Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 21 қыркүйектегі № 298 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 қарашада № 8051 тіркелді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының мына нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын:
      1) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 349 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2550 тіркелген);
      2) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 29 қыркүйектегі № 349 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 26 наурыздағы № 107 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3592 тіркелген);
      3) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 1 ақпандағы № 9 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6099 тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздар нарығының мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар тізбесінің 2-тармағы.
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркеуден өткiзiлген күннен бастап күшiне енедi.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                     Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 21 қыркүйектегі
№ 298 қаулысымен   
бекітілген        

Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында
трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру
қағидалары 

      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында трансфер-агенттік қызметті (бұдан әрі – трансфер-агенттік қызмет) жүзеге асыру талаптары мен тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) алушы – құжаттарды (ақпаратты) алушы;
      2) жіберуші – құжаттарды (ақпаратты) жіберуші;
      3) клиент – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы, трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланып жүрген немесе пайдаланғысы келетін жеке немесе заңды тұлға;
      4) регламент – трансфер-агент қызметінің талаптары мен тәртібін, оның органдарының, құрылымдық бөлімшелерінің (филиалдарының, өкілдіктерінің), қызметкерлерінің жұмыс істеуін, оларға қызмет көрсетілуін және еңбекақы төлеу тәртібін реттейтін трансфер-агенттің ішкі құжаттары.
      2. Трансфер-агенттік қызмет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лицензиялануы тиіс.
      3. Трансфер-агенттік қызметті бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің басқа түрлерімен қоса жүргізу мүмкіндігі қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 

2. Трансфер-агенттік қызмет көрсету бойынша шарт

      4. Жеке және (немесе) заңды тұлғалар трансфер-агенттің клиенті болып табылатын не осы трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шарт жасау мақсаттары үшін трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланғысы келетін бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының клиенттері болып табылған жағдайда, аталған тұлғалар трансфер-агенттік қызмет көрсету бойынша шарт (бұдан әрі – шарт) негізінде осы трансфер-агенттің клиенттері болып табылады.
      5. Шарт жасау кезінде клиент трансфер-агентке мынадай құжаттарды:
      1) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы үшін:
      бағалы қағаздар нарығындағы мәмілелерді жасау барысында толтырылуы тиіс құжаттардың бланкілерін және оларды трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының қызметтерін пайдаланып жүрген немесе пайдаланғысы келетін тұлғалардың толтыруы жөніндегі нұсқаулықтарды (түсіндірмелерді, нұсқауларды);
      трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының қызметтерін пайдаланғысы келетін тұлғалармен шарт жасауға қажетті құжаттардың тізбесін бере отырып, осындай шартты жасау мақсаттары үшін қажетті құжаттардың бланкілерін;
      трансфер-агент клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының атынан құжаттарға қол қою құқығына ие трансфер-агенттің клиенті – бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері бар құжатты және оның мөр бедерін;
      2) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының клиенттері болып табылатын не трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шарт жасау мақсаттары үшін трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланғысы келетін жеке тұлғалар үшін – жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысының клиенттері болып табылатын не трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шарт жасау мақсаттары үшін трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланғысы келетін заңды тұлғалар үшін:
      заңды тұлғаның атынан құжаттарға қол қою құқығына ие оның өкілдерінің нотариат куәландырған қол қою үлгілері бар құжатты және осы заңды тұлғаның мөр бедерін;
      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шарт жасауға қажетті құжаттарды (трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шарт жасау мақсаттары үшін трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланғысы келетін тұлғаларға арналған) ұсынады.
      6. Қағидалардың 5-тармағы 1) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында атап көрсетілген құжаттарды клиент трансфер-агентке типографиялық немесе өзге тәсілмен дайындалған баспа өнімі түрінде және (немесе) басып шығаруға арналған электронды файлдар түрінде (трансфер-агенттің техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып) ұсынады.
      7. Шарттардың көшірмелерін (оларға енгізілген барлық өзгерістер және толықтырулармен бірге), Қағидалардың 5-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацында, 2) тармақшасының екінші абзацында және 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін трансфер-агент трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын өзінің филиалдарына өткізеді.
      8. Клиент Қағидалардың 5-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацында, 2) тармақшасының екінші абзацында және 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттардағы кез келген өзгерістер туралы ақпаратты трансфер-агентке жазбаша (оның ішінде жаңартылған құжаттарды беру арқылы) жеткізеді.
      Трансфер-агент трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын өзінің филиалдарына клиенттен алынған шартқа енгізілген өзгерістерді және клиенттен алынған жаңартылған құжаттардың көшірмелерін оларды алған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде жеткізеді.
      9. Трансфер-агент клиенттің алғашқы талабы бойынша:
      1) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға берілген лицензияның нотариат куәландырған көшірмесін;
      2) трансфер-агент регламентінің көшірмесін;
      3) осы трансфер-агентпен шарт жасаған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары болып табылатын клиенттер туралы мәліметтерді (клиент пен оның филиалдары (өкілдіктері) орналасқан жерді, қызметтің тиісті түрлерін жүзеге асыруға берілген лицензиялардың берілген күні мен нөмірлерін, қызметтердің тізбесін, оларға ақы төлеудің мерзімдері мен тәртібін, құжаттарды ресімдеу тәртібін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында коммерциялық құпия болып табылмайтын өзге де мәліметтерді көрсете отырып) ұсынады.
      10. Трансфер-агент трансфер-агенттік қызметті бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің басқа да түрлерімен қоса атқарған кезде трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын қызметкерлер бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтің басқа түрлеріне сәйкес келетін функцияларды жүзеге асырмайды. 

