«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 88-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 тіркелген, «Заң газеті» 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 190 (2006) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымшада:
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және бейімделген емдік өнімдердің тізбесінде:
1-бөлімде:
12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
12 |
Бронх демікпесі |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Сальбутамол, аэрозоль, небулайзерге арналған ерітінді; |
Ингаляциялық глюкокортикостероидтерді қолдану мүмкін болмағанда және тиімсіз болғанда ауыр нысандарымен 3-12 жас аралығындағы балалар |
Монтелукаст, таблетка, соның ішінде шайнауға арналған, түйіршіктер; |
»;
23-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
23 |
Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қоса алғанда онкологиялық аурулар |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Қатерлі ісіктердің барлық сатысы |
Капецитабин, таблетка; |
Қатерлі ісіктер кезіндегі паллиативтік терапия |
Морфин, инъекцияға арналған ерітінді; |
»;
24-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
24 |
Ағзалар мен тіндерді ауыстырып қондырғаннан кейінгі жағдай |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Ауырлықтың барлық сатысы мен дәрежесі |
Циклоспорин, капсула, ерітінді****; |
»;
29-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
29 |
Остеоартроз |
Диспансерлік есепте тұрған ересектер |
Гонартроз, коксартроз, 2-3-сатысы |
Құрамында натрий гиалуронаты бар буын ішіне енгізуге арналған эндопротез (протез, имплантант), стирильденген, бір рет пайдаланатын, шприцте (буын ішіне енгізуге арналған, қатаң түрде емшара кабинетінде); |
»;
2-бөлімде:
9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
9 |
Реналдық анемиямен созылмалы бүйрек функциясының жетіспеушілігі |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
III-IV-V сатысы, күндізгі стационар жағдайында бағдарламалық диализ алатын 18 жастан жоғары пациенттерді қоспағанда |
Эпоэтин альфа, шприц-сықпадағы инъекцияға арналған ерітінді; |
»;
10-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
10 |
Ауто-иммундық аурулар, оның ішінде миастения және иммун тапшылығы жағдайы |
Диспансерлік есепте тұрған барлық санаттар |
Жіті кезеңдегі Гийене-Барре синдромы, аурулар дебютіндегі мультифокалдық моторлық полинейропатия, адамның алғашқы туабіткен иммунды жетіспеушілігі, миастенияның генерализацияланған түрі, миастениялық криз, созылмалы қабынулы демиелинизирленген полинейропатия |
G иммуноглобулині (адами қалыпты), инфузия үшін ерітінді; |
»;
11-жолдан кейін мынадай мазмұндағы 11-1-жолмен толықтырылсын:
«
11-1 |
Гемобластоздар мен апластикалық анемияны қосқанда гематологиялық аурулар |
Диспансерлік есепте тұрған балалар |
Барлық сатысы мен ауырлық дәрежелері |
Винбластин, лиофилденген ұнтақ; |
».
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін оның заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі С. Қайырбекова