«Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі және «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 ақпандағы № 61 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4138 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені ресімдеу мен беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесінде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Номиналды ұстау қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногы кәсіби қатысушыларының бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу, олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмені беру және номиналды ұстаушының ақпаратты ашу ережесі (бұдан әрі - Ереже) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және номиналды ұстаушы қызметін көрсететін бағалы қағаздар рыногына кәсіби қатысушылардың бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу (бұдан әрі - номиналды ұстаушы), сондай-ақ олардың бағалы қағаздар ұстаушысының жеке шотынан үзінді көшірмесін беруін және номиналды ұстаушы ақпаратты ашу талаптары мен тәртібін айқындайды.»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Ереженің мақсаты үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шоты - клиент үшін және оның бағалы қағаздарын есепке алуға арналған жеке шот;
2) ислам бағалы қағаздары - ислам жалдау сертификаттары мен ислам қатысу сертификаттары;
3) қаржы ұйымы - банк, жинақтаушы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы;
4) мәлімденген бағалы қағаздардың есебін алуға арналған эмитенттің жеке шоты - орналастырылмаған бағалы қағаздардың есебі жүзеге асырылатын номиналды ұстаушының есебі жүйесінде эмитент үшін ашылған пайларды қоспағандағы жеке шот;
5) номиналды ұстаушының жеке шоты - номиналды ұстаушы үшін ашылған және оның клиенттерінің бағалы қағаздарын есепке алуға арналған жеке шот;
6) номиналды ұстаушының есебі жүйесіндегі операция - номиналды ұстаушының есебі жүйесіне деректерді енгізу (өзгерту) және (немесе) номиналды ұстаушының есебі жүйесін құрайтын ақпаратты дайындау және ұсыну нәтижесі болып табылатын номиналды ұстаушы іс-әрекетінің жиынтығы;
7) операциялық күн - осы кезең ішінде номиналды ұстаушы қабылдау өткізеді, бұйрықтарды өңдейді, жеке шот және ақпараттық операция бойынша операцияларды тіркейтін уақыт кезеңі;
8) «репо» операциясы - тараптары екі бірдей тұлғалар болып табылатын («репо» операциясына қатысушылар), «репо» операциясының мәні бір шығарылымның бағалы қағаздарымен жасалған орындалу мерзімі бойынша ерекшеленетін және бағыттары бойынша бір-біріне қарама-қарсы, бір уақытта жасаған екі мәміленің жиынтығы;
9) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;
10) эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздардың есебін алуға арналған жеке шоты - қайталама бағалы қағаздар нарығында эмитент сатып алған бағалы қағаздардың есебі жүзеге асырылатын номиналды ұстаушының есебі жүйесінде эмитентке ашылған, пайларды қоспағандағы жеке шоты.»;
17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Номиналды ұстау есебі жүйесінде операцияның мынадай түрлері жүзеге асырылады:
1) мыналар жататын жеке шоттар бойынша операциялар:
жеке шотын ашу;
бағалы қағаздар ұстаушысы туралы мәліметтерді өзгерту;
акциялардың күшін жою;
бағалы қағаздарды ұстаушылардың шоттарынан (шотына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу);
бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан (шотына) эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талaп ету құқықтарын есептен шығару (есепке жазу);
бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотында (қосалқы шотында) орналастырылған акциялар санының (эмитент сатып алған акцияларды шегергенде) өсуіне байланысты акциялар санының өсуі туралы жазбаларды енгізу;
эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге ақша міндеттемелерін эмитенттің жай акцияларына айырбастау туралы жазбаларды енгізу;
эмитенттің орналастырылған акциялардың бір түрін осы эмитент акцияларының басқа түріне айырбастау туралы жазбаларды енгізу;
ауыртпалығы бар бағалы қағаздар және ауыртпалықты алып тастау;
бағалы қағаздарды оқшаулау және бағалы қағаздарды оқшаулауды алып тастау;
сенімгерлік басқару туралы жазбаларды енгізу және сенімгерлік басқару туралы жазбаны алып тастау;
жеке шотын жабу;
2) мыналар жататын ақпараттық операциялар:
жеке шоттың үзінді көшірмесін беру;
өткізілген операциялар туралы есепті беру;
бағалы қағаздарды ұстаушылардың, орталық депозитарий, эмитенттердің және уәкілетті органдардың сұратуы бойынша басқа есептерді дайындау және беру.»;
мынадай мазмұндағы 19-2 және 19-3-тармақтармен толықтырылсын:
«19-2. Мәлімденген бағалы қағаздардың есебін алуға арналған эмитенттің жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша және номиналды ұстау есебі жүйесінде (орталық депозитарийдің есебі жүйесінде) сатып алынған бағалы қағаздардың есебін алуға арналған эмитенттің жеке шоты (қосалқы шоты) бойынша операцияларды жүргізген кезде номиналды ұстаушы (орталық депозитарий) тіркеушіге жүргізілген операциялар туралы хабарламаны (есепті) жібереді.
