Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау саласында ұсынатын мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 3 қазандағы № 456 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 қазанда № 8000 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 227 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 17.06.2014 № 227 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) 1-қосымшаға сәйкес «Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет регламенті;
      2) 2-қосымшаға сәйкес «Кәсіптік жоғары білім бағдарламалары бойынша оқу үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті;
      3) 3-қосымшаға сәйкес «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша білім алу үшін жоғары оқу орындарына қабылдау және тіркеу» мемлекеттік қызмет регламенті бекітілсін.
      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 3 қазандағы  
№ 456 бұйрығына     
1-қосымша           

«Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған
конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау»
мемлекеттік қызмет регламенті 

1. Жалпы ережелер

      1. «Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетудің осы регламенті (бұдан әрі – регламент) жоғары оқу орындарымен (бұдан әрі – ЖОО) көрсетіледі және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына, «Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметінің стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасы ЖОО-ларға түсетін тұлғаларды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру гранттарын) орналастыру арқылы жүзеге асады.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жіберілгені туралы ақпарат көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап болып табылады.
      5. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
      1) мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан азаматтығы жоқ тұлғаларға және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлт өкілдеріне және Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы заң талаптарына сәйкес шет елдік азаматтарға көрсетілетін құжаттандырылған рәсім (бұдан былай - қызмет);
      2) Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарына түсетін тұлғаларды қабылдау – талапкерлерді ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификат балдарына сәйкес конкурстық негіздегі өтініштер бойынша тиісті комиссиямен қабылдауды жүзеге асыру рәсімі;
      3) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;
      4) білім беру гранты - жоғары білім алуға төлеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттармен білім алушыға берілетін ақшаның нысаналы сомасы;
      5) мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер. 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттік қызмет мынадай тәртіппен көрсетіледі: демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс уақыты: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағымен анықталған.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызметті алу туралы сауалнамалардың нысандары жоо-лардың интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында www.edu.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылады.
      10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      11. Білім беру грантын алуға басым құқығы бар тұтынушылар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына аталған құқықты растайтын құжатты тапсырады.
      12. Шет тілінде берілген құжаттардың қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.
      Шетелдік білім беру ұйымдары берген білімі туралы құжаттар заңнамада белгіленген тәртіппен нострификатталуы тиіс.
      13. Бірінші және екінші топтағы мүгедек тұтынушылар, мүгедек балалар, сондай-ақ бала кезден мүгедектер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына таңдаған мамандығы бойынша оқу үшін теріс көрсеткіштің жоқтығы туралы медициналық-әлеуметтік сараптама қорытындысын ұсынады.
      14. Тұтынушыға Стандарттың 14-тармағында көрсетілген деректемелерді көрсете отырып, Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметті тұтынушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      16. Қарастыруға келіп түсетін құжаттарды қабылдамауға жол берілмейді.
      17. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылуына немесе мемлекеттік қызметтен бас тартуға осы регламенттің 12-15-тармақтарында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы немесе толық ұсынылмауы негіз болып табылады. 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде іс-әрекет
(өзара әрекет) тәртібін сипаттау  

      18. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы - құжаттарды қабылдау, олардың толықтығын тексеру, журналға тіркеу және қолхат беру;
      2) ЖОО-ның ректоры – тұтынушыға дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағымдарды қарау;
      3) Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі – тұтынушы мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағымдарды қарау.
      19. Осы регламенттің 1-қосымшасында әрбір іс-әрекеттің орындау мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ-да қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.

«Жоғары білім алу үшін білім беру 
гранттарын беруге арналған конкурсқа
қатысу үшін құжаттарды қабылдау» 
мемлекеттік қызмет регламентіне  
1-қосымша              

 ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы 

Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы

ЖОО ректоры

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Құжаттардың толық болуын тексеру, қабылдау

Білім алушылар қатарына қабылдау

Көрсетілген қызметтің нәтижесіне келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушылардың шағымдарын қарастыру

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Журналда тіркеу  және қолхатты беру

Қабылдау туралы бұйрық
 
 

Жазбаша жауап

5

Орындау мерзімдері

20 маусымнан
20 шілдеге дейін

31 тамызға дейін

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3


Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 3 қазандағы  
№ 456 бұйрығына     
2-қосымша          

«Кәсіптік жоғары білім бағдарламалары бойынша оқу үшін жоғары
оқу орындарына құжаттарды қабылдау және тіркеу»
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер 

