"Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау әдістемесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің Экономика салаларын дамыту департаменті (А. Сабыржанұлы) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда вице-министрі A.M.Ескендіровке жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Министр Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы 2 ақпандағы
№ 96 бұйрығымен
бекітілген
Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы
бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары,
сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды жүзеге
асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілері жүзеге
асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау
шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау
әдістемесі
1. Жалпы ережелер
1. Осы әдістеме Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау тетіктерін "Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген (бұдан әрі - тиімділікті бағалау).
2. Тиімділікті бағалау мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін анықтау мақсатында өткізіледі.
3. Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілері тиімділікті бағалау объектілері болып табылады.
4. Индустриялық-инновациялық қызметті қолдау саласындағы уәкілетті орган, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті тиімділікті бағалау үшін ақпарат көздері болып табылады.
2. Тиімділікті бағалауды өткізу тетіктері
5. Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілері жүзеге асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген өлшемдерге сәйкес жыл қорытындысы бойынша айқындалады.
6. Мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігі туралы жылдың қорытындысы бойынша ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметіне есепті жылдан кейінгі ағымдағы жылдың 15 мамырына дейін енгізеді (қағаз және электронды түрде).
7. Мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау нәтижелері туралы ақпарат ресми түрде танысу үшін орталық мемлекеттік органдарға есепті жылдан кейінгі ағымдағы жылдың 20 мамырынан кешіктірмей жіберіледі (электронды түрде).
8. Іске асырылатын шаралардың тиімділігін бағалау үшін осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес белгіленген өлшемдер бойынша балдар беру әдісі қолданылады.
9. Бағалау өлшемдері айнымалы және тұрақты өлшемдерге бөлінеді. Айнымалы өлшемдер әр шара бойынша жеке көзделінеді, ал тұрақты өлшемдер барлық шараларға ортақ болып табылады.
10. Мемлекеттік қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау әр өлшемге салмақтық коэффициентін берумен анықталады.
Салмақты коэффициент бес балдық шкала бойынша нақты өлшем мәнін мынадай түрде анықтайды:
1-1-ге, онда 1-ге тең салмақ тағайындалады;
1,1-2,9 1-ге, онда 1,1-2,9-ға тең салмақ тағайындалады;
3-4,9 1-ге, онда 3-4,9-ға тең салмақ тағайындалады;
5 аса 1-ге, онда 5-ке тең салмақ тағайындалады.
11. Барлық өлшемдер бойынша салмақтар сомасы іске асырылу шараларының тиімділігін мынадай жағдайларда бес балдық шәкіл бойынша бағалауға мүмкіндік береді.
0-7 - 1-ге тең балл беріледі және ұсынылған шарадан елеусіз әсер ретінде бағаланады;
8-14 - 2-ге тең балл беріледі және ұсынылған шарадан төмен әсер ретінде бағаланады;
15-21 - 3-ке тең балл беріледі және ұсынылған шарадан қанағаттанарлық әсер ретінде бағаланады;
22-28 - 4-ке тең балл беріледі және ұсынылған шарадан жақсы әсер ретінде бағаланады;
29-35 - 5-ке тең балл беріледі және ұсынылған шарадан өте жақсы әсер ретінде бағаланады.
Бұл тетіктің басымдылығы сол, ол осы Әдістемеге қосымшада көрсетілген көрсеткіштердің мөлшері мен мәні бойынша әр түрлі кешенді бағалау жүргізуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдар, облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың,
астананың жергілікті атқарушы органдары,
сондай-ақ индустриялық-инновациялық
қызметті қолдауды жүзеге асыратын
индустриялық-инновациялық жүйенің
субъектілері жүзеге асыратын
индустриялық-инновациялық қызметті
мемлекеттік қолдау шараларының іске
асырылу тиімділігін бағалау әдістемесіне
Қосымша
Мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар
қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ
индустриялық-инновациялық қызметті қолдауды жүзеге асыратын
индустриялық-инновациялық жүйенің субъектілері жүзеге
асыратын индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік
қолдау шараларының іске асырылу тиімділігін бағалау
Мемлекеттік орган атауы/мемлекеттік қолдауды көрсететін
индустриалды-инновациялық жүйе субъектілері
Мемлекеттік қолдауларды ұсынуды реттейтін нормативті-құқықтық актілер
Ұсынылған шараларға баға беру өлшемдері
№ п/п |
Мемлекеттік қолдау шаралары |
Мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну кезеңі |
Сала |
Аумақ |
ұсынған шаралар оператор |
Мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділіктері |
Ауыспалы өлшемдер |
||||||
1 өлшем |
салмақтық коэффициент |
2 өлшем |
салмақтық коэффициент |
||||||||||
1 |
Қоса қаржыландыруды қоса алғанда, жобаларды қаржыландыру, лизингтік қаржыландыру |
Қоса алғанда, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілер саны, дана |
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілер табыс көлемі, мың теңге |
||||||||||
қоса қаржыландыруды қоса алғанда |
лизингтік қаржыландыру |
қоса қаржыландыруды қоса алғанда |
лизингтік қаржыландыру |
||||||||||
шараны көрсетк енге дейін |
|||||||||||||
көрсетк еннен кейін |
|||||||||||||
2 |
