.2

Мыналарды қосқанда аспаптар мен жабдықтың профилактикалық техникалық қызмет көрсету мен жөндеу бағдарламасы енгізілген:
1) жоспарлы сынақ, шолу, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кестесінің болуы;
2) өндірушіні пайдалану жөніндегі нұсқаулық негізінде нұсқаулықтың, тиісті электрлік стандарттардың, қауіпті заттармен жұмыс істеу стандарттарының және қауіпсіздік стандарттарының болуы;
3) талаптарға сәйкес калибрлеуді орындау;
4) заңнама және жергілікті билік органдары талаптарының сақталуы.
Ескерту:
Бағдарлама пациенттерді диагностикалау және емдеуге арналған жабдықты, электрлік, кәріз, жылыту, желдету жүйелері мен олардың компоненттеріне арналған жабдықты қамтиды.

11.3

Жабдықтың анықталған ақауын және іске қосылмауын табу және хабарлау рәсімі бар, ол мыналарды қамтиды:
1) жабдықтың анықталған кемшіліктері мен ақаулары туралы хабарламаларды тіркеу журналын жүргізу;
2) жабдықты жөндеуге немесе ауыстыруға берілетін тапсырыстың бірыңғай нысаны;
3) техникалық қызмет көрсету және ұсақ жөндеу жүргізуге арналған шығыс материалдарының жеткілікті мөлшері;
4) қаралмаған тапсырыстарға үнемі шолу жасау;
5) белгіленген критерийлерге сәйкес жөндеуге келмейтін немесе тозған жабдықты санақтан шығару және жою туралы шешім;
6) жөндеу бойынша орындалған жұмыстардың, жүргізілген сатып алу мен оларды орындау уақытының мониторингі және құжаттамасы.

11.4

Техникалық қызмет көрсетуді, қалдықтарды басқару қызметін, профилактикалық техникалық қызмет көрсету, медициналық және электрлік жабдықты жөндеуді, жеткізуді қамтамасыз ететін мердігерлермен жасалған жазбаша шарттар бар:
1) оларда екі тараптың міндеттері және қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптар белгіленген;
2) жеткізу күні, бағасы көрсетілген;
3) мердігерлердің жұмысты орындауын бақылау үшін шарттар енгізілген.

11.5

Медициналық ұйым жабдықты қауіпсіз және дұрыс пайдалануды мынадай жолдармен қамтамасыз етеді:
1) жаңа, сондай-ақ бұрыннан бар жабдық пен медициналық құралдарды пайдаланушы барлық қызметкерлер қауіпсіз пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша оқудан өтеді;
2) мамандандырылған жабдықты пайдалануға (мысалы, автоклавтар, IV және одан жоғары топтағы насостар, желдеткіштер, қоқысты тығыздауыштар), қажетті білімі мен дағдысы және осы жабдықпен жұмыс істеу туралы куәлігі бар білікті мамандарға рұқсат беріледі;
3) қауіпсіздік техникасы бойынша қағидалар және диагностикалық медициналық жабдық жөніндегі нұсқаулығы бар және олар персонал үшін қолжетімді.

11.6

Байланыс жүйелері кез келген оқиғалар туралы жылдам ақпарат беру мақсатында ішкі және сыртқы коммуникациялардың тиімді ағымын қамтамасыз етеді:
1) пациенттер және күтуші тұлғалар үшін барлық құрылымдық бөлімшелерде қолжетімді байланыс телефонының болуы;
2) медициналық персоналдың пациенттерге хабар беру үшін жұмыс істеп тұрған дабыл жүйесі.

11.7

Барлық жабдық (емдеу – диагностикалық, автоклавтар) белгіленген қағидалар мен нормаларға сәйкес жер контурына қосылған.

11.8

Сәулелік диагностика қызметкерлері радиоактивті сәулеленуден мынадай жолдармен қорғалған:
1) радиациялық қорғаныс кабиналарын және басқа қорғаныс құрылғылары мен құралдарын пайдалану;
2) ай сайын радиациялық түске өлшенетін жеке дозиметрлерді пайдалану, олардың нормалары асқан кезде тиісті шаралар қолданылады;
3) жылына екі рет радиациялық бақылау жүргізу.

Жеткізу

11.9

Жеткізуді басқару жүйесі енгізілген және пайдаланылады, олар мыналарды ескереді:
1) әрбір бөлімше үшін клиникалық және клиникалық емес жеткізудегі қажеттіліктерді бағалау;
2) есептелген қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тауарлық-материалдық шығындардың барынша аз мөлшерін орнату және қоймалық қорлар мен тиеу-түсіру жұмыстарының құнын барынша төмендету мақсатында жеткізуді қамтамасыз ету;
3) қор қозғалысын есепке алу және қоймадағы қор көлемін бақылау;
4) төсек және басқа жұмсақ материалдарды дұрыс жағдайда сақтау;
5) жарамдылық мерзімі өткенге дейін қорды уақтылы айырбастау;
6) қорды құрғақ және қауіпсіз орындарда сақтау.

11.10

Медициналық ұйымда жеткілікті мөлшерде жуу және зарарсыздандыру заттары бар. Сатып алу кестелері сақталады және бұл заттарды санақтан шығару актілері бар. Персонал нұсқаулықтарға сәйкес құралдарды пайдалану бойынша оқудан өткен.

Фармацевтикалық жеткізу

11.11

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар нақты өлшемдерге байланысты сатып алынады, олар мыналарды қамтиды:
1) көрсетілетін қызметтер салаларын және пациенттердің белгіленген талаптарын;
2) қажетті және өмірге маңызды дәрілік заттардың тізбесіне сәйкес;
3) қор ескермеген арнайы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілік;
4) тасымалдау әдісі.

11.12

Дәрілік заттармен қамтамасыз етудің құрылымдық бөлімі қорды басқару жүйесін пайдаланады:
1) барлық бөлімшелерде бекітілген нормаларға сәйкес қор тізбесі;
2) сақталған қор жүйесін пайдалану (барынша аз қор көлемінің болуы);
3) ТЖ кезінде пайдаланғаннан кейін толықтырылып отыратын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың болуы;
4) Қабылдау кезінде сатып алынған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың санын, сапасын, топтаманың нөмірін,шығарылған күні мен жарамдылық мерзімін тексеру;
5) Қорды басқару және жарамдылық мерзімінің өтуін бақылауға арналған автоматтандырылған есеп жүйесінің болуы;

11.13

Дәрі-дәрмектердің топтық тиістілігіне сәйкес қауіпсіз және мынадай тиісті жағдайларда сақталады:
1) жарық, ылғал және аса жоғары температуралардың жағымсыз әсерінен қорғалған;
2) зиянкестер үшін қолжетімсіз;
3) жеткілікті желдету.

11.14

Дәрілік заттар мен контрасты заттарды сақтау кезіндегі температуралық режим заңнама және өндірушінің талаптарына сай келеді:
1) медициналық тоңазытқыштар құлыптанады, олардың барынша көп және аз температурасының белгіленген шектері осы температуралық режимнің дәрілік препараттарын сақтау үшін пайдаланылады;
2) тоңазытқыштың температуралық режиміне жүйелі бақылау жүргізіледі және жазылып отырады, берілген диапазоннан температураның ауытқуы кезінде шаралар қолданылады.

12.0. Еңбек етудің саламатты шарттары
Персоналдың еңбек гигиенасы бағдарламасы қауіпсіз және саламатты еңбек ету жағдайларына мүмкіндік туғызады.

12.1

Еңбек гигиенасы және денсаулық бағдарламасын қамтыған персоналдың кәсіби қызметінің жағдайлары және денсаулығын қолдау мәселелерін қарастыратын құжатталған жоспары бар:
1) Биологиялық скрининг және A, B және C гепатиті тәрізді вирустардан қанға және ағзаның сұйық компоненттеріне кәсіби жұқтыру қаупінің профилактикасы;
2) механикалық көтеру құрылғыларымен қамтамасыз ету және персоналды жұмыс істеу әдістеріне оқыту;
3) инемен жарақат алу және көзді зақымдау профилактикасы;
4) радиациялық қауіпсіздікті бақылау;
5) аурудан немесе жарақаттан кейін жұмысқа жылдам оралу үшін персоналды оңалту;
6) ыңғайлы жұмыс орнымен қамтамасыз ету.

12.2

Медициналық ұйым қызметкерлерінің денсаулығын сақтау үшін арнайы құралдар мен қызметтер ұсынады:
1) алғашқы көмек көрсету дәріқобдишасы;
2) шұғыл түрде қарау және инелермен байқаусыз жұмыс істеген кезде шаншып алу мен көзді зақымдауды қосқанда өндірістік жарақатты емдеу;
3) жұмыс жүктемесін бақылау және стрессті барынша төмендету үшін психологиялық қолдау.

12.3

Қызметкерлер техникалық қауіпсіздік және өз денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік қағидалары бойынша оқудан өтеді, олар мыналарды қамтиды:
1) еңбекті қорғау және жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша стратегиялар мен ресімдер;
2) жұмыс орнындағы қауіптерді табу және басқару;
3) пациенттер, персонал немесе тағы басқалардың жарақат алу оқиғалары, апаттар, қайғылы немесе жұмыс орындарында жарақат алуы мүмкін оқиғаларды анықтау және хабарлау.

12.4

Медициналық ұйым жыл сайын қызметкерлердің еңбек жағдайларына қанағаттануын зерттейді және мынадай кепілдіктер береді:
1) персонал жүргізілген зерттеу нәтижелерімен танысады;
2) анықталған проблемалар нәтижелері бойынша шешімдер қабылданатын болады.

Қауіптерді басқару

12.5

Әрбір бөлімше мынадай мақсаттарда жүйелік процесті пайдаланады:
1) нақты және әлеуетті қауіптерді үнемі іздеп табу және құжатты ресімдеп есепке алу (жылына кемінде бір рет);
2) табылған қауіптерді дәрежесі мен салдарларын бағалау және оларды қауіп дәрежесі бойынша сатылау;
3) қауіпті төмендету немесе оның әсерін азайту мақсатында әрбір елеулі қауіп бойынша оны жою, оқшаулау жолымен тиісті бақылауды қолдану.

12.6

Персонал оқшауланған немесе азайтылған, бірақ белгіленген мерзімде жойылмаған елеулі қауіптерді қарастырады.

12.7

Қауіптер туралы ақпаратты қосқанда персоналдың денсаулығы мен қауіпсіздігі туралы ақпарат көрнекті жерге ілінген және персонал мен шарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлердің назарына жеткізілген.

12.8

Өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде әлеуетті қауіптерге ұшырайтын персоналға тиісті қорғау киімі және құралдар беріледі (арнайы киім, алжапқыш, бетперде, қолғап, бас киімдер, қорғау көзілдірігі, ал радиологиялық саланың қызметкерлеріне қорғасын-резеңке алжапқыштар беріледі).

12.9

Ғимаратта міндетті түрде құжатталған жүйелі дезинсекция және дератизация жүргізіледі (тоқсан сайын, жыл сайын).

Қақтығыстар, жазатайым оқиғалар және қолайсыз жағдайлар

12.10

Қақтығыстар, апаттар, қайғылы оқиғалар, оның ішінде жіберілген қателер және кәсіби аурулар туралы ақпарат:
1) барлық орындарда қолжетімді, тиісті тәртіпте және белгіленген мерзімде тапсырылады;
2) пациенттің медициналық картасына немесе қызметкердің жеке ісіне жазылады;
3) апат жағдайында апаттық оқиғалар журналында тіркеледі;
4) қызметкер немесе пациенттің ауыр жарақат алуы кезінде тиісті органдарға хабарланады;
5) кейін талдау үшін орталықтандырылған қақтығыстарды тіркеу журналына енгізіледі;
6) белгіленген рәсімге сәйкес жедел тексеріледі.

12.11

Қақтығыстарды, жазатайым оқиғаларды және қолайсыз жағдайларды тексеру нәтижелері:
1) оқиға себептерін анықтау мақсатында талданады;
2) тиісті комиссия немесе бөлімшеге тапсырылады, және процесті жақсарту немесе персоналды қосымша оқыту үшін пайдаланылады;
3) персоналдың, пациент немесе оның отбасының назарына жеткізіледі.

12.12

Қақтығыстар, жазатайым оқиғалар және қолайсыз жағдайлар туралы мәліметтер үрдістерді іздеп табу мақсатында жылына кемінде бір рет қаралады. Ақпарат жарақат немесе зардаптың алдын алу мақсатында, бұдан әрі пайдалану мүмкіндігі үшін басшылыққа және қызметкерлерге тапсырылады.

13.0. ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Ұйым инфекциялық ауруларға бақылау және профилактика жүргізеді.

13.1

Медициналық ұйым мынадай мақсаттарда инфекциялық бақылау бойынша бағдарлама әзірлейді:
1) ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасы және оның таралуын төмендету үшін;
2) арнайы мамандардың қатысуымен оны әзірлеу және оны мониторингілеу үшін;
3) барлық құрылымдық бөлімшелер үшін.

13.2

Инфекциялық бақылау бойынша бағдарламаға қадағалауды Инфекциялық бақылау комитеті жүзеге асырады, ол құрылымдық бөлімшелердің өкілдерінен тұрады, өкілеттіктері айқын және мыналар үшін жауап береді:
1) инфекциялық бақылау бойынша бағдарламаны әзірлеу және мониторингілеу;
2) инфекциялық бақылау және іс-шараларды жүргізу бойынша барлық саясаттар мен рәсімдерді бекітеді және шолу жасайды;
3) инфекциялық бақылау бойынша барлық іс-шараларды үйлестіру;
4) инфекциялық бақылау бойынша мәліметтерді кемінде жылына бір рет қарау және талдау;
5) инфекциялық бақылау кемшіліктерін іздеп табу кезінде тиісті шараларды қолдану;
6) қолданған шаралардың нәтижелілігін бағалау.

13.3

Инфекциялық бақылау бағдарламасын білікті мамандар іске асырады (мейіргерлер және/немесе дәрігерлер), олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
1) қызметкерлер мен пациенттердің ескертпелері мен ұсынымдарын ескере отырып, инфекциялық бақылау бағдарламасын іске асыру;
2) саясаттарды іске асыру;
3) персоналды оқыту;
4) инфекциялық бақылау бойынша консультациялар;
5) инфекциямен күрес әдістерін қосқанда бақылау әдістерін әзірлеу және қолдану;
6) есептер мен ұсынымдарды тапсыру.

13.4

Инфекциялық бақылау бойынша іс-шаралар және көрсеткіштердің тиімділігін бағалау үшін анықталған инфекциялық оқиғалары туралы ақпаратты жүйелі түрде жинау, салыстыру және талдау жүргізіледі:
1) нәтижелері инфекциялық бақылау комиссиясына және клиниканың басшылығы мен тиісті қызметкерлерге уақтылы хабарланады;
2) инфекциялық оқиғаларды анықтау және көрсеткіштер мен нәтижелерді топтастыру үшін стандарттық анықтамалар пайдаланылады.

13.5

Инфекция қаупін, инфекциялық бақылау әдістері мен оқыту кезінде персоналдың талаптарын талдау үшін жүйелі клиникалық және параклиникалық шолулар жүргізіледі, олар мыналарды қамтиды:
1) дәрігерлік қараулар;
2) пациенттердің амбулаториялық карталарын, зертханалық есептер мен дәрілік заттарды тағайындау туралы жазбаларын зерделеу;
3) инфекция қаупі ықтимал учаскелерден алынған сынамалар мен жуындылардан алынған культуралардың зертханалық талдаулары;
4) медицина персоналына берілетін хабарламалар.

13.6

Инфекция пайда болған жағдайда персонал мынадай мақсаттарда құжатталған процестерді орындайды:
1) инфекцияны жылдам анықтау, құлақ асу және оқшаулау;
2) инфекция жұқтырған пациенттерді оқшаулау;
3) барлық байланыстарды қадағалауды қосқанда инфекцияның таралу көздері мен жолдарын анықтау;
4)мемлекеттік денсаулық сақтау органдарымен немесе инфекциялық аурулар бойынша мамандармен кеңесу;
5)инфекцияның бұл түрінің қайталануының алдын алу үшін тексерулер нәтижелерін пайдалану;
6)мемлекеттік денсаулық сақтау органдарына хабарлау.

13.7

Зертханалық және медицина персоналы және дәрілік препараттарды тағайындауға құқықты басқа медициналық қызметкерлер жұртшылықпен бірлесіп, мынадай мақсаттарда жұмыс істейді:
1) жаңа және резистенттік вирустар мен бактерияларды жедел анықтау және әрекет ету;
2) әсер етуі кең спектрлі антибиотикті пайдалануды қосқанда инфекцияларды емдеуде қадағалап қарап пайдалануды қолдайтын антибиотиктерді тағайындау стратегияларын орындау;
3) инфекциялық бақылау бағдарламасының бөлігі ретінде бактерияға қарсы препараттарды пайдалануға байланысты ағзалар мен көптеген резистенттік ағзаларға бақылау жүргізу.

13.8

Персонал олардың қызмет ету аясына сәйкес инфекциялық бақылаудың барлық аспектілері бойынша нұсқаудан өтеді және мыналарды қосқанда жүйелі түрде ақпарат алып отырады:
1) инфекциялық бақылау бағдарламасы;
2) қолды мұқият жуу және қолды дезинфекциялау;
3) инфекциялар жұқтыруға қатысты стандарттық алдын алу сақтықтары және рәсімдері;
4) инфекциялық бақылау саясаттары, рәсімдері, нұсқаулықтары және қағидалары.

13.9

Пациентпен тікелей байланыс жасайтын персонал мынадай кездерде қолын жуады және дезинфекциялайды:
1) пациенттерді қарау және емдеу алдында;
2) пациенттерді қарау және емдеуден кейін;
3) биологиялық сұйықтықтардан инфекция жұқтыруы ықтимал, кез келген материалдар және жабдықпен байланыстан кейін;
4) қолғапты шешкеннен кейін.

13.10

Қолды жуу және дезинфекцияның стандарттық нұсқаулықтар мен диаграммалары барлық бөлімшелерде және пациенттер болатын барлық орындар мен қол жуғыштардың үстіне ілінген.

13.11

Персонал мынадай мақсаттарда құжатталған ресімделген кестелерді орындайды:
1) барлық ауруханалық бөлмелерді қауіпсіз түрде пайдалануға беруді және тиісті түрде тазалауды;
2) жабдықты, материалдар мен медициналық аспаптарды өндірушінің нұсқаулығына сәйкес тазарту, дезинфекциялау және зарарсыздандыру;
3) жұқтырудың алдын алу үшін кір және таза төсек жаймалары мен іш киімдерді жинау, тасымалдау, өңдеу және сақтау.

13.12

«Кірден» бастап «тазаға» дейінгі гигиеналық операциялардың технологиялары операциялық, кір жуу бөлмелеріне және орталық зарарсыздандыру бөлімшесіне кіру және шығуды қосқанда «кір» және «таза» учаскелерді дәл бөлу жолымен қамтамасыз етіледі.

13.13

Ауруханаішілік инфекциялар коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал іс-әрекет үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

13.14

Қол гигиенасы бойынша оқудан өткен персоналдың коэффициенті:

13.15

Ұйым қызметінің тиісті қол гигиенасы практикасын іске асыру коэффициенті:

Қалдықтарды басқару

13.16

Бөлмелер таза ұсталып, қоқыстан және басқа қалдықтан бос болуы тиіс:
1) пациентер және персонал үшін жеткілікті жабылатын қоқыс жәшіктері болуы тиіс;
2) контейнерлерді үнемі тазалап отыру керек.

13.17

Қалдықтар түрлері бойынша жиналады, сұрыпталады және контейнерлерде сақталады, олар:
1) анық таңбаланады және қалдық түрлеріне қарай түстері әр түрлі болады;
2) тығыз қақпақпен жабылады;
3) егер оларда клиникалық қалдықтар болса құлыптанады;
4) жүйелі түрде босатылады, тазаланады және дезинфекцияланады;
5) қоқысты түсіруге және тиеуге ыңғайлы платформаларда орналастырылады;
6) зертханалардан алыс қойылады.

13.18

Қауіпті материалдар және қалдықтармен жұмыс істейтін персонал:
1) тиісті нұсқаудан, оқудан өтті және осындай жұмыспен байланысты қауіптер туралы ақпарат алды;
2) қалдықтарды қауіпсіз басқару мақсатында құжатталған стратегиялар мен рәсімдерді орындайды;
3) қауіптерге сәйкес арнайы қорғау киімдерімен қамтамасыз етілген.

D БӨЛІМІ «ПАЦИЕНТТІ ЕМДЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ КҮТІМІ»

14.0. ПАЦИЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОТБАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Медициналық ұйым пациент және оның отбасының құқықтарын қорғауда арнайы саясатты іске асырады

14.1

Пациент және оның отбасының құқықтары және міндеттері туралы ақпарат пациенттер болатын орындарда мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінген және мыналар бойынша құқықтарын қамтиды:
1) сыйластық қарым-қатынас;
2) қысымнан, басынудан және тәни зорлықтан бостандығы;
3) жеке өміріне араласпау;
4) ақпараттың құпиялылығы және дербестігі;
5) күзет және қауіпсіздік;
6) толық ақпарат алу;
7) ақпараттандырылған шешімді қабылдау;
8) шағым/өтініш беру.

14.2

Қабылдау бөлімшесінде, күту орындарында және пациенттер болатын басқа орындарда мыналар туралы ақпарат ілінген:
1) пациенттердің құқықтары туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде;
2) көрсетілетін қызметтер және медициналық жабдық көлемі туралы;
3) тегін көрсетілетін қызмет тізбесі туралы, сондай-ақ ақылы қызметтердің прейскуранты;
4) шағымдар мен өтініштерді беру рәсімі.

14.3

Медициналық ұйымда мынадай ресімдер бар:
1) пациент және оның отбасының құқықтары туралы персоналды оқыту;
2) пациент және оның отбасының құқықтары туралы персоналдың білуі және оларды орындауы мониторингі;
3) пациенттер және олардың отбасыларына құқықтары мен міндеттері туралы хабар беру;
4) пациенттердің құқықтары бұзылуын шұғыл түрде тиімді тексеру және шешу.

14.4

Медициналық ұйым пациент туралы ақпараттың құпиялылығын мынадай жолдармен қамтамасыз етеді.
1) ақпараттың құпиялылығын сақтау туралы персоналға ақпарат беру;
2) пациенттер туралы ақпаратқа тек уәкілетті тұлғалардың немесе заңды түрде негізделген сұрату бойынша қолжетімділікті қамтамасыз ету;
3) өздері туралы жеке ақпаратты отбасыларына және басқа ұйымдарға жариялауға пациенттердің келісімін алу;
4) пациенттерге басқалармен жеке қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беру;
5) пациенттердің консультацияны және басқа қызметтерді құпия түрде алуын қамтамасыз ету;
6) кез келген медициналық араласуларды пациенттердің келісімімен және олардың талап-тілектері ескеріле отырып, осы араласуларға қажетті тұлғалардың қатысуымен жүзеге асыру.

Пациент және оның отбасына жайлы жағдайлар жасау құралдары

14.5

Мүмкіндігі шектеулі пациенттер үшін қосымша қозғалыс құралдары, баспалдақ сүйеніштер, мүгедектер креслосы, балдақтар мен таяқтар беріледі, сондай-ақ осындай пациенттер үшін персонал бөлінеді.

Пациенттерге арналған ақпарат және олардың келісімін алу

14.6

Пациенттерге және олардың отбасыларына оларға түсінікті түрде тиісті ақпарат беріледі:
1) пациенттердің денсаулығы туралы;
2) жоспарланып отырған емдеу туралы;
3) бағасы, емдеу немесе тексерудің қауіптері мен артықшылықтары туралы;
4) емдеу немесе диагностиканың баламалы әдістері туралы.

14.7

Ақпарат берілгеннен кейін және заңнама талаптарына сәйкес медициналық ұйым пациенттің келісімін алады:
1) оны амбулаториялық картасына жазбаша түрде толтырып, инвазиялық рәсімге немесе операцияға;
2) жазбаша түрде оның клиникалық тексеруге, медициналық препараттарды немесе медициналық технологияларды тестілеуге қатысуына.

14.8

Басқа ауруханаға жіберуге қатысты ақпарат пациент және оның отбасына беріледі, мысалы, бағасы, жол жүру, уақыт, емдеу ұзақтығы және күтілетін нәтиже.

14.9

Пациенттер және олардың отбасылары күтім және ауру туралы ақпаратпен мынадай жолдармен қамтамасыз етіледі:
1) денсаулық сақтау саласындағы мамандар жүргізетін денсаулық туралы ақпарат бойынша жүйелі сабақтар;
2) қолжетімді орындарда аурулардың профилактикасы, саламатты өмір салтын насихаттау туралы бейнематериалдардың, брошюралар мен басқа ақпараттардың болуы.

Пациенттің шағым беру тәртібі

14.10

Ұйым пациенттер және олардың отбасыларынан құқықтарының бұзылуына қатысты шағым беру тәртібі бар, осыған байланысты медициналық ұйым:
1) пациенттер және олардың отбасыларын ұйымға, пациенттердің құқықтарын қорғау ұйымына немесе сотқа қалай шағым беру туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді;
2) толтыруды қажет ететін шағым бланкінің көмегімен бұл рәсімді жеңілдетеді және еркін немесе ауызша түрде шағым қабылдайды;
3) шағымды жауапты тұлғаға тапсыруға мүмкіндік береді.

14.11

Шағымдарды жинау, басымдау, тексерудің, сондай-ақ әділ және уақтылы қанағаттандырудың құжатталған тәртібі бар және ол мыналарды қамтиды:
1) жазбаша растау (егер шағым бойынша пациент және оның отбасының қанағаттануына шаралар қабылданбаған болса);
2) шағымды тексеру, тартылған қызметкерлерге сұрау жүргізу;
3) шағым негізділігі туралы шешім шығару;
4) егер шағым негізді болса қажетті шаралар туралы шешім шығару;
5) пациент және оның отбасына тексеру барысы туралы белгілі уақыт аралығында ақпарат беру;
6) шағым берушіге және басқа да қатысқан тұлғаларға нәтиже туралы ақпарат беру.

14.12

Барлық шағымдар тізілімге енгізіледі, шағымдармен жұмыс істеу үдерісіне мониторинг жүргізіледі және нәтижелер сапаны арттыру үшін пайдаланылады.

Пациенттердің пікірлері

14.13

Ұйымда пациенттер және олардың отбасыларының қызметтерге қанағаттану деңгейін үнемі бағалап отырады, атап айтқанда:
1) пациенттермен кері байланыс үшін пошта және электрондық мекенжай бойынша ақпарат ұсынады;
2) жазбаша түрде, телефон арқылы немесе пациенттердің өзінен алынған ескертпелерді, тілектер мен алғыстарды жазбаша түрде тіркейді;
3) көрсетілген қызмет пен персонал жұмысы, ақы төлеу жүйесі сияқты аспектілерді ескере отырып пациенттердің қанағаттануын анықтау үшін сауалнама жүргізеді;
4) сапаны арттыру үшін пайдаланылатын мәліметтер мен тенденцияларды талдайды және анықтайды.

15.0. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК, ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЖОСПАРЛАУ
Пациенттің талаптары дер кезінде қанағаттандырылады, және бағалау мен емдеуді жоспарлау және пациенттің күтімін қамтитын тиімді емдеуге жатқызу ұсынылады.

15.1

Медициналық ұйым қызметінің халық үшін қолжетімділігі мына жолдармен жүзеге асырылады:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізіміне сәйкес тегін қызмет көрсетуді ұсыну;
2) көрсетілетін қызметтерге сәйкес пациенттер топтары үшін қызметтердің ыңғайлы жұмыс кестесі;
3) медициналық қызметтер көлемі, жұмыс кестесі және жедел медициналық көмек алу тәртібі туралы халыққа ақпарат беру.

15.2

Байланыстың бірінші пункті, пациент:
1) ұйымның қызметтері қолайлы болатынын анықтау үшін пациент тексеруден өтеді;
2) содан кейін емдеуге жатқызылады немесе ең лайықты қызметке жіберіледі;
3) қажетті көмек алады.

Бағалау

15.3

Пациенттің талаптары мен әлеуетті қауіптеріне мыналарға қатысты ақпарат жинау жолымен жан- жақты бағалау жүргізіледі:
1) ауру анамнезі, ағымдық дәрі-дәрмектік емдеу аллергиялық анамнезі;
2) өмірге маңызды көрсетімдер, салмағы мен қарау нәтижелері;
3) ауырсыну дәрежесі;
4) функциялық, эмоциялық және ақыл-ой күйі;
5) пациент және басқа адамдар үшін қауіп төндіруі мүмкін мінез-қылықтар;
6) мәдени және рухани құндылықтар мен талаптар.

15.4

Білікті медициналық мамандар пациенттің жағдайына мүмкіндігінше жылдам бағалау жүргізеді:
1) пациенттің өзі және/немесе оның отбасының қатысуымен;
2) қарау нәтижелері мен алғашқы диагнозды пациенттің амбулаториялық картасына тіркейді.

15.5

Қажет жағдайда тиісті зертханалық талдаулар, рентген және басқа суреттер, басқа диагностикалық тестілер жасалады,олардың нәтижелері:
1) пациентке осындай жолдама берген дәрігерге хабарланады;
2) пациенттің амбулаториялық картасына алу күні мен уақыты көрсетіліп енгізіледі.

15.6

Ауыр жағдайдағы немесе ілеспелі патологиясы бар пациенттерге мынадай мақсаттарда уақтылы шаралар қолданылады:
1) тиісті мамандармен консилиум жүргізу;
2) ілеспелі аурулардың диагнозын қою;
3) ауру мен асқынудың ықтимал ағымын қарау;
4) пациентті қайта қарау, асқынулар кезінде мәліметтерді пациенттің амбулаториялық картасына енгізу.

15.7

Пациенттердің жағдайлары белгілі уақыт аралығында мынадай мақсаттарда бағаланады:
1) емдеуге реакцияны анықтау;
2) бұдан әрі емдеуді немесе пациенттің оңалтуын жоспарлау;
3) қайта бағалау нәтижелерін пациенттің амбулаториялық картасына енгізу.

Пациентті емдеуді және оның күтімін жоспарлау

15.8

Пациентті емдеу және оның күтімінің жоспары мына жағдайларда әзірленеді және пациенттің сырқаттамасына енгізіледі:
1) пациент талаптарын бағалау, диагностикалық тестілер нәтижелері және нақты да уақтылы қойылуы тиіс диагноздың негізінде;
2) дәлелдеу практикасы нұсқаулықтарының немесе клиникалық хаттамалардың негізінде;
3) пациент және оның отбасының қатысуымен;
4) пациенттің қалауы мен таңдауын көрсете отырып.

15.9

Пациентті емдеу және оның күтімінің жоспары кешенді болып табылады және мыналарды қамтиды:
1) емдеу және күтімнің мақсаттары және күтілетін нәтижелер;
2) ұсынылатын қызметтер және емдеу (қанша, қаншалықты жиі, қайда, кім);
3) емдеу жоспары;
4) мониторинг кестесі;
5) керек жағдайда диспансерлік бақылау шараларын жоспарлау.

15.10

Емдеу қауіптері және жабдықты пайдалану:
1) бағаланған және бұл қауіптерді басқару пациентті емдеу және оның күтімінің жоспарына енгізілген;
2) дәрілерге аллергияны, антибиотикке резистенттікті, лазерлерді пайдалану салдарынан өрт/жарақат қауіптерін, диабет сияқты созылмалы аурулар нәтижесіндегі қауіптерді, ЖИТС, АИТВ және вирусты гепатит жұқпалы аурулар қауіптерін қамтиды.

16.0. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІ ҰСЫНУ
Пациентті уақтылы және қауіпсіз емдеу және оның күтімі пациентті емдеу және оның күтімінің жоспарына сәйкес көрсетіледі және қызметтерді көрсету жоспарға сәйкес аяқталады.

16.1

Пациентті емдеу және оның күтімі пациентті емдеу және оның күтімінің жоспарына және клиникалық нұсқаулықтар мен стандарттарға сәйкес көрсетіледі:
1) пациентті емдеу және оның күтіміне қатысты кіші медперсонал және медициналық мамандар күтім жоспарымен танысқан;
2)қызметтер уақтылы және белгіленген жүйелілікпен көрсетіледі;
3)тиісті әдістер мен жабдық пайдаланылады.

16.2

Білікті тұлғалар:
1) әрбір емдеу кезеңінде пациентті емдеу және оның күтіміне жауап береді;
2) жауапты тұлғалар ретінде персоналға таныс;
3) пациенттің амбулаториялық картасына енгізілген.

16.3

Пациенттер талаптары бойынша мынадай жолдармен көмек алуға мүмкіндігі бар:
1) медициналық персонал кезекшілік кестесіне сәйкес кез келген уақытта қолжетімді;
2) кезекші дәрігер арнайы емдеуді қажет ететін пациенттерді қарайды және мәліметтерді амбулаториялық картаға енгізеді.

16.4

Пациенттердің ауырсыну деңгейі тиісті медициналық аспапты/шкаланы пайдалана отырып, үнемі бағаланып отырады және ауырсыну мен қайғыдан құтқарудың соңғы әдістер мен технологияларға сәйкес жүзеге асырылады.

16.5

Пациенттің қауіпсіздігі мынадай жолмен қамтамасыз етіледі:
1) дәрілік препараттарды тағайындау кезінде әр түрлі екі әдіспен, клиникалық талдау үшін қан үлгілерін және басқа үлгілерді іріктей отырып немесе кез келген басқа емдеуді немесе рәсімді ұсына отырып, пациентті сәйкестендіру;
2) дене учаскелерін диагностикалық немесе емдеу рәсімін жүргізгенге дейін анықтау;
3) толық тапсырыстың жазылған мәтінін қайталап тексеруді қажет ететін ауызша немесе телефон арқылы берілген тапсырыстарды қабылдау процесін пайдалану.

16.6

Дәрі-дәрмекпен емдеуге байланысты әлеуетті қауіпті қосқанда әрбір пациенттің құлау қаупі:
1) бағаланады және уақыт өте қайталап бағаланады;
2) қауіптер табылған жерлерде шаралар қабылдау жолымен төмендетіледі немесе жойылады.

16.7

Пациентке қызметтер көрсетудің барлық уақыты ішінде әр түрлі қызметтер арасында тұтастық пен үздіксіздік мынадай жолдармен сақталады:
1) әрбір пациенттің жеке талаптары және қойылған міндеттерді орындау бойынша персонал үшін таныстыру нұсқаулығын жүргізу;
2) күтім жасаушы топ пациент жағдайының динамикасына жүйелі түрде талқылау жасап отыруы;
3) әрбір пациенттің жағдайы бойынша жаңартылған ақпаратты қосқанда, кез-келген қақтығыстар туралы хабарлау және пациенттер туралы сұрақ қою және оларға жауап беру мүмкіндігін ұсына отырып бейіндер арасында сабақтастыққа өткізуге стандарттық тәсілді пайдалану;
4) пациентті ауыстыруға қажетті тиісті ақпаратпен пациентті бір бөлімшеден басқа бөлімшеге ауыстыру бойынша рәсімдер кешенінің сақталуы;
5) дәл және уақтылы жазбалар енгізілген пациенттің медициналық картасын жүргізу.