3. Трансфер-агенттік қызмет

      11. Трансфер-агент трансфер-агенттік қызметті Қазақстан Республикасының заңнамасына және өзінің регламентіне сәйкес жүзеге асырады.
      12. Трансфер-агенттің регламенті:
      1) жіберушіден алушыға жіберілген құжаттарды (ақпаратты) трансфер-агенттің қабылдау және өткізу тәртібін;
      2) трансфер-агент және клиенттер жүзеге асыратын, қабылданған және өткізілген құжаттарды (ақпаратты) салыстырып тексерудің тәртібі мен мерзімдерін;
      3) өткізу мақсатында қабылданған құжаттарды (ақпаратты) есепке алу тәртібін;
      4) клиенттен клиентке өткізуге арналған құжаттарды (ақпаратты) сақтау тәртібін және осы құжаттарға қолжеткізу тәртібін;
      5) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын деректердің электрондық базасының сақталуын қамтамасыз ету тәртібін;
      6) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру кезінде қолданылатын бағдарламалық-техникалық қамтамасыз етуге (оның ішінде деректердің электрондық базасына), коммуникациялық және өзге де жабдықтарға қолжеткізу тәртібін;
      7) қалыпты режимде осы жүйелердің жұмысын дұрыс аяқтау және барлық берілетін деректердің сақталуын және шынайылығын қамтамасыз ету үшін электр қуаты ажыратылған жағдайда трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыру кезінде пайдаланылатын жүйелердің жұмыс істеу қабілетін сақтау тәртібін;
      8) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға тікелей қатысатын трансфер-агент қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын;
      9) трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын филиалдардың және құрылымдық бөлімшелердің жұмыс істеу тәртібін;
      10) клиенттермен өзара іс-әрекет ету тәртібін;
      11) шарттың үлгісін;
      12) көрсетілген қызметтердің тарифтерін қамтиды.
      13. Трансфер-агенттің (оның филиалының) құжаттарды (ақпаратты) қабылдауы мен өткізуі және осындай құжаттарды (ақпаратты) өткізгенін растауы мынадай талаптарды сақтай отырып, трансфер-агенттің регламентінде және шартта көзделген тәртіппен жүзеге асырылады:
      1) трансфер-агенттің регламентінде көзделген электрондық байланыс құралдарымен мазмұны берілген құжаттардың (ақпараттың) түпнұсқалары Қағидалардың 15-тармағының 3) тармақшасында белгіленген шектеуді ескере отырып, шартта белгіленген мерзімде почта байланысы немесе қолма-қол беру арқылы алушыға міндетті түрде жіберілуі тиіс;
      2) құжаттардың (ақпараттың) түпнұсқалары трансфер-агентке (оның филиалына) екі данада ұсынылады, оның бірінші данасы трансфер-агенттің оны өткізуге қабылдау туралы белгісімен жіберушіге қайтарылады, екінші данасы алушыға беріледі;
      3) трансфер-агент жіберушіге құжаттарды берген сәттен бастап он екі сағат ішінде трансфер-агенттің регламентінде көзделген электрондық байланыс құралдарымен олардың мазмұнын алушыға берілгенін растауды ұсынады.