      1. «Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мен оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетудің осы регламенті (бұдан әрі – регламент) жоғары оқу орындарымен (бұдан әрі – ЖОО) көрсетіледі және 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мен оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Қазақстан Республикасы ЖОО-ларға түсетін тұлғаларды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру гранттарын) орналастыру арқылы жүзеге асады.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі жіберілгені туралы ақпарат көрсетілген құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы жазбаша түрдегі дәлелді жауап болып табылады.
     5. Осы регламентте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) мемлекеттік қызмет – Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларының ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғаларға, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының өкілдеріне және шетелдік азаматтарға көрсетілетін құжаттандырылған рәсім;
      2) Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші тұлғаларды қабылдау – ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ) немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификат балдарына сәйкес конкурстық негізде өтініштері бойынша тиісті комиссияның (бұдан әрі – қабылдау комиссиясы) талапкерлерді қабылдауды жүзеге асыру рәсімі;
      3) мемлекеттік білім беру тапсырысы – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, экономиканың сұраныстарын қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін жаңғырту үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды дайындау, біліктіліктерін арттыру және қайта даярлау, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету бойынша мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсету көлемі;
      4) білім беру гранты – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген шарттарда жоғары білімге ақы төлеу үшін білім алушыға берілетін мақсатты қаражат сомасы;
      5) мынадай құрылымдық-функционалдық бірліктер – мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіне қатысатын уәкілетті органдардың жауапты тұлғалары, мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелері, ақпараттық жүйелер немесе кіші жүйелер. 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар

      6. Мемлекеттік қызмет мынадай тәртіппен көрсетіледі: демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс уақыты: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Қабылдау кезек бойынша жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу мен жедел қабылдау мәселелері қарастырылмаған.
      7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағымен анықталған.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Мемлекеттік қызметті алу туралы сауалнамалардың нысандары жоо-лардың интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында www.edu.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылады.
      10. Мемлекеттік қызметті алу үшін тұтынушы Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
      11. Тұтынушыға Стандарттың 14-тармағында көрсетілген деректемелерді көрсете отырып, Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі.
      12. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметті тұтынушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      13. Қарастыруға келіп түсетін құжаттарды қабылдамауға жол берілмейді.
      14. Мемлекеттік қызмет көрсетуді тоқтатуға немесе одан бас тартуға негіз болатындар:
      1) Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынбау немесе толық ұсынбау;
      2) Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткен ағымдағы жылы жалпы орта білім беру ұйымдарын бітірушілер, кешенді тестілеуге қатысушылар ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсу үшін тестілеу нәтижесі бойынша 70 балдан, басқа жоғары оқу орындарына түсу үшін 50 балдан, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша түсушілер 55 балдан, келесі пәндер: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқу тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні, оның ішінде бейінді пәннен 7 балдан (әрбір шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан), ал қалған пәндерден 4 балдан кем жинауы;
      3) Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу шеңберінде тапсырған пәндердің біреуінен 4 балдан кем алуы (ақылы оқуға түсуге немесе білім беру грантын беру конкурсына қатысуға жіберілмейді). 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі іс-қимыл
(өзара іс-әрекет) тәртібін сипаттау  

      15. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне келесі құрылымдық-функционалдық бірліктер (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы – құжаттарды қабылдау, толықтығын тексеру, журналға тіркеу, қолхат беру;
      2) жоо ректоры – оқуға қабылдау туралы бұйрық шығару;
      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі – тұтынушы көрсетілген қызметтің нәтижесімен келіспеген жағдайда шағымдарды қарау.
      16. Осы регламенттің 1-қосымшасында әрбір іс-әрекеттің орындау мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ-да қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.

«Кәсіптік жоғары білім бағдарламалары 
бойынша оқу үшін жоғары оқу орындарына
құжаттарды қабылдау және тіркеу»   
мемлекеттік қызмет көрсету регламентіне
1-қосымша                

ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы 

Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

Қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы

Жоо ректоры

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Құжаттардың толықтығын тексеру, қабылдау

Студенттер қатарына қабылдау

Көрсетілген қызмет нәтижесімен тұтынушы келіспеген жағдайда, шағымдарды қарау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Журналға тіркеу және қолхат беру

Қабылдау туралы бұйрық

Жазбаша жауап

5

Орындау мерзімдері

1) 20 маусым мен 9 шілде аралығында кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау;

2) 20 маусым мен 1 шілде аралығында шығармашылық мамандықтарға өтініштер қабылдау;

