Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 25 мамырдағы № 194 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 2 шілдеде № 7781 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк Төрағасы                            Г. Марченко

Қазақстан Республикасы   
Ұлттық Банкінің Басқармасының
2012 жылғы 25 мамырдағы  
№ 194 қаулысымен бекітілген

Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидалары

      Осы Банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету қағидалары «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленген және банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алу мақсаттары үшін заңды тұлғаның ақпаратты жария ету тәртібін айқындайды.
      1. Заңның 8-1-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес банктік қарыз және (немесе) банк кепілдігін алуға ниетті заңды тұлға деп жиынтығында заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына тікелей немесе жанама түрде иелік ететін тұлғалар туралы ақпаратты мынадай құжаттардың (мәліметтердің) бірін ұсыну арқылы жария ететін тұлға түсініледі:
      1) құрылтай құжаттарының көшірмелерін;
      2) акционерлердің (қатысушылардың) тізілімінен үзінді-көшірмелерін;
      3) резидент емес заңды тұлғаның құрылтайшыларын (қатысушыларын) және мажоритарлық акционерлерін көрсете отырып, сауда тізілімінен (акционерлер тізілімінен немесе резидент емес тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген осындай өзге құжаттан) үзінді-көшірмелерін;
      4) қызметін Қазақстан Республикасының не шет мемлекеттің аумағында жүзеге асыратын қор биржасының не электрондық жүйелердің (REUTERS, Bloomberg сияқты) интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтерді;
      5) соңғы есепті күнгі, аудиторлық ұйым растаған жылдық қаржылық есептілікті;
      6) бағалы қағаздар шығарылымы проспектісінің немесе резидент емес заңды тұлға тіркелген мемлекеттің заңнамасында көзделген, бағалы қағаздар шығарылымын растайтын осындай өзге құжаттың көшірмелерін;
      7) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің немесе Қаржы нарығын немесе қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау комитетінің не заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына тікелей немесе жанама түрде иелік ететін тұлға орналасқан елдің қаржылық қадағалау органының интернет-ресурсында не Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес қаржылық есептілік депозитарийінің интернет-ресурсында орналастырылған мәліметтерді;
      8) қаржы ұйымы не Қазақстан Республикасының банк мәртебесі бар, сақтандыру ұйымы, зейнетақы қоры, бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы немесе кастодиандық қызметті, мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым болып табылатын резидент емес заңды тұлғасы ұсынған мәліметтерді.
      2. Заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына тікелей немесе жанама түрде иелік ететін тұлғалардың жиынтық үлесіне мынадай критерийлердің біріне сәйкес келетін жеке және (немесе) заңды тұлғалардың үлестері кіреді:
      Қазақстан Республикасының Үкіметі, жергілікті атқарушы орган не шет мемлекет бақылайды;
      Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес халықаралық ұйым болып табылады;
      Қазақстан Республикасына берілген тәуелсіз рейтингіден төмен емес жеке кредиттік рейтингі немесе оған сәйкес келетін, Қағидалардың 2-қосымшасында көрсетілген, Қағидалардың 3-қосымшасында көрсетілген рейтингілік агенттіктердің бірі берген рейтингісі бар ұйым болып табылады;
      акциялары Қазақстан Республикасының қор биржасының және (немесе) Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген тізбеге сәйкес қор биржаларының ресми тізіміне енгізілген ұйым болып табылады;
      заңды тұлғаның өзі орналасқан жерінің қаржылық қадағалау ұйымынан қаржы ұйымының осы елдің заңнамасы шеңберінде қаржылық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті екені туралы жазбаша растамасы бар.
      3. Заңды тұлғада Қағидалардың 1-тармағында көзделген ақпарат болмаған жағдайда, банк банктік қарызды және (немесе) банк кепілдігін Заңның 8-1-бабы 2-тармағының 9) тармақшасына сәйкес, заңды тұлға мынадай ақпаратты жария еткен кезде береді:
      1) үлестес (байланысты) тараптармен ақпарат ұсынылған күннің алдындағы соңғы тоқсан ішінде жүргізілген, сондай-ақ ақпарат ұсыну күнінің алдындағы күні қолданыстағы қомақты операциялар және операциялар туралы.
      Осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген қомақты операциялар деп нәтижесінде құны заңды тұлғаның қаржылық есептілікте көрсетілген активтерінің баланстық құнының жалпы мөлшерінің жиырма бес және одан көп пайызын құрайтын мүлік сатып алынатын немесе иеліктен шығарылатын (сатып алынуы немесе иеліктен алынуы мүмкін) операцияларды (өзара байланысты операциялардың жиынтығы) түсіну керек;
      2) заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының он және одан көп пайызын тікелей иелік ететін, жиынтығында заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының елу пайызынан астамына иелік ететін тұлғалар, сондай-ақ олардың үлестес (байланысты) тұлғалары туралы, көрсетілген тұлғалардың заңды тұлға құжаттар ұсынған күнгі құқықтарын куәландыратын тиісті құжатпен расталған.
      Осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген тұлғалар заңды тұлғаның жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не орналастырылған (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) акцияларының он және одан көп пайызын иелік ету мақсаттарын, сондай-ақ егер бар болса, заңды тұлғаның активтерін сату, заңды тұлғаның қызметін немесе басқаруды қайта ұйымдастыру немесе айтарлықтай өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарларды және ұсыныстарды жария етуі тиіс;
      3) дебиторлық және кредиторлық берешекте басым үлес тиесілі болатын дебиторлар мен кредитор туралы, тиісті құжаттармен расталған.
      Осы тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген басым үлес деп он және одан көп пайыздағы мөлшерді түсінуі керек;
      4) Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғаның активтері және Қазақстан Республикасының резиденттері алдындағы міндеттемелер туралы. Бұл ретте заңды тұлғаның активтерінің кемінде екіден бірі Қазақстан Республикасының аумағында орналастырылған, тиісті құжаттармен расталған активтермен берілген.
      Ереженің 1-тармағының 2)3) тармақшаларында, сондай-ақ 3-тармағының 3) тармақшасында көзделген құжаттар заңды тұлға құжаттарды ұсынған күннің алдындағы күнтізбелік отыз күннен аспайтын күні ұсынылады.

