Қолданушылардың назарына!
Осы Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз.
«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына, 15-бабының 1-тармағына және «Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 18-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) осы бұйрыққа 1–қосымшаға сәйкес, Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерін тексеру бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру аясындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны;
2) осы бұйрыққа 2–қосымшаға сәйкес, заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің электр желілерінде қуаттылық коэффициентінің нормативтік мәнін және энергия тұтыну нормативтерін сақтау бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру аясындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны;
3) осы бұйрыққа 3–қосымшаға сәйкес, энергетикалық аудит пен энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттырудың сараптамасын жүргізу бойынша энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру аясындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысаны;
4) осы бұйрыққа 4–қосымшаға сәйкес, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру аясындағы жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жаңа технологиялар және энергия үнемдеу департаменті (Т.А. Мұқанов) заңда белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде ресми түрде жариялауға бұқаралық ақпарат құралдарына жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлiгiнiң ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрi Қ.А. Тулеушинге жүктелсiн.
4. Осы бұйрық 2013 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасы Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа Экономикалық даму және және
технологиялар министрі сауда министрінің
______________ Ә. Исекешев міндетін атқарушы
______________ М. Құсайынов
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар министрi
2012 жылғы 29 маусымдағы
№ 222
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда министрiнiң
міндетін атқарушы
2012 жылғы 31 шілдедегі
№ 230
бiрлескен бұйрығына 1–қосымша
Нысан
Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілерін тексеру бойынша
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру аясындағы жеке
кәсіпкерлік саласындағы
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ
Тексерудi тағайындаған мемлекеттiк орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күнi)
Кәсiпкерлiк субъектiсiнiң атауы _____________________________________
СТН (ЖСН, БСН)
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Иә |
Жоқ |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Энергетикалық аудит қорытындысының болуы |
||
2 |
Энергетикалық аудит өткеннен кейін бес жыл ішінде энергетикалық аудиттың қорытындысы бойынша анықталған ғимараттың, құрылымның, құрылыстың, бірлікке судың ауданының ауқымына дейін және энергетикалық қорларды тұтынудың жылдық көлемін азайтуын қамтамасыз етуі (Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) |
Тексерудi жүргiзген _________________ ________________ ______________
(лауазымы) (Т.А.Ә.) (қолы) М.О.
Талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда акт құрылған күнi мен
нөмiрi көрсетiледi (20__ жылғы «___» _______________ № ________)
Тексеру нәтижесiмен таныстым (келiскен/келiспеген) __________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
20__ жылғы «__» _______________
Тексеру қорытындысы бойынша тексерiлетiн субъект ____________________
(субъектiнiң атауы)
топқа ауыстырылады («+» белгiсiмен белгiлеу):
тәуекелдiң жоғары дәрежесi |
тәуекелдiң орташа дәрежесi |
тәуекелдiң маңызды емес дәрежесi |
Органның басшысы:
__________________________ _____________________________
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар министрi
2012 жылғы 29 маусымдағы
№ 222
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда министрiнiң
міндетін атқарушы
2012 жылғы 31 шілдедегі
№ 230
бiрлескен бұйрығына 2–қосымша
Нысан
Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің электр желілерінде
қуаттылық коэффициентінің нормативтік мәнін және энергия тұтыну
нормативтерін сақтау бойынша энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттыру аясындағы жеке кәсіпкерлік саласындағы
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ
Тексерудi тағайындаған мемлекеттiк орган ____________________________
Тексерудi тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күнi)
Кәсiпкерлiк субъектiсiнiң атауы _____________________________________
СТН (ЖСН, БСН)
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Иә |
Жоқ |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Электр желілерінде қуаттылық коэффициентінің нормативтік мәнінің сақталуы |
||
2 |
Энергия тұтыну нормативтерінің сақталуы |
||
3 |
Энергия тұтынатын жабдықтардың режимге сәйкес еместігінен, құбырлардың жылу оқшаулау сақтамай пайдалануынан, арматуралардың, жабдықтардың жарамсыздығынан туындаған энергетикалық қорларды, суды өндіргенде жүзеге асатын тікелей шығындардың жіберілмеуі |
Тексеруді жүргiзген _________________ ________________ ______________
(лауазымы) (Т.А.Ә.) (қолы) М.О.
Талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда акт құрылған күнi мен
нөмiрi көрсетiледi (20__ жылғы «___» ________________ № _______)
Тексеру нәтижесiмен таныстым (келiскен/келiспеген) __________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
20__ жылғы «__» _______________
Тексеру қорытындысы бойынша тексерiлетiн субъект ____________________
(субъектiнiң атауы)
топқа ауыстырылады («+» белгiсiмен белгiлеу):
тәуекелдiң жоғары дәрежесi |
тәуекелдiң орташа дәрежесi |
тәуекелдiң маңызды емес дәрежесi |
Органның басшысы:
__________________________ _____________________________
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар министрi
2012 жылғы 29 маусымдағы
№ 222
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда министрiнiң
міндетін атқарушы
2012 жылғы 31 шілдедегі
№ 230
бiрлескен бұйрығына 3–қосымша
Нысан
Энергетикалық аудит пен энергия үнемдеу және энергия
тиімділігін арттырудың сараптамасын жүргізу бойынша энергия
үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру аясындағы жеке
кәсіпкерлік саласындағы
ТЕКСЕРУ ПАРАҒЫ
Тексерудi тағайындаған мемлекеттiк орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
(№, күнi)
Кәсiпкерлiк субъектiсiнiң атауы _____________________________________
СТН (ЖСН, БСН)
Орналасқан мекенжайы ________________________________________________
№ |
Талаптар тізбесі |
Иә |
Жоқ |
1 |
2 |
3 |
4 |
1 |
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу туралы куәлiктің болуы |
||
2 |
Энергетикалық аудиттің өткізілу тәртібінің сақталуы |
||
3 |
Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасын өткізу тәртібін сақтау |
||
4 |
Энергия аудитiн және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасын жүзеге асыру кезiнде жол берiлген бұзушылықтарды жою бойынша уәкiлеттi органның нұсқамаларын уақтылы орындалуы |
Тексеруді жүргiзген _________________ ________________ ______________
(лауазымы) (Т.А.Ә.) (қолы) М.О.
Талаптардың бұзылғаны анықталған жағдайда акт құрылған күнi мен
нөмiрi көрсетiледi (20__ жылғы «___» _______________ № ________)
Тексеру нәтижесiмен таныстым (келiскен/келiспеген) __________________
(Т.А.Ә.) (қолы)
20__ жылғы «__» _______________
Тексеру қорытындысы бойынша тексерiлетiн субъект ____________________
(субъектiнiң атауы)
топқа ауыстырылады («+» белгiсiмен белгiлеу):
тәуекелдiң жоғары дәрежесi |
тәуекелдiң орташа дәрежесi |
тәуекелдiң маңызды емес дәрежесi |
Органның басшысы:
__________________________ _____________________________
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа технологиялар министрi
2012 жылғы 29 маусымдағы
№ 222
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда министрiнiң
міндетін атқарушы
2012 жылғы 31 шілдедегі
№ 230
бiрлескен бұйрығына 4–қосымша
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру аясындағы жеке
кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері
1. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру аясындағы жеке кәсiпкерлiк саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшемдері (бұдан әрi – өлшемдер) «Энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру туралы» және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әзiрлендi және тексерiлетiн субъектiнiң тiкелей қызметiмен, салалық дамудың ерекшелiктерiмен және осы дамуға әсер ететiн факторлармен байланысты, тексерiлетiн субъектiлердi әртүрлi тәуекел дәрежелерiне жатқызуға мүмкiндiк беретiн сандық және сапалық көрсеткiштердiң жиынтығын айқындайды.
2. Осы Өлшемдерде мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) тәуекел – тексерiлетiн субъектi қызметiнiң салдарынан адамның өмiрiне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерiне, мемлекеттiң мүлiктiк мүдделерiне нұқсан келтiру зардаптарының ауырлығы дәрежесiн ескере отырып, оны келтiрудiң ықтималдылығы;
2) тексеру субъектiсі - энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында қызмет атқаратын субъект.
3. Өлшемдер тексеру субъектiлерiнiң маңыздылығы бойынша – объективтi және энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзушылықтарына жүргізілген тексерулер нәтижесі бойынша – субъективтi өлшемдер болып бөлiнедi.
4. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тексеру субъектiлерiн бастапқы жатқызу объективтi өлшемдердi ескере отырып жүзеге асырылады.
5. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тексеру субъектiлерiн әртүрлi тәуекел деңгейлерiне содан кейiнгi жатқызу субъективтi өлшемдердi ескере отырып жүзеге асырылады.
6. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласындағы тәуекел деңгейiн бағалаудың объективтi критерийлерi ескерiле отырып, мынадай тәуекел топтарына жатады:
1) жоғары дәрежедегi тәуекел тобы:
30 мың және одан жоғары көлемде шартты отын тұтынатын Мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерi;
30 мың және одан жоғары көлемде шартты отын тұтынатын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
Өнеркәсіп кәсіпорындарына, сондай-ақ ғимараттарға, құрылымдарға, құрылыстарға энергетикалық аудит және ғимараттардың, құрылымдардың, құрылыстардың жоба алдындағы және (немесе) жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаларын энергия үнемдеу және энергия тиімділігіне сараптама жүргізетін уәкілетті органмен аккредиттелген заңды тұлғалар.
2) орташа дәрежедегi тәуекел тобы:
10 мыңнан 30 мыңға дейінгі көлемде шартты отын тұтынатын мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерi;
10 мыңнан 30 мыңға дейінгі көлемде шартты отын тұтынатын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
ғимараттарға, құрылымдарға, құрылыстарға энергетикалық аудитті жүзеге асыратын уәкілетті органмен аккредиттелген заңды тұлғалар.
3) болымсыз дәрежедегi тәуекел тобы:
1500 ден 10 мыңға дейінгі көлемде шартты отын тұтынатын мемлекеттiк энергетикалық тiзiлiм субъектiлерi;
1500 тоннаға дейінгі көлемде шартты отын энергетикалық ресурстарын тұтынатын жеке кәсіпкерлер және заңды тұлғалар;
ғимараттардың, құрылымдардың, құрылыстардың жоба алдындағы және (немесе) жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаларын энергия үнемдеу және энергия тиімділігіне сараптамасын жүзеге асыратын уәкілетті органмен аккредиттелген заңды тұлғалар.
7. Бақылау субъектiлерiн тәуекел топтарына мынадай тәртіпте бөлу тиiстi балл берiлетiн субъективтi өлшемдердi ескере отырып жүзеге асырылады:
энергетикалық аудит қорытындысының болмауы – 3 балл;
энергетикалық аудит өткеннен кейін бес жыл ішінде энергетикалық аудиттың қорытындысы бойынша анықталған ғимараттың, құрылымның, құрылыстың, бірлікке судың ауданының ауқымына дейін және энергетикалық қорларды тұтынудың жылдық көлемін азайтуын қамтамасыз етпеуі (Мемлекеттік энергетикалық тізілім субъектілері үшін, мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) – 3 балл;
электр желілерінде қуаттылық коэффицентінің нормативтік мәнінің сақталмауы – 2 балл;
энергия тұтыну нормативтерінің сақталмауы – 2 балл;
энергия тұтынатын жабдықтардың режимге сәйкес еместігінен, құбырлардың жылу оқшаулау сақтамай пайдалануынан, арматуралардың, жабдықтардың жарамсыздығынан туындаған энергетикалық қорларды, суды өндіргенде жүзеге асатын тікелей шығындардың жіберілуі– 2 балл;
энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру саласында аккредиттеу туралы куәлiктің болмауы – 3 балл;
энергетикалық аудиттің өткізу тәртібінің сақталмауы – 2 балл;
энергия үнемдеу және энергия тиімділігінің сараптамасын өткізу тәртібінің сақталмауы – 2 балл;
энергия аудитiн және (немесе) энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасын жүзеге асыру кезiнде жол берiлген бұзушылықтарды жою бойынша уәкiлеттi органның нұсқамаларын уақтылы орындалмауы – 2 балл.
8. Алған баллдарының жалпы қосындысына байланысты:
жоғары тәуекел дәрежесiне 6 және одан жоғары балл алған бақылау субъектiлерi жатқызылады;
орташа тәуекел дәрежесiне - 4 балдан 6 балға дейiн;
болымсыз тәуекел дәрежесiне - 4 балға дейiн.