Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарының дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 78 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 12 сәуірде № 7557 тіркелді

Қолданыстағы

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-1-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдарының дара және институционалдық инвесторларды білікті инвесторлар деп тану қағидалары бекітілсін.
      2. Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфелін басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдары осы қаулының қолданылуы енгізілген күннен бастап үш айдың ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
        Төрағасы                                         Г.Марченко

Қазақстан Республикасы 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы № 78
қаулысымен бекітілген 

Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе)
дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді
басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және
институционалдық инвесторларын білікті инвесторлар
деп тану қағидалары

      Осы Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың дара және институционалдық инвесторларын білікті инвесторлар деп тану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жеке және заңды тұлғаларды білікті инвесторлар деп тану тәртібі мен шарттарын айқындайды.
      1. Қағидаларды қолдану мақсатында мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органының тиісті лицензиясы негізінде брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті және (немесе) инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйым;
      2) тізілім - білікті инвесторлары деп танылған заңды және (немесе) жеке тұлғалар туралы мәліметтер жиынтығы;
      3) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті.
      2. Жеке және заңды тұлға (бұдан әрі - тұлға) осы Қағидалармен ұсынылатын талаптарға сәйкес болған жағдайда білікті инвестор деп танылады.
      3. Білікті инвестор деп танылуға ниеті бар тұлға білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлғаға мына құжаттарды ұсынады:
      1) мыналардан тұратын өтініш:
      өтініш беруші туралы мәліметтер:
      жеке тұлға үшін:
      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
      жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері;
      заңды мекен жайы және тұрғылықты жері;
      заңды тұлға үшін:
      толық және қысқартылған атауы;
      заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) нөмірі және күні;
      орналасқан жері;
      2) жеке тұлға үшін:
      жоғары экономикалық, математикалық немесе заңгерлік білімінің болуын растайтын құжаттар;
      қаржы ұйымында кемінде үш жыл жұмыс стажы болуын растайтын құжаттар;
      3) заңды тұлға үшін - жоғары экономикалық, математикалық немесе заңгерлік білімі, сондай-ақ қаржы ұйымында кемінде үш жыл жұмыс стажы бар штатта кемінде екі қызметкерінің болуын растайтын құжаттар;
      4) білікті инвестор деп тану туралы өтінішті берген күннің алдындағы бір күнтізбелік жыл ішінде бағалы қағаздармен және (немесе) өзге қаржы құралдарымен жасалған мәмілелердің саны бағалы қағаздардың ұйымдастырылған нарығында кемінде елу мәмілені құрағаны туралы растайтын құжаттар;
      5) тұлғаның білікті инвестор деп танылуға ниеті бар тұлғаға қатысты қызмет көрсетудің тізбесін және бағалы қағаздар және (немесе) өзге қаржы құралдар түрлерінің тізбесін көрсете отырып құжаттар;
      6) өтініш беруші білікті инвесторларға арналған бағалы қағаздарға және (немесе) өзге қаржы құралдарға қатысты Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар туралы заңнамасында белгіленген шектеулер, сондай-ақ осындай бағалы қағаздармен және (немесе) өзге қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер туралы хабардар болғанына көрсететін құжаттар;
      7) Қағидалардың 12-тармағында белгіленген жағдайларда жасалған білікті инвесторлар қаражаты есебінен ғана сатып алуға рұқсат берілген қаржы құралдарына жүзеге асыру бөлігінде қызмет көрсету бойынша шарт.
      4. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде өтініш беруші ұсынған құжаттардың сәйкес келуі тұлғаны білікті инвестор деп тану үшін қажетті белгіленген талаптардың сақталу мәніне тексеруді жүзеге асырады.
      5. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген мерзімде Қағидалармен қойылатын талаптарға сәйкес келмеген жағдайда тұлғаны білікті инвестор деп танудан бас тартады. Тұлғаны білікті инвестор деп танудан бас тартқан жағдайда білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде бас тартудың негіздемелері туралы өтініш берушіге жазбаша хабарлайды.
      6. Тұлғаны білікті инвестор деп тану туралы шешім осы тұлға бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдардың қандай түрлеріне және (немесе) қызмет көрсетудің қандай түрлеріне қатысты білікті инвестор деп танылатыны көрсетілуі тиіс.
      7. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға үш күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қабылданған шешім туралы тұлғаға хабарлайды.
      8. Тұлғаны білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға тізілімге қосу туралы жазбаны енгізген күнінен бастап ол білікті инвестор деп есептеледі.
      9. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға білікті инвестор деп танылған заңды тұлғадан сәйкес келуі тұлғаны білікті инвестор деп тануы үшін қажетті талаптардың қадағалануын растауды және көрсетілген талаптардың тексерілуін жүзеге асыруды талап етуге міндетті. Тексеру тоқсанына бір рет жүргізіледі.
      10. Білікті инвестор деп танылған тұлға, оны білікті инвестор ретінде таныған тұлғаға білікті инвестор мәртебесінен жалпы немесе бағалы қағаздар және өзге қаржы құралдардың және (немесе) білікті инвестор ретінде танылған көрсетілетін қызметтің белгілі бір түрлерінен бас тартуға өтініш береді (бұдан әрі - бас тарту туралы өтініш). Бас тарту туралы өтінішті білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға отыз күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде қанағаттандырады.
      Тізілімге тиісті өзгерістер бас тарту туралы өтінішті алған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей, ал егер бас тарту туралы өтінішті берген білікті инвестор есебінен жасалған мәмілелер көрсетілген өтінішті алғанға дейін орындалмаса, соңғы жасалған мәміле орындалған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей енгізіледі.
      11. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлғаның тізілімін жүргізу Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2005 жылғы 19 сәуірдегі № 132 қаулысымен бекітілген Бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға қажетті бағдарламалық-техникалық құралдарға қойылатын талаптар туралы нұсқаулықтың талаптарына сәйкес бағдарламалық қамтамасыз етуде электрондық түрде жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3649 тіркелді).
      Тұлғаны білікті инвестор деп тану туралы шешім қабылдаған күннен бастап келесі жұмыс күнінен кешіктірмей тұлғаны тізілімге қосу жүзеге асырылады.
      Тізілімде білікті инвестор туралы мынадай ақпарат болуы тиіс:
      1) тұлға туралы жазбаны тізілімге енгізу күні;
      2) осы тұлға білікті инвестор болып танылғанға қатысты қызмет түрлері және (немесе) бағалы қағаздардың және (немесе) өзге қаржы құралдарының түрлері;
      3) тұлғаны тізілімнен алып тастау күні;
      4) тұлғаны тізілімнен алып тастау себебі;
      5) жеке тұлға үшін:
      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
      жеке басын куәландыратын құжаттың атауы мен деректемелері;
      заңды мекенжайы және тұрғылықты жері;
      6) заңды тұлға үшін:
      толық және қысқартылған атауы;
      заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелу (қайта тіркелу) күні және нөмірі;
      орналасқан жері.
      Тізілімге өзгерістер енгізу білікті инвестордың өтініші, оның ішінде білікті инвестор мәртебесінен бас тарту туралы өтініш бойынша жүзеге асырылады.
      Тізілімнен заңды тұлғаны алып тастауға байланысты өзгерістерді енгізу, сондай-ақ егер заңды тұлға белгіленген талаптардың сақталуын растамаған жағдайда жүзеге асырылады.
      Білікті инвестордың сұрау салуы бойынша білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға білікті инвесторға осы тұлға туралы ақпараттаң тұратын тізілімнен үзінді-көшірмені ұсынады.
      Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға есепті тоқсаннан кейінгі айдың соңғы күнінен кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органға Қағидалардың қосымшасына сәйкес білікті инвесторлар туралы мәліметтерді тоқсан сайын ұсынады.
      Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға уәкілетті органның талабы бойынша сұрау салуда айқындалған мерзімде электронды нысанда және (немесе) қағаз тасымалдауышта тізілімді ұсынады.
      12. Қағидалардың 3-тармағының 7) тармақшасында көзделген шарт білікті инвестор деп тану туралы өтінішті берген күннің алдындағы бір күнтізбелік жыл ішінде меншікті қаражат есебінен туынды қаржы құралдарымен мәмілелер жасаған бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен жасалу тиіс.