Банктік қарыз және (немесе)  
банк кепілдігін алу мақсаттары
үшін заңды тұлғаның ақпаратты
жария ету қағидаларына    
1-қосымша          

Халықаралық ұйымдардың тізімі

      1. Азия даму банкі.
      2. Африка даму банкі.
      3. Халықаралық есеп айырысулар банкі.
      4. Еуропа қайта құру және даму банкі.
      5. Еуропа инвестициялық банкі.
      6. Еуразия даму банкі.
      7. Ислам даму банкі.
      8. Америкааралық даму банкі.
      9. Халықаралық қайта құру және даму банкі.
      10. Халықаралық қаржы корпорациясы.

Банктік қарыз және (немесе)  
банк кепілдігін алу мақсаттары
үшін заңды тұлғаның ақпаратты
жария ету қағидаларына    
2-қосымша           

Рейтингілердің салыстырмалы кестесі

Standard and Poors

Moody's Investors Service

Fitch

Dominion Bond Rating Service (DBRS)

Japan Credit Rating Agency (JCR)

Rating and Investment Information (R&І)

Capital Intel- ligence

1.

ААА

Ааа

ААА

ААА

AAA

AAA

AAA

2.

АА+

Aa1

АА+

AAH

AA+

AA+

AA+

3.

АА

Аа2

АА

АА

AA

AA

AA

4.

АА-

Аа3

АА-

AAL

AA-

AA-

АА-

5.

А+

A1

А+

АH

A+

A+

A+

6.

