Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 18 маусымдағы № 281 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 17 шілдеде № 7796 тіркелді

Қолданыстағы

      «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидалары бекітілсін.
      2. «Техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кәсiптерi (мамандықтар) бойынша кәсiптiк даярлық деңгейiн растау және бiлiктiлiктi беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы № 595 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5035 тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 4 қаңтардағы № 1 (1401) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Техникалық және кәсiптiк бiлiм департаментi (Қ.Қ. Бөрiбеков):
      1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр С.Б. Шаяхметовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан күннен кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Министр                                    Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым Министрінің
2012 жылғы 18 маусымдағы 
№ 281 бұйрығымен     
бекітілген        

Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет
көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті
беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және техникалық және қызмет көрсететін еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша біліктілікті беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 20) тармақшасына сәйкес әзірленді.
      2. Осы Қағидалар меншiк нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсiптiк білім беретін ұйымдарға таратылады.
      3. Осы Қағидалар техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кәсiптерi (мамандықтар) бойынша кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және бiлiктiлiктi беру тәртiбiн анықтайды және төмендегіні:
      1) кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және біліктілік беру жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыруды;
      2) кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және біліктілік беруді өткізуді ұйымдастыруды;
      3) апелляциялық комиссияның қызметін ұйымдастыру және апелляцияны карауды;
      4) сертификат беруді қамтиды.
      4. Осы Қағидаларда келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау (бұдан әрі – КДДБ) - игерілетін мамандыққа қарай арнайы пәндер бойынша біліктілік емтихандарын (жазбаша тестілер) тапсыруды және біліктілік (сынама) жұмысын (практикалық тест) орындауды көздейтін, техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кәсiбi (мамандық) бойынша кәсiптiк даярлық деңгейiнің сәйкестілік дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;
      2) біліктілік емтихандары (жазбаша тесттер) – ұзақтығы 2,5 (екі жарым) астрономиялық сағатта (150 минут) оқу бағдарламаларына сәйкес әр арнайы пәндер бойынша (қазақ және орыс тілдерінде) тестілеу нысанында өткізіледі;
      3) біліктілік (сынама) жұмысын тапсыру – бiлiктiлiк сипаттамалармен, техникалық талаптармен көзделген, бiлiктiлiк деңгейiне сәйкес келетiн, практикалық тест түрінде аталған кәсiпке (мамандыққа) тән біліктілік (сынама) жұмысын орындау;
      4) сертификат – «Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 1310 қаулысымен бекітілген үлгідегі маманның біліктілік талаптарына, сондай-ақ стандарттарға сәйкестілік деңгейін (кәсіби құзыреттілік деңгейі) растайтын құжат (бұдан әрі – Сертификат);
      5) сертификаттау жөніндегі тәуелсіз орган – сәйкестілікті растау рәсімін ұйымдастыруды және КДДБ қорытындылары бойынша Сертификат беруді орындау үшін белгіленген тәртіпте аккредиттелген заңды тұлға;
      6) апелляция – КДДБ қатысушыларының КДДБ-ның белгіленген өткізілу тәртібінің бұзылуы не нәтижелермен келіспеуі жөніндегі жазбаша арызы бойынша даулы мәселелерді қарастыру және құқықтарын қорғау мақсатында өткізілетін рәсім.

2. Кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және біліктілік беру
жөніндегі комиссияның қызметін ұйымдастыру

