Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасының 7-тармағын жүзеге асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидасы бекітілсін.
2. Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық ынтымақтастық департаменті (Ә.Қ. Қуан) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті (С.Ғ. Бисақаев), «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (Р.Н. Хамзин) осы бұйрықтың талаптарын зерттеуді және олардың орындалуын ұйымдастырсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау вице-министрi Б.Б. Нұрымбетовке жүктелсiн.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр Г. Әбдіқалықова
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Статистика агенттігінің төрағасы
_____________ Ә. Смайылов
2012 жылғы ____ _____________
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2012 жылғы 4 мамырдағы
№ 168-ө-м бұйрығымен
бекітілген
Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды
өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан
кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың
Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы
төлемдерді есептеу қағидасы
Осы Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді есептеу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 25 мамырдағы № 571 қаулысымен бекітілген Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді жүзеге асыру қағидасының 7-тармағын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
ай сайынғы төлем мөлшері – біржола төлеу үшін капиталдандырылған ай сайынғы сомалардың мөлшері;
капиталдандыру кезеңі – капиталдандыру жүргізілген, сот не тарату комиссиясы бекіткен құжатта (сот актісі, кредиторлар тізілімі, анықтама-есеп) көрсетілген кезең;
капиталдандырылған төлемдер сомасы – зардап шеккен адамға ақшалай түрде төленген не борышкердің мүлкі есебінен заттай нысанда өтелген сот актісі (актілері), кредиторлар тізілімі, анықтама-есепте көрсетілген сома.
2. Ай сайынғы төлемдерді есептеу тәртібі
2. Сот актілерінде, конкурстық басқарушының материалдарында, анықтама-есепте, соттың немесе мемлекеттік мұрағаттың мұрағат құжаттарында ай сайынғы төлем мөлшері (АСТМ) туралы мәлімет болған жағдайда, бар АСТМ қолданылады.
3. Осы Қағидалардың 2–тармағында тізбектелген құжаттарда АСТМ туралы мәлімет болмаса, АСТМ капиталдандырылған төлемдерді алған әрбір адам бойынша капиталдандырылған төлемдер сомасы (КТС) мен капиталдандыру кезеңі (КК) туралы мәліметтер негізінде КТС-сын КК-не бөлу арқылы айқындалады:
АСТМ = КТС/КК
4. Ең төменгi жалақы өсімінің жинақталған деңгейін есептеу (ЕТЖжинақ) белгілі бір жылдардағы ең төменгi жалақының өсу коэффициенттерін мынадай формула бойынша көбейту арқылы жүргізіледі:
мұндағы ЕТЖn – заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі қаржы жылының 1 қаңтарына республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының заңында белгіленген ең төменгі жалақы мөлшері;
n – заңды тұлға банкрот деп танылған жылдан кейінгі жыл;
(n + x) – ай сайынғы төлемді тағайындауға өтініш білдірген (қайта есептеген) жыл.
Бұл ретте ЕТЖжинақ үтiрден кейiн үш белгiге дейiн дөңгелектенедi. Егер төртiншi белгi 5-ке тең немесе одан көп болса, онда үшiншi белгiге бiр бiрлiк қосылады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 № 310 (01.01.2015 бастап қолданысқа енедi) бұйрығымен.
5. Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер (АТ), ай сайынғы төлем мөлшерін (АСТМ) ЕТЖжинаққа көбейту арқылы айқындалады:
АТ = АСТМ * ЕТЖжинақ
Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 № 310 (01.01.2015 бастап қолданысқа енедi) бұйрығымен.
3. Қорытынды ережелер
6. Бір азаматқа екі немесе одан да көп рет зиян келтірілген жағдайда ай сайынғы төлемдер сәйкесінше екі немесе одан да көп рет есептеледі, және алынған екі немесе одан да көп АТ соңғы АТ айқындау үшін қосылады.
7. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 № 310 (01.01.2015 бастап қолданысқа енедi) бұйрығымен.
Ағымдағы жылда келген тұлғалар үшін Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі мәліметтері негізінде өткен жыл үшін жылдың орташа инфляция деңгейі ИПЦжинақ есебіне енгізіледі.
8. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі ұсынатын келесі 3 жылға арналған жылдық инфляцияның болжамды деңгейінің негізінде ай сайынғы төлемдерді жыл сайын арттыру жүзеге асырылады.
Ескерту. Қағида 8-тармақпен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.02.2013 № 72-ө-м бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 01.01.2013 бастап туындаған құқық қатынастарына қолданылады).
9. 2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша АТ алушылары болып табылатын, АТ мөлшері тұтыну бағалары индексiнің жинақталған деңгейі ескерiле отырып айқындалған азаматтарға АТ-ның тағайындалған сомаларын қайта есептеу ең төменгi жалақы өсімінің жинақталған деңгейінің есебіне байланысты 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап жүрізіледі.
Бұл ретте АТ-ның арттырылған мөлшерi алып жүрген ағымдағы АТ мөлшерiнен төмен болмайды. Егер ең төменгi жалақы өсімінің жинақталған деңгейінің есебінен айқындалған АТ мөлшері ағымдағы АТ-дан төмен болса, онда АТ-ның ағымдағы мөлшерi сақталады.
Ескерту. Қағида 9-тармақпен толықтырылды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 11.12.2014 № 310 (01.01.2015 бастап қолданысқа енедi) бұйрығымен.