Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (32-шығарылым) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 361-ө-м Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 28 қыркүйекте № 7944 тіркелді

Қолданыстағы

      БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125-бабына сәйкес жұмыстардың белгілі бір түрлерінің күрделілігін белгілеу, жұмысшыларға біліктілік разрядтарын беру және кәсіптерінің дұрыс атауларын айқындау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (32-шығарылым) бекітілсін.
      2. Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті (А.Ә. Сарбасов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр Г. Әбдіқалықова

Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрінің
2012 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 361-ө-м бұйрығымен
бекітілген

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы (32-шығарылым)

1-бөлім. Жалпы ережелер

      1. Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығы (БТБА) 32-шығарылымы «Химиялы-фотографиялы өндіріс» бөлімі.
      2. Осы Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай анықтамалығының БТБА 32-шығарылымы Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің 2002 жылғы 15 қарашадағы № 266-п бұйрығымен бекітілген.
      3. Жұмыс разрядтары еңбек жағдайы ескерілмей (еңбектің күрделілік деңгейіне әсер етуші және орындаушының біліктілігіне қойылатын талаптарды арттырушы айрықша жағдайларды қоспағанда), олардың күрделілігіне бойынша белгіленді.
      4. Әр кәсіп бойынша тарифтік-біліктілік сипаттаманың екі бөлімі бар. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімі жұмысшы орындай білуге тиіс жұмыстардың суреттемесін қамтиды. «Білуге тиіс» бөлімінде арнаулы білімге, сондай-ақ ережелерді, нұсқаулықтар мен басшы материалдарды, жұмысшы қолдануға тиісті әдістер мен құралдарды білуіне қатысты жұмысшыға қойылатын негізгі талаптар қамтылған.
      5. Тарифтік-біліктілік сипаттамасында жұмысшы кәсібінің осы разрядына анағұрлым тән жұмыстардың тізбесі келтіріледі. Бұл тізбе жұмысшы орындай алатын және орындауға тиісті жұмыстардың барлығын қамти алмайды. Жұмыс беруші қажетті жағдайда, жұмыс ерекшелігін ескере отырып, тиісті разряд жұмысшылары кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында қамтылған жұмыстарға сәйкес келетін жұмыстардың қосымша тізбесін әзірлей алады.
      6. «Жұмыс сипаттамасы» бөлімінде көзделген жұмыстармен қатар, жұмысшы ауысымды қабылдау және тапсыру, жұмыс орнын, айлабұйымдарды, құралдарды жинастыру, сондай-ақ оларды тиісінше ұстау, белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізу жөніндегі жұмыстарды орындауға тиіс.
      7. «Білуге тиіс» бөлімінде қамтылған теориялық және практикалық білімдермен қатар, жұмысшы: еңбекті қорғау, өндірістік санитария мен өртке қарсы қауіпсіздік жөніндегі ереже мен нормаларды; жеке қорғану құралдарын пайдалану ережесін; орындалатын жұмыс (қызмет) сапасына қойылатын талаптарды; жарамсыздықтың түрлері мен оның алдын алу және жоюдың тәсілдерін; өндірістік дабылдатқышты; жұмыс орнында еңбекті ұтымды ұйымдастыру жөніндегі талаптарды білуге тиіс.
      8. Біліктілігі анағұрлым жоғары жұмысшы өзінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында санамаланған жұмыстармен қатар, біліктілігі анағұрлым төмен жұмысшылардың тарифтік-біліктілік сипаттамасында көзделген жұмыстарды орындай білуге, сондай-ақ осы кәсіптегі разряды төмен жұмысшыларға басшылық жасай білуге тиіс.
      9. Осыған байланысты, анағұрлым төмен разряд кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында келтірілген жұмыстар, анағұрлым жоғары тарифтік-біліктілік сипаттамасында, әдетте келтірілмейді.
      10. Қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттарды толтырған кезде, сондай-ақ тарифтік разряды өзгерген кезде, оның кәсібінің атауы БТБА-ға сәйкес жазылады.
      11. Қолданылуға ыңғайлы болу мақсатында, БТБА-да алфавиттік көрсеткіш қосымшасында көзделген, онда жұмысшылар кәсіптерінің атауы, разрядтардың диапазондары және беттердің нөмірленуі қарастырылған.
      12. «Химиялы-фотографиялы өндіріс» бөлімінде қарастырылған жұмысшы кәсіптері атауларының, олардың БТБА 32 - шығарылымы бойынша қолданыстағы атаулары көрсетілген тізбесі 2002 жылғы редакциясында берілген.

2-бөлім. Химия-фотографиялы өндіріс

1. Тоқыма автоматтарының автоматшысы

Параграф 1. Тоқыма автоматтарының автоматшысы, 3-разряд

      13. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары тоқыма автоматтарының автоматшысының басшылығымен тоқыма автоматтарында ақуызды қабықшаның жиектерін тоқу;
      ылғалдайтын еріткіштерні дайындау және ақуызды қабықшаның жиектерін жұмсарту;
      тоқыма автоматын қабықша және шпагатпен толтыру;
      дайын өнімді тароға салу және орауға жіберу;
      тоқыма автоматтарын икемдеу, тазарту және майлау.
      14. Білуге тиіс:
      тоқыма автоматтарының құрылымы, жұмыс мақсаты және икемдеу ережелері;
      ақуызды қабықшаға, қосалқы материалдарға, сонымен қоса ақуыздың жиектерін тоқуға сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Тоқыма автоматтарының автоматшысы, 4-разряд

      15. Жұмыс сипаттамасы:
      тоқыма автоматтарында ақуызавтоматтарының жиектерін тоқу;
      тоқыма автоматтарының іліп алатын горфирлейтін, тоқитын және пакеттейтін құрылымының толассыз, ілеспелі жұмысын реттеу және қамтамасыз ету;
      тоқудын сапасын тексеру және арнайы құрылғыға тораптың байлану беріктілігін тексеру;
      тоқыма автоматтарын икемдеу, қажет болған жағдайда – автоматты жартылай автоматты жұмыс режиміне қосу;
      өндіріс журналына жазба жасау.
      16. Білуге тиіс:
      ақуызды қабықшаларға және қосалқы материалдарға қойылатын техникалы талаптар;
      тоқыма автоматтарын икемдеу тәсілдері және кинематикалы сызбалар;
      ақуызды қабықтардың жиектерін тоқу сапасына қойылатын талаптар.

2. Фотоэмульсияны дайындауда және құюда мөлшерлеуші-аппаратшы

Параграф 1. Фотоэмульсияны дайындауда және құюда өлшерлеуші-аппаратшы, 3-разряд

      17. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары фотоэмульсияны құю және әзірлеу апаратшы-мөлшерлеушінің-басшылығымен бояулар еріткіштерсін және компоненттерді фотоэмульсияны құю кезінде әзірлеу және мөлшерлеу барысын жүргізу;
      арнайы жабдықталған камераларда фотоэмульсияларды сақтау;
      химикаттарды алу, орамын ашу оларды өлшеу және мөлшерлеу;
      бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен температуралы режимді және еріткіштерні дайындау процессінің ұзақтығын бақылау;
      дайын еріткіштерлерді фильтрлау және термостаттау, фотоэмульсияны қабылдау және оларды сортына, партиясына, нөмірлеріне байланысты қабылдау;
      сынамаларды іріктеу; сақтау кезінде фотоэмульсияның жағдайын, түсіп жатқан эмульсиялардың партиясының паспортын тексеру;
      технологиялы процесті жүргізу;
      фотоэмульсияларды нөмірі және партиясы бойынша барлығын және қозғалысын есептеу;
      берілген рецептураға сәйкес фотоэмульсияны мөлшерлеуге қатысу.
      18. Білуге тиіс:
      фотоэмульсияны әзірлеу технологиялы сызбасын, еріткіштерлерді дайындау рецептурасын және дайындау барысын;
      қолданылып жатқан химиялы реагеннің физико-химиялы құрамын және белгіленуін;
      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы және жұмыс мақсаты.

Параграф 2. Фотоэмульсияны дайындауда және құюда мөлшерлеуші-аппаратшы, 4-разряд

      19. Жұмыс сипаттамасы:.
      еріткіштерлерді, компоненттерді және суда еритін қоспаларды фотоэмульсияны синтездеу үшін әзірлеу, мөлшерлеу технологиялы процесін жүргізу; фотоэмульсияны сақтау;
      сәулегесезгіш фотоэмульсияларды құю кезінде қоспаларды қосу;
      химиялы реагенттердің техникалы талаптарға сәйкес екендігін тексеру;
      асылмаларды және жасалып жатқан еріткіштерлер мен қоспаларды есептеу;
      талдау үшін сынамаларды іріктеу;
      дайын фотоэмульсияларды қабылдау, оларды сорты, партиясы және нөмірі бойынша қабылдау;
      сақтаудың бекітілген термогигрометрикалы режимін сақтау және қолдау;
      есептеу, мөлшерлеу және фотоэмульсияларды шығару;
      сақтау камералары үшін ауа баптағыштарды әзірлеу және қосу;
      фотоэмульсияны әр атауы үшін жарық техникалы режимді сақтау.
      20. Білуге тиіс:
      барлық атаулы фотоэмульсия еріткіштерлерін дайындау технологиялы сызбасын;
      фотоэмульсиялардың, қолданылып жатқан химикаттардың физико-химиялы құрамы;
      фотоэмульсиялардың фотографиялы сипаттамасы, оларды сақтау ережелері;
      жарықтехникалы режим, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының жұмыс мақсаты.

Параграф 3. Фотоэмульсияны дайындауда және құюда мөлшерлеуші-аппаратшы, 5-разряд

      21. Жұмыс сипаттамасы:
      метанолды, этанолды және ацетанолды бояулар еріткіштерндісін дайындау және түрлі-түсті компоненттерді құюға дайындау барысында фотоэмульсияға кіргізу үшін технологиялы процесті жүргізу;
      қоспалар асылмасын және бояуларды есептеу;
      бояуларды және түрлі-түсті компоненттерді аналитикалы таразыда өлшеу, оларды паста түрінде немесе спиртті еріткіштер ретінде әзірлеу;
      температуралы режимді және еріткіштерлерді және қоспаларды әзірлеу ұзақтығын реттеу;
      дайын еріткіштерлерді фильтрлеу;
      талдау үшін сынамаларды іріктеу;
      берілген мөлшерге дейін еріткіштер концентрациясын жеткізу;
      дайын еріткіштерлерді, сублимирлеуші қоспаларды фотоэмульсияны құюға дайындау операциясына жіберу;
      қолданылып жатқан химиялы реагенттердің стандартқа сәйкес екенін тексеру;
      жолдама заң белгілерді және өндіріс журналдарын тексеру;
      қолданылып жатқан шикізаттың және химикаттардың шығының есептеу;
      біліктілігі төмен фотоэмульсияларды құю және әзірлеу аппаратшы-мөлшерлеушілерді басқару.
      22. Білуге тиіс:
      сенсибилизирлайтын қоспаларды енгізу кезінде фотоэмульсияда жүретін химиялы процесс;
      фотоэмульсиялардан талап етілетін техникалы талаптар;
      физико-химиялы құрамы және олардың белгіленуі, қоспа және еріткіштерлерді дайындау рецептура және процесі;
      улы заттармен жұмыс істеу ережесі;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының жұмыс мақсаты;
      қолданылып жатқан шикізаттарға және улыхимикаттардан талап етілетін техникалы шарттар және стандарттар.

3. Ақуыз қабықшасын илеу және кептіру аппаратшысы

      Параграф 1. Ақуыз қабықшасын илеу және кептіру аппаратшысы, 4-разряд

      23. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары илеу және ақуыз қабықшасын кептіру бойынша аппаратшысының басшылығымен толассыз илеу және көп қозғалысты кептіру желілеріндегі ақуыз қабықшасын кептіру процесін жүргізу;
      көп қозғалысты автоматты кептіру желісіне ылғалды ақуыз қабықшасын салу, ақуыз қабықшасының белгіленген диаметрі мен біркелкі қалыңдығын ұзындығы бойынша реттеу;
      ақуыз қабықшасының үзілуін жою және оны орайтын құрылғыға салу;
      ораудың сапасын тексеру және өнімді келесі операцияға жіберу;
      технологиялы режимнің ақаулықтарын, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды табу және жою;
      стандартсыз өнімді ақаулыққа жатқызу;
      сынамаларды алу.
      24. Білуге тиіс:
      негізгі және қосалқы жабдықтардың, қолданылып жатқан автоматика жабдықтарын және бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы және жұмыс мақсаты;
      ақуыз қабықшасын кептіру және илеу технологиялы сызбасын;
      технологиялы режимнің параметрларі және илеу және ақуыз қабықшасын кептіру процесін реттеу ережелері;
      сынамаларды алу ережесі.

Параграф 2. Ақуыз қабықшасын илеу және кептіру аппаратшысы, 5-разряд

      25. Жұмыс сипаттамасы:
      көпқозғалысты автоматты кептіру желілерінде ақуыз қабықшасын кептіру және илеу толассыз процессін жүргізу;
      илеу сұйықтығымен ақуыз қабықшасын илеу, оны кептіру және орайтын құрылғыға салу;
      бақылау-өлшеу құралдарының, көзбен көру, талдаудың нәтижесі және диаграмма бойынша ақуыз қабықшасының илеу сұйықтығымен дұрыс құйылуын, кептірудің температуралы-ылғалды режимін, ораудың сапасын бақылау және реттеу;
      ауаның температурасын және ылғалдығын, ақуыз қабықшасында ылғалдың барын, оның диаметрін және қалыңдығын бақылау;
      көп қозғалысты каналды желілерді, желдеткіш құрылғыларды, калориферлерді, коммуникацияларды, арматураларды, бақылау-өлшеу құрылғыларын және автоматика құралдарында қызмет көрсету;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты жөндеуге дайындау және оны жөндеуден қабылдау;
      өндіріс журналында жазба жүргізу;
      біліктілігі төмен илеу және ақуыз қабықшасын кептіруші аппаратшыларға басшылық жасау және олардың технологиялы режимді сақтауын бақылау;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты икемдеу.
      26. Білуге тиіс:
      ақуыз қабықшасының физико-химиялы процесі және технологиялы сызбасын;
      дайын өнімге қойылатын стандарттар және техникалы талаптар.

4. Желатиндеу аппаратшысы

Параграф 1. Желатиндеу аппаратшысы, 2-разряд

      27. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары желатиндау аппаратшысының басшылығымен желатиндеу машинасының бөлек тораптарына қызмет көрсету;
      транспортер лентасына желатинді гельді механикалы салу үшін торшалар орнату; желатинді гельдерді торшаларды кептіруге жіберу;
      торшаларды ақаулау;
      қызмет көрсетіліп жатқан торларды тазарту; әр партиядан кейін немесе желатинді еріткіштернің сортынан кейін бөлмені стерильдеу.
      28. Білуге тиіс:
      желатиндеу технологиялы процесі;
      негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылымы.

Параграф 2. Желатиндеу аппаратшысы, 3-разряд

      29. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары желатиндеу аппаратшысының басшылығымен фракция бойынша қайнату тәсілімен желатиннің әртүрлі маркалары үшін желатинді еріткіштерін алу технологиялы процесіне кіріспе;
      желатиндеу машинасының фильеріне және өлшеуішіне желатинді еріткіштерін салу, сақтау және қабылдау;
      желатинді еріткіштерді әзірлеу, фильтрлеу және жіберу, оларды сақтаудың режимін реттеу;
      жинақтан қақты шығару, оны жуу және корзинадан қатты қалдықтарды шығару және оны жуу;
      булы табақшаларды, стакандарды жинау және демонтаж;
      фильтрлайтын құрылғыларды дайындау;
      талдау жүргізу үшін сынамаларды алу;
      желатинді еріткіштерді партия және ассортимент бойынша есептеу;
      қызмет көрсетіліп жатқан тораптарды және коммуникацияларды стерильдеу және тазарту;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысындағы ақауларды жою.
      30. Білуге тиіс:
      желатинді қайнату, желатиндеу технологиялы процесін;
      тиеліп жатқан шикізаттың, желатин еріткіштерін, еріткіштердің физико-химиялы құрамы;
      негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылым принципі.

Параграф 3. Желатиндеу аппаратшысы, 4-разряд

      31. Жұмыс сипаттамасы:
      фракция бойынша қайнату тәсілімен желатиннің бір-екі маркасы үшін желатинді еріткіштерді алу технологиялы процессін, толассыз желатиндеу-жазу агрегаттарында еріткіштерді желатиндеу процесін жүргізу;
      күлген айналдырылған оссейннің партиясын құрау, күкірт қышқылының ерітіндісін дайындау және оларды мөлшерлеу;
      сынамаларды алу;
      желатинді еріткіштерді жинақтаушыға жіберу;
      еріткіштерлерді мөлшерлеу және бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша процесті жүргізу, желатиндейтін лентаға еріткіштерді құю жуандығы мен қалыңдығын, еріткіштердің концентерациясына байланысты лентаның қозғалужылдамдығын және кесу және тарту процестерін реттеу;
      коммуникацияны, қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды стерильдеу, тазалығын бақылау және олардың жұмысындағы ақаулығын жою.
      32. Білуге тиіс:
      фракция бойынша желатинді қайнату технологиялы процесін жүргізу;
      құю, желатиндеу, кесу және жаю процесін;
      күлген айналдырылған оссеиннің, желатин ерітінділерінің, желатиннің сапалы көрсеткіштері, желатинді өндіру технологиялы процесінің сызбасын;
      сынамаларды алу ережесі;
      қызмет көрсетелеп жатқан жабдықтардың құрылымы.

Параграф 4. Желатиндеу аппаратшысы, 5-разряд

      33. Жұмыс сипаттамасы:
      әртүрлі фракциялы желатин еріткіштерлерін алу үшін коллагенді қайнату технологиялы процессін жүргізу; бекітулі жылуалмастырғыштарда желатиннің барлық сорттарын желатиндеу процесін және толассыз қозғалысты ленталы кептіргіштерде желатинді кептіру;
      еріткіштерді мөлшерлеуді есептеу, шикізаттың әртүріне қосу;
      желатиндеудің температуралы режимін, ауаны салқындату температурасын және ылғалдығын, кептірудің температуралы режимін және студняны кептірге жіберуді, оның аймақтан-аймаққа жіберілуін бақылау және реттеу;
      студняның сапасын органолептикалы бақылау;
      желатинді кептіру, ылғалдығын бақылау және реттеу процесін жүргізу;
      желатиннің шығуын есептеу;
      кептіргіштердің дуалды шахталарындағы ауа фильтрларын әзірлеу, мерзімді ауыстыру және тазарту;
      техникалы жабдықтың ақаулықтарын жою, оны икемдеу және ағымды жөндеу жұмыстарын жасау.
      34. Білуге тиіс:
      коллагенді, желатиндеуді қайнату технологиялы процесі;
      ауаны салқындатуды, ленталы кептіргіштерде желатинді кептіруге дайындау;
      желатиннің барлық ассортиментінің физико-химиялы құрамы, техникалы және сапа талаптары;
      зертханалық талдауларды жүргізу әдістемелері;
      компоненттерді мөлшерлеуді есептеу және желатинді қайнату режимінің оңтайлы режимін таңдау;
      қолданылып жатқан және техникалы жабдықтардың құрылымы және жұмыс мақсаты.

5. Майтазарту аппаратшысы

Параграф 1. Майтазарту аппаратшысы, 3-разряд

      35. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары майтазарту аппаратшысының басшылығымен алдын-ала тұну және техникалы майды тазарту технологиялы процесін жүргізу, экстрация бөлімінен мисцелдарды қабылдау, сорғыштарды қосу және тоқтату;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты және коммуникацияларды дайындау, тароларды және автоцистерналарды тазартылған техникалы майдысору үшін тазарту және майлау;
      қақты түсіру.
      36. Білуге тиіс:
      майтазарту барысының технологиялы сызбасы;
      техникалы майлардың және еріткіштердің физико-химиялы құрамы;
      улы еріткіштер мен қышқылдармен жұмыс істеу барысында ережелер мен сақтандыру шараларын;
      негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымы.

Параграф 2. Майтазарту аппаратшысы, 4-разряд

      37. Жұмыс сипаттамасы:
      техникалы майды булау және тұндыру тәсілімен тазарту технологиялы процесін жүргізу, ластанған сулы алдын-ала тұндыру және майторлар арқылы ағызу;
      қайталамалы тұндырудан кейін ақуызды заттарды өзгеде қоспалармен бірге ағызу;
      температуралы режимді бақылау;
      майдың тазалық деңгейіне сынамаларды іріктеу;
      тауарлы техникалы майдың сортын анықтау;
      өндіріс журналын жүргізу;
      өнімнің дайындығын есепке алу;
      біліктілігі төмен майтазарту аппаратшыларына басшылық жасау.
      38. Білуге тиіс:
      майтазалау процесінің технологиялы сызбасы;
      техникалы майдың және еріткіштердің физико-химиялы құрамы;
      улы еріткіштер мен қышқылдармен жұмыс істеу барысында ережелер мен сақтандыру шараларын;
      негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымы.

6. Күлге айналдыру аппаратшысы

Параграф 1. Күлге айналдыру аппаратшысы, 3-разряд

      39. Жұмыс сипаттамасы:
      кальций оксиінің гидратының ерітіндісімен күлге айналдыру процесін жүргізу;
      технологиялы журналдағы жазба бойынша күлдердегі оссейннің қалыпын тексеру;
      өңделген ерітіндіні ағызу, оссейнға белгіленген концентрация бойынша жаңа ерітінді құю;
      қысылған ауаның көмегімен оссейнді химиялы ерітіндімен мерзімді араластыру;
      күлге айналдырудың режимін бақылау және реттеу;
      күлге айналдырғыштардағы белгіленген коэфициенттерді сақтау;
      титрлау арқылы әк ерітіндісінің концентрациясын анықтау;
      негізгі және қосалқы жабдықтардың және бақылау-өлшеу құрылғыларының жұмысын бақылау.
      40. Білуге тиіс:
      оссейнді күлге айналдыру технологиялы процесінің негізін;
      күлге андалдырылған оссейн, әк ерітіндісіне қойылатын техникалы талаптар;
      желатиннің физико-химиялы құрамы;
      оссейннің күлге айналу деңгейін анықтау;
      оссейнді араластырғыш автоматты құрылғысының жұмыс принципі.

Параграф 2. Күлге айналдыру аппаратшысы, 4-разряд

      41. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары күлге айналдыру аппаратшысының басшылығымен толассыз жұмыс жасайтын мацерациалы батареяларда мацерация және декантация тәсілдерімен шротты деминерализациялау процесін жүргізу; қайта күлге анналдыратын машиналарда кальций оксиінің гидратының ерітіндісімен оссейнді күлге айналдыру процесін жүргізу;
      құнарландырылған тұзды қышқылды цистернаға құю және оның қажетті мөлшерін есептеу;
      белгіленген құнарлық бойынша тұзды қышқылдың ерітіндісін әзірлеу және оны шротты мацеризациялау чандарына жіберу;
      қышқыл суларды ағызу және құю, оларды тұзды қышқылды араластыру құрылғысына сору және батареялы жүйеге қосу;
      шротты қысылған ауамен араластыру;
      сынамаларды алу, іріктелген сілтілердің құнарлығын анықтау;
      қалдық майларды сабындау арқылы кетіру және жанама желатинқұрамдас емес ақуыздарды (муцин, эластин және тағы басқа) бұзу операциясын жүргізу;
      паспортты мәліметтерге сәйкес оссейнді күлге айналдырғыштарға сору;
      негізгі және қосалқы жабдықтардың жұмысын бақылау;
      қызмет көрсетіліп жатқан аппаратура мен коммуникацияларға ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау.
      42. Білуге тиіс:
      технологиялы регламентті және мацерация сызбасын;
      күлге айналдыру технологиясының сызбасын;
      күлге айналдырылған оссейнге қойылатын техникалы талаптар;
      оссейннің физико-химиялы құрамы, сынамаларды алу, қышқылдың ерітіндісін дайындау тәртібінің ережесін;
      негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылымы.