16.8

Мақсаттарға және оны емдеу жоспарында күтілетін нәтижелерге қол жеткізуде пациент жағдайының динамикасы:
1) пациент және оның отбасымен үйлестіруде жүйелі түрде қадағаланады;
2) бағалаудың сандық және сапалық әдістерін пайдалана отырып өлшенеді;
3) пациенттің медициналық картасына енгізіледі.

16.9

Пациентті емдеу жоспарлы қайталап бағалау нәтижелеріне және белгілі мақсаттарға қол жеткізу прогресіне сәйкес қайта қаралады:
1) пациенттердің емделудегі кедергілерін анықтау және қарау;
2) жағдайларға, мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге, емдеу режимдері мен уақыт шеңберлеріне байланысты қайта қарау.

16.10

Пациенттерді сәйкестендіру коэффициенті:
1) белгілі уақыт аралығында бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде беріледі.

16.11

Қозғалыс пункттерінде ақпарат берудегі қателер коэффициенті (ауысымды өткізу кезінде, қызметті ауыстыру, қызмет арасындағы қозғалыс):
1) белгілі уақыт аралығында бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде беріледі.

Қызмет көрсетуді аяқтау (күндізгі стационар үшін )

16.12

Персонал пациенттерді ауыстыруға, шығаруға немесе қызмет көрсетуді аяқтауға және оны кейін емдеуде қолдануға болатын мынадай жолдармен дайындайды:
1) пациент және оның отбасына жеткізілетін қызмет көрсетуді аяқтауды жоспарлау;
2) пациентті шығаруға/ауыстыруға дайындығын және оның күнделікті талаптарын бағалау және құжаттау;
3) кейінгі күтім мен емдеуді қажет ететін кезде басқа емдеу ұйымдарының қатысуы;
4) қызмет көрсетуді аяқтау бойынша болашақтағы тағайындаулар немесе басқа келісімдер мен шарттар;
5) көрсетілген күтім мен емдеудің нәтижелерін шолу және қызметтердің соңына дейінгі өзара іс-қимыл;
6) пациенттің медициналық картасына кейінгі жоспарларды және пациентті емдеу немесе басқа ұйымдарға жіберуді енгізу.

16.13

Шығару эпикризі толтырылады және:
1) пациентке шығуға немесе ауысуға дейін бір сағат ішінде беріледі;
2) құрамына:
емдеуге жатқызу себептері;
маңызды қорытындылар;
диагноз;
кезкелген орындалған емшаралар;
кезкелген тағайындалған дәрілік препараттар және басқа емдеу түрлері;
шығару кезіндегі пациенттің жағдайы;
шығару кезіндегі дәрілік препараттар және кейінгі нұсқаулықтар;
күтім мен емдеудің мақсаттарына қол жеткізілгенін көрсету;
пациенттің емделуі мен бақылануы бойынша ұсынымдар кіреді;
3) өлім оқиғасы жағдайында тиісті ақпарат уәкілетті мекемеге жіберіледі.

16.14

Персонал өлім алдында жатқан пациенттердің қажеттіліктерін мынадай жолдармен қанағаттандырады:
1) ауырсыну және симптомдарды азайтуға көмектесу;
2)сыйлау және жанашырлық көмек көрсету;
3) ауру прогресіне, симптомдарға және күтімнің басқа нұсқаларына қатысты ағымдық коммуникацияны қамтамасыз ету;
4) олардың оңаша қалу, рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ психологиялық және эмоционалдық қолдау көрсету;
5) оларға және олардың отбасыларына қайғылы жағдайға дайындалуда қолдау көрсету.

17.0. АНЕСТЕЗИЯ ЖӘНЕ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ
Анестезия және хирургиялық емдеу пациенттің белгілі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оған уақтылы және қауіпсіз негізде көрсетіледі.

17.1

Анестезия (оның ішінде терең седация) және хирургиялық қызметтерді жазбаша саясаттар мен рәсімдерге сәйкес білікті мамандар орындайды және жұмыс уақытында қолжетімді, сондай-ақ жұмыстан тыс уақытта шұғыл көмек көрсету үшін шаралар қабылданады.

17.2

Әрбір пациент:
1) анестезия алдында білікті мамандар бағалауынан өтеді;
2) енгізілетін наркоз алдында тікелей қайта бағалаудан өтеді;
3) ықтимал қауіптер және анестезияның артықшылықтары мен баламалы тактикалар туралы ақпарат алады.

17.3

Анестезия кезіндегі пациенттің физиологиялық күйі анестезиологтің үздіксіз бақылауында болады. Операциядан кейінгі палатада анестезиядан кейін пациентке білікті мейіргер бақылау жасайды.

17.4

Анестезия/седация ағымының жазбасы мыналарды қамтиды:
1) пациентке енгізілген дәрілік препараттар, сұйықтықтар бойынша ақпарат;
2) нақты пайдаланылған анестезиологиялық препараттар туралы ақпарат;
3) кез келген тосын оқиғалар немесе анестезиологиялық құралдың асқынулары;
4) анестезияның басталу және аяқталу уақыты;
5) анестезиолог немесе білікті дәрігердің тегі және қолы.

17.5

Жағдайды мониторингілеу нәтижелерін құжаттау негізінде білікті маман оңалту кезінде пациентті бейінді бөлімшеге ауыстырады, және түсу, шығу немесе ауыстыру уақыты тіркеледі.

17.6

Анестезиологиялық құралдың әрбір кезеңі пациенттің медициналық картасына жазылады.

17.7

Хирургиялық көмек операция алдындағы бағалау, операция алдындағы диагноз және пациент пен оның отбасын емдеудің болжамды көлемі, ықтимал қауіптер мен баламалы әдістерді талқылау нәтижелері негізінде жоспарланады және құжатталады.

17.8

Күндізгі стационар жағдайларында пациентті шығарғанға дейін медициналық картада мыналарды қамтитын хирургиялық араласулар туралы толық жазбаша есеп беріледі:
1) хирургиялық рәсімдерді сипаттау;
2) нәтижелер;
3) тін үлгілерін алу туралы ақпарат;
4) хирург және ассистенттердің, операциялық мейіргердің ТАӘ.

17.9

ДДСҰ ұсынған хирургиялық қауіпсіздік бойынша бақылау тізбесін пайдалану коэффициенті:
1) белгілі уақыт аралығында бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде беріледі.

17.10

Есірткі препараттарын негізсіз пайдалану коэффициенті:

18.0. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Медициналық ұйымдағы зертханалық қызметтердің көлемі нақты белгіленген

18.1

Көрсетілетін қызметтер және оларды ұйымдастыру анық сипатталған және мыналарды қамтуы мүмкін:
- Гистопатология және цитология;
- Клиникалық химия;
- Гематология;
- Микробиология (бактериология);
- Паразитология;
- Диагностикалық иммунология және серология;
- Радиоиммуноанализ;
- Жалпыклиникалық талдау;
- Молекулярлық-биологиялық (генетикалықты қамтиды) талдау;
- Химиялық-токсикологиялық талдау;
- Вирусология.

18.2

Қағидалар мен рәсімдер зертханалық қызмет шеңберінде іс-шараларды белгілейді

Зертханадағы сапаны басқару жүйесі

18.3

Өзін өзі бағалау қағидаты бойынша ISO стандарттарына жүйелі мониторинг жүргізіледі

18.4

Сапаны арттыру жоспары дайындалған және іске асырылған, сондай-ақ мониторинг және ISO сапаны бақылау нәтижелеріне негізделген

Зертханалық қызмет басшылығы

18.5

Зертханалық қызмет басшысының тиісті мамандығы бар (клиникалық және басқарушылық талаптарды қосқанда).

18.6

Зертханалық қызмет басшысының лауазымдық міндеттерінің сипаттамасы келесі міндеттерді анықтайды:
1) персоналдың клиникалық және техникалық құзыретіне шолу жасау;
2) өкілеттіктерді беру, егер қолдануға болатын болса;
3) шағымдарды талқылауға қатысу;
4) жаңа жабдықты бағалау кезінде консультациялық көмек;
5) клиникалық және техникалық рәсімдер, қазіргі таңдаулы практика және клиникалық және техникалық персонал үшін маңызды ғылыми табыстар бойынша консультациялық көмек көрсету;
6) барлық клиникалық және техникалық қағидаларды, үдерістер мен рәсімдерді әзірлеуді ұйымдастыру;
7) зертханалық қызметтердің сапасын басқару жүйесін құру және жұмыс істеуіне жауап беру.

18.7

Зертханалық қызмет басшысы зертханалық қызмет сапасын басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

18.8

Зертханалық қызмет басшысы барлық зертханалық қызметтердің белгіленген қағидалар мен рәсімдерге сәйкес көрсетілуін қамтамасыз етеді.

18.9

Зертханалық қызмет басшысы сапаның үздіксіз мониторингі жүргізілуін және сапаны арттырудың күнделікті жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Сапалы зертханалық қызметтер көрсетуге арналған ресурстар

18.10

Зертханалық қызметтер көлемін көрсетуге қабілетті құзыретті персоналдың жеткілікті саны бар

18.11

Зертханалық қызметтер көлемін көрсету үшін тиісті жабдық бар, сондай-ақ жабдықты пайдалану рәсімі белгіленген:
1) іріктеу;
2) жұмысты, нәтижелілікті қосқанда біліктілік;
3) сәйкестендіру және пайдалану;
4) техникалық қызмет көрсету;
5) калибрлеу;
6) дабыл қағу жүйесі, егер қолдануға болатын болса;
7) электрондық жазба жүйесін қосқанда ақпараттық жүйелер;
8) жабдықтың үздіксіз электрлік қуат алуын қамтамасыз ету жүйесі.

18.12

Зертхананың ғимараты мен инфрақұрылымы зертханалық қызметтер көлемін қауіпсіз көрсетуге лайық.

19.0. ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР МЕНЕДЖМЕНТІ
Дәрілік заттарды басқару және пайдалану қауіпсіз, тиімді және ұтымды болып табылады.

19.1

Сертификатталған білікті фармацевт:
1) дәрілік заттарды таңдауды, тапсырыс беруді, таратуды және бөлуді жүргізеді;
2) медициналық персонал көрсететін фармацевтикалық қызметтерді бақылайды;
3) тағайындалған дәрілік заттардың мониторингін жүргізеді;
4) персонал және пациенттерге консультация береді.

19.2

Ұйым негізгі дәрілік заттардың бекітілген тізбесін (дәрілік формуляр) пайдаланады, ол:
1) көрсетілетін қызметтер, пациенттің қажеттіліктері, ғылыми негізділігі және экономикалық тиімділігін ескеріп даярланады;
2) ұйымда қолданылатын дәрілік препараттардың барлық қажет терапиялық топтарын қамтиды;
3) ұйымда қолданылатын жоғары қауіпті дәрілік препараттардың тізімін қамтиды;
4) барлық клиникалық бөлімшелердегі медициналық персонал үшін қолжетімді;
5) ағымдық болып табылады және жылына кемінде бір рет жаңартылып отырады.

19.3

Күтпеген оқиғалар кезінде, мысалы жүрек тоқтап қалған кезде, шұғыл қажет болып қалуы мүмкін реанимациялық сөмке немесе дәрілік препараттар салынған арба:
1) пациенттер болатын барлық орындарда болуы тиіс;
2) пайдаланылмайтын кезде жабық болуы немесе қабырғаға бекітілуі тиіс (арбаға салынғанда);
3) бекітілген тізбеге сәйкес жинақталуы тиіс;
4) шұғыл көмек көрсету бойынша нұсқаулықты қосқанда пайдаланғаннан кейін толық жинақталуы тиіс.

19.4

Қатаң есепке алынуы тиіс дәрілік заттарға тапсырыс беру, сақтау, пайдалану және санақтан шығару бекітілген қағидалар мен рәсімдерге сәйкес жүйеленеді:
1) қабырғаға немесе еденге мықтап бекітілген жеке металл шкафында сақталады;
2) тапсырысты есепке алу-есеп беру құжаттамасын толтырып, уәкілетті маман жасайды;
3) барлық доза есептелген және дәрі-дәрмектерді есепке алу кітабында тіркелген.

19.5

Жарамдылық мерзімі өткен немесе басқа себептер бойынша санақтан шығарылған барлық дәрілік заттар (оның ішінде пациенттер қайтарған препараттар да бар, қатаң есепке алынуы тиіс пайдаланылмаған дәрілік заттар ) жазбаша рәсімге сәйкес қауіпсіз жойылады.

19.6

Медициналық ұйым дәрілік заттарды пайдалану қауіпсіздігін арттыру бойынша тәсілдерді әзірлейді:
1) құнарландырылған дәрілік заттар персоналға пайдалану алдында араластыру қажеттігі туралы қосымша ескертпесі бар басқа дәрілік заттардан жеке сақталады;
2) құнарландырылған электролиттерді (калий хлоридін, калий фосфатын, натрий хлоридін >0.9%, магний сульфатын және басқаларды қосқанда) пациенттер болатын орындарда сақтауға тыйым салынады;
3) зарарсыз аймақтардағы барлық дәрілік заттар, дәрі-дәрмектерге арналған контейнерлер, шприцтер, көктамырға құюға арналған жүйелер, ішкізу құралдары таңбаланады;
4) жоғары қауіпті препараттарды, ұқсас орауы бар немесе үндес препараттарды қолдану және тағайындау қателіктерінің алдын алу мақсатында үдерістер енгізілген және пайдаланылады.

19.7

Стационарда мыналарды қамтамасыз етуші жүйе жұмыс істейді, жазылған рецептілерді:
1) рецептуралық препараттарды тағайындауға тек құқығы бар уәкілетті қызметкерлер береді (тіркелген тәжірибемен айналысушы дәрігерлер);
2) түсінікті болып табылады және дәрігер тиісті түрде қол қояды;
3) пациенттің жасы мен жынысын, алдын ала бекітілген диагнозды, дәрілік препараттарды қабылдау жиілігі мен ұзақтығын, мөлшерін, формасын қамтиды.

19.8

Персонал уақыт шеңбері және медициналық, мейірбикелік және фармацевтикалық персоналмен келісілген, төтенше жағдайларда дәрі-дәрмектерге ауызша тапсырыс беру үшін тапсырыс тәсілін қосқанда жазбаша саясатты орындайды.

19.9

Пациентке жазылған дәрілік препаратқа қатысты жазбаша және ауызша мыналарды қамтушы ақпарат беріледі:
1) бағасы, егер қолданылатын болса;
2) оңды әсері (нәтижелілігі) және жанама әсерлері;
3) нұсқаулықтарды орындамау қаупі;
4) дәрілік препаратты пайдаланудың қауіпсіз және тиісті тәсілі.

19.10

Дәрілік препаратты тағайындаулардың бекітілген ауруханалық нысаны бар, оған сәйкес жеке клиент/пациент үшін барлық дәрілік препараттар тағайындалады.

19.11

Жеке пациент үшін барлық дәрілік препараттар медициналық ұйымның дәрілік формуляры және дәрілік препараттарды тағайындауға арналған бекітілген ауруханалық нысанға сәйкес жазылады:
1) пациенттің аты және тіркеу нөмірі;
2) күні;
3) диагнозы;
4) дәрілік препарат, қабылданатын мөлшер мен жиілік, және берілетін мөлшер;
5) қабылдау ұзақтығы;
6) тағайындаған дәрігердің Т.А.Ә. және құрылымдық бөлімшенің атауы.

19.12

Ұйым мыналарды қосқанда дәрілік препараттарды қауіпсіз және дәл тағайындау бойынша саясат пен рәсімдерді белгілейді:
1) дәрілік препараттарды тек дәрігерлер тағайындауы тиіс;
2) дәрілік препараттар бес «дұрыс» талапқа сәйкес тағайындалады - дұрыс дәрі, дұрыс мөлшер, дұрыс қабылдау тәсілі, дұрыс уақыт және дұрыс пациент;
3) пациенттерге дәрілік препараттардың жанама әсерлері туралы ақпарат береді;
4) дәрілік препараттарды өз еркімен қабылдауына болады;
5) күтпеген оқиға жағдайында педиатриялық дәрілік препараттардың қауіпсіз мөлшері, егер қолдануға болатын болса;
6) парентеральдық қоректендіруді тағайындауға көрсетімдер;
7) дәрілік препараттың әрбір қабылданған мөлшерін құжаттап белгілеу.

19.13

Дәрілік препараттарды қауіпсіз, тиімді және үнемді қолдануға тағайындау мониторингі бойынша фармацевтикалық қызмет мыналардың көмегімен мүмкіндік туғызады:
1) сәйкес келмейтін дәрілік препаратты анықтау;
2) жағымсыз реакциялардың мониторингі;
3) жоғары қауіпті барлық дәрілік препараттардың мониторингі;
4) тиімді пайдалануға антибиотиктердің мониторингі;
5) тарату және дәрі-дәрмекпен басқа қателердің мониторингі;
6) дәрілік препараттарды таңбалау дұрыстығы мен ораудағы жапсырма-қағаздағы ақпаратты тексеру;
7) дәрілік препараттардың сапасы мен жарамдылығын бағалау үшін көзбен шолып тексеру;
8) үнемді және қымбат емес дәрілік препараттардың тағайындалуына жағдай жасау.

19.14

Профилактикалық антибиотиктерді тиісті пайдалану коэффициенті (міндетті және уақтылы енгізу):
1) белгілі уақыт аралығында бағаланады;
2) ықтимал іс-қимылдар үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде беріледі.

19.15

Дәрі-дәрмектерді тағайындау және беру қателерінің коэффициенті (дұрыс емес дәрі, дұрыс емес мөлшер, дұрыс емес басқару):

20.0. МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
Пациенттің медициналық картасында дұрыс, нақты және жан-жақты мәліметтер берілген және пациентті қауіпсіз және үздіксіз емдеуді қамтамасыз етуге арналған.

20.1

Персонал пациенттер туралы медициналық жазбаларды басқарудың құжатталған процесін орындайды:
1) пациенттерге идентификаторды қосқанда жүргізілетін жазбалар;
2) тек жалпыға белгілі символдар мен қысқартуларды пайдалану;
3) медициналық жазбалардағы ақпаратты іздеуді жеңілдету мақсатында стандартталған форматты сақтау;
4) медициналық қызметкерлердің медициналық құжаттарды уақтылы толтыруы;
5) пациенттің медициналық құжаттарын сақтау, қорғау, қалпына келтіру және мұрағаттау.

20.2

Әрбір пациентке бірыңғай біріктірілген медициналық карта ашылған, оған дәрігерлердің мультитәртіптік топтарынан алынған және хронологиялық тәртіппен толтырылған барлық ақпарат енгізілген, оның арқасында мыналарды қосқанда тиімді коммуникация және емдеу мен күтімнің үздіксіздігін іске асыруға болады:
1) түсу күні мен уақыты;
2) пациенттің жағдайын бағалау, хирургиялық бөлімшелерде пациенттерге анестезиологиялық және хирургиялық бағалау жүргізу;
3) ауру сырқатнамасы;
4) басқа қызмет орындаған әрбір жазба бойынша құжатталып толтырылған диагноз;
5) клиникалық қарау;
6) мақсаттар мен күтілетін нәтижелерді қосқанда пациентті емдеу және күтімінің жоспары;
7) пациенттің күтіміндегі кейінгі әрекеттердің жоспары;
8) дәрілік заттарды тағайындау;
9) емдеу-диагностикалық зерттеулерді жоспарлау және алынған нәтижелерді түсіндіру;
10) емдеу және күтімінің басқа мәліметтері.

20.3

Пациенттің медициналық картасындағы, өзгерістерді қосқанда барлық жазбаларды тек уәкілетті тұлғалар енгізеді:
1) жазбалар түсінікті;
2) жазбалар уақтылы жүргізіледі;
3) ТАӘ көрсетіліп қол қойылады;
4) өткізілетін іс-шаралардың уақыты қосылады.

20.4

Пациенттің медициналық картасында аллергиялық сырқатнама, дәрілік заттарға жағымсыз реакциялар, радиоактивтік қауіп және жұқтыру қаупі сияқты пациенттің жағымсыз жағдайлары туралы персоналды ескертуші жазбалар бар.

20.5

Пациенттің медициналық картасында мыналарды қосқанда пациентті емдеу және күтімі жоспарын іске асыру туралы куәлік бар:
1) байқау;
2) консультациялар туралы жазбалар;
3) мәліметтер және араласулар нәтижелері, және алынған ақпараттандырылған келісім;
4) операциялар, пациент жағдайының өзгеруі сияқты барлық елеулі оқиғалар туралы жазбалар;
5) емдеу және күтімге ағзаның реакциясы, сондай-ақ мақсаттарға жету прогресі;
6) кез келген қателер, жанжалдар немесе жағымсыз оқиғалар.

20.6

Пациенттерді жібергеннен кейін немесе пациентке қызметтер көрсетуден кейін басқа медициналық ұйымдарға және өнім берушілерге көрсетілген медициналық қызметтер туралы ақпараттың көшірмесі оның медициналық картасында сақталуы тиіс.

20.7

Медициналық құжаттамаға оның толық, дұрыс және уақтылы толтырылуын анықтау мақсатында жоспарланған тексерулер жүргізіледі.

20.8

Пациентердің медициналық құжаттамасына байланысты қателер коэффициенті:
1) белгілі уақыт аралығында бағаланады;
2) ықтимал іс-қимылдар үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде беріледі.

20.9

Жүргізілген аудиттер коэффициенті (ішкі аудит қызметі):

21.0. ПАЦИЕНТТІ ЕМДЕУ ЖӘНЕ КҮТІМ САПАСЫ
Ұйым клиникалық процестерді және пациенттің күтіміне байланысты үдерістердің сапасын үнемі қадағалайды, бағалайды және жақсартады.

21.1

Барлық емдеу-профилактикалық рәсімдер бойынша стандартталған рәсімдер, клиникалық нұсқаулықтар және хаттамалар және алгоритмдер бар, олар:
1) ғылыми зерттеулер мен дәлелдердің негізінде әзірленеді;
2) медициналық ұйымның басшысы бекітеді;
3) рәсімдерді орындау бойынша персоналды оқыту және аттестаттау жүргізу үшін пайдаланылады (кем дегенде жылына бір рет);
4) тағайындалған персонал орындайды.

21.2

Клиникалық сапа және жақсартуға арналған нәтижелер:
1) стандарттарға, стратегиялар мен рәсімдерге сәйкестікті бағалау үшін науқастың медициналық карталарын сараптау кестесі;
2) нормативтік актілерге сәйкес міндетті түрде сараптамаға жатқызылатын оқиғаларды талқылау.

21.3

Пациентке медициналық қызметтерді ұсыну қадағаланады, нәтижелері келесі аспектілерді жақсарту үшін пайдаланылады:
1) күту уақыты;
2) пациент жағдайын бағалау;
3) хирургиялық және инвазиялық рәсімдер;
4) анестезияны, бір қалыпты және терең седацияны, сондай-ақ жоғары қауіп пайызын құраушы басқа үдерістерді пайдалану;
5) медициналық құжаттаманың болуы, мазмұны және жүргізілуі;
6) инфекциялық бақылау және есептілік;
7) антибиотиктерді тиімді пайдалану;
8) дәрілік заттарды тағайындау қателері және препараттарды пайдалану кезінде жағымсыз реакциялар;
9) шектеулерді және оқшаулауды пайдалану.

21.4

Дәрілік препараттарды тағайындау кезінде қателерін табу және дәрілік заттарды пайдалану кезінде жағымсыз оқиғалар туралы ақпарат беру үдерісі енгізілді:
1) ақпарат белгіленген рәсімге сәйкес уақтылы хабарланады;
2) алынған мәліметтердің талдауы дәрілік препараттарды тағайындау және пайдалану кезінде қателер деңгейін төмендету мақсатында сапаны жақсарту үшін пайдаланылады.

21.5

Медициналық ұйымда емдеу және антибиотиктерге резистенттіктің дамуын, дәрілік препараттарды ұтымды пайдалануды бақылау тиімділігін анықтау үшін пациенттерді емдеуде бактерияға қарсы препараттарды пайдалануды талдайтын Формулярлық комиссия құрылған.

21.6

Басымды аурулар және негізгі клиникалық үдерістер, мысалы, күту уақыты, қайта емдеуге жатқызу, дәрілік препараттарды тағайындау кезінде қателер үшін әзірленген көрсеткіштер, инфекция деңгейі:
1) үздіксіз негізде анықталады;
2) келісілген жиілікпен өлшенеді;
3) ақпарат тиісті комитеттерге, басшылық пен персоналға беріледі;
4) белгілі уақыт аралығында көрсетілген қызметтер бастапқы мәліметтермен салыстырылады;
5) ақпарат сапаны арттыру үшін пайдаланылады.

21.7

Әрбір өлім-жітім оқиғасына байланысты емдеу дәрігері,бөлім меңгерушісі,ұйым басшысы мен орынбасарлары, патологоанатомиялық мамандардың қатысуымен мынадай мақсаттарда конференция жүргізіледі:
1) бұл оқиғаны талқылау;
2) өліммен аяқталу оқиғасы себебін (себептерін) талдау;
3) анықталған қауіптердің қайта пайда болуының алдын алу шараларына есеп беру.

21.8

Өліммен аяқталу оқиғаларын зерделеу комиссиясы (ӨАОЗК):
1) медициналық ұйымның басшысы құрады;
2) комиссия барлық өлім оқиғаларын қарастырады және тексереді;
3) комиссия өлім себептеріне талдау жүргізеді;
4) комиссия өлім санын төмендету мақсатында үдерістерді жақсарту бойынша ұсынымдар береді;
5) есеп медициналық ұйымның басшысына беріледі.
6) өлім-жітіммен күрес туралы аурухананың персоналымен семинар өткізіледі.

ҚЫСҚАРТУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

ДДСҰ  - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
АИТВ  - Адам иммунтапшылығының вирусы
ӨАОЗК - Өліммен аяқталу оқиғаларын зерделеу комиссиясы
НҚА   - Нормативтік құқықтық актілері
МСАК  - Медициналық-cанитариялық алғашқы көмек
ҚР    - Қазақстан Республикасы
СТН   - Салық төлеушінің тіркеу нөмірі
ТАӘ   - Тегі, аты, әкесінің аты
ТЖ    - Төтенше жағдайлар
ISO   - International Organization for Standardization
ISQua - International Society for Quality in Health Care

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 2 қазандағы  
№ 676 бұйрығына      
2-қосымша        

Стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына
арналған аккредиттеу стандарттары

А БӨЛІМІ: БАСШЫЛЫҚ

Өлшенетін критерийлер

1.0. ҰЙЫМНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ
Этикалық қағида ұйым қызметінің бағытын және шешім қабылдау үдерісін анықтайды

1.1

Медициналық ұйымының мақсаты немесе міндетін тұжырымдау персоналдың көмегімен және мүдделі тараптардың ұсынымдарын ескере отырып, басшылық жүзеге асырады және ұйымды дамытуды жоспарлау және бағыттарын айқындау үшін негіз болып табылады.

1.2

Медициналық ұйымда шешім қабылдау және қызметкерлердің мінез-құлқы қағидаларын анықтауда басшылыққа алатын белгілі этикалық норманың кешені бар.

1.3

Медициналық ұйым медициналық ұйым мен пациенттерге қызмет көрсетуге қатысты мәселелерді қамтитын этикалық ережелерді әзірлейді.

1.4

Персонал этика және деонтология мәселелері бойынша үнемі оқудан өтіп отырады.

1.5

Медициналық ұйымда этикалық нормалардың бұзылу фактілерін анықтау, талдау және шаралар қабылдау үдерісі енгізілді.

2.0. БАСҚАРУ
Медициналық ұйымда оның құқықтық статусы мен жауапкершілігіне сәйкес тиімді басқару жүзеге асырылады.

2.1

Ұйым басшылығының міндеттеріне мыналар кіреді:
1) этикалық нормаларды анықтау және қарастыру;
2) ұйымның стратегиялық, шұғыл жоспарларын, сондай-ақ медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету жоспарын келісу және бекіту;
3) бюджетті бекіту және алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін ұйымды тиісті ресурстармен қамтамасыз ету;
4) стратегиялық және шұғыл жоспарлар нәтижелерінің жетістіктерін бағалау және мониторингілеу;
5) құрылымдық бөлімшелер басшыларын тағайындау,бекіту және қызмет тиімділігін бағалау.

2.2

Медициналық ұйым Қазақстан Республикасының конституциялық және құқықтық қағидаларына сәйкес жұмыс істейді және оның талапқа сай құқықты белгілейтін құжаттары бар, соның ішінде:
1) әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі;
2) жарғы (қағида);
3) СТН, БCН

2.3

Басшылық ұйым өз қызметін денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге (НҚА) сәйкес, мынадай жолдармен жүзеге асырады:
1) мемлекеттік органдардың бұйрықтарын алу, қарау және орындау;
2) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер пакетін уақтылы жаңарту;
3) оларды мүдделі тұлғаларға жеткізу бойынша пәрменді әрекеттерді қабылдау;
4) медициналық мекеменің персоналы үшін нормативтік құқықтық актілер базасының қолжетімділігін қамтамасыз ету.

2.4

Медициналық ұйым жұртшылыққа мынадай ақпарат береді:
1) көрсетілетін қызметтер және оларды алу талаптары туралы;
2) қызметтер және көрсетілетін қызметтерге ықпал етуі мүмкін қабылданатын шешімдер туралы;
3) көрсетілетін қызметтер сапасы және қол жеткізілген нәтижелер туралы.

3.0. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ШҰҒЫЛ ЖОСПАРЛАУ
Ұйым өз қызметтерін халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жоспарлайды және айқын басымдылықпен жүзеге асырады.

3.1

Басшылықтың персоналмен және басқа да мүдделі тараптармен бірлесіп әзірлеген стратегиялық даму жоспарында медициналық ұйым миссиясын жүзеге асыру мақсаттары, міндеттері, стратегиялары жазылады.

3.2

Стратегиялық жоспар:
1) ұйым мақсаты мен этикалық нормаларына;
2) қызмет көрсетілетін тұрғындардың қажеттіліктеріне;
3) пациенттерден/отбасылар мен жұртшылықтан алынған пікірлерді талдауға;
4) көрсетілетін медициналық қызметтердің сандық және сапалық көрсеткіштеріне;
5) Үкімет стратегияларына, денсаулық сақтау басымдықтарына;
6) ұйымның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу бойынша күтілетін нәтижелерге (бағалау индикаторлары) негізделеді.

3.3

Кешендік жылдық жоспар медициналық ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерімен келісіліп әзірленген:
1) стратегиялық жоспарға сәйкес;
2) тікелей басымдықтарды қарастырып отырып;
3) барлық қызметтер бойынша міндеттер мен жоспарды қамти отырып;
4) штатты толықтыруды, жоспарланған әрекеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қаржылық және материалдық ресурстарды айқындайды.

3.4

Медициналық ұйым және оның құрылымдық бөлімшелері іс-шаралардың мақсаттары мен жоспарына сәйкес жылдық жоспарды іске асыруда қол жеткізілген прогресті жүйелі түрде салыстырады:
1) мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейі;
2) жоспарланған әрекеттерді орындау;
3) ресурстық қолдау сәйкестігі;
4) жоспарланған мерзімдердің орындалуы;
5) іске аспаған міндеттер мен мәселелер;
6) бұдан әрі жоспарланған қадамдар.

3.5

Ішкі аудит қызметі жылдық жоспармен салыстырғанда қол жеткізілген нәтижелерге талдау жүргізеді, ақпарат бұдан әрі іс-қимылды жоспарлау үшін медициналық ұйымның басшысына және құрылымдық бөлімшелердің басшыларына ұсынылады.

3.6

Жылдық жоспардағы шараларға қатысты шешімдер персоналға хабарланып бірге талқыланады және қажеттілігіне қарай тиісті сыртқы қызметтерге» беріледі.

4.0. ЖАЛПЫ БАСҚАРУ
Медициналық ұйымда басқару мен есеп берудің нақты құрылымы бар. Басқаруды білікті менеджерлер жүзеге асырады.

4.1

Медициналық ұйымның басшысы мыналар үшін жауапты болып табылады және есеп береді:
1) қауіпті басқару және сапаны арттыру, инфекциялық бақылау, денсаулықты сақтау/ еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қоса алғанда барлық шұғыл мәселелер;
2) басшылық органы және жоғары тұрған мемлекеттік органдар алдында клиникалық, басқару және қаржылық қызмет туралы есептілік;
3) бақылау және реттеуші органдардан алынған кез келген хабарландыруға ден қою.

4.2

Медициналық ұйым басшысының білімі, біліктілігі, еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесі бар.

4.3

Медициналық ұйым басшысының лауазымдық нұсқаулығында оның құқықтары мен міндеттері айқындалған.

4.4

Ұйым басшысы жұмысының тиімділігі медициналық ұйымның жетістіктерімен бағаланады және орындалған іс-шаралардың есебі басшылық ететін ұйымға ұсынылады.

4.5

Әрбір құрылымдық бөлімшенің функциялары мен өкілеттіктері құрылымдық бөлімше туралы ережеде әрбір қызметкердің міндеттері көрсетіле отырып айқын белгіленген, ақпарат қызметкерлердің назарына жеткізілген.

4.6

Медициналық ұйымның әрбір бөлімшесін осы бөлімшені басқару үшін қойылатын біліктілік талаптар мен жұмыс тәжірибесіне сәйкес басшы басқарады.

4.7

Медициналық ұйымның клиникалық қызметіне жауапты тұлғалар:
1)клиникалық практиканы жоспарлауды және бағалауды;
2) медициналық ұйымның басшысы және басқа бөлімшелердің меңгерушілеріне клиникалық мәселелер бойынша консультациялар жүргізуді;
3) клиникалық емдеу стандарттарының мониторингін;
4) бақылау және персоналға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

4.8

Ұйымдастыру құрылымы:
1) құжат түрінде ресімделген және схема түрінде берілген;
2) ұйымның мақсаттарына, міндеттері мен функцияларына сәйкес келеді;
3) персоналдың бағыныстылығы құрылымын анық көрсетеді;
4) бөлімдер мен қызметтерді жоспарлау мен қызмет көрсетуді үйлестіруге көмек көрсетеді.

4.9

Ұйымның құрылымы жүйелі түрде қаралып отырады және ұйымның персоналы мен тиісті тұлғалардың назарына уақтылы жеткізіледі.

4.10

Медициналық ұйым сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік басқару органдары мен басқа медициналық ұйымдарға жоспарлар мен стратегиясын ұсына отырып, өз жұмысын және қызметін келіседі.

5.0. ҚАУІПТЕРДІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ САПАНЫ АРТТЫРУ
Медициналық ұйым болуы ықтимал қауіптерді барынша аз мөлшерге төмендетеді, тұрақты түрде оларға мониторинг және бағалау жүргізеді, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады.

5.1

Медициналық ұйымдарға арналған қауіптерді басқару жоспары мыналардан алынған:
1) стратегиялық жоспардан;клиникалық көрсеткіштерді талдау нәтижелерінен, пациенттердің пікірлерін және жағымсыз оқиғаларды талдау нәтижелерінен; инфекциялық бақылау қызметінен; персоналмен толықтыру және ресурстармен қамтамасыз етуді талдау нәтижелерінен; қоршаған ортаның жай-күйін талдау нәтижелерінен алынған ақпаратқа негізделген;
2) олардың ықтималдылығы және денсаулыққа келтірілген зияны мен материалдық шығыны салдарларының тұрғысынан барлық қауіптерді анықтайды, бағалайды және басымдықтары бойынша орналастырады;
3) осындай қауіптерді басқару стратегиясын қамтиды;
4) қолда бар және персонал арасында танысу үшін таратылады.
Ескерту:
Қауіптерді басқару жоспарына саясат, қауіпті бағалау критерийі, қауіпті басқару міндеттері мен функциялары, қажетті кадрларды даярлау, сәйкестендірілген қауіптер тізімін: стратегиялық және қауіп-қатер, қаржылық пайдалану – қауіптер тізілімі немесе қауіптер және олардың деңгейінің талдамасы бар осындай құжат, мүдделі тараптарға ақпаратты беру процесін қосқанда қауіптермен жұмыс жоспарларына немесе негізгі қауіптерді бақылау бойынша шараларға қатысты қорытындылар сияқты элементтерді кіргізуге болады.

5.2

Медициналық ұйым өз қызметкерлерін:
1) қаупі бар оқиғаларды анықтау, бағалау және олар туралы хабарлау;
2) әлеуетті қаупі бар оқиғаларды басқару;
3) инфекцияның алдын алу немесе бақылау;
4) жабдықтар мен материалдарды қауіпсіз пайдалану;
5) адамдар мен жүктерді тасымалдаудың қауіпсіздік әдісі арқылы қауіптерді төмендету ережелеріне үйретеді.

5.3

Қауіптерді басқару жоспары оның тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде тексеріледі және қайта қаралады:
1) қауіптерді басқару қағидалары талаптарының нақты орындалуына бақылау жүргізу;
2) белгілі қауіптерді қайта қарау;
3) қауіптерді басқару қағидалары талаптарының нақты орындалуына бақылау жүргізу және белгілі қауіптерді қайта қарау процесінде алынған нәтижелерді пайдаланып қауіптерді басқару жоспарына өзгерістер енгізу.

5.4

Медициналық ұйымда құрамына мыналар кіретін медициналық қызметтер сапасын арттырудың үздіксіз жүйесі бар:
1) медициналық ұйымның барлық бөлімшелерінің қатысуы;
2) жоғары қаупі бар, ауқымды, қымбат тұратын немесе проблемалы процестерді, көрсетілетін қызмет сапасын бақылау бойынша медициналық ұйымның басымдықтарын анықтау және оларды пациентердің талаптарын ескере отырып жаңарту;
3) мониторинг және аудит мәліметтерін жинау, талдау және бағалау;
4) басшылық пен қызметкерлерді ақпараттандыру.

5.5

Жыл сайынғы сапаны арттыру жоспары:
1) құрылымдық бөлімшелер бастықтарымен бірге әзірленеді;
2) сапаны бақылау бойынша іс-шараларды, әрекеттер жоспарларын, олардың мақсаттары мен жетістіктерінің әдістерін толық белгілейді;
3) аудит жүргізу, сапалық көрсеткіштер бойынша мәліметтер жинау кестесін белгілейді;
4) жауапты тұлғалар мен орындау мерзімдерін белгілейді.

5.6

Сапаны арттыру жоспарына жүйелі өлшеу, есептілік және бағалау кіреді:
1) мысалы, күту уақыты, қайталанған сырқаттанушылық және емдеуге жатқызу деңгейі, дәрілік заттарды тағайындаудағы қателер, инфекциялар мен жазатайым оқиғалар, басымды аурулар және негізгі процестер бойынша емдеу нәтижелігінің көрсеткіштері;
2) пациент пен оның отбасына көрсетілген медициналық қызметтерге қанағаттануы.

5.7

Құрылымдық бөлімшелер басшылары:
1) тиісті көрсеткіштердің мониторингі;
2) стандарттарды, саясаттарды, рәсімдерді, клиникалық хаттамалар мен қағидаларды орындау мониторингі;
3) пациенттер мен олардың отбасыларының тарапынан түскен шағымдар мен ұсыныстар фактілерін қарау;
4) көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын жақсарту бойынша жобаларды қоса алғанда сапаны арттыру бойынша жоспарды іске асыруға жауап береді.

5.8

Сапаны бақылау жөніндегі ішкі қызмет:
1) сапаны қамтамасыз ету шаралары бойынша есеп алады;
2) жиналған деректерді талдайды, оларды бағыттары бойынша жіктемелейді;
3) құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен ұйым басшыларының алдында есеп береді.

5.9

Сапаны жақсарту туралы ақпарат және есептер өндірістік немесе клиникалық кездесулер және конференцияларда талқыланады. Ұйымның қызметкерлері, құрылымдық бөлімшелер басшылары мен ұйым басшылары сапаны жақсарту саласында нақты әрекеттер бойынша шешімдер қабылдауға қатысады.

5.10

Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын және бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкестігін бағалау мақсатында медициналық ұйымдарда:
1) уәкілетті тұлға/сарапшылар тобы;
2) жеткілікті мөлшерде бар клиникалық хаттамаларды пайдаланудың клиникалық аудитін белгіленген кестелеріне сәйкес аудит жүргізіледі.

5.11

Клиникалық аудит және клиникалық оқиғаларды шолу нәтижелері:
1) тиісті комиссиялардың жұмысында, кеңестерде немесе конференцияларда талқыланады;
2) медициналық көмек көрсету процестерін жақсарту үшін пайдаланылады;
3) сапаны арттыру бағдарламасын орындау бойынша жазбаша есептерге енгізіледі.

5.12

Сапаны арттыру іс-шаралары жоспарланған, тиісті шаралар мен әрекеттер қабылданған, әрекеттер тиімділігі бағаланған. Персонал, клиенттер/ пациенттер бағалау нәтижелері туралы хабардар етілген.

5.13

Әрбір құрылымдық бөлімшеде өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде персонал құжатталған саясаттар мен ресімдерді сақтайды.

5.14

Басшылық бекіткен саясаттар мен ресімдер:
1) әр жыл сайын жаңартылады;
2) персоналдың қатысуымен әзірленеді;
3) жұмыс орындарында персоналға қолжетімді;

B БӨЛІМІ «РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ»

6.0 ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУ
Медициналық ұйымның қаржылық ресурстары мақсаттарға қол жеткізуде қолдау көрсету үшін басқарылады және бақыланады.

6.1

Басшылық жыл сайын:
1) медициналық ұйымның қаржылық-экономикалық блогы дайындаған;
2) медициналық ұйымның персоналының қатысуымен;
3) болжамдалатын кірістер мен шығыстар сметаларына негізделген;
4) жылдық жоспардың міндеттері мен жоспарланып отырған іс-шараларының негізінде қаржылық-шаруашылық қызметтің жоспарын бекітеді.

6.2

Медициналық ұйымның қаржылық қызметінің қағидалары мен рәсімдері бухгалтерлік есеп нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес құжатталады және мыналарды қамтиды:
1) төлемдерді көрсету және төлемдерді төлеу шұғылдығы;
2) бухгалтерлік есеп;
3) жабдықтарды сатып алу және қаражатты жұмсау бойынша өкілеттіктер, өкілеттіктерді беру рәсімі;
4) сақтандыру;
5) активтерді басқару.

6.3

Бухгалтерлік есеп кірістер мен шығыстардың барлық көздері туралы нақты қаржылық ақпаратқа негізделген, және шешімдер қабылдау үшін уақтылы және нақты қаржылық есептерді қамтамасыз етеді.

6.4

Кіріс, шығыс және қызметтерге жұмсалатын шығындар бюджетпен салыстырылып жүйелі түрде қадағаланып отырады және медициналық ұйымның басшылығына ай сайынғы қаржылық есептер түрінде тапсырылып отырады.

6.5

Ішкі қаржылық бақылау және аудит жүйесі жұмыс істейді.

6.6

Сыртқы қаржылық аудит НҚА сәйкес жүргізіледі.

6.7

Медициналық қызметтер ақылы негізде көрсетіледі:
1) бағалар прейскуранты бар;
2) бағалар жұмсалған шығындардың негізінде есептелген;
3) ақылы қызметтерге төлемдер ҚР заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

6.8

Бекітілген ақылы қызметтердің тізімі және олардың бағалары халық үшін қолжетімді.

6.9

Медициналық ұйым мыналарды анықтау үшін ақылы қызметтерге жүйелі түрде аудит жүргізеді:
1) бағалары талапқа сай, ал шығындар мен төлемдер құжат түрінде ресімделген процестерге сәйкес жүзеге асырылады;
2) ақылы қызметтерден түскен қаржы мақсатты тағайындау бойынша НҚА сәйкес пайдаланылады.

6.10

Қызметкерлердің еңбек ақысын төлеу, зейнетақы қорына аударымдар және басқа міндетті аударымдар:
1) уақтылы жүзеге асырылады;
2) еңбек ақы және медициналық ұйымның қызметкерлеріне берілетін сыйақының бекітілген құрылымына негізделген.

6.11

Есептер уақтылы салық органдары мен мемлекеттік статистика органдарына жіберіледі.

7.0. АҚПАРАТТЫҚ БАСҚАРУ
Ұйым ақпараттық қажеттіліктері мен міндеттерін қанағаттандыру мақсатында өз ақпаратын жүйелі түрде басқарады және оны қорғайды.

7.1

Медициналық ұйымда оның қызметін басқару бойынша бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе бар, ол мыналарды қамтиды:
1) әрбір бөлімнің қажеттіліктеріне сәйкес келетін компьютерлер мен қолданбалы бағдарламалар пакеттері бар;
2) лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету;
3) ағымдағы шығындарды басқару;
4) бағдарламалық қамтамасыз етуді қажетті жаңарту рәсімдері;
5) ағымдағы техникалық қызмет көрсету;
6) персоналды оқыту.

7.2

Медициналық ұйым мынадай жолдармен ақпараттың құпиялылығын, қауіпсіздігі мен тұтастығын қорғайды:
1) персоналдың аса маңызды ақпаратқа қолжетімділігінен қорғау деңгейін орнату;
2) жеке ақпаратты жарияламау және құпиялылықты сақтау туралы персоналды оқыту;
3) құпия, оның ішінде пациент туралы ақпаратқа қолжетімділікті шектеу.

7.3

Ақпараттық қорғаудың құжатталған ресімдерін персонал пайдаланады және олар мыналарды қамтиды:
1) файлдардың резервтік көшірмелерін құру;
2) резервтік көшірмелерді сақтау;
3) төтенше жағдайлар кезінде мәліметтерді қалпына келтіру.

7.4

Клиниканың персоналында кәсіби міндеттерін атқару үшін Интернет-ресурстарға және телекоммуникациялық технологияларға қолжетімділік бар.

7.5

Персонал денсаулық сақтаудағы жетістіктер мен озық технологиялар туралы ақпаратты мынадай жолдармен ала алады:
1) жаңартылған медициналық ақпаратты, медициналық жабдықты пайдалану нұсқаулықтарын, дәрілік препараттар бойынша дерекқорды кітапханадан немесе басқа қолжетімді орындардан;
2) кәсіби конференцияларға, семинарлар мен оқу бағдарламаларына қатысу.

7.6

Медициналық ұйым құжаттарды басқарудың стандарттық процесін пайдаланады, оның құрамына мыналар кіреді:
1) сақтау мерзімі көрсетілген, бекітілген істер номенклатурасы;
2) барлық бөлімшедегі файл/папкалар бірыңғай номенклатураға тіркеледі;
3) құжаттар номенклатурасына сәйкес папкаларда сақталады.

7.7

Ұйымның қызметін реттеуші ішкі құжаттар:
1) жауапты тұлға бекітіп қол қойылған;
2) енгізу және қолданыс мерзімі күні бар;
3) қажеттілігіне қарай жаңартылады;
4) жауапты тұлғалардың уақтылы орындауын бақылайды.

7.8

Пациенттер туралы медициналық жазбалар:
1) жоғалудан, жойылудан, қате жіберуден және құқықсыз қолжетімділіктен немесе пайдаланудан қорғалған;
2) тек уәкілеттелген персоналға қолжетімді;
3) қолжетімділігі қолайлы, бірақ құпиялылығы сақталады;
4) ғимараттан арнайы рұқсатсыз шығарылмауы тиіс.

7.9

Медициналық құжаттама белгілеген тәртіппен мұрағатталады:
1) құжаттарды мұрағатқа беру кезінде мұрағаттау бойынша жазбаша ресімге сәйкес;
2) жауапты тұлғаның басшылығымен;
3) мұрағат бөлмесі техникалық жағдайы қажетті деңгейде, бөгде тұлғалардың қолжетімділігінен қорғалған және стеллаждармен (шкафтармен) жабдықталған;
4) амбулаториялық картасы көшірмелері сұрату бойынша тек белгілі адамдарға беріледі.

8.0. АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ
Адами ресурстарды тиімді жоспарлау және басқару персоналдың еңбек өнімділігін арттырады және медициналық ұйымның қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің құралы болып табылады.

8.1

Медициналық ұйымда мыналарды анықтау үшін құжатталған процесс пайдаланылады:
1) жоспарланған қызметтер мен жұмыс көлемдерін орындауға қажетті персоналды толықтыру деңгейі;
2) қажетті жұмыс өтілі мен тәжірибе деңгейі;
3) персонал бейіндері және лауазымдарының неғұрлым тиімді және ұтымды құрылымдары.

8.2

Медициналық ұйым штатты басқару бойынша саясат пен рәсімді әзірлейді, оған медициналық көмек көрсету бойынша қойылған міндеттерді орындау мақсатында білікті штатты тағайындау, іріктеу, оқыту, бағалау, біліктілігін жоғарылату және оларды талдау кіреді.

8.3

Мамандардың қолжетімділігі және персоналдың кәсіби дағдысының құрылымы:
1) әрбір бөлімшенің функцияларына сәйкес келеді;
2) жоспарлау кезінде жыл сайын немесе қажеттілік бойынша қайта қаралады.

8.4

Барлық штаттық лауазымдарға нұсқаулар әзірленген, оларды медициналық ұйымның басшысы бекіткен. Лауазымдық нұсқаулар әрбір қызметкерге қолжетімді және олар мыналарды қамтиды:
1) штаттық лауазыммен айналысуға қажетті біліктілік, дағдылар, дайындық, жұмыс тәжірибесі;
2) лауазымдық міндеттер, жауапкершілік деңгейі, орындау міндеттері (күтілетін жұмыс нәтижелері);
3) есептілік;
4) қайта қарау мерзімдері.

8.5

Лауазымға тағайындау/қабылдау бекітілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады:
1) қызметкер мен ұйым арасында келісімшартқа қол қою;
2) лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген талаптарға сәйкес;
3) еңбек заңнамасына сәйкес және жұмысқа орналасу үшін бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

8.6

Клиникалық практикаға жіберілген маманды жұмысқа тағайындау/қабылдауға дейін медициналық ұйым:
1) оның клиникалық білімдері мен біліктілігіне бағалау жүргізеді;
2) тапсырылған алғашқы құжаттамаға тексеру жүргізеді (дипломдар, сертификаттар);
3) қызметтік тізім, еңбек өтілі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жеке істі толтырады.

8.7

Әрбір қызметкерде өз нұсқаулығының қол қойылған түпнұсқасы болады, оның көшірмесі кадрлар бөлімінде сақталады.

8.8

Әрбір қызметкер медициналық ұйыммен, оның мақсаттары және міндеттерімен, сондай-ақ лауазыммен таныстырудың құжатталған бағдарламасына сәйкес өзінің лауазымдық міндеттерімен танысу үшін нұсқаудан өтеді.

8.9

Медициналық ұйымдағы персонал мынадай жолдармен сәйкестендіріледі:
1) арнайы медициналық киіммен жүру;
2) техникалық қызметкерлерге арналған арнайы киімдер;
3) тегі, аты-жөні, әкесінің аты және атқаратын қызметі көрсетілген бейдждер.

8.10

Медициналық ұйымда мыналарды тексеру үшін жыл сайын жүргізілетін мамандардың жұмыс нәтижелерін бағалау рәсімі бар:
1) лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;
2) біліктілікті арттыруды жақсартуды және талаптарды қажет ететін басымды жақтарды, салаларды анықтау;
3) рәсім құжатталады және қызметкер мен бөлім басшысы қол қояды;
4) жеке іске тігіледі.

8.11

Медициналық ұйымда үздіксіз біліктілікті жоғарылату саясатын жүзеге асыру үшін барлық клиникалық персоналдың қызметіне мониторинг жүргізу механизмі жұмыс істейді, ол мыналарды қамтиды:
1) өз құзыретін сақтау үшін клиникалық персоналдың үздіксіз жеткілікті клиникалық практикасы бар екеніне мониторинг жүргізу;
2) қосымша тәлімгерлік, оқыту немесе басқа ресімдер арқылы персонал құзыретіне байланысты проблемаларға ден қою;
3) клиникалық персонал клиникалық қызметпен өз өкілеттіктері мен құзыреті шеңберінде айналысатынына мониторинг жүргізу;
4) қажеттігіне қарай қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен құзыреті туралы мәліметтерді жүйелі тексеру.

8.12

Медициналық ұйымның талаптарына сәйкес мыналардың негізінде мамандардың біліктілігін арттыру бойынша бюджет және жылдық жоспар жасалады:
1) қызметкерлерді қосымша даярлауға қажеттіліктерді талдау;
2) қызметтер көрсетуге байланысты медициналық ұйымның қажеттіктерін талдау.

8.13

Медициналық ұйымда үздіксіз кәсіби білім саясаты бар және ол мыналарды көздейді:
1) жүйелі түрде мамандардың біліктілігін арттыру (бес жылда бір реттен кем емес);
2) біліктілікті жоғарылату курсы үшін қосымша ақы төлеу.

8.14

Оқыту туралы жазбаларды қосқанда ұйымның әрбір қызметкері туралы толық құжатталған ақпарат бар, ол құпиялы болып есептеледі және күзетілетін орында сақталады.

8.15

Медициналық ұйымда себепсіз жұмысқа келмеу және кадрлардың тұрақтамауы сияқты негізгі көрсеткіштерге талдау жүргізіледі, олардың нәтижелерін жақсарту үшін пайдаланылады.

С БӨЛІМІ «ҚАУІПСІЗДІКТІ БАСҚАРУ»

9.0 ҒИМАРАТТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Медициналық ұйым ортасы пациенттер, персонал және келушілер үшін қауіпсіз және жайлы болып табылады.

9.1

Медициналық ұйымның ғимараты:
1) күнделікті жұмыс пен төтенше жағдайда пациенттерге қызмет көрсету кезінде бөлімшелердің аумағы мен орналасуы талаптарына сай келеді;
2) тұрақты түрде жөндеуден өткізіліп тұрады;
3) құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына сай келеді;
4) санитариялық нормалары мен қағидаларының талаптарына сай келеді.

9.2

Медициналық ұйым:
1) жеке және оқшау жұмыс істейтін персоналды;
2) күндіз-түні пациенттерді, келушілерді және персоналды тәни зорлық қаупінен және мүлікті жоғалтудан;
3) дәрілік заттарды ұрлық пен талан-тараждан;
4) ғимаратты, жабдық пен мүлікті бүліну мен жоғалудан қорғау мақсатында жазбаша саясат пен рәсімдерге сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.

9.3

Медициналық ұйымның барлық аумағы бойынша көрнекті орындарда қауіпсіздік техникасы бойынша жеңіл оқылатын ақпараттық белгілер орнатылған:
1) бағыттар;
2) темекі шегуге тыйым салу;
3) тыйым салынған аймақтар мен басқа ескертулер;
4) ғимараттағы радиоактивтік сәулелену қаупі;
5) өртке қарсы жабдық;
6) төтенше оқиғалар кезіндегі эвакуациялау схемасы;
7) жақын маңдағы шығу белгілері.

9.4

Медициналық ұйымның аумағына қажетті көлемде қызмет көрсетіледі және көлік талаптарына сай келеді:
1) бос көлік жолы;
2) медициналық ұйымның көлігі, пациенттер мен келушілердің көлігі үшін арнайы автотұрақ;
3) қажет кезде медициналық ұйымның көлігі үшін жабдықталған гараж;
4) көлікті жөндеу үшін тиісті орын.

9.5

Медициналық ұйымда мүмкіндіктері шектеулі пациенттер мен келушілердің қозғалысы және жүк тасымалдау үшін мүмкіндіктер жасалған:
1) үш және одан көп қабаттан тұратын ғимараттарды жұмыс істеп тұрған лифтілермен, екінші қабаттан жоғары емдеу бөлімшелерін қызметтік лифтілермен қамтамасыз ету;
2) балалар арбаларына, мүгедектер креслоларына, арбаларға арналған пандус.

9.6

Медициналық ұйымда санитариялық-гигиеналық нормалар мен қағидалар талаптарына сай су құбыры және кәріз жүйесі жұмыс істейді:
1) пациенттердің болу орындарында және басқа қызметтік аймақтарда қолжетімді суық және ыстық суды үздіксіз беру;
2) жұмыс істеп тұрған кәріз және дренаждық жүйе.

9.7

Медициналық ұйымда орнатылған тәртіп персонал мен пациенттердің қолайлы сезінуі және қауіпсіздігіне мынадай жолдармен мүмкіндік туғызады:
1) ауаны сору-шығару, терезелерді ашу көмегімен табиғи және жасанды – сору-шығару арқылы желдету;
2) жылдың суық мезгілдерінде барлық бөлмелерде орталық немесе жергілікті жылу берудің тиімді жұмыс істеп тұрған жүйесі;
3) пациенттер болатын орындарда табиғи жарық беру;
4) табиғи жарық жоқ орындарда лайықты жасанды жарық беру.

9.8

Медициналық ұйым жайлы жұмыс ортасын құру мақсатында өздерінің коммуналдық қызметтерін басқарады және әлеуетті қауіптерді барынша төмендетеді:
1) ұйымның тіршілік әрекетін қамтамасыз ету жүйелеріне коммуналдық қызмет жұмысының тұрып қалуы әсерінің алдын алу үшін альтернативтік жүйесі бар және инфекциялық бақылау;
2) инженерлік коммуникациялардың қамтамасыз етуін тиісті рәсімдерге сүйенетін жоғары білікті, құзыретті қызметкерлер жүзеге асырады;
3) орталықтандырылған зарарсыздандыру қызметі, зертхана, тамақтандыру қызметі сияқты орындарда таза ауаның дұрыс келуін қамтамасыз ете отырып, ластайтын заттардың таралуының алдын алады.

9.9

Медициналық ұйым пациенттер мен персоналдың гигиенасын сақтау:
1) ыңғайлы орындарда орналасқан, түсінікті түрде белгіленген, қолжетімді, жеткілікті мөлшердегі гигиеналық бөлмелер;
2) барлық әжетханаларда және персонал үшін жұмыс аймақтарындағы электркептіргіштер немесе қағаз сүлгілер;
3) жеке гигиеналық қажеттіліктерге жіберілген кезде пациенттер үшін жабық орын және осы жағдайда көмек алу мүмкіндігі көмегімен қамтамасыз етеді.

10.0. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ БАСҚАРУ
Медициналық ұйым өрттің пайда болу қаупін барынша төмендетеді және төтенше және қиын оқиғаларға дайын.

10.1

Медициналық ұйым өрт немесе басқа төтенше оқиғалар іс-шараларының нақты жоспарын әзірлейді:
1) шұғыл құлақ асу шараларын басқару және үйлестіру үшін жауапкершілік;
8) апаттық қызметтер мен персоналға хабар беру үдерісі;
3) шұғыл байланыс жүйесі;
4) қажет кезде адамдарды ғимараттан эвакуациялау рәсімі.

10.2

Эвакуация кезіндегі бағдар табу рәсімін қосқанда персонал ТЖ жанындағы шұғыл шара қолдану жоспарына сәйкес жыл сайын оқудан өтеді және жылына кем дегенде бір рет оқу дабылы бойынша іс-шараларға қатысады.

10.3

Медициналық ұйым өрт шығу қаупін мынадай жолдармен төмендетеді:
1) отқа төзімді бояу, перде, жиһаз және төсек жаймалар сияқты отқа төзімді құрылыс материалдарын пайдалану;
2) ғимарат ішіндегі баспалдақтар және сыртқа шығатын өрт сатылары сияқты қосалқы көшіру жолдарымен қамтамасыз ету;
3) тиісті орындарда орналасқан және түсінікті етіп белгіленген өрт сөндіру жабдықтарымен қамтамасыз ету (гидранттар, өрт шлангілері, өрт сөндіргіштер, автоматтық су өрт сөндіргіштері);
4) өрт дабылы жүйесін және хабарлау жүйесін орнату;
5) өрттің таралуын шектеу үшін техника және құрылғыларды пайдалану (өртке қарсы кедергілер, өртке қарсы қабырғалар, өрт есіктері және апаттық ажыратқыштар).

10.4

Апаттық дабыл жүйесі:
1) дайын күйде болуы және қажетті қашықтықта естілетін және басқа шуды естіртпейтін дыбыстық дабыл қағуға жарамды болуы тиіс;
2) қажетті күйге келтіріліп, жұмысқа жарамды болуы тиіс, жоспарлы-алдын алу техникалық қызмет көрсету бағдарламасына сәйкес тестіленеді, алынған мәліметтер құжатталады.

10.5

Медициналық ұйымның барлық аймақтарынан мыналарды қосқанда эвакуация үшін арнаулы жолдар бар:
1) өрт оқиғалары кезінде есік оймалары, дәліздер, пандустар және өту жолдары, әрдайым кедергілерден бос баспалдақтар оймалары сияқты эвакуация жолдары;
2) қолмен жақсы ашылып-жабылатын өрт және түтінге қарсы есіктер;
3) ашық қалдырылатын немесе автоматты ажыратудың электрлік құрылғыларымен бекітілген шығатын есіктер; 4) ерекше оқиғаларды және арнаулы қосымша шығатын жолдарды қоспағанда пациенттер палаталарының және шығатын есіктердің құлыпталуына тыйым салу.

10.6

Тұтанатын заттарды, газ баллондары және басқа әлеуетті қауіпті материалдар мен химиялық заттар қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сақталады,пайдаланылады және мыналарды қамтиды:
1) жүйелі іріктеу мен таңбалауды;
2) бөлмелерді құлыптау және герметикалы қамтамасыз ету;
3) газ баллондарын сақтауға арналған контейнерлерді құлыптау немесе бөгде тұлғаларды жібермеу мақсатында қоршаулардың болуы;
4) еден деңгейінде арнайы түбі бар ыдыстарда сақтау.

11.0. ЖАБДЫҚ ПЕН ШЫҒЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ
Медициналық ұйым жабдықты, шығыс материалдары мен медициналық құралдарды қауіпсіз, тиімді және ұтымды пайдаланады.

11.1

Медициналық ұйым медициналық құралдар мен жабдықты сатып алуды, жаңартуды және айырбастауды жоспарлайды:
1) жоспарланатын қызметтерді қамтамасыз ету үшін;
2) қолда бар резервтің көмегімен төтенше жағдайлар кезінде шұғыл шара қолдану үшін;
3) барлық құралдар мен жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында.

11.2

Мыналарды қосқанда аспаптар мен жабдықтың профилактикалық техникалық қызмет көрсетуі мен жөндеуінің бағдарламасы енгізілген:
1) жоспарлы сынақ, шолу, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кестесінің болуы;
2) өндірушіні пайдалану жөніндегі нұсқаулық негізінде нұсқаулықтың, тиісті электрлік стандарттардың, қауіпті заттармен жұмыс істеу стандарттарының және қауіпсіздік стандарттарының болуы;
3) талаптарға сәйкес калибрлеуді орындау;
4) заңнама және жергілікті билік органдары талаптарының сақталуы.
Ескерту:
Бағдарлама пациенттерді диагностикалау және емдеуге арналған жабдықты, электрлік, кәріз, жылыту, желдету жүйелері мен олардың компоненттеріне арналған жабдықты қамтиды.

11.3

Жабдықтың анықталған ақауын және іске қосылмауын табу және хабарлау ресімі бар, ол мыналарды қамтиды:
1) жабдықтың анықталған кемшіліктері мен ақаулары туралы хабарламаларды тіркеу журналын жүргізу;
2) жабдықты жөндеуге немесе ауыстыруға берілетін тапсырыстың бірыңғай нысаны;
3) техникалық қызмет көрсету және ұсақ жөндеу жүргізуге арналған шығыс материалдарының жеткілікті мөлшері;
4) қаралмаған тапсырыстарға үнемі шолу жасау;
5) белгіленген критерийлерге сәйкес жөндеуге келмейтін немесе тозған жабдықты санақтан шығару және жою туралы шешім;
6) жөндеу бойынша, орындалған жұмыстардың, жүргізілген сатып алулар мен оларды орындау уақытының мониторингі және құжаттамасы.

11.4

Техникалық қызмет көрсетуді, қалдықтарды басқару қызметін, профилактикалық техникалық қызмет көрсету, медициналық және электрлік жабдықты жөндеуді, жеткізуді қамтамасыз ететін мердігерлермен жасалған жазбаша шарттар бар:
1) оларда екі тараптың міндеттері және қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптар белгіленген;
2) жеткізу күні, бағасы көрсетілген;
3) мердігерлердің жұмысты орындауын бақылау үшін шарттар енгізілген.

11.5

Медициналық ұйым жабдықты қауіпсіз және дұрыс пайдалануды мынадай жолдармен қамтамасыз етеді:
1) жаңа, сондай-ақ бұрыннан бар жабдық пен медициналық аспаптарды пайдаланушы барлық қызметкерлер қауіпсіз пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша оқудан өтеді;
2) мамандандырылған жабдықты пайдалануға (мысалы, автоклавтар, IV және одан жоғары топтағы насостар, желдеткіштер, қоқысты тығыздауыштар), қажетті білімі мен дағдысы және осы жабдықпен жұмыс істеу туралы куәлігі бар білікті мамандарға рұқсат беріледі;
3) қауіпсіздік техникасы бойынша қағидалар және диагностикалық медициналық жабдық нұсқаулығы бар және олар персонал үшін қолжетімді.

11.6

Байланыс жүйелері кез келген оқиғалар туралы жылдам ақпарат беру мақсатында ішкі және сыртқы коммуникациялардың тиімді ағымын қамтамасыз етеді:
1) пациенттер және күтуші тұлғалар үшін барлық құрылымдық бөлімшелерде қолжетімді байланыс телефонының болуы;
2) медициналық персоналдың пациенттерге хабар беру үшін жұмыс істеп тұрған дабыл жүйесі.

11.7

Барлық жабдық (емдеу – диагностикалық, автоклавтар) белгіленген қағидалар мен нормаларға сәйкес жер контурына қосылған.

11.8

Сәулелік диагностика қызметкерлері радиоактивті сәулеленуден мынадай жолдармен қорғалған:
1) радиациялық қорғаныс кабиналарын және басқа қорғаныс құрылғылары мен құралдарын пайдалану;
2) ай сайын радиациялық түске өлшенетін жеке дозиметрлерді пайдалану, олардың нормалары асқан кезде тиісті шаралар қабылданады;
3) жылына екі рет радиациялық бақылау жүргізу.

Жеткізу

11.9

Жеткізуді басқару жүйесі енгізілген және пайдаланылады, олар мыналарды ескереді:
1) әрбір бөлімше үшін клиникалық және клиникалық емес жеткізудегі қажеттіліктерді бағалау;
2) есептелген қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін тауарлық-материалдық шығындардың барынша аз мөлшерін орнату және қоймалық қорлар мен тиеу-түсіру жұмыстарының құнын барынша төмендету мақсатында жеткізуді қамтамасыз ету;
3) қор қозғалысын есепке алу және қоймадағы қор көлемін бақылау;
4) төсек және басқа жұмсақ материалдарды дұрыс жағдайда сақтау;
5) жарамдылық мерзімі өткенге дейін қорды уақтылы айырбастау;
6) қорды құрғақ және қауіпсіз орындарда сақтау.

11.10

Медициналық ұйымда жеткілікті мөлшерде жуу және зарарсыздандыру заттары бар. Сатып алу кестелері сақталады және бұл заттарды санақтан шығару актілері бар. Персонал нұсқаулықтарға сәйкес құралдарды пайдалану бойынша оқудан өткен.

Фармацевтикалық жеткізу

11.11

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар нақты өлшемдерге байланысты сатып алынады,олар мыналарды қамтиды:
1) көрсетілетін қызметтер салаларын және пациенттердің белгіленген талаптарын;
2) қажетті және өмірге маңызды дәрілік заттардың тізбесіне сәйкес;
3) қор ескермеген арнайы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілік;
4) тасымалдау әдісі.

11.12

Дәрілік заттармен қамтамасыз етудің құрылымдық бөлімі қорларды басқару жүйесін пайдаланады:
1) барлық бөлімшелерде бекітілген нормаларға сәйкес қор тізбесі;
2) сақталған қор жүйесін пайдалану(барынша аз қор көлемінің болуы);
3) ТЖ кезінде пайдаланғаннан кейін толықтырылып отыратын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың болуы;
4) қабылдау кезінде сатып алынған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың санын, сапасын, топтаманың нөмірін,шығарылған күні мен жарамдылық мерзімін тексеру;
5) қорды басқару және жарамдылық мерзімінің өтуін бақылауға арналған автоматтандарылған есеп жүйесінің болуы.

11.13

Дәрі-дәрмектердің топтық тиістілігіне сәйкес қауіпсіз және мынадай тиісті жағдайларда сақталады:
1) жарық, ылғал және аса жоғары температуралардың жағымсыз әсерінен қорғалған;
2) зиянкестерден қорғалған;
3) жеткілікті желдету.

11.14

Дәрілік заттар мен контрасты заттарды сақтау кезіндегі температуралық режим заңнама және өндірушінің талаптарына сай келеді:
1) медициналық тоңазытқыштар құлыптанады, олардың, барынша көп және аз температурасының белгіленген шектері бар және тек осы температуралық режимнің дәрілік препараттарын сақтау үшін пайдаланылады;
2) тоңазытқыштың температуралық режиміне жүйелі бақылау жүргізіледі және жазылып отырады, берілген диапазоннан температураның ауытқуы кезінде шаралар қолданылады.

12.0. Еңбек етудің саламаты шарттары
Персоналдың еңбек гигиенасы бағдарламасы қауіпсіз және саламатты еңбек ету жағдайларына мүмкіндік туғызады.

12.1

Еңбек гигиенасы және денсаулық бағдарламасын қамтыған персоналдың кәсіби қызметінің жағдайлары және денсаулығын қолдау мәселелерін қарастыратын құжатталған жоспары бар:
1) биологиялық скрининг және A, B және C гепатиті тәрізді вирустардан қанға және ағзаның сұйық компоненттеріне кәсіби жұқтыру қаупінің профилактикасы;
2) механикалық көтеру құрылғыларымен қамтамасыз ету және персоналды жұмыс істеу әдістеріне оқыту;
3) инемен жарақат алу және көзді зақымдау профилактикасы;
4) радиациялық қауіпсіздікті бақылау;
5) аурудан немесе жарақаттан кейін жұмысқа жылдам оралу үшін персоналды оңалту;
6) ыңғайлы жұмыс орнымен қамтамасыз ету.

