Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының "Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 3 қарашадағы № 306 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 238 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 29 маусымдағы № 7777 тіркелді

Қолданыстағы

      «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 155-бабына сәйкес, «Әділет органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 2-тармағының 3) тармақшасын басшылыққа ала отырып БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушының «Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 3 қарашадағы № 306 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6628 болып тіркелген, 2010 жылғы 30 қарашадағы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған № 506-512 (26355)) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке сот орындаушысының кеңсесінде іс жүргізу туралы ережеде:
      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Құжаттарды есепке алу және оның орындалуын бақылау үшін жеке сот орындаушылары мынадай журналдарды жүргізеді, ол тігілген, нөмірленген және жеке сот орындаушының қол қоюымен және мөрімен бекітілуі тиіс:».
      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                              Б. Имашев.