Қазақстан Республикасының Орман кодексі 13-бабының 18-7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Нысанбаев Е.Н.) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | А. Мамытбеков |
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 18 сәуірдегі № 25-02/176 бұйрығымен бекітілген |
Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға
тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидалары Қазақстан Республикасының Орман кодексіне сәйкес әзірленді және орман шаруашылығы саласында ынталандыру және құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру тәртібін айқындайды.
2. "Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағымен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен және құрмет грамотасымен:
1) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен оның аумақтық органдарының лауазымды тұлғалары;
2) орман шаруашылығы саласындағы ғылыми қызметкерлер;
3) Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің қарауындағы ведомстволық бағынысты ұйымдар қызметкерлері;
4) облыстық атқарушы органдардың ормандар мен жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері;
5) мемлекеттік орман иелену құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдардың қызметкерлері;
6) орман шаруашылығы зейнеткерлері мен ардагерлері наградталады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. "Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағы орман саласын дамытуға, орман байлықтарын сақтауға және көбейтуге, өсімдіктер дүниесін сақтауға елеулі үлес қосқан, орман шаруашылығы саласындағы белсенді ынтымақтастығы және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізгені үшін, сондай-ақ орман шаруашылығы саласында кемінде 15 жыл жұмыс істеген жоғары білікті мамандарға беріледі.
4. І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен наградталуға осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген, ормандарды күзету мен қорғауда, биологиялық әртүрлілікті сақтау және көбейтуді қамтамасыз етуде, орман шаруашылығы саласындағы белсенді ынтымақтастық жасауда және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізуде табыстарға қол жеткізген, сондай-ақ орман шаруашылығында төмендегідей жалпы еңбек өтілі мен жұмыс тәжірибесі бар қызметкерлер:
кемінде 10 жыл – ІІІ дәрежелі омырауға тағатын белгісіне;
кемінде 20 жыл – ІІ дәрежелі омырауға тағатын белгісіне;
кемінде 30 жыл – І дәрежелі омырауға тағатын белгісіне ұсынылады.
5. Комитеттің құрмет грамотасымен осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген, осы ұжымда кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер саналы жұмысы, жұмыстағы жоғары көрсеткіштері, кәсіби шеберлігі, сала алдына қойылған міндеттерді шешуге жеке үлес қосқаны үшін наградталады.
6. Құрметті атақтармен, омырауға тағатын белгілермен және құрмет грамоталарымен наградтау Комитет төрағасының бұйрығымен жүргізіледі.
7. Құрметті атақтармен, омырауға тағатын белгілермен және құрмет грамоталарымен наградтау жөніндегі ұсыныстарды қарастыру және дайындау үшін Комитетте комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, оны Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы басқарады.
Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.8. Құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер және құрмет грамоталарын беру немесе бермеу туралы шешімді Комиссия ашық дауыс беру арқылы, көпшілік дауыспен қабылдайды.
9. Ынталандырудың ресми мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады.
10. Омырауға тағатын белгілер омыраудың оң жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан төмен тағылады.
2. Құрметті атақпен, омырауға тағатын белгімен және құрмет грамотасымен наградтауға ұсыну
11. "Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағымен, омырауға белгімен және құрмет грамотасымен наградтауға ұсынымды Комитетке:
1) облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекцияларының басшылары;
2) облыстық атқарушы органдардың Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармалары;
3) мемлекеттік орман иелену құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік ұйымдар;
4) Комитеттің қарауындағы ведомстволық бағынысты ұйымдар;
5) орман шаруашылығының ғылыми ұйымдары;
6) жекеше орман иеленушілер жолдайды.
Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.12. Наградтау туралы ұсынымдарда наградталушының жеке басын сипаттайтын деректер,орман шаруашылығы ұйымдардағы жалпы еңбек өтілі, нақты сіңірген еңбегі және жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы деректер көрсетіледі.
13. "Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағын беруге ұсынылатын қызметкерлерге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағын беруге ұсыным ресімделеді.
14. Омырауға тағатын белгімен наградтауға ұсынылатын қызметкерлерге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен наградтауға ұсыным ресімделеді.
15. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынылатын орман шаруашылығы қызметкерлеріне осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрмет грамотасымен наградтауға ұсыным ресімделеді.
16. Наградтау туралы ұсыным Комитетке мерекелік, мүшелтойлық күндерге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірілмей жіберіледі және комиссия келіп түскен күннен бастап 15 күнтізбелік күн ішінде қарайды. Шешім хаттамамен рәсімделеді, оның негізінде Комитет Төрағасының наградтау туралы бұйрығы шығарылады.
17. Қызметкерлер мен еңбек ұжымдарын ынталандырудың барлық түрін есепке алып отыруды Комитеттің кадр қызметі жүзеге асырады.
18. Құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілерді, сондай-ақ құрмет грамоталарын тапсыру салтанатты жағдайда Комитетте немесе наградталатын тұлға жұмыс істейтін ұжымда жүргізіледі.
19. "Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағын беру кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағын беру және омырауға тағатын белгіні тапсыру хаттамасы толтырылады.