12.2

Медициналық ұйым қызметкерлерінің денсаулығын сақтау үшін арнайы құралдар мен қызметтер ұсынады:
1) алғашқы көмек көрсету дәріқобдишасы;
2) шұғыл түрде қарау және инелермен байқаусыз жұмыс істеген кезде шаншып алу мен көзді зақымдауды қосқанда өндірістік жарақатты емдеу;
3) жұмыс жүктемесін бақылау және стрессті барынша төмендету үшін психологиялық қолдау.

12.3

Қызметкерлер техникалық қауіпсіздік және өз денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік қағидалары бойынша оқудан өтеді, олар мыналарды қамтиды:
1) еңбекті қорғауды және жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша стратегиялар мен рәсімдер;
2) жұмыс орнындағы қауіптерді табу және басқару;
3) пациенттер, персонал немесе тағы біреулердің жарақат алуы оқиғалары, апаттар, қайғылы немесе жұмыс орындарында жарақат алуы мүмкін оқиғаларды анықтау және хабарлау.

12.4

Медициналық ұйым жыл сайын қызметкерлердің еңбек жағдайларына қанағаттануын зерттейді және мынадай кепілдіктер береді:
1) персонал жүргізілген зерттеу нәтижелерімен танысады;
2) анықталған проблемалар нәтижелері бойынша шешімдер қабылданатын болады.

Қауіптерді басқару

12.5

Әрбір бөлімше мынадай мақсаттарда жүйелік процесті пайдаланады:
1) нақты және әлеуетті қауіптерді үнемі іздеп табу және құжатты ресімдеп есепке алу (жылына кемінде бір рет);
2) табылған қауіптердің дәрежесі мен салдарларын бағалау және оларды қауіп дәрежесі бойынша сатылау;
3) қауіпті төмендету немесе оның әсерін азайту мақсатында әрбір елеулі қауіп бойынша оны жою, оқшаулау жолымен тиісті бақылауды қолдану.

12.6

Персонал оқшауланған немесе азайтылған, бірақ белгіленген мерзімде жойылмаған елеулі қауіптерді қарастырады.

12.7

Қауіптер туралы ақпаратты қосқанда персоналдың денсаулығы мен қауіпсіздігі туралы ақпарат көрнекті жерге ілінген және персонал мен шарт негізінде жұмыс істейтін қызметкерлердің назарына жеткізілген.

12.8

Өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде әлеуетті қауіптерге ұшырайтын персоналға тиісті қорғау киімі және құралдар беріледі (арнайы киім, алжапқыш, бетперде, қолғап, бас киімдер, қорғау көзілдірігі, ал радиологиялық саланың қызметкерлеріне қорғасын-резеңке алжапқыштар беріледі).

12.9

Ғимаратта міндетті түрде құжатталған жүйелі дезинсекция және дератизация жүргізіледі (тоқсан сайын, жыл сайын).

Қақтығыстар, жазатайым оқиғалар және қолайсыз жағдайлар

12.10

Қақтығыстар, апаттар, қайғылы оқиғалар, оның ішінде жіберілген қателер және кәсіби аурулар туралы ақпарат:
1) барлық орындарда қолжетімді, тиісті тәртіпте және белгіленген мерзімде тапсырылады;
2) пациенттің медициналық картасына немесе қызметкердің жеке ісіне жазылады;
3) апат жағдайында апаттық оқиғалар журналында тіркеледі;
4) қызметкер немесе пациенттің үлкен жарақат алуы кезінде тиісті органдарға хабарланады;
5) кейін талдау үшін орталықтандырылған қақтығыстарды тіркеу журналына енгізіледі;
6) белгіленген ресімге сәйкес жедел тексеріледі.

12.11

Қақтығыстарды, жазатайым оқиғаларды және қолайсыз жағдайларды тексеру нәтижелері:
1) оқиға себептерін анықтау мақсатында талданады;
2) тиісті комиссия немесе бөлімшеге тапсырылады, және процестерді жақсарту немесе персоналды қосымша оқыту үшін пайдаланылады;
3) персоналдың, пациент немесе оның отбасының назарына жеткізіледі.

12.12

Қақтығыстар, жазатайым оқиғалар және қолайсыз жағдайлар туралы мәліметтер үрдістерді іздеп табу мақсатында жылына кемінде бір рет қаралады. Ақпарат жарақат немесе зардаптың алдын алу мақсатында, бұдан әрі пайдалану мүмкіндігі үшін басшылыққа және қызметкерлерге тапсырылады.

13.0. ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Пациенттердің диеталық және медициналық талап-тілектерін қанағаттандыру үшін олар қауіпсіз тамақ өнімдерімен қамтамасыз етіледі.

13.1

Пациенттер үшін теңестірілген мәзір құру үшін тамақ өнімдерінің қорлары жеткілікті, оларда жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттары көрсетілген.

13.2

Тамақ өнімдерін сақтау, өңдеу, даярлау және тарату санитариялық-гигиеналық талаптарға, қағидалар мен нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі:
1) құрғақ тамақ өнімдері қорғалған сөрелерде сақталады;
2) сұйық, шикі өнімдер және дайын тамақ жабық, таңбаланған контейнерлерде сақталады;
3) шикі және дайын тамақ тоңазытқышта бөлек сақталады;
4) тамақты тасымалдау және таратуға дейін және тарату кезінде қауіпсіз температураны ұстап тұруға арналған жабдық жеткілікті мөлшерде.

13.3

Мұздатқыш және тоңазытқыш қондырғылар жылдам бүлінетін өнімдерді сақтау үшін пайдаланылады. Қондырғының ішіндегі температура бақыланады және күн сайын тәуліктің әр мезгілінде жазылып отырады, нормадан кез келген ауытқу кезінде оларды іске қосу бойынша шаралар қолданылу тиіс.

13.4

Медициналық ұйымдағы барлық бөлмелер санитариялық нормалар және қағидалар талаптарына сәйкес келеді, тазалық сақталады, зиянкестер мен кеміргіштер жоқ, және тамақ үлестіру және ыдыс жуу сияқты арнайы бөлмелерге бөлінген.

13.5

Тамақтандыру орнында мыналардың барына үнемі тексеру жүргізіліп отырады:
1) жұмыс істеп тұрған ас үй жабдығы және тамақ даярлау техникасы;
2) құрал-жабдықтың міндетіне сәйкес оны таңбалау;
3) тағамдарды жайғастыруға арналған жеке үстелдер, пышақтар және шикі және піскен тамақты кесуге арналған тақтайшалар;
4) әр түрлі жұмыстарға арналған ыңғайлы үстелдер;
5) көкөніс пен ыдыс жууға арналған жеке раковиналар;
6) жоспарлау функцияларды бөлу мүмкіндігін береді;
7) жайларда тазалық сақталады және санитариялық–гигиеналық талаптарға сай келеді.
Ескерту:
Тамақ дайындайтын үстелдер тот баспайтын болаттан немесе берік қалайыдан жасалуы тиіс.
Бұрыштары дөңгелектенген, мырышталған темірден жасалған үстелдер тек етті мүшелеуге арналған.

13.6

Білікті дәрігер-диетолог немесе мейіргер-диетолог негізгі диеталық үстелдер даярлау бойынша арнайы әдебиетті басшылыққа ала отырып, пациенттер үшін диеталық үстелдер даярлауға қадағалау жасайды.
Ескерту:
№ 1 -үстел – асқазан және ащы ішек жарасы;
№ 5-үстел – созылмалы және жіті гепатит, созылмалы холецистит, өт тасы ауруы;
№ 7-үстел – созылмалы және жіті бүйрек ауруы;
№ 9-үстел - қан панкреатит диабеті;
№ 10-үстел – жүрек қантамырлық жүйе ауруы;
№ 11-үстел – өкпе туберкулезі, өкпе аурулары;
№ 13-үстел – жіті инфекциялық аурулар;
№ 15-үстел – жалпы үстел.

13.7

Тамақтардың дайындалу сапасына мынадай мақсаттарда бақылау жасалады:
1) дайын тамақты үлестіру алдында олардың дәмі, түсі, иісі, құрылымы және температурасы туралы мәліметтерді бағалау және тіркеу;
2) жылдам бүлінетін өнімдердің сапасын бағалау.

13.8

Пациенттерді ауыстыруды бақылау және есепке алу механизмі диеталық үстелдерді олардың тағайындауына сәйкес ұсынылуын қамтамасыз етеді.

14.0. ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Ұйым инфекциялық ауруларға бақылау және профилактика жүргізеді.

14.1

Медициналық ұйым мынадай мақсаттарда инфекциялық бақылау бойынша бағдарлама әзірлейді:
1) ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасы және оның таралуын төмендету үшін;
2) арнайы мамандардың қатысуымен оны әзірлеу және оны мониторингілеу үшін;
3) барлық құрылымдық бөлімшелер үшін.

14.2

Инфекциялық бақылау бойынша бағдарламаға қадағалауды Инфекциялық бақылау комитеті жүзеге асырады, ол құрылымдық бөлімшелердің өкілдерінен тұрады, өкілеттіктері айқын және мыналар үшін жауап береді:
1) инфекциялық бақылау бойынша бағдарламаны әзірлеу және мониторингілеу;
2) инфекциялық бақылау және іс-шараларды жүргізу бойынша барлық саясаттар мен рәсімдерді бекітеді және шолу жасайды;
3) инфекциялық бақылау бойынша барлық іс-шараларды үйлестіру;
4) инфекциялық бақылау бойынша мәліметтерді кемінде жылына бір рет қарау және талдау;
5) инфекциялық бақылау кемшіліктерін іздеп табу кезінде тиісті шараларды қолдану;
6) қолданған шаралардың нәтижелілігін бағалау.

14.3

Инфекциялық бақылау бағдарламасын білікті мамандар іске асырады (мейіргерлер және/немесе дәрігерлер), олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
1) қызметкерлер мен пациенттердің ескертпелері мен ұсынымдарын ескере отырып, инфекциялық бақылау бағдарламасын іске асыру;
2) саясаттарды іске асыру;
3) персоналды оқыту;
4) инфекциялық бақылау бойынша консультациялар;
5) инфекциямен күрес әдістерін қосқанда бақылау әдістерін әзірлеу және қолдану;
6) есептер мен ұсынымдарды тапсыру.

14.4

Инфекциялық бақылау бойынша іс-шаралар және көрсеткіштердің тиімділігін бағалау үшін анықталған инфекция оқиғалары туралы ақпаратты жүйелі түрде жинау, салыстыру және талдау жүргізіледі:
1) нәтижелері инфекциялық бақылау комиссиясына және клиниканың басшылығы мен тиісті қызметкерлерге уақтылы хабарланады;
2) инфекциялық оқиғаларды анықтау және көрсеткіштер мен нәтижелерді топтастыру үшін стандарттық анықтамалар пайдаланылады.

14.5

Инфекция қаупін, инфекциялық бақылау әдістері мен оқытту кезінде персоналдың талаптарын талдау үшін жүйелі клиникалық және параклиникалық шолулар жүргізіледі, олар мыналарды қамтиды:
1) дәрігерлік қараулар;
2) пациенттердің амбулаториялық карталарын, зертханалық есептер мен дәрілік заттарды тағайындау туралы жазбаларды зерделеу;
3) инфекция қаупі ықтимал учаскелерден алынған сынамалар мен жуындылардан алынған культуралардың зертханалық талдаулары;
4) медицина персоналын берілетін хабарламалар.

14.6

Инфекция пайда болған жағдайда персонал мынадай мақсаттарда құжатталған процестерді орындайды:
1) инфекцияны жылдам анықтау, құлақ асу және оқшаулау;
2) инфекция жұқтырған пациенттерді оқшаулау;
3) барлық байланыстарды қадағалауды қосқанда инфекцияның таралу көздері мен жолдарын анықтау;
4) қажет жағдайда мемлекеттік денсаулық сақтау органдарымен немесе инфекциялық аурулар бойынша мамандармен кеңесу;
5) инфекцияның бұл түрінің қайталануының алдын алу үшін тексерулер нәтижелерін пайдалану;
6) мемлекеттік денсаулық сақтау органдарына хабарлау.

14.7

Зертханалық және медицина персоналы және дәрілік препараттарды тағайындауға құқықты басқа медициналық қызметкерлер жұртшылықпен бірлесіп, мынадай мақсаттарда жұмыс істейді:
1) жаңа және резистенттік вирустар мен бактерияларды жедел анықтау және әрекет ету;
2) әсер етуі кең спектрлі антибиотикті пайдалануды қосқанда инфекцияларды емдеуде оларды қадағалап қарап пайдалануды қолдайтын антибиотиктерді тағайындау стратегияларын орындау;
3) инфекциялық бақылау бағдарламасының бөлігі ретінде бактерияға қарсы препараттарды пайдалануға байланысты ағзалар мен көптеген резистенттік ағзаларға бақылау жүргізу.

14.8

Персонал олардың қызмет ету аясына сәйкес инфекциялық бақылаудың барлық аспектілері бойынша нұсқаудан өтеді және мыналарды қосқанда жүйелі түрде ақпарт алып отырады:
1) инфекциялық бақылау бағдарламасы;
2) қолды мұқият жуу және қолды дезинфекциялау;
3) инфекциялар жұқтыруға қатысты стандарттық алдын алу сақтықтары және рәсімдері;
4) инфекциялық бақылау саясаттары, рәсімдері, нұсқаулықтары және қағидалары.

14.9

Пациентпен тікелей байланыс жасайтын персонал мынадай кездерде қолын жуады және дезинфекциялайды:
1) пациенттерді қарау және емдеу алдында;
2) пациенттерді қарау және емдеуден кейін;
3) биологиялық сұйықтықтардан инфекция жұқтыруы ықтимал, кез келген материалдармен және жабдықпен байланыстан кейін;
4) қолғапты шешкеннен кейін.

14.10

Қолды жуу және дезинфекцияның стандарттық нұсқаулықтар мен диаграммалары барлық бөлімшелерде және пациенттер болатын барлық орындар мен қол жуғыштардың үстіне ілінген.

14.11

Персонал мынадай мақсаттарда құжатталған ресімдерді орындайды:
1) барлық ауруханалық бөлмелерді қауіпсіз түрде пайдалануға беруді және тиісті түрде тазалауды;
2) жабдықты, материалдар мен медициналық аспаптарды өндірушінің нұсқаулығына сәйкес тазарту, дезинфекциялау және зарарсыздандыру;
3) жұқтырудың алдын алу үшін кір және таза төсек жаймалары мен іш киімдерді жинау, тасымалдау, өңдеу және сақтау.

14.12

«Кірден» бастап «тазаға» дейінгі гигиеналық операциялардың технологиялары операциялық, кір жуу бөлмелеріне және орталық зарарсыздандыру бөлімшесіне кіру және шығуды қосқанда «кір» және «таза» учаскелерді дәл бөлу жолымен қамтамасыз етіледі.

14.13

Ауруханаішілік инфекциялар коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал іс-әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

14.14

Қол гигиенасы бойынша оқудан өткен персоналдың коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал іс-әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

14.15

Ұйым қызметінің тиісті қол гигиенасы практикасын іске асыру коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал іс-әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

Қалдықтарды басқару

14.16

Бөлмелер таза ұсталып, қоқыстан және басқа қалдықтан бос болуы тиіс:
1) пациентер және персонал үшін жеткілікті жабылатын қоқыс жәшіктері болуы тиіс;
2) контейнерлерді үнемі тазалап отыру керек.

14.17

Қалдықтар түрлері бойынша жиналады, сұрыпталады және контейнерлерде сақталады, олар:
1) анық таңбаланады және қалдық түрлеріне қарай түстері әр түрлі болады;
2) тығыз қақпақпен жабылады;
3) егер оларда клиникалық қалдықтар болса құлыптанады;
4) жүйелі түрде босатылады, тазаланады және дезинфекцияланады.
5) қоқысты түсіруге және тиеуге ыңғайлы платформаларда орналастырылады;
6) зертханалардан алыс қойылады.

14.18

Қауіпті материалдар және қалдықтармен жұмыс істейтін персонал:
1) тиісті нұсқаудан, оқудан өтті және осындай жұмыспен байланысты қауіптер туралы ақпарат алды;
2) қалдықтарды қауіпсіз басқару мақсатында құжатталған стратегиялар мен рәсімдерді орындайды;
3)қауіптерге сәйкес арнайы қорғау киімдермен қамтамасыз етілген.

D БӨЛІМІ: «ПАЦИЕНТТІ ЕМДЕУ ЖӘНЕ КҮТІМІ»

15.0. ПАЦИЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОТБАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Медициналық ұйым пациент және оның отбасының құқықтарын қорғауда арнайы саясатты іске асырады

15.1

Пациент және оның отбасының құқықтары және міндеттері туралы ақпарат пациенттердің болатын орындарында мемлекеттік және орыс тілдерінде ілінген және мыналар бойынша құқықтарын қамтиды:
1) сыйластық қарым-қатынас;
2) қысымнан, басынудан және тәни зорлықтан бостандығы;
3) жеке өміріне араласпау;
4) ақпараттың құпиялылығы және дербестігі;
5) күзет және қауіпсіздік;
6) толық ақпарат алу;
7) ақпараттандырылған шешімді қабылдау;
8) шағым/өтініш беру.

15.2

Қабылдау бөлімшесінде, күту орындарында және пациенттер болатын басқа орындарда мыналар туралы ақпарат ілінген:
1) пациенттердің құқықтары туралы мемлекеттік және орыс тілдерінде;
2) көрсетілетін қызметтер және медициналық жабдық көлемі туралы;
3) тегін көрсетілетін қызмет тізбесі туралы, сондай-ақ ақылы қызметтердің прейскуранты;
4) шағымдар мен өтініштерді беру рәсімі.

15.3

Медициналық ұйымда мынадай ресімдер бар:
1) пациент және оның отбасының құқықтары туралы персоналды оқыту;
2) пациент және оның отбасының құқықтары туралы персоналдың білуі және оларды орындауы мониторингі;
3) пациенттер және олардың отбасыларына құқықтары мен міндеттері туралы хабар беру;
4) пациенттердің құқықтары бұзылуын шұғыл түрде және тиімді тексеру және шешу.

15.4

Медициналық ұйым пациент туралы ақпараттың құпиялылығын мынадай жолдармен қамтамасыз етеді.
1) ақпараттың құпиялылығын сақтау туралы персоналға ақпарат беру;
2) пациенттер туралы ақпаратқа тек уәкілетті тұлғалардың немесе заңды түрде негізделген сұрату бойынша ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету;
3) өздері туралы жеке ақпаратты отбасыларына және басқа ұйымдарға жариялауға пациенттердің келісімін алу;
4) пациенттерге басқалармен жеке қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беру;
5) пациенттердің консультацияны және басқа қызметтерді құпия түрде алуын қамтамасыз ету;
6) кез келген медициналық араласуларды пациенттердің келісімімен және олардың талап-тілектері ескеріле отырып, осы араласуларға қажетті тұлғалардың қатысуымен жүзеге асыру.

Пациент және оның отбасына жайлы жағдайлар жасау құралдары

15.5

Медициналық ұйым пациенттерге келушілермен кездесуге жайлы жағдайлар жасауды қамтамасыз етеді:
1) төбесі жабылған, орындықтармен жабдықталған алаңдар; бөлімшелерде теледидары, балаларға арналған ойыншықтары, журналдары бар бөлмелер;
2) науқастарға келушілер үшін қолайлы кестелер;
3) пациенттің келісімімен, науқастарға күтім жасауға туыстардың немесе басқа тұлғалардың қатысу мүмкіндігі;
4) пациенттің қасында күтім жасайтын туысы немесе басқа тұлға үшін жабдықталған орынның болуы.

15.6

Мүмкіндігі шектеулі пациенттер үшін қосымша қозғалыс құралдары, баспалдақ сүйеніштер, мүгедектер креслосы, балдақтар мен таяқтар беріледі, сондай-ақ осындай пациенттер үшін персонал бөлінеді.

Пациенттерге арналған ақпарат және олардың келісімін алу

15.7

Пациенттерге және олардың отбасыларына түсінікті түрде тиісті ақпарат беріледі:
1) пациенттердің денсаулығы туралы;
2) жоспарланып отырған емдеу туралы;
3) бағасы, кез келген емдеу немесе рәсімдердің қауіптері мен артықшылықтары туралы;
4) емдеу немесе диагностиканың баламалы әдістері туралы.

15.8

Ақпарат берілгеннен кейін және заңнама талаптарына сәйкес медициналық ұйым пациенттің келісімін алады:
1) оны сырқаттамаға жазбаша түрде толтырып, инвазиялық рәсімге немесе операцияға;
2) жазбаша түрде оның клиникалық тексеруге, медициналық препараттарды немесе медициналық технологияларды тестілеуге қатысуына.

15.9

Басқа ауруханаға жіберуге қатысты ақпарат пациент және оның отбасына беріледі, мысалы, бағасы, жол жүру, уақыт, емдеу ұзақтығы және күтілетін нәтиже.

15.10

Пациенттер және олардың отбасылары күтім және ауру туралы ақпаратпен мынадай жолдармен қамтамасыз етіледі:
1) денсаулық сақтау саласындағы мамандар жүргізетін денсаулық туралы ақпарат бойынша жүйелі сабақтар;
2) қолжетімді орындарда аурулардың профилактикасы, саламатты өмір салтын насихаттау туралы бейнематериалдардың, брошюралар мен басқа ақпараттардың болуы.

Пациенттің шағым беру тәртібі

15.11

Ұйымда пациенттер және олардың отбасыларынан құқықтарының бұзылуына қатысты шағым беру тәртібі бар, осыған байланысты медициналық ұйым:
1) пациенттер және олардың отбасыларына, ұйымға, пациенттердің құқықтарын қорғау ұйымына немесе сотқа қалай шағым беру туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді;
2) толтыруды қажет ететін шағым бланкінің көмегімен бұл рәсімді жеңілдетеді және еркін немесе ауызша түрде шағым қабылдайды;
3) шағымды жауапты тұлғаға тапсыруға мүмкіндік береді.

15.12

Шағымдарды жинау, басымдау, тексерудің, сондай-ақ әділ және уақтылы қанағаттандырудың құжатталған тәртібі бар және ол мыналарды қамтиды:
1) жазбаша растау (егер шағым бойынша пациент және оның отбасының қанағаттануына шаралар қабылданбаған болса);
2) шағымды тексеру, тартылған қызметкерлерге сұрау жүргізу;
3) шағым негізділігі туралы шешім шығару;
4) егер шағым негізді болса қажетті шаралар туралы шешім шығару;
5) пациент және оның отбасына тексеру барысы туралы белгілі уақыт аралығында ақпарат беру;
6) шағым берушіге және басқа да қатысқан тұлғаларға нәтиже туралы ақпарат беру.

15.13

Барлық шағымдар тізілімге енгізіледі, шағымдармен жұмыс істеу үдерісіне мониторинг жүргізіледі және нәтижелер сапаны арттыру үшін пайдаланылады.

Пациенттердің пікірлері

15.14

Ұйым пациенттер және олардың отбасыларының қызметтерге қанағаттану деңгейін үнемі бағалап отырады, атап айтқанда:
1) пациенттермен кері байланыс үшін пошта және электрондық мекенжай бойынша ақпарат ұсынады;
2) жазбаша түрде, телефон арқылы немесе пациенттердің өзінен алынған ескертпелердің, тілектер мен алғыстарды жазбаша түрде тіркейді;
3) көрсетілген қызмет пен персонал жұмысы, ақы төлеу жүйесі сияқты аспектілерді ескере отырып пациенттердің қанағаттануын анықтау үшін сауалнама жүргізеді;
4) сапаны арттыру үшін пайдаланылатын мәліметтер мен тенденцияларды талдайды және анықтайды.

16.0. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК, ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЖОСПАРЛАУ
Пациенттің талаптары дер кезінде қанағаттандырылады, және бағалау мен емдеуді жоспарлау және пациенттің күтімін қамтитын тиімді емдеуге жатқызу ұсынылады.

16.1

Медициналық ұйым қызметінің халық үшін қолжетімділігі мына жолдармен жүзеге асырылады:
1) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі тізіміне сәйкес тегін қызмет көрсетуді ұсыну;
2) көрсетілетін қызметтерге сәйкес пациенттер топтары үшін қызметтердің ыңғайлы жұмыс графигі;
3) медициналық қызметтер көлемі, жұмыс кестесі және жедел медициналық көмек алу тәртібі туралы халыққа ақпарат беру.

16.2

Байланыстың бірінші пункті, пациент:
1) ұйымның қызметтері қолайлы болатынын анықтау үшін пациент тексеруден өтеді;
2) содан кейін емдеуге жатқызылады немесе ең лайықты қызметке жіберіледі;
3) қажетті көмек алады.

16.3

Пациенттер уақтылы емдеуге жатқызылады, бұл кезде:
1) түсу уақыты мен қарау уақытының жазбасымен тиімді тіркеу рәсімі пайдаланылады;
2) пациенттің медициналық картасы ашылады;
3) қабылдау бөлімшесіне түскеннен кейін 15 минут ішінде қарау жүргізіледі;
4) бірінші кезекте өте ауыр жағдайдағы пациенттер қаралады;
5) палатаға/бөлімшеге жіберу алдында пациенттің санитариялық-гигиеналық талап-тілектеріне назар аударылады;
6) тамақтарды таңдауы және аллергиялық реакциялары анықталады;
7) қиын жағдайларды қоспағанда кез келген хирургиялық ресімдер алдында емдеуге жатқызу рәсімдері толтырылады.

16.4

Емдеуге жатқызылған пациенттер және олардың отбасыларына:
1) пациентерге келу кестесі ұсынылады;
2) келушілер үшін арнайы киім талаптарды туралы түсіндіріледі;
3) ауруханада болу бойынша нұсқаулықтардың стандарттық жиынтығы ұсынылады;
4) пациенттерге тәулік бойы жұмыс істеуге жарамды әжетханалардың, жуыну бөлмелері мен жуыну орындарының қайда екені көрсетіледі;
5) пациенттерге санитариялық-гигиеналық тәртіпке сәйкес өзінің ыңғайлы киімін киюге рұқсат беріледі;
6) пациенттерге таза төсек жаймалары мен жеке кереует беріледі;
7) емдеуге жатқызылғаннан кейін бір сағат ішінде алғашқы медициналық қарау жүргізіледі.

Бағалау

16.5

Пациенттің талаптары мен әлеуетті қауіптеріне мыналарға қатысты ақпарат жинау жолымен жан-жақты бағалау жүргізіледі:
1) ауру анамнезі, ағымдық дәрі-дәрмектік емдеу аллергиялық анамнезі;
2) өмірге маңызды көрсетімдер, салмағы мен қарау нәтижелері;
3) ауырсыну дәрежесі;
4) функциялық, эмоциялық және ақыл-ой күйі;
5) пациент және басқа адамдар үшін қауіп төндіруі мүмкін мінез-қылықтар;
6) мәдени және рухани байлықтар мен қажеттіліктер.

16.6

Білікті медициналық мамандар пациенттің жағдайына мүмкіндігінше жылдам бағалау жүргізеді:
1) пациенттің өзі және оның отбасының қатысуымен;
2) қарау нәтижелері мен алғашқы диагнозды пациенттің амбулаториялық картасына жазады.

16.7

Қажет жағдайда тиісті зертханалық талдаулар, рентген және басқа суреттер, басқа диагностикалық тестілер жасалады, олардың нәтижелері:
1) пациентке осындай жолдама берген дәрігерге хабарланады;
2) пациенттің амбулаториялық картасына алу күні мен уақыты көрсетіліп енгізіледі.

16.8

Ауыр жағдайдағы немесе ілеспелі патологиясы бар пациенттерге мынадай мақсаттарда уақтылы шаралар қолданылады:
1) тиісті мамандармен консилиум жүргізу;
2) басқа аурулардың диагнозын қою;
3) ауру мен асқынудың ықтимал ағымын қарау;
4) пациентті қайта қарау, асқынулар кезінде мәліметтерді пациенттің амбулаториялық картасына енгізу.

16.9

Пациенттердің жағдайлары белгілі уақыт аралығында мынадай мақсаттарда бағаланады:
1) емдеуге реакцияны анықтау;
2) бұдан әрі емдеуді немесе пациенттің оңалтуын жоспарлау;
3) қайта бағалау нәтижелерін пациенттің амбулаториялық картасына енгізу.

Пациентті емдеуді және оның күтімін жоспарлау

16.10

Пациентті емдеу және оның күтімінің жоспары мына жағдайларда әзірленеді және пациенттің сырқаттамасына енгізіледі:
1) пациент талаптарын бағалау, диагностикалық тестілер нәтижелері және түпкілікті және уақтылы қойылуы тиіс диагноздың негізінде (мүмкіндігі бойынша, емдеуге жатқызудан кейін үш күн ішінде);
2) дәлелдеу практикасы нұсқаулықтарының немесе клиникалық хаттамалардың негізінде;
3) пациент және оның отбасының қатысуымен;
4) пациенттің қалауы мен таңдауын көрсете отырып.

16.11

Пациентті емдеу және оның күтімінің жоспары кешенді болып табылады және мыналарды қамтиды:
1) емдеу және күтімнің мақсаттары және күтілетін нәтижелер;
2) ұсынылатын қызметтер және емдеу (қанша, қаншалықты жиі, қайда, кім);
3) емдеу жоспары;
4) мониторинг кестесі;
5) шығаруды, ауыстыруды немесе пациент шығарылғаннан кейін емдеуді жоспарлау.

16.12

Емдеу қауіптері және жабдықты пайдалану:
1) бағаланған және бұл қауіптерді басқару пациентті емдеу және оның күтімінің жоспарына енгізілген;
2) дәрілерге аллергияны, антибиотикке резистенттікті, лазерлерді пайдалану салдарынан өрт/жарақат қауіптерін, диабет сияқты созылмалы аурулар нәтижесіндегі қауіптерді, ЖИТС, АИТВ және вирусты гепатит жұқпалы аурулар қауіптерін қамтиды.

17.0. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІ ҰСЫНУ
Пациентті уақтылы және қауіпсіз емдеу және оның күтімі пациентті емдеу және оның күтімінің жоспарына сәйкес көрсетіледі және қызметтерді көрсету жоспарға сәйкес аяқталады.

17.1

Пациентті емдеу және оның күтімі пациентті емдеу және оның күтімінің жоспарына және клиникалық нұсқаулықтар мен стандарттарға сәйкес көрсетіледі:
1) пациентті емдеу және оның күтіміне қатысты кіші медперсонал және медициналық мамандар күтім жоспарымен танысқан;
2) қызметтер уақтылы және белгіленген жүйелікпен көрсетіледі;
3) тиісті әдістер мен жабдық пайдаланылады.

17.2

Білікті тұлғалар:
1) әрбір емдеу кезеңінде пациентті емдеу және оның күтіміне жауап береді;
2) жауапты тұлғалар ретінде персоналға таныс;
3) пациенттің амбулаториялық картасына енгізілген.

17.3

Пациенттер талаптары бойынша мынадай жолдармен көмек алуға мүмкіндігі бар:
1) кереует басында қолжетімді жеңіл жұмыс істеп тұрған қоңырау;
2) мейіргерлердің постылары пациенттер жақсы көрінетін жерлерде орналасқан;
3) медициналық персонал кезекшілік кестесіне сәйкес кез келген уақытта қолжетімді;
4) арнайы емдеуді қажет ететін және олар туралы емдеуші дәрігер немесе пациенттер ақпарат берген пациенттерді кезекші дәрігер қарайды.

17.4

Пациенттердің ауырсыну деңгейі тиісті медициналық аспапты/шкаланы пайдалана отырып үнемі бағаланып отырады және ауырсыну мен қайғыдан құтқарудың соңғы әдістер мен технологияларға сәйкес жүзеге асырылады.

17.5

Пациенттің қауіпсіздігі мынадай жолмен қамтамасыз етіледі:
1) дәрілік препараттарды тағайындау кезінде әр түрлі екі әдіспен, клиникалық талдау үшін қан үлгілерін және басқа үлгілерді іріктей отырып немесе кез келген басқа емдеуді немесе рәсімді ұсына отырып, пациентті сәйкестендіру;
2) дене учаскелерін диагностикалық немесе емдеу рәсімін жүргізгенге дейін анықтау;
3) толық тапсырыстың жазылған мәтінін қайталап тексеруді қажет ететін ауызша немесе телефон арқылы берілген тапсырыстарды қабылдау процесін пайдалану.

17.6

Дәрі-дәрмекпен емдеуге байланысты әлеуетті қауіпті қосқанда әрбір пациенттің құлау қаупі:
1) бағаланады және уақыт өте қайталап бағаланады;
2) қауіптер табылған жерлерде шаралар қабылдау жолымен төмендетіледі немесе жойылады.

17.7

Пациентке қызметтер көрсетудің барлық уақыты ішінде әр түрлі қызметтер арасында тұтастық пен үздіксіздік мынадай жолдармен сақталады:
1) әрбір пациенттің жеке талаптары және қойылған міндеттерді орындау бойынша персонал үшін таныстыру нұсқаулығын жүргізу;
2) күтім жасаушы топ пациент жағдайының динамикасына жүйелі түрде талқылау жасап отыруы;
3) әрбір пациенттің жағдайы бойынша жаңартылған ақпаратты қосқанда, кез-келген қақтығыстар туралы хабарлау және пациенттер туралы сұрақ қою және оларға жауап беру мүмкіндігін ұсына отырып бейіндер арасында сабақтастыққа өткізуге стандарттық тәсілді пайдалану;
4) пациентті алып жүруге қажетті тиісті ақпаратпен пациентті бір бөлімшеден басқа басқа бөлімшеге ауыстыру бойынша рәсімдер кешенінің сақталуы;
5) дәл және уақтылы жазбалар енгізілген пациенттің медициналық картасын жүргізу.

17.8

Мақсаттарға және оны емдеу жоспарында күтілетін нәтижелерге қол жеткізуде пациент жағдайының динамикасы:
1) пациент және оның отбасымен үйлестіруде жүйелі түрде қадағаланады;
2) бағалаудың сандық және сапалық әдістерін пайдалана отырып өлшенеді;
3) пациенттің медициналық картасына енгізіледі.

17.9

Пациентті емдеу жоспарлы қайталап бағалау нәтижелеріне және белгілі мақсаттарға мыналардың көмегімен қол жеткізу прогресіне сәйкес қайта қаралады:
1) пациенттерге олардың мақсаттарына қол жеткізуге кедергі жасаушы кедергілерді анықтау және қарау;
2) жағдайларға, мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге, емдеу режимдері мен уақыт шеңберлеріне байланысты қайта қарау.

17.10

Пациенттерді сәйкестендіру коэффициенті:
1) белгілі уақыт аралығында бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде беріледі.