      14. Трансфер-агенттің филиалы үш жұмыс күні ішінде бас офиске трансфер-агенттің құжаттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде осындай ақпаратты көрсету мақсатында олардың өткізу және (немесе) тапсыру үшін қабылданған құжаттары (ақпараты) туралы ақпаратты жібереді.
      15. Трансфер-агент:
      1) электрондық байланыс құралдары арқылы өткізу үшін қабылданған құжаттардың (ақпараттың) мазмұнын астанада, облыстық маңызы бар қалада немесе республикалық маңызы бар қалада тұратын олардың алушыларына оларды қабылдаған сәттен бастап он екі сағат ішінде, ал Қазақстан Республикасының басқа елді мекендерінде тұратын алушыға шартта белгіленген мерзім ішінде ұсынады;
      2) осы тармақтың 1) тармақшасының талаптарын орындау мүмкін болмаған жағдайда, бұл туралы үш сағат ішінде шартта көзделген тәсілдермен алушыға хабарлайды;
      3) өткізу үшін қабылданған құжаттардың (ақпараттың) түпнұсқаларын алушыға оларды қабылдаған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей почта байланысының құралдары арқылы немесе қолма-қол өткізеді;
      4) өткізілетін құжаттардағы (ақпараттағы) мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді;
      5) трансфер-агент және оның трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға қатысатын барлық филиалдары үшін құжаттарды (ақпаратты) есепке алудың бірыңғай жүйесін жүргізеді.
      16. Құжаттарды есепке алудың бірыңғай жүйесін жүргізу жіберушіден қабылданған және алушыға өткізілген құжаттарды (ақпаратты) жеке-жеке тіркеу арқылы электрондық және қағаз тасымалдағыштарда, сондай-ақ оларды өткізу тәсілі (құжаттардың мазмұнын электрондық байланыс құралдары арқылы беру және құжаттарды (ақпаратты) почта байланысының құралдары немесе қолма-қол беру) бойынша жүзеге асырылады.
      Құжаттарды (ақпаратты) есепке алу әрбір клиентке жеке-жеке жүргізіледі.
      17. Өткізуге арналған құжаттарды (ақпаратты) алған кезде трансфер-агент ондағы қойылған қолдар мен мөр бедерлерін Қағидалардың 5-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацында, 2) тармақшасының екінші абзацында және 3) тармақшасының екінші абзацында көрсетілген құжаттардағы үлгілермен салыстырып тексереді.
      Осы тармақтың талаптары трансфер-агенттің клиенті болып табылатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысымен шарт жасау мақсаттары үшін трансфер-агенттің қызметтерін пайдаланғысы келетін жеке және заңды тұлғаларға қолданылмайды.
      18. Егер Қағидалардың 17-тармағына сәйкес жүзеге асырылған тексеру нәтижесінде трансфер-агент ұсынылған құжаттардан (ақпараттан) сәйкессіздік анықтаған жағдайда, ол бас тарту себептерін көрсете отырып құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      19. Шарттың түпнұсқасын (оған енгізілген барлық өзгерістер мен толықтыруларды қоса алғанда), Қағидалардың 5-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацында, 2) тармақшасының екінші абзацында және 3) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарында көрсетілген құжаттарды трансфер-агент шарттың қолданылуы тоқтатылған күннен бастап бес жыл ішінде сақтауы тиіс.