20. Омырауға тағатын белгіні тапсыру кезінде ұйымдар басшылары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен наградтау хаттамасы толтырылады.
21. Құрмет грамотасын тапсыру кезінде ұйымдар басшылары осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша наградтау және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құрмет грамотасын тапсыру хаттамасы толтырылады.
22. Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағына омырауға тағатын белгі наградталушы тұлғаға осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған "Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағымен наградтау туралы куәлікті тапсырумен бір мезгілде тапсырылады.
23. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің I, II, III дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгілері осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес наградталушы тұлғаға осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен наградтау туралы куәлікті тапсырумен бір мезгілде тапсырылады.
Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.3. Қорытынды ережелер
24. "Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағымен, сондай-ақ белгілі бір дәрежедегі омырауға тағатын белгімен екінші қайтара марапаттауға жол берілмейді.
"Еңбек сіңірген орман өсіруші" белгісі, омырауға тағатын белгі немесе құрмет грамотасы жоғалған жағдайда көшірмелері берілмейді.
Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 1-қосымша |
Нысан
"Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағын беруге
ұсыным
____________________________________________________________________
(республика, облыс, аудан)
____________________________________________________________________
1. Тегі, аты, әкесінің аты (бұдан әрі - Т.А.Ә.)_____________________
____________________________________________________________________
2. Туған күні ______________________________________________________
(күні, жылы)
3. Туған жері ______________________________________________________
(республика, облыс, қала, аудан, село)
_____________________________________________________________________
4. Ұлты _____________________________________________________________
5. Жынысы ___________________________________________________________
6. Білімі ___________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы)
7. Білімі бойынша мамандығы _________________________________________
8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________
_____________________________________________________________________
9. Жұмыс орны және атқаратын қызметі ________________________________
_____________________________________________________________________
10. Қандай мемлекеттік наградалармен наградталған және наградталған
күні ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
11. Мекенжайы________________________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Жалпы жұмыс өтілі _______________________________________________
13. Саладағы жұмыс өтілі ____________________________________________
14. Осы еңбек ұжымдағы жұмыс өтілі __________________________________
15. Наградталуға ұсынылып отырған тұлғаның сіңірген нақты еңбегі
көрсетілген мінездемесі _____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
16. Кандидатура жұмыс орны бойынша ұсынылды (20___ жылғы "___"
___________ № ____ хаттама) _________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________ атағына ұсынылады.
(атақтың түрі)
Басшы________________________________________________________________
(Т.А.Ә.)
____ жылғы "___" ____________
(мөр орны)
Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 2-қосымша |
Нысан
I, II, III дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз
қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен наградтауға
Ұсыным
_____________________________________________________________________
(республика, облыс, аудан)
_____________________________________________________________________
1. Т.А.Ә.____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. Туған күні ______________________________________________________
(күні, жылы)
3. Туған жері _______________________________________________________
(республика, облыс, қала, аудан, село)
_____________________________________________________________________
4. Ұлты _____________________________________________________________
5. Жынысы ___________________________________________________________
6. Білімі ___________________________________________________________
(оқу орнының атауы, бітірген жылы)
7. Білімі бойынша мамандығы _________________________________________
8. Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы ____________________________________
_____________________________________________________________________
9. Жұмыс орны және атқаратын қызметі ________________________________
_____________________________________________________________________
10. Қандай мемлекеттік наградалармен наградталған және наградталған
күні ________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
11. Мекенжайы _______________________________________________________
_____________________________________________________________________
12. Жалпы жұмыс өтілі _______________________________________________
13. Саладағы жұмыс өтілі ____________________________________________
14. Осы еңбек ұжымдағы жұмыс өтілі _________________________________
15. Наградталуға ұсынылып отырған тұлғаның сіңірген нақты еңбегі
көрсетілген мінездемесі _____________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
16. Кандидатура жұмыс орны бойынша ұсынылды (20___ жылғы "___"
___________ № ____ хаттама) _________________________________________
_____________________________________________________________________
(омырауға тағатын белгінің түрі)
омырауға тағатын белгіcімен наградталуға ұсынылады.
Басшы________________________________________________________________
(Т.А.Ә. және қолы)
____ жылғы "___" ____________
(мөр орны)
Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 3-қосымша |
Нысан
Орман шаруашылығы қызметкерлерін
Құрмет грамотасымен наградтауға
ұсыным
1. Т.А.Ә. ___________________________________________________________
2. Туған күні _______________________________________________________
3. Білімі __________________________________________________________
(жоғары оқу орнының атауы және оны бітірген күні)
4. Жұмыс орны, атқаратын қызметі ___________________________________
_____________________________________________________________________
5. Жалпы жұмыс өтілі, саладағы жұмыс өтілі, осы еңбек ұжымындағы
жұмыс өтілі _________________________________________________________
6. Тәртіптік жазасы бар ма __________________________________________
_____________________________________________________________________
(қашан жариялаған)
7. Мінездеме ________________________________________________________
(сіңірген нақты еңбегі көрсетіліп)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
8. Қызметкерлер _____________________________________________________
(Т.А.Ә.)
