Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiне бағалау жүргiзу ережесiнің 23-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті (А.Ә. Рахымбаев):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркелуден кейін 10 күнтізбелік күн ішінде ресми жариялауға жіберуін;
3) осы бұйрықтың қолданысқа енгізілген күнінен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде ресми жариялануын;
4) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы 30 мамырдағы
№ 179 бұйрығымен
бекітілген
Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістеме
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) «Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысын іске асыру мақсатында әзірленген (бұдан әрі – Ереже).
2. Әдістеме бағаланатын республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) жергілікті атқарушы органдарының (бұдан әрі – мемлекеттік органдар) қадағаланатын саланы/аяны/өңірді дамытуға бағытталған шаралардың тиімділігін айқындауға арналған.
3. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау (бұдан әрі – Тиімділікті бағалау) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімдігімен бекітілген республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу кестесіне сәйкес (бұдан әрі – Бағалау кестесі) жүзеге асырылады.
4. Тиімділікті бағалауды облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi уәкiлеттi органы жүзеге асырады (бұдан әрі – Уәкілетті орган).
5. Тиімділікке бағалау жүргізу үшін Уәкілетті орган Ереже шеңберінде тиісті бағыттар бойынша тиімділікті жалпы бағалаудың нәтижелері туралы сараптамалық қорытындыны әзірлеу бойынша Өңірлік сараптама комиссиясының (бұдан әрі – Өңірлік сараптама комиссиясы) жұмыс органының кіші жұмыс органы болып табылатын лауазымды тұлғалардың қатарынан кіші жұмыс тобы (бұдан әрі – Кіші жұмыс тобы) құрылады.
2. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалауға арналған ақпарат көздері
6. Тиімділікті бағалау:
республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан әкімінің аппараты стратегиялық жоспарының 3-бөлімі;
республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы аудан әкімінің аппараты стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы есеп;
ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумақтарын дамыту бағдарламасының (бұдан әрі – Аумақтарды дамыту бағдарламасы) 4-бөлімі;
Аумақтарды дамыту бағдарламасының іске асырылуы туралы есеп;
статистикалық деректердің;
басқа да көздер (болған жағдайда) негізінде жүзеге асырылады.
7. Кіші жұмыс тобы барлық көздерден алынатын мәліметтерді олардың дұрыстығы нысанасына талдау жүргізеді.
8. Деректердің дұрыстығы статистикалық деректермен, сондай-ақ салалық атқарушы органдардың деректерімен расталады.
3. Бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті ақпараттарында қамтылған деректерді қайта тексеру
9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 маусымдағы № 573 қаулысымен бекітілген Облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдар қызметінің тиімділігіне бағалау жүргізу ережесінің 42-тармағына сәйкес Уәкілетті орган бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті ақпараттарында қамтылған деректерді қайта тексеруді жүзеге асырады (бұдан әрі - Қайта тексеру).
10. Қайта тексеру мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының/Аумақты дамыту бағдарламасының тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша ақпараттың дұрыстығын айқындау тұрғысынан жүргізіледі.
11. Қайта тексеру Бағалау кестесіне сәйкес жүргізіледі.
12. Деректерді қайта тексеру растаушы құжаттарды жинақтау және талдау (статистикалық деректер, ведомстволық есептер, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер актілері, хаттамалар, хаттар және басқа да ақпарат) жолымен жүзеге асырылады.
13. Қайта тексеру шеңберінде Уәкілетті орган «құпия» немесе «қызметтік қолдану үшін» деген мәртебесі бар құжаттардан басқа, растайтын құжаттардың электрондық көшірмелерін алуға хақылы.
4. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау
14. Тиімділікті бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:
1) стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мемлекеттік орган/жергілікті атқарушы орган қызметінің барлық салаларын қамтуы;
2) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының/Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу;
3) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарындағы/Аумақты дамыту бағдарламасындағы міндеттерді іске асыру.
15. Тиімділікті бағалау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
А – қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігінің бағасы;
V – стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мемлекеттік орган қызметінің барлық салаларын қамту коэффициенті;
X – мемлекеттік органның стратегиялық жоспары/Аумақты дамыту бағдарламасы мақсаттарына қол жеткізу коэффициенті;
Y – мемлекеттік органның стратегиялық жоспарындағы/Аумақты дамыту бағдарламасындағы міндеттердің іске асырылу коэффициенті.
16. «Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мемлекеттік орган қызметінің барлық салаларын қамтуы» өлшемі бойынша есептеу мемлекеттік органның қызметін регламенттейтін ереже мен нормативтік құқықтық актілердің ұсынылуы және олардың негізінде жүзеге асырылады.
Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мемлекеттік орган қызметінің барлық салаларын қамту коэффициенті (бұдан әрі – Қамту коэффициенті) мемлекеттік орган қызметінің барлық салалары/бағыттарының стратегиялық жоспарының/Аумақты дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторлары мен тікелей нәтижелер көрсеткіштерімен қамтылуын заңнама және заңға бағынысты деңгейлерде оған бекiтілген міндеттер мен функцияларына сәйкес сараптамалық айқындау жолымен анықталады.
