Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы" 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 243 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 8 қазанда № 7981 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметін ұйымдастыру, қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесін бекіту туралы» 2005 жылғы 15 қыркүйектегі № 108 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3894 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноталарын шығару, орналастыру, айналысқа шығару және өтеу ережесінде:
      1 және 2-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Ережеде пайдаланылатын ұғымдар»;
      «2. Жалпы ережелер»;
      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «9. Қысқа мерзімді нота айналыстағы эмиссиялық мемлекеттік дисконтталған құжаттандырылмаған бағалы қағазды білдіреді, оны мерзімінен бұрын өтеу жағдайларын қоспағанда, Ұлттық Банк дисконтталған баға бойынша орналастырады, номиналдық құны бойынша өтейді.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Ұлттық Банктің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті қысқа мерзімді ноталардың әрбір шығарылымына ұлттық сәйкестендіру нөмірін береді.»;
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Қысқа мерзімді ноталарды шығаруға және операциялар жасауға салық салу тәртібі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» (Салық кодексi) Қазақстан Республикасының Кодексiмен реттеледі.»;
      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру»;
      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «23. Бастапқы агенттер қысқа мерзімді ноталарды сатып алуға бәсекелес және (немесе) бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімдер береді.»;
      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «29. Ұлттық Банктің шешімі бойынша аукцион өткізілетін күні қысқа мерзімді ноталар аукционының жарияланған талаптарын:
      1) Бастапқы агенттердің немесе инвесторлардың қысқа мерзімді ноталарды сатып алуы;
      2) Қазақстан Республикасының резиденті еместердің қатысуы;
      3) бәсекелес емес ұсыныстары бар өтінімдерді қанағаттандыруы бөлігінде өзгертуге жол беріледі.»;
      32 және 33-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «32. Ұлттық Банк өзі жүргізіп отырған ақша-кредит саясатының бағыттарына және қаржы нарығының конъюнктурасына сәйкес, уәкілетті бөлімшеден алынған деректер негізінде қысқа мерзімді ноталарды шығару мен орналастырудың белгіленген шарттарының көлемінен төмен не жоғары мөлшерде қысқа мерзімді ноталарды орналастыруды жүзеге асырады.
      33. Ұлттық Банк уәкілетті бөлімшеден алынған деректер негізінде осы шығарылымның аукционында (бұдан әрі – қосымша орналастыру) қалыптасқан орташа алынған дисконтталған баға бойынша тиісті шығарылымның қысқа мерзімді ноталарының қосымша көлемін орналастыруды жүргізеді.»;
      53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Шамалы көлем және ақша-кредит саясатының міндеттерін орындау үшін жеткіліксіз, қанағаттандырылмаған баға шарттары болған жағдайда, Ұлттық Банк уәкілетті бөлімшеден алынған деректер негізінде қысқа мерзімді ноталарды орналастыруды өткізілмеді деп жариялайды. Өткізілмеді деп жариялау уәкілетті бөлімше басшысының өкімімен бекітіледі.»;
      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Қысқа мерзімді ноталар үшін ақы төлеу»;
      61-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «61. Бастапқы агент және Ұлттық Банк бұйрықтың орындалмағаны туралы хабарлама алған жағдайда, Бастапқы агент пен Ұлттық Банк бұйрықты орындамауға әкеп соқтырған себептерді жойып, орталық депозитарийге бұйрықты қайтадан береді.»;
      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Қысқа мерзімді ноталар айналысы»;
      66-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «66. Қысқа мерзімді ноталармен операциялар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады және Ұлттық Банк қысқа мерзімді ноталар шығарудың Бас сертификатында көрсетілген өтеу күнінен бір жұмыс күні бұрын тоқтатылады.»;
      6 және 7-тараулардың тақырыптары мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Қысқа мерзімді ноталарды өтеу»;
      «7. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарды мерзімінен бұрын өтеуі»;
      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «73. Ұлттық Банк ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында Бастапқы агенттердің келісімімен қысқа мерзімді ноталарды оларды сатып алу жолымен мерзімінен бұрын өтеуді жүргізеді.»;
      84-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «84. Ұлттық Банктің уәкілетті бөлімшеден алынған деректер негізінде сатып алған қысқа мерзімді ноталары айналыс мерзімі аяқталғанға дейін толық немесе ішінара өтеледі.»;
      1-қосымшада:
      Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарымен операциялар жасау тәртібі туралы шартта:
      2.2.3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.2.3. Бастапқы агент немесе оның инвесторы қысқа мерзімді ноталарды төлеуге ақша аударудан толық бас тартқан немесе ішінара бас тартуды қайталаған жағдайда, Ұлттық Банк Бастапқы агенттің номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан не бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясынан айырған немесе қолданылуын тоқтатқан жағдайда, осы Шарттың бір күнтізбелік жылы ішінде осы Бастапқы агенттің қол қою құқығынсыз осы Шартты бір жақты тәртіппен бұзуға құқылы.»;
      2.4.7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «2.4.7. Ұлттық Банктің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің тарапынан Бастапқы агентке санкцияларды, шектеулі ықпал ету шараларын, ертерек ден қою шараларын қолданудың барлық жағдайлары туралы Ұлттық Банкке хабарлауға міндетті.»;
      7-қосымшада:
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) Ұлттық Банктің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті үшін үш дана етіп ресімделді.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко