Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсыну мерзімі туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 27 шілдедегі № 223 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 6 қыркүйекте № 7903 тіркелді

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Аудиторлық қызмет туралы» 1998 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Аудиторлық ұйымдар қаржы ұйымдарының және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті жасайды және оны есепті жылдан кейінгі жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ұсынады.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының 24.12.2014 № 255 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қаржы ұйымдарының аудиторлық есебін жасау, оны қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органға ұсыну мерзімдері туралы» 2007 жылғы 20 шілдедегі № 81 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4867 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                      Г. Марченко