Қамту коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
V – стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мемлекеттік орган қызметінің барлық салаларын қамту коэффициенті;
Db – әрбір b саланы қамту коэффициенті;
E – мемлекеттік орган қызметі салаларының жалпы саны.
Db = 1 егер мемлекеттік орган қызметінің әрбір b саласы есепті кезеңде стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторлары мен тікелей нәтижелері көрсеткіштерімен қамтылған жағдайда.
Бұл ретте, стратегиялық жоспарларды/Аумақты дамыту бағдарламасын әзірлеу бөлігінде мемлекеттік жоспарлау саласындағы нормативтiк құқықтық актілерге сәйкес сараптамалық жолмен айқындалатын мемлекеттік орган қызметінің салаларына нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсеткіштерінің жеткiлiктiлiгі, сапасы және сәйкестiгі ескеріледі.
Егер қызмет саласы есепті кезеңде стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының нысаналы индикаторларымен немесе тікелей нәтиже көрсеткіштерімен қамтылған жағдайда, онда Db = 0,5.
Егер нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсеткіштері белгіленген саланың мақсаттары мен міндеттерін қол жеткізу дәрежесін толығымен сипаттамаған жағдайда, онда осы саланың Db қамту коэффициентінен 0,25 алынып тасталады.
Егер қызмет саласы есепті кезеңде стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасы нысаналы индикаторларымен және тікелей нәтиже көрсеткіштерімен қамтылмаған жағдайда немесе нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсеткіштері жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, онда Db = 0.
Егер қызмет саласының екі және одан көп бағыттары болған жағдайда, әрбір бағытқа тиісті коэффициент беріледі.
Жалпы сала бойынша Db бағыттардың санына бөлінген әрбір бағыт бойыша есептелген коэффициенттердің сомасына тең болады.
17. Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу тиiстi мақсатты орындау үшін көзделген әрбір нысаналы индикаторға қол жеткізуді талдау жолымен айқындалады.
Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
Х – Стратегиялық жоспар/Аумақты дамыту бағдарламасы мақсаттарына қол жеткізу коэффициенті;
Сі– Стратегиялық жоспардағы/Аумақты дамыту бағдарламасындағы әрбір мақсатқа қол жеткізу коэффициенті;
n – Стратегиялық жоспардағы/Аумақты дамыту бағдарламасындағы мақсаттардың жалпы саны.
Бұл ретте, Сі стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының n мақсатына қол жеткізу коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
Сі – стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының әрбір мақсатына қол жеткізу коэффициенті;
hj- тиісті мақсатқа қол жеткізуде көзделген әрбір нысаналы индикатордың қол жеткізу коэффициенті;
m – тиісті мақсатқа қол жеткізуде көзделген нысаналы индикаторлардың жалпы саны.
Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының тиісті мақсатына қол жеткізуде көзделген әрбір нысаналы индикатордың қол жеткізу коэффициентін hj есептеу іс-жүзінде атқарылғанның (жақсарғанның немесе нашарлағанның) жоспарланған жақсартуға арақатынасы арқылы жүзеге асырылады:
Бұл ретте, егер, hj 1 болса, онда hj = 1, егер hj < 0, онда hj = 0.
18. Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу коэффициентін есептеу кезінде мыналар есепке алынады:
есепті кезеңде жоспарлы мәні жоқ нысаналы индикатор мақсатқа қол жеткізу коэффициентінің есебіне қабылданбайды;
«Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мемлекеттік орган қызметінің барлық салаларын қамтуы» өлшемі есебіне қабылданбаған нысаналы индикатор, осы өлшемінің есебіне де қабылданбайды.
19. Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының міндеттерін іске асыру тиiстi міндетті орындау үшін көзделген әрбір тікелей нәтиженің көрсеткішіне қол жеткізуді талдау жолымен айқындалады.
Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасы міндеттерін іске асыру дәрежесін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
Y – мемлекеттік орган міндеттерін іске асыру коэффициенті;
Zi– мемлекеттік органның әрбір l міндетін іске асыру коэффициенті;
– мемлекеттік орган міндеттерінің жалпы саны.
Бұл ретте, стратегиялық жоспардағы/Аумақты дамыту бағдарламасындағы әрбір міндетті іске асыру коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
Zi - мемлекеттік органның әрбір l міндетінің іске асырылу коэффициенті;
Рg - Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының тиісті міндетін іске асыруда көзделген g тікелей нәтиженің әрбір көрсеткішін іске асыру коэффициенті;
r – мемлекеттік органның тиісті міндетін іске асыруда көзделген тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің жалпы саны.
Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының тиісті міндетін іске асыруда көзделген стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының әрбір тікелей нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізу коэффициентін Рg есептеу іс-жүзінде атқарылғанның (жақсартылған немесе нашарланған) жоспарланған жақсартуға арақатынасы арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте, егер Рg 1 болса, онда Рg = 1, егер Рg < 0 болса, онда Рg = 0.
20. Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының міндеттеріне қол жеткізу коэффициентін есептеу кезінде мыналар есепке алынады:
есепті кезеңде жоспарлы мәні жоқ тікелей нәтиже көрсеткіші міндетке қол жеткізу коэффициентінің есебіне қабылданбайды;
«Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мемлекеттік орган қызметінің барлық салаларын қамтуы» өлшемі есебіне қабылданбаған тікелей нәтиже көрсеткіші, осы өлшемінің есебіне де қабылданбайды.
5. Қадағаланатын салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды
21. Жүргізілген бағалаудың негізінде осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес қадағаланатын салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша республикалық маңызы бар қаланың, астананың /аудандардың жергілікті атқарушы органдардың қызметі тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) қалыптастырылады.
Қорытынды мынадай тәртіпте құрылады:
«Коэффициенті/балы» деген бағанда өлшемдер бөлінісінде балдар көрсетіледі;
«Жалпы баға» деген жолда осы Әдістеменің 15-тармағына сәйкес формула бойынша есептелген жалпы балл көрсетіледі.
«Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органның, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органның қызметін бағалау бойынша талдамалық есеп және тұжырымдар» деген бөлімде стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының көрсеткіштеріне қол жеткізу және жүзеге асыру нәтижелеріне егжей-тегжейлі талдау келтіріліп, бағалау нәтижелеріне байланысты тиісті қорытындылар көрсетіледі.
«Мемлекеттік органнның қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар» деген бөлімде мемлекеттік орган қызметін одан әрі жақсарту бойынша ұсынымдар, сондай-ақ өзге де бар ұсынымдар егжей-тегжейлі сипатталады.
6. Бағалаудың нәтижелеріне шағымдану рәсімі
22. Тексеру іс-шаралары Өңірлік сараптама комиссиясы жұмыс органының тапсырмасы бойынша немесе бағаланатын мемлекеттік органдардың растайтын құжаттары бар наразылықтарын түсуі кезінде жүзеге асырылады.
23. Шағымдану рәсімін өткізу үшін Уәкілетті органда құрамына наразылық берген мемлекеттік органдарды бағалауға қатысқан қызметкерлер кіре алмайтын Арнайы комиссия құрылады.
Арнайы комиссияның саны мен құрамын Уәкілетті орган дербес айқындайды, бірақ кемінде 5 адам.
24. Бағаланатын мемлекеттік органдардың растайтын құжаттары бар наразылықтарын алған сәттен бастап, Уәкілетті орган мен бағаланатын мемлекеттік органдардың ұстанымдары көрсетілетін Наразылықтар кестесін Уәкілетті орган қалыптастырады және Арнайы комиссияның қарауына енгізеді.
25. Арнайы комиссия наразылық берген бағаланатын мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ мүдделі салалық орталық мемлекеттік органдар өкілдері шақырылған наразылықты қарау және бағалау нәтижелерінің объективтілігін анықтау бойынша отырыстар өткізеді.
26. Наразылықтарды алған сәттен бастап бес жұмыс күн ішінде Уәкілетті орган бағаланатын мемлекеттік органдарға наразылықтардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы негізделген қорытындыларды жолдайды.
Наразылықтар қабылданған жағдайда бір уақытта түзетілген Қорытындылар жолданады.
Қадағаланатын саладағы/аядағы/
өңірдегі стратегиялық мақсаттары
мен міндеттеріне қол жеткізу
және іске асыру тиімділігін
бағалау жөніндегі әдістемеге
қосымша
Нысан
Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды__________________________________________________________________
(республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының атауы
______________________
(есеп беру кезеңі)
№ | Бағалау өлшемдері | Коэффициенті/балы |
---|---|---|
1 |
Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының жергілікті атқарушы орган қызметінің барлық салаларын қамтуы |
|
2 |
Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу |
|
3 |
Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының міндеттерін іске асыру |
|
Жалпы баға: |
Республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органның/ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының қызметін бағалау бойынша талдамалық есеп:
1. «Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының жергілікті атқарушы орган қызметінің барлық салаларын қамтуы» өлшемі бойынша:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
2. «Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттарына қол жеткізу» өлшемі бойынша:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
3. «Стратегиялық жоспардың/Аумақты дамыту бағдарламасының міндеттерін іске асыру»:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мемлекеттік органдағы жұмысты ұйымдастыру туралы қорытындылар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Мемлекеттік органнның қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар:
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
Облыс/республикалық маңызы бар
қала, астана әкімі аппаратының
басшысы __________ ___________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)
Облыс/республикалық маңызы бар
қала, астана әкімдігінің тиісті
құрылымдық бөлімшесінің
басшысы __________ ___________________________
(қолы) (қолды таратып жазу)