Параграф 3. Күлге айналдыру аппаратшысы, 5-разряд

      43. Жұмыс сипаттамасы:
      шроттарды деминерализациялау процесін, екі корпусты күлге айналдыратын аппаратта оссейнді алдын-ала күлге айналдыру технологиялы процесін жүргізу;
      оссейн партияларын калибр және физикалы белгілері бойынша іріктеу және жинақтау, тұзды қышқылдың және сілтілерді зертханалық талдаулардың мәліметтері бойынша толассыз бақылау арқылы ағымын реттеу;
      оссейннің физико-химиялы жарамдылығын және шикізатты бейтараптардыруға берілуін көзбен және органолептикалы анықтау;
      сабындау тәсілімен қалдық майды жою;
      оссейнді қалдық маймен араластыру;
      сынамаларды алу, желатин ерітіндісінің құнарлығының артуы бойынша және органолептикалы желатин ерітіндісінің құнарлығының өсуімен және талшықтың құрамы арқылы оссейннің даярлығын анықтау;
      шикізаттын, калибрдың түрлері және күлге айналдыру мерзімі бойынша оссейннің партиясын жинақтау;
      біліктілігі төмен күлге айналдыру аппаратшыларға басшылық жасау.
      44. Білуге тиіс:
      мацерация, күлге айналдыру, химиялы ерітінділерді дайындау технологиялы сызбасын дайындау;
      дайын өнімге техникалы талаптар, оссейннің, шроттың техникалы және физико-химиялы құрамы;
      сынамаларды алу ережесі;
      реакциялы қоршаған ортаның сипаттамасын анықтау талдауларын жүргізу әдістемесі;
      тұзды қышқылдың құрамы, шротты сапалы өңдеудің оңтайлы шарттары;
      негізгі және қосалқы жабдықтардың және қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы және жұмыс принципі.

Параграф 4. Күлге айналдыру аппаратшысы, 6-разряд

      45. Жұмыс сипаттамасы:
      келесі бейтараптандыру қышқыл және декантация қайтарма тоқтар эрлифті жүйесін пайдалана отырып толассыз мацерация тәсілімен шротты тұзды қышқылмен деминерализациялау технологиялы процесін жүргізу;
      мацерация процесінің аяқталуының уақытын анықтау;
      тұзды қышқылдарды және қышқыл сулардың айналымын бақылау;
      мацерания процесінің технологиялы режимнен ауытқу себептерін жою және алдын-алу;
      ақырғы сынамаларын алу;
      ақырғы сынамаларға талдау жасау;
      тұзды қышқылдың қосылуына есеп жүргізу;
      тұзды қышқылдың ерітіндісін автоматты режимде құнарлық өлшегішті пайдаланып дайындау;
      жабдықтың жұмысындағы ақаулықты жою.
      46. Білуге тиіс:
      технологиялы сызба және мацерациялау процесін;
      дайын өнімге қойылатын техникалы талаптар;
      оссейннің, шроттың техникалы және физико-химиялы құрамы;
      талдау өткізу әдістемесін.

7. Баритмассаны әзірлеуші аппаратшы

Параграф 1. Баритмассаны әзірлеуші аппаратшы, 3-разряд

      47. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары баритмассаны әзірлеу бойынша аппаратшының басшылығымен баритмассаны әзірлеу технологиялы процесін жүргізу;
      бланфиксты әкелу және оны араластырғышқа салу, желатинді ерітетін аппаратта еріту;
      бояуға қосатын қосымша компоненттерді фильтрлау;
      қолданылып жатқан аппараттардың және бояуды жіберу жүйесінің жұмысын бақылау;
      дайын өнімді арнайы сыйымдылыққа баритажды машиналарға тасу;
      талдау үшін сынамаларды алу.
      48. Білуге тиіс:
      баритмассаларды әзірлеу технологиялы процесі;
      бояуға қосылатын компоненттерден талап етілетін техникалы талаптар;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың жұмыс сызбаларын, сынамаларды алу ережелері.

Параграф 2. Баритмассаны әзірлеуші аппаратшы, 4-разряд

      49. Жұмыс сипаттамасы:
      баритмассаны әзірлеу технологиялы процесін жүргізу;
      бояу араластырғышқа блакфиксты салу;
      бояуараластырғышқа ыстық суды және химиялы компоненттерді қосу;
      механикалы араластырғыштарды қосу және бояудың біркелкі араласуын реттеу;
      бояу араластырғыштардан аппаратқа бояуды алу;
      берілген режим бойынша химиялы компоненттерді қосу;
      концентрацияны, температуралы режимді, процестің жалғасуын реттеу;
      дайын бритмассаны аппараттан шығару;
      сілтілі фильтрларда баритмассаны үш рет фильтрлеу;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты икемдеу, оның жұмысындағы ұсақ ақауларды жою.
      50. Білуге тиіс:
      баритмассаларды, фотоқағаздарды әзірлеу технологиялы процесі және олардың белгіленуі;
      қолданылып жатқан компоненттерге ден талап етілетін техникалы талаптар;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы және жұмыс принципі.

8. Калибрлеу аппаратшысы

Параграф 1. Калибрлеу аппаратшысы, 2-разряд

      51. Жұмыс сипаттамасы:
      арнайы калибрлеу агрегатында шроттарды калибрлеу;
      тасымалдайтын шнекке экстракторлардың астыңғы бункерлерінен шротты түсіру;
      оросительді жүйелі жылтырататын агрегатта шротты жуу технологиялы процесін жүргізу және шөмішті элеваторларға жуылған шротты тасымалдау;
      арнайы жабдықтың көмегімен тасымалдайтын шнекке шротты жіберуді реттеу;
      қызмет көрсетіліп жатқан учаскеде оросительді жүйені және толқынды жүйені бақылау.
      52. Білуге тиіс:
      шротты жуу, калибрлеу және тасымалдау технологиялы сызбасын;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың құрылымы және жұмыс принципі;
      тасымалдау шнегіне шротты беруді реттеу ережесі.

Параграф 2. Калибрлеу аппаратшысы, 3-разряд

      53. Жұмыс сипаттамасы:
      калибрлеу агрегатында шротты калибрлеу;
      толқынды-жуу сүзгіштерді, көпшөмішті элеваторларды, қайталама үгітетін үгіткіш машиналарға қызмет көрсету;
      шротты элеваторларға бір уақытты жуу және қайта үгітумен қайта тасымалдау;
      шротты шөмішті элеваторларға және үгіткіш машиналарға берілуін реттеу;
      қызмет көрсетіліп жатқан технологиялы жабдықтың жұмысын реттеу, оны тоқтату және қосу, жұмысындағы ақауды жою.
      54. Білуге тиіс:
      қалдықтарды калибрлеу және балқыту технологиялы сызбасын;
      шротқа қойылатын технологиялы талаптар;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың құрылымы және жұмыс принципі;
      улы заттарды қолдану ережесі.

Параграф 3. Калибрлеу аппаратшысы, 4-разряд

      55. Жұмыс сипаттамасы:
      толассыз жұмыс істейтін агрегатта шротты калибрлеу технологиялы процесін жүргізу;
      агрегаттың барлық тораптарын қосу;
      шроттың калибрлы барабанға тасымалдануын, жуылуын және тиелуін бақылау;
      толассыз жұмыс жасайтын калибрлы барабандарда шротты ыстық суда жуумен механикалы калибрлеу операциясын жүргізу;
      калибрленген шротты жуатын толқынды илеуіштер арқылы қайта жуумен және үгітілуімен түсіру;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды тазарту;
      біліктілігі төмен калибрлеу аппаратшыларыды басқару.
      56. Білуге тиіс:
      шротты калибрлеу технологиялы процесі;
      негізгі және қосалқы жабдықтардың, жапқыш арматураларды және коммуникация сызбаларының құрылымы;
      улы еріткіштермен жұмыс жасаған кезде сақтандыру шаралары және ережесі;
      шротты әзірлеуге техникалы талаптар және технологиялы регламент;
      еріткіштер мен шроттың физико-химиялы құрамы, шроттың сапасын талдау әдістемесі.

9. Кесіндіні қышқылмен өңдеу аппаратшысы

Параграф 1. Кесіндіні қышқылмен өңдеу аппаратшысы, 4-разряд

      57. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары кесіндіні қышқылмен өңдеу аппаратшысының басшылығымен айналмалы аппараттарда біркелкі коллагенді массаны алғанға дейін коллагеннің құрамын қопсыту және әктің қалдығын бейтараптандыру үшін гольді кесіндіні тұзды қышқылмен өңдеу технологиялы процесін жүргізу;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды және коммуникацияларды жұмысқа дайындау;
      құнарландырылған тұзды қышқылды қабылдау және өлшейтін бактарлы онымен толтыру;
      құнарландырылған тұзды қышқылды, ерітіндіні және суды мөлшерлеу;
      гольді кескіндерді аппараттарға тиеу және аспалы крандардың көмегімен дайын өнімді түсіру;
      іріктелген ерітінділерді ағызу;
      сынамаларды іріктеу;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты жөндеу жұмыстарына дайындау және оны жөндеу жұмыстарынан қабылдау.
      58. Білуге тиіс:
      негізгі және қосалқы жабдықтарды, қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы және жұмыс принципі;
      бейтараптандыру және қышқылды өңдеудің технологиялы сызбасын;
      қолданылып жатқан шикізаттың, қосалқы материалдардың және дайын өнімнің физико-химиялы және техникалы құрамы;
      сынамаларды алу ережесі және талдау жасаудың әдістемесін.

Параграф 2. Кесіндіні қышқылмен өңдеу аппаратшысы, 5-разряд

      59. Жұмыс сипаттамасы:
      айналмалы аппараттарда біркелкі коллагенді массаны алғанға дейін тұзды қышқылмен гольді кесіндіні өңдеу технологиялы процесін жүргізу;
      бейтараптандыру, жуу және бағыттау;
      технологиялы процесті бақылау және реттеу: рH жуатын суларды және материалдарды, ерітінділердің құнарлылығын, ерітінділердің құнарлығын, суды берудің жылдамдығын;
      талдау нәтижелері, бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіші арқылы және көзбен көру арқылы кесіндіні қышқылды өңдеудің сапасын анықтау;
      гольді кескіннің түріне және жетілу деңгейіне, құнарлылығына байланысты тұзды қышқылдың санына есеп жүргізу;
      өңделген ерітіндіні ағызу;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты қосу және тоқтату, ақауларын жою, жөндеу жұмыстарына дайындау және оны жөндеу жұмыстарынан қабылдау;
      қышқылдау, өлшеу аппараттарын, бақылау-өлшеу құралдарын және коммуникацияларды баптау;
      талдау жасау;
      технологиялы режимнің сақталуын қадағалау;
      қолданылып жатқан метериалдарға есеп жүргізу, өндіріс журналына жазып отыру;
      кесіндіні қышқылды өңдеу аппараттарын реттеу;
      біліктілігі төмен кесіндіні қышқылды өңдеу аппаратшыларына басшылық жасау.
      60. Білуге тиіс:
      кесіндіні қышқылды өңдеу технологиялы процесі және параметрлері және оларды реттеу ережелері;
      қолданылып жатқан құралдардың құрылымы және жұмыс принципі;
      шикізаттың, қосалқы материалдардың және дайын өнімнің физико-химиялы құрамы;
      сынамаларды іріктеу ережесі және талдау жасаудың әдістемесін.

10. Кинофотонегізді және техпленкаларды құюшы-аппаратшы

Параграф 1. Кинофотонегізді және техпленкаларды құюшы-аппаратшы, 2-разряд

      61. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары кинонегіздерді және техпленкаларды құюшы-аппаратшының басшылығмен кинопленкаларды қабаттау химиялы ерітінділерді әзірлеу технологиялы процесінің бөлек операцияларын орындау;
      қабаттауға арналған ерітінділерді әзірлеуге қажетті ерітінділер мен басқада заттарды қабылдау және есеп жүргізу;
      балқытқыштарды жұмысқа және реактивтерді тиеуге дайындау;
      сынамаларды алу;
      реакторлардан дайын ерітінділерді түсіру, ерітінділерді фильтрлау, оларды шығынды емкостьқа салуды бақылау;
      қолданылып жатқан ыдыстарды, инвентарьды және жабдықтарды жуу және тазалау.
      62. Білуге тиіс:
      химиялы ерітінділерді дайындау технологиялы процесін;
      қабаттау ерітінділерін белгіленуі және физико-химиялы құрамы;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы және жұмыс принципі.

Параграф 2. Кинофотонегізді және техпленкаларды құюшы-аппаратшы, 3-разряд

      63. Жұмыс сипаттамасы:
      коллодияны сатылардағы кинофотонегіз үшін әзірлеу технологиялы процесін жүргізу: шикізатты жинақтау және тиеу, көпіршіктерді жою және термостаттау;
      жиекке қарсы қабаттарды дайындау, оларды кинофотонегізге және техникалы пленкаға құю қабаттау, лактау, кептіру және кинофотонегіздерді және өндірістік-техникалы белгілеудегі пленкаларды құятын машиналарға орау технологиялы процесін жүргізу;
      пленка түзетін заттарды, пластификаторларды және еріткіштерді жеткізу;
      шикізатты орау, өлшеу және малаксерларға тиеу;
      бойлкрлі құрылғылардың, коллодияны жылытқыштарды, помптардың жұмысын, термостаттау бөлмелеріндегі температураны және фильтрлардағы қысымды бақылау;
      коллодияның жылытқыш арқылы өту жылдамдығын және олардағы температураны сақтауын реттеу;
      коллодияны құятын машиналарға жіберу;
      шикізатты реакторларға тиеу, қопаларды араластыру, фильтрлау және дайын ерітінділерді емкостьқа жіберу;
      қабат жағатын камераларды, кептіретін барабандарды, каландрларды, орайтын және шешетін механизмдерді, орайтын арбаларды, тоқтүсірілімдерін баптау;
      қабат астындағы бөлімдерден лактарды жеткізу;
      жылдамдықты, ауаның температурасын, негіздің созылуын, қабаттың түсуін, лактарды, ерітінділерді, қабатастарының оралуының қалыңдығын реттеу;
      құятын машинаны қосуға дайындау, негізді реттейтін жиектермен жапсыру, жапсыру орындарын бекіту;
      сынамаларды зертханалық талдау үшін алу;
      қолданылып жатқан инвентарьды және қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды жуу;
      құятын машиналарды орайтын арбалармен қамтамасыз еті;
      дайын өнімді қоймаға тапсыру.
      64. Білуге тиіс:
      химиялы ерітінділерді, колодияны, лакты жағуды және қабаттарды жағудың технологиялы процесін;
      қабатастарлы ерітінділерді, коллодияны, лакты, кинофотонегіздің физико-химиялы құрамы және белгіленуі;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының жұмыс принципі.

Параграф 3. Кинофотонегізді және техпленкаларды құюшы-аппаратшы, 4-разряд

      65. Жұмыс сипаттамасы:
      технологиялы процестерді жүргізу: коллодияны, қабаттандырудың химиялы ерітінділерін, толассыз жұмыс істейтін бір фильтрлы ағызатын машиналарда кинофотопленканың барлық ассортиментінің негізін ағызу, кинофото- және техникалы пленка үшін лавсанды негізді қосымша өңдеу;
      еріткіштерді мөлшерлеу, малаксерды жұмысқа дайындау, оны тиеу;
      бақылау-өлшеу құрылғыларының мәліметтерімен және коллодияның жабысқақтығының сынамасынан малаксаж процесін бақылау, коллодияның фильтрлауға түсуін бақылау және тиелімдерді помптарға, фильтрларға, аралық емкостьтарға және жұмыс термостаттарға жаю;
      әртүрлі жүйелі фильтр-престерде фильтрлау процесін жүргізу;
      шикізаттың, ерітінділердің қажетті мөлшерін есепке алу; дайын ерітінділерді мөлшерлеу, фильтрлеу және дайын өнімдерді емкостьқа салу;
      коллодияның құятын фильераға түсуін, қабат пен лактың кюветқа түсуін, негіздің қалыңдығын, газауа қосындысының концентрациясын реттеу;
      катушканың қуысты орамның торабына орнату, негіздерді катушкаға орнату, құятын негіздерді түсіру;
      құйылып жатқан негіздердің сапасын көзбен бақылау және жолдама паспорттарда ақаулы орындарын белгілеу;
      өңделген төс етектерді (айналы қабатты) машинаның құятын тораптарының жез лентасынан түсіру;
      қосымша қабаттарды жағу сапсын көзбен бақылау;
      қызмет көретіліп жатқан тазарту, жуу, майлау, жұмысын тексеру, қолданылып жатқан аппаратураға және коммуникацияға ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау.
      66. Білуге тиіс:
      кинофотонегіздерді және техпленканы дайындау рецептурасын;
      әзірлеу технологиялы процесін, коллодияны, химиялы ерітінділерді, лакты, негіздің қабаттарын әзірлеуде қолданылатын компоненттердің физико-химиялы құрамы және оларға қойылатын техникалы талаптар;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың, қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы;
      коллодиа жүргізудің сызбасын;
      ерітіндінің, шикізаттың қажетті санына есеп жүргізу әдістемесін және коллодияны тазартуда фильтрлау кезеңдерін;
      негізді ағызу процесінде пайда болатын газауа қосындысының құрамы және құнарлығы, булыауа қосындысының рұқсат етілетін құнарлығы.

Параграф 4. Кинофотонегізді және техпленкаларды құюшы-аппаратшы, 5-разряд

      67. Жұмыс сипаттамасы;
      коллодияны әзірлеу технологиялы процесін, кинофотопленкаларды және өндіріс-техникалы белгіленудегі барлық ассортименттерді жоғары өндірісті екіфильерлі машиналарда немесе бірнеше аралас ағызу машиналарында біруақытта ағызу технологиялы процесін жүргізу; кинофотопленканы және техникалы пленкалар үшін лавансты негіздерді қосымша өңдеу процесін;
      еріткіштердің, компоненттердің, қосымшаларға есеп жүргізу, мөлшерлеу, сапасын бақылау;
      конденсаторлардың жұмысын бақылау, қатты салқындату тәсілімен еріткіштердің рекуперация режимін реттеу;
      негіздің сапасын және қалыңдығының сапасын бақылау;
      сынамаларды іріктеу;
      айналы қабатты сабындау және кептіру;
      нобайлайтын білектермен негізді қосымша өңдеу бойынша агрегаттарды баптау;
      қосымша қабаттарды құралдарға салу сапасын бақылау;
      қабаттарды жағу, кептіру режимін, негізді созудың жылдамдығын реттеу;
      қызмет көрсетіліп жатқан учаскіде температуралы және әуе режимдерін орнату;
      негізгі және қосалқы жабдықтарға профилактикалы тексеру.
      68. Білуге тиіс:
      кинофотопленканың және өндіріс-техникалы белгіленудегі пленканың барлық ассортиментінің негізіне құюдың технологиялы процессінің және техникалы шарттары;
      қабаттарды жағу және негіздерді кептіру процесін;
      коллодияның, лактың, қабаттын, қолданылып жатқан ерітінділердің физико-химиялы құрамы;
      негізді құюда қалыптасатын газауа қосындысының рұқсат етілетін концентрациясы және құрамы;
      газауа коммуникациясының сызбасын, негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымы және арақатынасы.

Параграф 5. Кинофотонегізді және техпленкаларды құюшы-аппаратшы, 6-разряд

      69. Жұмыс сипаттамасы:
      алдыңғы пышақтың реттеуші және толықтай кептірудің күшейтілген қуаттылығымен пленкақалыптастыратын ерітінділердің күшейтілген концентрациясымен жоғары өндірісті екіфильерлі машиналарда кинонегізді құю технологиялы процесін жүргізу; негізге қосымша қабаттарды көп мәрте жағу процесін,арнайы рецептпен әзірленген қабаттарды жағу процесін;
      құятын машинаның оңтайлы жұмыс режимін таңдау және процесті бақылау;
      қатты салқындату тәсілімен ерітінділерді рекуперация режимдерін реттеу;
      құйылған негіздің қалыңдығын өлшеу және оның сапасын бақылау;
      өнімнің ассортиментіне және жағылатын композицияға байланысты қосымша қабаттарды жағудың сызбасын өзгерту;
      қолданылып жатқан аппаратураға ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау.
      70. Білуге тиіс:
      негізді ағызу және триацетатцеллюлозды және полиэтилентерефталатты негізге әртүрлі композициялы қосымша қабаттарды жағу технологиялы процесі, бұл қабаттардың белгіленуі және олардың құрамы;
      газауалы қоспаның құрамы және рұқсат етілген концентрациясы;
      газауа коммуникациясының сызбасы.

11. Магнитты ленталарды құюшы-аппаратшы

Параграф 1. Магнитты ленталарды құюшы-аппаратшы, 2-разряд

      71. Жұмыс сипаттамасы:
      толассыз жұмыс істейтін құятын агрегаттарда әртүрлі тағайындаудағы магнитті ленталарды құю технологиялы процесінің бөлек операцияларын орындау;
      магнитті лентаның құятын агрегаттардың толықтай кептіру аймақтарынан өтуін, температуралы, бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіші бойынша кептірудің әуе режимін реттеу;
      құйылған магнитті лентаның орамының сапасын бақылау, фрикциялы құрылғының орамының қалыңдығын және біркелкілігін реттеу;
      магнитті лентаның құятын рулондарын түсіру және жаңа катушкаларды салу;
      қолданылып жатқан агрегаттарға және құрылғыларға профилактикалы баптауға қатысу;
      дайын магнитті лентаны қоймаға тапсыру.
      72. Білуге тиіс:
      магнитті лентаны құю технологиялы процесін;
      магнитті лентаны құю процесінде қалыптасатын ауа қоспасының құрамы және құндылығы;
      құйылып жатқан магнитті лентаның физико-химиялы құрамы және дайын өнімге техникалы талаптар;
      кептіретін агрегаттың құрылымы.

Параграф 2. Магнитты ленталарды құюшы-аппаратшы, 3-разряд,

      73. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары магнитті ленталарды құюшы-аппаратшының басшылығымен әртүрлі тағайындаудағы құятын агрегаттарда әртүрлі магнитті ленталарды құю технологиялы процесін жүргізу;
      фильерларды орнату, бақылау-өлшеу құрылғыларының көмегімен негіздің қалыңдығын өлшеу және реттеу;
      коллодияны фильерға жіберуді реттеу және осы процесті бақылау;
      агрегат бункеріне смоланы дайындау және тиеу;
      бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша құятын агрегаттардың алдыңғы барабандарының температураларын реттеу;
      үгітетін машиналарда қалдықтарды үгіту;
      жез лентаны арнайы ерітінділермен мерзімді сүртіп тұру.
      74. Білуге тиіс:
      магнитті ленталарды құятын агрегаттарда құю технологиялы процесін;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың жұмыс принципі және құятын агрегаттарды реттеу.

Параграф 3. Магнитты ленталарды құюшы-аппаратшы, 4-разряд

      75. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары магнитті лентаны құюшы аппаратшының басшылығымен толассыз жұмыс жасайтын құятын агрегаттарды, балқытатын агрегаттарда әртүрлі тағайындаудағы магнитті ленталарды құю технологиялы процесін жүргізу;
      бақылау-өлшеу құрылғыларының көрсеткіштері бойынша магнитті ленталарды құю технологиялы процесін басқару және оны берілген параметрлер бойынша өзгерту;
      бақылау-өлшеу құрылғыларының көрсеткіштері бойынша магнитті лактарды жағу және жағылып жатқан қабаттың белгіленген қалыңдығын реттеу;
      жез лентаның өтуін бақылау және оның қырлы ығысуын реттеу;
      зертханалық талдау үшін сынамаларды іріктеу;
      дайын өнімнен рулонды кесу және түсіру;
      қызмет көрсетіліп жатқан агрегаттарға профилактикалы баптау жұмыстарын жасау;
      дайын өнімге қосалқы паспортты толтыру.
      76. Білуге тиіс:
      магнитті ленталарды қызмет көрсетіліп жатқан агрегаттарда құю технологиялы сызбасын;
      қызмет көрсетіліп жатқан және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы;
      газауа коммуникациясының сызбасын, құюдың режимін;
      құятын агрегаттардың тораптарын реттеу әдістемесі;
      сынамаларды іріктеу ережесі.

Параграф 4. Магнитты ленталарды құюшы-аппаратшы, 5-разряд

      77. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары магнитті ленталарды құюшы-аппаратшының басшылығымен балқытатын агрегаттарда немесе автоматтандырылған экструдерларда әртүрлі тағайындаулы магнитті ленталарды құю технологиялы процессін жүргізу;
      қалпақшаны және фильерларды дайындау және орнату, цилиндр аймағын және қалпақшаны белгіленген температураға дейін жылыту;
      жабдықты икемдеу;
      бақылау-өлшеу құрылғыларының және автоматты жүйенің көмегімен магнитті ленталарды құю процесін бақылау және реттеу;
      өндіріліп жатқан магнитті ленталардың сапасын бақылау;
      балқытатын агрегаттардың жұмысындағы ақаулықтарды жою;
      өндіріс журналына тіркеу.
      78. Білуге тиіс:
      автоматтандырылған экструдерларда магнитті ленталарды құю технологиялы сызбасын;
      балқытатын агрегатқа кіретін механизмдерді эксплуатациялау ережесі және құрылымы;
      конструктивті ерекшеліктері, агрегаттарды электрқуат беру сызбасын;
      негіздің қалыңдығын бақылау әдістемесі;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты икемдеу тәсілдерін.

