РҚАО-ның ескертпесі!
Бұйрықтың күшін жою көзделген – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 18.05.2018 № 193 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 26-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кадрдағы қазақстандық үлесті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 320-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6618 тіркелген, 2010 жылғы 29 қарашадағы № 325 (26386)) "Казахстанская правда" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Кадрдағы жергілікті үлесті есептеу әдістемесін бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Кадрдағы жергілікті үлесті есептеу әдістемесі бекітілсін.";
осы бұйрықпен бекітілген Кадрдағы жергілікті үлесті есептеу әдістемесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Халықты жұмыспен қамту департаменті (Д.Р. Арғындықов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республиканың Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр | Г. Әбдіқалықова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрі
Ә. Исекешев___________
2012 жылғы 2 сәуір
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрі
С. Мыңбаев____________
2012 жылғы 23 ақпан
Кадрлардағы жергілікті қамтуды
есептеу әдiстемесi
1. Кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеу әдiстемесi (бұдан әрi - Әдiстеме) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзiрлендi.
2. Әдiстеме жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiмшарт бойынша мiндеттемелерiн орындауына мониторинг жүргізуді және бақылауды жүзеге асыру мақсатында жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттарда кадрлардағы жергілікті қамтуды есептеуге, сондай-ақ өтiнiм берушiлердiң жер қойнауын пайдалану құқығын алуға арналған конкурстық ұсыныстарды даярлауына арналған.
3. Кадрлардағы жергілікті қамту қызметкерлердің әр санаты бойынша бөле отырып, келiсiмшартты орындауға жұмылдырылған персоналдың жалпы санына кадрлардағы қазақстандық қамтудың пайыздық мәнiн айқындау негiзiнде белгiленедi.
4. Қазақстандық кадрлардың пайыздық құрамы мына санаттар бойынша айқындалады:
1) бiрiншi санат – басқарушы құрам;
2) екiншi санат – жоғары және орта кәсiптiк бiлiмi бар мамандар;
3) үшiншi санат – бiлiктi жұмысшылар.
Бiрiншi санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың ағымдағы қызметiн басқаруды жүзеге асыратын атқарушы органның құрамына кiретiн адамдар, олардың орынбасарлары, филиалдардың басшылары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың жекелеген бағыттағы қызметiн басқаруды, құрылымдық бөлiмшелердiң қызметiн үйлестiру мен бақылауды қоса жүзеге асыратын адамдар жатады.
Екiншi санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың құрылымдық бөлiмшелерiн басқаратын және жер қойнауын пайдаланушының қызмет процесiне тiкелей басшылықты жүзеге асыратын қызметкерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың штатында тұратын арнайы бiлiмi және жұмыс дағдысы, тәжiрибесi бар қызметкерлер жатады.
Үшiншi санатқа Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125 бабында көзделген білікті талаптарына сәйкес келетін бiлiктi жұмысшылар жатады.
5. Тиiстi санаттар бойынша қазақстандық кадрлардағы пайыздық қамту мына формула бойынша айқындалады:
h = VKC x 100 %
Vo
мұндағы
- VKC – тиiстi санаттағы қазақстандық кадрлардың саны;
- Vo – келiсiмшартты орындауға жұмылдырылған тиiстi санаттағы персоналдың жалпы саны.
Есептеу мысалы:
Екiншi санат бойынша қазақстандық кадрларды пайыздық қамтуды есептеу үшiн бастапқы деректер:
(Vo) – жер қойнауын пайдаланушының екiншi санаты бойынша келiсiмшартты орындауға жұмылдырылған персоналының жалпы саны 1200 адамды құрайды;
(VKC) – тиiстi санаттағы қазақстандық кадрлардың саны 1000 адам құрайды.
Осы санаттағы бойынша қазақстандық кадрлардың пайыздық қамтылуы:
h = 1000 x 100 % = 83 %
1200
құрайды.