17.11

Өту пункттерінде ақпарат берудегі қателер коэффициенті (сменаны өткізу кезінде, қызметті ауыстыру, қызмет арасындағы қозғалыс):
1) белгілі уақыт аралығында бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде беріледі.

Қызмет көрсетуді аяқтау

17.12

Персонал пациенттерді ауыстыруға, шығаруға немесе қызмет көрсетуді аяқтауға және оны кейін емдеуде қолдануға болатын мынадай жолдармен дайындайды:
1) пациент және оның отбасына жеткізілетін қызмет көрсетуді аяқтауды жоспарлау;
2) пациентті шығаруға/ауыстыруға дайындығын және оның күнделікті талаптарын бағалау және құжаттау;
3) кейінгі күтім мен емдеуді қажет ететін кезде басқа емдеу ұйымдарының қатысуы;
4) қызмет көрсетуді аяқтау бойынша болашақтағы тағайындаулар немесе басқа келісімдер мен шарттар;
5) көрсетілген күтім мен емдеудің нәтижелерін шолу және қызметтердің соңына дейін кейінгі өзара іс-қимыл;
6) пациенттің медициналық картасына кейінгі жоспарларды және пациентті емдеу немесе басқа ұйымдарға жіберуді енгізу.

17.13

Шығару эпикризі толтырылады және:
1) пациентке шығуға немесе ауысуға дейін бір сағат ішінде беріледі;
2) құрамына:
емдеуге жатқызу себептері;
маңызды қорытындылар;
диагноз;
кезкелген орындалған емшаралар;
кезкелген тағайындалған дәрілік препараттар және басқа емдеу түрлері;
шығару кезіндегі пациенттің жағдайы;
шығару кезіндегі дәрілік препараттар және кейінгі нұсқаулықтар;
күтім мен емдеудің мақсаттарына қол жеткізілгенін көрсету;
пациенттің емделуі мен бақылануы бойынша ұсынымдар кіреді;
3) өлім оқиғасы жағдайында тиісті ақпарат уәкілетті мекемеге жіберіледі.

17.14

Персонал өлім алдында жатқан пациенттердің қажеттіліктерін мынадай жолдармен қанағаттандырады:
1) ауырсыну және симптомдарды азайтуға көмектесу;
2) сыйлау және жанашырлық көмек көрсету;
3) ауру прогресіне, симптомдарға және күтімнің басқа нұсқаларына қатысты ағымдық коммуникацияны қамтамасыз ету;
4) олардың оңаша қалу, рухани және мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру, сондай-ақ психологиялық және эмоционалдық қолдау көрсету;
5) оларға және олардың отбасыларына қайғылы жағдайға дайындауда қолдау көрсету.

18.0. АНЕСТЕЗИЯ ЖӘНЕ ХИРУРГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ
Анестезия және хирургиялық емдеу пациенттің белгілі қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында оған уақтылы және қауіпсіз негізде көрсетіледі.

18.1

Анестезия (оның ішінде терең седация) және хирургиялық қызметтерді жазбаша саясаттар мен рәсімдерге сәйкес білікті мамандар орындайды және жұмыс уақытында қолжетімді, сондай-ақ жұмыстан тыс уақытта шұғыл көмек көрсету үшін шаралар қабылданады.

18.2

Әрбір пациент:
1) анестезия алдында білікті мамандар бағалауынан өтеді;
2) енгізілетін наркоз алдында тікелей қайта бағалаудан өтеді;
3) ықтимал қауіптер және анестезияның артықшылықтары мен баламалы тактикалар туралы ақпарат алады.

18.3

Анестезия кезіндегі пациенттің физиологиялық күйі анестезиологтің үздіксіз бақылауында болады. Операциядан кейінгі палатада анестезиядан кейін пациентке білікті мейіргер бақылау жасайды.

18.4

Анестезия/седация ағымының жазбасы мыналарды қамтиды:
1) пациентке енгізілген дәрілік препараттар, сұйықтықтар, қан препараттары және қан алмастырушылары бойынша ақпарат;
2) нақты пайдаланылған анестезиологиялық препараттар туралы ақпарат;
3) кез келген тосын оқиғалар немесе анестезиологиялық құралдың асқынулары;
4) анестезияның басталу және аяқталу уақыты;
5) анестезиолог немесе білікті дәрігердің тегі және қолы.

18.5

Жағдайды мониторингілеу нәтижелерін құжаттау негізінде білікті маман оңалту кезінде пациентті бейінді бөлімшеге ауыстырады және түсу, шығу немесе ауыстыру уақыты тіркеледі.

18.6

Анестезиологиялық құралдың әрбір кезеңі пациенттің медициналық картасына жазылады.

18.7

Хирургиялық көмек операция алдындағы бағалау, операция алдындағы диагноз және пациент және оның отбасын емдеудің болжамды көлемі, ықтимал қауіптер мен баламалы әдістерді талқылау нәтижелері негізінде жоспарланады және құжатталады.

18.8

Персонал операция кезінде пациенттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мыналарды қоса алғанда белгілі рәсімдер бойынша жұмыс істейді:
1) операциялық немесе инвазиялық араласулардың алдында тиісті құжаттардың дұрыстығын анықтау және қажетті жұмыс істеп тұрған жабдықтың болуын тексеру;
2) тікелей хирургиялық немесе инвазиялық рәсімдерінің алдында пациентті сәйкестендіруді, жоспарланып отырған ресімді және араласу учаскесін анықтауды жүргізу;
3) хирургиялық операция немесе инвазиялық ресімдердің болжамды орнында пациенттің қатысуымен таңбалау жасау;
4) операциялық араласулардың алдында және кейін жұмсақ және қатты инвентарьдің дәл мөлшеріне есеп жүргізу.

18.9

Күндізгі стационар жағдайларында пациентті шығарғанға дейін медициналық картада мыналарды қамтитын хирургиялық араласулар туралы толық жазбаша есеп беріледі:
1) хирургиялық рәсімдерді сипаттау;
2) нәтижелер;
3) тін үлгілерін алу туралы ақпарат;
4) хирург және ассистенттердің, операциялық мейіргердің ТАӘ.

18.10

ДДСҰ ұсынған хирургиялық қауіпсіздік бойынша бақылау тізбесін пайдалану коэффициенті:
1) белгілі уақыт аралығында бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде беріледі.

18.11

Есірткі препараттарын негізсіз пайдалану коэффициенті:
1) белгілі уақыт аралығында бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде беріледі.

19.0. ЗЕРТХАНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Медициналық ұйымдағы зертханалық қызметтердің көлемі нақты белгіленген

19.1

Көрсетілетін қызметтер және оларды ұйымдастыру анық сипатталған және мыналарды қамтуы мүмкін:
- гистопатология және цитология;
- клиникалық химия;
- гематология;
- микробиология (бактериология);
- паразитология;
- диагностикалық иммунология және серология;
- радиоиммуноанализ;
- жалпы клиника;
- молекулярлық-биологиялық (генетикалықты қамтиды) талдау;
- химиялық-токсикологиялық талдау;
- вирусология.

19.2

Қағидалар мен рәсімдер зертханалық қызмет шеңберінде іс-шараларды белгілейді.

Зертханадағы сапаны басқару жүйесі

19.3

Өзін өзі бағалау қағидаты бойынша ISO стандарттарына жүйелі мониторинг жүргізіледі

19.4

Сапаны арттыру жоспары дайындалған және іске асырылған, сондай-ақ мониторинг және ISO сапаны бақылау нәтижелеріне негізделген

Зертханалық қызмет басшылығы

19.5

Зертханалық қызмет басшысының тиісті мамандығы бар (клиникалық және басқарушылық талаптарды қосқанда).

19.6

Зертханалық қызмет басшысының лауазымдық міндеттерінің сипаттамасы келесі міндеттерді анықтайды:
1) персоналдың клиникалық және техникалық құзыретіне шолу жасау;
2) өкілеттіктерді беру, егер қолдануға болатын болса;
3) шағымдарды талқылауға қатысу;
4) жаңа жабдықты бағалау кезінде консультациялық көмек;
5) клиникалық және техникалық рәсімдер, қазіргі таңдаулы практика және клиникалық және техникалық персонал үшін маңызды ғылыми табыстар бойынша консультациялық көмек көрсету;
6) барлық клиникалық және техникалық қағидаларды, үдерістер мен рәсімдерді әзірлеуді ұйымдастыру;
7) зертханалық қызметтердің сапасын басқару жүйесін құру және жұмыс істеуіне жауап береді.

19.7

Зертханалық қызмет басшысы зертханалық қызмет сапасын басқару жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

19.8

Зертханалық қызмет басшысы барлық зертханалық қызметтердің белгіленген қағидалар мен рәсімдерге сәйкес көрсетілуін қамтамасыз етеді.

19.9

Зертханалық қызмет басшысы сапаның үздіксіз мониторингі жүргізілуін және сапаны арттырудың күнделікті жоспарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Сапалы зертханалық қызметтер көрсетуге арналған ресурстар

19.10

Зертханалық қызметтер көлемін көрсетуге қабілетті құзыретті персоналдың жеткілікті саны бар

19.11

Зертханалық қызметтер көлемін көрсету үшін тиісті жабдық бар, сондай-ақ жабдықты пайдалану рәсімі белгіленген:
1) іріктеу;
2) жұмысты, нәтижелілікті қосқанда біліктілік;
3) сәйкестендіру және пайдалану;
4) техникалық қызмет көрсету;
5) калибрлеу;
6) дабыл қағу жүйесі, егер қолдануға болатын болса;
7) электрондық жазба жүйесін қосқанда ақпараттық жүйелер;
8) жабдықтың үздіксіз электрлік қуат алуын қамтамасыз ету жүйесі.

19.12

Зертхананың ғимараты мен инфрақұрылымы зертханалық қызметтер көлемін қауіпсіз көрсетуге лайық

20.0. ҚАН ЖӘНЕ ОНЫҢ КОМПОНЕНТТЕРІН ҚҰЮ ҚЫЗМЕТІ
Қан құю қызметтері уақтылы және қауіпсіз жолмен көрсетіледі және пациенттің анықталған қажеттіліктеріне сәйкес келеді.

Реципиенттің ақпараттандырылған келісімі

20.1

Реципиенттің ақпараттандырылған келісімін алу бойынша персонал құжатталған саясаттар мен ресімдерге сүйенеді, ол мыналарды қамтиды:
1) жоғары қауіппен байланысты, ескі ресімдер және қиын рәсімдер үшін келісім алу;
2) өзінің келісімі туралы шешім қабылдауға реципиенттің мүмкіндігін анықтау;
3) реципиенттен басқа кім келісім бере алатынын анықтау;
4) әлеуетті қауіпті пациенттермен немесе емдеуден бас тартқан пациенттермен жұмыс істеу;
6) ақпараттандырылған шешімдерді құжаттау және оларды кім қабылдады.

Емдеу мақсаттарында донорлық қан және оның компоненттерін қолдану негізділігі

20.2

Реципиент карталарының актуалдылығы, дәлдігі мен толықтығы сақталады, оларда қан және оның компоненттерін құю рәсімдерінің негізділігі және мониторингі беріледі:
1) емдеу және күтім жоспарының жүзеге асыру дәлелдері;
2) құю егжей-тегжейлілігі мен аяқталулары;
3) реципиентке берілген ақпарат және алынған келісім;
4) пациент денсаулығындағы кез келген өзгерістер;
5) емдеуге реакциялар;
6) кез келген әлеуетті қауіпті оқиғалар, жанжалдар немесе жағымсыз оқиғалар, мысалы, құю кезіндегі жанама әсерлер.

Ауытқулар, сәйкессіздіктер және жағымсыз оқиғалар

20.3

Қан және оның компоненттерін құюға қатысты ауытқулар, сәйкессіздіктер және жағымсыз оқиғаларға орай әрекет ету механизмдері бар:
1) осындай оқиғалар бойынша бағалау және есептілік механизмдері;
2) ұйымның басшысы жағымсыз оқиғалар бойынша есептілік рәсімдерін даярлауға жауапты.

20.4

Рәсім қан құюға қатысы бар әр түрлі жағымсыз оқиғалардың типтері кезінде қолданылуы қажет, тану, бағалау және тексеру бойынша қадамдарды қамтуы тиіс:
1) қан құю кезіндегі жылдам реакция;
2) қан құю кезіндегі баяу реакция;
3) қан құю кезіндегі берілетін аурулар.

20.5

Қан құю қызметі бұл қанды бұрын алған реципиенттерді табу бойынша үдерістер мен рәсімдерді әзірлеуге жауап береді.

Трансфузиология бойынша қызметтер көрсетуге арналған қауіпсіз орта

20.6

Персонал трансфузиология бойынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету рәсімдеріне тиісті түрде оқудан өткен.

20.7

Медициналық ұйымның қоршаған ортасы трансфузиология бойынша қауіпсіз қызметтер көрсетуді қамтамасыз етеді.

20.8

Қан және оның өнімдерін сақтау үшін және трансфузиология бойынша рәсімдер жүргізу үшін жабдық және шығыс материалдары бар.

Трансфузиология бойынша саясаттар және рәсімдер

20.9

Қан құю қызметі донорлық қан және оның компоненттері қорын басқару бойынша саясатты, үдерістер және рәсімдерді әзірлейді.

20.10

Қан құю қызметі донорлық қан және оның компоненттерін аллогендік және аутологиялық құю үшін трансфузия алдындағы тестілеу бойынша саясатты, үдерістер және рәсімдерді әзірлейді, олар қан тобын және резус тиістілігін растауды, қажет емес клиникалық елеулі эритроциттерге қарсы антиденелерді, реципиенттің қан үлгілері және донордың эритроциттері арасында серологиялық сыйымдылық жүргізуді қамтиды.

20.11

Қан құю қызметі саясатты, үдерістер және рәсімдерді әзірлейді, олар мыналарға қойылатын талаптарды қамтиды:
1) реципиенттердің қан үлгілерін жинау және сақтау;
2) реципиентті сәйкестендіру;
3) реципиенттің қан үлгілерін кемінде екі тәуелсіз идентификаторлардың сәйкестендіруі;
4) күнді, уақытты және жинау жүргізген тұлғаны құжаттау;
5) уәкілетті тұлға қол қойған, донорлық қан және оның компоненттеріне сұрату тәртібі.

20.12

Қан құю қызметі донорлық қан және оның компоненттерін нәрестелерге құю кезінде трансфузия алдындағы тестілеу бойынша саясатты, үдерістер және рәсімдерді әзірлейді.

20.13

Қан құю қызметі инфекциялық және иммунологиялық қауіпсіздікті (лейкофильтрлеу, вирусты инактивтеу, сәулелеу) және донорлардың қандарын жеке таңдауға арналған көрсетімдерді қамтамасыз ету үшін қосымша өңдеуден өткен донорлық қан және оның компоненттерін қолдану бойынша саясатты, үдерістер және рәсімдерді әзірлейді.

21.0. ДӘРІ-ДӘРМЕКТЕР МЕНЕДЖМЕНТІ
Дәрілік заттарды басқару және пайдалану қауіпсіз, тиімді және ұтымды болып табылады.

21.1

Сертификатталған білікті фармацевт:
1) дәрілік заттарды таңдауды, тапсырыс беруді, таратуды және бөлуді жүргізеді;
2) медициналық персонал көрсететін фармацевтикалық қызметтерді бақылайды;
3) тағайындалған дәрілік заттардың мониторингін жүргізеді;
4) персонал және пациенттерге консультация береді.

21.2

Ұйым негізгі дәрілік заттардың бекітілген тізбесін (дәрілік формуляр) пайдаланады, ол:
1) көрсетілетін қызметтер, пациенттің қажеттіліктері, ғылыми негізділігі және экономикалық тиімділігін ескеріп даярланады;
2) ұйымда қолданылатын дәрілік препараттардың қажетті терапиялық топтарын қамтиды;
3) ұйымда қолданылатын жоғары қауіпті дәрілік препараттардың тізімін қамтиды;
4) барлық клиникалық бөлімшелердегі медициналық персонал үшін қолжетімді;
5) ағымдық болып табылады және жылына кемінде бір рет жаңартылып отырады.

21.3

Күтпеген оқиғалар кезінде, мысалы жүрек тоқтап қалған кезде, шұғыл қажет болып қалуы мүмкін реанимациялық сөмке немесе дәрілік препараттар салынған арба:
1) пациенттер болатын барлық орындарда болуы тиіс;
2) пайдаланылмайтын кезде жабық болуы немесе қабырғаға бекітілуі тиіс (арбаға салынғанда);
3) бекітілген тізбеге сәйкес жинақталуы тиіс;
4) шұғыл көмек көрсету бойынша нұсқаулықты қосқанда пайдаланғаннан кейін толық жинақталуы тиіс.

21.4

Қатаң есепке алынуы тиіс дәрілік заттарға тапсырыс беру, сақтау, пайдалану және санақтан шығару бекітілген қағидалар мен ресімдерге сәйкес жүйеленеді:
1) қабырғаға немесе еденге мықтап бекітілген жеке металл шкафында сақталады;
2) тапсырысты есепке алу-есеп беру құжаттамасын толтырып, уәкілетті маман жасайды;
3) барлық доза есептелген және дәрі-дәрмектерді есепке алу кітабында тіркелген.

21.5

Жарамдылық мерзімі өткен немесе басқа себептер бойынша санақтан шығарылған барлық дәрілік заттар (оның ішінде пациенттерге қайтарылған препараттар да бар, қатаң есепке алынуы тиіс пайдаланылмаған дәрілік заттар) жазбаша рәсімге сәйкес қауіпсіз жойылады.

21.6

Медициналық ұйым дәрілік заттарды пайдалану қауіпсіздігін арттыру бойынша тәсілдерді әзірлейді:
1) құнарландырылған дәрілік заттар персоналға пайдалану алдында араластыру қажеттігі туралы қосымша ескертпесі бар басқа дәрілік заттардан жеке сақталады;
2) құнарландырылған электролиттерді (калий хлоридін, калий фосфатын, натрий хлоридін >0.9%, магний сульфатын және басқаларды қосқанда) пациенттер болатын орындарда сақтауға тыйым салынады;
3) зарарсыз аймақтардағы барлық дәрілік заттар, дәрі-дәрмектерге арналған контейнерлер, шприцтер, көктамырға құюға арналған системалар, ішкізу құралдары таңбаланады;
4) жоғары қауіпті препараттарды, ұқсас орауы бар немесе үндес препараттарды қолдану және тағайындау қателіктерінің алдын алу мақсатында процестер енгізілген және пайдаланылады.

21.7

Стационарда мыналарды қамтамасыз етуші жүйе жұмыс істейді, жазылған рецептілерді:
1) рецептуралық препараттарды тағайындауға тек құқығы бар уәкілетті қызметкерлер береді (тіркелген тәжірибемен айналысушы дәрігерлер);
2) түсінікті болып табылады және дәрігер тиісті түрде қол қояды;
3) пациенттің жасы мен жынысын, алдын ала бекітілген диагнозды, дәрілік препараттарды қабылдау жиілігі мен ұзақтығын, мөлшерін, формасын қамтиды.

21.8

Персонал уақыт шеңбері және медициналық, мейіргерлік және фармацевтикалық персоналмен келісілген, төтенше жағдайларда дәрі-дәрмектерге ауызша тапсырыс беру үшін тапсырыс тәсілін қосқанда жазбаша саясатты орындайды.

21.9

Дәріханада берілген барлық дәрілік заттардың ең аз дегенде мынадай таңбалануы болуы тиіс:
1) пациенттің аты-жөні;
2) дәрілік препараттың атауы және оның концентрациясын көрсету;
3) жарамдылық мерзімі;
4) қабылданатын мөлшер мен жиілік;
5) қажет жағдайда пайдалану бойынша жазбаша нұсқаулықты пайдалану.

21.10

Пациентке, шығарылатын пациентті қосқанда, мыналарды қамти отырып, жазылған дәрілік препаратқа қатысты жазбаша және ауызша ақпарат беріледі:
1) бағасы, егер қолданылатын болса;
2) оңды әсері (нәтижелілігі) және жанама әсерлері;
3) нұсқаулықтарды орындамау қаупі;
4) дәрілік препаратты пайдаланудың қауіпсіз және тиісті тәсілі.

21.11

Дәрілік препараттарды тағайындауларға арналған, бекітілген ауруханалық нысан бар, оған сәйкес жеке клиент/пациент үшін барлық дәрілік препараттар тағайындалады.

21.12

Жеке пациент үшін барлық дәрілік препараттар медициналық ұйымның дәрілік формуляры және дәрілік препараттарды тағайындауға арналған бекітілген ауруханалық нысанға сәйкес жазылады:
1) пациенттің аты-жөні және тіркеу нөмірі;
2) күні;
3) диагнозы;
4) дәрілік препарат, қабылданатын мөлшер мен жиілік, және берілетін мөлшер;
5) қабылдау ұзақтығы;
6) тағайындаған дәрігердің Т.А.Ә. және құрылымдық бөлімшенің атауы.

21.13

Ұйым мыналарды қосқанда дәрілік препараттарды қауіпсіз және дәл тағайындау бойынша саясат пен рәсімдерді белгілейді:
1) дәрілік препараттарды тек дәрігерлер тағайындауы тиіс;
2) дәрілік препараттар бес «дұрыс» талапқа сәйкес тағайындалады - дұрыс дәрі, дұрыс мөлшер, дұрыс қабылдау тәсілі, дұрыс уақыт және дұрыс пациент;
3) пациенттерге дәрілік препараттардың жанама әсерлері туралы ақпарат береді;
4) дәрілік препараттарды өз еркімен қабылдауына болады;
5) күтпеген оқиға жағдайында педиатриялық дәрілік препараттардың қауіпсіз мөлшері, егер қолдануға болатын болса;
6) парентеральдық қоректендіруді тағайындауға көрсетімдер;
7) дәрілік препараттың әрбір қабылданған мөлшерін құжаттап белгілеу.

21.14

Дәрілік препараттарды қауіпсіз, тиімді және үнемді қолдануға тағайындау мониторингі бойынша фармацевтикалық қызмет мыналардың көмегімен мүмкіндік туғызады:
1) сәйкес келмейтін дәрілік препараты анықтау;
2) жағымсыз реакциялардың мониторингі;
3) жоғары қаупі барлық дәрілік препараттардың мониторингі;
4) тиімді пайдалануға антибиотиктердің мониторингі;
5) тарату және дәрі-дәрмекпен басқа қателердің мониторингі;
6) дәрілік препараттарды таңбалау дұрыстығы мен ораудағы жапсырма-қағаздағы ақпаратты тексеру;
7) дәрілік препараттардың сапасы мен жарамдылық бағалау үшін көзбен шолып тексеру;
8) үнемді және қымбат емес дәрілік препараттардың тағайындалуына жағдай жасау.

21.15

Профилактикалық антибиотиктерді тиісті пайдалану коэффициенті (міндетті және уақтылы енгізу):
1) белгілі уақыт аралығында бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде беріледі.

21.16

Дәрі-дәрмектерді тағайындау және беру қателерінің коэффициенті (дұрыс емес дәрі, дұрыс емес мөлшер, дұрыс емес басқару):
1) белгілі уақыт аралығында бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде беріледі.

22.0. МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТА
Пациенттің медициналық картасында дұрыс, дәл және жан-жақты мәліметтер берілген және пациентті қауіпсіз және үздіксіз емдеуді қамтамасыз етуге арналған.

22.1

Персонал пациенттер туралы медициналық жазбаларды басқарудың құжатталған процесін орындайды:
1) пациенттерге идентификаторды қосқанда жүргізілетін жазбалар;
2) тек жалпыға белгілі символдар мен қысқартуларды пайдалану;
3) медициналық жазбалардағы ақпаратты іздеуді жеңілдету мақсатында стандартталған форматты сақтау;
4) медициналық қызметкерлердің медициналық құжаттарды уақтылы толтыруы;
5) пациенттің медициналық құжаттарын сақтау, қорғау, қалпына келтіру және мұрағаттау.

22.2

Әрбір пациентке бірыңғай біріктірілген медициналық карта ашылған, оған дәрігерлердің мультитәртіптік топтарынан алынған және хронологиялық тәртіппен толтырылған барлық ақпарат енгізілген, оның арқасында мыналарды қосқанда тиімді коммуникация және емдеу мен күтімнің үздіксіздігін іске асыруға болады:
1) түсу күні мен уақыты;
2) пациенттің жағдайын бағалау, хирургиялық бөлімшелерде пациенттерге анестезиологиялық және хирургиялық бағалау жүргізу;
3) ауру сырқатнамасы;
4) басқа қызмет орындаған әрбір жазба бойынша құжатталып толтырылған диагноз;
5) клиникалық қарау;
6) мақсаттар мен күтілетін нәтижелерді қосқанда пациентті емдеу және күтімінің жоспары;
7) пациенттің күтіміндегі кейінгі әрекеттердің жоспары;
8) дәрілік заттарды тағайындау;
9) емдеу-диагностикалық зерттеулерді жоспарлау және алынған нәтижелерді түсіндіру;
10) емдеу және күтімінің басқа мәліметтері.

22.3

Пациенттің медициналық картасындағы, өзгерістерді қосқанда барлық жазбаларды тек уәкілетті тұлғалар енгізеді:
1) жазбалар түсінікті;
2) жазбалар уақтылы жүргізіледі;
3) ТАӘ көрсетіліп қол қойылады;
4) өткізілетін іс-шаралардың уақыты қосылады.

22.4

Пациенттің медициналық картасында аллергиялық сырқатнама, дәрілік заттарға жағымсыз реакциялар, радиоактивтік қауіп және жұқтыру қаупі сияқты пациенттің жағымсыз жағдайлары туралы персоналды ескертуші жазбалар бар.

22.5

Пациенттің медициналық картасында мыналарды қосқанда пациентті емдеу және күтімі жоспарын іске асыру туралы куәлік бар:
1) байқау;
2) консультациялар туралы жазбалар;
3) мәліметтер және араласулар нәтижелері, және алынған ақпараттандырылған келісім;
4) операциялар, пациент жағдайының өзгеруі сияқты барлық елеулі оқиғалар туралы жазбалар;
5) емдеу және күтімге организмнің реакциясы, сондай-ақ мақсаттарға жету прогресі;
6) кез келген қателер, жанжалдар немесе жағымсыз оқиғалар.

22.6

Пациенттерді жібергеннен кейін немесе пациентке қызметтер көрсетуден кейін басқа медициналық ұйымдарға және өнім берушілерге көрсетілген медициналық қызметтер туралы ақпараттың көшірмесі оның медициналық картасында сақталуы тиіс.

22.7

Медициналық құжаттамаға оның толық, дәл және уақтылы толтырылуын анықтау мақсатында жоспарланған тексерулер жүргізіледі.

22.8

Пациентердің медициналық құжаттамасына байланысты қателер коэффициенті:
1) белгілі уақыт аралығында бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде беріледі.

22.9

Жүргізілген аудиттер коэффициенті (ішкі аудит қызметі):
1) белгілі уақыт аралығында бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде беріледі.

23.0. ПАЦИЕНТТІ ЕМДЕУ ЖӘНЕ КҮТІМ САПАСЫ
Ұйым клиникалық үдерістерді және пациенттің күтіміне байланысты процестердің сапасын үнемі қадағалайды, бағалайды және жақсартады.

23.1

Барлық емдеу-профилактикалық рәсімдер бойынша стандартталған рәсімдер, клиникалық нұсқаулықтар және хаттамалар және алгоритмдер бар, олар:
1) ғылыми зерттеулер мен дәлелдердің негізінде әзірленеді;
2) медициналық ұйымның басшысы бекітеді;
3) рәсімдерді орындау бойынша персоналды оқыту және аттестаттау жүргізу үшін пайдаланылады (кем дегенде жылына бір рет);
4) тағайындалған персонал орындайды.

23.2

Клиникалық сапа және жақсартуға арналған нәтижелер тексеріледі:
1) стандарттарға, стратегиялар және рәсімдерге сәйкестігін бағалау үшін науқастың медициналық карталарына сараптама жүргізу кестесі;
2) нормативтік актілерге сәйкес міндетті сараптамаға жатқызылатын оқиғаларды талдау.

23.3

Пациентке медициналық қызметтерді ұсыну қадағаланады, нәтижелері келесі аспектілерді жақсарту үшін пайдаланылады:
1) күту уақыты;
2) пациент жағдайын бағалау;
3) хирургиялық және инвазиялық рәсімдер;
4) анестезияны, бір қалыпты және терең седацияны, сондай-ақ жоғары қауіп пайызын құраушы басқа үдерістерді пайдалану;
5) қан және қан өнімдерін пайдалану;
6) медициналық құжаттаманың болуы, мазмұны және жүргізілуі;
7) инфекциялық бақылау және есептілік;
8) антибиотиктерді тиімді пайдалану;
9) дәрілік заттарды тағайындау қателіктері және препараттарды пайдалану кезінде жағымсыз реакциялар;
10) шектеулерді және оқшаулауды пайдалану.

23.4

Дәрілік препараттарды тағайындау кезінде қателерін табу және дәрілік заттарды пайдалану кезінде жағымсыз оқиғалар туралы ақпарат беру үдерісі енгізілді:
1) ақпарат белгіленген рәсімге сәйкес уақтылы хабарланады;
2) алынған мәліметтердің талдауы дәрілік препараттарды тағайындау және пайдалану кезінде қателер деңгейін төмендету мақсатында сапаны жақсарту үшін пайдаланылады.

23.5

Медициналық ұйымда емдеу және антибиотиктерге резистенттіктің дамуын, дәрілік препараттарды ұтымды пайдалануды бақылау тиімділігін анықтау үшін пациенттерді емдеуде бактерияға қарсы препараттарды пайдалануды талдайтын Формулярлық комиссия құрылған.

21.6

Басымды аурулар және негізгі клиникалық үдерістер, мысалы, күту уақыты, қайта емдеуге жатқызу, дәрілік препараттарды тағайындау кезінде қателер үшін әзірленген көрсеткіштер, инфекция деңгейі:
1) үздіксіз негізде анықталады;
2) келісілген жиілікпен өлшенеді;
3) ақпарат тиісті комитеттерге, басшылық пен персоналға беріледі;
4) белгілі уақыт аралығында көрсетілген қызметтер бастапқы мәліметтермен салыстырылады;
5) ақпарат сапаны арттыру үшін пайдаланылады.

23.7

Әрбір өлім-жітім оқиғасына байланысты емдеу дәрігері,бөлім меңгерушісі,ұйым басшысы мен орынбасарлары, патологоанатомиялық мамандардың қатысуымен мынадай мақсаттарда конференция жүргізіледі:
1) бұл оқиғаны талқылау;
2) өліммен аяқталу оқиғасы себебін (себептерін) талдау;
3) анықталған қауіптердің қайта пайда болуының алдын алу шараларына есеп беру.

23.8

Өліммен аяқталу оқиғаларын зерделеу комиссиясы (ӨАОЗК ):
1) медициналық ұйымның басшысы құрады;
2) комиссия барлық өлім оқиғаларын қарайды және тексереді;
3) комиссия өлім себептеріне талдау жүргізеді;
4) комиссия өлім санын төмендету мақсатында үдерістерді жақсарту бойынша ұсынымдар береді;
5) есеп медициналық ұйымның басшысына беріледі.
6) айына бір рет және бұдан әрі қажеттілігіне қарай ауруханалық өлім-жітіммен күрес туралы аурухананың персоналымен семинар өткізіледі.

ҚЫСҚАРТУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

ДДСҰ  - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
АИТВ  - Адам иммунтапшылығының вирусы
ӨАОЗК - Өлім-жітіммен аяқталу оқиғаларын зерделеу комиссиясы
НҚА   - Нормативтік құқықтық актілері
МСАК  - Медициналық-санитариялық алғашқы көмек
ҚР    - Қазақстан Республикасы
СТН   - Салық төлеушінің тіркеу нөмірі
ТАӘ   - Тегі, аты, әкесінің аты
ТЖ    - Төтенше жағдайлар
ISO   - International Organization for Standardization
ISQua - International Society for Quality in Health Care

Қазақстан Республикасы  
Денсаулық сақтау министрінің
2012 жылғы 2 қазандағы  
№ 676 бұйрығына    
3-қосымша       

Жедел медициналық жәрдем көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына
арналған аккредиттеу стандарттары

A БӨЛІМІ: БАСШЫЛЫҚ

Өлшенетін критерийлер

1.0. ҰЙЫМНЫҢ ЭТИКАЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ
Этикалық қағида ұйым қызметінің бағытын және шешім қабылдау үдерісін анықтайды.

1.1

Медициналық ұйымының мақсаты немесе міндетін тұжырымдау персоналдың көмегімен және мүдделі тараптардың ұсынымдарын ескере отырып, басшылықты жүзеге асырады және ұйымды дамытуды жоспарлау және бағыттарын айқындау үшін негіз болып табылады.

1.2

Медициналық ұйымда шешім қабылдау және қызметкерлердің мінез-құлқы қағидаларын анықтауда басшылыққа алатын белгілі этикалық норманың кешені бар.

1.3

Медициналық ұйым медициналық ұйым мен пациенттерге қызмет көрсетуге қатысты мәселелерді қамтитын этикалық ережелерді әзірлейді.

1.4

Персонал этика және деонтология мәселелері бойынша үнемі оқудан өтіп отырады.

1.5

Медициналық ұйымда этикалық нормалардың бұзылу фактілерін анықтау, талдау және шаралар қабылдау үдерісі енгізілді.

2.0. БАСҚАРУ
Медициналық ұйымда оның құқықтық статусы мен жауапкершілігіне сәйкес тиімді басқару жүзеге асырылады.

2.1

Ұйым басшылығының міндеттеріне мыналар кіреді:
1) этикалық нормаларды анықтау және қарау;
2) ұйымның стратегиялық, шұғыл жоспарларын, сондай-ақ медициналық қызмет сапасын қамтамасыз ету жоспарын келісу және бекіту;
3) бюджетті бекіту және алға қойылған мақсаттар мен міндеттерді орындау үшін ұйымды тиісті ресурстармен қамтамасыз ету;
4) стратегиялық және шұғыл жоспарлар нәтижелерінің жетістіктерін бағалау және мониторингілеу;
5) құрылымдық бөлімшелер басшыларын тағайындау, бекіту және қызмет тиімділігін бағалау.

2.2

Медициналық ұйым Қазақстан Республикасының конституциялық және құқықтық қағидаларына сәйкес жұмыс істейді және оның талапқа сай құқықты белгілейтін құжаттары бар, соның ішінде:
1) әділет органдарында мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) куәлігі;
2) жарғы (қағида);
3) СТН, БСН

2.3

Басшылық ұйым өз қызметін денсаулық сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерге (НҚА) сәйкес, мынадай жолдармен жүзеге асырады:
1) мемлекеттік органдардың бұйрықтарын алу, қарау және орындау;
2) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер пакетін уақтылы жаңарту;
3) оларды мүдделі тұлғаларға жеткізу бойынша пәрменді әрекеттерді қабылдау;
4) медициналық мекеменің персоналы үшін нормативтік құқықтық актілер базасының қолжетімділігін қамтамасыз ету.