Параграф 5. Магнитты ленталарды құюшы-аппаратшы, 6-разряд

      79. Жұмыс сипаттамасы:
      изотропты қалыңдық өлшегіштермен жабдықталған автоматтандырылған экструдерларда әртүрлі тағайындаулы магнитті ленталарды құю технологиялы процесін жүргізу;
      экструзия, құйылым, шикізаттың түріне және шығарылып жатқан өнімнің талап етілетін түріне байланысты магнитті ленталарды салқындату және орау режимін таңдау;
      электронды және басқада бақылау-өлшеу құралының көрсеткіштері бойынша технологиялы процесті бақылау және реттеу;
      шикізаттың шығынын есептеу;
      біліктілігі төмен магнитті лентаны құюшы-аппаратшылардың жұмыстарына басшылық жасау.
      80. Білуге тиіс:
      магнитті ленталарды экструзиялаудың технологиясын;
      берілген параметрлерге механизмдерді реттеу ережелер мен тәсілдері;
      бөлек тораптардың жұмыстарының режимы және ілеспелілігі;
      қолданылып жатқан шикізаттың шығынын есептеу әдістемесін;
      дайын өнімнің шығуын;
      автоматты жабдықтарды басқару сызбасын.

12. Бутафоль пленкаларын құйып алушы-аппаратшы

Параграф 1. Бутафоль пленкаларын құйып алушы-аппаратшы, 3-разряд

      81. Жұмыс сипаттамасы:
      өндіріс-техникалы тағайындаудағы металжапсыратын пленкаларды немесе бірқабатты және көпқабатты бутафольдың пластмасты пленкасын құю технологиялы процессінің бөлек операцияларын орындау;
      құятын машиналардан фильерлерді түсіру және орнату;
      фильерларды және өнімді түсіруге және опалауға арналған қосалқы жабдықтарды жұмысқа дайындау.
      82. Білуге тиіс:
      пластмассалы пленкаларды дайындау технологиялы процесін;
      қолданылып жатқан ерітінділердің, дайын өнімнің құрамы;
      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының белгіленуі;
      негізгі және қосалқы жабдықтың құрылымы және жұмыс принципі.

Параграф 2. Бутафоль пленкаларын құйып алушы-аппаратшы, 5-разряд

      83. Жұмыс сипаттамасы:
      техникалы тағайындаудағы металжапсыратын пленкаларды немесе бірқабатты және көпқабатты бутафольдың пластмасты пленкасын құю технологиялы процессінің жүргізу;
      құятын машиналарға фильерларды орнату;
      шаблонның көмегімен лента расындағы саңылауларды есептеу және фильер пышағымен реттеу;
      бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіші бойынша технологиялы режимді реттеу;
      жез лентаның жағдайын және күйін реттеу;
      қабаттанған пленкалардың қалыңдығын, фильерлардағы ерітіндінің деңгейін, ауаны жіберу және сорып алуды, пленканы кептіргіште созу және дайын пленкаларды орауды есепке алу және реттеу, бутафоль пленкаларын натри бикарбонатын опалаумен орау немесе оны полиэтиленмен және қағазбен қаптау;
      сынамаларды (үлгілерді) бақылау үшін алу;
      өнімнің санын есепке алу және сортын анықтау;
      өнідіріс журналында жазба жүргізу;
      құятын машинаның жез лентасынан өңделген төс етекті (айналы қабатын) түсіру;
      айналы қабатты құю үшін жез лентаны дайындау;
      біліктіліг төмен бутафоль пленкасын құюшы-аппаратшылардың жұмыстарына басшылы жасау;
      жабдыққа ұсақ жөндеу жұмыстарын жасау.
      84. Білуге тиіс:
      бутафоль пленкасын және металжапсыратын пленканы әзірлеу технологиялы процесін;
      негізгі және қосалқы жабдықтардың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы және жұмыс мақсаты;
      қолданылып жатқан шикізаттың, жартылайфабрикаттардың, дайын өнімнің физико-химиялы құрамы;
      сынамаларды алу ережесі.

13. Фотошыныны қабаттаушы-аппаратшы

Параграф 1. Фотошыныны қабаттаушы-аппаратшы, 3-разряд

      85. Жұмыс сипаттамасы:
      регламентке және жұмыс нұсқаулығына сәйкес әртүрлі өлшемді және конфигурациялы фотошыныларды бір-бірлеп ртанспортерға және мерзімді қозғалысты рольгангқа салу;
      транспортердің жұмысын қадағалау;
      негізгі және қосалқы жабдықтарды тазарту және жуу;
      әртүрлі фотпластиналарға арналған жарықтехникалы режимді бақылау.
      86. Білуге тиіс:
      фотошыныға және фотопластиналарға қойылатын техникалы талаптар;
      құятын машинаның тораптарының өзара қарым-қатынас принципі;
      әртүрлі фотопластинаның сорттарының жарықтехникалы режимі.

Параграф 2. Фотошыныны қабаттаушы-аппаратшы, 4-разряд

      87. Жұмыс сипаттамасы:
      мерзімді жұмыс істейтін қабаттайтын машиналарда фотошыныны бірқабатты және көпқабатты қабаттау және автоматтандырылған желіде химиялы өңдеу технологиялы процесін жүргізу;
      фотошыныны химиялы өңдеу үшін қажетті концентрациялы жұмыс ерітінділерін дайындау;
      супышақтарын (водяных) және шыныны өңдейтін пышақтарды жұмысын реттеу және орнату;
      өндіріс желісіне шыныны алып беретін автоматтың жұмысын басқару;
      транспортердің қозғалыс жылдамдығына байланысты қабаттандырылған шыныны температуралы және ауалы кептіру процесін реттеу;
      қабаттарды жағу үшін ванналарды орнату;
      арнайы ерітінділермен қабаттардың сапасын сынауды өткізу;
      будың, судың және жұмыс ерітінділерінің санының қысымына байланысты фотошыныны қабаттау процесін реттеу;
      фотошынының ластанғандығына және сапасына байланысты қышқылдандырылған ерітіндінің концентрациясын реттеу, қабаттандыратын машиналардың және қосалқы жабдықтардың жұмысын бақылау, іске қосу және тоқтату;
      мерзімді жұмыс жасайтын қабаттандыратын машиналарда қабаттау процесін жүргізу кезінде біліктілігі төмен фотошыныны құюшы-аппаратшыларға басшылық жасау.
      88. Білуге тиіс:
      фотошыныларды бірқабатты және көпқабатты қабаттау технологиялы процесін жүргізу;
      фотошыныны қабаттау технологиялы процесінің шарттары;
      қолданылып жатқан шикізаттардың құрамы;
      технологиялы процесті бақылаудың әдістемесі;
      негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылымы және жұмыс мақсаты.

Параграф 3. Фотошыныны қабаттаушы-аппаратшы, 5-разряд

      89. Жұмыс сипаттамасы:
      фотошыныны арнайы химиялы өңдеу және қабаттарды жағу және жиектенуге қарсы қабаттарды фотошыныға жағылып жатқан қабаттардың адгезия және тазалық талаптарын жасау үшін электронды басқарумен автоматты желіде технологиялы процесті жүргізу;
      ультрадыбыстық генераторлардың көмегімен фотошыныны өңдеу процесінің режимін реттеу;
      фотошыныны су және химиялы ерітіндімен жууды бақылау;
      ультрадыбысты виграторлардың, химиялы өңдеу үшін форсундардың, механикалы тазартудың тораптарының жұмысын бақылау;
      арнайы тағайындаулы фотошыныны көпқабатты қабаттау процесін жүргізу;
      жұмыс ерітінділерінің барлығына байланысты қабаттау процесін реттеу;
      қабаттайтын машиналардың жұмысын бақылау және қабаттаудың сапасын бақылау;
      техникалы журналды толтыру;
      біліктілігі төмен фотошыныны құюшы-аппаратшылардың жұмыстарын басқару.
      90. Білуге тиіс:
      фотошыныны арнайы химиялы тазалау мен қабаттаудың технологиялы процесін;
      фотошынының физико-химиялы құрамы;
      техникалы шарттарды, қолданылып жатқан шикізатты, берілген концентрациялы ерітінділерді дайындау тәсілін;
      техникалы процесті бақылау әдістемесін;
      негізгі және қосалқы жабдықтардың құрылымы және жұмыс принципі.

14. Магнитты ленталарды құюшы-аппаратшы

Параграф 1. Магнитты ленталарды құюшы-аппаратшы, 4-разряд

      91. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары магнитті ленталарды құюшы-аппаратшының басшылығымен толассыз жұмыс істейтін фильерлі машинада магнитті лакты пленкаға құю технологиялы процесті жүргізу;
      орауды, кептіруді және фильерлі машиналарға пленканы орауды бақылау, дайын өнімді түсіру және оны қоймаға тапсыру;
      соңғы талдау үшін үлгілерді алу;
      қосалқы жабдықтардың жұмыс істеуін бақылау;
      жолдама карточкаларды толтыру.
      92. Білуге тиіс:
      қолданылып жатқан барлық негіздердің және магнитті ленталарды өндіріс технологиясын;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы;
      газауа қоспаларының құрылымы және рұқсат етілген құнарлығы;
      қосалқы жабдықтарды қосу және тоқтату тәртібі;
      фильерлі машиналардың шикізат сіңдіретін және коммуникациялардың ауа сызбаларын.

Параграф 2. Магнитты ленталарды құюшы-аппаратшы, 5-разряд

      93. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары магнитті лентаны құюшы-аппаратшының басшылығымен толассыз жұмыс істейтін фильерлі машинада немесе экструзионды машинада пленкаға лак құю технологиялы процесін жүргізу;
      қызмет көрсетіліп жатқан машиналардың құятын қалпақшаларын реттеу;
      құятын агрегаттарға құюдың жылдамдығын, әр дайындау аймағына жеке жіберілетін және түсетін ауаның мөлшерін және негізді кептіру арқылы оңтайлы жұмыс режимін таңдау;
      лактың және катализаторлардың жіберілуін, жіберіліп жатқан ауаның температурасын, негізді созу, қызмет көрсетіліп жатқан машиналардың визитажды тораптарында құюдың санын және оларды икемдеуді бақылау, реттеу;
      өндіріс журналында жазба жасау.
      94. Білуге тиіс:
      магнитті лакты пленкаға құю процесінің рецептурасын және технологиялы сызбасын;
      қызмет көрсетіліп жатқан машиналардың құрылым ерекшеліктерін;
      жұмыс принциптерін;
      эксплуатациялау ережелерін және икемдеуді;
      шығарылатын магнитті лентаның стандарттарын және қойылатын техникалы талаптар.

Параграф 3. Магнитты ленталарды құюшы-аппаратшы, 6-разряд

      95. Жұмыс сипаттамасы:
      экструзиялы машинада немесе толассыз жұмыс істейтін құятын машиналарда магнитті лакты құю технологиялы процесін жүргізу;
      тазартылған суда ультрадыбыстық толқындар арқылы кейіннен ыстық тегістеліп жылтыратылған металды валда тегістеу арқылы негізді құюға дайындау;
      процесті автоматты немесе қолдан жүргізу кезінде қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтарды қосу және тоқтату;
      лактың және катализатордың сәйкес келуіне баланысты жылдамдықты реттеу режимі арқылы, жағылып жатқан қабаттың қалыңдығы арқылы, магнитті лактардың жабысқақтығы және ерітінділі валдардың линетурасы арқылы оңтайлы режимдерді таңдау, кептіру аймағы бойынша жіберіліп жатқан ауа ағындарының және түсіп жатқан ауаның сәйкес келуін таңдау;
      лакөткізгіштерінде магнитті лактардың жиі қысымын қамтамасыз ететін автоматты құрылғыларды, ракельді пышақпен лакты түсіргеннен кейін оны жіберу, құятын машиналардың тораптарының ілеспелі жұмыс істеуін бақылау және реттеу;
      сыртқы түріне, құйылым еніне, жұмыс қабаттарының қалыңдығына, электро-акустикалы және физико-механикалы сынақтардың нәтижесі бойынша құйылып жатқан ленталардың сапасын тексеру;
      біліктілігі төмен магнитті ленталарды құюшы-аппаратшылардың жұмыстарына басшылық жасау;
      дайын өнімге құжатнама толтыру.
      96. Білуге тиіс:
      құятын машиналарда магнитті лактарды құю процесінің технологиялы сызбасын;
      магинтті лактардың сипаттамаларын, оны құймаға дайындау технологиялы сызбасын;
      құятын машиналардың толассыз жұмысын қамтамасыз ететін блоктау және дабылқағу жүйесін;
      барлық технологиялы параметрлерді ілестіру ережесін;
      шикізаттың шығының және дайын өнімнің шығуына есеп жүргізу әдістемесін.

15. Фотоэмульсияны құюшы-аппаратшы

Параграф 1. Фотоэмульсияны құюшы-аппаратшы, 2-разряд

      97. Жұмыс сипаттамасы:
      кинофотопленканы және фотопластинканы құю процесінде жеке жұмыстарды орындау; эмульсиялы-құю агрегаттарының кептіргіштерінде фотоматериалдардың барлық ассортиментінің фотоэмульсиясын кептіру; енді құятын машиналарда біліктілігі жоғары фотоэмульсияны құюшы-аппаратшының басшылығымен жіңішке құятын машиналарда кинофотопленкаларды және фотоқағаздарды орау және фотоқағаздарды және кинофотопленкаларды өзеркімен орау фестноөңдейтін механизмдердің жұмыстарын бақылау, итеретін грузиктарды түсіру және ілу;
      қол арбаларды жеткізу, фотонегізді орау, тасымалдау, фотонегіздерді орау, ауаны фильтрлеу үшін фильтрлерді дайындау;
      пленканың созылуын, транспортердің жұмысын, кинофотоматериалдардың толассыз қозғалмалы фестондарының орналасуын бақылау;
      фестонды таяқтардың, итеретін грузиктарды жеткізу, жарамдылығын және тазалығын тексеру;
      фестонқалыптастырғыштарға таяқтарды салу;
      таяқтарды жіберетін жартылай автоматтардың жұмысын жұмысын бақылау;
      құятын агрегаттарды баптау;
      ораудың жылдамдығын реттеу;
      пленканың созылуын және ораудың сапасын бақылау;
      тиелімсіз арбаны тиеуге қатысу;
      алдын-ала орап, оралған осьтарды қоймаға тасымалдау;
      құятын машиналарды тазарту, жуу.
      98. Білуге тиіс:
      киноматериалдарды орау және тасымалдау ережесі;
      негізге қойылатын техникалы талаптар;
      кинопленкалардың физико-химиялы құрамы;
      электркөтергіштерді эксплуатациялау ережесі;
      орайтын агрегаттардың және таяқтарды түсіруге арналған механизмдерді жұмыс принципі.

Параграф 2. Фотоэмульсияны құюшы-аппаратшы, 3-разряд

      99. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктіліг жоғары фотоэмульсияны құюшы-аппаратшының басшылығымен кинофотопленканы және фотопластинкаларды құю технологиялы процесін жүргізу; эмульсиялы құятын агрегаттардың кептіргіштерінде фотоматериалдардың барлық ассортиментінің фотоэмульсия қабаттарын кептіру процесін; фотоэмульсияларды құйғаннан кейін кинофотопленкаларды орау және жоғарыөндірісті құятын машиналарда кептіру;
      кептіру аймақтарындағы термогигромертикалы режимді, орамның жылдамдығын қамтамасыз ету;
      келесі өңдеуге жүк электркөтергіштерінің фотопластинкаларды жіберу;
      құю нормаларына, сорттарына және форматтарына байланысты өнімге есеп жүргізу;
      бос арбаның катушкасына кинофотопленканы тиеу;
      орамның жалдамдығын және құятын машиналардың жұмыстарының ілеспелілігін реттеу;
      эмульсиялы негіздің созылуын, құйылымның сапасын және орамның, таяқтарды түсіруге арналған механизмдердің жұмысын бақылау.
      100. Білуге тиіс:
      құю, кептіру, фотоматериалдарды орау технологиялы процесінің негізін және режимін;
      кинофотоматериалдардың әртүрлі сорттарына арналған жарықтехникалы режимін;
      тасымалдау механизмдерін эксплуатациялау, қолданылып жатқан бақылау-өлшеу және тіркейтін құралдардың жұмыс принципі.

Параграф 3. Фотоэмульсияны құюшы-аппаратшы, 4-разряд

      101. Жұмыс сипаттамасы:
      кинофотопленкаларды, техникалы пленкаларды, фотоқағаздарды, фотопластинкаларды біліктілігі жоғары фотоэмульсияны құюшы-аппаратшының басшылығымен технологиялы процесті жүргізу немесе екінші құйылым қалпақшасында фотоэмульсияны құю процесін өзеркімен жүргізу;
      кішкене құятын машиналарда ядерлі зерттеу үшін материалдарды және позитивті киноматериалдарды кептіру процесін жүргізу, кептіретін туннельдерді, эмульсиялы- құятын машиналардың камераларын баптау;
      құятын тораптарды және құйылымды ламинирлеу тораптарын дайындау;
      құятын машиналарды фотонегіздермен және ламинаторды қорғайтын мертиалдармен тиеу;
      құйылымның жылдамдығына байланысты қажетті фотоэмульсияны және жарықсезгіш композицияларға есеп жүргізу;
      эмульсиялы қабаттың және жарықсезгіш композицияның физико-химиялы парамертлерін бақылау, кинофотонегіздің тасымалдайтын құрылғыларының жұмыстарын мерзімді тексеру;
      эмульсиялы-құятын машинаның әртүрлі аймақтарындағы термогигромертрлі режимін, катеннің ерітіндісінің концентрациясын, түсірілетін ауаның мөлшерін, салқындату камераларының жұмыс режимдерін;
      зертханалы талдауға алынатын сынамаларды іріктеу;
      біліктілігі төмен фотоэмульсияня құюшы-аппаратшыларды басқару;
      құятын машиналарды профилактикалы тексеру.
      102. Білуге тиіс:
      фотонегіздерді құю және кептіру технологиялы процесін;
      кинофотопленканы өндіру сызбасын;
      фотоқағаздарды және техпленкаларды, кинофотопленкалардың физико-химиялы құрамы;
      фотопластинкаларды және ядерлы зерттеуге арналған материалдарды, құятын машиналардың тораптарының құрылымы және жұмыс принципі.

Параграф 4. Фотоэмульсияны құюшы-аппаратшы, 5-разряд

      103. Жұмыс сипаттамасы:
      кинофотопленкалардың барлық ассортиментінің құю технологиялы процесін, енді құю машиналарының қалпақшасының екінші жартысындағы техпленкаларды немесе фотоқағаздарды, фотопластинкаларды және техпластинкаларды экструдердің негізгі қалпақшасында құю барысында технологиялы процесті жүргізу; кинофотоматериалдардың барлық ассортиментындегі эмульсиялы қабатын кептіру процесін жүргізу;
      эмульсияны, жарықсезгіш композицияларды және қосымша ерітінділердің шығынына есеп жүргізу;
      жапсыру орнын тігу, эмульсияның бетіндегі көпіршіктерді жою;
      жарықсезгіш композициялардың құятын қабаттарының біркелкілігін және қалыңдығын, бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен құюдың белгіленген жылдамдығын температуралы режимін реттеу;
      құюдың және ламинаттаудың сапасын бақылау;
      эмульсиялы қабаттың, кептірудің сапасын, пленканың ылғалдану дәрежесін, фотоқағаздың төзімділігін анықтау;
      дефектрскоптардың, корректорлардың, вакуумрольгангтардың жұмыстарын бақылау, «әуе жастықшаларында» пленканың және фотоқағаздың орналасуын бақылау;
      ауаны фильтрлау камераларының, қиыстырмалы-созылатын каналдардың, ауажібергіштердің жағдайын және жұмыстарын бақылау;
      фотоэмульсияның құйылу жылдамдығына байланысты транспортердің қозғалысының жылдамдығын түзету;
      біліктілігі төмен фотоэмульсияны құюшы-аппаратшылардың жұмыстарын басқару.
      104. Білуге тиіс:
      фотоэмульсияны кептіру және құю технологиялы сызбасын;
      кинофотопленкалардың, техпленкалардың, фотоэмульсиялардың қорғаныс және жиектенуге қарсы қабаттардың физико-химиялы және фотографиялы құрамы;
      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының, автоматиканың, кептіретін туннельдердің, фильтрлы және салқындатқыш құрылғылардың құрылымы және және жұмыс принципі.

Параграф 5. Фотоэмульсияны құюшы-аппаратшы, 6-разряд

      105. Жұмыс сипаттамасы:
      кинофотопленкалардың, техникалы пленкалардың, түрлі-түсті және техникалы фотоқағаздардың және фотопластинкаларды көпқабатты құю технологиялы процесін қарқынды жұмыс істейтін машиналарды жүргізу;
      жеткізу және құйылған негіздерді және бариттітөс етегті қоймаға жеткізу автоматты желісін басқару;
      фотоэмульсияның барлық ассортиментінің құю жылдамдығын, жарықсезгіш композицияның қажетті санын есепке алу және түзету;
      құятын машиналардың тораптарын құюға дайындау, машинаға фотонегіз тиеу, жапсыру орындарын тігу;
      құйылымның және ламинаттаудың сапасын бақылау;
      құятын машинаның бөлек тораптарының жылдамдығын ілестіру;
      эмульсиялы қабаттарды кептірудің термогигрометрикалы режимін, жарықсезгіш композициялардың және ламинаттау процесін бақылау;
      қызмет көрсетіліп жатқан аппаратураға және коммуникацияға қарапайым жөндеу жұмыстарын жасау;
      біліктілігі төмен фотоэмульсияны құюшы-аппаратшылардың жұмыстарын басқару
      106. Білуге тиіс:
      фотоэмульсияны құю технологиялы процесін;
      кинофотоматериалдардың фотохимиялы және фотографиялы құрамы;
      құятын машиналардың тораптарының, қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының және автоматика құралдарының жұмыс принципі.
      107. Орташа мамандандырылған білім талап етіледі.

16. Айқындайтын пастаны әзірлеуші аппаратшы

Параграф 1. Айқындайтын пастаны әзірлеуші аппаратшы, 3-разряд

      108. Жұмыс сипаттамасы:
      айқындайтын пасталы капсулаларды өндіру технологиялы процесін немесе «Момент» фотожинағына арналған айқындайтын пастаны әзірлеу технологиялы процесі бойынша жеке операцияларды жүргізу;
      айқындайтын пастаның құрамына кіретін және ерітіндіні тұрақтандыратын компоненттерді өлшеу;
      араластырғышқа компоненттерді тиеу;
      алынатын ерітінділердің араласуын бақылау;
      айқындайтын пасталарды герметикалы сыйымдылықтарға салу;
      тұрақтандырылған ерітінділерді тампондарға мөлшерлеу және пробиркаларға салу;
      лакталған фольганың сапасын тексеру;
      фольганы автоматқа салу;
      айқындайтын пастамен тегеуірлі бакты орнату және мөлшерлейтін насосқа қосу;
      капсуладағы айқындайтын пастаның мөлшерін, температурасын және капсуланың қалыптасуының жалғасуын, капсуланың тігісінің сапасын бақылау және реттеу;
      таңбалайтын құрылғыны дайындау және жарамды капсулаларға кассеталарды орнату.
      109. Білуге тиіс:
      капсулаларды дайындау және айқындайтын пасталарды дайындау тенологиялы процесін;
      қолданылып жатқан жартылай фабрикаттардың, материалдардың және дайын өнімнің физико-химиялы құрамы.

Параграф 2. Айқындайтын пастаны әзірлеуші аппаратшы, 4-разряд

      110. Жұмыс сипаттамасы:
      айқындайтын пасталы капсулаларды өндіру немесе «Момент» фотожинағына арналған тұрақтандыратын ерітіндіні әзірлеу технологиялы процесін жүргізу;
      айқындайтын пастаның және тұрақтандырылған ерітіндінің құрамына кіретін аспаларға және компоненттерге есеп жүргізу;
      тұрақтандырылғын ерітінділерді дайындау, оларды берілген концентрация және мөлшерлерге жеткізу;
      айқындайтын және белгілейтін құрылғыларды енгізу, айқындалып жатқан пасталарды регламентпен сәйкестендірілген созылмалығына жеткізу және оның сапасын анықтау;
      тұрақтандырылатын ерітінділерді дайындау: алынған ерітінділерді сыйымдылыққа жылытып тиеу, араластырғыштарды қосу, қосындыларды енгізу, ерітінділерді фильтрлеу;
      біліктілігі төмен айқындайтын пастаны әзірлеуші аппаратшыларға басшылық жасау.
      111. Білуге тиіс:
      айқындайтын пастаны және тұрақтандырылған ерітінділерді дайындау технологиялы процесін жүргізу;
      қолданылып жатқан компоненттердің, материалдардың және дайын өнімнің физико-химиялы құрамы;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың құрылымы.