Бағалы қағаздар нарығында      
брокерлік және (немесе)        
дилерлік қызметті және (немесе)
инвестициялық портфельді       
басқару жөніндегі қызметті     
жүзеге асыратын ұйымдардың     
дара және институционалдық     
инвесторларын білікті          
инвесторлар деп тану           
қағидаларына қосымша           

Білікті инвесторлар туралы мәліметтер

1. Білікті инвестор деп тануды жүзеге асыратын тұлға туралы мәліметтер

1.1

Ұйымның толық атауы


1.2

Ұйымның қысқартылған атауы


1.3

Салық төлеушінің тіркеу нөмірі немесе жеке сәйкестендіру нөмiрі


1.4

Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға лицензиялардың болуы туралы мәліметтер


1.5

Лицензия нөмірі


1.6

Лицензия беру күні


2. Білікті инвесторлар тізілімі туралы мәліметтер берілетін күн

2.1

Білікті инвесторлар тізілімі туралы мәліметтер берілетін күн


2.2

Есепті кезеңде тізілімге енгізілген жеке тұлғалардың саны


2.3

Есепті кезеңде тізілімнен шығарылған жеке тұлғалардың саны


2.4

Тізілімде тұрған жеке тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы резидент еместерінің саны


2.5

Есепті кезеңде тізілімге енгізілген заңды тұлғалардың саны


2.6

Есепті кезеңде тізілімге шығарылған заңды тұлғалардың саны


2.7

Тізілімде тұрған заңды тұлғалардың, оның ішінде Қазақстан Республикасы резидент еместерінің саны


3. Білікті инвесторлар деп танылған жеке және заңды тұлғаларға қатысты қызмет түрлері туралы мәліметтер

3.1 Қызмет түрлері

3.2 Осы қызмет түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар саны

3.3 Осы қызмет түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған заңды тұлғалар саны

4. Білікті инвесторлар деп танылған жеке және заңды тұлғаларға қатысты бағалы қағаздардың және (немесе) басқа қаржы құралдарының түрлері туралы мәліметтер

4.1 Бағалы қағаздардың және (немесе) басқа қаржы құралдардың түрі

4.2 Осы бағалы қағаздардың және (немесе) басқа қаржы құралдардың түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған жеке тұлғалар саны

4.3 Осы бағалы қағаздардың және (немесе) басқа қаржы құралдардың түріне қатысты білікті инвесторлар деп танылған заңды тұлғалар саны

5. Есепті кезеңде білікті инвесторлар қаражаты есебінен жасалған қаржы құралдарымен мәмілелер көлемі туралы мәлімет (мың теңге)

5.1

Жеке тұлғалар есебінен жасалған мәмілелер көлемі


5.2

Заңды тұлғалар есебінен жасалған мәмілелер көлемі