      5. Техникалық және кәсіптік білім бейіндері бойынша КДДБ өткізу және техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кәсiптерi (мамандықтары) бойынша біліктілікті беру үшін сертификаттау жөніндегі тәуелсіз орган бiлiктiлiк комиссиясын (бұдан әрi - БК) құрады. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 3 (үш) адамды (тақ сан) құрайды.
      6. БК құрамы жұмыс берушілерден, тестіленетін кәсіптердің (мамандықтардың) жоғары білікті мамандарынан КДДБ өткізуден 30 күнтізбелік күн бұрын құрылады.
      7. БК төрағасы кәсiпорындардың, ұйымдардың (құрылымдық бөлiмшелердiң) басшыларының арасынан тағайындалады.
      8. БК төрағасының немесе төраға орынбасарының тестіленетін кәсіптер (мамандықтар) бойынша тиiстi мамандығы болуы керек.
      9. БК құрамына қауiпсiздiк және еңбектi қорғау жөнiндегi органдарының өкiлдерi, өндiрiстiк учаскелердің шеберлерi, директорлардың оқу-өндiрiстiк жұмысы жөнiндегi орынбасарлары, арнайы пәндер оқытушылары, өндiрiстiк оқыту шеберлерi тартылады.
      10. БК хатшысы сертификаттау жөніндегі тәуелсіз орган қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады. Хатшы БК құрамына кірмейді.
      11. Бiлiктiлiк комиссияларының құрамы, олардың жұмысын ұйымдастыру, тракторларды және басқа да өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы мелиоративтiк көлiктерiн, сондай-ақ автокөлiк құралдарын басқаруға берiлетiн куәлiктердi беру тәртiбi Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 33 бұйрығымен бекітілген Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жоғары өтімді арнайы машиналарды жүргізу құқығына емтихандар қабылдау және куәліктер беру жөніндегі ережелерге (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2725 тіркелген) сәйкес анықталады.
      12. Арнайы ұйымдармен және ведомстволармен қадағаланатын объектiлердегi жұмыстармен байланысты (жүк көтергiш крандарының машинистерi, электрлiк көтергiштер (лифтiлер) слесарь-монтажниктер, газэлектрлiк дәнекерлеушілер, электрлiк станциялардың кезекшi қызметкерлерi және басқалар) бiлiктiлiк емтихандарын тапсыру кезiнде (жазба тестi) БК-нiң құрамына осы ұйымдардың өкiлдерi де кiредi.

3. Кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалау және бiлiктiлiк беруді
өткізуді ұйымдастыру

      13. КДДБ өткізуді ұйымдастырушы сертификаттау жөніндегі тәуелсіз орган болып табылады.
      14. Кәсiптiк даярлық деңгейiн бағалауға техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдардың түлектері жіберіледі.
      15. Кәсіптік даярлық деңгейін бағалау және біліктілікті беруге қатысу үшін:
      1) КДДБ қатысуға кандидаттың өтінішін (еркін нысан);
      2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;
      3) бұрын берілген біліктілік туралы құжаттың көшірмесін (болған жағдайда) өткізу қажет.
      16. Толық құжаттар пакеті ұсынылғаннан кейін КДДБ өткізу жөніндегі қызметтерді көрсетуге арналған келісім-шарт жасалады.
      Ұсынылған құжаттар пакеті толық болмаған жағдайда КДДБ өтуге рұқсат берілмейді.
      17. Бiлiктiлiк емтиханы (жазбаша тестiлеу) арнайы пәндер бойынша (қазақ және орыс тілдерінде) өткізіледі және оқу бағдарламаларына сәйкес 100 сұрақтан тұрады. Әрбiр тестiк тапсырманың дұрыс жауабы 1 (бір) балмен бағаланады.
      18. Жазбаша тестiлеу бойынша 60 баллдан кем алғандар, бiлiктiлiк жұмыстарын тапсыруға жiберiлмейдi.
      19. Жазбаша тесттердiң нәтижелерi баллмен бағаланады және сол күнi БК отырысының хаттамасы ресiмделгеннен кейiн жарияланады. Практикалық тест түрiндегi бiлiктiлiк (сынама) жұмыстарын өткiзу кезiнде бiлiктiлiк сипаттамалармен, техникалық талаптармен көзделген бiлiктiлiк деңгейiне сәйкес келетiн аталған кәсiп (мамандық) үшiн сипатталған жұмыс көзделедi.
      20. Бiлiктiлiк (сынама) жұмыстарын орындаудың тiзбесi, мазмұны, және талаптары, оның ішінде бұйымдарды әзірлеу оқу жұмыс бағдарламалары мен бiлiктiлiк сипаттамаларына сәйкес анықталады.
      21. БК мүшелерi бiлiктiлiк жұмыстарын бағалау кезiнде жалпы техникалық және арнайы пәндер бойынша нақты бiлiм деңгейiн, өндiрiстiк оқыту бойынша iскерлiк және практикалық дағдыларды және олардың кәсiптер (мамандықтар) бойынша оқу бағдарламалары мен бiлiктiлiк сипаттамаларының талаптарына сәйкестiгiн есепке алады.
      22. Бiлiктiлiк (сынама) жұмысы:
      1) егер тапсырма техникалық талаптар мен шарттарға сәйкес толық көлемде орындалса, қабылданған болып есептеледi;
      2) бiлiктiлiк жұмыстарын (практикалық тест) орындауға арналған пысықтау нормасын (уақыт) орындамаған жағдайда қабылданбаған болып саналады.
      23. Емтихан тапсырушы өткiзу тәртiбiн бұзған жағдайда, одан әрi емтиханды тапсыру туралы мәселенi БК төрағасы шешедi.
      24. Кәсiптер (мамандықтар) бойынша бiлiктiлiк емтихандарының нәтижесi (жазбаша тест) және емтихан тапсырушыға бiлiктiлiк дәрежелерiн (класс, санат) беру туралы БК-нiң шешiмi БК-нiң төрағасы мен барлық мүшелерi қол қоятын хаттамаға жазылады және техникалық және кәсiптiк білім беру ұйымдарына жолданады.
      25. Жазбаша тесттерді немесе біліктілік (сынама) жұмыстарын қайта тапсыру 3 (үш) ретке дейін тестіленетін кандидаттың өтініші негізінде және кемінде 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін рұқсат етіледі. Келесі қайта тапсыру бір күнтізбелік жыл өткеннен кейін рұқсат етіледі.