17. Ферментті препаратты дайындау аппаратшысы

      Параграф 1. Ферментті препаратты дайындау аппаратшысы, 3-разряд

      112. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары ферментті препаратты дайындаушын аппаратшының басшылығымен бактерия дақылын өсіруге арналған құнарландыратын құралдарды стирильдеуге және дайындау технологиялы процесін жүргізу;
      құнарландырылатын құралдардың компоненттерін мөлшерлеу және ерітінділерді дайындау;
      жоғары температурада құнарландыратын ортаны стирильдеу және автоклавтарда және ферментаторларда қысым арқылы стерильдеу;
      құнарландыратын ортаны салқындату;
      ыдыстарды және аппараттарды стирильдеу;
      бөлмені дезинфекциялау;
      қосалқы жабдықтарды баптау: желдеткіштер, фильтрлар, компрессорлар, сепараторлар және насостар.
      113. Білуге тиіс:
      ферментті препаратты өндіру технологиялы сызбасын;
      негізгі және қосалқы жабдықтардың, қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының және коммуникациялардың жұмыс принципін.

Параграф 2. Ферментті препаратты дайындау аппаратшысы, 4-разряд

      114. Жұмыс сипаттамасы:
      триацетатты кинофотопленкадан эмульсиялы қабаттарды жууға арналған бактерия дақылдарын себу және өсіру технологиялы процесін жүргізу;
      себетін мартериалдардың оның белсенділігіне байланысты құнарландырылатын компоненттерін есептеу;
      автоклавтарда және ферментаторларда құнарландырылатын құралдарды мөлшерлеу, тиеу және стирильдеу;
      аппараттарда құнарландыратын ортаға биомассаны егу;
      фермекнтациялау және араластыру процесін; термостатағы құнарландыратын ортаның температурасын; ферментатор арқылы жіберілетін қысылған ауаның мөлшерін реттеу;
      құнарландыратын ортаның және алынатын ферментті ерітіндінің сапасын бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен және физико-химиялы талдаудың нәтижесі бойынша бақылау;
      қарапайым физико-химиялы талдауларды жүргізу (ерітіндінің белсенділігін, ерітіндінің рН ортасын, бактерияның дақылдарының тазалығын және тағы басқа);
      технологиялы процесті жүргізу журналына көрсеткіштерді жазу;
      біліктілігі төмен ферментті препараттарды дайындау аппаратыларына басшылық жасау.
      115. Білуге тиіс:
      ферментті препаратты өндіру технологиялы сызбасын;
      ферментті препаратты өндірудің биохимиялы негіздері және технологиялы процесінің мәні;
      қолданылып жатқан шикізаттың және дайын өнімнің физико-химиялы құрамы;
      ферментатордың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы және жұмыс принципі.

18. Синтетикалы бояуларды өндіру аппаратшысы

Параграф 1. Синтетикалы бояуларды өндіру аппаратшысы, 2-разряд

      116. Жұмыс сипаттамасы:
      синтетикалы бояуларды өндіруге арналған жартылай фабрикаттарды синтездеу технология процесінің қосалқы операцияларын орындау;
      қызмет көрсетіліп жатқан аппараттарды тазарту, жуу және құрау;
      шикізатты әкелу, орамын шешу;
      қатты заттарын үгіту және жуу;
      дайын аспаларды араластыру;
      шикізатты аппараттарға тиеу және біліктілігі жоғары синтетикалы бояуларды өндіру бойынша аппаратшының басшылығымен дайын өнімді түсіру;
      дайын өнімге таро дайындау, оны буып орау.
      117. Білуге тиіс:
      ерітінділерді дайындау ережесі;
      қатты заттарды үгіту;
      қызмет көрсетіліп жатқан аппараттарды бөлшектеу және құрау ережесі және оларды тазалауға қойылатын талаптар.

Параграф 2. Синтетикалы бояуларды өндіру аппаратшысы, 3-разряд

      118. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары синтетикалы бояуларды өндіру бойынша аппаратшының басшылығымен синтетикалы бояуларды өндіруге арналған жартылай фабрикаттарды синтездеу технологиялы процесін жүргізу, ерітінділерді дайындау, өлшеу кезінде дәлме-дәлдікті талап етпейтін шикізатты мөлшерлеу;
      шикізатты және ерітінділерді аппаратқа тиеу;
      бақылау-өлшеу құралдарының көмегімен бөлек аппаратта синтездеу технологиялы процесін жүргізу;
      талдау жүргізу үшін сынамаларды алу;
      қосалқы жабдықты қосу және тоқтату.
      119. Білуге тиіс:
      жартылай фабрикаттарды синтездеу технологиялы процесін;
      қышқылдың, сілтінің, натрий нитратының және тағы басқа ерітінділерін дайындау ережесі;
      қатты, ащы және зиянды заттарды үгіту, тез тұтанатын заттарды тиеу және түсіру;
      қолданылып жатқан шикізаттардың, жартылай фабрикаттардың құрамы;
      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуі және оларды пайдаланып технологиялы процесті басқару ережесі.

Параграф 3. Синтетикалы бояуларды өндіру аппаратшысы, 4-разряд

      120. Жұмыс сипаттамасы:
      жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес синтетикалы бояуларды өндіру үшін жартылай фабрикаттарды синтездеу технологиялы процесін жүргізу;
      шикізатты және жартылай фабрикаттарды түсіруді бақылау;
      қалыптастыру, тотықтану, нитрлау, диазотирлау, конденсация және тазалау процестерін жүргізу;
      бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша процестерді реттеу.
      121. Білуге тиіс:
      синтетикалы ерітінділерге арналған жартылай фабрикаттарды өндіру технологиялы процесін;
      қолданылып жатқан аппаратураның құрылымын.

Параграф 4. Синтетикалы бояуларды өндіру аппаратшысы, 5-разряд

      122. Жұмыс сипаттамасы:
      технологиялы регламентке және жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес синтезделген жартылай өнімдерден жасалған органикалы бояуларды (сенсибилизаторлар) синтездеу технологиялы процесін жүргізу;
      вакуумды айдаудың көмегімен жартылай фабрикаттарды тазарту процесін жүргізу;
      бақылау-өлшеу құралдарының көмегі және талдаудың нәтижесі бойынша бояуларды өндіру технологиялы процесін жүргізу;
      өндірісті бақылау үшін сынамаларды алу және талдау жасау;
      дайын өнімді түсіру;
      шикізаттың шығының, жартылай фабрикаттардың шығына есеп жүргізу және есеп жүргізетін технологиялы карталарда жазба жүргізу;
      шикізаттың және дайын өнімнің шығуын есепке алу.
      123. Білуге тиіс:
      органикалы жартылай фабрикаттарды және бояуларды өндіру технологиялы процесін;
      қолданылып жатқан аппаратураларды дайындау ережесі;
      қызмет көрсетіліп жатқан аппаратураларды дайындау ережесі;
      қызмет көрсетіліп жатқан аппаратураларды және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы;
      қолданылып жатқан шикізатқа, жартылай фабрикаттарға және бояулардың физико-химиялы және техникалы құрамдары;
      стандарттары және техникалы талаптары, шикізатқа қойылатын талаптар.

Параграф 5. Синтетикалы бояуларды өндіру аппаратшысы, 6-разряд

      124. Жұмыс сипаттамасы:
      технологиялы регламент және жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес жартылай фабрикаттарды синтездеу процесін бақылау және органикалы бояуларды (сенсибилизаторлар) синтездеу технологиялы процесін жүргізу;
      алынатын компоненттердің санына және реакция жүрісіне байланысты қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты тиеу уақытын есептеу;
      жұмыс барысында регламенттелген параметрлерді бақылау және реттеу: температура, қысым, вакуум, органикалы өнімдердің химиялы түзілу процесін;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысындағы ақаулықты жою;
      біліктілігі төмен синтетикалы бояуларды өндіру бойынша аппаратшылардың жұмыстарын басқару;
      әр синтездің көрсеткіші бойынша технологиялы процестердің көрсеткіші журналына жазба түсіру.
      125. Білуге тиіс:
      органикалы жартылай фабрикаттарды және бояуларды өндіру технологиялы процесін;
      қолданылып жатқан шикізатқа, жартылай фабрикаттарға және бояулардың физико-химиялы талаптары және технологиялы талаптары;
      стандарттар және қойылатын талаптар.

19. Магнетитті кептіру және тотықтыру аппаратшысы

Параграф 1. Магнетитті кептіру және тотықтыру аппаратшысы, 2-разряд

      126. Жұмыс сипаттамасы:
      вакуум-кептіргіштерде және толассыз жұмыс істейтін тотықтырғыш пештерде ферромагнитті ұнтақты тотықтандыру және кептіру технологиялы процесін жүргізуде бөлек операцияларды жүргізу;
      дезинтеграторларға және тотықтандыратын пешке пастаны, ферромагнитті ұнтақты тиеу-түсіру, мөлшерлеу.
      127. Білуге тиіс:
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмыс режимі.

Параграф 2. Магнетитті кептіру және тотықтыру аппаратшысы, 3-разряд

      128. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары магнетитті кептіру және тотықтырушы аппаратшының басшылығымен магнетитқа темір тотығын қалпына келтіру, магнетитті және теміртотыққан пигментті кептіру және жуу технологиялы процесін жүргізу;
      сутекті пешті герметизациялау, дайындау, темір тотығын пешке салу;
      рессивердің рампасын сутек толтырылған баллонмен қамтамасыз ету;
      магнетитті пештен шығару және оны өлшеу;
      біліктілігі жоғары кептіру және магнетитті тотықтыру аппаратшысының басшылығымен қайта қалыпқа келуді, жууды, кептіруді, магнетитті және ферромагнитті ұнтақты тотықтыру технологиялы процессін реттеу және бақылау;
      синтезден кейін суспензияларды жуатын аппараттарға қабылдау, маточникті жинау және өнімді қайтара жууға тапсыру;
      ылғалды пастаны тасымалдауды бақылау;
      пастаны түсіру және кейінгі өңдеуге жіберу;
      дайын өнімді буу және оны қоймаға тапсыру.
      129. Білуге тиіс:
      темір тотығын қайта қалпына келтіру технологиялы регламенті;
      қайта қалыпқа келтіретін және тотықтандыратын пештердің құрылымы және эксплуатациялау ережесі;
      магнитті ленталардың сапасына сульфаттардың әсер етуі;
      жуудың тәсілдері;
      коммуникацияның сызбасын;
      ферромагнитті ұнтаққа қойылатын техникалы талаптар.

Параграф 3. Магнетитті кептіру және тотықтыру аппаратшысы, 4-разряд

      130. Жұмыс сипаттамасы:
      қайта қалыпқа келтіретін сутекті пеште магнетитқа темірдің тотығын қайта қалыпқа келтіру технологиялы процесін, теміртотықты пигментті және ферромагнитті ұнтақты жуу, ферромагнитті ұнтақты кептіру және тотықтандыру процесін жүргізу;
      қайта қалыпқа келтіретін сутекті пешті герметикалыққа тексеру;
      темір тотығын мөлшерлеу;
      темір тотығын магнетитта қайта қалыпқа келтіру процесін реттеу;
      магнетитті келесі операцияға тапсыру;
      жуу технологиялы процесін құралдар және талдау нәтижесі бойынша бақылау және реттеу;
      дайын өнімді түсіру және құнарландыратын кептіруге жіберу;
      толассыз жұмыс істейтін тотықтандыратын пештің және турбинді-таяқшалы кептіргіштерді, қысылған ауаны, мазутты жіберуді, кептіру және тотықтандыру процесін- көзбен және құрылғылар арқылы бақылау;
      дайын өнімді партия бойынша жинақтау;
      біліктілігі төмен магнетитті кептіру және тотықтандыру бойынша аппаратшыларға басшылық жасау.
      131. Білуге тиіс:
      магнетитқа темір тотығын қайта қалпына келтіру технологиялы процесін;
      жуу, кептіру және ферромагнитті ұнтақтарды кептіру және тотықтандыру, қайта қалыпқа келтіретін сутекті пешті герметикалыққа тексеру тәсілдері;
      жуылатын судан ферромагнитті ұнтақтардың сынамаларын алу тәсілдерін;
      ферромагнитті ұнтаққа қойылатын техникалы талаптар.

Параграф 4. Магнетитті кептіру және тотықтыру аппаратшысы, 5-разряд

      132. Жұмыс сипаттамасы:
      қайта қалыпқа келтіретін сутекті пеште темір тотығын қайта қалыпқа келтіру технологиялы процесін жүргізу;
      магнетитті тиеу және түсіруді бақылау;
      темір тотығын қайта қалпына келтіру жылдамдығын, уақытын, қайта қалыпқа келтірілетін сутекті пештің аймақтары бойынша берілген температураны реттеу;
      магнетиттің сапасын көзбен анықтау;
      сынамаларды алу;
      талдау нәтижелері бойынша технологиялы параметрлерді түзету.
      133. Білуге тиіс:
      суспензияны синтездеу кезінде болатын химиялы реакция;
      магнетитта темір тотығын қайта қалпына келтіру технологиялы процесін;
      алынатын шикізатқа, дайын өнімге қойылатын техникалы талаптар;
      сутектің құрамы, зиянды және жарылғыш құралдарды ұстау ережесін.

Параграф 5. Магнетитті кептіру және тотықтыру аппаратшысы, 6-разряд

      134. Жұмыс сипаттамасы:
      қайта қалыпқа келтіргіштің әртүрлі жіберу тәсілімен магнетитта темір тотығын қайта қалпына келтіру технологиялы процесінің барлық кезеңін жүргізу;
      әртүрлі электржинақтаушымен жоғары температуралы пештердің технологиялы режимін реттеу;
      вакуум-транспортердің көмегімен гетитті және магнетитті тиеу және түсіруді орындау;
      шикізаттың сапасын, дисперсностылығын және магнетитті қалыпқа келтіруді көзбен анықтау;
      зертханалық талдаудың мәліметтері бойынша технологиялы режимді түзету;
      біліктілігі төмен магнетитті кептіру және тотықтандыру бойынша аппаратшыларға басшылық жасау;
      дайындық және жөндеу жұмыстарын жасауды ұйымдастыру, шикізаттың, жартылай өнімдердің және дайын өнімнің есебін жүргізу.
      135. Білуге тиіс:
      сутекті өлек беруде және темір тотығының түр өзгертуінде магнетитті темір тотығынан синтездеу;
      магнетитті тотықтыру кезінде магнитті ұнтақты синтездеу;
      жоғары температуралы пешті эксплуатациялау ережесі және тәртібі;
      дезинтеграторлардың, вакуум-насостардың, циклондардың, қондырғылардың, мөлшерлеуші-шнектердің, гидрожапқыштың жұмыс принципін;
      технологиялы регламент, зиян және жарылғыш құралдарды ұстау ережесі.

20. Вагонетші

Параграф 1. Вагонетші, 2-разряд

      136. Жұмыс сипаттамасы:
      шикі фотопластинкалармен сорты, өлшемі, кептіретін вагонеткалардағы эмульсияның нөмірлері бойынша станоктарды түсіру және тиеу;
      станоктардың қатарларымен шикізаттың түйісу салдарларын жою және олардың қозғалыс кезінде жабысуларының себебін анықтау;
      вагонеткалардан алынған құрғақ фотоөнімдермен станоктарды тиеу және оларды құятын машиналарға жіберу;
      құрғақ жарықсезгіш материалдарды жинақтау.
      137. Білуге тиіс:
      қызмет көрсетіліп жатқан участоктың технологиялы сызбасын;
      жарықсезгіш режим;
      қолданылып жатқан жабдықтарды эксплуатациялау ережесі.

Параграф 2. Вагонетші, 3-разряд

      138. Жұмыс сипаттамасы:
      фотопластинкалармен станоктарды вагонеткаларға тиеу және оларды аймақтарға жылжыту;
      алаңға шикі фотопластинкаларды біркелкі жаю, ассортиментке байланысты вагонеткалардың қозғалыс жылдамдығын реттеу;
      неактиничный жарықты ауыстыру;
      вагонеткаларға профилактикалы күтім жасау.
      139. Білуге тиіс:
      шығарылып жатқан жарықтехникалы өнімдердің ассортименті олардың фотографиялы құрамы.

21. Ақуызды қабықшаларды өлшеуші

Параграф 1. Ақуызды қабықшаларды өлшеуші, 3-разряд

      140. Жұмыс сипаттамасы:
      өлшейтін құрылғыда ақуызды қабықшаның берілген ұзындығын өлшеу;
      автоблоктаудың және есептегіштің жұмысын тексеру;
      орайтын тіреуге қабықшамен бобинді іріктеу, орналастыру және орнату;
      өлшеу кезінде қабықшаны ақаулау;
      қабықшаны орау процесін реттеу;
      қабықшаны шоқтарға орау, берілген ұзындықтағы кесінділерге қию, қабықшаларды түсіру және салу;
      қабықшаның шоқтарын таңбалау;
      өлшейтін құрылғының жұмысындағы ақаулықтарды жою;
      өндірісі журналын толтыру.
      141. Білуге тиіс:
      ақуызды қабықшаға қойылатын техникалы талаптар;
      өлшейтін құрылғыны және есептегіштің құрылымы және реттеу тәсілдері.

22. Фильм көшірмелерін жинақтаушы

Параграф 1. Фильм көшірмелерін жинақтаушы, 2-разряд

      142. Жұмыс сипаттамасы:
      қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмесінің роликтарын қалыңдығын субъективті бағалау тәсілін пайдаланып, түрлі-түсті тоның және бейненің контрастылығы, бөліктері және атаулары бойынша жинақтау; фильм көшірмесінің бөліктеріне ілеспе папорттың сәйкестігін тексеру;
      қорғаныс раккордын жапсыру;
      скрепкаларды жою, арнайы жабдықтарда фильм көшірмелерін жапсыру;
      металды қораптарға роликтарды салу және зат таңбаларын дайындау;
      үлкен сыйымдылықтың рулондарына бөлек роликтарды біріктіру;
      дайын роликтарды салу кезінде- ракордтардың барлығын және сапасын тексеру;
      жинақталған фильм көшірмесін тіркеу.
      143. Білуге тиіс:
      пленкамен жұмыс жасау ережесі және фильмкөшрмелерін жапсыру және ракордтарды жапсыру;
      фильмкөшірмелерін түсі және бейненің қанықтығына байланысты жіберілетін ауытқушылықтар, фильм көшірмелерін орау ережесі;
      роликтарды үлкен өлшемдегі рулондарға біріктіру ережесі;
      фильмкөшірмесіне қойылатын техникалы талаптар.

Параграф 2. Фильм көшірмелерін жинақтаушы, 3-разряд

      144. Жұмыс сипаттамасы;
      фильмкөшірмелерін атаулары, қанықтығын субъективті бағалау тәсілін пайдалана отырып форматтары, түсті тонына және бейненің контрастығына байланысты жинақтау;
      тиісті мекен-жай бойынша қажетті фильмкөшірмелерінің санын жинақтау;
      фильм көшірмелерінің бөліктерінің ілеспе зат таңбасына сәйкес келуін тексеру;
      бақылау қызметінің компостерінің және басқада белгілерінің барын тексеру;
      кестеге сәйкес фильмкөшірмесінің күнделікті түсімін тіркеу;
      қабылдау-тапсыру құжаттарын дайындап даяр фильмкөшірмесін тапсыру.
      145. Білуге тиіс:
      фильмдерді жинақтау тәртібін;
      қанықтығының нөмірлері және бақылау сынасының бояуы бойынша фильмкөшірмелерінде біркелкі бөліктерді теру тәсілі;
      даяр фильмкөшірмелерін сақтау шаралары және нормасы;
      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарын пайдалану ережесі.

Параграф 3. Фильм көшірмелерін жинақтаушы, 4-разряд

      146. Жұмыс сипаттамасы:
      фильмкөшірмелерін фильм атаулары, жартылай автоматты денситометрлерде өлшеу мәліметтері бойынша форматтарды жинақтау;
      электронды есептейтін машина мен электронды-есептейтін кешендерден алынған бақылау шкалаларының қанықтығының машинограмдылығын шешу; шешудің мәліметтері бойынша фильмкөшірмелерін іріктеу;
      фонограммалардың қанықтығын өлшеу мәліметтеріне сәйкес фильмкөшірмелерінің бөліктерін іріктеу;
      фестиваль және авторлық ашылуларды өткізуге үшін экспортқа тағайындалған фильмкөшірмесін жинақтау және рәсімдеу.
      147. Білуге тиіс:
      машинограммалардың түрлері және оларды шешуді;
      экспортқа арналған фильмкөшірмелерінің жинағының техникалы құжатнамасына толықтырулар.

23. Контролер-визитажшы

Параграф 1. Контролер-визитажшы, 3-разряд

      148. Жұмыс сипаттамасы:
      магнитті ленталардың массалы сорттары және біруақытта роликтарды және рулондарды монтаждайтын бракеражды-монтажды станокта бариттөсетекті техникалы талаптарға сәйкес визитаждау;
      роликтарды, магнитті ленталардың блоктарын немесе бариттөсетектің рулондарын қабылдау және олардың паспортты мәліметтерімен танысу;
      роликті немесе рулонды визитажды станоктың орайтын дискына орнату, лентаны салу немесе бариттөсетекті бағыттайтын роликтарға және орам тораптарына орнату;
      өнімнің сапасын шағылысқан және өтетін сәуледе қарау тәсілімен бақылау, ақаулы қиықтарды жою;
      ілеспелі құжатнаманы толтыру.
      149. Білуге тиіс:
      магнитті ленталардың және бариттөсетектің физико-химиялы құрамы;
      шығарылатын магнитті ленталарға қойылатын техникалы талаптар;
      айналдырудың регламенттелген жылдамдығы, ақаулардың түрлері;
      жұмыс кеңістігінің гигрометрлі режимі;
      визитажды станоктың құрылымы және жұмыс принципі.

Параграф 2. Контролер-визитажшы, 4-разряд

      150. Жұмыс сипаттамасы:
      арнайы тағайындаулы аз сериалы магнитті ленталарды немесе біруақытта роликтарды және рулондарды монтаждаумен визитажды-метражды жартылай автоматта, баритті төсетектің арнайы сорттарын техникалы талаптарға сәйкес визитаждау;
      визитажды жартылай автоматтың орайтын тораптарына роликті немесе рулондарды орнату;
      лентаны және бариттөсетекті бағыттайтын роликтарға және орам тораптарына салу;
      өнімнің сапасын шағылысқан және өтетін сәуледе қарау тәсілімен бақылау, ақаулы қиықтарды жою;
      физико-механикалы сынақтар үшін сынамаларды алу;
      роликтің метражын, рулонды өлшеу және жалпы метражды есептеу;
      ілеспе құжатнамаларды толтыру;
      біліктілігі төмен контролер-визитажшыларға басшылық жасау.
      151. Білуге тиіс:
      магнитті ленталардың немесе бариттөсемдердің физико-механикалы құрамы;
      өңделіп жатқан магнитті ленталардың электроакустикалы құрамы;
      визитажды-монтажды жартылай автоаттарды жұмыс принципі және құрылымы.

24. Пленканы, ерітінділерді және фильм материалдарын бақылаушы

Параграф 1. Пленканы, ерітінділерді және фильм материалдарын бақылаушы, 2-разряд

      152. Жұмыс сипаттамасы:
      сериялы позитивтің техникалы сапасын тексеру;
      жұмыс ерітінділеріне талдау жасауға қатысу;
      жасақтарды басуға дайындау және ақаулы фонограммаларды және фильмкөшірмелерін түзету;
      сенситограммаларды сенситометрде экспондау;
      оларды денситометрде өлшеу;
      экрандардың жарықтығын және көшірме аппараттарының басатын терезелерін өлшеу.
      153. Білуге тиіс:
      өндіріс технологиясы және пленканы өңдеу бойынша жалпы мәліметтер.

Параграф 2. Пленканы, ерітінділерді және фильм материалдарын бақылаушы, 3-разряд

      154. Жұмыс сипаттамасы:
      фонограммалармен фильм көшірмесінің техникалы, фотографиялы сапасын бақылау;
      дыбысталудың, ілеспеліліктің, фонограммалардың қалыңдығын, түрлі-түсті фильмкөшірмесін рестраврациядан кейін сапасын тексеру;
      дайын өнімнге сенситометрлі бақылау;
      жұмыс ерітінділеріне талдау жұмыстарын жасау.
      155. Білуге тиіс:
      қара-ақ және түрлі-түсті пленкаларды;
      фильмкөшірмелерін өндіру технологиясын және өңдеуді;
      кинофильмдерді демонстрациялау режимін;
      дайын өнімнің стандарттары, техникалы талаптары;
      сенситометрлі сипаттамасы.

