Қазақстан Республикасының магистралдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерлікті тексеру парағының нысандарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрінің м.а. 2012 жылғы 30 шілдедегі № 128 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің м.а. 2012 жылғы 31 шілдедегі № 235 Бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 10 тамызда № 7835 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына, «Магистралдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 11-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қазақстан Республикасының магистралдық құбыр туралы заңнамасын сақтауда жеке кәсіпкерліктің тексеру парағының ұсынылған нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті (Т.А. Момышев):
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен соң он күнтізбелік күн ішінде оның ресми түрде жариялануға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрінің м.а.       Экономикалық даму және
                                            сауда министрінің м.а.
      ________________ Б. Толымбаев         ____________ М. Құсайынов
      2012 жыл 30 шілде                     2012 жыл 31 шілде

Қазақстан Республикасының  
Мұнай және газ министрінің м.а.
2012 жылғы 30 шілдедегі   
№ 128             
және Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және    
сауда министрінің м.а.    
2012 жылғы 31 шілдедегі    
№ 235             
бірлескен бұйрықтарымен    
бекітілген          

Нысан

Қазақстан Республикасының магистралдық құбыр туралы заңнамасын
сақтауда жеке кәсіпкерлікті тексеру парағы

Тексеруді тағайындайтын мемлекеттік орган ___________________________
_____________________________________________________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                            (№, мерзімі)
Кәсіпкерлік субъектісінің атауы _____________________________________
                                           СТН (БСН, ЖСН)
Тұрған жері, мекенжайы ______________________________________________

№ р/с

Талаптар

Көрсетілген талаптарға сәйкес келеді (+)

Талаптарға сәйкес келмейді (-)

Қажет емес (+)

1.

Белгіленген уақыт мерзімінде уәкілетті органға тасымалдау көлемдері мен бағыттарын көрсете отырып, мұнай тасымалдау кестесінің нақты орындалуы туралы есепті ұсыну




2.

«Лицензиялау туралы» 2007 жылғы 11 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес магистралдық құбыр саласындағы лицензияның болуы




3.

Теңіз айдынында тартылған магистралдық құбырда авариялардың алдын алу құралдарының, сондай-ақ авария болған жағдайда немесе жөндеу жұмыстары кезінде теңіз айдыны арқылы тартылған магистралдық құбырды теңізде өндіру объектілерінен ажыратуға мүмкіндік беретін бекіткіш арматураның орнатылуы




4.

«Магистралдық құбыр туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының 2-тармағында көрсетілген магистральдық құбырдың шектеулі өткізу қуаты кезінде мұнайды және (немесе) мұнай өнімдерін магистральдық құбырмен тасымалдау жөніндегі қызметтерді кезектілік тәртібінің сақталуымен ұсыну




5.

Мұнай тасымалдау жөніндегі қызметтерді магистральдық құбырлар жүйесінде мұнай тасымалдаудың қолданыстағы маршруттары бойынша мұнайды магистральдық мұнай құбырларымен тасымалдау кестесінің сақталуымен ұсынылуы




      Тексеру жүргізді ______________ ___________________ ___________
                         (лауазымы)        (аты-жөні)        (қолы)
      М.О.

      Талаптар бұзылған жағдайда ұйғарымның нөмірі мен жасалған
мерзімі көрсетіледі (20___ жыл "___" ________________ № ____________)
      Тексеру нәтижесімен таныстым
      (келісемін/келіспеймін) ________________________ ______________
                                     (аты-жөні)            (қолы)
      20___ жыл "___" _________________
      Тексеру қорытындылары бойынша тексерілген субъект
_____________________________________________________________________
                          (субъект атауы)
      тобына ("+" таңбасымен белгілеу) ауыстырылады:

тәуекелдің жоғары дәрежесі

тәуекелдің орта дәрежесі

тәуекелдің болмашы дәрежесі

      Органның лауазымды тұлғалары:
      __________________________ __________ _________________________
              (лауазымы)           (қолы)           (аты-жөні)
      __________________________ __________ _________________________
              (лауазымы)           (қолы)           (аты-жөні)
      Орган басшысы:
      __________________________        _____________________________