4. Апелляциялық комиссияның қызметін ұйымдастыру және
апелляцияны қарау

      26. Даулы мәселелерді қарау және КДДБ қатысушыларының құқықтарын қорғау үшін сертификаттау жөніндегі тәуелсіз орган 3 адамнан тұратын Апелляциялық комиссия құрады (бұдан әрі - АК).
      27. АК құру осы Қағидалардың 6-тармағына, ал АК-ның Төрағасы мен мүшелеріне қойылатын талаптар 7 және 8-тармақтарына сәйкес келуі тиіс. АК құрамына БК мүшелері болып табылатын тұлғалар кіре алмайды.
      28. АК хатшысы сертификаттау жөніндегі тәуелсіз орган қызметкерлерінің қатарынан тағайындалады. Хатшы БК құрамына кірмейді.
      29. КДДБ-ға қатысушы кандидат тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда апелляцияға өтініш береді.
      30. Апеляцияға өтініш (бұдан әрі – өтініш) АК Төрағасының атына тестiлеу нәтижесi жарияланғаннан кейiн бiр күн ішінде беріледі.
      31. Өтініште келіспеу себептері көрсетілуі тиіс және өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаты қоса беріледі.
      32. Апелляцияға беру үшін негіз болып табылатындар:
      1) техникалық қате;
      2) техникалық және кәсіптік білім бейіні бойынша тест тапсырмасы мазмұнының сәйкес келмеуі;
      3) осы Қағидалармен белгіленген нормаларды бұзу.
      33. АК бір тәулік ішінде апелляцияны қарастыру нәтижесіне сәйкес аппеляцияны қабылдамау немесе қанағаттандыру туралы тиісті шешімді қабылдайды.

5. Сертификат беру

      34. КДДБ бойынша біліктілік емтиханынан ойдағыдай өткен тұлғаларға БК-ның хаттамасында ресімделген КДДБ нәтижесіне сәйкес сертификаттау жөніндегі тәуелсіз орган нақты кәсiп (мамандық) бойынша тиiстi бiлiктiлiк деңгейi тағайындалады және біліктілік беру туралы Сертификат берiледі.
      35. Біліктілік емтиханын тапсыру қорытындысы бойынша БК шешімінің хаттамасы сертификаттау жөніндегі тәуелсіз органда сақталады.
      36. Кәсiптiк даярлық деңгейi туралы сертификаттарды беру техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кәсiптерi (мамандықтар) бойынша бiлiктiлiктi беру туралы Сертификаттарды есепке алу және беру журналында рәсiмделедi.
      37. Сертификат алғандар туралы ақпарат білікті мамандардың деректер базасына енгізіледі және сертификаттау жөніндегі тәуелсіз органның сайтында жарияланады.