3) Ұлттық бірыңғай тестілеуден өткендігі туралы серификаты бар бітірушілерден 20 маусым мен 10 тамыз аралығында құжаттар қабылдау

1) 10-25 тамыз аралығы

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жыл 12 қаңтардағы Заңына сәйкес

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3


Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 3 қазандағы  
№ 456 бұйрығына     
3-қосымша           

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша
білім алу үшін жоғары оқу орындарына қабылдау және тіркеу»
мемлекеттік қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін көрсетудің осы регламенті (бұдан әрі – регламент) жоғары оқу орындарымен (бұдан әрі – ЖОО) көрсетіледі және 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1-бабы 4-тармағына, 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 109 қаулысына және «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметінің стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының азаматтарына, Қазақстан Республикасында тұрақты тұрып жатқан азаматтығы жоқ тұлғаларға және шетел азаматтарына көрсетіледі.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрі автоматтандырылмаған.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі қабылдау туралы ректордың бұйрығы немесе қызмет көрсетуден бас тарту туралы негізделген жауап болып табылады. 

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібіне қойылатын талаптар 

      5. Мемлекеттік қызмет мынадай тәртіппен көрсетіледі: демалыс және мерекелік күндерді қоспағанда, аптасына бес күн сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс уақыты: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
      Қабылдау кезек бойынша жүзеге асырылады. Алдын ала жазылу мен жедел қабылдау мәселелері қарастырылмаған.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері Стандарттың 7-тармағымен анықталған.
      7. Мемлекеттік қызметті алу туралы сауалнамалардың нысандары жоо-лардың интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында www.edu.gov.kz мекенжайы бойынша орналастырылады.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Тұтынушыға Стандарттың 14-тармағында көрсетілген деректемелерді көрсете отырып, Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың қабылданғандығы туралы қолхат беріледі.
      10. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін жеткізу мемлекеттік қызметті тұтынушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.
      11. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тоқтатылуына немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға төмендегі жағдайлар негіз болады:
      1) Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың ұсынылмауы немесе толық ұсынылмауы;
      2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға түсушілердің әрбір емтиханды 100 балға бағалайтын жүйе бойынша екі түсу емтиханының нәтижесінде 150 балдан кем балл жинауы. 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісіндегі (өзара іс-әрекеттер)
іс-әрекеттер тәртібінің сипаттамасы  

      12. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде мынaдай құрылымдық-функционалды бірлігі (бұдан әрі - ҚФБ) қатысады:
      1) қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы – қабылдау, құжаттардың толық екенін тексеру, журналда тіркеу және сенімхат беру;
      2) жоо ректоры - қабылдау туралы бұйрықтың шығуы;
      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі – көрсеткен қызмет нәтижесі бойынша тұтынушылар келіспеген жағдайда шағымдарын қарастыру.
      13. Осы регламенттің 1-қосымшасында әрбір іс-әрекеттің орындау мерзімі көрсетілген әрбір ҚФБ-да қарапайым іс-әрекеттер (рәсімдер, функциялар, операциялар) реттілігінің мәтіндік кестелік сипаттамасы келтірілген.

«Жоғары оқу орнынан кейінгі білім
беру бағдарламалары бойынша білім
алу үшін жоғары оқу орындарына 
қабылдау және тіркеу» мемлекеттік
қызмет регламентіне      
1-қосымша           

ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы      

Негізгі үдерістің іс-әрекеті (барысы, жұмыс ағыны)

1

Іс-әрекеттің (барысының, жұмыс ағынының) №

1

2

3

2

ҚФБ атауы

ЖОО қабылдау комиссиясының техникалық хатшысы

ЖОО-ның ректоры

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

3

Іс-әрекеттің (үдерістің, рәсімнің, операцияның) атауы және оның сипаттамасы

Құжаттардың толықтығын тексеру, қабылдау

Тұтынушыға дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда шағымдарды қарау

Тұтынушы мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағымдарды қарау

4

Аяқтау нысаны (деректер, құжат, ұйымдық-өкімгерлік шешім)

Журналға тіркеу және қолхат беру

Жазбаша жауап

Жазбаша жауап

5

Орындау мерзімдері

Құжаттарды тапсырған сәттен бастап 30 минуттан аспайды;

мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген сәттен бастап 3 жұмыс күнінен аспайды

3 күннен аспайды

«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына сәйкес

6

Келесі іс-әрекеттің нөмірі

2

3