2.4

Медициналық ұйым жұртшылыққа мынадай ақпарат береді:
1) көрсетілетін қызметтер және оларды алу талаптары туралы;
2) қызметтер және көрсетілетін қызметтерге ықпал етуі мүмкін қабылданатын шешімдер туралы;
3) көрсетілетін қызметтер сапасы және қол жеткізілген нәтижелер туралы.

3.0. СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ШҰҒЫЛ ЖОСПАРЛАУ
Ұйым өз қызметтерін халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жоспарлайды және айқын басымдылықпен жүзеге асырады.

3.1

Басшылықтың персоналмен және басқа да мүдделі тараптармен бірлесіп әзірлеген стратегиялық даму жоспарында медициналық ұйымның миссиясын жүзеге асыру мақсаттары, міндеттері, стратегиялары жазылады.

3.2

Стратегиялық жоспар:
1) ұйым мақсаты мен этикалық нормаларына;
2) қызмет көрсетілетін тұрғындардың қажеттіліктеріне;
3) пациенттерден/отбасылар мен жұртшылықтан алынған пікірлерді талдауға;
4) көрсетілетін медициналық қызметтердің сандық және сапалық көрсеткіштеріне;
5) Үкімет стратегияларына, денсаулық сақтау басымдықтарына;
6) ұйымның мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуде күтілетін нәтижелерге (бағалау индикаторлары) негізделеді.

3.3

Кешендік жылдық жоспар медициналық ұйымның барлық құрылымдық бөлімшелерімен келісіліп әзірленген:
1) стратегиялық жоспарға сәйкес;
2) тікелей басымдықтарды қарастыра отырып;
3) барлық қызметтер бойынша міндеттер мен жоспарларды қамти отырып;
4) штатты толықтыруды, жоспарланған әрекеттердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қаржылық және материалдық ресурстарды айқындайды.

3.4

Медициналық ұйым және оның құрылымдық бөлімшелері іс-шаралардың мақсаттары мен жоспарына сәйкес жылдық жоспарды іске асыруда қол жеткізілген прогресті жүйелі түрде салыстырады:
1) мақсаттары мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізу деңгейі;
2) жоспарланған әрекеттерді орындау;
3) ресурстық қолдау сәйкестігі;
4) жоспарланған мерзімдердің орындалуы;
5) іске аспаған міндеттер мен мәселелер;
6) бұдан әрі жоспарланған қадамдар.

3.5

Ішкі аудит қызметі жылдық жоспармен салыстырғанда қол жеткізілген нәтижелерге талдау жүргізеді, ақпарат бұдан әрі іс-қимылды жоспарлау үшін медициналық ұйымның басшысына және құрылымдық бөлімшелердің басшыларына ұсынылады.

3.6

Жылдық жоспардағы іс-шараларға қатысты шешімдер персоналға хабарланып, бірге талқыланады және қажеттілігіне қарай тиісті сыртқы қызметтерге беріледі.

4.0. ЖАЛПЫ БАСҚАРУ
Медициналық ұйымда басқару мен есеп берудің нақты құрылымы бар. Басқаруды білікті менеджерлер жүзеге асырады.

4.1

Медициналық ұйымның басшысы мыналар үшін жауапты болып табылады және есеп береді:
1) қауіпті басқару және сапаны арттыру, инфекциялық бақылау, денсаулықты сақтау/ еңбекті қорғау және қауіпсіздікті қоса алғанда барлық шұғыл мәселелер;
2) басшылық органы және жоғары тұрған мемлекеттік органдар алдында клиникалық, басқару және қаржылық қызмет туралы есептілік;
3) бақылау және реттеуші органдардан алынған кез-келген хабарландыруға ден қою.

4.2

Медициналық ұйым басшысының білімі, біліктілігі, еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесі бар.

4.3

Медициналық ұйым басшысының лауазымдық нұсқаулығында оның құқықтары мен міндеттері айқындалған.

4.4

Ұйым басшысы жұмысының тиімділігі медициналық ұйымның жетістіктерімен бағаланады және орындалған іс-шаралардың есебі басшылық ететін ұйымға ұсынылады.

4.5

Әрбір құрылымдық бөлімшенің функциялары мен өкілеттіктері құрылымдық бөлімше туралы ережеде әрбір қызметкердің міндеттері көрсетіле отырып айқын белгіленген, ақпарат қызметкерлердің назарына жеткізілген.

4.6

Медициналық ұйымның әрбір бөлімшесін осы бөлімшені басқару үшін қойылатын біліктілік талаптар мен жұмыс тәжірибесіне сәйкес басшы басқарады.

4.7

Медициналық ұйымның басшысы:
1) клиникалық қызмет көрсетуге жауап береді;
2) белсенді терапия, анестезия және шұғыл медициналық көмек саласында құжатты түрде расталған өкілеттіктері бар;
3) жедел және шұғыл медициналық көмек саласында тәжірибесі бар.

4.8

Медициналық ұйымның клиникалық қызметіне жауапты тұлғалар:
1) клиникалық практиканы жоспарлауды және бағалауды;
2) медициналық ұйымның басшысы және басқа бөлімшелердің меңгерушілеріне клиникалық мәселелер бойынша консультациялар жүргізуді;
3) клиникалық емдеу стандарттарының мониторингін;
4) бақылау және персоналға көмек көрсетуді қамтамасыз етеді.

4.9

Медициналық ұйымның басшысы клиникалық практикаға мыналар арқылы жауап береді:
1) пациенттердің шақыру картасына клиникалық аудит және қызмет көлемдеріне, ішкі тәртіп ережелері мен клиникалық хаттамаларға сәйкестікті қамтамасыз ету үшін емдеу және күтімге бағалау жүргізу;
2) басқа медициналық ұйымдардың бас дәрігерлерімен және қабылдаушы ауруханалардағы клиникалық персоналмен байланыс жасау;
3) ұйым персоналының оқытуға және кәсіби өсуіне көмек көрсету.

4.10

Ұйымдастыру құрылымы:
1) құжат түрінде ресімделген және схема түрінде берілген;
2) ұйымның мақсаттарына, міндеттері мен функцияларына сәйкес келеді;
3) персоналдың бағыныстылығы құрылымын анық көрсетеді;
4) бөлімдер мен қызметтерді жоспарлау және қызмет көрсетуді үйлестіруге көмек көрсетеді.

4.11

Ұйымның құрылымы жүйелі түрде қаралып отырады және ұйымның персоналы мен тиісті тұлғалардың назарына уақтылы жеткізіледі.

4.12

Медициналық ұйым сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік басқару органдары мен басқа медициналық ұйымдарға жоспарлар мен стратегиясын ұсына отырып, өз жұмысын және қызметін келіседі.

5.0. ҚАУІПТЕРДІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ САПАНЫ АРТТЫРУ
Медициналық ұйым болу ықтимал қауіптерді барынша аз мөлшерге төмендетеді, тұрақты түрде оларға мониторинг және бағалау жүргізеді, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасын арттырады.

5.1

Медициналық ұйымдарға арналған қауіптерді басқару жоспары:
1) стратегиялық жоспардан; клиникалық көрсеткіштерді талдау нәтижелерінен, пациенттердің пікірлері мен жағымсыз оқиғаларды талдау нәтижелерінен; инфекциялық бақылау қызметінен; персоналмен толықтыру және ресурстармен қамтамасыз етуді талдау нәтижелерінен; қоршаған ортаның жай-күйін талдау нәтижелерінен алынған ақпаратқа негізделген;
2) олардың ықтималдылығы және денсаулыққа келтірілген зияны мен материалдық шығыны салдарларының тұрғысынан барлық қауіптерді анықтайды, бағалайды және басымдықтары бойынша орналастырады;
3) осындай қауіптерді басқару стратегиясын қамтиды;
4) қолда бар және персонал арасында танысу үшін таратылады.
Ескерту:
Қауіптерді басқару жоспарына саясат, қауіпті бағалау критерийі, қауіпті басқару міндеттері мен функциялары, қажетті кадрларды даярлау, сәйкестендірілген қауіптер тізімін: стратегиялық және қауіп-қатер, қаржылық пайдалану – қауіптер тізілімі немесе қауіптер және олардың деңгейінің талдамасы бар осындай құжат, мүдделі тараптарға ақпаратты беру процесін қосқанда қауіптермен жұмыс жоспарларына немесе негізгі қауіптерді бақылау бойынша шараларға қатысты қорытындылар сияқты элементтерді кіргізуге болады.

5.2

Медициналық ұйым өз қызметкерлерін:
1) қаупі бар оқиғаларды анықтау, бағалау және олар туралы хабарлау;
2) әлеуетті қаупі бар оқиғаларды басқару;
3) инфекцияның алдын алу немесе бақылау;
4) жабдықтар мен материалдарды қауіпсіз пайдалану;
5) адамдар мен жүктерді тасымалдаудың қауіпсіздік әдісі арқылы қауіптерді төмендету ережелеріне үйретеді.

5.3

Қауіптерді басқару жоспары оның тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында жүйелі түрде тексеріледі және қайта қаралады:
1) қауіптерді басқару қағидалары талаптарының нақты орындалуына бақылау жүргізу жолымен;
2) белгілі қауіптерді қайта қарау;
3) қауіптерді басқару қағидалары талаптарының нақты орындалуына бақылау жүргізу және белгілі қауіптерді қайта қарау процесінде алынған нәтижелерді пайдаланып қауіптерді басқару жоспарына өзгерістер енгізу.

5.4

Медициналық ұйымда құрамына мыналар кіретін медициналық қызметтер сапасын арттырудың үздіксіз жүйесі бар:
1) медициналық ұйымның барлық бөлімшелерінің қатысуы;
2) жоғары қаупі бар, ауқымды, қымбат тұратын немесе проблемалы процестерді, көрсетілетін қызмет сапасын бақылау бойынша медициналық ұйымның басымдықтарын анықтау және оларды пациенттердің талаптарын ескере отырып толықтыру;
3) мониторинг және аудит мәліметтерін жинау, талдау және бағалау;
4) басшылық пен қызметкерлерді ақпараттандыру.

5.5

Жыл сайынғы сапаны арттыру жоспары:
1) құрылымдық бөлімшелер бастықтарымен бірге әзірленеді;
2) сапаны бақылау бойынша іс-шараларды, іс-қимылдар жоспарын, олардың мақсаттары мен жетістіктерінің әдістерін толық белгілейді;
3) аудит жүргізу, сапалық көрсеткіштер бойынша мәліметтер жинау кестесін белгілейді;
4) жауапты тұлғалар мен орындау мерзімдерін белгілейді.

5.6

Сапаны арттыру жоспарына мониторинг, есептілік және бағалау кіреді:
1) мысалы, күту уақыты, қайталанған сырқаттанушылық және емдеуге жатқызу деңгейі, дәрілік заттарды тағайындаудағы қателіктер, инфекциялар мен жазатайым оқиғалар, басымды аурулар және негізгі процестер бойынша емдеу нәтижелігінің көрсеткіштері;
2) пациент пен оның отбасына көрсетілген медициналық қызметтерге қанағаттануы.

5.7

Құрылымдық бөлімшелер басшылары:
1) тиісті көрсеткіштердің мониторингі;
2) стандарттарды, саясаттарды, рәсімдерді, клиникалық хаттамалар мен қағидаларды орындау мониторингі;
3) пациенттер мен олардың отбасыларының тарапынан түскен шағымдар мен ұсыныстар фактілерін қарастыру;
4) көрсетілетін медициналық қызметтер сапасын жақсарту бойынша жобаларды қоса алғанда сапаны арттыру бойынша жоспарды іске асыруға жауап береді.

5.8

Сапаны бақылау жөніндегі ішкі қызмет:
1) сапаны қамтамасыз ету шаралары бойынша есеп алады;
2) жиналған деректерді талдайды, оларды бағыттары бойынша жіктемелейді;
3) құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен ұйым басшыларының алдында есеп береді.

5.9

Сапаны жақсарту туралы ақпарат және есептер өндірістік немесе клиникалық кездесулер мен конференцияларда талқыланады. Ұйымның қызметкерлері, құрылымдық бөлімшелер басшылары мен ұйым басшылары сапаны жақсарту саласында нақты әрекеттер бойынша шешімдер қабылдауға қатысады.

5.10

Көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасын және бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкестігін бағалау мақсатында медициналық ұйымдарда:
1) уәкілетті тұлға/сарапшылар тобы;
2) жеткілікті мөлшерде бар клиникалық хаттамаларды пайдаланудың клиникалық аудитін белгіленген кестелеріне сәйкес аудит жүргізіледі.

5.11

Клиникалық аудит және клиникалық оқиғаларды шолу нәтижелері:
1) тиісті комиссиялардың жұмысында, кеңестерде немесе конференцияларда талқыланады;
2) медициналық көмек көрсету процестерін жақсарту үшін пайдаланылады;
3) сапаны арттыру бағдарламасын орындау бойынша жазбаша есептерге енгізіледі.

5.12

Сапаны арттыру іс-шаралары жоспарланған, тиісті шаралар мен әрекеттер қабылданған, әрекеттер тиімділігі бағаланған. Персонал, клиенттер/пациенттер бағалау нәтижелері туралы хабардар етілген.

5.13

Өз лауазымдық міндеттерін орындау кезінде персонал құжатталған саясаттар мен рәсімдерді сақтайды.

5.14

Басшылық бекіткен саясаттар мен рәсімдер:
1) жыл сайын жаңартылады;
2) персоналдың қатысуымен әзірленеді;
жұмыс орындарында персоналға қолжетімді.

B БӨЛІМІ: «РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ» 

6.0. ҚАРЖЫНЫ БАСҚАРУ
Медициналық ұйымның қаржылық ресурстары мақсаттарға қол жеткізуде қолдау көрсету үшін басқарылады және бақыланады.

6.1

Басшылық жыл сайын:
1) медициналық ұйымның қаржылық-экономикалық блогы дайындаған;
2) медициналық ұйымның персоналының қатысуымен;
3) болжамдалатын кірістер мен шығыстар сметаларына негізделген;
4) жылдық жоспардың міндеттері мен жоспарланып отырған іс-шараларының негізінде қаржылық-шаруашылық қызметтің жоспарын бекітеді.

6.2

Медициналық ұйымның қаржылық қызметінің қағидалары мен рәсімдері бухгалтерлік есеп нормалары мен қағидаларының талаптарына сәйкес құжатталады және мыналарды қамтиды:
1) төлемдерді көрсету және төлемдерді төлеу шұғылдығы;
2) бухгалтерлік есеп;
3) жабдықтарды сатып алу және қаражатты жұмсау бойынша өкілеттіктер, өкілеттіктерді беру рәсімі;
4) сақтандыру;
5) активтерді басқару.

6.3

Бухгалтерлік есеп кірістер мен шығыстардың барлық көздері туралы нақты қаржылық ақпаратқа негізделген, және шешімдер қабылдау үшін уақтылы және нақты қаржылық есептерді қамтамасыз етеді.

6.4

Кіріс,шығыс және қызметтерге жұмсалатын шығындар бюджетпен салыстырылып жүйелі түрде қадағаланып отырады және медициналық ұйымның басшылығына ай сайынғы қаржылық есептер түрінде тапсырылып отырады.

6.5

Ішкі қаржылық бақылау және аудит жүйесі жұмыс істейді.

6.6

Сыртқы қаржылық аудит НҚА сәйкес жүргізіледі.

6.7

Медициналық қызметтер ақылы негізде көрсетіледі:
1) бағалардың прейскуранты бар;
2) бағалар жұмсалған шығындардың негізінде есептелген;
3) ақылы қызметтерге төлемдер ҚР заңнамасына сәйкес жүргізіледі.

6.8

Бекітілген ақылы қызметтердің тізімі және олардың бағалары халық үшін қолжетімді.

6.9

Медициналық ұйым мыналарды анықтау үшін ақылы қызметтерге жүйелі түрде аудит жүргізеді:
1) бағалары талапқа сай, ал шығындар мен төлемдер құжат түрінде ресімделген процестерге сәйкес жүзеге асырылады;
2) ақылы қызметтерден түскен қаржы мақсатты тағайындау бойынша НҚА сәйкес пайдаланылады.

6.10

Қызметкерлердің еңбекақысын төлеу, зейнетақы қорына аударымдар және басқа міндетті аударымдар:
1) уақтылы жүзеге асырылады
2) еңбекке ақы және медициналық ұйымның қызметкерлеріне берілетін сыйақының бекітілген құрылымына негізделген.

6.11

Есептер уақтылы салық органдары мен мемлекеттік статистика органдарына жіберіледі.

7.0. АҚПАРАТТЫҚ БАСҚАРУ
Ұйым ақпараттық қажеттіліктері мен міндеттерін қанағаттандыру мақсатында өз ақпаратын жүйелі түрде басқарады және оны қорғайды.

7.1

Ұйым төмендегі іс-шараларды іске асырушы тұлғалардың талаптарын қанағаттандыру мақсатында өзінің ақпараттық жүйелерін жоспарлайды, әзірлейді және енгізеді:
1) тасымалдау/жеткізу бойынша іс-шараларды жүзеге асырады;
2) клиникалық қызметтер көрсетеді;
3) ұйымдарды басқарады;
4) ұйым қызметтерін пайдаланады.

7.2

Медициналық ұйымда оның қызметін басқару бойынша бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйе бар, ол мыналарды қамтиды:
1) әрбір бөлімнің қажеттіліктеріне сәйкес келетін компьютерлер мен қолданбалы бағдарламалар пакеттері бар;
2) лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз ету;
3) ағымдағы шығындарды басқару;
4) бағдарламалық қамтамасыз етуді қажетті жаңарту ресімдері;
5) ағымдағы техникалық қызмет көрсету;
6) персоналды оқыту.

7.3

Медициналық ұйым мынадай жолдармен ақпараттың құпиялылығын, қауіпсіздігі мен тұтастығын қамтамасыз етеді:
1) персоналдың аса маңызды ақпаратқа қолжетімділігінен қорғау деңгейін орнату;
2) жеке ақпаратты жарияламау және құпиялылықты сақтау туралы персоналды оқыту;
3) құпия, оның ішінде пациент туралы ақпаратқа қолжетімділікті шектеу.

7.4

Ақпараттық қорғаудың құжатталған ресімдерін персонал пайдаланады және олар мыналарды қамтиды:
1) файлдардың резервтік көшірмелерін құру;
2) резервтік көшірмелерді сақтау;
3) төтенше жағдайлар кезінде мәліметтерді қалпына келтіру.

7.5

Клиниканың персоналында кәсіби міндеттерін атқару үшін Интернет-ресурстарға және телекоммуникациялық технологияларға қолжетімділік бар.

7.6

Персонал денсаулық сақтаудағы жетістіктер мен озық технологиялар туралы ақпаратты мынадай жолдармен ала алады:
1) жаңартылған медициналық ақпаратты, медициналық жабдықты пайдалану нұсқаулықтарын, дәрілік препараттар бойынша дерекқорды кітапханада немесе басқа қолжетімді орындардан;
2) кәсіби конференцияларға, семинарлар мен оқу бағдарламаларына қатысу.

7.7

Медициналық ұйым құжаттарды басқарудың стандарттық процесін пайдаланады, оның құрамына мыналар кіреді:
1) сақтау мерзімі көрсетілген, бекітілген істер номенклатурасы;
2) барлық бөлімшедегі файл/папкалар бірыңғай номенклатураға тіркеледі;
3) құжаттар номенклатурасына сәйкес папкаларда сақталады.

7.8

Қажетті өлшемдер мен нұсқаулықтардың шегінен тыс көрсетілетін қызметтерді анықтау жолымен қауіптерді басқару процесін қолдау үшін ақпараттық жүйе мыналарды біріктіруге және жаңартуға мүмкіндік береді:
1) саясаттар және рәсімдерді;
2) клиникалық нұсқаулар және хаттамаларды.

7.9

Медициналық ұйымда әрбір шақыру бойынша барлық қажетті мәліметтер енгізіледі, олар мыналарды қамтиды:
1) шақыру орны;
2) қайта шақыру бойынша ақпарат;
3) шақыру себебі;
4) пациент және шақырушы бойынша ақпарат (тегі, аты, әкесінің аты, жасы);
5) орындауға жіберілген бригада бойынша мәліметтер;
6) қажет кезде басқа ұйымдармен/органдармен әрекеттестік.

7.10

Ұйымның қызметін реттеуші ішкі құжаттар:
1) жауапты тұлға бекітіп қол қойылған;
2) енгізу және қолданыс мерзімінің күні бар;
3) қажеттілігіне қарай жаңартылады;
4) жауапты тұлғалармен уақтылы орындалуы бақыланады.

7.11

Пациенттер туралы медициналық жазбалар:
1) жоғалудан, жойылудан, қателер жіберуден және құқықсыз қолжетімділіктен немесе пайдаланудан қорғалған;
2) тек уәкілеттелген персоналға қолжетімді;
3) қолжетімділігі қолайлы, бірақ құпиялылығы сақталады;
4) ғимараттан арнайы рұқсатсыз шығарылмауы тиіс.

7.12

Медициналық құжаттама НҚА белгілеген тәртіппен мұрағатталады:
1) құжаттарды мұрағатқа беру кезінде мұрағаттау бойынша жазбаша рәсімге сәйкес;
2) мұрағат жұмысын ұйымдастыру бойынша жауапты тұлға тағайындалған;
3) мұрағат бөлмесі техникалық жағдайы қажетті деңгейде, бөгде тұлғалардың қолжетімділігінен қорғалған және стеллаждармен (шкафтармен) жабдықталған;
4) амбулаториялық картасы көшірмелері сұрату бойынша тек белгілі адамдарға беріледі.

8.0. АДАМИ РЕСУРСТАРДЫ БАСҚАРУ
Адами ресурстарды тиімді жоспарлау және басқару персоналдың еңбек өнімділігін арттырады және медициналық ұйымның қойылған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізудің құралы болып табылады.

8.1

Медициналық ұйымда мыналарды анықтау үшін құжатталған үдеріс пайдаланылады:
1) жоспарланған қызметтер мен жұмыс көлемдерін орындау; қажетті персоналды толықтыру деңгейі;
2) қажетті жұмыс өтілі мен тәжірибе деңгейі;
3) персонал бейіндері және лауазымдарының неғұрлым тиімді және ұтымды құрылымдары.

8.2

Медициналық ұйым штатты басқару бойынша саясат пен рәсімді әзірлейді, оған медициналық көмек көрсету бойынша қойылған міндеттерді орындау мақсатында білікті штатты тағайындау, іріктеу, оқыту, бағалау, біліктілігін жоғарлату және оларды талдау кіреді.

8.3

Мамандардың қолжетімділігі және персоналдың кәсіби дағдысының құрылымы:
1) әрбір бөлімшенің функцияларына сәйкес келеді;
2) жоспарлау кезінде жыл сайын немесе қажеттілік бойынша қайта қаралады.

8.4

Барлық штаттық лауазымдарға нұсқаулар әзірленген, оларды медициналық ұйымның басшысы бекіткен. Лауазымдық нұсқаулар әрбір қызметкерге қолжетімді және олар мыналарды қамтиды:
1) штаттық лауазыммен айналысуға қажетті біліктілік, дағды, дайындық, жұмыс тәжірибесі;
2) лауазымдық міндеттер;
3) есептілік;
4) қайта қарау мерзімдері.

8.5

Лауазымға тағайындау/қабылдау бекітілген тәртіпке сәйкес мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) қызметкер мен ұйым арасында келісімшартқа қол қою;
2) лауазымдық нұсқаулықта көрсетілген талаптарға сәйкес;
3) еңбек заңнамасына сәйкес және жұмысқа орналасу үшін бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.

8.6

Клиникалық практикаға жіберілген маманды жұмысқа тағайындау/қабылдауға дейін медициналық ұйым:
1) оның клиникалық білімдері мен біліктілігіне бағалау жүргізеді;
2) тапсырылған алғашқы құжаттамаға тексеру жүргізеді (дипломдар, сертификаттар);
3) қызметтік тізім, еңбек өтілі және жұмыс тәжірибесі көрсетілген жеке істі толтырады.

8.7

Әрбір қызметкерде өз нұсқаулығының қол қойылған түпнұсқасы болады, оның көшірмесі кадрлар бөлімінде сақталады.

8.8

Әрбір қызметкер медициналық ұйыммен, оның мақсаттары және міндеттерімен, сондай-ақ лауазыммен таныстырудың құжатталған бағдарламасына сәйкес өзінің лауазымдық міндеттерімен танысу үшін нұсқаудан өтеді.

8.9

Медициналық ұйымдағы персонал мынадай жолдармен сәйкестендіріледі:
1) арнайы медициналық киіммен жүру;
2) техникалық қызметкерлерге арналған арнайы киімдер;
3) тегі, аты-жөні, әкесінің аты және атқаратын қызметі көрсетілген бейдждер.

8.10

Медициналық ұйымда мыналарды тексеру үшін жыл сайын жүргізілетін мамандардың жұмыс нәтижелерін бағалау рәсімі бар:
1) лауазымдық нұсқаулықтарда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге сәйкестігі;
2) біліктілікті арттыруды жақсартуды және талаптарды қажет ететін басымды жақтарды, салаларды анықтау;
3) рәсім құжатталады және қызметкер мен бөлім басшысы қол қояды;
4) жеке іске тігіледі.

8.11

Медициналық ұйымда үздіксіз біліктілікті жоғарлату саясатын жүзеге асыру үшін барлық клиникалық персоналдың қызметіне мониторинг жүргізу механизмі жұмыс істейді, ол мыналарды қамтиды:
1) өз құзыретін сақтау үшін клиникалық персоналдың үздіксіз жеткілікті клиникалық практикасы бар екеніне мониторинг жүргізу;
2) қосымша тәлімгерлік, оқыту немесе басқа ресімдер арқылы персонал құзыретіне байланысты проблемаларға ден қою;
3) клиникалық персонал клиникалық қызметпен өз өкілеттіктері мен құзыреті шеңберінде айналысатынына мониторинг жүргізу;
4) қызметкерлердің кәсіби біліктілігі мен құзыреті туралы мәліметтерді жүйелі тексеру.

8.12

Медициналық ұйымның талаптарына сәйкес мыналардың негізінде мамандардың біліктілігін жоғарлату бойынша бюджет және жылдық жоспар жасалады:
1) қызметкерлерді қосымша даярлауға қажеттіліктерді талдау;
2) қызметтер көрсетуге байланысты медициналық ұйымның қажеттіктерін талдау.

8.13

Медициналық ұйымда үздіксіз кәсіби білім саясаты бар және ол мыналарды көздейді:
1) жүйелі түрде мамандардың біліктілігін жоғарлату (бес жылда бір реттен кем емес);
2) біліктілікті жоғарлату курсы үшін қосымша ақы төлеу.

8.14

Оқыту туралы жазбаларды қосқанда ұйымның әрбір қызметкері туралы толық құжатталған ақпарат бар, ол құпиялы болып есептеледі және күзетілетін орында сақталады.

8.15

Медициналық ұйымда себепсіз жұмысқа келмеу және кадрлардың тұрақтамауы сияқты негізгі көрсеткіштерге талдау жүргізіледі, олардың нәтижелерін жақсарту үшін пайдаланылады.

С БӨЛІМІ: «ҚАУІПСІЗДІКТІ БАСҚАРУ»

9.0. ҒИМАРАТТЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІ
Медициналық ұйым ортасы пациенттер, персонал және келушілер үшін қауіпсіз және жайлы болып табылады.

9.1

Медициналық ұйымның ғимараты:
1) күнделікті жұмыс пен төтенше жағдайда пациенттерге қызмет көрсету кезінде бөлімшелердің аумағы мен орналасуы талаптарына сай келеді;
2) тұрақты түрде жөндеуден өткізіліп тұрады;
3) құрылыс нормалары мен қағидаларының талаптарына сай келеді;
4) санитариялық нормалары мен қағидаларының талаптарына сай келеді

9.2

Медициналық ұйым:
1) жеке және оқшау жұмыс істейтін персоналды;
2) күндіз-түні пациенттерді, келушілерді және персоналды тәни зорлық қаупінен және мүлікті жоғалтудан;
3) дәрілік заттарды ұрлық пен талан-тараждан;
4) ғимаратты, жабдық пен мүлікті бүліну мен жоғалудан қорғау мақсатында жазбаша саясат пен рәсімдерге сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қолданады.

9.3

Медициналық ұйымның аумағына қажетті көлемде қызмет көрсетіледі және көлік талаптарына сай келеді:
1) бос көлік жолдары;
2) медициналық ұйымның көліктері, пациенттер мен келушілердің көліктері үшін арнайы автотұрақ;
3) қажет кезде медициналық ұйымның көліктері үшін жабдықталған гараж;
4) көліктерді жөндеу үшін тиісті орын.
5) медициналық және қосымша қызметкерлерден алыста орналасқан.

9.4

Медициналық ұйымның барлық аумағы бойынша көрнекті орындарда қауіпсіздік техникасы бойынша жеңіл оқылатын ақпараттық белгілер орнатылған:
1) бағыттар;
2) темекі шегуге тыйым салу;
3) тыйым салынған аймақтар мен басқа ескертулер;
4) жайдағы радиоактивтік сәулелену қаупі;
5) өртке қарсы жабдық;
6) төтенше оқиғалар кезіндегі эвакуациялау схемасы;
7) жақын маңдағы шығу белгілері.

9.5

Медициналық ұйымда санитариялық-гигиеналық нормалар мен қағидалар талаптарына сай су құбыры және кәріз жүйесі жұмыс істейді:
1) пациенттердің болу орындарында және басқа қызметтік аймақтарда қолжетімді суық және ыстық суды үздіксіз беру;
2) жұмыс істеп тұрған кәріз және дренаждық жүйе.

9.6

Медициналық ұйымдағы орнатылған тәртіп персонал мен пациенттердің қолайлы сезінуі және қауіпсіздігіне мынадай жолдармен мүмкіндік туғызады:
1) ауаны сору-шығару, терезелерді ашу көмегімен табиғи және жасанды – сору-шығару арқылы желдету
2) жылдың суық мезгілдерінде барлық бөлмелерде орталық немесе жергілікті жылу берудің тиімді жұмыс істеп тұрған жүйесі;
3) пациенттер болатын орындарда табиғи жарық беру;
табиғи жарық жоқ орындарда лайықты жасанды жарық беру.

9.7

Медициналық ұйым пациенттер мен персоналдың гигиенасын сақтау:
1) ыңғайлы орындарда орналасқан, түсінікті түрде белгіленген, қолжетімді, жеткілікті мөлшердегі гигиеналық бөлмелер;
2) барлық әжетханаларда және персонал үшін жұмыс аймақтарындағы электркептіргіштер немесе қағаз сүлгілер;
3) жеке гигиеналық қажеттіліктерге жіберілген кезде пациенттер үшін жабық орын және осы жағдайда көмек алу мүмкіндігі көмегімен қамтамасыз етеді.

10.0. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨРТКЕ ҚАРСЫ ҚАУІПСІЗДІКТІ БАСҚАРУ
Медициналық ұйым өрттің пайда болуы қаупін барынша төмендетеді және төтенше және қиын оқиғаларға дайын.

10.1

Медициналық ұйым өрт немесе басқа төтенше оқиғалар іс-шараларының нақты жоспарын әзірлейді:
1) шұғыл құлақ асу шараларын басқару және үйлестіру үшін жауапкершілік;
2) апаттық қызметтер мен персоналға хабар беру үдерісі;
3) шұғыл байланыс жүйесі;
4) қажет кезде адамдарды ғимараттан эвакуациялау рәсімі.

10.2

Эвакуация кезіндегі бағдар табу рәсімін қосқанда персонал ТЖ жанындағы шұғыл шара қолдану жоспарына сәйкес оқудан өтеді және жылына кем дегенде бір рет оқу дабылы бойынша іс-шараларға қатысады.

10.3

ТЖ пайда болуы кезінде, мысалы, табиғи апаттар, жаппай жарақат, індет, басқыншылық кезінде медициналық ұйым ТЖ және АҚ мемлекеттік қызметтерімен, жергілікті денсаулық сақтау органдарымен және басқа қызметтермен әрекет ету жоспарын әзірлейді және келіседі, жоспар мыналарды қамтиды:
1) ТЖ пайда болуы кезінде шұғыл құлақ асу;
2) көптеген шығындары бар ТЖ топтастыру.

10.4

Медициналық ұйым мына қызмет түрлері тоқтап қалған жағдайда үздіксіз жұмыс істеуді және коммуникацияны жоспарлап, оқытуларды жүргізеді, егер:
1) подстанциядағы немесе санитариялық көлік салонындағы жабдықтың жұмысы тоқтап қалса;
2) шақыру немесе қайту жолындағы санитариялық көлігі бұзылса;
3) электр энергиясын бері жүйесі және телефон байланысы тоқтап қалса;
4) орталық пункттің (диспетчер бөлмесі) қолжетімсіздігі.

10.5

Тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері резервтік генератормен және үздіксіз электр энергиясын жеткілікті жеткізумен қорғалған.

10.6

Медициналық ұйым өрттің пайда болуы қаупін мынадай жолдармен төмендетеді:
1) отқа төзімді бояу және жиһаз сияқты құрылыс материалдарын пайдалану;
2) ғимарат ішіндегі және сыртқы өрт баспалдақтары сияқты қосалқы көшіру жолдарымен қамтамасыз ету;
3) тиісті орындарда орналасқан және түсінікті етіп белгіленген, өрт сөндіру жабдықтарымен қамтамасыз ету (гидранттар, өрт шлангілері, өрт сөндіргіштер, автоматты су өрт сөндіргіштер жүйелері);
4) өрт дабылы және хабарлау жүйесін орнату;
5) өрттің таралуын шектеуге арналған техниканы және құрылғыларды орнату (өртке қарсы кедергілер, өртке қарсы қабырғалар, өрт есіктері мен апаттық ажыратқыштар).

10.7

Апаттық дабыл жүйесі:
1) дайын күйде болуы және қажетті қашықтықта естілетін және басқа шуды естіртпейтін дыбыстық дабыл қағуға жарамды болуы тиіс;
2) қажетті күйге келтіріліп, жұмысқа жарамды болуы тиіс, жоспарлы-алдын алу техникалық қызмет көрсету бағдарламасына сәйкес тестіленеді, алынған мәліметтер құжатталады.

10.8

Тұтанатын заттарды, газ баллондары және басқа әлеуетті қауіпті материалдар мен химиялық заттар қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес сақталады және пайдаланылады және мыналарды қамтиды:
1) жүйелі іріктеу мен таңбалауды;
2) бөлмелерді құлыптау және герметикалық қамтамасыз ету;
3) газ баллондарын сақтауға арналған контейнерлерді құлыптау немесе бөгде тұлғаларды жібермеу мақсатында қоршаулардың болуы;
4) еден деңгейінде арнайы түбі бар ыдыстарда сақтау.

11.0. ЖАБДЫҚ ПЕН ШЫҒЫС МАТЕРИАЛДАРЫН ҚАУІПСІЗ ПАЙДАЛАНУ
Медициналық ұйым көлік құралдарын, жабдықты, шығыс материалдары мен медициналық құралдарды қауіпсіз, тиімді және ұтымды пайдаланады.