Параграф 3. Пленканы, ерітінділерді және фильм материалдарын бақылаушы, 4-разряд

      156. Жұмыс сипаттамасы:
      қара-ақ фильм материалдарын, аралық позитивтарды, контратиптарды, бақылау көшірмелерін, фонограмма негативтерін, гидротип үшін пленкларды, рестраврациядан кейін аралық фильм материалдарының техникалы және фотографиялы сапасын бақылау; экспортқа арналған қара-ақ фильм көшірмесінің техникалы және фотографиялы сапасын бақылау;
      матрицаларды және бланкфильмдерді гидротипті орын ауыстыруға дайындау, осы процесті бақылау;
      кинофильмнің бөлшектерін рестраврациядан кейін монтаждау және экранда тексеру;
      түрлі-түсті және қара-ақ пленканы өңдеу үшін режимді бекіту;
      түсіп жатқан химикаттарға талдау жасау, фиксажды және жуатын суларда күмістің барын анықтау.
      157. Білуге тиіс:
      контратипирлеу технологиясын;
      баспа негіздерін және дыбысты дыбыстауды, өңделіп жатқан ерітінділердің, сенситоөлшеуіштердің рецептурасын;
      химия негіздерін;
      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының құрылымы.

Параграф 4. Пленканы, ерітінділерді және фильм материалдарын бақылаушы, 5-разряд

      158. Жұмыс сипаттамасы:
      түрлі-түсті фильматериалдарының техникалы және фотографиялы сапасын: аралық позитивтерді, контратиптерді, бақылау көшірмелерді, ағымдағы 35-милиметрлі негативті және позитивті; дыбысталудың, ілеспеліліктің, оптикалы қалыңдықты және магнитті фонограммалардың деңгейін;
      экспортқа арналған түрлі-түсті фильмкөшірмесін, кең форматты фильм көшірмесін және 35-миллиметрлі фильмкөшірмесін кинопроекцияның жоғары жылдамдығында бақылау;
      фильм материалдарының сенситометрлі көрсеткіштерін және геометриялы параметрлерін өлшеу;
      фильм материалдарының барлық түрінің техникалы жағдайын қолданылу процессі кезінде немесе реставрациядан кейін бақылау;
      эталонды немесе тәжірибелі фильм көшірмесін қарау және тексеру;
      пленканың техникалы жағдайын немесе перфорацияның сапасын анықтау;
      қорғаныс жиектерін жапсыру;
      ілеспе құжатнаманы толтыру;
      ақаулы орындарын жарамсыз деп тану;
      түзетілген бөліктерден фильмдерді монтаждау және оларды экранда тексеру.
      159. Білуге тиіс:
      алғашқы фильм материалдарын дайындау технологиялы процесі;
      кинопроекция технологиясының және техникасының негіздері;
      киноөндіріс технологиясының негіздері.
      160. Орташа мамандандырылған білім талап етіледі.

Параграф 5. Пленканы, ерітінділерді және фильм материалдарын бақылаушы, 6-разряд

      161. Жұмыс сипаттамасы:
      кинофильм бойынша фильм материалдарының жинағының техникалы және фотографиялы сапасын тексеру: ағымдағы 70-миллиметрлі негативті және позитивті, барлық форматтағы бейнелерді, эталонды көшірмелерді, магнитті фонограммалардың түпнегізін, «шу және әуен» магнитті фонограммаларын, аралық позитивті, контративті және бақылау көшірмесін;
      сенситометрлі бақылау және жинақтың сапасы жайлы қорытынды жасау;
      өткен жылдарда өндірілген кинофильмдердін фильм материалдарын және шет елде өндірілген жинақтарды, реставрациядан кейін техникалы тозған фильмдерді бақылау және апробациялау;
      негативті материалдарға қосымша мөлшерленген жарық түсіруді бақылау;
      пленка өндіретін фабрикалардан түсетін жарықсезгіш материалдардың сапасы жөнінде қорытынды жасау;
      техникалы құжатнама жүргізу.
      162. Білуге тиіс:
      негативті және аралық материалдарды әзірлеу технологиясын;
      фотография негіздерін;
      сенситометрия, фильмдерді көшіру процесін.
      163. Орташа мамандандырылған білім талап етіледі.

25. Жарықсезгіш бұйымдарды бақылаушы

Параграф 1. Жарықсезгіш бұйымдарды бақылаушы, 2-разряд

      164. Жұмыс сипаттамасы:
      бұйымның екіден аспайтын түрлерін немесе киноөнімнің бір түрінің екіден аспайтын сапалы көрсеткішін біруақытта бақылау;
      кинофотоөнімнің бөлек тораптарының сапасын бақылау және оларды журналға тіркеу;
      дайын кинофотоөнімді көзбен бақылау және бөлек тораптарының сапалы көрсеткіштерінің стандарттарға және техникалы талаптарға сәйкес келуін тексеру;
      дайын кинофотоөнімді және кинофотоөнімнің барлық түрлерін біліктілігі жоғары жарықсезгіш бйымдардың бақылаушысының басшылығымен тексеру.
      165. Білуге тиіс:
      кинофотоөнімнің сапасының бөлек параметрлерін;
      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының белгіленуі.

Параграф 2. Жарықсезгіш бұйымдарды бақылаушы, 3-разряд

      166. Жұмыс сипаттамасы:
      киноөндімнің позитивті сортының жартылайфабрикаттарын, желатин және нығайтқыштарды дайындау кезінде ара-арасынан тексеру және кейінгі өндіріске жіберу үшін рұқсатнама беру;
      киноөнім өндіріснің технологиялы процесінің бөлек параметрлерінің сапасын бақылау және оларды журналға тіркеу;
      дайын кинофотоөнімді көзбен бақылау және бөлек тораптарының сапалы көрсеткіштерінің стандарттарға және техникалы талаптарға сәйкес келуін тексеру;
      құралды микроскоптың, калибрлердің және өлшеу құралдарының көмегімен жарықсезгіш бұйымдардың физико-химиялы құрамын және өлшемдерін анықтау;
      біліктілігі жоғары жарықсезгіш бұйымдарды бақылаушының басшылығымен дайын кинофотоөнімді және кинофотоөннімінің барлық түрлерінің жартылай фабрикаттарды тексеру.
      167. Білуге тиіс:
      кинофотоөнім өндіру технологиялы процесінің негізгі сапа параметрлері;
      өндіріліп жатқан кинофотоөнімнің стандарттары және техникалы талаптары;
      титровальды ерітінділерді дайындау ережесі.

Параграф 3. Жарықсезгіш бұйымдарды бақылаушы, 4-разряд

      168. Жұмыс сипаттамасы:
      позитивті сортты дайын кинофотоөнімді, кинофотоөнімнің негативті сорттарының жартылайфабрикаттарын фазалы бақылау және негізді стандарттарға және техникалы талаптарға сәйкестігін тексеру;
      рәсімделген кинофотоөнімді көзбен тексеру және орайтын материалдардың және таңбалаудың сапасын тексеру;
      өңделіп жатқан ассортиментке технологиялы регламенттің және жарықтехникалы режимнің сәйкес келуін бақылау;
      дайын кинөнімнің және жартылай фабрикаттардың сынамаларын алу, оларды физико-механикалы және фотографиялы парамерлерде арнайы жарық беру арқылы және сәйкес режимде химия-фотографиялы өңдеумен сынау;
      үлгілердің параметрлерін өлшеу;
      өңделген үлгіні ақаулыққа көзбен тексеру және киноөнімнің сапасын сонымен бағалау;
      дайын кинофотоөндірісті шығаруға немесе жартылайфабрикаттарды өңдеудің келесі деңгейіне жіберуге рұқсат беру;
      ақауды цехтар бойынша және ақаулар түрлеріне дифференциациялау.
      169. Білуге тиіс:
      бақылап отырған кинофотоөнімнің стандарттары және техникалы талаптары, оны дайындау технологиялы процесі;
      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құралдарының және аппараттарының құрылымы және жұмыс принципі.

Параграф 4. Жарықсезгіш бұйымдарды бақылаушы, 5-разряд

      170. Жұмыс сипаттамасы:
      стандарттарға және технологиялы талаптарға сәйкестігін дайын кинофотоөнімнің негативті сорттарды тексеру;
      оны шығаруға шешімді беру;
      рәсімделген кинофотопродукцияны оралған материалдың сапасын тексерумен және мөрленуін көзбен тексеру, оның физико-механикалы сынақтарын және параметрлерін өлшеуді жүргізу;
      арнайы камералардың немесе кинофотоаппараттардың көмегімен ашық және жабық павильондарда перспективті түсірілімдерді жасау;
      қатаң белгіленген режим бойынша экспонирленген материалдарды химико-фотографиялы өңдеу;
      фотографиялы бейненің және эмульсиялы қабаттың жағдайының сапасын бағалау;
      кинофотоөнімнің кіші партияларыынң сапасы және үлкен партияларды жинақтау жайлы қортындыны дайындау;
      өнімдерге паспорт дайындау;
      қабылдаушы-тұтынушыға киноматериалдардың арнайы түрлерін көрсету;
      киноматериалдарды дайындауды бақылауда жұмыспен шұғылданушы бақылаушылардың жұмыстарын қорытындылау;
      біліктілігі төмен жарықсезгіш бақылаушыларға басшылық жасау.
      171. Білуге тиіс:
      табиғи және павильонды түсірілімдерді әртүрлі жағдайларда бақылау және экспозициясын анықтау тәсілдері;
      дайын кинофотоөнімнің белгіленуі және оны өңдеудің технологиясын.

26. Фильм материалдарын көшіруші

Параграф 1. Фильм материалдарын көшіруші, 3-разряд

      172. Жұмыс сипаттамасы:
      әртүрлі экспозициялы кинокөшіретін аппараттарда қара-ақ фильмкөшірмелерінің контратипінен массалы басылым жасау және қайта жасауларды басу;
      кідіртілген аппаратурада және көшірудің бекітілген режимінде біліктілігі жоғары фильм материадарын көшірушінің басшылығымен 32 жәнне 35-миллиметрлі негативтерге және фильм көшірмелеріне массалы және жеке-дара оптикалы немесе электрлі фонограммаларды көшіру;
      тұрақты басылым режимін таңдау және қолдану;
      басылым терезелерінің жарықтығын бақылау және реттеу;
      басылым процесін, алынатын материалдардың жағдайын және позитивті пленкаларды басылым барысында бақылау және тасымалдайтын құралдардың жағдайын бақылау.
      173. Білуге тиіс:
      қара-ақ кинопленкаларды химия-фотографиялы өңдеу технологиялы процесін;
      дыбысбасу және дыбыстау негіздері;
      басылымға арналған алынатын материалдарды, магнитті ленталармен және фильм көшірмелерін баптау ережесі;
      жұмыс мақсаты және кинокөшіретін аппараттарды эксплуатациялау ережесі.

Параграф 2. Фильм материалдарын көшіруші, 4-разряд

      174. Жұмыс сипаттамасы:
      әртүрлі кинокөшіретін аппараттарда түрлі-түсті фильмкөшірмелерінің контратипінен массалы басылым және экспортқа арналған фильмкөшірмелерін басу;
      ағымдағы 16 және 35-миллимертрлі негативте басу;
      фонормалларды 32 және 35 миллиметрлі негативтерде арнайы аппараттарда оптикалы көшіру;
      паспортты және форфильтрлерді пленканың сыналып жатқан әр білігіне түсті режимді автоматта түрде реттеу;
      басылымның режимін таңдау және дыбыс басатын аппаратураның барлық комплектің икемдеу;
      арнайы аппараттарда магнитті ұзыншалармен фильм көшірмелеріне магнитті фонограммаларды электрлі көшіру, стереофонды, көпұзыншалы магнитті фонограммаларды көшіру.
      175. Білуге тиіс:
      пленканың әртүрлерін өңдеудің химия-фотографиялы процесінің технологиясын;
      кинокөшіру аппараттарының жұмыс принципі және оларды эксплуатациялау ережесі;
      дыбыс басу және дыбыстау процесі;
      көшіретін магнитті және оптикалы фонограммалардың көшіру жинағына кіретін аппаратураның белгіленуі және құрылымы.

Параграф 3. Фильм материалдарын көшіруші, 5-разряд

      176. Жұмыс сипаттамасы:
      қара-ақ және алынатын түрлі-түсті фильм материалдарының негативтарынан, дезанаморфльмді аралық позитивердің контратиптерінен, кең экранды фильмкөшірмелерінен, әртүрлі жүйелі кинокөшіретін аппараттардың кеңформатты материалдарынан басылым жасау;
      фильм көшірмелерін және субтитрлармен контратиптерді, түрлі-түсті аз тиражды және біржолғы фильмкөшірмелерін, ағымдағы 70-миллиметрлі негативті басу;
      бақылай және аттестациялы фильмдерді әзірлеу;
      сынама тәсірілдерді түсіру;
      фонограммаларды қайта басу режимін таңдау және орнату;
      дыбыс басатын аппараттардың жұмысын бақылау. 32 және 35-милиметрлі оптикалы фонограммаларды және 35-миллиметрлі магнитті алынатын студиялы материалдарды басу;
      дыбыс бақылаулары көмегімен және құрылғылар бойынша көшірілген фильмкөшірмелерінің фонограммаларын магнитті түпнұсқамен сапасын салыстыру;
      көшіру кезінде дыбыс бұзылуларының себептерін табу және жою;
      жабдыққа профилактикалы жөндеу жұмыстарын жасауға қатысу.
      177. Білуге тиіс:
      жарық және түсті орнатудың негіздері, пленкалардың фотографиялы және геометриялы сипаттамасы;
      оптикалы және магнитті фонограммаларды жазудың физикалы және технологиялы тәсілдері;
      пленкаларды өңдеудің және дайындаудың және магнитті ұзыншаларды құюдың технологиясын;
      кинокөшіретін аппараттардың әртүрлі модельдерінің принципті сызбалары;
      дыбысбасатын аппараттардың құрылымы және тораптарының жұмыстарын, электротехника негіздерін, көшіру кезінде дыбыстың бұзылуының пайда болу себептерін.

Параграф 4. Фильм материалдарын көшіруші, 6-разряд

      178. Жұмыс сипаттамасы:
      аралық позитивтердің және контратиптерді контактты және оптикалы басу, сонымен қоса әртүрлі конструкциялы оптикалы басылым аппараттарында кең форматты фильмдерден кең экранды және қарапайым варианттарын көшіріп алу;
      негативтерден фильм көшірмелерін массалы көшіру;
      ақырғы және аттестациялы фильмдерді, алғашқы материалдарды субтитрларымен және ілеспелі паспорттарымен басу;
      иммерсиямен кинокөшіретін аппараттарда жұмыс жасау;
      негативті кинопленкаларды қосымша мөлшерлі жарықтандыру бойынша жұмыстарды орындау;
      кинокөшіретін аппараттарды икемдеу және көшіру барысында олардың жұмысын реттеу.
      179. Білуге тиіс:
      кинопленкаларды оптикалы көшіру технологиясын;
      өңдеудің ілеспелілігінің тәсілдерін таңдау;
      басылымның режимін анықтау ережесі;
      әртүрлі жүйелі кинокөшіретін аппараттарды дәлме-дәлдікке тексеру тәсілдері және ережесі.

Параграф 5. Фильм материалдарын көшіруші, 7-разряд

      180. Жұмыс сипаттамасы:
      қара-ақ және түрлі-түсті алғашқы фильм материалдарын, негативтерден аралық позитивтерді және белсенсіз жарықта немесе қараңғыда RYB-кодты түрлі-түсті паспорттарды пайдаланумен контратиптерді аддитивті басылымды кинокөшірім аппараттарында контактті және оптикалы басу;
      күнтұтылуын және жарқырауын, алғашқы материалдарды субтитрлармен басу;
      кинокөшіретін аппараттарды икемдеу және олардың жұмыс істеуін басу және көшіріп алу кезінде дайындау.
      181. Білуге тиіс:
      әртүрлі жүйелі кинокөшіру аппараттарының құрылымы және жұмыс мақсаты;
      жарықберудің негіздері;
      әртүрлі кинопленкаларды өңдеу және басылым процесін;
      сыртқы түріне және таңбасына қарай пленканың түрін анықтау тәсілдері;
      кинокөшіретін аппараттарды дәлме-дәлдікке тексеру тәсілдері және ережелері.
      182. Орташа мамандандырылған білім талап етіледі.

Параграф 6. Фильм материалдарын көшіруші, 8-разряд

      183. Жұмыс сипаттамасы:
      ретрофитті блокпен және электронды жарық клапандарымен жабдықталған аддитивті басатын кинокөшірілім аппараттарында контактты және оптикалы басылым, белсенсіз жарықта және қараңғыда RYB және ZCC – кодты түсті паспорттарды пайдалану арқылы жүзеге асады;
      Dolby Herro жүйесін пайдаланып дыбысты оптикалы басу аппараттарында фонограммалардың негативтерін оптикалы басу.
      184. Білуге тиіс:
      кинокөшіретін аппараттардың және дыбысты оптикалы басу аппараттарының құрылымы және жұмыс принципі;
      жарықберудің негіздері;
      оптикалы және магнитті баспаларды жазу ережелері, әртүрлі кинопленкаларды басу ерекшелігі.
      185. Орташа мамандандырылған білім талап етіледі.

27. Гидротипті өндіріс машинисі

Параграф 1. Гидротипті өндіріс машинисі, 3-разряд

      186. Жұмыс сипаттамасы:
      матрицалардан бланк-фильмдерге бейнелерді ауыстыру бойынша және біліктілігі жоғары гидротипті өндіріс машинисінің басшылығымен гидротипті машинада матрицаларды бояу бойынша бөлек жұмыстарды орындау;
      матрицаларды және бланк-фильмдерді өңдеу бойынша дайындық жұмыстарын орындау;
      полиграфты тәсілмен ракордтарды басу бойынша гидротипті машиналарды баптау.
      187. Білуге тиіс:
      матрицаларды және бланк-фильмдерді өңдеу технологиясын;
      гидротипті машиналардың лента созатын коммуникацияларының сызбасын;
      гидротипті машиналарға пленкаларды салу сызбасын және ілеспелі ракордтардың белгіленуін;
      гидротипті машиналардың тораптарының сипаттамасын және белгіленуін.

Параграф 2. Гидротипті өндіріс машинисі, 4-разряд

      188. Жұмыс сипаттамасы:
      бейнелерді матрицалардан бланк-фильмдерге гидротипті ауыстыру технологиялы процесін және гидротипті машиналарда матрицаларды бояу;
      бояйтын ерітінділердің айналымын, ауыстыру камераларындағы және кептіретін шкафтардағы атмосфераны, бланк-фильмдерді сулау және кептіруді бақылау;
      матрицаларды тазарту және кептіру;
      бояуларды ауыстыру үшін бланк-фильмді матрицаның келесімен бақылау бөліміне жіберу.
      189. Білуге тиіс:
      гидротипті пештің технологиялы процесі;
      гидротипке пайдаланылатын пленкалардың түрлері және құрамдары;
      қара-ақ және түрлі-түсті фотоның негіздері.

Параграф 3. Гидротипті өндіріс машинисі, 5-разряд

      190. Жұмыс сипаттамасы:
      бейнені матрицадан бланк-фильмге гидротипті ауыстыру технологиялы процесін және біліктілігі жоғары гидротипті өндіріс машинисінің басышылығымен гидротипті ағымды желіде матрицаларды орнату;
      бояу ваннасының және гидротипті желілі бояуды ауыстыру камераларының жұмыс режимін және температуралы-ылғалды параметрлерін таңдау;
      матрица жинағының және бланк-фильмнің ілеспелілігін тексеру, гидротипті машинада зарядтау үшін арнайы белгілердің барын тексеру;
      матрицалардың және блак-фильмнің перфорациялау адымын, лента созатын жол бойынша кинопленканың тасымалдануын;
      мөлшерлегіштердің және тамшыұшырғыштардың жұмысын бақылау;
      желіні профилактикалы тексеру;
      матрицаға және бланк-фильмдерге есеп жүргізу;
      технологиялы журналды жүргізу.
      191. Білуге тиіс:
      матрицаларды және бланк-фильмдерді дайындау технологиялы процесін;
      пленканы тасымалдаудың жылдамдығын ілестіру;
      бояуды және бейнені гидротипті ауыстыру режимін;
      бояулардың сипаттамасын, ерітінділердің сипаттамасын, ерітінділердің рецептурасын және оларды дайындауды;
      бланк-фильмге және аралық материалдарға қойылатын талаптар;
      гидротипті ағымдағы желінің құрылымын және коммуникациясының сызбасын;
      кинопленкаға және гидротипті фотоматериалдардың стандарттары және техникалы талаптары.

Параграф 4. Гидротипті өндіріс машинисі, 6-разряд

      192. Жұмыс сипаттамасы:
      бейнені матрицадан бланк-фильмге гидротиті ауыстыру технологиялы процесін жүргізу және басқару пультымен гидротипті ағымдағы желідегі матрицаларды бояу;
      желінің бөлек агрегаттарының жұмыстарының ілеспелілігін жөндеу;
      жұмыс барысында бояйтын ерітінділерді жіберу коммуникациясының жағдайын, пленканың сәйкес келуін және бояудың ауысуын бақылау;
      технологиялы журналды жүргізу.
      193. Білуге тиіс:
      гидротипті желінің тораптарының және негізгі агрегаттардың құрылымын;
      гидротипті желінің басқару пультінің сызбасын;
      берілген басқару бұйрықтарының терминалогиясын;
      дабылқағу және блоктау жүйесін.
      194. Орташа мамандандырылған білім талап етіледі.

28. Қалыптайтын машинаның машинисі

Параграф 1. Қалыптайтын машинаның машинисі, 5-разряд

      195. Жұмыс сипаттамасы:
      қалыптайтын машиналарда әртүрлі диаметрлі ақуыз қабықшасын қалыптау процесін жүргізу;
      коллагенді массаны жіберуді, қалыптайтын қалпақшалардың айналымын, қабықшаның созылу дәрежесін, кептіру желісінде оның өту жылдамдығын, ауаны және басқада параметрлерді салқындату жүйесінің жұмыстарын реттеу;
      бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша қалыптау процесін бақылау және берілген диаметрді, қалыңдықты және қабықшаның қабырғаларының рұқсат етілген біржақтылығын бақылау.
      196. Білуге тиіс:
      коллагенді массаға және ақуызды қабықшаның стандарттары және техникалы талаптары;
      ақуызды қабықшаның ассортименті;
      қалыптайтын машинаның құрылымы және бөлек тораптарының белгіленуі;
      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы, белгіленуі және оларды пайдалану ережесі.

29. «Момент» фотожинағының монтажшысы

Параграф 1. «Момент» фотожинағының монтажшысы, 3-разряд

      197. Жұмыс сипаттамасы:
      фотожинақтың позитивті және негативті катушкаларын монтаждау;
      кесетін станоктарда және агрегаттарда позитивті, негативті және басқада ленталарды және желімді фиксаторлы көрсеткіштерді кесу;
      қажетті жартылайфабрикаттарды дайындау;
      зертханалық талдау үшін сынамаларды іріктеу;
      жинақты толықтай таңбалау.
      198. Білуге тиіс:
      негативті және позитивті фотожинақтардың ленталарының физико-химиялы және механикалы құрамы;
      жартылай фабрикаттарға және дайын фотоөнімнің стандарттары және техникалы талаптары.

Параграф 2. «Момент» фотожинағының монтажшысы, 4-разряд

      199. Жұмыс сипаттамасы:
      «Момент» фотожинағының негативті және позитивті материалдарымен катушкаларды монтаждау;
      жарықсезгіш материалды алдын-ала визитаждау және жинайтын жиектерін мүсіндеп кесу;
      позитивты лентада және төсейтін қағазда кадрлардың кесігін және терезелердің тетігін сәйкестігін тексеріп жарықсезгіш негативті және позитивті ленталарды катушкаға орау;
      төсем қағазбен позитивті фотоқағазды пресс-утюгпен жапсыру;
      айқандайтын паста толтырылған капсулалы позитивті лентаны монтаждау;
      негативті лентаның ракордың позитивті лентаға жапсыру;
      кесу және монтаждау жабдықтарын дайындау;
      біліктілігі төмен «момент» фотожинағының монтаждаушыларын басқару.
      200. Білуге тиіс:
      «Момент» фотожинағының негативті және позитивті материалдарының физико-химиялы және механикалы құрамы;
      жартылай фабрикаттарға және дайын өнімнің стандарттары және техникалы талаптары;
      сынамаларды алу ережесі.

