Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 25-02-01/94 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 25 мамырда № 7680 тіркелді

Қолданыстағы

      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидасы бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Мамытбеков

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрінің м.а.
      2012 жылғы 26 сәуір
      ________________ М. Орынханов

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 25-02-01/94 бұйрығымен 
бекітілген       

Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми
зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидасы

1. Жалпы ережелер

      1. Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру және жүргізу қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және табиғи мемлекеттік табиғи қорықтарда, мемлекеттік ұлттық табиғи парктерде, мемлекеттік табиғи резерваттарда, мемлекеттік өңірлік табиғи парктерде (бұдан әрі – табиғат қорғау мекемелері) ғылыми қызметтің тәртібін айқындайды.
      2. Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызмет Табиғат жылнамасын жүргізуді қоса алғанда, мемлекеттік табиғи-қорық қорының табиғи кешендері мен объектілерін зерттеу жөнінде тұрақты жүйелі бақылаулар, табиғи процестердің мониторингін ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік табиғи-қорық қорының биологиялық әртүрлілігін сақтаудың, экологиялық жүйелері мен объектілерін қалпына келтірудің ғылыми негіздері мен әдістерін әзірлеу жолымен жүзеге асырылады.

2. Ғылыми қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру тәртібі

      3. Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызметті ұйымдастыру және жүргізу үшін қажетті үй-жайлармен және материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілетін ғылыми құрылымдық бөлімшелер жұмыс істейді.
      4. Ғылыми ұйымдар мен жекелеген ғалымдар ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органмен (бұдан әрі – уәкілетті орган) келісім бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда табиғат қорғау мекемесінің әкімшілігімен шарттық негізде ғылыми зерттеулер жүргізеді.
      5. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағындағы табиғи кешендерді, биологиялық әртүрлілікті сақтаумен және оларды экологиялық-ағарту, ғылыми, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдалануды реттеумен байланысты ғылыми есептіліктерді, жоспарларды, ғылыми-практикалық ұсыныстарды, мәселелерді қарау және бекіту үшін табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми-техникалық кеңестер (бұдан әрі – ҒТК) құрылады, олардың құрамына басқа ұйымдардың ғылыми қызметкерлері мен мамандары енуі мүмкін.
      6. Ғылыми зерттеулердің тиімділігін жақсарту мен кадрлық және ғылыми-техникалық әлеуетті күшейту мақсатында табиғат қорғау мекемелері ғылыми ұйымдармен, жоғары оқу орындарымен бірлесіп жұмыс істейді.
      7. Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми қызметтің негізгі бағыттары:
      1) табиғи кешендерді (экожүйелерді, өсімдіктер қауымдастықтарын, геологиялық және гидрологиялық объектілер) түгендеу;
      2) өсімдіктер мен жануарлар дүниесінің алуан түрлі таксономикалық топтарының биологиялық әртүрлілік объектілерін түгендеу;
      3) шарбақ ішінде ұстауды қоса алғанда, жануарлар мен өсімдіктерді қайта жерсіндіру мен жерсіндіру мәселелері;
      4) табиғи объектілерді табиғаттан алудың жол берілетін көлемін анықтауды қоса алғанда, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану тәсілдерін зерделеу;
      6) табиғи әсерлердің де, тікелей немесе жанама антропогендік және технологиялық әсерлердің де нәтижесінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың табиғи кешендерінде болып жататын барлық өзгерістерді тіркеу мақсатында табиғи процестердің мониторингін жүзеге асыру, нәтижелерін Табиғат жылнамасында тіркеу;
      7) экологиялық-ағарту, ғылыми, туристік, рекреациялық және шектеулі шаруашылық мақсаттарда табиғи кешендерді, биологиялық әртүрлілікті, ағзалардың жекелеген түрлері мен топтарын қорғауды жақсарту, ұтымды пайдалану және қалпына келтіру, ерекше қорғалатын табиғи аумақ пен оның күзет аймағын пайдалануды реттеу бойынша ғылыми-практикалық ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
      8. Табиғат қорғау мекемесінің ғылыми қызметін жоспарлау ғылым саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша уәкілетті орган бекітетін осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми зерттеулер жоспарына (бұдан әрі – Жоспар) сәйкес жүзеге асырылады.
      9. Жоспарға сәйкес табиғат қорғау мекемесі мынандай құжаттар әзірлейді:
      1) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес табиғат қорғау мекемесінің ғылыми зерттеулер бағдарламалары;
      2) осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес бір жылға арналған табиғат қорғау мекемесінің ғылыми зерттеулер жоспары;
      3) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес бір жылға арналған ғылыми
жұмыстардың жеке күнтізбелік жоспары.
      10. Тиісті негіздеме мен табиғат қорғау мекемесінің ҒТК шешімі болған жағдайда ғылым саласындағы уәкілетті органмен келісім бойынша Жоспарға өзгерістер мен толықтырулар енгізуге болады.

