Оқытуға жататын персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын есептеу және құзыреттi органға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшiн қазақстандық кадрлардың ең аз санын табыс ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2012 жылғы 10 тамыздағы № 362 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 қыркүйекте № 7921 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 13 мамырдағы № 203 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Білім және ғылым министрінің 13.05.2019 № 203 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 26-бабы 2-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Оқытуға жататын персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын есептеу және құзыреттi органға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшiн қазақстандық кадрлардың ең аз санын табыс ету қағидалары бекітілсін.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (Ф.Н. Жақыпова):

      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткен соң осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министрдің


міндетін атқарушы

М. Орынханов


"Келісілді"

Қазақстан Республикасы

Мұнай және газ министрінің м.а.

___________ Б. Толымбаев

13 тамыз 2012 ж.

"Келісілді"

Қазақстан Республикасы

Индустрия және жаңа

технологиялар министрінің м.а.

___________ А. Рау

10 тамыз 2012 ж.


  Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
міндетін атқарушы
2012 жылғы 10 тамыздағы
№ 362 бұйрығымен бекітілген

Оқытуға жататын персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы
қазақстандық кадрлардың ең аз санын есептеу және құзыреттi
органға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс
талаптарына қосу үшiн қазақстандық кадрлардың ең аз санын табыс ету қағидалары

      1. Оқытуға жататын персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын есептеу және құзыретті органға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс талаптарына қосу үшін қазақстандық кадрлардың ең аз санын ұсыну қағидалары "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленген.

      2. Конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізбесін Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекіту қорытындысы бойынша білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган құзыретті органға жер қойнауын пайдалану құқығын беруге арналған конкурс шарттарына қосу үшін оқытуға жататын персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың ең аз санын және құзырлы органмен бекітілген жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалануда минералды-шикізат базасының технологияларды трансферттеу, индустриалды-инновациялық және ғылыми-техникалық дамуы мен өндірісі бойынша қажеттілік көрсеткішін жолдайды.

      3. Оқытуға жататын персоналдың жалпы санына пайызбен алғандағы қазақстандық кадрлардың ең аз саны қазақстандық кадрларды оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін есептеу әдістемесіне сәйкес есептелетін кадрларды жоспарлы кезеңде оқыту бойынша қажеттіліктің ең аз деңгейін оқытуға жататын қызметкерлердің жалпы санына бөлу, құзырлы органмен анықталатын саланың технологияларды трансферттеу, индустриалды-инновациялық және ғылыми-техникалық дамуы бойынша қажетті қосымша қазақстандық кадрлардың санын қосу және 100 пайызға көбейту арқылы анықталады.

      4. Құзыретті орган жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін конкурстық ұсыныс берген өтініш білдірушілер қатарынан шыққан конкурс жеңімпазы анықталғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға және технологияларды трансферттеу, индустриалды-инновациялық және ғылыми-техникалық даму жөніндегі уәкілетті органға минералды-шикізат базаларына қажет етілетін технологияларды трансферттеу, ғылыми-техникалық даму мен өндіріс үшін оқытуға жататын қазақстандық кадрлардың саны туралы ақпарат ұсынады.