30. Айқындайтын процессорда қызмет көрсету бойынша оператор

Параграф 1. Айқындайтын процессорда қызмет көрсету бойынша оператор, 7-разряд

      201. Жұмыс сипаттамасы:
      белсенсіз жарықта және қараңғыда жағдайында интегрирленген электронды механикалы процессорда ЕСР-2В процесі бойынша импортты түрлі-түсті позитивті кинопленкаларды химико-фотографиялы өңдеу процессін жүргізу;
      процессордың бақылау панелінде кинопленканы айқындаудың режимін таңдау және реттеу;
      процессордың жолы бойынша лентаның жылжу жылдамдығын, бактардағы ерітінді деңгейін, үгітетін механизмнің жұмысын, фонограмманы бөлшектеп өңдейтін блоктардың және химиялы бақылауды тексеру;
      өңдеу процессінде кинопленканың бетінің техникалы жағдайын бақылау;
      тапсырыстарға сәйкес өңделген кинопленкаларды жинақтау;
      ілеспе құжаттарды дайындау.
      202. Білуге тиіс:
      түрлі-түсті және қара-ақ негативті және позитивті кинопленкаларды өңдеудің технологиясын;
      айқындайтын процессордың құрылымын, оның негізгі бөліктерінің және функционалды блоктарының, рэк-лифт жұмысының белгіленуін және жұмысын, өңделетін ерітінділердің құрамын және белгіленуін;
      сенситометрлі мәліметтер бойынша айқындаудың режимдерін реттеу ережесі.
      203. Орташа мамандандырылған білім талап етіледі.

Параграф 2. Айқындайтын процессорда қызмет көрсету бойынша оператор, 8-разряд

      204. Жұмыс сипаттамасы:
      ЕСР-2В процессоры бойынша импортты түрлі-түсті позитивті кинопленкаларды химико-фотографиялы өңдеу және ЕСN-2 процессоры бойынша негативті кинопленкаларды электронды-механикалы процессорларда белсенсіз жарықта және қараңғыда химико-фотографиялы өңдеу процесін жүргізу;
      кинопленкаларды айқындаудың режимдерін таңдау және реттеу;
      процессордың жолы бойынша лентаның жылжу жылдамдығын, бактардағы ерітінді деңгейін, үгітетін механизмнің жұмысын, фонограмманы бөлшектеп өңдейтін блоктардың және химиялы бақылауды тексеру;
      тапсырыстарға сәйкес өңделген кинопленкаларды жинақтау;
      ілеспе құжаттарды дайындау.
      205. Білуге тиіс:
      түрлі-түсті және қара-ақ негативті және позитивті кинопленкаларды өңдеудің технологиясын;
      өңделіп жатқан ерітінділердің құрамы және белгіленуі;
      кинопленканың фотографиялы құрамына өңделіп жатқан ерітіндінің әсер етуі;
      айқындаудың режимін реттеу ережесі және өңделген пленкаға қойылатын талаптар мен стандарттар.
      206. Орташа мамандандырылған білім талап етіледі.

31. Кинофотоматериалдарды дайындаушы

Параграф 1. Кинофотоматериалдарды дайындаушы, 2-разряд

      207. Жұмыс сипаттамасы:
      ыстық престеу тәсілімен арнайы пресс-станоктарда коррекс ленталарын дайындау;
      өлшемі бойынша кіші және орташа форматты фотошыныны пішу;
      фотохроматикалы фотопластинкаларды және жарықфильтрларды арнайы жартылай автоматты станоктарда кесу;
      эталонға сәйкес қолдан басылған қара-ақ және түрлі-түсті диапозитивті фильмдерді экземплярларға кесу;
      біліктілігі жоғары кинофотоматериалдарды өңдеушінің басшылығымен компостерда реттелетін жиектердің роликтарын тесу операциясын орындау;
      жартылайавтоматтарда кинофотопленкалардың бөлек қиықтарын жапсыру, пленканың роликтарына зарядтайтын ракордтарды жапсыру;
      кинофотоматериалдарды қолдан немесе қарапайым механизмдердің көмегімен орау.
      208. Білуге тиіс:
      диапозитивті фильмдерді кесу технологиясын;
      кинофотопленкаларды және фотоқағаздарды перфорациялау;
      кинофотопленкаларды жапсыру ережесін және фильмкөшірмелерін басу технологиясын;
      кинофотопленкалардың физико-химиялы құрамы және ассортименті;
      жартылай автоматтардың тораптарының арақатынастарын;
      жұмыс бөлмесінің жарықтехникалы режимін;
      кинофотоматериалдарды орау тәсілдері және оларға қойылатын талаптар.

Параграф 2. Кинофотоматериалдарды дайындаушы, 3-разряд

      209. Жұмыс сипаттамасы:
      фотошыныны ірігабаритті өлшемдерге пішу, арнайы жартылай автоматты станоктарда изохроматикалы және ерекше ассортименттерді кесу;
      диафильмдерді машинада кесу;
      позитивті кинофотопленкаларды және фотоқағаздарды, кинонегативті және арнайы пленкаларды перфорациялы машиналарда перфорациялау технологиялы процесін жүргізу;
      арнайы массалы станоктарда кинофотопленка, фотоқағаз, қабаттандырылған фотошыны және жарық фильтрларың сорттарын жарамсыз деп тану;
      арнайы футажды машиналарда жарықсезгіш кинофотопленкалардың роликті перфорациялау жиектері бойынша футтардың тізбе бойынша нөмірлерін жарық арқылы таңбалау процессін жүргізу;
      арнайы жартылай автоматтарда кинофотопленкаларды ролик-бобинкларға бобиндау;
      кинофотопленканың бөлек қиықтарын жапсыру немесе кинофотопленкаларды өндіру барысында жапсыратын жартылай автоматтарда қорғаныс ракордының арнайы пленкаларының роликтарының шетіне жапсыру;
      кинофотоматериалдарды автоматтарда орау.
      210. Білуге тиіс:
      кинофотоматериалдарды өңдеу технологиялы процесін;
      кесу, перфорирлеу, фуртаждау, бобиндау, жапсыру, визитаждау, кинофотоматериалдардың ассортименті және физико-химиялы құрамы;
      қызмет көрсетіліп жатқан машиналардың, станоктардың құрылымы және жұмыс принципі және оларды реттеудің ережесі.

Параграф 3. Кинофотоматериалдарды дайындаушы, 4-разряд

      211. Жұмыс сипаттамасы:
      бойлық-ленталы, көлдеңен-кесетін машиналарда позитивті және негативті түрлі-түсті кинофотопленкаларды, түрлі-түсті қағаздарды жолақтарға және форматтарға пішу;
      кесу және жарық арқылы таңбалау қосалқы операцияларын орындау барысында электронды құрылғылы машиналарда рулондарды кесу;
      арнайы негативті авиапленкаларды перфорарлау, арнайы станоктарда фотоқағаздарды перфорарлау және кесу процесін жүргізу;
      кинофотопленканың арнайы сорттарын, техникалы пленкаларды, фотопластинкларды, ядерлы зерттеу үшін материалдарды, арнайы және техникалы фотоқағаздарды станоктарда және бақылау құрылғыларында жарамсыз деп тану;
      фотопленкаларды ролик-бобиндарда бобиндау, оларды кассеталарға, арнайы автоматтардағы пеналдарға салу;
      рационалды пішуді және дайын өнімнің шығуын жоспарлау;
      автоблоктауды және автоматиканы тексеру;
      перфорациялы станоктарға кинонегативтердің ролик-катушкасын және арнайы пленкаларды салу;
      сынамаларды алу;
      шыныны тегістікке, кесетін машинаны, бракеражды-метражды станокты немесе жартылай автоматты;
      форматты өнімдерге арналған визитажды үстелдерді, пленкалардың шеттерін кесуге арналған автоматтарды тексеру кезінде теледидарлы бақылау құрылғыларын баптау;
      есептеуіш бойынша роликтың белгіленген метраждарға кинопленка, арнайы пленкалар, фотопленкалар, фотоқағаздар рулондарын бөлу;
      жарамсыз бөлшектерді бақылау және кесу;
      роликтарды, дайын қаңылтырларды, жарамды фотоөнімдерді есепке алу және қаңылтырларды қағазбен қаптау;
      шынының параметрлерін және майысу көрсеткіштерінің геометрикалы параметрлерін анықтау;
      ақау және бұзылулардың, көбік қалыптасуын, жиектердің ақаулары барлығын тексеру;
      жарамсыз деп танылған шыныларды класстарға және ақаулар түріне бөлу;
      өнімдерді өңдеудің келесі сатысына жіберу;
      қалдықтарды тапсыру;
      роликтарды визитаждау, пленканың әр ролигінің симметриясын өлшеу.
      212. Білуге тиіс:
      жарықтехникалы бұйымдарды өңдеу технологиясы және олардың физико-химиялы құрамдары;
      қызмет көрсетіліп жатқан тораптардың және жабдықтардың өзара әрекеттесуі;
      жұмыс орнындағы жарықтехникалы режим.

Параграф 4. Кинофотоматериалдарды дайындаушы, 5-разряд

      213. Жұмыс сипаттамасы:
      кино және арнайы пленкалардың негативті сорттарын жалақтарға және форматтарға электронды жабдықты машиналарда кесу процесін жүргізу;
      техникалы пленкаларды құрғақ пленкалы фоторезис, антифрикциялы төсемдерді және басқада материалдарды механикалы жұмыс істейтін машиналарда кесу;
      бақылау сынамаларын тексеру;
      фотопленкаларды ролик-бобиндарға бобиндау, оларды бағдарламалы басқарылатын автоматтарда кассеталарға, пеналдарға салу;
      жергілікті басқару пультімен орау торабына рулонды жеткізу;
      өңделіп жатқан кинофотопленканың құжатнамасымен танысу және оның өңдеу және жинақтау тәсілдерін бекіту;
      кинофотопленканың үлгілерін қарау және біліктілігі төмен кинофотоматериалдарды өңдеушілерді нұсқаулау;
      жартылай жүргізулі микроэлектроникаға арналған жоғары рұқсат етілетін фотопластиналарды жарамсыз деп тану;
      түсіп тұрған және өтпелі жарықта фотопластиналардың ақаулықтарын табу;
      бөлменің температуралы, гигрометрлі және жарықтехникалы режимді реттеу;
      кесетін машинада жарамдылық бағасын және белгіленуді талап ететін кинофотопленканың білігін визитаждау;
      оларды орнатуға рұқсат беру;
      бобиндау автоматына пленканы салу;
      қол режимінде автоматты қосу және оның жұмысын автоматты режимде тексеру;
      кассеталарды автомат ұяларына салу, пленка салынған кассеталарды пеналдарға түсіру;
      пленканы созу, катушкаларды алып беру, қысылған ауаның қысымын бақылау;
      жарық таблонын жұмысын дыбыстық және жарық дабыл арқылы жарамсыз деп тану.
      214. Білуге тиіс:
      кинофотоматериалдарды және техникалы пленкаларды өңдеудің технологиялы процесі;
      жарық сезгіш бұйымдардың физико-химиялы құрамы және өңдеу технологиясы;
      жабдықтардың, бақылау-өлшеу құралдарының және өңдеуді автоматтандыру процесіне арналған жабдықтарының құрылымы;
      кинематикалы сызбасы, кинофотоматериалдардың стандарты және техникалы талаптар.

Параграф 5. Кинофотоматериалдарды дайындаушы, 6-разряд

      215. Жұмыс сипаттамасы:
      негативті, кино және арнайы пленканың және фотоқағаздарды иондалған және радиоактивті бейтараптандырғыштармен кесетін машиналарда жолақтарға және форматтарға кесу;
      автоматтандырылған кесетін машиналарда техникалы пленкаларды жолақтарға кесу;
      өңделіп жатқан өнімнің ассортиментіне байланысты жұмыс бөлмесінде температуралы, гигрометрлі және жарықтехникалы режимін сақталуын бақылау;
      электронды және басқада бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша технологиялы процесінің параметрлерін реттеу;
      біліктілігі төмен кинофотоматериалдарды өңдеушілердің жұмысын басқару;
      жабдықтарды жөндеу жұмыстарына дайындауға қатысу және оны жөндеу жұмыстарынан қабылдау;
      орнатылған өндіріс құжатнамасын жүргізу.
      216. Білуге тиіс:
      кинофотоматериалдардың өңдеу технологиялы процесі;
      қолданылып жатқан жабдықтарды және оған енетін барлық механизмдердің құрылымы;
      құрылым ерекшеліктері және эксплуатациялау ережесі;
      қолданылып жатқан электронды және басқада бақылау-өлшеу құралдарын;
      ионизаторларды, бейтаратауыштарды және басқада автоматтандырылған құрылғылардың құрылымы және жұмыс принципі.
      217. Орташа мамандандырылған білім талап етіледі.

32. Магнитті ленталарды перфораторлаушы

Параграф 1. Магнитті ленталарды перфораторлаушы, 2-разряд

      218. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары магнитті ленталарды перфораторлаушының басшылығымен арнайы машиналарда магнитті ленталарды перфорлау технологиялы процесінің бөлек операцияларын орындау;
      компостерда роликтардың реттеуші жиектердін тесу;
      ролик-катушкаларды перфорациялы машиналарға тасымалдау және оларды магнитті ленталарды келесі өңдеу сатысына жіберу;
      перфорациялы машиналарды жинақтарын перфорациялы кесілулерден мерзімді тазарту;
      қалдықтарды жинау және тиеу;
      перфорациялы машиналардың жұмыстарын бақылау және олардан перфорланған роликтарды түсіру.
      219. Білуге тиіс:
      ленталарды перфорлау процесі;
      магнитті ленталардың ассортименті және олардың құрамы.

Параграф 2. Магнитті ленталарды перфораторлаушы, 3-разряд

      220. Жұмыс сипаттамасы:
      перфорлау машиналарында магнитті ленталарды перфорлау технологиялы процесін жүргізу;
      перфорациялы машиналарды және автоматика құралдарын тексеру;
      магнитті лентаның ролик-катушкасын орайтын тораптарға тиеу және білекшелер жүйесі және тескіш механизм арқылы перфорлаушы лентаны орайтын тораптарға орау;
      тесетін құралдың жұмысын және перфорлаушы лентаның созылуын бақылау;
      перфорация симметрияларын реттеу;
      перфорлаудың сапасын көзбен бақылау және зертханалық талдау үшін сынамаларды алу;
      перфорланған ролик-катушканы алу және қорапқа салу;
      қосалқы заттаңбаны және өндіріс журналын толтыру;
      біліктілігі жоғары магнитті ленталарды перфораторлаушыларды басқару;
      перфораторлаушы машиналардың жұмысындағы ақаулықтарды жою.
      221. Білуге тиіс:
      перфорлаушы ленталардың ассортиментінің перфорфизико-химиялы құрамы;
      перфорлаушы машиналардың құрылымы және жұмыс принципі;
      жұмыс бөлмесіндегі гигрометрлі және жарықтехникалы режим.

33. Бастапқы материалдарды дайындаушы

Параграф 1. Бастапқы материалдарды дайындаушы, 1-разряд

      222. Жұмыс сипаттамасы:
      қара-ақ кинопленкалардың бөлек қиықтарын, әртүрлі жүйелі арнайы жапсыратын жартылай автоматтарда белсенсіз жарық жағдайында жапсыру;
      жапсырудың сапасын тексеру;
      кинопленканы орау, ілеспе құжатнаманы және өндіріс журналын тексеру;
      орайтын-жапсыратын механизмді мерзімді қарау және тазарту.
      223. Білуге тиіс:
      кинопленкалардың сорты және оларды баптаудың ережесі;
      кинопленканың әртүрлі негіздеріне қолданылатын желімнің құрамы.

Параграф 2. Бастапқы материалдарды дайындаушы, 2-разряд

      224. Жұмыс сипаттамасы:
      баспаға контратиптерді, фонограммаларды, ағымдағы негативті дайындау және рәсімдеу;
      ракордтардың, стартовкалардың, дабыл белгілерінің дұрыс рәсімделуін тексеру;
      зарядты ракордтарды баспа үшін дайындау;
      әртүрлі жүйелі жартылайавтоматтарда түрлі-түсті және панхроматикалы кинопленкалардың бөлек қиықтарын жапсыру, жапсырудың сапасын тексеру;
      роликтарды басу үшін кинопленкаларды айналдыру және сорттары бойынша дайындау;
      түсетін шикі кинопленкаларды сорты, эмульсия нөмірлері және біліктері бойынша сорттау және іріктеу;
      кинопленкаларды кассеталарға салу;
      бастапқы материалдарды баспадан кейін жинақтап қоймаға тапсыру;
      бастапқы материалдарды тапсыруға белгіленген өндіріс құжатнамасын белгілеу.
      225. Білуге тиіс:
      фильмкөшірмелерін өңдеу технологиясын;
      баспа үшін фильм материалдарын рәсімдеу ережесі;
      механикалы орайтын құрылғылардың құрылымы және эксплуатациялау ережесі;
      жұмыс орнындағы жарықтехникалы режим;
      жапсыратын жартылайавтоматтардың құрылымы және реттеу тәсілдері.

Параграф 3. Бастапқы материалдарды дайындаушы, 3-разряд

      226. Жұмыс сипаттамасы:
      бастапқы материалдарды баспаға дайындау және рәсімдеу (контратип, аралық позитив, фонограмма), позитивті пленканы ағымдағы негативті басуға дайындау;
      жинақтап тапсыру және баспа барысында және одан кейін бастапқы материалдың техникалы жағдайын бақылау;
      қайтадан басудан кейін магнитті фонограммаларды рәсімдеу және бастапқы магнитті фонограммалардың техникалы жағдайын тексеру;
      16 және 35 миллиметрлі бастапқы материалдарды үлкен сыйымдылықты рулондарға қосу;
      баспаға ілеспе құжаттарды рәсімдеу;
      бақылау процесінде анықталған ұсақ ақаулықтарды түзету (жыртылған перфорацияларды және жапсырмаларды жапсыру, тозған ракордтарды ауыстыру);
      аралық позитивтердің старовкасы, контратиптердің және фонограммаларды рәсімдеу;
      ағымдағы негативті жапсыру және түсті-жарық паспорттың ауысуына дабыл белгілерін қою.
      227. Білуге тиіс:
      фильмкөшірмесін өңдеу технологиясын және ағымдағы негативті басу;
      бастапқы материалдардың ассортименті және олардың белгіленуі;
      стартовканы жағу ережесі;
      ілеспелі үстелдердің және жапсыратын жартылайавтоматтардың құрылымы;
      көшіретін және дыбысбасатын аппараттардың және қолданылатын бақылау-өлшеу құралдарының жұмыс принципі.

Параграф 4. Бастапқы материалдарды дайындаушы, 4-разряд

      228. Жұмыс сипаттамасы:
      жөнделген негативті баспаға дайындау және рәсімдеу;
      жинақтап тапсыру және баспа барысында және одан кейін бастапқы материалдың техникалы жағдайын бақылау;
      жарық паспорттарын тесу және оның жазба паспортына сәйкестігін тексеру;
      бастапқы материалдарға ракордтарды рәсімдеу;
      32-миллиметрлі контратиптерді рәсімдеу, біріктіру және стартовкалау;
      фонограммалардың қайта басуын 32-миллиметрлі негативтерге біріктіру және 70-миллиметрлі фильмкөшірмелерін үлкен сыйымдылық рулонына біріктіру;
      қалыңдығын, кадрлардың орналасуын және пленканың толтыруын өлшеу;
      қосымша басуды іріктеу және монтаждау;
      35-миллиметрлі фонограммалардың қайта басудың негативіне ракордтардың ілспелілігін орнату және жапсыру;
      жапсырудың сапасын бақылау.
      229. Білуге тиіс:
      кең экранды және кең форматты фильмкөшірмелерін дайындау технологиясын;
      негативті және позитивті материалдарды баспаға рәсімдеу ережесі.

Параграф 5. Бастапқы материалдарды дайындаушы, 5-разряд

      230. Жұмыс сипаттамасы:
      бастапқы материалдардың жинағын басу кезінде жөнделген негативтерді баспаға дайындау;
      35 және 70-миллиметрлі фильмкөішрмесін және бастапқы материалдарды субтитрленген баспа үшін позитивті пленканы дайындау және рәсімдеу;
      ілеспелілікті бекіту және фонограммаларды қайта басу негативіне стандартты ракордтарды жапсыру;
      фонограммалардағы ілеспеуді жою;
      тетіксіз негатив басу үшін ілеспелі паспорттарды дайындау.
      231. Білуге тиіс:
      кинофильмдерді өңдеу технологиясының негізін;
      субтитрларды позитивті көшірмелерге және контратиптерге басу технологиясын;
      ілестіргіштердің құрылымы және оларды пайдалану ережесі.

34. Химия-фотографиялы өндірістегі құюшы

Параграф 1. Химия-фотографиялы өндірістегі құюшы, 2-разряд

      232. Жұмыс сипаттамасы:
      кинотүсіретін жарықфильтрларды дайындау бойынша дайындау операцияларын орындау: жуу, сүрту және өлшемі, қалыңдығы және жуан ақаулары бойынша жарықфильтрларды құю үшін шыныларды жарамсыз деп тану;
      жапсырылған және кептірілген жарықфильтрларды өңдеу: органикалы еріткіштердің көмегімен жарықфильтрларды бальзамның ағуынан тазарту, тазартылған жарықфильтрларды жуу, жиектеу станоктарында периметрі бойынша жиектейтін қағаздарды жолақтарға жиектеу және сүрту;
      жиектелген жарықфильтрларды жуу және сүрту;
      дайын өнімді орау және таңбалау;
      қағазбен рамкаларды оған аэрографиялы тәсілдермен бояудың ерітінділерін жағу үшін бейтарап-сұр шкалаларды дайындау.
      233. Білуге тиіс:
      түсірілім жарықфильтрлардың шыны әзірлемелерін жуу және тазарту бойынша жұмыстарды орындау;
      дайын өнімді өңдеу, орау және таңбалау ережесін;
      электрожылытқыш құралдармен жұмыс жасау ережесі;
      бейтарап-сұр шкалаларды өндіруде қағазды дайындау тәсілдері;
      органикалы еріткіштердің құрамы.

Параграф 2. Химия-фотографиялы өндірістегі құюшы, 3-разряд

      234. Жұмыс сипаттамасы:
      толассыз жұмыс жасайтын біркюветті құятын машиналарда фотоматериалдардың әртүрлеріне лак ерітінділерін құю технологиялы процесін жүргізу;
      кинофотопленкаларды өндіруде қолданылатын жарықфильтрлардың ассортиментін дайындау;
      біркюветті құятын машинаға лакты тиеуді реттеу, оған фотоматериалды салу және құю процессін бақылау;
      қызмет көрсетіп жатқан құятын машинаға жіберу және оған бір-бірлеп қабатталған фотошыныны салу;
      ерітіндіні құятын мөлшерлейтін құрылғыға тиеу және оны фотошыныға жағу процесін бақылау;
      жарықфильтрларды алдын-ала кептіру;
      дайын өнімді машинадан түсіру.
      235. Білуге тиіс:
      қызмет көрсетіліп жатқан құятын машиналарың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы және жұмыс принципі;
      фотоматериалдардың физико-химиялы құрамы;
      жарықфильтрларды құю және кептіру технологиялы процесі;
      жарықфильтрлардың стандарттары және техникалы талаптары.

Параграф 3. Химия-фотографиялы өндірістегі құюшы, 4-разряд

      236. Жұмыс сипаттамасы:
      толассыз жұмыс жасайтын көпкюветті құятын машиналада фотоматериалдардың әртүрлеріне лак ерітінділерін құю технологиялы процесін жүргізу;
      16 және 35-миллиметрлі фильмкөшірмелеріне ферромагнитті жолдарға және көпкюветті құятын машиналарға өңделмеген пленкаларды құю;
      біртекті түсіретін жарықфильтрларды ашық тәсілмен құю;
      түзететін, коррекциялы және зертханалық жарықфильтрларды құю;
      фотоматериалдарды құю және кептірудің оңтайлы режимдерін таңдау;
      құюдың жылдамдығына байланысты кюветтерге лакты ерітінділердің түсуін реттеу;
      құю процессінде магнитті жолдардың құйылу қалыңдықтарын және берілген параметрлерді бақылау;
      фотошыныға және фотоқағазға бояулардың ерітінділерін бояушашқыштардың көмегімен жағу және оларды кептіру;
      эталонды үлгілер бойынша бейтарап-сұр шкалаларды дайындау;
      орайтын жарықфильтрларды жапсыру;
      түрлі-түсті денситометрде, спектродензографта, спектофотометрде жарықфильтрларды жапсыру;
      жарықфильтрларды белсенділікке тексеру.
      237. Білуге тиіс:
      құятын машиналардың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы және жұмыс принципі;
      фильмкөшірмесін дайындау технологиялы процесін;
      жарықфильтрларды құюға арналған қорлы сулы және жеатинді бояулардың ерітінділерін дайындаудың технологиясын және рецептурасын;
      бейтарап сұр-шкалаларды дайындауда жұмыс технологиясын және ережесін;
      жарықтехника негіздерін;
      өңделіп жатқан өнімнің стандарттарын және техникалы талаптарын.

