Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар үшін өтініш берушіге жарғылық капиталының ең төменгi мөлшері белгіленсін:
1) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiшiнiң 800 000 еселік мөлшерінде – ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
2) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiшiнiң 400 000 еселік мөлшерінде - номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыруға;
3) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгiленген айлық есептiк көрсеткiшiнiң 400 000 еселiк мөлшерінде - клиенттердің шоттарын жүргізу құқығынсыз брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға;
4) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 300 000 еселік мөлшерінде – ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
5) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 400 000 еселік мөлшерінде - брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығынсыз инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті қоса атқару;
6) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 500 000 еселік мөлшерінде - бағалы қағаздармен және өзге де қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға;
7) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 500 000 еселік мөлшерінде - қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асыру;
8) бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушысы мынадай ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған трансфер-агенттік қызметті жүзеге асыруға:
акционерлік қоғамның - республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiштiң 50 000 еселiк мөлшерінде;
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің - республикалық бюджет туралы заңда тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiштiң 10 000 еселiк мөлшерінде;
9) Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиiстi қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткiшiнiң 800 000 еселік мөлшерінде - ерікті зейнетақы жарналарын тарту құқығымен инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті және брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті қоса атқару.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 212 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.2. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейін бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін жарғылық капиталдың ең төменгi мөлшері Республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңымен тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткішінің 70 000 мөлшерін құрайтыны белгіленсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. 2013 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде тиісті лицензиялар негізінде осы қаулының 1-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көрсетілген бағалы қағаздар нарығында қызмет түрлерін жүзеге асыратын ұйымдары жарғылық капиталдың мөлшерін бағалы қағаздар нарығында тиісті қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиялар алу үшін өтініш берушілерге осы қаулының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келтіретіні белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыру үшін лицензия алуға өтініш берушінің және лицензия негізінде бағалы қағаздар рыногындағы қызметті жүзеге асыратын заңды тұлғаның жарғылық капиталының барынша төмен мөлшері туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы № 197 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5461 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банкінің Төрағасы |
Г. Марченко |