11.1

Медициналық ұйым медициналық құралдар мен жабдықты сатып алуды, жаңартуды және айырбастауды жоспарлайды:
1) жоспарланатын қызметтерді қамтамасыз ету үшін;
2) қолда бар резервтің көмегімен төтенше жағдайлар кезінде шұғыл шара қолдану үшін;
3) барлық құралдар мен жабдықтың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында.

11.2

Мыналарды қосқанда құралдар мен жабдықтың профилактикалық техникалық қызмет көрсету мен жөндеуінің бағдарламасы енгізілген:
1) жоспарлы сынақ, шолу, техникалық қызмет көрсету мен жөндеу кестесінің болуы;
2) өндірушіні пайдалану жөніндегі нұсқаулық негізінде нұсқаулықтың, тиісті электрлік стандарттардың, қауіпті заттармен жұмыс істеу стандарттарының және қауіпсіздік стандарттарының болуы;
3) талаптарға сәйкес калибрлеуді орындау;
4) заңнама және жергілікті билік органдары талаптарының сақталуы.
Ескерту:
Бағдарлама пациенттерді диагностикалау және емдеуге арналған жабдықты, электрлік, кәріз, жылыту, желдету жүйелері мен олардың компоненттеріне арналған жабдықты қамтиды.

11.3

Ұйым мынадай жолдармен көлік құралдарын тиісті күйде күтіп ұстайды:
1) өндірушінің ұсынымдарына сәйкес сервистік қызмет көрсету және профилактикалық тексеру жүргізу;
2) көлік құралдарын пайдалану кезінде тазалығы мен жарамдылығын қамтамасыз ету;
3) жарақаттар мен қайғылы оқиғаларға алып келуі мүмкін ақауларды анықтау үшін көлік құралдарын жүйелі тексеруден өткізу;
4) көлік құралдарының ақауларын табу және жою.

11.4

Көлік құралдары мен жабдықтың ақауларын табу және хабарлау ресімі бар, ол мыналарды қамтиды:
1) ақауларды және жарамсыздықтарды тіркеу журналын жүргізу;
2) көлік құралдары мен жабдықты жөндеуге немесе ауыстыруға берілетін тапсырыстың персоналға арналған бірыңғай нысаны;
3) техникалық қызмет көрсету және ұсақ жөндеу жүргізу үшін шығыс материалдарының жеткілікті мөлшері;
4) қосалқы бөліктерді және бөлшектерді жүйелі қарау;
5) белгіленген критерийлерге сәйкес жөндеуге келмейтін немесе тозған жабдықты санақтан шығару және жою туралы шешім;
6) жөндеуге берілген барлық өтінімдердің, орындалған жұмыстардың, жүзеге асырылған сатып алулар мен шара қолдану уақытына мониторинг жүргізу және құжаттау.

11.5

Жеткізуді, техникалық қызмет көрсетуді, қалдықтарды басқару қызметін, профилактикалық техникалық қызмет көрсету, медициналық және электрлік жабдықты жөндеуді қамтамасыз ететін мердігерлермен жасалған жазбаша шарттар бар:
1) оларда екі тараптың міндеттері және қауіпсіздігі мен сапасына қойылатын талаптар белгіленген;
2) жеткізу күні, бағасы көрсетілген;
3) мердігерлердің жұмысты орындауын бақылау үшін шарттар енгізілген.

11.6

Медициналық ұйым жабдықты қауіпсіз және дұрыс пайдалануды мынадай жолдармен қамтамасыз етеді:
1) жаңа, сондай-ақ бұрыннан бар жабдық пен медициналық аспаптарды пайдаланушы барлық қызметкерлер қауіпсіз пайдалану және техникалық қызмет көрсету бойынша оқудан өтеді;
2) мамандандырылған жабдықты пайдалануға (мысалы, автоклавтар, IV және одан жоғары топтағы насостар, желдеткіштер, қоқысты тығыздауыштар), қажетті білімі мен дағдылары және осы жабдықпен жұмыс істеу туралы куәлігі бар білікті мамандарға рұқсат беріледі;
3) қауіпсіздік техникасы бойынша қағидалар және диагностикалық медициналық жабдық жөніндегі нұсқаулық бар және олар персонал үшін қолжетімді.

Жеткізу

11.7

Мыналарды қамтамасыз ететін материалдарды басқару жүйесі пайдаланылады:
1) әрбір көлік құралы және жол жүретін бригада үшін клиникалық және клиникалық емес материалдарға қажеттілікті бағалауды;
2) бағаланған талаптарды қанағаттандыру үшін қорлар деңгейлерін және материалдық қаржы қорларын және өңдеуге шығындарды азайту кезінде материалдардың болуын қамтамасыз ететін деңгейді белгілеу;
3) материалдарды қабылдау және босату барлық уақытта белгіленуі тиіс және қорлар деңгейіне мониторинг жүргізілуі тиіс;
4) жаймалар және басқа жұмсақ инвентарь талапқа сай күйде болуы тиіс;
5) материалдар НҚА талаптарына сәйкес ауыстырылуы тиіс;
6) материалдар сөрелерде, құрғақ және қауіпсіз шараларда сақталуы тиіс.

11.8

Жуу, зарарсыздандыру заттармен және бактерияға қарсы қол гелімен қамтамасыз ету санитариялық талаптар мен аурулардың профилактикасын тиімді орындауға мүмкіндік туғызады.

Фармацевтикалық жеткізулер

11.9

Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар нақты өлшемдерге байланысты сатып алынады, олар мыналарды қамтиды:
1) көрсетілетін қызметтер салаларын және пациенттердің белгіленген талаптарын;
2) қажетті және өмірге маңызды дәрілік заттардың тізбесіне сәйкес;
3) қор ескермеген арнайы дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілік;
4) дәрілік заттар мен медициналық тағайындау бұйымдары сапасы мен құны;
5) тасымалдау тәсілі.

11.10

Дәрілік заттармен қамтамасыз ету бойынша құрылымдық бөлімі қорды басқару жүйесін пайдаланады:
1) барлық бөлімшелер және санитариялық автокөлік үшін бекітілген нормаларға сәйкес қор тізімі;
2) сақталған қор жүйесін пайдалану (барынша аз қор көлемінің болуы);
3) төтенше жағдайлар кезінде пайдаланылатын және дереу орны толықтырылып отырылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың болуы;
4) қабылдау кезінде алынған дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдардың сапасын, санын, топтама нөмірін, өндіру күнін және жарамдылық мерзімін тексеру;
5) қорды басқару және жарамдылық мерзімінің өтуін бақылауға арналған автоматтандарылған есеп жүйесінің болуы.

11.11

Дәрі-дәрмектердің топтық тиістілігіне сәйкес қауіпсіз және тиісті орындарда сақталады:
1) жарық, ылғал және аса жоғары температуралардың жағымсыз әсерлерінен қорғалған;
2) зиянкестерден қорғалған;
3) жеткілікті желдету кезінде;
4) төгілу және зақымдалудың алдын алу үшін қауіпсіз түрде тасымалданады.

11.12

Барлық санитариялық автокөлік және жедел көмек подстанциясы мыналармен қамтамасыз етіледі:
1) дәрі-дәрмектер, аспаптар және анафилактикалық естен тану кезінде көрсетілетін көмек үшін және басқа шұғыл медициналық көмек көрсету кезінде пайдаланылатын дәрілік заттар салынған дәріқобдиы;
2) шұғыл медициналық көмек көрсету бойынша нұсқаулық.
1-қосымшаны қараңыз – «жедел көмек машинасына арналған жабдық және материалдардың тізімі».

12.0. ЕҢБЕК ЕТУДІҢ САЛАМАТТЫ ШАРТТАРЫ
Персоналдың еңбек гигиенасы бағдарламасы қауіпсіз және саламатты еңбек ету жағдайларына мүмкіндік туғызады.

12.1

Еңбек гигиенасы және денсаулық бағдарламасын қамтыған персоналдың кәсіби қызметінің жағдайлары және денсаулығын қолдау мәселелерін қарастыратын құжатталған жоспары бар,ол мыналарды қамтиды:
1) Биологиялық скрининг және A, B және C гепатиті тәрізді вирустардан қанға және ағзаның сұйық компоненттеріне кәсіби жұқтыру қаупінің профилактикасы;
2) механикалық көтеру құрылғыларымен қамтамасыз ету және персоналды жұмыс істеу әдістеріне оқыту;
3) инемен жарақат алу және көзді зақымдау профилактикасы;
4) радиациялық қауіпсіздікті бақылау;
5) аурудан немесе жарақаттан кейін жұмысқа жылдам оралу үшін персоналды оңалту;
6) ыңғайлы жұмыс орнымен, жұмыс станцияларымен қамтамасыз ету және шаршауды басу және жарақаттану профилактикасы әдістерін үйрету.

12.2

Медициналық ұйым қызметкерлерінің денсаулығын сақтау үшін арнайы құралдар мен қызметтер ұсынады, олар мыналарды қамтиды:
1) алғашқы көмек көрсету дәріқобдишасы;
2) шұғыл түрде қарау және инелермен байқаусыз жұмыс істеген кезде шаншып алу мен көзді зақымдауды қосқанда өндірістік жарақатты емдеу;
3) жұмыс жүктемесін бақылау және стрессті барынша төмендету үшін психологиялық қолдау;
4) қажеттілік кезінде киын сәттерде бригадалардың клиникалық кеңес беру процесі.

12.3

Қызметкерлер техникалық қауіпсіздік және өз денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жауапкершілік қағидалары бойынша оқудан өтеді, олар мыналарды қамтиды:
1) еңбекті қорғау және жұмыс орнындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша стратегиялар мен ресімдер;
2) жұмыс орнындағы қауіптерді табу және басқару;
3) пациенттер, персонал немесе тағы біреулердің жарақат алуы оқиғалары, апаттар, жазатайым немесе жұмыс орындарында жарақат алуы мүмкін оқиғаларды анықтау және хабарлау.

12.4

Медициналық ұйым жылына кемінде бір рет қызметкерлердің еңбек жағдайларына қанағаттануын зерттейді және мынадай кепілдіктер береді:
1) персонал жүргізілген зерттеу нәтижелерімен танысады;
2) анықталған проблемалар нәтижелері бойынша шешімдер қабылданатын болады.

Қауіптерді басқару

12.5

Әрбір бөлімше мынадай мақсаттарда жүйелік процесті пайдаланады:
1) нақты және әлеуетті қауіптерді үнемі іздеп табу және құжатты ресімдеп есепке алу (жылына кемінде бір рет);
2) табылған қауіптерді дәрежесі мен салдарларын бағалау және оларды қауіп дәрежесі бойынша сатылау;
3) қауіпті төмендету немесе оның әсерін азайту мақсатында әрбір елеулі қауіп бойынша оны жою, оқшаулау жолымен тиісті бақылауды қолдану.

12.6

Персонал оқшауланған немесе азайтылған, бірақ белгіленген мерзімде жойылмаған елеулі қауіптерді қарайды.

12.7

Қауіптер туралы ақпаратты қосқанда персоналдың денсаулығы мен қауіпсіздігі туралы ақпарат көрнекті жерге ілінген және персонал мен шарт бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің назарына жеткізілген.

12.8

Өз қызметтік міндеттерін орындау кезінде әлеуетті қауіптерге ұшырайтын персоналға тиісті қорғау киімі және құралдар беріледі (арнайы киім, алжапқыш, бетперде, қолғап, бас киімдер, қорғау көзілдірігі, ал радиологиялық саланың қызметкерлеріне қорғасын-резеңке алжапқыштар беріледі).

Қақтығыстар, жазатайым оқиғалар және қолайсыз жағдайлар

12.9

Қақтығыстар, апаттар, қайғылы оқиғалар, оның ішінде жіберілген қателер және кәсіби аурулар туралы ақпарат:
1) барлық орындарда қолжетімді, тиісті тәртіпте және белгіленген мерзімде тапсырылады;
2) пациенттің медициналық картасына немесе қызметкердің жеке ісіне жазылады;
3) апат жағдайында апаттық оқиғалар журналында тіркеледі;
4) қызметкер немесе пациенттің үлкен жарақат алуы кезінде тиісті органдарға хабарланады;
5) кейін талдау үшін орталықтандырылған қақтығыстарды тіркеу журналына енгізіледі;
6) белгіленген рәсімге сәйкес жедел тексеріледі.

12.10

Қақтығыстарды, жазатайым оқиғаларды және қолайсыз жағдайларды тексеру нәтижелері:
1) оқиға себептерін анықтау мақсатында талданады;
2) тиісті комиссия немесе бөлімшеге тапсырылады, және процестерді жақсарту немесе персоналды қосымша оқыту үшін пайдаланылады;
3) персоналдың, тартылған пациент немесе оның отбасының назарына жеткізіледі.

12.11

Қақтығыстар, жазатайым оқиғалар және қолайсыз жағдайлар туралы мәліметтер үрдістерді табу мақсатында жылына кемінде бір рет қаралады. Ақпарат жарақат немесе зардаптың алдын алу мақсатында, бұдан әрі пайдалану мүмкіндігі үшін басшылыққа және қызметкерлерге тапсырылады.

13.0. ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ
Ұйым инфекциялық ауруларға бақылау және профилактика жүргізеді.

13.1

Медициналық ұйым мынадай мақсаттарда инфекциялық бақылау бойынша бағдарлама әзірлейді:
1) ауруханаішілік инфекциялардың профилактикасы және оның таралуын төмендету үшін;
2) арнайы мамандардың қатысуымен оны әзірлеу және оны мониторингілеу үшін;
3) барлық құрылымдық бөлімшелер үшін.

13.2

Инфекциялық бақылау бойынша бағдарламаны қадағалауды Инфекциялық бақылау комитеті жүзеге асырады, ол құрылымдық бөлімшелердің өкілдерінен тұрады, өкілеттіктері айқын және мыналар үшін жауап береді:
1) инфекциялық бақылау бойынша бағдарламаны әзірлеу және мониторингілеу;
2) инфекциялық бақылау және іс-шараларды жүргізу бойынша барлық саясаттар мен рәсімдерді бекітеді және шолу жасайды;
3) инфекциялық бақылау бойынша барлық іс-шараларды үйлестіру;
4) инфекциялық бақылау бойынша мәліметтерді кемінде жылына бір рет қарау және талдау;
5) инфекциялық бақылау кемшіліктерін іздеп табу кезінде тиісті шараларды қолдану;
6) қолданған шаралардың нәтижелілігін бағалау.

13.3

Инфекциялық бақылау бағдарламасын білікті мамандар(мейіргерлер және/немесе дәрігерлер) іске асырады, олардың міндеттеріне мыналар кіреді:
1) қызметкерлер мен пациенттердің ескертпелері мен ұсынымдарын ескере отырып, инфекциялық бақылау бағдарламасын іске асыру;
2) саясаттарды іске асыру;
3) персоналды оқыту;
4) инфекциялық бақылау бойынша консультациялар;
5) инфекциямен күрес әдістерін қосқанда бақылау әдістерін әзірлеу және қолдану;
6) есептер мен ұсынымдарды тапсыру.

13.4

Медициналық ұйым көрсеткіштерді бағалау және инфекциялық бақылау бойынша іс-шараларды жүргізу үшін анықталған инфекциялар оқиғалары туралы ақпаратты үнемі жинайды, салыстыру және талдау жүргізеді:
1) нәтижелер туралы мәліметтер басшылыққа және тиісті қызметкерлерге уақтылы түрде хабарланады;
2) инфекциялық оқиғаларды анықтау және топтау, көрсеткіштер және нәтижелер үшін стандарттық анықтамалар пайдаланылады.

13.5

Инфекция қаупін, инфекциялық бақылау әдістері мен оқыту кезінде персоналдың талаптарын талдау үшін жүйелі клиникалық және клиникалық емес шолулар жүргізіледі, олар мыналарды қамтиды:
1) дәрігерлік қараулар;
2) пациенттердің шақыру карталарын, зертханалық есептер мен дәрілік заттарды тағайындау туралы жазбаларды зерделеу;
3) инфекция қаупі белгіленген учаскелерден алынған сынамалар мен жуындылардан алынған культуралардың зертханалық талдаулары;
4) медицина персоналына берілетін хабарламалар.

13.6

Инфекция пайда болған жағдайда персонал мынадай мақсаттарда құжатталған процестерді орындайды:
1) инфекцияны жылдам анықтау, құлақ асу және оқшаулау;
2) инфекция жұқтырған пациенттерді оқшаулау;
3) барлық байланыстарды қадағалауды қосқанда инфекцияның таралу көздері мен жолдарын анықтау;
4) қажет жағдайда мемлекеттік денсаулық сақтау органдарымен немесе инфекциялық аурулар бойынша мамандармен кеңесу;
5) инфекцияның бұл түрінің қайталануының алдын алу үшін тексерулер нәтижелерін пайдалану;
6) мемлекеттік денсаулық сақтау органдарына заңнамаға сәйкес хабарлауды талап ететін инфекциялық аурулар туралы хабарлау.

13.7

Медициналық персонал жұртшылықпен және лайықты инстанциялармен бірлесіп, мынадай мақсаттарда жұмыс істейді:
1) жаңа және резистенттік вирустар мен бактерияларды жедел анықтау және әрекет ету;
2) әсер етуі кең спектрлі антибиотикті пайдалануды қосқанда инфекцияларды емдеуде қадағалап қарап пайдалануды қолдайтын антибиотиктерді тағайындау стратегияларын орындау.

13.8

Персонал олардың қызмет ету аясына сәйкес инфекциялық бақылаудың барлық аспектілері бойынша нұсқаудан өтеді және мыналарды қосқанда жүйелі түрде ақпарат алып отырады:
1) инфекциялық бақылау бағдарламасы;
2) қолды мұқият жуу және қолды дезинфекциялау;
3) инфекциялар жұқтыруға қатысты стандарттық алдын алу сақтықтары және рәсімдері;
4) инфекциялық бақылау саясаттары, ресімдері, нұсқаулық және қағидаттары.

13.9

Пациентпен тікелей байланыс жасайтын персонал мынадай кездерде қолын жуады және дезинфекциялайды:
1) пациенттерді қарау және емдеу алдында;
2) пациенттерді қарау және емдеуден кейін;
3) биологиялық сұйықтықтардан инфекция жұқтыруы ықтимал, кез келген материалдармен және жабдықпен байланыстан кейін;
4) қолғапты шешкеннен кейін.

13.10

Қолды жуу және дезинфекцияның стандарттық нұсқаулықтары мен диаграммалары барлық бөлімшелерде және пациенттер болатын барлық орындарда және қол жуғыштардың үстіне ілінген.

13.11

Персонал мынадай мақсаттарда құжатталған рәсімдерді орындайды:
1) барлық ауруханалық бөлмелерді қауіпсіз түрде пайдалануға беруді және тиісті түрде тазалауды;
2) жабдықты, материалдар мен медициналық аспаптарды өндірушінің нұсқаулығына сәйкес тазарту, дезинфекциялау және зарарсыздандыру.

13.12

Ауруханаішілік инфекциялар коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал іс-әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады

13.13

Қол гигиенасы бойынша оқудан өткен персоналдың коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал іс-әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

13.14

Ұйымның тиісті қол гигиенасы практикасын іске асыру коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал іс-әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

Қалдықтарды басқару

13.15

Бөлмелер және санитариялық автокөлік таза ұсталып, қоқыс пен басқа қалдықтан бос болуы тиіс, сондай-ақ пациентер және персонал үшін жабылатын жеткілікті қоқыс контейнерлері болуы тиіс.

13.16

Қалдықтар түрлері бойынша жиналады, сұрыпталады және қоқыс контейнерлерде сақталады, олар:
1) анық таңбаланады және қалдық түрлеріне қарай түстері әр түрлі болады;
2) тығыз қақпақпен жабылады;
3) егер оларда клиникалық қалдықтар болса құлыптанады;
4) жүйелі түрде босатылады, тазаланады және дезинфекцияланады;
5) қоқысты түсіруге және тиеуге ыңғайлы платформаларда орналастырылады.

13.17

Қауіпті материалдар және қалдықтармен жұмыс істейтін персонал:
1) тиісті нұсқаудан, оқудан өтті және осындай жұмыспен байланысты қауіптер туралы ақпарат алды;
2) қалдықтарды қауіпсіз басқару мақсатында құжатталған стратегиялар мен рәсімдерді орындайды;
3) қауіптерге сәйкес арнайы қорғау киімдерімен қамтамасыз етілген.

D БӨЛІМІ: «ПАЦИЕНТТІ ЕМДЕУ ЖӘНЕ ОНЫҢ КҮТІМІ»

14.0. ПАЦИЕНТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ОТБАСЫНЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ
Медициналық ұйым пациент және оның отбасының құқықтарын қорғауда арнайы саясатты іске асырады.

14.1

Пациент және оның отбасының құқықтары және міндеттемелері туралы ақпарат қызметтік бөлмелерде мемлекеттік және орыс тілдерінде орналастырылған және пациенттердің мынадай құқықтарын қамтиды:
1) адамгершілік пен сыйластық қарым-қатынас;
2) қысымнан, басынудан және тәни зорлықтан бостандығы;
3) жеке өмірге араласпау;
4) ақпараттың құпиялылығы және дербестігі;
5) күзет және қауіпсіздік;
6) толық ақпарат алу;
7) ақпараттандырылған шешім қабылдау;
8) шағым/өтініш беру.

14.2

Медициналық ұйымда мынадай ресімдер бар:
1) пациенттің және отбасының құқықтары бойынша персоналды оқыту;
2) пациенттер және олардың отбасыларына құқықтары мен міндеттері туралы хабар беру;
3) пациенттердің құқықтары бұзылуын шұғыл түрде және тиімді тексеру және шешу.

14.3

Медициналық ұйым пациент туралы ақпараттың құпиялылығын мынадай жолдармен қамтамасыз етеді:
1) ақпараттың құпиялылығын сақтау жауапкершілігі туралы персоналға ақпарат беру;
2) пациент туралы ақпаратқа қолжетімділікті тек уәкілетті тұлғаларға немесе заңды негізделген сұратулар бойынша қамтамасыз ету;
3) пациенттер туралы жеке ақпараттарды олардың отбасыларына немесе басқа ұйымдарға хабарлауға пациенттердің келісімін алу;
4) пациенттерге бөгде адамдармен араласу үшін мүмкіндік туғызу;
5) пациенттердің медициналық кеңес пен қызметтерін алудың құпиялылығын қамтамасыз ету;
6) кез келген медициналық араласуды осы араласуға қажет тұлғалардың қатысуымен, пациенттің келісімімен және олардың тілектерін ескере отырып орындау;

14.4

Медициналық ұйым пациенттердің құндылықтары мен нанымдарын мынадай жолдармен анықтайды және сыйлайды:
1) персоналды әр түрлі мәдениет және дінге сенуге оқыту;
2) пациенттің құндылықтары мен жеке нанымдарын, дінге сенуін ескере отырып, күтім жасау және емдеу.

Пациенттің ақпараттанған келісімі

14.5

Персонал пациенттің ақпараттанған келісімін алу бойынша құжатталған саясатты және рәсімдерді орындайды, олар мыналарды қамтиды:
1) шұғыл жағдайға байланысты және пациент үшін жоғарғы қаупі бар ұзақ емдеу рәсімдерді және жеке манипуляцияларды жүргізу үшін келісім алу;
2) заңнамаға сәйкес келісім беруге және келісімді алу қажеттігіне пациенттің қабілетін анықтау;
3) пациенттің келісімін көрсетуге уәкілеттеуге болатын тұлғаны белгілеу;
4) өмірге қауіпті проблемасы бар және емдеу немесе тасымалдаудан бас тартушы пациенттерге қарым-қатынас;
5) ақпараттанған шешімдерді құжаттау және оларды кім қабылдады.

14.6

Пациенттерге және олардың отбасыларына қолжетімді нысанда тиісті ақпарат беріледі:
1) пациенттердің денсаулығы туралы;
2) ұсынылынып отырған анализдер, емдеу және тасымалдау туралы;
3) жоғарғы қауіппен байланысты кез келген емдеу немесе рәсімдердің қауіптері мен артықшылықтары туралы;
4) сәйкестіктер туралы.

14.7

Ақпарат берілгеннен кейін, заңнама талаптарына сәйкес пациенттің қолымен белгіленген келісімін алу қажет:
1) талдау, емдеу және тасымалдау үшін алғашқы байланыс кезінде;
2) жоғары қауіп немесе жанама әсерге байланысты арнайы және бөлек рәсімдер үшін;
3) клиникалық тексеруге, медициналық препараттарды немесе медициналық технологияларды тестілеуге жазбаша түрде оның қатысуына, осындай рәсімдерге арналған ақпараттандырылған келісім.

14.8

Персонал күрделі мерзімдері бар пациенттің белгілі жағдайларында қарым-қатынас жөніндегі саясат пен ресімдерді басшылыққа алады және олар мыналарды қамтиды:
1) реанимациялық шараларын қашан бастау және аяқтау керек;
2) пациенттер реанимациядан (көзі тірісінде) немесе тіршілікті қамтамасыз ететін аппараттан бас тартады;
3) қайтыс болған пациенттермен жұмыс істеу;
4) тіршілік белгісі жоқ әлеуетті ағзалық донорларды тасымалдау (уәкілетті органның саясатына сәйкес)
5) ағзалық немесе басқа тіндердің донорлығы бойынша пациент және оның отбасының таңдауын қолдау.

Пациенттің шағым беру тәртібі

14.9

Ұйымда пациенттер және олардың отбасыларынан олардың құқықтарының бұзылуына қатысты шағым беру тәртібі бар, осыған байланысты медициналық ұйым:
1) пациенттер және олардың отбасыларына, ұйымға, пациенттердің құқықтарын қорғау ұйымына немесе сотқа қалай шағым беру туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді;
2) толтыруды қажет ететін шағым бланкінің көмегімен бұл рәсімді жеңілдетеді және еркін немесе ауызша түрде шағым қабылдайды;
3) шағым алуға ұйым уәкілеттеген кез келген тұлғаға шағымды тапсыруға мүмкіндік береді.

14.10

Шағым бойынша шешімді (әділ және уақтылы) жинау, басымдау, тексерудің құжатталған тәртібі бар және ол мыналарды қамтиды:
1) жазбаша растау (егер шағым бойынша пациент және оның отбасының қанағаттануына шаралар қабылданбаған болса);
2) шағымды тексеру, тартылған қызметкерлерге сұрау жүргізу;
3) негізделген шағым бойынша шешім шығару;
4) егер шағым негізді болса қажетті шаралар туралы шешім шығару;
5) пациент және оның отбасына тексеру барысы туралы белгілі уақыт аралығында ақпарат беру;
6) шағым берушіге және басқа да қатысқан тұлғаларға нәтиже туралы ақпарат беру.

14.11

Барлық шағымдар тізіліміне енгізіледі, шағымдармен жұмыс істеу тәртібі мен нәтижелері қадағаланады және қабылданған шаралар нәтижелері сапаны арттыру жүйесіне енгізіледі.

Пациенттердің пікірлері

14.12

Ұйым пациенттер және олардың отбасыларының қызметтерге қанағаттану деңгейін үнемі бағалап отырады, атап айтқанда:
1) пациенттермен кері байланыс үшін пошта және электрондық мекенжай бойынша ақпарат ұсынады;
2) жазбаша түрде, телефон арқылы немесе пациенттердің өзінен алынған ескертулерді, тілектер мен алғыстарды жазбаша түрде тіркейді;
3) көрсетілген қызмет пен персонал жұмысы, ақы төлеу жүйесі сияқты аспектілерді ескере отырып пациенттердің қанағаттануын анықтау үшін сауалнама жүргізеді;
4) сапаны арттыру үшін пайдаланылатын мәліметтер мен тенденцияларды талдайды және анықтайды..

15.0. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУГЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІК, ЕМДЕУГЕ ЖАТҚЫЗУ ЖӘНЕ МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДІ ЖОСПАРЛАУ
Пациенттің талаптары дер кезінде қанағаттандырылады, және бағалау мен емдеуді жоспарлау және пациенттің күтімін қамтитын тиімді емдеуге жатқызу ұсынылады.

15.1

Медициналық ұйым қызметінің халық үшін қолжетімділігі мына жолдармен іске асырылады:
1) анықтамалық қызметтерге толық байланыстық ақпарат беру;
2) халыққа, тиісті қызметтерге және басқа медициналық ұйымдарға шұғылдық санатына сәйкес жедел медициналық көмек алу тәртібі туралы ақпарат беру;
3) жұртшылық және БАҚ сұранымдарына құлақ асу үдерістерін белгілеу;
4) апаттық қызметтермен тығыз байланыс орнату.

15.2

Алғашқы байланыс кезінде:
1) ұйым көрсететін қызмет пациенттің жағдайына лайық екенін анықтау үшін сауалнама жүргізіледі;
2) тиісті құлақ асу шарасы, шақыру басымдығы, қажетті клиникалық персонал, қажет кезде тасымалдау әдісі анықталады;
3) қажетті ресурстар жазылған нұсқаулықтарға, нұсқауларға және құлақ асу деңгейін және оқиғаның күрделілігі деңгейін анықтауға арналған ережелерге сәйкес бөлінеді.

15.3

Триаж рәсімі (сұрыптау) немесе шақыру орнын қарауды медициналық персонал қажет кезде бекітілген тестілерді пайдалана отырып жүзеге асырады, олар мыналарды қамтиды:
1) тәни қарау және ауру сырқаттамасын жинау;
2) пациенттің тәни, эмоциялық және психикалық жағдайын бағалау;
3) пациентке кезеңмен күтім жасайтын тұлғаларға қолжетімді болу үшін шақыру орнында немесе пациентті тасымалдау кезінде пациенттің шақыру картасына қарау және бағалау нәтижелерін құжаттау.

15.4

Қарау нәтижелері мыналар үшін пайдаланылады:
1) оқиғаның шұғылдығы/күрделілігіне сәйкес емдеуді бастау;
2) таңдаулы жағдайлар мен күтім және емдеу жасайтын орынды таңдау, мысалы, күйік, босану, хирургиялық бөлімшесі;
3) қақтығыс орнында қосымша ресурстар қажеттігін бағалау және сұрату жасау;
4) тиісті денсаулық сақтау ұйымына тасымалдау үшін пациентті дайындау;
5) ұйым хаттамаларына сәйкес тасымалдау және емдеу үшін көрсеткіштердің қолжетімділігіне жасалынған пациенттің бағалауы.

15.5

Емдеу және тасымалдау мыналарға сәйкес жоспарланады:
1) жүргізілген тексерудің негізінде пациент жағдайын бағалау және шұғылдығына сәйкес;
2) ғылыми дәлелдердің негізіндегі клиникалық нұсқаулықтар мен хаттамаларға сәйкес;
3) қажет кезде, пациент және оның отбасын қатыстыру, олардың тілегі мен таңдауын назарға алу.

15.6

Пациенттер емдеу және тасымалдау кезіндегі жағдайларына сәйкес интервалдарда қайта тексеруден өтеді:
1) емдеуге және ауруды жеңілдету үшін олардың реакциясын анықтау үшін;
2) үздіксіз емдеуді жоспарлау үшін;
3) қайта бағалау нәтижелері пациенттің картасында құжатталады.

16.0. КҮТІМ ЖӘНЕ ЕМДЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҮЗДІКСІЗДІГІ
Уақтылы және қауіпсіз күтім және емдеу, қызметтерді беру немесе олардың тоқтатылуы пациенттің күтімі мен емдеудің хаттамасына/алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады.

16.1

Тасымалдау, күтім және емдеу күтімі жоспары және клиникалық басшылықтар мен стандарттарға сәйкес ескеріле отырып, жүзеге асырылады:
1) пациенттің күтімі мен емдеу үдерісіне тартылған барлық тұлғалар емдеу және күтім жоспарымен танысқан;
2) қызметтер уақтылы және келісілген мерзімділікпен көрсетіледі;
3) тиісті әдістер мен жабдық пайдаланылады.

16.2

Білікті тұлғалар:
1) әрбір емдеу кезеңінде пациентті емдеу және оның күтімінің барлық үдерісіне жауап береді;
2) жауапты қызметкерлер ретінде өздерін танытады;
3) пациенттің шақыру картасындағы емдеу және күтімінің барлық үдерісін құжаттайды.

16.3

Пациенттерге күтім және жоғары қауіппен байланысты қызмет көрсету кезінде персонал мынадай саясат пен ресімдерді басшылыққа алады:
1) жағдайы ауыр пациенттерге күтім жасау;
2) реанимациялық құралдарды қолдану;
3) тіршілікті қамтамасыз ету аппараттарына қосылған немесе ес-түссіз жатқан пациенттердің күтімі;
4) инфекциялық аурулары бар және иммунитеті төмен пациенттердің күтімі;
5) механикалық ұстап тұру құралдарын пайдалану және осындай құралдарды пайдаланушы пациенттердің күтімі;
6) пациенттердің осал санаттарының (қарт адамдардың, мүгедектер мен балалардың) күтімі.

16.4

Бір қалыпты немесе терең седация және жансыздандыруды білікті және оқудан өткен клиникалық персонал қажет кезде орындайды:
1) тиісті бақылау жабдығын пайдаланып;
2) тіршілік қызметі белгілерінің мониторингі:
жүрек соғу жиілігі мен ритмі және пульсоксиметрия;
демалыс жиілігі мен өкпені желдету дұрыстығы;
артериялық қысым;
3) мониторинг нәтижелерін құжаттау.

16.5

Инвазиялық ресімдерді жүргізу кезінде:
1) пациенттің психологиялық жағдайына рәсім жүргізу кезінде және одан кейін бірден үздіксіз мониторинг жүргізіледі;
2) бұл рәсімдер және оларды алып келген тұлғалар, сондай-ақ алынған нәтижелер пациенттің шақыру картасында белгіленеді.

16.6

Дәрілік препараттарды енгізу:
1) әрбір пациент үшін жеке тағайындалады;
2) дәрілік заттың аты, мөлшері мен енгізу тәсілі, оның ішінде әрбір мөлшерді енгізу белгіленеді;
3) дәрілік заттың пациентке ықпал етуіне мониторинг жүргізіледі;
4) жанама әсерлер пациентті шақыру картасында белгіленеді және уақытында белгілі үдеріс пайдаланылып жауапты тұлғалардың назарына жеткізіледі.

16.7

Пациенттің емдеу және күтімі жоспарында көрсетілген мақсаттар мен күтілетін нәтижелерге қол жеткізуде оның прогресі:
1) пациент және оның отбасымен келісілген түрде мониторинг жүргізіледі;
2) бағалаудың сандық және сапалық әдістері пайдаланылып өлшенеді;
3) пациенттің картасында құжатталады.

16.8

Күтім жоспары қайта бағалау нәтижелеріне және мыналармен бірге күтілетін нәтижелерге қол жеткізу прогресіне сәйкес қайта қаралады:
1) пациенттің жағдайына сәйкес шұғылдық санаты жаңартылады;
2) қажет кезде мақсаттар мен күтілетін нәтижелер, сызба және емдеу мерзімдері қайта қаралады.