Параграф 4. Химия-фотографиялы өндірістегі құюшы, 5-разряд

      238. Жұмыс сипаттамасы:
      магнитті жолдарды фильмкөшірмелерінде құю және арнайы машиналарда, кинотүсіретін және көлеңкеленген жарықфильтрларында өңделмеген пленканы құю технологиялы процесін;
      бақылау-өлшеу құрылғыларының және эталонның көмегімен құюдың берілген қалыңдығын бекіту және реттеу;
      талап етілетін режимдерді таңдау және орнату;
      берілген спектрофтометрлі сипаттама бойынша көлеңкеленген түсіретін жарықфильтрларды құюға арналған рецептураны жасау және сулы және желатинді бояулардың ерітінділерін дайындау;
      күрделі жарықфильтрларды мәжбүрлеп құю тәсілімен, желатинді боялған пленкаларды (фолия) дайындау: бейтарап-сұр және түрлі-түсті;
      желатинді илеу тәсілімен жұмсартатын диффузиялы фильтрларды дайындау.
      239. Білуге тиіс:
      пленканы, көлеңкелі және күрделі жарықфильтрларды дайындау технологиясын және өңдеу;
      қолданылатын ерітінділер және олардың пленкаға әсер етуі;
      хромирленген желатинмен жұмыс істеу технологиясы;
      электротехника негіздері;
      қолданылып жатқан материалдарға және дайын өнімге қойылатын техникалы талаптар және стандарттары.

Параграф 5. Химия-фотографиялы өндірістегі құюшы, 6-разряд

      240. Жұмыс сипаттамасы:
      кинотүсірілім және басқада жарықфильтрларды құю технологиялы процесін жүргізу;
      кинооператормен өңделген эскиздер бойынша күрделі түсірілім жарықфильтрлеріне есеп жүргізу және дайындау;
      анилинді бояуларға спектрофотометрикалы және физикалы сынақ жүргізу және сынақ журналын жүргізу;
      жарықфильтрлардың рецептурасын басқа партиялардың бояуларынының өзгеруімен және басқа спектрофотометрикалы сипаттамаға байланысты түзету;
      спектродензографтың шағылысқан жарығында, әмбебап фотометрде және фотоэлектрикалы спектрофотометре өлшемдерді алу;
      жарықфотометрлерге, жаңа рецептураларды бөлшектеу және жарықфильтрлардың түрлеріне сынама құюларды жүргізу;
      аэрографты тәсілмен диффузиялы жарықфильтрларды, түрлі-түсті бақылау шкалаларын, кинофотоматериалдардың сапасын анықтау бағдарламасын және түсіретін аппаратураның, оптиканың және ғылыми-зерттеу зертханаларының жұмыстарын сапасын анықтайтын бағдарламаларды әзірлеу;
      шақырайған және өтпелі жарықта жұмыс істеу үшін кинотүсіретін оптиканың және басқа ғылыми-зерттеу аппаратурасының сапасын анықтауда зерттеу радиалды және анаморфотты мирларды дайындау;
      интерфереционды жарықфильтрларын іріктеу және жапсыру.
      241. Білуге тиіс:
      түрлі-түсті киноматериалдарды өңдеу және түсіру технологиясын;
      кинофототүсірілім және басқада жарықфильтрларының түрлі түрлерін дайындау;
      кинофотоматериалжүргізу, оптика, фотохимия және түстанудың негіздерін;
      зертханалы жұмыстардың техникасын, кинотүсіру техникасын.
      242. Орташа мамандандырылған білім талап етіледі.

35. Кинопленкаларды айқындаушы

Параграф 1. Кинопленкаларды айқындаушы, 2-разряд

      243. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары кинопленканы айқындаушының басшылығымен айқындайтын машинаның жарық жағында экспонирланған қара-ақ позитивті химия-фотографиялы өңдеу процесін жүргізу;
      қара-ақ позитивті айқындайтын машинаның жарық жағында айқындау бойынша бөлек операцияларды орындау, машинадан айқындалған қара-ақ позитивті түсіру;
      бөліктерді немесе бөлек роликтарды айналдыру, ілеспе құжатнаманы толтыру және қорапқа салу;
      позитивтарды келесі операцияға жіберу;
      кептіретін айқындайтын машинаның кептіретін шкафында кептіру режимін бақылау.
      244. Білуге тиіс:
      жуу режимдері және айқындау кезінде пленканы кептіру;
      маңызды бөлшектердің белгіленуі және қызмет көрсетіліп жатқан айқындауыш машинаның жұмыс принципі;
      қара-ақ кинопленкаларды фотграфиялы өңдеудің негіздері.

Параграф 2. Кинопленкаларды айқындаушы, 3-разряд

      245. Жұмыс сипаттамасы:
      фильмкөшірмелерін және фонограммаларды, бланк-фильмдерді, матричті, дубль-позитивті және басқада кинопленкаларды айқындайтын машинаның жарық жағында химия-фотографиялы өңдеу процесін жүргізу;
      өңдеу кезінде кинопленканың үстіңгі жағының техникалы жағдайын, температурасын, айналымын және өңделіп жатқан ерітінділердің деңгейін бақылау;
      айқындайтын машинаның жіберуге дайындау, пленка салу;
      айқындау, белгілеп алу, ағарту, жуу және кинопленканы кептіруді бақылау;
      мөлшерлейтін құрылғылардың жұмысын бақылау;
      ілеспе құжатнаманы толтыру, ілеспе құжатнамаға сәйкес кинопленканың классификациясын толтыру;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықты профилактикалы баптау.
      246. Білуге тиіс:
      қара-ақ және түрлі-түсті фильмкөшірмелерін көпқабатты пленкаларда және фильмкөшірмелерінде өңдеу технологиясын;
      гидротипия тәсілімен алу, айқындайтын машинаның әртүрлі түрлерінің құрылымы және жұмыс принципі;
      мөлшерлейтін құрылғылардың жұмыс принципі;
      фонограммаларды қайта айқындау приставкасының құрылымы.

Параграф 3. Кинопленкаларды айқындаушы, 4-разряд

      247. Жұмыс сипаттамасы:
      белсенсіз жарық жағдайында әртүрлі жүйелі айқындайтын машиналардың қараңғы бөлігінде белгіленген режим бойынша фильмкөшірмелерін, фонограмма негативтерін химия-фотографиялы өңдеу процесін жүргізу;
      айқындайтын машинаның лента созғыш трактың бәсеңдету;
      жарықты орнату үшін эталонды нормаланған сынамаларды өңдеу.
      248. Білуге тиіс:
      қара-ақ және түрлі-түсті кинопленкаларды өңдеуде өңделіп жатқан ерітінділердің құрамы;
      өңделіп жатқан ерітінділердің кинопленканың фотографиялы құрамына тиер әсері.

Параграф 4. Кинопленкаларды айқындаушы, 5-разряд

      249. Жұмыс сипаттамасы:
      қара-ақ аралық позитивтердің, контратиптердің, бақылау көшірмелерінің, фонограммалардың оптикалы негативтерінің, фильмкөшірмелерін айқындайтын машиналарда белсенсіз жарық немесе қараңғыда химия-фотографиялы өңдеу процесін жүргізу;
      бақылау сенситограммалардың және сынамалардың көмегімен өңдеу процесін бақылау;
      мөлшерлеуіштардің, психрометрлердің, тамшыүрлегіштердің, ерітінділерді тоққа қарсы тұруын, айналым жүйесін және айқындайтын машинаның турбуленциясын бақылау.
      250. Білуге тиіс:
      мөлшерлейтің құрылғыларда, айқындайтын машинаның кептіретін шкафтарында және ерітінділерде температуралы режимді реттеу автоматты жүйесінің құрылымын;
      коммуникация сызбасын;
      кинопленкаларды айқындайтын машиналардың әртүрлі конструкцияларына тасымалдаудың негізгі тәсілдері.

Параграф 5. Кинопленкаларды айқындаушы, 6-разряд

      251. Жұмыс сипаттамасы:
      аралық түрлі-түсті позитивтерді, контратиптерді, бақылау және аттестациялы фильмдерді, негативтерді айқындайтын машиналарда белсенсіз жарықта немесе толықтай қараңғыда химия-фотографиялы өңдеу процесін жүргізу;
      фильм материалдарының барлық түрін таңдау және реттеу.
      252. Білуге тиіс:
      кең экранды, кең форматты және басқада фильм көшірмелерін өңдеу технологиясын;
      сенситометрлі мәліметтер бойынша айқындаудың режимін реттеу ережесі;
      жарықты орнатудың негізгі тәсілдері;
      фильм материалдарын реставрациялау тәсілдері;
      өңделіп жатқан компоненттердің құрамы және белгіленуі;
      айқындайтын машиналардың әртүрлі жүйесінің құрылымын.
      253. Орташа мамандандырылған білім талап етіледі.

36. Магнитті ленталарды кесуші

Параграф 1. Магнитті ленталарды кесуші, 2-разряд

      254. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары магнитті ленталарды кесушінің басшылығымен бойлық-кесетін машиналарда магнитті ленталарды кесу бойынша бөлек операцияларды орындау;
      бойлық кесетін машиналарға рулондарды тасымалдау;
      орайтын тораптарға магнитті лентаның рулонын орнату;
      орайтын валдарға катушкаларды салу;
      арнайы металды науаға және торлардан магнитті ленталармен катушкаларды түсіру және алу;
      келесі операцияларға магнитті ленталарды тасымалдау.
      255. Білуге тиіс:
      өңделіп жатқан магнитті ленталардың физико-химиялы құрамы;
      магнитті ленталарды кесу бойынша бөлек операцияларды орындау;
      кесетін машиналардың негізгі тораптарының әрекет ету талаптары.

Параграф 2. Магнитті ленталарды кесуші, 4-разряд

      256. Жұмыс сипаттамасы:
      әртүрлі конструкциялы кесетін машиналарда магнитті және жапсыратын ленталарды белгіленген өлшемдегі жолақтарға кесу;
      магнитті ленталардың рулонын орайтын тораптарға орнату және орайтын жиектерді кесетін және қабылдау-орау механизмдеріне жіберу;
      ракордтарды жапсыру;
      кесетін машиналарды қосу;
      автоблоктауды және автоматиканы тексеру;
      кесу режимін басқару пультімен реттеу;
      кесілген ленталардың сапасын тексеру;
      кесілген ленталардың сапасын тексеру;
      ақаулы орындарын жою немесе таңбалау;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың жұмысындағы ұсақ ақаулықтарды жою;
      ілеспе құжатнаманы толтыру;
      біліктілігі төмен магнитті ленталарды кесушілерді басқару.
      257. Білуге тиіс:
      магнитті ленталардың физико-механикалы құрамы және өңдеу технологиясын;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтың, қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы және жұмыс принципі;
      бөлменің термогигрометрикалы режимі.

37. Эмульсияланбаған пленкаларды кесуші

Параграф 1. Эмульсияланбаған пленкаларды кесуші, 2-разряд

      258. Жұмыс сипаттамасы:
      кесетін машинаға эмульсияланбаған пленкалардың негізі үшін біліктерді жеткізу және машинаның орайтын торабына орнату, негіздерді машинаға тиеуге қатысу, орайтын құрылғыға катушкаларды және бобиндарды орнату, дайын өнімді алу және орау үшін оларды тасымалдау;
      орайтын материалдарды дайындау;
      негіздерді орау, мықты бекітілген жәшікке оларды салу, жәшікті жабу және оны таңбалау;
      кесетін машиналарды профилактикалы баптауға қатысу.
      259. Білуге тиіс:
      негіздердің физико-химиялы құрамы;
      кесетін машинаның тораптарының әрекеттесуі;
      кесілудің және ораудың сапасына қойылатын талаптар.

Параграф 2. Эмульсияланбаған пленкаларды кесуші, 3-разряд

      260. Жұмыс сипаттамасы:
      әртүрлі конструкциялы кесетін машиналарда эмульсияланбаған пленкалардың негіздерінің рулондарын кесу;
      негізді біліктерді кесуге және орауға дайындау;
      негізді кесу бөлмесінде термогигрометрлі режимді реттеу;
      кесу форматын пышақтардың орнын ауыстыру тәсілімен орнату;
      орайтын тораптарға біліктерді орнату және кесетін машиналарға негізді тиеу, орайтын тораптарды зарядтау, машинаны қосу, кесетін машинаға негізді қою және созу жылдамдығын реттеу;
      кесетін машинаның жұмысын бақылау және негізді оны орау және кесу процесінде визитаждау;
      дайын өнімді орайтын тораптан келесі операцияға жіберу үшін және орау үшін шешіп алу;
      біліктілігі төмен эмульсияланбаған пленкаларды кесушілерге басшылық жасау.
      261. Білуге тиіс:
      негіздердің физико-механикалы құрамы;
      әртүрлі сортты негіздерге қойылатын техникалы талаптар және стандарттары;
      кесетін машиналарды реттеу ережелері;
      негізді кесу және орау тәсілдері.

38. Фильм материалдарын қалпына келтіруші

Параграф 1. Фильм материалдарын қалпына келтіруші, 2-разряд

      262. Жұмыс сипаттамасы:
      фильм көшірмелерін жөндеу, жапсырмаларды түзету, әртүрлі ластардан қолдан тазарту;
      біліктілігі жоғары фильм материалдарын қалпына келтірушінің басшылығымен қалыпқа келтіру машинасында фильм көшірмесінің фотоқабатын қалпына келтіру;
      бекітілген технологияға сәйкес қалпына келтіруші машинаға кинопленканы салу;
      ілеспе құжатнамаларды және жұмыс журналдарын толтыру.
      263. Білуге тиіс:
      негізгі кинопленкалардың түрлері және құрамдары;
      негіздердің әртүріне қолданылатын желімдердің құрамы;
      қолданылып жатқан желімнің сапасына қойылатын талаптар және оны сақтау ережесі;
      психромердің құрылымы және белгіленуі;
      фильматериалдарын қалпына кетіру кезінде қолданылатын ерітінділердің концентрациясы;
      құрылымы және белгіленуі;
      ілеспе құжатнаманы рәсімдеу ережесі.

Параграф 2. Фильм материалдарын қалпына келтіруші, 3-разряд

      264. Жұмыс сипаттамасы:
      белгіленген режимге сәйкес қара-ақ және түрлі-түсті фильмкөшірмелерін қайта қалпына келтіру және қайта қалпына келтіру машиналарына қорғаныс жабуын жағу;
      қайта қалпына келтіру машинасына кинопленкаларды тиеу;
      қайта қалпына келтіру машиналарында фильмкөшірмелерін өтуін бақылау;
      қара-ақ фильмкөшірмелерін фотоқабатты қайта қалпына келтіруге дайындау және оны қайта қалпына келтіру;
      бастапқы фильм материалдарын жөндеу;
      перфорациялы жолдарды қайта қалпына келтіру;
      қолданылып жатқан жабдықты перфорациялы тексеру.
      265. Білуге тиіс:
      қайта қалпына келтіру ісінің негізі;
      кинопленкалардың түрлері және олардың құрамдары;
      фильм көшірмесін қайта қалпына келтіру технологиясын;
      қайта қалпына келтіру машиналарының құрылымы және эксплуатациялау ережесі;
      қайта қалпына келтіру кезінде қоладынлатын ерітінділердің құрамы және белгіленуі;
      кинопленкаларды орау және жапсыру ережесі;
      фильм материалдарын кептіру ережесі және оны баптау ережесі;
      бекітілген нормативті-техникалы құжатнаманы.

Параграф 3. Фильм материалдарын қалпына келтіруші, 4-разряд

      266. Жұмыс сипаттамасы:
      түпнұсқа құқығында сақталып жатқан қара-ақ фильмкөшірмесінің фотоқабатын, түрлі-түсті фильмкөшірмесін, контратиптерді, аралық позитивтерді және фонограмма негативтерін бекітілген өңдеу режиміне сәйкес қайта қалпына келтіретін машиналарда қайта қалпына келтіру;
      фотоқабатты, негіздерді қайта қалпына келтіруге дайындау, қара-ақ контратиптердің негіздерін, аралық позитивтерді және фонограммаларды қайта қалпына келтіру;
      түпнұсқа құқығында сақталып жатқан қара-ақ фильмкөшірмелерін үшін қайта қалпына келтіру режимін таңдау;
      шет елдік фирмалардан түсетін фильмкөшірмелерінде болатын қорғаныс қабатын болуын анықтау: балауызды, эфироцеллюлозды, казеинді және басқа;
      бастапқы материалдарға орташа және қиын жөндеу жұмыстарын жасау, жуан төсемдерді қайта жасау, майды, пленкаларды, қолдан тазарту;
      фильмкөшірмелерін, контратиптерді, аралық позитивтерді ультрадыбыс машинасында тазарту.
      267. Білуге тиіс:
      қара-ақ және түрлі-түсті пленканы өңдеу технологиясы;
      контратиптер фотоқабатын, аралық позитивтерді, фонграммаларды қайта қалпына келтіру және оларға қорғаныс қабатын жағу;
      қара-ақ контратиптерді, аралық позитивтерді және фонограммаларды қайта қалпына келтіру технологиясын;
      мативирлы машинаның құрылымын;
      оны эксплуатациялау ережесі;
      эксплуатация және қайта қалпына келтіру процесінде фильм материалдарында пайда болатын ақауларды;
      гидротипті баспа жайлы жалпы мәліметтер;
      түрлі-түсті бейнені (гидротипные, многослойные, вирированные) қалыптау тәсілдері бойынша фильм көшірмелерін анықтау жайлы жалпы мәліметтер.

Параграф 4. Фильм материалдарын қалпына келтіруші, 5-разряд

      268. Жұмыс сипаттамасы:
      қара-ақ және түрлі-түсті бейне негативтерінің фотоқабатын қайта қалпына келтіру және оларға қорғаныс жабуын жағу;
      қайта қалпына келтіру машиналарында консервациалы-қайта қалпына келтіру және антисептикалы өңдеу;
      қайта қалпына келтіруге қара-ақ және түрлі-түсті бейне негативтерін дайындау;
      қолдан жылтырату;
      бейненің қара-ақ және түрлі-түсті негативтерін, түрлі-түсті контратиптерді және аралық позитивтерді қайта қалпына келтіруге дайындау және қайта қалпына келтіру;
      фильм материалдарының үстіңгі бетінің жағдайын, технологиялы операциялардың және режимдердің ілеспелілігінің сақталуын, ерітінділерді концентрациялауды бақылау;
      негіздің деформациялау деңгейін анықтау;
      негативті материалдарға күрделі жөндеу жұмыстарын жасау;
      ультрадыбысты машинада бейненің негативтерін тазарту, оларды антистатикалы өңдеу;
      негіздің және фотоқабаттың лак қабатының барын және оның түрін анықтау;
      фотоқабатты және фильм материалдарының барлық түрін негіздерін қайта қалпына келтіру режимдерін және рецептурасын, тәсілдерін таңдау.
      269. Білуге тиіс:
      фильм материалдарының негіздерін және бейне негативтерінің фотоқабатын қалпына келтіру технологиясын;
      консервациялы-қайта қалпына келтіру және негативтерді антисептикалы өңдеу, кептірудің температурасын және ылғалдылық жүйені реттеу автоматты жүйесінің жұмыс принципін;
      пленкалардың әртүрін өңдеуге қолданылатын ерітінділердің рецептурасын;
      негіздердің араласқан түрлерінен тұратын негативтерді кептіру ерекшеліктері;
      фотоқабаттың негативін қолдан жылтырату ерекшеліктері;
      қолданылып жатқан фотоматериалдарға стандарттар және техникалы талаптар;
      ультрадыбысты машиналардың негізгі тораптарының белгіленуі.

Параграф 5. Фильм материалдарын қалпына келтіруші, 6-разряд

      270. Жұмыс сипаттамасы:
      отандық және шет елдік өндірілген ерекше киноматериалдарды қайта қалпына келтіру бойынша, көркем және тарихи құнды бастапқы фильм материалдарын қайта қалпына келтіру бойынша жұмыстың барлық түрлерін жасау;
      фильм материалдарын қайта қалпына келтірудің тәсілдерін, рецептурасын және өңдеу режимдерін таңдау;
      эмульсияның көкпен, гидролизбен ақаулану дәрежесін және қабаттану дәрежесін анықтау.
      271. Білуге тиіс:
      ерекше киноматериалдарды қайта қалпына келтіру технологиясын;
      қайта қалпына келтіру машиналарының түрлері және жұмыс принципі;
      пленкалардың әртүрін өңдеуге арналған ерітінділердің рецептурасын және құрамын;
      сақтау, өңдеу және кинопленкаларды эксплуатациялау процесінде пайда болған ақаулардың түрлері, пайда болу себептері және алдын-алу тәсілдері.
      272. Орташа мамандандырылған білім талап етіледі.

Параграф 6. Фильм материалдарын қалпына келтіруші, 7-разряд

      273. Жұмыс сипаттамасы:
      өте нәзік, сапасы төмен механикалы, механикалы ақаулары бар, жамаулары бар, 1% артық перфорация адымы бойынша шөгулі бастапқы фильм материалдарын барлық түрлеріне қалпына келтіру жұмыстарын орындау;
      көк басқан негативтерді фундисидті өңдеу;
      өте ұзақ сақталатын фильм материалдарын консервациялы-қалпына келтіру;
      фильм материалдарының барлық түрлерін қалпына келтіру режимдерін, тәсілдерін және рецептурасын таңдау.
      274. Білуге тиіс:
      ақаулардың түрлері, пайда болу себептері және олардың алдын-алу тәсілдері;
      бастапқы фильм материалдарын қалпына келтіру технологиясын;
      консервациялы-қалпына технологиясын;
      фильм материалдарының барлық түрлерін өңдеуге арналған ерітінділердің рецептурасын.
      275. Орташа мамандандырылған білім талап етіледі.

39. Магнитофондар үшін аудио және видео кассеталарды жинаушы

Параграф 1. Магнитофондар үшін аудио және видео кассеталарды жинаушы, 3-разряд

      276. Жұмыс сипаттамасы:
      аудио және видео кассеталардың торабтарын магнитофондарға қолдан немесе ілеспелі жұмыс жасайтын жартылай автоматтарда жинау;
      кассеталардың корпустарына біліктерді қолдан престеу;
      жартылай автоматты құрылғыларда катушканың ракордтарын престеу;
      арнай құрылғыларда аудио және видео кассеталардың бөлек тораптарын жетілдіру;
      граммометрлердің және калибрлардың көмегімен майысудың күшіне байланысты қыспа тораптарын реттеу;
      құрылғыларда аудио және видео кассеталардың бөлек тораптарының өзара құралуын тексеру, жартылай автоматты құрылғыларда кассеталарды пломбирлеу.
      277. Білуге тиіс:
      аудио және видео кассеталардың тораптарын жинауға қойылатын техникалы талаптар, аудио және видео кассеталарды жинау барысында операциялардың орындалу ілеспелілігі;
      қолданылатын құрылғылар мен жабдықтарды пайдалану ережесі;
      жиналған өнімдерді сынау тәсілдері.
      278. Жұмыс үлгілері:
      1) жапсырмалар – футлярға салу;
      2) тығын, төсем, ролик – кассетаға қою;
      3) футлярлар - құрау;
      4) роликтар, катушкалар, пружиналар - жинақтау.

Параграф 2. Магнитофондар үшін аудио және видео кассеталарды жинаушы, 4-разряд

      279. Жұмыс сипаттамасы:
      жартылай автоматты құрылғыларда аудио және видео кассеталардың тораптарын магнитофондар үшін құрау;
      жартылай автоматты жұмысқа дайындау;
      созудың жылдамдығын есептеу;
      біруақытта автоматтарда бірнеше білекшелерді престеу;
      тоқтаудың тораптарын, құралатын құралатын бөлектерінің құрамына байланысты штамптардың қозғалмалы элементтеріне байланысты жұмыс істеуін икемдеу;
      бақылау-өлшеу құрылғыларының және автоматика құралдарының көмегімен жартылай автоматты құрылғыларды реттеу;
      автоматты құрылғыларда лента қысқышты дайындау;
      жартылай автоматты құрылғыда аудио және видео кассеталардың корпустарына таңба салу және әмбебап бақылау құралдарында кассеталардың техникалы сипаттамасын тексеру.
      280. Білуге тиіс:
      жартылай автоматты құрылғыларда аудио және видео кассеталарды жинау технологиясын;
      жартылай автоматты құрылғылардың және қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымын;
      аудио және видео кассеталарды тексеру және техникалы сипаттамасын есепке алу.
      280. Жұмыс үлгілері:
      1) біліктер – жартылай автоматты кесу және галттау;
      2) қыспа тораптары - құрау;
      3) лентақыспалар – автоматты кесу және электроөткізгішті жапсыру.