19-3. Эмитент осы операцияны жүргізуді көздейтін, сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарында айқындалған сауда-саттықты жүргізу әдістемесі арқылы ұйымдастырылмаған бағалы қағаздар нарығында эмитент орналастырылған облигацияларды сатып алған кезде орталық депозитарийде номиналды ұстаушысының жеке шотының шеңберінде ашылған эмитенттің қосалқы шоты көрсетіледі.
Орталық депозитарий сауда-саттықты ұйымдастырушының бұйрығы негізінде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген орналастырылған облигацияларды сатып алу шеңберінде жасалған мәмілелерді тіркеу бойынша операцияларды жүргізеді.»;
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«21. Номиналды ұстаушы бұйрықтың орындалмау себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды мынадай жағдайларда рәсімдейді:
1) бұйрықтардағы қолдардың үлгілерінің нотариатта куәландырылған үлгілерге сәйкес келмесе;
2) операцияны жасауға бұйрықты алған күннен бастап екі күнтізбелік күн ішінде қарсы бұйрықты ұсынбаса;
3) бұйрық деректемелерінің Ережелермен белгіленген деректемелерге немесе жеке шоттың (қосалқы шоттың) деректемелеріне сәйкес келмесе;
4) бағалы қағаздардың қажетті саны және (немесе) клиенттің шоттарында (қосалқы шоттарында) ақшасы болмаса;
5) мәміле мазмұнының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмесе;
6) клиент мәміленің тіркелуі үшін белгіленген мерзімде ірі қатысушы мәртебесін иеленуге берілген қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның келісімін растайтын құжатты Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда ұсынбаса;
7) тиісінше мемлекеттік органдардың не соттың бағалы қағаздарды айналысқа жіберілуін тоқтата тұру және тоқтату туралы шешім болса;
8) бұйрықта көрсетілген жеке шот немесе қосалқы шот, оқшауланса;
9) бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздардың қиындыққа ұшыраса;
10) номиналды ұстаушының ішкі құжаттарымен көзделген өзге жағдайларда.»;
мынадай мазмұндағы 22-1-тармақпен толықтырылсын:
«22-1. Айналысқа шығару мерзімі аяқталған және эмитенттің оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді тіркеу номиналды ұстаушы талап ету құқығын беретін тұлғаның жеке шотынан осы бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын шығынға жазу және осы бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді пайдасына жүргізілетін тұлғаның жеке шотына енгізу жөніндегі операциялар жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Айналысқа шығару мерзімі өткен және эмитенттің оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитенттің міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын беруді тіркеу Ереженің 19-тармағында белгіленген бағалы қағаздар бойынша құқықтарының өтуін тіркеу тәртібін ескере отырып жүзеге асырылады.»;
23 және 23-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Номиналды ұстаушы бағалы қағаздарды ұстаушылардың бұйрықтары негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың шоттарынан (шотынан) (шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операцияларын жүргізеді, мына жағдайларды қоспағанда:
1) орталық депозитарийдің және сауда-саттықты ұйымдастырушының ішкі құжаттарына сәйкес тіркелетін, ұйымдастырылған нарықта жасалған операциялар;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес барлық қажетті деректемелерді қамтитын орындау парағының негізінде тіркелетін сот шешімі бойынша бағалы қағаздар жөніндегі құқықтардың өзгеруі немесе тоқтатылуы бойынша операциялар;
3) клиенттердің жеке шоттарынан оларға тиесілі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Банктер туралы заң) 16-бабының 6-тармағына сәйкес мәжбүрлеп сатып алуға жататын екінші деңгейдегі банктердің акцияларын есептен шығару және осы акцияларды Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2005 жылғы 26 наурыздағы № 113 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3576 тіркелген) бекітілген Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу және оларды инвесторларға міндетті түрде сату ережесінің 6-тармағында белгіленген тәртіпте қабылданған қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі негізінде тіркелетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шотына есепке жазу бойынша операциялар;
4) тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шотынан) (шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операциялары мұрагер немесе оның өкілі берген тиісті бұйрықтың, мұрагерлік құқығы туралы куәлік түпнұсқасының немесе нотариат куәландырған көшірмесінің, мұрагер өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттардың және номиналды ұстау жүйесінде мұрагердің жеке шоты болмаған жағдайда, Ереженің 7 және 8-тармақтарында көрсетілген құжаттардың негізінде тіркелетін бағалы қағаздарды мұрагерлікке алу;
5) эмитенттің бағалы қағаздарын және өзге ақша міндеттемелерін эмитенттің жай акцияларына айырбастау, тиісті жазбаларды енгізу бойынша операциялары эмитенттің бұйрығы негізінде жүзеге асырылатын немесе орталық депозитарийдің хабарламасы негізінде көрсетілетін эмитенттің орналастырған акцияларының бір түрінен осы эмитенттің акцияларының басқа түріне айырбастау жағдайлары.
Егер мәмілені жасау үшін мәміле тараптарының біреуіне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты (келісімі) талап етілген жағдайда, номиналды ұстаушы осындай келісімнің бар екенін растайтын құжатты сұратады. Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның талап етілетін рұқсаты (келісімі) болмаған кезде номиналды ұстаушы мәмілені тіркеуден бас тартады.
