Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында 2012-2013 оқу жылының басталуы туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 336 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 30 шілдеде № 7815 тіркелді

Қолданыстағы

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Меншік нысандарына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы орта білім беру ұйымдарында 2012-2013 оқу жылының басталу мерзімі 2012 жылғы 1 қыркүйек болып анықталсын.
      Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптасын, бірінші сыныптарда - 33 оқу аптасын, 2-11 (12)- сыныптарда - 34 оқу аптасын құрайды. Оқу жылы барысында каникулдар:
      1) 1-11 (12) - сыныптарда: күзгі каникул - 8 күн (2012 жылғы 5-12 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 10 күн (2012 жылғы 30 желтоқсан - 2013 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 12 күн (2013 жылғы 21 наурыз - 1 сәуірді қоса алғанда);
      2) мектепалды даярлық сыныптарында: күзгі каникул - 8 күн (2012 жылғы 5 - 12 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 14 күн (2012 жылғы 28 желтоқсан - 2013 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда), көктемгі - 15 күн (2013 жылғы 21 наурыз - 4 сәуірді қоса алғанда);
      3) мектепалды даярлық сыныптары мен бірінші сыныптарда: қосымша каникул - 7 күн (2013 жылғы 2-8 ақпанды қоса алғанда) мерзімінде белгіленеді.
      2. 2012 жылғы 1 қыркүйекте барлық жалпы орта білім беру ұйымдарында «Мемлекеттік рәміздер - ұлттық мақтаныш» тақырыбында сабақ өткізілсін.
      3. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А. Жонтаева):
      1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Жұмағұлов