Параграф 3. Магнитофондар үшін аудио және видео кассеталарды жинаушы, 5-разряд

      282. Жұмыс сипаттамасы:
      аудио және видео кассеталардың тораптарын азгабаритті магнитофондарға жартылай автоматты және автоматты пультпен басқарылатын желілерде құрау;
      желідегі тораптардың жұмыстарын операцияны орындауда белгілі ілеспелілікті сақтауы үшін дайындау және реттеу;
      бақылау-өлшеу құрылғыларының және автоматика құралдарының көмегімен желінің жұмыс режимінің параметрлерін реттеу;
      әзірлемені келесі операцияға жіберудің жылдамдығын, пневмоқұрылғыға қысым түсуін, тораптардың және қолданылып жатқан энергияның қуаттылығын. Жинақталатын бөлшектердің, әзірлемелердің және желінің әртүрлі жылдамдықтағы өнім шығаруының шығының есепке алу;
      желінің бөлек тораптарының жұмысындағы ақаулардың және олқылықтарды табу және жою.
      283. Білуге тиіс:
      жартылай автоматты және автоматты желілерде аудио және видео кассеталарды жинау технологиялы процесі;
      қолданылып жатқан жабдықтардың, бақылау-өлшеу құрылғыларының және автоматика құралдарының құрылым ерекшеліктері;
      аудио және видео кассеталардың технологиялы параметрлерін іріктеу және есепке алу ережесі;
      аудио және видео кассеталардың және қолданылатын материалдардың сапасына қойылатын техникалы талаптар.
      284. Жұмыс үлгілері:
      1) ракордтар - белгілейтін элементтерін кесу, екі бобиндарға бекіту;
      2) ракордтар және магнитты ленталар - жартылай автоматтардағы бобиндарға салу және бекіту;
      3) экрандар және қысым тораптары - кассеталарға салу.

40. Коллагенді массаны құраушы

Параграф 1. Коллагенді массаны құраушы, 4-разряд

      285. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары коллагенді массаны құраушының басшылығымен әртүрлі диаметрлі ақуыз қабықшалары үшін белгіленген жабысқақ коллагенді массаны құрау және гомогенизациялау;
      сынақ престерінде талшықталған үгінділер мен коллагенді массаның жабысқақтығын анықтау;
      салқындату жүйесінің жұмысын бақылау және реттеу;
      қолданылып жатқан жабдықтарды тазарту, жуу, оны жөндеу жұмыстарына тапсыру және жөндеуден қабылдау.
      286. Білуге тиіс:
      ақуызды қабықшаның ассортименті;
      қолданылып жатқан шикізаттың және коллагенді массаның физико-химиялы құрамы;
      бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы, белгіленуі және қолданылу ережесі.

Параграф 2. Коллагенді массаны құраушы, 5-разряд

      287. Жұмыс сипаттамасы:
      әртүрлі диаметрлі ақуыз қабықшалары үшін белгіленген жабысқақ коллагенді массаны құрау және гомогенизациялау;
      консервленген тәсіліне, рН және жабысқақтығына байланысты талшықталған үгіндінің өндіріс партиясын құрау;
      компоненттердің санын есепке алу және оны сынама және органолептикалы бағалау нәтижесі бойынша гомогенизациялау кезінде түзету;
      алынған коллагенді массаның қажетті жабысқақтығын, температурасын және толықтай құрғақ заттың қажет етілетілген баптауын қамтамасыз ету;
      қолданылып жатқан жабдықтың жұмысындағы ақаулықты жою;
      өндіріс журналында жазба қалдыру.
      288. Білуге тиіс:
      коллагенді массаны өндіру технологиялы сызбасын;
      қолданылып жатқан шикізатқы және дайын өнімнің стандарты және қойылатын техникалы талаптар;
      қолданылып жатқан шикізатқы және дайын өнімнің физико-химиялы құрамы;
      коллагенді массаның органолептикалы сипаттамасы және оның сапасын анықтау тәсілдері.

41. Бутафоль пленкасын кептіруші

Параграф 1. Бутафоль пленкасын кептіруші, 3-разряд

      289. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары бутафоль пленкасын кептірушінің басшылығымен бутафоль пленкаларын кептіру бойынша бөлек операцияларды орындау;
      бутафоль пленкаларын кептіретін шкафтарға салу, оларды кептіретін шкафтың білікшелеріне орналастыру;
      бутафоль пленкларын катушкадан түсіру және орау;
      натрий бикарбонатының қалдықтарын тиеу;
      бутафоль пленкаларын салу және түсіруге арналған жабдықтарды жинау;
      кептіретін шкафтарды және бөлмені жинау.
      290. Білуге тиіс:
      кептіретін шкафтардың құрылымы және жұмыс принциптері;
      ауа жіберу сызбасын;
      бутафоль пленкаларын кептіру және суыту режимін;
      қолданылып жатқан шикізаттың, жартылай фаюрикаттардың және дайын өнімнің құрамы.

Параграф 2. Бутафоль пленкасын кептіруші, 4-разряд

      291. Жұмыс сипаттамасы:
      жұмыс нұсқаулықтарына сәйкес бірнеше кептіргіштерде біруақытта, бутафоль пленкаларын кептіру технологиялы процесін жүргізу;
      бутафоль пленкасының белгіленген ылғалдылық процентіне байланысты өнімнің әртүрін кептіру уақытын есепке алу;
      бутафоль пленкаларын кептіретін шкафтарға салынуын және оның білекшелерге орналасуын бақылау;
      бақылау-өлшеу құралдарының көрсеткіштері бойынша кептірудің температуралы режимін реттеу технологиялы процесін;
      натрий бикарбонатынмен опалап бутафоль пленкаларын түсіру және орау;
      дайын өнімнің есебін жүргізу;
      біліктілігі төмен бутафольпленкларын кептірушілерді басқару;
      қолданылып жатқан жабдықты жөндеу жұмыстарына қатысу.
      292. Білуге тиіс:
      қызмет көрсетіліп жатқан процестің технологиялы сызбасын;
      қолданылып жатқан жабдықтың, бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылым және жұмыс принципі;
      поливинилбутиролдан жасалған пластмассаның физико-химиялы құрамы;
      технологиялы процесті реттеу ережесі;
      бутафоль пленкасын кептіру уақытын есепке алу әдістемесін.

42. Құйылған шыныны және фотопластиканы түсіруші

Параграф 1. Құйылған шыныны және фотопластиканы түсіруші, 3-разряд

      293. Жұмыс сипаттамасы:
      белсенсіз жарық немесе толықтай қараңғылық жағдайында өлшемдеріне, сорттарына және нөмірлеріне сәйкес штатив-станоктарынан шикі жарықсезгіш фотопластинкларды бір-бірлеп түсіру;
      қабатталған шыныны қабаттайтын машинаның транспортерінен түсіру, машинаны тазарту, қабаттың сорты, өлшемі, жағу қалыңдығына байланысты жылдамдықты ауыстыру;
      қолданылып жатқан фотоэмульсияның және жағылып жатқан қабаттың сапасын көзбен көру арқылы бақылау;
      бақылау сынақтар үшін сынамаларды алу.
      294. Білуге тиіс:
      жарықсезгіш эмульсияны шыныға қабаттау және құю технологиялы процесін;
      фотопластинкалардың әртүрлі сорты үшін жарықтехникалы режим;
      қабаттау сапасын бақылау әдістемелері, сынамаларды алу ережелері.

Параграф 2. Құйылған шыныны және фотопластиканы түсіруші, 4-разряд

      295. Жұмыс сипаттамасы:
      құятын машинаның транспортерінен оны әртүрлі қозғалыс жылдамдығында радиоактивті зерттеу үшін шикі жарықсезгіш фотопластиналарды немесе фотоматериалдарды бір-бірлеп түсіру;
      толықтай қараңғыда немесе белсенсіз жарық жағдайында фотопластинкаларды сорты және өлшемдері бойынша арнайы станоктарға тік етіп орнату;
      құятын машинаның транспортерін дайындау, жағылып жатқан эмульсияның сорты, өлшемі және қалыңдығына байланысты оның жылдамдығын реттеу;
      көзбен көру арқылы құюдың сапасын анықтау;
      бақылау сынақтары үшін сынамаларды алу;
      жұмыс орнындағы жарықтехникалы режимді бақылау.
      296. Білуге тиіс:
      жарықсезгіш эмульсияны шыныға құю технологиялы процесін;
      жарықсезгіш пластинкалардың фотографиялы құрамы;
      құюдың сапасын анықтау тәсілдері.

43. Құятын машинаға шыныны салушы

Параграф 1. Құятын машинаға шыныны салушы, 2-разряд

      297. Жұмыс сипаттамасы:
      транспортерға немесе құятын машинаның рольгангына әртүрлі өлшемді және конфигурациялы қабатталған фотошыныны бір-бірлеп салу;
      транспортердің жұмысын бақылау және оның жұмысын реттеу;
      құятын машинаны және қосалқы жабдықты тазарту және жуу;
      фотоплатинкалардың әртүрлі сорттары үшін жарықтехникалы режимді сақтау.
      298. Білуге тиіс:
      фотошыныға және фотопластинкаға қойылатын техникалы талаптар;
      құятын машиналардың тораптарының әрекеттесуі;
      фотопластинкалардың әртүрлері үшін жарықтехникалы режим.

44. Түсті және жарықты қоюшы

Параграф 1. Түсті және жарықты қоюшы, 3-разряд

      299. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары түсті және жарықты қоюшының жазбалары бойынша баспаның барлық түрлері үшін түсті-жарықты паспортты дайындау;
      жарықфильтрларды кассетаға толтыру;
      түзетілетін жарықфильтрларды және тозған түсті паспорттарды сорттау;
      жұмыс түсті-жарықты паспорттың жазба паспортқа сәйкестігін тексеру.
      300. Білуге тиіс:
      түзетілетін жарықфильтрларының сипаттамасын;
      түсті-жарықты фильтрларды жасаудың тәртібін;
      түсті-жарықты паспорттарды дайындау үшін қолданылып жатқан жабдықтардың құрылымы;
      фильмкөшірмелерінің стандарттары және техникалы талаптары;
      оларды өндірудің технологиялы регламенті.

Параграф 2. Түсті және жарықты қоюшы, 4-разряд

      301. Жұмыс сипаттамасы:
      визуалды сынамалар және арнай аппараттар мен жабдықтардың көмегімен қара-ақ және түрлі-түсті фильм көшірмелерін контратиптен, қара-ақ контратиптерді, аралық позитивтерді, контратиптен бақылау көшірмелерін және фонограмма негативінен баспа режимін іріктеу және бекіту.
      302. Білуге тиіс:
      қара-ақ фильм материалдарын өңдеу технологиясын;
      сенситометр негіздерін;
      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларын пайдалану ережесі;
      фильм көшірмелерінің стандарттары және техникалы талаптары.

Параграф 3. Түсті және жарықты қоюшы, 5-разряд

      303. Жұмыс сипаттамасы:
      баспа режимін және ағымдағы 16 және 35 миллиметрлі негативтерді өңдеу, қара-ақ және түрлі-түсті негативтерден фильм көшірмелерін, түрлі-түсті контратиптерді және аралық позитивтерді іріктеу және орнату;
      контратипті басу үшін қара-ақ аралық позитивке жарықты орнату;
      білікті баспа фильтрлерін эталон бойынша массалы баспа үшін анықтау.
      304. Білуге тиіс:
      түрлі-түсті фильм материалдарын өндіру технологиясын;
      түрлі-түсті көп қабатты кинопленкалар және түрлі-түсті сенситометр жайлы негізгі мәліметтер, кинокөшіретін аппараттардың және айқындайтын машиналардың құрылымы;
      бастапқы фильм материалдарын басу кезінде және оларды өте ұзақ сақтау кезінде пайда болатын ақауларды, фильм материалдарын сақтау тәсілдері.

Параграф 4. Түсті және жарықты қоюшы, 6-разряд

      305. Жұмыс сипаттамасы:
      басу және 70-миллиметрлі негативтерді өңдеу, эталонды (бақылау) көшірмелерді, экспортқа арналған фильмкөшірмелерін іріктеу және режимдерін орнату;
      негативтерге сонымен қоса боялған (вирированные) негативтерге қара-ақ фильм көшірмелерін және аралық позитивтерді басу кезінде жарықты қою;
      баспаның барлық түрі үшін түсті-жарық паспорттардға есеп жүргізу;
      экранда сынама роликтарын, негативтен бастапқы материалдар жинағының көшірмесін, эталонды (бақылау) көшірмелерді соңғы рет тексеріп қарау;
      перифериялы құрылғыларды және машинограммаларды пайдаланып түсті және жарық орнату технологиялы процесін жүргізу.
      306. Білуге тиіс:
      түрлі-түсті пленкаларды өндіру технологиясын;
      түрлі-түсті кинопленкалардың құрылымы және ерекшеліктері;
      басу процесі және фильм көшірмелерін көпқабатты пленкаларда және гидротипия тәсілімен өңдеу;
      қолданылып жатқан бақылау-өлшеу құрылғыларының құрылымы;
      өте ұзақ уақыт сақтау барысында фотографиялы қабаттың градациялы сипаттамасының өзгеруі.

Параграф 5. Түсті және жарықты қоюшы, 7-разряд

      307. Жұмыс сипаттамасы:
      қара-ақ және түрлі-түсті ағымдағы позитивтерді басу үшін білікті форфильтрларды таңдау және орнату;
      FILMLAB фирмасының COLORMASTER 2000 түсталдаушысында немесе басқа фирмалардың аналогты аппараттарында түсті қою;
      FACIT аппаратында немесе RGB- және FCC- кодты аналогты аппараттарда аддитивті түсті паспортты дайындау;
      кинопленкаларды өндіруші-фирмалардың талаптарына сәйкес LAD шкалаларының көмегімен позитивті өңдеу процесін бақылау;
      сынама көшірмелерінің, бастапқы материалдардың жинағының көшірмесін, эталонды, фестивальды және экспортты кинокөшірмелерді негативтен көшіру режимін бақылау;
      экранда фильмкөшірмелерінің барлық түрлерін тексеру.
      308. Білуге тиіс:
      түрлі-түсті кино және фото пленкаларды өндіру технологиясын;
      олардың құрылым ерекшеліктерін;
      компьютердің және MS-DOS операциялы жүйелерінің жұмыс принципін;
      түсталдаушының бағдарламалы қамтамасыз етуін;
      LAD шкалаларының көмегімен фильм материалдарының сапасын тура бақылау тәсілдері;
      әртүрлі пленкаларды басу және өңдеу процесін.
      309. Орташа мамандандырылған білім талап етіледі.

Параграф 6. Түсті және жарықты қоюшы, 8-разряд

      310. Жұмыс сипаттамасы:
      LAD шкалаларының көмегімен дубль-позитивтарды және кинофильм контратиптерін ECN-2 процесі бойынша өңделетін импортты кинофильм контраттиптерін басу режимін таңдау және орнату;
      негативті және позитивті кинопленкалардың жаңа түрлерін, сонымен қоса кинопленкалардың жаңа түрлерін түсталдаушыда қайта бағдарламалау;
      кинофильмнің бастапқы қайта монтаждауында аддитивті RGB және FCC түсті паспорттарды дайындау;
      титрларға және кадр ішіндегі фондарға фондарды дайындау;
      дубль-позитивті және дубль-негативті кинопленкалардағы тұтылуларды басу үшін жұмыс позитивін таңбалау.
      311. Білуге тиіс:
      түрлі-түсті кино және фотопленкаларды өндіру технологиясын, кинопленкаларды басу және өңдеу процесін;
      компьютердің және MS-DOS операциялы жүйесінің жұмыс принципін;
      түсталдаушының перифериялы құрылғыларына қажетті бағдарламалы өзгертулерді енгізу әдістемесі;
      түстану және сенситометрия негіздерін;
      аралық позитивтерге, контратиптерге және эталонды фильмкөшірмелеріне қойылатын техникалы талаптар.
      312. Орташа мамандандырылған білім талап етіледі.

45. Түзететін жарықфильтрларды мөрлеуші

Параграф 1. Түзететін жарықфильтрларды мөрлеуші, 2-разряд

      313. Жұмыс сипаттамасы:
      визитажды-кесетін арнайы станоктарда целлулоидты түзететін жарықфильтрларды мөрлеу;
      станоктың кесетін құрылғыларын тексеру;
      визитаждау және мөрлеу үшін пакеттерді, пленкалардың роликтарын жеткізу;
      арнайы визитажды үстелде боялған роликтың ленталарын орау және сапасын тексеру және ақаулы орындарын жарамсыз деп тану;
      денситометрде роликтың қалыңдығының басын және аяғын өлшеу;
      визитажды-кескіш станокқа таңбалайтын құрылғыны орнату, роликты салу және станокты қосу;
      кесілудің сапасын және жарықфильтрларға таңбалайтын белгілерді жағудың дұрыстығын бақылау;
      есептейтін механизмнің жұмысын мерзімді бақылау;
      жарықфильтрларды конверттерге жинау және салу;
      дайын өнімді есептеу, бақылау үлгілерін дайындау;
      қалдықтарды және ақауларды тапсыру.
      314. Білуге тиіс:
      түрлі-түсті позитивті пленкаларда басу принципі;
      жарықфильтрлардың сапасына қойылатын талаптар;
      штамптың тораптарының әрекеттесуі, мөрлеу тәсілдері.

46. Электролизершы

Параграф 1. Электролизершы, 3-разряд

      315. Жұмыс сипаттамасы:
      біліктілігі жоғары электролизершының басшылығымен өңделген фиксаждың күміс құрамдас ерітіндісінен күмісті регенерациялау, жуылатын сулардан электролиз тәсілімен, келесі орталықфигуралаумен электролитті өң беру бойынша бөлек операцияларды жүргізу;
      ванналарға электролиз және электролитті өң берушіні құю;
      күмістің бар екенін анықтау үшін үлгілерді алу;
      электролизделген ванналардан құрамдас бактарға өңделген фиксажды құю және центрифуга ағым бактарына күміс құрамдас суспензияны қайта шайқалту;
      металлды және күкіртті күмісті үгіту, орау.
      316. Білуге тиіс:
      электролиз және электролитті өң берудің технологиялы процесі;
      коммуникация сызбасын;
      сынамаларды алу ережелері;
      қызмет көрсетіліп жатқан жабдықтардың құрылымы.

Параграф 2. Электролизершы, 4-разряд

      317. Жұмыс сипаттамасы:
      өңделген фиксаждың күміс құрамдас ерітіндісінен күмісті регенерациялау, жуылатын сулардан электролиз тәсілімен, келесі орталықфигуралаумен электролитті өң беру бойынша және басқада тәсілдермен бөлек операцияларды жүргізу;
      электролиз режимін орнату;
      электролиздау процесін жүруін және күмір құрамдас электролиздің түсуін бақылау;
      фиксажды және күмісқұрамдас судың түсуін бақылау;
      фиксажды және күмісқұрамдас судың өңін келтіру;
      күмісқұрамдас суспензиядан күкіртті күміске өң беру;
      күкіртті күмісті кептіру;
      ванна катодтарынан металлды күмісті түсіру;
      өлшеу және қоймаға металлды және күкіртті күмісті жіберу.
      318. Білуге тиіс:
      күмісті регенерациялау технологиялы процесін;
      электролизды және өң беретін ванналардың жұмыс режимдерін;
      күмісқұрамдас қалдықтарды және күмісті есепке алу және сақтау ережесін.

Параграф 3. Электролизершы, 5-разряд

      319. Жұмыс сипаттамасы:
      күмістің концентарциялануын бақылау дистанционды автоматты құрылғыларымен автоматтандырылған құрылғыларда әртүрлі химиялы құрамды өңделген күмісқұрамдас ерітінділерден күмісті регенерациялау технологиялы процесін жүргізу және электрқуат беру параметрлерін реттеу;
      экспресс-талдау тәсілдерімен ерітінділерде күмістің барын анықтау;
      электролиз процесінде күмісқұрамдас ерітінділерді жіберу жүйесін және автоматтандырылған мөлшерлейтін құрылғылардың жұмысын бақылау;
      күмісқұрамдас тұнбаларды өлшеу және орау;
      қайтадан талдау үшін бекітетін ерітінділерді регенерациялау;
      күмістің алғашқы есебін жүргізу.
      320. Білуге тиіс:
      электролитті және электрохимиялы тұнба тәсілдерімен регенерациялау технологиялы процесін;
      бақылау-өлшеу құрылғыларының және регенерация кезінде қолданылатын автоматика құралдарының құрылымы;
      ерітінділерде күмістің барын бақылау тәсілдері, күмісқұрамдас қалдықтарды сақтау ережесі;
      электротехника және электрохимия негіздері;
      күмісті алғашқы есептеу бойынша нұсқаулық құжатнамасы.

Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің
бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығының
(32-шығарылым) қосымшасы

Жұмысшы кәсіптерінің әліпбилік көрсеткіші

Р/с

Кәсіп атаулары

Разрядтар диапазоны

Беті

1

Тоқыма автоматтарының автоматшысы

3-4

2

2

Фотоэмульсияны дайындауда және құюда мөлшерлеуші-аппаратшы

3-5

3

3

Ақуыз қабықшасын илеу және кептіру аппаратшысы

4-5

5

4

Желатиндеу аппаратшысы

2-5

7

5

Майтазарту аппаратшысы

3-4

9

6

Күлге айналдыру аппаратшысы

3-6

10

7

Баритмассаны әзірлеуші аппаратшы

3-4

13

8

Калибрлеу аппаратшысы

2-4

14

9

Кесіндіні қышқылмен өңдеу аппаратшысы

4-5

15

10

Кинофотонегізді және техпленкаларды құюшы-аппаратшы

2-6

17

11

Магнитты ленталарды құюшы-аппаратшы

2-6

21

12

Бутафоль пленкаларын құйып алушы-аппаратшы

3; 5

24

13

Фотошыныны қабаттаушы-аппаратшы

3-5

25

14

Магнитты ленталарды құюшы-аппаратшы

4-6

27

15

Фотоэмульсияны құюшы-аппаратшы

2-6

29

16

Айқындайтын пастаны әзірлеуші аппаратшы

3-4

33

17

Ферментті препаратты дайындау аппаратшысы

3-4

34

18

Синтетикалы бояуларды өндіруші аппаратшы

2-6

35

19

Магнетитті кептіру және тотықтыру аппаратшысы

2-6

38

20

Вагонетші

2-3

41

21

Ақуызды қабықшаларды өлшеуші

3

41

22

Фильм көшірмелерін жинақтаушы

2-4

42

23

Контролер-визитажшы

3-4

43

24

Пленканы, ерітінділерді және фильм материалдарын бақылаушы

2-6

45

25

Жарықсезгіш бұйымдарды бақылаушы

2-5

47

26

Фильм материалдарын көшіруші

3-8

50

27

Гидротипті өндіріс машинисі

3-6

53

28

Қалыптайтын машинаның машинисі

5

55

29

«Момент» фотожинағының монтажшысы

3-4

56

30

Айқындайтын процессорда қызмет көрсету бойынша оператор

7-8

57

31

Кинофотоматериалдарды дайындаушы

2-6

58

32

Магнитті ленталарды перфораторлаушы

2-3

62

33

Бастапқы материалдарды дайындаушы

1-5

63

34

Химия-фотографиялы өндірістегі құюшы

2-6

66

35

Кинопленкаларды айқындаушы

2-6

69

36

Магнитті ленталарды кесуші

2; 4

72

37

Эмульсияланбаған пленкаларды кесуші

2-3

73

38

Фильм материалдарын қалпына келтіруші

2-7

74

39

Магнитофондар үшін аудио және видео кассеталарды жинаушы

3-5

78

40

Коллагенді массаны құраушы

4-5

80

41

Бутафоль пленкасын кептіруші

3-4

81

42

Құйылған шыныны және фотопластинканы түсіруші

3-4

82

43

Құятын машинаға шыныны төсеуші

2

83

44

Түсті және жарықты қоюшы

3-8

83

45

Түзететін жарықфильтрларды мөрлеуші

2

86

46

Электролизершы

3-5

87