3. Ғылыми жұмыстар жүргізу тәртібі

      11. Табиғат қорғау мекемесінде ғылыми жұмыс мынадай тәртіппен жүргізіледі:
      1) әзірлік кезеңі – далалық кезеңді жүргізуге дайындық кезеңі;
      2) далалық кезең – ғылыми тақырып жүргізу үшін материалдар жинау кезеңі;
      3) камералдық кезең – далалық байқаулардың жиналған материалдарын өңдеу кезеңі;
      4) есептік кезең – аралық және қорытынды есептер беру кезеңі.
      12. Әзірлік кезеңі ғылыми жетекшімен консультациялар өткізуді, жұмыс тақырыбы бойынша бар ғылыми ақпаратты талдауды, зерттеулер әдістемелерін таңдауды қамтиды.
      13. Далалық кезең зерттеліп отырған тақырып бойынша маршруттық тексерулер өткізу мен материалдар жинау үшін далалық жұмыстар мен экспедициялық сапарларды қамтиды. Далалық және экспедициялық сапарлар қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау өткізілгеннен кейін табиғат қорғау мекемесі директорының бұйрығымен бекітілетін ғылыми жұмыстардың күнтізбелік жоспарына, далалық сапарлардың кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
      Далалық жұмыстар барысында далалық күнделіктер жүргізіледі, карталар сызылады, мүмкіндігінше фото және бейнематериалдары түсіріледі, ботаникалық, зоологиялық және басқа да материалдар жиналады.
      Далалық байқаулардың материалдары сақталуға және табиғат қорғау мекемесінің ғылыми қорына берілуге жатады. Ботаникалық және зоологиялық жиналымдар гербарийлер мен зоологиялық қораптар түрінде ресімделіп, арнайы жабдықталған шкафтарда және/немесе үй-жайларда сақталады.
      14. Камералдық өңдеу жиналған материалдары топтастыру табиғат қорғау мекемесінің зертханасында және/немесе тиісті шарт негізінде бөтен ғылыми ұйымның зертханасында жүргізіледі.
      15. Ғылыми жұмыстар жүргізу қорытындылары бойынша табиғат қорғау мекемелері уәкілетті органға осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары туралы аралық жылдық және қорытынды есептер береді.
      Аралық жылдық есеп жыл ішіндегі жұмыс нәтижелері бойынша келесі есептік жылдан кейінгі 1 сәуірден кешіктірмей уәкілетті органға ҒТК мәжілісінің хаттамасынан алынған тиісті көшірмемен беріледі.
      Қорытынды есеп соңғы және жинақтаушы есеп болып табылады, ғылыми жұмыс аяқталған соң келесі есептік жылдан кейінгі 1 сәуірден кешіктірмей уәкілетті органға ҒТК мәжілісінің хаттамасынан алынған тиісті көшірмемен беріледі.
      16. Табиғат қорғау мекемелері ғылыми жұмыстар жүргізумен қатар табиғи процестерге мониторинг жүргізеді және нәтижелерді Табиғат жылнамасында тіркейді.
      Тұрақты стационарлық байқаулар жүргізуді табиғат қорғау мекемелерінің ғылыми қызметкерлері мен мемлекеттік инспекторлары арнайы бөлінген мониторингтік (метеорологиялық, фенологиялық, зоологиялық, ботаникалық және басқа да) алаңқайлар мен есептік маршруттарда жүзеге асырады.
      17. Табиғат қорғау мекемелері уәкілетті органға есепті жылдан кейінгі 1 мамырдан кешіктірмей Табиғат жылнамасының кітабы түрінде жылдық есеп береді.
      Табиғат жылнамасы жүргізіле бастағаннан бергі 5 жылғы кезең үшін де Табиғат қорғау мекемелері есепті жылдан кейінгі 1 мамырдан кешіктірмей уәкілетті органға Табиғат жылнамасының 5 жылдық кітабын береді.
      Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда төтенше және дүлей күш құбылыстары орын алған жағдайда Табиғат жылнамасын жүргізу нәтижелері бойынша уәкілетті органға Табиғат жылнамасын жүргізу нәтижелері бойынша ерекше қорғалатын табиғи аумақтық табиғи кешендерінің өзгерістері туралы қосымша жедел ақпарат беріледі.
      18. Ғылыми материалдарды табиғат қорғау мекемесі жылдық есептер, ұсыныстар, әдістемелік құралдар мен нұсқаулықтар, ғылыми журналдарда, ғылыми жинақтар мен кітаптарда, ғылыми-практикалық конференциялардың материалдарында және басқа ғылыми басылымдарда ғылыми мақалалар мен еңбектер жариялау үшін пайдаланады.
      19. Табиғат қорғау мекемелері ғылыми жұмыстардың нәтижелері бойынша ғылыми журналдарда, ғылыми жинақтар мен кітаптарда, ғылыми- практикалық конференциялардың материалдарында және басқа да ғылыми басылымдарда ғылыми мақалалар жариялайды, сондай-ақ ғылыми конференцияларға қатысады.

Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми   
қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру
және жүргізу қағидасына       
1-қосымша               

Нысан

       Келісілді:                       Қазақстан Республикасы Ауыл
   Қазақстан Республикасы              шаруашылығы министрлігі Орман
Білім және ғылым министрлігі             және аңшылық шаруашылығы
                                           комитеті төрағасының
    ____________________                20___ жылғы «___» _________
20__ жылғы «__» ___________                 № ____ бұйрығымен
                                                 бекітілген

  _______________________________ 20____ - 20____ жылдарға арналған
(табиғат қорғау мекемесінің атауы)
              ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ ЖОСПАРЫ

Тақырып, бөлім атауы

Орындау мерзімі

Ғылыми жетекшілер

Жауапты орындаушылар

Жұмыстың қысқаша мазмұны

Күтілетін нәтижелер

1

2

3

4

5

6

7








      _______________________________________________
                      (ЕҚТА атауы)
      Ғылыми-техникалық кеңесінің отырысында қаралды және мақұлданды
      20___ жылғы «__» _________ № ____ хаттама
      Директор (Бас директор) ________________________
      Директордың ғылым жөніндегі орынбасары
      (Бас директордың орынбасары) _______________________

Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми   
қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру
және жүргізу қағидасына       
2-қосымша               

Нысан

БЕКІТЕМІН           

__________________________________
(табиғат қорғау мекемесінің атауы)
директоры (бас директоры) 

20 жылғы «__» __________ 

_________________________________________
(табиғат қорғау мекемесінің атауы)
20___ - 20___жылдарға арналған
ғылыми зерттеулер
БАҒДАРЛАМАСЫ

Тақырыбы ____________________________________________________________
Тақырыптың бөлімі ___________________________________________________

Бөлімнің жауапты орындаушысы(лары)
лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты ___________________________________
                                               (қолы)

Ғылыми жетекші (консультант) _______________________________________
                 (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, ғылыми дәрежесі)

(ғылыми ұйымның мөрі және басшының қолы)

Бағдарламаның негізгі мәселелері:

      1. Кіріспе (жұмыстың міндеттері мен мақсаттары, өзектілігі және  т.б).
      2. Отандық және шетелдік әдебиетке жасалған қысқаша шолу жасалған мәселенің зерттелуінің жай-күйі.
      3. Ғылыми зерттеулер әдістемесі.
      4. Бөлім бойынша жұмыстың мазмұны мен көлемі.
      5. Күтілетін нәтижелер. Оларды пайдаланудың теориялық және практикалық маңызы.
      6. Нәтижелерді ұсыну, есеп беру нысаны.
      7. Күнтізбелік жұмыс жоспары.

Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми  
қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру
және жүргізу қағидасына       
3-қосымша             

Нысан

БЕКІТЕМІН           

__________________________________
(табиғат қорғау мекемесінің атауы)
директоры (бас директоры)

20 жылғы «__» __________

_________________________________________
(табиғат қорғау мекемесінің атауы)
20____ жылға арналған
ғылыми зерттеулер
ЖОСПАРЫ

Тақырып______________________________________________________________
Бөлім________________________________________________________________
Орындаушы (лар)______________________________________________________
Жұмысты ұйымдастыру және іс-шаралар__________________________________
Күтілетін нәтижелер__________________________________________________
 

      Директордың ғылым жөніндегі орынбасары
      (ғылыми бөлімнің басшысы)       _______________________________
                                      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

      _____________________________Ғылыми-техникалық кеңесі мақұлдады
      (табиғат қорғау мекемесінің атауы)

      20 жылғы «__» _________ № ___ хаттама

Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми   
қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру
және жүргізу қағидасына         
4-қосымша               

Нысан

БЕКІТЕМІН           

__________________________________
(табиғат қорғау мекемесінің атауы)
директоры (бас директоры)

20____ жылға арналған
ғылыми жұмыстардың жеке күнтізбелік жоспары

      Тақырып________________________________________________________
      Бөлім__________________________________________________________
      Орындаушы (лар)________________________________________________

Бөлімдер бөліп көрсетілген жұмыс мазмұны

Жұмыстарды жүргізу орны

Жұмыстарды жүргізу мерзімі

Күтілетін нәтижелер

1

2

3

4









      Бөлім _________________________________________________ 

1. Далалық сапарлар кестесі


Айлар

қаңтар

ақпан

наурыз

сәуір

мамыр

маусым

шілде

тамыз

қыркүйек

қазан

қараша

желтоқсан

Сапарлар













2. Ғылыми зерттеулерді қамтамасыз ету жөніндегі шығындар сметасы

Шығындар көзі

Есеп-қисап

Сома
(жылына)




Жиыны


3. Қажет материалдық-техникалық ресурстар тізбесі

Тізбе

Ескертпе



      Директордың ғылым жөніндегі орынбасары
           (ғылым бөлімінің басшысы)

                                     ________________________________
                                      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)
      Орындаушы                      ________________________________
                                      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)


      _____________________________Ғылыми-техникалық кеңесі мақұлдады
      (табиғат қорғау мекемесінің атауы)

      20__ жылғы «__» _________ № ____ хаттама 

Табиғат қорғау мекемелерінде ғылыми   
қызмет және ғылыми зерттеулер ұйымдастыру
және жүргізу қағидасына        
5-қосымша              

Нысан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
__________________________________
(табиғат қорғау мекемесінің атауы)
мемлекеттік мекемесі

Ғылыми-техникалық кеңестің отырысында
мақұлданды
20 жылғы «___» _________ № ___ хаттама
ҒТК төрағасы __________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты) 

___________________________________________ тақырыбы бойынша

ғылыми-зерттеу жұмысы туралы
ЕСЕП

      ____ жылға 1-бөлім «__________________________»
                              (бөлімнің атауы)

Жетекші, дәрежесі, лауазымы: ________________________________________
                                 (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

Орындаушы, дәрежесі, лауазымы: ______________________________________
                                  (қолы, тегі, аты, әкесінің аты)

      1. Мазмұны.
      2. Кіріспе.
      3. Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері.
      4. Жұмыс (ғылыми зерттеулер) әдістемесі, материалдар жинау
орындары, іссапарлар маршруттары мен мерзімдері туралы, зерттеулердің
материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі туралы мәліметтер.
      5. Жұмыс нәтижелері (кестелер, сызбалар, фотосуреттер, суреттер қоса тіркеледі).
      6. Тұжырымдар мен ғылыми-практикалық ұсыныстар.
      7. Әдебиет (пайдаланылған ғылыми түпнұсқалардың тізімі).
      8. Қосымшалар.