_____________________________құрмет грамотасымен наградтауды өтінемін
Басшының қолы _____________________
(мөр орны)
Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 4-қосымша |
|
Нысан |
"Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағын беру және оның омырауға тағатын белгісін тапсыру хаттамасы
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________________
(қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)
Мен, ___________________________________________________________
________________________________________________________________
(ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 20____жылғы "____" _____________ № ____ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің атынан:
________________________________________________________________
(наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы)
"Еңбек сіңірген орман өсіруші" омырауға тағатын белгісі мен оның куәлігін тапсырдым.
Ұйым басшысы: __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы және ұйымның мөрі)
Комиссия хатшысы _______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы:
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 5-қосымша |
|
Нысан |
І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен наградтау хаттамасы
Ескерту. 5-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________________
(қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)
Мен, ___________________________________________________________
________________________________________________________________
(ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 20__ жылғы "____" _____________ № ____ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің атынан:
________________________________________________________________
(наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және лауазымы)
І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Еңбек сіңірген орман өсіруші" омырауға тағатын белгісі мен оның куәлігін тапсырдым.
Ұйым басшысы: __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы және ұйымның мөрі)
Комиссия хатшысы _______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы:
________________________________________________________________
Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 6-қосымша |
|
Нысан |
Құрмет грамотасы
Ескерту. 6-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы |
Министерство экологии, |
Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 7-қосымша |
|
Нысан |
Құрмет грамотасымен наградтау және тапсыру хаттамасы
Ескерту. 7-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
________________________________________________________________
(қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)
Мен, ___________________________________________________________
(ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда))
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 20____жылғы "____" _____________ № ____ бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің атынан:
________________________________________________________________
(наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және лауазымы)
Құрмет грамотасын тапсырдым.
Ұйым басшысы: __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы және ұйымның мөрі)
Комиссия хатшысы _______________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
Наградталушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) және қолы:
________________________________________________________________
Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 8-қосымша |
|
Нысан |
"Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағының омырауға тағатын белгісі
Ескерту. 8-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 9-қосымша |
|
Нысан |
"Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағымен наградтау туралы куәлік
Ескерту. 9-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.
Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:
Куәлік
Удостоверение
Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:
жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан.
Куәлік №_________
Удостоверение
Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің эмблемасы.
Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:
Осы куәлік ол ормандарды қорғауда, биологиялық әртүрлілікті сақтауда және көбейтуде қол жеткізген табыстары үшін, орман шаруашылығы саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және талдамаларды өндіріске енгізгені үшін "Еңбек сіңірген орман өсіруші" құрметті атағымен наградталғаны жөнінде берілді.
Төраға __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
________________________________________________________________
(наградталған күні, айы, жылы)
(мөр орны)
Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 10-қосымша |
Ескерту. 10-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 25.12.2015 № 19-1/1124 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің I, II, III дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісі
Ескерту. 10-қосымшаның тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескертпе:
I, II, III дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісі (бұдан әрі – омырауға тағатын белгі) диаметрі 34 миллиметр металл шеңбер (бұдан әрі – шеңбер) болып табылады, онда стильді үш элемент: терек жапырағы, ұшып бара жатқан бүркіт және су бейнеленген, оның ішінде ақ түсте "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" деген бедерлі жазу бар.
Терек жапырағы орманды бейнелейді және терек жапырағының бейнесі Қазақстанның бүкіл аумағында өсетін теректі білдіреді. Ұшып бара жатқан бүркіт Қазақстанның жануарлар дүниесін бейнелейді, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің сақталуына бақылауды білдіреді.
Су тамшысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өмірінің негізін, сондай-ақ ормандардың су қорғау рөлін білдіреді.
Шеңбер тартпа мен сақинаның көмегімен мөлшері 55х34 миллиметр қалыпқа бекітілген, ол жасыл матамен керілген, саны белгінің дәрежесін білдіретін алтын түсті жолақтары бар алтын жиектемемен көмкерілген.
Құрметті омырауға тағатын белгі мыс-никель құймасынан жасалады.
Омырауға тағатын белгінің сыртында (реверс) тіркеу нөмірі ойылған.
Орман шаруашылығы саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, омырауға тағатын белгілер мен құрмет грамоталарын беру қағидаларына 11-қосымша |
|
Нысан |
І, ІІ, ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен наградтау туралы куәлік
Ескерту. 11-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 21.01.2020 № 19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.
Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:
Куәлік Удостоверение
Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:
жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
Комитет лесного хозяйства и животного мира Министерства экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан
Куәлік №_____
Удостоверение
Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің эмблемасы.
Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:
Осы куәлік ормандарды қорғауда, биологиялық әртүрлілікті сақтауда және көбейтуде қол жеткізген табыстары үшін, орман шаруашылығы саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және талдамаларды өндіріске енгізгені үшін І, ІІ және ІІІ дәрежелі "Қазақстан орманын қорғаудағы мінсіз қызметі үшін" омырауға тағатын белгісімен марапатталғаны жөнінде берілді.
Төраға __________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
________________________________________________________________
(наградталған күні, айы, жылы) (мөр орны)
(мөр орны)