Қызмет көрсетуді аяқтау

16.9

Пациенттерді үйден медициналық ұйымға ауыстыруға арналған құжатталған үдерісті ұйымдар арасында немесе белгілі жағдайларда персонал орындайды, және:
1) пациенттің үздіксіз емдеу және күтім алу қажеттілігіне негізделген;
2) жауапкершілікті басқа медициналық ұйымға немесе жағдайларға өткізуді қарастырады;
3) ауыстыру орындылығы критерийін қамтиды;
4) ауыстыру кезінде жауапты тұлғаны белгілейді;
5) пациент жағдайына мониторинг жүргізуге лайықты білікті маманды қамтиды;
6) ауыстыру мүмкін еместігін анықтайды.

16.10

Үздіксіз күтім пациентті медициналық қызметті көрсетушіге жеткізу/тасымалдау кезінде мыналардың көмегімен іске асырылады:
1) пациент туралы барлық ақпаратты және растаушы құжаттаманы қабылдаушы денсаулық сақтау ұйымына ұсыну;
2) өлім алдында жатқан пациенттердің келуі немесе оларды тапсыру туралы денсаулық сақтау ұйымына уақытында хабарлау;
3) шақыру картасына жолдама парағымен бекітілген медицина персоналының пациент туралы ауызша ақпараты қабылдайтын медициналық ұйымға беріледі, бұл ақпарат мыналарды қамтиды:
емдеуге жатқызу себебі;
пациент туралы жеке ақпарат;
белгілер мен симптомдар;
сырқат анамнезі және аллергиялық анамнез;
организм жағдайын бақылау және оның негізгі көрсеткіштері/жазбалары;
қолданылған дәрілік препараттар мен емдеу, және олардың нәтижелері;
ауыстыру кезіндегі пациенттің жағдайы.

16.11

Пациентті басқа денсаулық сақтау ұйымына тапсыру кезінде жедел көмек бригадасы жіберген ұйымнан клиникалық резюмені немесе медициналық құжаттамадан көшірмені алып келеді, ол:
1) пациентпен бірге беріледі және
2) онда пациент туралы ақпарат:
пациенттің жағдайы;
өткізілген рәсімдер және араласулар;
пациентке үздіксіз күтімнің қажеттілігі көрсетіледі.

16.12

Персонал өлім алдында жатқан пациенттердің қажеттіліктерін мынадай жолдармен қанағаттандырады:
1) ауырсыну және симптомдарды азайтуға көмектесу;
2) сыйлау және жанашырлық көмек көрсету;
3) пациенттің күтімі үдерісіне тартылған басқа мамандар және денсаулық сақтау ұйымдарымен бірлесіп жұмыс істеу;
4) пациенттің шешімдеріне сыйластық көзқарас;
5) олардың рухани және мәдени талаптарын назарға алу;
6) реанимация бойынша қызметтерді тоқтатуға және тіршілікті ұстап тұру бойынша емдеуді тоқтатуға қатысты ұйымның саясатын түсіну;
7) пациенттер және олардың отбасыларына қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.

16.13

Ұйым қақтығыс болған жерде немесе жедел көмек машинасында тасымалдау кезде қайтыс болған пациентпен жұмыс істеудің белгілі хаттамасын әзірлейді және енгізеді, онда мыналар туралы жазылған:
1) пациентті қайтыс болды деп тануға кімнің құқығы бар;
2) қайтыс болған пациентті тасымалдауға болады ма.

16.14

Пациентті емдеу немесе тасымалдау немесе пациентті емдеу мен тасымалдаудың көрсетімі жоқ кезде шешімдер мынадай негіздерде қабылданады:
1) ұйымдастыру және персоналды оқыту критерийлері негізінде;
2) пациент іс-әрекетке қабілетті және өзіне күтім қажеттігін түсінетінін растау;
3) пациенттің тәни және клиникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізінде.

16.15

Пациенттерді медициналық мекемелер арасында тасымалдау кезіндегі жағымсыз құбылыстардың коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

16.16

Реанимациялық іс-шаралар жүргізу кезіндегі қателердің коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

16.17

Анестезия немесе седацияға байланысты қателердің коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

17.0. ПАЦИЕНТ ШАҚЫРУЫНЫҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ КАРТАЛАРЫ
Пациент шақыруының медициналық картасында қауіпсіз және үздіксіз емдеу мен күтімді қамтамасыз ету жөніндегі нақты, анық және жан-жақты мәліметтер жазылған.

17.1

Персонал пациентер туралы медициналық жазбаларды басқарудың құжатталған процесін орындайды:
1) пациенттерге идентификаторды қосқанда мәліметті жазу;
2) тек жалпыға белгілі символдар мен қысқартуларды пайдалану;
3) медициналық жазбалардағы ақпаратты іздеуді жеңілдету мақсатында стандартталған форматты сақтау;
4) медициналық картаның ең төменгі мазмұнын анықтау;
5) медициналық қызметкерлердің медициналық құжаттарды уақтылы толтыруы;
6) пациенттің медициналық құжаттарын сақтау, қорғау, қалпына келтіру және мұрағаттау.

17.2

Әрбір пациентке бірыңғай біріктірілген медициналық карта ашылған, оған хронологиялық тәртіппен толтырылған барлық ақпарат енгізілген, оның арқасында мыналарды қосқанда тиімді коммуникация және емдеу мен күтімнің үздіксіздігін іске асыруға болады:
1) емдеу, емдеу және тасымалдамау көрсетімдері жоқ кезде шақыру орнында қалдыру;
2) пациенттің тәни және клиникалық жағдайын суреттеу;
3) пациенттің дұрыс шешім қабылдау қабілетін анықтау;
4) жүргізілген емдеу;
5) кейінгі бақылау қажеттігі;
6) кейінгі бақылау нұсқаларына қоса жедел көмек бригадасымен қайта байланысқа шығу;
7) емдеу немесе емдемеуді аяқтау себептері.

17.3

Пациенттің шақыру медициналық картасындағы өзгерістер мен басқа жазбаларды тек ұйым уәкілеттеген тұлғалар толтырады:
1) түсінікті етіп;
2) қағазда немесе электрондық түрде;
3) дұрыс және белгілі аббревиатураларды пайдаланып, деректердің негізінде;
4) күні көрсетілген және уақтылы;
5) аты мен лауазымы көрсетіліп қол қойылған;
6) тиісті оқиғалардың уақытын қамтиды.

17.4

Шақыру картасында аллергиялық сырқатнама, дәрілік заттарға жағымсыз реакциялар, радиоактивтік қауіп және жұқтыру қаупі сияқты пациенттің жағымсыз жағдайлары туралы персоналды ескертуші жазбалар бар.

17.5

Пациенттің шақыру картасында (2-қосымша) диагностика және емдеу хаттамасына/алгоритміне сәйкес мыналарды қосқанда пациенттің емдеу және күтімі жоспарын іске асыру туралы куәлік болуы тиіс:
1) бақылау және мониторингтің нәтижелері;
2) араласу егжей-тегжейлілігі және нәтижелері;
3) берілген ақпарат және алынған келісім;
4) пациент денсаулығындағы кез келген өзгерістер;
5) емдеу және күтімге реакциялар;
6) кез келген әлеуетті қауіпті оқиғалар, қақтығыстар немесе жағымсыз оқиғалар, мысалы, дәрілік препараттардың жанама әсерлері.

17.6

Пациенттің медициналық шақыру картасында медициналық қызметтер туралы ақпараттың көшірмелері сақталуы тиіс:
1) пациенттерді жіберу және тасымалдағаннан кейін басқа медициналық ұйымдардан алыну;
2) пациентке қызмет көрсетуді аяқтау бойынша.

17.7

Медициналық картаны үнемі тексеріп отыру жоспарлы түрде толық, анық және уақтылы толтыру мақсатында жүргізіледі.

17.8

Пациенттердің медициналық құжаттамаларына байланысты қателер коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

17.9

Жүргізілген аудиттердің коэффициенті (ішкі аудит қызметі):
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

17.10

Пациентті идентификациялау коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

18.0. ПАЦИЕНТТІ ЕМДЕУ ЖӘНЕ КҮТІМ САПАСЫ
Ұйым клиникалық үдерістерді және пациенттің күтіміне байланысты үдерістердің сапасын үнемі қадағалайды, бағалайды және жақсартады.

18.1

Барлық емдеу-профилактикалық іс-шаралар бойынша стандарттық ресімдер, клиникалық нұсқаулықтар, хаттамалар және алгоритмдер бар, олар:
1) ғылыми зерттеулер және дәлелдердің негізінде әзірленеді;
2) медициналық ұйымның басшысы бекітеді;
3) ресімдерді орындау бойынша персоналды оқыту және аттестаттау жүргізу үшін пайдаланылады (кем дегенде жылына бір рет);
4) тағайындалған персонал орындайды.

18.2

Жақсарту үшін пайдаланылатын клиникалық сапа, сондай-ақ нәтижелер мыналарды пайдалану жолымен тексеріледі:
1) стандарттарға, стратегиялар және ресімдерге сәйкестігін бағалау үшін науқастың медициналық карталарына сараптама жүргізу кестесі;
2) нормативтік актілерге сәйкес міндетті сараптамаға жатқызылатын оқиғаларды талдау.

18.3

Пациентке медициналық қызметтерді ұсыну қадағаланады, нәтижелері келесі аспектілерді жақсарту үшін пайдаланылады:
1) шақыруға құлақ асу уақыты;
2) жедел көмек көлігінің құлақ асу уақыты;
3) пациентті бағалау;
4) инвазиялық рәсімдер;
5) анестезияны, седативтік құралдарды және жоғарғы қауіппен байланысты басқа үдерістерді пайдалану;
6) қан алмастырушыларды енгізу;
7) пациенттің медициналық шақыру картасының болуы, мазмұны және пайдалану;
8) инфекциялық тексеру, бақылау және есептілік;
9) дәрілік препараттарды тағайындау қателіктері, дәрілердің жағымсыз әсерлері, бір пациенттен бір күн ішінде қайта қоңырау түсуі, бұл шақыруға дер кезінде құлақ аспауы және дұрыс емдемеуді көрсетеді.

18.4

Дәрілік препараттарды тағайындау кезінде қателерді табу және дәрілік заттарды пайдалану кезінде жағымсыз оқиғалар туралы ақпарат беру процесі енгізілді:
1) ақпарат белгіленген рәсімге сәйкес уақтылы хабарланады;
2) алынған мәліметтердің талдауы дәрілік препараттарды тағайындау және пайдалану кезінде қателер деңгейін төмендету мақсатында пайдаланылады.

18.5

Медициналық ұйымда пациенттерді емдеу үшін дәрілік препараттарды пайдалану тиімділігін тексеру және мониторинг жүргізу мақсатында формулярлық комиссия құрылады.

18.6

Негізгі клиникалық процестер бойынша тиімділік және күту уақыты, қайта шақыру проценті, дәрілік препараттарды тағайындау қателіктері, инфекция деңгейлері сияқты пациенттің күтімі процесінің индикаторлары:
1) үздіксіз негізде анықталады;
2) келісілген жиілікпен өлшенеді;
3) тиісті комитеттерге, сондай-ақ менеджерлер мен персоналға хабарланады;
4) мүмкін болатын жерлерде олар уақыттың өтуімен және осындай қызметтер арасында бастапқы мәліметтермен салыстырылады;
5) сондай-ақ сапаны арттыру үшін пайдаланылады.

18.7

Дәрілік препараттарды қабылдау кезіндегі қателердің коэффициенті (дұрыс емес дәрі, дұрыс емес мөлшер, дұрыс емес енгізу):
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

E БӨЛІМІ: АРНАЙЫ ҚЫЗМЕТТЕР  

19.0. ШҰҒЫЛ/ЖЕДЕЛ КӨМЕКТІҢ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАРЫ
Шұғыл/жедел көмектің коммуникациялық орталықтары қақтығыстарға шұғыл/жедел көмек қызметінің құлақ асуына және пациенттерді тасымалдау қажеттігіне тиімді қолдау көрсетеді.

19.1

Ұйым жоспардың мониторингін әзірлейді және үнемі іске асырады, ол мыналарды қамтиды:
1) құлақ асу салаларын идентификациялау және құлақ асу құралдарының болуы;
2) максималдық жүктеме мерзімдерін қамту;
3) көп шығындар мен апаттар болған қақтығыстарға құлақ асу;
4) күрделі қақтығыстарды үйлестіру;
5) толық біріктірілген 24-сағаттық коммуникация жүйесін ұсыну.

19.2

Жоспар құлақ асу және шұғылдық деңгейіне сәйкес шақыруларды дәл санаттау үшін белгілі үдерісті қамтиды және:
1) қызметке әрбір сұрату үшін коммуникациялық орталықта әзірленеді;
2) қызметтің барлық шақыруларын санаттайды («03» диспетчерінің кезеңінде);
3) құлақ асудың бірыңғай диспетчерлік пунктін ұсынады;
4) мониторинг жүргізіледі.

19.3

Жоспар құлақ асу уақыты бойынша стандарттарды қамтиды, олар:
1) заңнама және нормативтерге сәйкес келеді;
2) қызметтерді ұсынудың әр түрлі салаларын қамтиды;
3) әр түрлі диспетчерлік санаттарды қамтиды;
4) шақыруды күту уақытын қамтиды;
5) синхрондалған сағаттарды бір рет немесе үнемі пайдалану кезінде мониторингке жатқызылады.

19.4

Коммуникациялық орталық қызметтер көрсетуге тапсырыстар туралы ақпаратты алу және құжаттау үшін үдерісті пайдаланады:
1) кері шақырудың телефон нөмірі;
2) қақтығыстың немесе қажетті қызметтің мекенжайы;
3) шақырудың себебі немесе сұрату немесе шағымның мәні;
4) сұрату жедел немесе шұғыл болып табылады ма;
5) кейін-диспетчерлік алдында – келу нұсқаулықтары;
6) кез келген басқа ұйымнан көмек сұрау қажеттігі.

19.5

Тікелей, шұғыл коммуникациялар мына тұлғалар арасында үзілмейді:
1) диспетчер және телефон соғушының;
2) диспетчер және жедел көмек бригадасының.

19.6

Коммуникациялық орталықтың медициналық және басқа персоналды (қажет кезде аурухана және басқа оператор ұсынғандарды қосқанда) және трансферге қажетті көлік түрін үйлестіруге мүмкіндігі бар:
1) күрделі/шұғыл пациенттерді бір денсаулық сақтау ұйымынан басқасына;
2) шұғыл емес пациенттерді бір денсаулық сақтау ұйымынан басқасына;
3) шақыру карталарында созылмалы ретінде белгіленген МСАК ұйымының пациенттерін;
4) денсаулық сақтау ұйымына және одан тасымалдану жоспарланған пациенттер;
5) денсаулық сақтау ұйымында емдеу эпизодынан кейін пациенттерді үйге;
6) пациенттерді амбулаториялық қабылдауға және одан кейін алып қайту.

19.7

Коммуникациялық орталық мынадай мақсаттарда екі жақты келісімдердің көмегімен, басқа пункттерден көмекші жүйелерді қосқанда дұрыс жүйелер арқылы үздіксіз қызметтерді жүзеге асыруды жоспарлайды:
1) телефонға жауаптар;
2) шұғыл және басқа шақыртуларды тіркеу;
3) диспетчерлік қызмет;
4) автокөлік навигация жүйесі;
5) радио коммуникациялар;
6) сандық картографиялау.

19.8

Коммуникациялық орталық мыналармен бірге телефон соғу көлемін қабылдау және мыналармен бірге сұраным мен талаптар үшін қажетті деңгейде персоналмен жарақтандырылған:
1) қызмет деңгейін сақтау үшін талап етілетіндей толық білікті ауыстырылатын персоналға қолжетімділікпен;
2) күніне 24 сағат аға клиникалық консультацияларға қолжетімділікпен;
3) шұғыл көмектің белгілі медициналық диспетчерлік басқармасында оқудан өткен және тіркелген медициналық диспетчерлері;
4) телефон қоңырауларын қабылдаушы персоналдың және шұғыл көмектің практикалық тәжірибесі және тиісті біліктілігі бар диспетчерлік клиникалық персоналдың болуы.

20.0. ЖЕР БЕТІНДЕГІ ЖЕДЕЛ/ШҰҒЫЛ КӨМЕК
Жер бетіндегі жедел/шұғыл көмектің клиникалық мүмкіндіктері, ресурстары, құлақ асу уақтылығы пациенттердің талаптарына сай келеді.

20.1

Жер бетіндегі шұғыл көмек қызметінің клиникалық мүмкіндіктері мен дер кезінде құлақ асу пациенттердің талаптарына сай келеді:
1) күтілетін деңгейде дәрігерге дейінгі шұғыл көмекті нәтижелі ұсыну мүмкіндігі болу үшін ресурстарды бөлу;
2) мамандардың бар болуы және қолда бар жабдықтар бойынша әр түрлі салалардағы құлақ асу мүмкіндіктерін анықтау;
3) құлақ асу мүмкіндіктерінің аз дегенде әрбір деңгейі үшін белгіленген, клиникалық персоналдың комбинациясымен жұмыс істейтін шұғыл қызметтің құлақ асу мүмкіндіктерін ұсыну;
4) жедел/шұғыл көмектің жұмысында белгілі хаттамалар мен ДСМ бұйрықтары бойынша жұмыс істейтін персонал.

20.2

Санитариялық автокөлік:
1) пациентті шалқасынан жататындай етіп және медициналық персонал пациенттің басында отырып және еркін қозғалатындай етіп тасымалдауға жарамды болуы тиіс;
2) пациентті кем дегенде екі медициналық қызметкерлермен тасымалдай алатындай етіп шұғыл құлақ асу мүмкіндігін ұсынады.

20.3

Санитариялық автокөлік жабдықтармен жарақтандырылуы және пациентке бағалау және емдеу үшін мүмкіндік беруге жарамды болуы тиіс:
1) уақыты бойынша күрделі немесе жоғары деңгейдегі медициналық көмекті қажет ететін жағдайларда;
2) бір немесе одан көп медициналық қызметкерлердің болуы.

20.4

Пациентті тасымалдауға арналған санитариялық автокөлік:
1) өмірге қауіп төндіруші жағдайларда алғашқы көмек көрсету бойынша маманның өмір тіршілігінің негізгі функцияларын қолдау үшін жарақтандырылған;
2) бірінші кезекте денсаулық сақтау ұйымдары арасында пациенттерді тасымалдауға арналған және бір немесе одан көп медициналық қызметкермен жұмыс істей алады;
3) медициналық қызметкерлерді мамандандырылған көмекті қажет ететін пациентті бір денсаулық сақтау ұйымынан басқа ұйымға тасымалдай алады;
4) мамандар бригадасының медициналық көмек көрсету мүмкіндігін, кем дегенде қабылдайтын ұйымда күтілетіндей теңдей көмек береді.

20.5

Санитариялық автокөлік балаларға және жасы үлкен адамдарға жедел/шұғыл көмек көрсетуіне сәйкес жабдық пен шығыс материалдарының жеткілікті санын тасиды.

20.6

Санитариялық автокөлікте жетіспеуші жабдық немесе шығыс материалдарының коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал іс-қимылдар үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

20.7

Жолға шығу кезінде жабдықтың және санитариялық автокөлік бұзылуларының коэффициенті:
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал іс-қимылдар үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

21.0. ЖЕДЕЛ/ШҰҒЫЛ ӘУЕ ҚЫЗМЕТІ
Жедел/шұғыл әуе қызметінің клиникалық мүмкіндіктері, ресурстары мен құлақ асу уақтылығы пациенттер талаптарына сай келеді.

21.1

Жедел/шұғыл әуе көмегін уақтылы көрсетуінің клиникалық мүмкіндіктері, ресурстары мыналар бойынша пациент талаптарына жауап береді:
1) қақтығыс бойынша қолдағы бар ақпаратты және жедел/шұғыл көмекті жеткізудің құралдарын және қақтығыс орнына жіберу үшін қолдағы бар ресурстарды ескере отырып, медициналық персоналдың күтілетін деңгейде шұғыл көмектің нәтижелі болуы үшін ресурстардың бар болуы;
2) ауруханааралық тасымалдау оқиғасында пациенттің белгілі немесе болжамды жағдайы үшін лайықты ресурстардың бар болуы;
3) санитарлық авиация қызметінің жұмысында ДСМ белгілі хаттамалары мен бұйрықтары бойынша жұмыс істейтін персонал.

21.2

Клиникалық команда мыналарды қосқанда әуе медициналық көмек көрсету мен пациенттерді емдеудің негізгі аспектілері бойынша оқудан өткен:
1) авиациялық физиологияның ерекше аспектілері және санитарлық авиацияның медициналық қызметтері;
2) ұйымдастыру мәселелері және әуе-көліктік қызметтер;
3) бригаданың ресурстарын басқару.

21.3

Әуе қауіпсіздігі бойынша оқудан өту және жабдықпен танысу тұрақты жүргізіледі, сондай-ақ міндетке сәйкес ұшу алдында ерекше нұсқаулар жүргізіледі.

21.4

Жылдам құлақ асуды қамтамасыз ететін жедел/шұғыл әуе көмегі кемінде екі клиникалық мамандарымен қамтамасыз етіледі:
1) қарқынды терапия және реанимация саласындағы бір клиникалық маман;
2) дәрігерге дейінгі көмек көрсету саласында тиісті біліктілігі мен тәжірибесі бар бір клиникалық маман;
3) ТЖ немесе арнайы біліктілік және құрал-саймандар қажет болатын қауіпті немесе қатаң жағдайларда міндеттерді орындау біліктілігі бар маман, мысалы альпинистердің құтқару командасы.

21.5

Қарқынды терапияның толық деңгейімен қамтылған жедел/шұғыл әуе көмегі қызметінің көліктері пилотты қоспағанда екі клиникалық қызметкермен қамтамасыз етілген:
1) реанимациялық шараларды, әуе медициналық көмегін, өкпені жасанды желдету және ағзаларды қажетті жағдайда ұстап тұрудың басқа тәсілдері және көлік медицинасындағы алдыңғы тәжірибені қосқанда қарқынды терапия саласы бойынша біліктілігі бар бір клиникалық маман;
2) қарқынды терапия бойынша біліктілігі және реанимациялық шаралар мен әуе-медициналық көмектің тәжірибесі бар авиациялық мейірбике;
3) тиісті біліктілігі бар анестезиология маманы.

21.6

Пациентті тасымалдауға қатысушы клиникалық персоналдың бейінді маманмен жылдам хабарласуға мүмкіндігі бар.

21.7

Борттағы бригада тасымалдаудың барлық уақыты бойынша пациент үшін жауап береді.

21.8

Авиациялық көлігі салонының ішкі конфигурациясы:
1) әуе кемесінің салонында пациентті шалқасынан жатқызып тасымалдауға мүкіндік береді;
2) клиникалық персоналдың ұшу кезінде тыныс алу жолдарын, тыныс алу мен қан айналымын бақылау үшін пациенттің басы мен денесіне (жамбасының ортасына дейін) қолы жететіндей болуы тиіс;
3) клиникалық персоналдың қажет кезде жүрек-өкпе реанимациясынан кейін қажет болуы мүмкін тыныс алу жолдарын бақылаудың күрделі түрлерін қосқанда екі орындаушымен жүрек-өкпе реанимациясын орындау үшін жеткілікті орны болуы тиіс.

21.9

Аэромедициналық көмек қызметінің әуе кемесі жабдық пен шығыс материалдарының жеткілікті санын тасиды:
1) балаларға, сондай-ақ ересектер үшін дәрігерге дейінгі көмек көрсетуге сәйкес;
2) олар пайдаланылуы тиіс ерекше авиациялық жағдайларда операциялар жасауға сәйкес;
3) пациенттің әрбір белгілі немесе болжамды жағдайы үшін қосымша жабдықпен қамтамасыз етілген.

21.10

Ұшу кезіндегі жағымсыз құбылыстар коэффициенті (әуе шұғыл көмегі)
1) белгіленген уақыт мерзімінде бағаланады;
2) ықтимал әрекеттер үшін талданады;
3) қолжетімді және аккредиттік тексеру кезінде ұсынылады.

Жедел/шұғыл медициналық көмек 
көрсететін медициналық ұйымдарды
аккредиттеу стандарттарына  
1-қосымша          
 
Жедел/шұғыл медициналық көмек қызметінің санитариялық
автокөлігіне арналған жабдығы мен шығыс материалдарының тізбесі

1. Жедел/шұғыл медициналық көмек қызметінің санитариялық
автокөлігіне арналған жабдығы      

      Санитариялық автокөлік кемінде жүрек-өкпе реанимациясына және жедел медициналық көмекке арналған жабдықпен жарақтандырылған.
      - Шұғыл медициналық көмектің стандарттық жиынтығының құрамы:
      - алғашқы медициналық көмек және базалық реанимацияға арналған жабдық;
      - зембілдер және/немесе орындықтар;
      - зембілдердің сырықтары;
      - көктамырға құюға арналған штативтер және көктамырға құюға арналған ерітінді мен іліп қоятын ыдысқа арналған ілмектер;
      - инелерге арналған контейнер;
      - қолғаптар –L, M және S өлшемді;
      - қоқысқа арналған контейнер;
      - автоматтық сыртқы дефибриллятор;
      - катетерлері бар сорғыш;
      - зембілдерге арналған қосымша кенеп;
      - реттеушісі бар портативтік оттегілік баллон;
      - Entonox газ қоспасына арналған реттеушісі бар портативтік баллон;
      - жеке қорғаныс құралдары және сырт киім.

2. Пациент тіршілігінің негізгі функцияларын қамтамасыз етуге
арналған санитариялық автокөліктің жабдығы      

      Жоғарыда көрсетілген шұғыл құлақ асу қызметінің жабдығына қосымша санитариялық автокөлік балалардың, сондай-ақ ересектердің тіршілік әрекетінің негізгі функцияларын қамтамасыз етуге арналған барлық қажетті құралдармен жабдықталған.

Ескертпе: егер санитариялық автокөлік пациенттердің жеке түрлеріне/санаттарына арналған болса жабдықтың тізбесі түрленуі мүмкін. 

Қызметтердің санаты

Жабдық және материалдар

Жалпы

Қол шамдар, батарейкалар.
Жергілікті мекеннің карталары.
Радио-телефон бойынша ауруханамен байланысты қамтамасыз ету.
Пациент туралы ақпарат бойынша есептілік нысаны, шақыру картасы немесе эквивалент.
Матаны кесуге арналған қайшы.
Кішкентай қайшы.
Майлаушы гель.

Диагностика/Триаж (сұрыптау)

Триаж/сұрыптау кезінде пациенттерді жапсырмамен қамтамасыз ету.
Диагностикалық құралдар –артериялық қысымды өлшеу манжеттері (неонатальдық, сәби, балалар және ересектерге арналған).
Термометр (төмен температураны өлшеу мүмкіндігі).
Стетоскоп.

Реанимация

Соруға арналған құрал және жабдық.
Оттегіні беру жабдығы.
Қолайлы ларингеальдық бетперделер.
Ауыз қуысының ауа жібергіштері.
Мұрын жұтқыншақтық ауа жібергіштері.

Кардиологиялық науқастарға қызмет көрсету

Жүрек қағысын қалпына келтіруге және дефибрилляция жүргізуге арналған қолайлы жабдық (егер санитариялық автокөлік монитор және дефибриллятормен жарақтандырылмаса, балалар үшін электродтары бар және араластырылған дозалары бар автоматтық сыртқы дефибриллятор).

Жаралардың күтімі

Зарарсыздандырылған физиологиялық ерітінді (0,9%).
Марля, дәке және салфеткалар.
Тығыз байлайтын таңулар және күйікке қарсы таңулары.
Таңу материалы.
Жабысқақ таспа (жабысқақ пластырь).
Бұрама.
Зарарсыздандырылған анестетигі, гемостатикалық губкасы бар күйікке қарсы пакет.

Сынықтар кезіндегі күтім

Байлайтын белдіктері және төсеніші бар арқаны қорғау қалқаны.
Басты қорғауға арналған оралған сүлгілер, оралған жамылғылар немесе эквиваленттер.
Қатты мойын жағасы.
Сынықтар кезінде аяқ-қолдарды қорғау құралдары.
Аяқтарға арналған созу құралдары.
Салқындату пакеті.
Жинамалы пластикалық шиналар.
«Құтқарушы» үлгісіндегі жамылғы.

Шұғыл көмек дәрілері

Дәрілердің минималдық тізбесі: оттегі, аспирин, сальбутамол, гормондар және адреналин және т.б.
Тиісті небулайзерлер (немесе ингаляторлар), инъекцияға арналған шприцтер және инелер.
Спейсер.

Акушерлік және неонаталдық қызметтер

Зарарсыздандырылған сүлгілер.
Марля, дәке және салфеткалар.
Кіндік таспасы және жабысқақ таспа.
Зарарсыздандырылған қайшы.
Сорғыш (груша).
Кіндікке арналған қысқыш.
Зарарсыздандырылған қолғап.
Ақжайма, сүлгілер және басты жабуға арналған жамылғы.
Кювездер

Сілеймеге қарсы

Көктамырға пункция жасауға және ерітінділерді енгізуге арналған құралдар.

Пациентке қолайлы жағдай жасайтын қызметтер

Жастықтар және жаймалар және зембілдердің көптеген түрі.
Жамылғылар, сүлгілер, жаймалар.
Зәрге арналған үйректер, адам астына қойылатын зәрге арналған ыдыстар және құсыққа арналған пакеттер.
Подгузниктер.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ететін қызметтер

Көліктің, клиникалық персоналдың және пациенттердің қауіпсіздігіне арналған тиісті жабдық мыналарды қамтиды:
а) өрт сөндіргіштер;
б) қорғаныс көзілдірігі;
в) бетті қорғау, бетперде немесе қорғаныс экраны;
г) қолғап (дұрысы латекстік);
д) дезинфекциялық ерітінді немесе қолға арналған тазалаушы зат;
е) спиртке батырылған салфеткалар;
ж) ескерту белгілері бар киім;
з) зембілдердің белдіктері;
и) рациялар;
к) шлемдер.

Қосымша қызметтер

Медициналық ұйымдар арасында және қиын жағдайларда жағдайы ауыр пациеттерді тасымалдау кезінде кеңейтілген реанимациясы және реаниматологтар бригадасы бар жедел/шұғыл көмек қызметінің санитариялық автокөлігі үшін қызметтер мен емдеу талаптарына сәйкес қосымша жабдық пен материалдар қажет болуы мүмкін. Мысалы: портативтік УДЗ, «шөміш» үлгісіндегі зембілдер, эхоэнцефалограф, инфузоматтар

Жедел/шұғыл медициналық көмек
көрсететін медициналық ұйымдарды
аккредиттеу стандарттарына
2-қосымша

ШАҚЫРУ КАРТАСЫНДАҒЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖАЗБАЛАР

Шұғыл ақпарат

      1. Сәйкестендіру нөмірі, мекен-жайы, кіреберістің, пәтердің нөмірі, кіру коды, телефон нөмірі.
      2. Күні.
      3. Уақытты тіркеу – алу, жіберу, орнында, кету, тағайындау, аяқталу пункті.
      4. Пациент туралы ақпарат – Т.А.Ә., жасы, жынысы.
      5. Жол жүру қашықтығы (егер талап етілсе) – басталу километражы, аяқталу километражы, барлық километраж.
      6. Клиникалық персоналдың бейіні – бригаданың санаты және нөмірі.
      7. Жіктемесі (егер талап етілсе)
      а) шұғылдылық санаты;
      б) шақыру нәтижесі – жолда бас тартылды, шақыру алынып тасталды, пациент табылмады, тасымалдау;
      в) жарақаттар кодтары, АХЖ шифры;
      г) тапсырма бойынша ерекше нұсқаулар.

Клиникалық ақпарат

      1. Шақыру себебі.
      2. Қақтығыс орны.
      3. Қақтығыс орны, егер белгілі болса.
      4. Жарақаттар мен ауырсынуды оқшаулау (дененің алдыңғы немесе артқы беті, дененің мүшелері): сынық, жарылу, жара, ісік, қан кету, контузия, буыны шығу, күйік.
      5. Жол көлік оқиғалары кезінде: көлік түрі, пациенттің позициясы, соққы алу орны, зақымдалған учаске, қысылып қалды (иә/жоқ), қауіпсіздік белдігі (тағылған/жоқ), шлем, егер велосипед немесе мотоцикл болса (киілген/жоқ), соқтығысу кезіндегі болжамды жылдамдық – жоғарғы, орташа, төмен.
      6. Негізгі шағым.
      7. Сырқатнама – негізгі шағымға қатысты сырқат анамнезін қысқаша суреттеу және мыналарды қосқанда бұрын болған сырқат анамнезі:
      а) дәрілерді қабылдау;
      б) аллергиялық анамнез.
      8. Шкала бойынша ауырсынуды бағалау (емдеуге дейінгі және кейінгі жазба).
      9. Алғашқы тексеру:
      а) тыныс алу жолдарын тексеру, тыныс алуды, қан айналымын бағалау, есін білу күйі: AVPU шкаласы – alert (есін біледі), voice (дауысты естиді), pain (ауырсынуды сезеді), unresponsive (сезбейді) немесе GCS (ГКШ) – Глазго комасының шкаласы;
      б) тіршілік көрсеткіштері – жүрек қысқартулардың саны, артериялық қысым, тыныс алу қозғалысының саны, егер қажет болса оттегі сатурациясы.
      10. Дене көрсеткіштері.
      11. Пациенттің клиникалық жағдайына қатысты басқа көрсеткіштері.
      12. Емдеу, мыналарды қосқанда:
      а) араласулар:
      - жүрек-өкпе реанимациясы;
      - тыныс алу жолдарының өткізгіштігіне жәрдемдесу;
      - қан тамырлық қолжетімділік;
      - инфузиялық терапия;
      б) енгізілген дәрі-дәрмектер (оттегіні қосқанда):
      - уақыты;
      - дозасы;
      - беру тәсілі;
      в) күйі: пациенттер әдетте шалқасынан жатқызылған күйде тасымалданады, нұсқалары (етпетінен, қырымен, аяғы көтеріліп, отырғызылып) құжатталуы тиіс.
      13. Организмнің емдеуге жауабы: алдын ала қарауды және дәрілік терапиядан кейін немесе емдеу кезінде жүйелі интервалдармен тіршілік көрсеткіштерін бағалауды қайта жүргізу.
      14. Барлық медициналық көмек көрсеткен адамдардың Т.А.Ә.
      15. Медициналық көмек көрсететін ұйымның атауы, түсінікті етіп қол қою және күнін көрсету.

ҚЫСҚАРТУЛАРДЫҢ ТІЗІМІ 

ДСМ

- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі

АХЖ

- Аурулардың халықаралық жіктемесі

НҚА

- Нормативтік құқықтық актілер

МСАК

- Медициналық-санитариялық алғашқы көмек

СТН

- Салық төлеушінің тіркеу нөмірі

БАҚ

- Бұқаралық ақпарат құралдары

УДЗ

- Ультрадыбыстық зерттеулер

ТАӘ

- Тегі, аты-жөні, әкесінің аты

ТЖ

- Төтенше жағдайлар

АҚ

- Азаматтық қорғаныс

ISO

- International Organization for Standardization

ISQua

- International Society for Quality in Health Care