Займдар бойынша кепілдірілген міндеттемелер және кепілдік беру |
Ұсынылғандар саны, дана |
Щеңберінде жобалар бойынша бөлінген қаражат сомасы, мың теңге |
||||||||||
кепілдірілген міндеттемелер |
ақтық айту |
кепілдірілген міндеттемелер |
ақтық айту |
||||||||||
шараны көрсеткенге дейін |
|||||||||||||
шараны көрсетк еннен кейін |
|||||||||||||
3 |
Қаржылық институттар арқылы несиелеу |
Ұсынылған несиелер саны, дана |
Шеңберінде жобалар бойынша бөлінген қаражат сомасы, мың теңге |
||||||||||
кепілдірілген міндеттемелер |
ақтық айту |
кепілдірілген міндеттемелер |
ақтық айту |
||||||||||
шараны көрсеткенге дейін |
|||||||||||||
шараны көрсеткеннен кейін |
|||||||||||||
4 |
Қаржылық институттары беретін кредиттер бойынша сыйақы ставкасын және облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялау |
Кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау ұсыну бойынша қолданған жобалар саны, дана |
Кредиттер бойынша сыйақы ставкасын субсидиялауға бағытталған бөлінген қаражат сомасы, мың теңге |
||||||||||
жаңа индустриалды-инновациялық жобаларды көру үшін |
жаңғыртуға (техникалық жабдықталу) және әрекет етуші өндірісті кеңейтуге бағытталған |
жаңа индустриалды-инновациялық жобаларды құру үшін |
жаңғыртуға (техникалық жабдықталу) және әрекет етуші өндірісті кеңейтуге бағытталған |
||||||||||
шараны көрсеткенге дейін |
|||||||||||||
шараны көрсеткеннен кейін |
|||||||||||||
5 |
жарғылық капиталына тартылатын инвестицияларды жүзеге асыру |
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталына тартылатын инвестицияларды алған жобалар саны, дана |
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің жарғылық капиталына тартылатын инвестицияларды алған сомасы, мың теңге |
||||||||||
шараны көрсеткенге дейін |
|||||||||||||
шараны көрсеткеннен кейін |
|||||||||||||
6 |
Кепілдірілген тапсырыс |
Жасалған технологиялық меморандумдардың негізінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен шарттар жасасу саны, дана |
Технологиялық меморандумдар бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерімен іске асырылған өнім көлемі, мың теңге |
||||||||||
тауармен |
жұмыспен және қызметпен |
тауармен |
жұмыспен және қызметпен |
||||||||||
шараны көрсеткенге дейін |
|||||||||||||
шараны көрсеткеннен кейін |
|||||||||||||
7 |
Инновациялық гранттар беру |
Берілген инновациялық гранттар саны, дана |
Инновациялық гранттарға бөлінген қаражат сомасы, мың теңге |
||||||||||
шараны көрсеткенге дейін |
|||||||||||||
шараны көрсеткеннен кейін |
|||||||||||||
8 |
Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету |
Индустриялық-инновациялық қызмет саласы бойынша жұмысқа орналасқан мамандар саны, дана |
Индустриялық-инновациялық қызмет саласы бойынша мамандар дайындауға бөлінген қаражат сомасы, мың теңге |
||||||||||
шараны көрсеткенге дейін |
|||||||||||||
шараны көрсеткеннен кейін |
|||||||||||||
9 |
инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету |
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету саны, дана |
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге бөлінген қаражат сомасы, мың теңге |
||||||||||
шараны көрсеткенге дейін |
|||||||||||||
шараны көрсеткеннен кейін |
|||||||||||||
10 |
Жер учаскелерін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру |
Жер учаскелерін және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру саны, дана |
Кадастрлық құны бойынша уақытша жерді қолдану құқығына жер учаскісіне бөлінген қаражат сомасы, мың теңге |
||||||||||
бөлінген жер учаскелері, дана |
тікелей келіссөздер негізінде |
жер учаскелері |
тікелей келіссөздер негізінде конкурссыз жер қойнауын пайдалануға құқық беру |
||||||||||
шараны көрсеткенге дейін |
|||||||||||||
шараны көрсеткеннен кейін |
|||||||||||||
11 |
Ішкі нарықта қолдау |
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне сервистік қолдау көрсету саны, дана |
Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, мың теңге |
||||||||||
шараны көрсеткенге дейін |
|||||||||||||
шараны көрсеткеннен кейін |
|||||||||||||
12 |
Отандық өңделген тауарлар, көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту |
Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне сервистік қолдау көрсету саны, дана |
Отандық өңделген тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді ішкі нарықта жылжыту бойынша шығындарының бір бөлігін өтеуді индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау, мың теңге |
||||||||||
шараны көрсеткенге дейін |
|||||||||||||
шараны көрсеткеннен кейін |
|||||||||||||
13 |
Шетелдік инвестициялар тарту |
Шетелдік инвестициялар тарту саны, дана |
Сервистік қолдау шаралары шетелдік инвестицияларды тартуға бөлінген қаражат сомасы, мың теңге |
||||||||||
шараны көрсеткенге дейін |
|||||||||||||
шараны көрсеткеннен кейін |
кестенің жалғасы:
Тұрақты өлшемдер |
шара бойынша балл |
|||||||||||
3 өлшем |
4 өлшем |
5 өлшем |
6 өлшем |
7 өлшем |
||||||||
Мемлекеттік қолдау шаралары бойынша бөлінген бюджеттік қаражаттардың көлемі |
салмақтық коэффициент |
жергілікті бюджетке салық түсімдері көлемі |
республикалық бюджетке салық түсімдері көлемі |
салмақтық коэффициент |
өндірілетін өнім/жұмыс және қызмет көлемі, мың теңге |
салмақтық коэффициент |
Индустриалды-инновациялық қызмет жобалары бойынша жұмыс орын сандары, дана |
салмақтық коэффициент |
ішкі нарықта өнімді тарату мың теңге |
экспортқа өнімді тарату мың теңге |
салмақтық коэффициент |
|