Ескерту. Күші жойылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 26.07.2013 № 229 бұйрығымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметті жүзеге асыратын инвесторлармен келісімшарттар жасасу кезінде инвестициялық преференцияларды беру рәсімдерін оңтайландыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Инвестицияны мемлекеттік қолдаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 1 маусымдағы № 184 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің Тізілімінде № 7760 болып тіркелген, 2012 жылғы 22 тамыздағы № 280-281 (27099-27100) «Казахстанская правда» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшаға сәйкес инвестициялық преференцияларды алуға өтінім нысанында:
7-тармақтың 1, 2, 4, және 5-тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«1) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмесі;
2) заңды тұлға жарғысының басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмесі;»;
«4) инвестициялық стратегиялық жобаны iске асыру кезiнде пайдаланылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының сметалық құнын және тiркелген активтердi, шикiзатты және (немесе) материалдарды сатып алуға арналған шығындарды негiздейтiн, тiзбесi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленетiн құжаттардың басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері;
5) инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны қаржыландырудың көздері мен кепілдіктерін белгілейтін, құжаттардың басшының қолымен және заңды тұлғаның мөрімен куәландырылған көшірмелері. Инвестициялық жобаны немесе инвестициялық стратегиялық жобаны өз қаражаты есебінен қаржыландырған жағдайда олардың бар екендігі туралы жазбаша растама қағаз қоса беріледі;».
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті (Е.К. Хаиров) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді және оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ә. Исекешев