23-1. Орталық депозитарий номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушының лицензиясын тоқтата тұрған, айырған немесе оны ерікті қайтарған кезде номиналды ұстаушының шотынан бағалы қағаздарды шығынға жазуды номиналды ұстаушының не бағалы қағаздарының есебі орталық депозитарийдің есеп жүргізу жүйесіндегі қосалқы шотында жүзеге асырылатын клиенттің Ереженің 4-тармағында көрсетілген мәліметтерді қамтыған бұйрығы негізінде жүзеге асырады.
Номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрғаннан немесе айырылғаннан кейін жеке шоттар бойынша операцияларды жүргізу заңсыз болып есептеледі және ақпараттық операцияларды және «репоны» жабу операцияларын, сондай-ақ осы тармақтың бірінші абзацында көрсетілген операцияларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы заңдарымен белгіленген жауапкершілікке алып келеді.
Сауда-саттық ұйымдастырушының сауда жүйесінде «тікелей» тәсілмен жүзеге асырылатын «репо» операциялары номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған күннен бастап, егер осы номиналды ұстаушының клиенті онымен жасалған шарт негізінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жаңа номиналды ұстаушыда ашылған өз қосалқы шотына өз қаржы құралдарын аударым жасауға бұйрық бермеген жағдайда, бес жұмыс күні ішінде жабылады.
«Автоматы» тәсілмен жүзеге асырылатын «репо» операциялары номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған жағдайда мәміле жасау мерзімдеріне қарамастан, жасалған шарт талаптарына сәйкес жабылады. Тараптардың келісімі бойынша «автоматты» тәсілмен жүзеге асырылатын «репо» мәмілесін мерзімінен бұрын бұзуға болады.
Кепіл мәні болып табылатын қаржы құралдары номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын бағалы қағаздар нарығы кәсіби қатысушысының лицензиясы тоқтатыла тұрған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жаңа номиналды ұстаушыда онымен жасалған шарт негізінде ашылған клиенттің қосалқы шотына аударылады. Тараптардың келісімі бойынша кепіл мәні болып табылатын қаржы құралдарымен мәмілені мерзімінен бұрын бұзуға болады.»;
мынадай мазмұндағы 28-1-тармақпен толықтырылсын:
«28-1. Банктер туралы заңының 47-1-бабының 3-тармағында, «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 1997 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заң) 42-7-бабының 3-тармағында және «Сақтандыру қызметі туралы» 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Сақтандыру қызметі туралы заң) 53-1-бабының 3-тармағында көзделген жағдайларда қаржы ұйымының акцияларының сенімгерлік басқаруы ұйымдастырылған жағдайда номиналды ұстаушы қаржы ұйымының акцияларының сенімгерлік басқаруын ұйымдастыру туралы қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органының шешімі және бағалы қағаздардың осы ұстаушысының жеке шотына сенімгерлік басқарушы туралы жазба енгізу туралы сенімгерлік басқарушының бұйрығы негізінде номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде қаржы ұйымы акцияларының меншік иесі болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотына сенімгерлік басқарушы туралы жазба енгізу бойынша операция жүргізеді.
Сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымының акциялары өткізілген жағдайда номиналды ұстаушы сенімгерлік басқарушының бұйрығы және Банктер туралы заңының 17-1-бабында, Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңының 36-1-бабында және Сақтандыру қызметі туралы заңының 26-бабында көзделген жағдайларда қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның қаржы ұйымының ірі қатысушысы (банк не сақтандыру холдингі) мәртебесін иеленуге келісімін растайтын құжат негізінде осы акциялардың меншікті иесі болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан осы акцияларды шығынға жазу және осы акцияларды сатып алушының жеке шотына (шоттарына) есепке жазу бойынша операциялар жүргізеді.
Номиналды ұстаушы сенімгерлік басқаруға берілген қаржы ұйымы акцияларының меншікті иесі болып табылатын бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотынан сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны жою бойынша операцияны сенімгерлік басқарушының бағалы қағаздардың осы ұстаушысының жеке шотынан сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны жою туралы бұйрығы негізінде жүргізеді.
Номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде жүргізілген бағалы қағаздарды ұстаушының жеке шотына (жеке шотынан) сенімгерлік басқарушы туралы жазбаны енгізу (жою) бойынша операциялар номиналды ұстаушының бұйрығы негізінде осы операция жүргізілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде көрсетіледі.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«36. Ереженің 38-тармағының екінші бөлігінде белгіленген жағдайларды қоспағанда номиналды ұстаушы ақпараттық операцияны бағалы қағазды ұстаушының жазбаша өкімдерді (бұйрықтарды) немесе мемлекеттік органдардың сұратуларын тіркеген сәттен бастап үш күнтізбелік күн ішінде жүргізеді.».
2. Осы қаулы 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының отызыншы, елу сегізінші, елу тоғызыншы және алпысыншы абзацтарын қоспағанда алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы. Г.Марченко