А

А2

А

A

A

A

A

7.

А-

A3

А-

AL

A-

A-

A-

8.

ВВВ+

Baa1

ВВВ+

BBBH

BBB+

BBB+

BBB+

9.

ВВВ

Ваа2

ВВВ

BBB

BBB

BBB

BBB

10.

ВВВ-

Ваа3

ВВВ-

BBBL

BBB-

BBB-

BBB-

11.

ВВ+

Ba1

ВВ+

BBH

BB+

BB+

BB+

12.

ВВ

Ва2

BB

BB

BB

BB

BB

13.

ВВ-

Ва3

ВВ-

BBL

BB-

BB-

BB-

Банктік қарыз және (немесе)  
банк кепілдігін алу мақсаттары
үшін заңды тұлғаның ақпаратты
жария ету қағидаларына    
3-қосымша          

Рейтингілік агенттіктердің тізбесі

      1. Capital Intelligence.
      2. Dominion Bond Rating Service (DBRS).
      3. Fitch.
      4. Iараn Сrеdit Rating§ Аgеnсу (IСR).
      5. Moody's Investors Service.
      6. Rating§& Investmеnt Information (R&I).
      7. Standard & Poors.

Банктік қарыз және (немесе)  
банк кепілдігін алу мақсаттары
үшін заңды тұлғаның ақпаратты
жария ету қағидаларына    
4-қосымша          

Халықаралық қор биржалары таныған қор биржаларының тізімі

      1. Америка қор биржасы (American Stock Exchange).
      2. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG).
      3. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing).
      4. Амстердамдағы «Евронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam).
      5. Брюссельдегі «Евронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels).
      6. Лиссабондағы «Евронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon).
      7. Париждегі «Евронекст» Еуропа қор биржасы (Euronext Paris).
      8. Ирландия қор биржасы (Irish Stock Exchange).
      9. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA).
      10. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange).
      11. Лондон халықаралық қаржы фьючерстері биржасы (London International Financial Futures and Options Exchange).
      12. Малайзия қор биржасы (Bursa Malaysia).
      13. Үндістан ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited).
      14. Неміс қор биржасы (Deutsche bourse AG).
      15. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange).
      16. Испанияның біріккен қор биржасы (ВМЕ Spanish Exchanges).
      17. Құрамына Стокгольм, Хельсинки, Таллин және Рига биржалары кіретін біріккен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.).
      18. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange).
      19. Стамбул қор биржасы (Istanbul Stock Exchange).
      20. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Exchange).
      21. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange).
      22. Француз халықаралық қаржы фьючерстері биржасы (French International Financial Futures Exchange MATIF).
      23. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange).
      24. Филиппин қор биржасы (Philippine Stock Exchange).
      25. Афина қор биржасы (Athens Exchange).
      26. Австралия қор биржасы (Australian Stock Exchange).
      27. Джакарта қор биржасы (Jakarta Stock Exchange).
      28. Йоханнесбург қор биржасы (Оңтүстік Африка) (JSE Securities Exchange South Africa).
      29. Копенгаген қор биржасы (Copenhagen Stock Exchange).
      30. Люксембург қор биржасы (Bourse de Luxembourg).
      31. Мальта қор биржасы (Malta Stock Exchange).
      32. Монреаль қор биржасы (Bourse de Montreal).
      33. Жаңа Зеландия қор биржасы (New Zealand Exchange).
      34. Осака қор биржасы (Osaka Securities Exchange).
      35. Осло қор биржасы (Oslo bourse).
      36. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss Exchange).
      37. Чикаго опциондар биржасы (Chicago Board Options Exchange).
      38. Чикаго мерзімді тауар биржасы (The Chicago Board of Trade).
      39. Чикаго тауар биржасы (Chicago Mercantile Exchange).
      40. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange).
      41. Шэньчжень қор биржасы (Shenchzhen Stock Exchange).
      42. Оңтүстік Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange).