Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012 жылғы 19 наурыздағы № 25-02-01/115 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7551 тіркелді

Қолданыстағы

      «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу қағидаларын және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет грамоталарын беру тәртібі бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (Е. Нысанбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің м. а.                           Е. Аман

Қазақстан Республикасы  
Ауыл шаруашылығы     
министрдің м. а.     
2012 жылғы 19 наурыздағы 
№ 25-02-01/115 бұйрығымен 
бекітілген     

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында көтермелеу
қағидалары және құрметті атақтар, төс белгілерін және құрмет
грамоталарын беру тәртібі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағида «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес әзірленді және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында ынталандыру мен құрметті атақтар, төсбелгілерін және Құрмет грамоталарын беру тәртібін айқындайды.
      2. «Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағымен, І, ІІ, ІІІ дәрежелі «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен:
      1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – Комитет) мен оның аумақтың органдарының лауазымды тұлғалары;
      2) Комитеттің қарауындағы ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың қызметкерлері;
      3) үкіметтік емес ұйымдар;
      4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту саласындағы ғылыми және өзге де қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың қызметкерлері марапатталады.
      3. «Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағы (бұдан әрі - құрметті атағы) Қазақстан Республикасының биологиялық әртүрлілігін сақтау және молықтыру, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытуға елеулі үлес қосқан, сондай-ақ бұл саласының лауазымдарда кемінде 15 жыл мінсіз және толассыз жұмыс істеген жоғары білікті мамандарға ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы белсенді ынтымақтастығы және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізгені үшін беріледі.
      Құрметті атақ осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес үлгісі бойынша төс белгімен белгіленеді.
      4. «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің (бұдан әрі – төсбелгі) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі үш дәрежесі бар, оның ең жоғарғысы бірінші болып табылады.
      Төсбелгісімен марапатталуға осы Қағиданың 2-тармағында көрсетілген, биологиялық әртүрлілікті сақтау мен көбейтуді қамтамасыз етуде, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы белсенді ынтымақтастық жасауда және ғылыми талдамаларды өндіріске енгізуде табыстарға қол жеткізген, сондай-ақ бұл саласының лауазымдарда мінсіз және толассыз жұмыс істеген қызметкерлердің кандидатуралары:
      кемінде 5 жыл – ІІІ дәрежелі төсбелгісіне;
      кемінде 10 жыл – ІІ дәрежелі төсбелгісіне;
      кемінде 15 жыл – І дәрежелі төсбелгісіне ұсынылады.
      5. Комитеттің, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысаны, Құрмет грамотасымен саналы жұмысы, кәсіби шеберлігі, сала алдына қойылған міндеттерді шешуге жеке үлес қосқан және осы ұжымда кемінде 3 жыл жұмыс өтілі бар қызметкерлер, сондай-ақ жұмыстағы жоғары көрсеткіштері үшін еңбек ұжымдары марапатталады.
      6. Құрметті атақтармен, төсбелгілермен және Құрмет грамоталарымен марапаттау Комитет төрағасының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Құрметті атақтармен, төсбелгілермен және Құрмет грамоталарымен марапаттау жөніндегі ұсыныстарды қарау және дайындау үшін Комитетте комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, оның құрамына Комитеттің қызметкерлерінің кемінде 5 адам кіреді.
      8. Құрметті атағын, төсбелгімен наградтау және көтермелеуді ұсыну туралы шешімді Комиссия көпшілік дауыспен, ашық дауыс беріп қабылдайды.
      Дауыстар тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      9. Ынталандырудың ресми мәтіні мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалады.

2. І, ІІ, ІІІ дәрежелі төсбелгілермен және олармен
марапатталған тұлғалардың мәртебесі

      10. Төсбелгілер кеуденің оң жағында Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларынан төмен тағылады.
      11. Қызметкердің еңбек кітапшасы мен жеке ісіне марапаттау туралы бұйрықтың күні мен нөмірі көрсетіліп, тиісті жазба жасалады.

3. Құрметті атақпен, төсбелгісімен және Құрмет грамотасымен
марапаттауға ұсыну тәртібі және оларды тапсыру

      12. Құрмет атағымен, төсбелгімен және Құрмет грамотасымен марапаттауға осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес ұсынымды:
      1) Комитеттің құрылымдық бөліністері мен оның аумақтық органдарының;
      2) облыстардың жергілікті атқарушы органдарының;
      3) табиғат қорғау ұйымдарының;
      4) үкіметтік емес ұйымдардың;
      5) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту саласындағы ғылыми және өзге де қызметтерді жүзеге асыратын ұйымдардың басшылары Комитетке жолдайды.
      13. Ұсыным туралы (бұдан әрі – ұсыным) Комитетке, тиісті құжаттардың және жұмыстардың көшірмелерін қоса беріп, мерекелік, мүшелтойлық күндерге дейін 30 күнтізбелік күннен кешіктірмей жіберіледі.
      14. Марапаттау туралы ұсынымда марапатталушының жеке басын сипаттайтын деректер, ұйымдардағы жалпы жұмыс өтілі, нақты сіңірген еңбегі және жұмысының тиімділігі мен сапасы туралы мәліметтер көрсетіледі.
      15. Қызметкерлер мен еңбек ұжымдарын ынталандырудың барлық түрін есепке алып отыруды Комитеттің кадр қызметі жүзеге асырады.
      16. Құрметті атақтарды, төсбелгілерін және олардың куәліктерін, сондай-ақ Құрмет грамоталарын тапсыру марапатталушы тұлға жұмыс істейтін Комитетте немесе ұжымда жүргізіледі.
      17. Құрметті атақ, төсбелгі, Құрмет грамотасын тапсыру кезінде осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша хаттама толтырылады.
      18. Құрметті атақ белгісі мен төсбелгі осы куәліксіз жарамсыз. Куәліктің сипаттамасы осы Қағиданың 6-қосымшасында көрсетілген.

4. Қорытынды ережелер

      18. «Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағымен, сондай-ақ белгілі бір дәрежедегі төсбелгісімен екінші қайтара марапаттауға жол берілмейді;
      «Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері» белгісі, төсбелгісі немесе Құрмет грамотасы жоғалған жағдайда көшірмелері берілмейді.

Ерекше қорғалатын табиғи       
аумақтар саласында ынталандыру     
мен құрметті атақтар, төсбелгілерін және 
Құрмет грамоталарын беру тәртібі   
қағидасына 1-қосымша         

«Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағына төсбелгісінің үлгісі

      «Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері» құрметті атағына төсбелгі емен жапырақты екі бұтақтан өрілген сопақша венок пішінді. Бұтақтардың ұштарына төменгі жағынан лента оралған. Веноктың ортасында құрметті атақтың атауы жазылған өрнекті жазба орналастырылған. Жазбаның төбесінде – Қазақстан Республикасының елтаңбасы. Жазбаның астында терек жапырағы мен ұшып бара жатқан бүркіт бейнеленген. Белгінің сырт жағы дөңес. Барлық суреттер мен жазба бедерлі. Белгінің сыртқы жағында – киімге бекітетін винт.
      Белгінің мөлшері: биіктігі – 40 миллиметр, ені – 30 миллиметр, күмістен жасалады.
      Төсбелгінің сыртында (реверс) тіркеу нөмірі ойылған.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласында ынталандыру мен құрметті 
атақтар, төсбелгілерін және Құрмет 
грамоталарын беру тәртібі    
қағидасына 2-қосымша        

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі
Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің
I, II, III дәрежелі «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі
үшін» төсбелгісінің үлгісі

      І, II, III дәрежелі «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі (бұдан әрі – төсбелгісі) диаметрі 34 миллиметр металл шеңбер (бұдан әрі – шеңбер) болып табылады, онда стильді үш элемент: терек жапырағы, ұшып бара жатқан бүркіт және су бейнеленген, оның ішінде ақ түсте «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» деген бедерлі жазу бар.
      Терек жапырағы орманды бейнелейді және терек жапырағының бейнесі Қазақстанның бүкіл аумағында өсетін теректі білдіреді.
      Ұшып бара жатқан бүркіт Қазақстанның жануарлар дүниесін бейнелейді, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің сақталуына бақылауды білдіреді.
      Су тамшысы өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өмірінің негізін, сондай-ақ ормандардың су қорғау рөлін білдіреді.
      Шеңбер тартпа мен сақинаның көмегімен мөлшері 55х34 миллиметр қалыпқа бекітілген, ол жасыл матамен керілген, саны белгінің дәрежесін білдіретін алтын түсті жолақтары бар алтын жиектемемен көмкерілген.
      Құрметті төсбелгісі мыс-никель құймасынан жасалады.
      Төсбелгінің сыртында (реверс) тіркеу нөмірі ойылған.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар  
саласында ынталандыру       
мен құрметті атақтар, төсбелгілерін және 
Құрмет грамоталарын беру тәртібі  
қағидасына 3-қосымша       

Нысан

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 
саласында ынталандыру       
мен құрметті атақтар, төсбелгілерін және
Құрмет грамоталарын беру тәртібі 
қағидасына 4-қосымша       

Нысан

Құрмет атағымен, төсбелгілермен иеленуге, ынталандыруға
ұсыным

      1. Тегі, аты, әкесінің аты_____________________________________
      2. Туған күні__________________________________________________
      3. Білімі______________________________________________________
____________________________________________________________________
                (ЖОО атауы және оны бітірген күні)
      4. Жұмыс орны, атқаратын қызметі______________________________
____________________________________________________________________
      5. Жалпы жұмыс өтілі, саладағы жұмыс өтілі, осы еңбек
ұжымындағы жұмыс өтілі______________________________________________
      6. Тәртіптік жазасы бар ма ___________________________________
___________________________________________________________________
      7. Мінездеме __________________________________________________
                    (сіңірген нақты еңбегі көрсетіліп)
___________________________________________________________________
      («Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы, І, ІІ, ІІІ –
дәрежелі «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі,
Құрмет грамотасы) ұсынылады.

      Басшының қолы ______________

      М.О.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 
саласында ынталандыру мен құрметті
атақтар, төсбелгілерін және Құрмет
грамоталарын беру тәртібі қағидасына
5-қосымша             

Нысан

«Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы, І, ІІ, ІІІ –
дәрежелі «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін»
төсбелгісі, Құрмет грамотасын тапсыру және марапаттау хаттамасы

____________________________________________________________________
       (қаланың (селоның) атауы, тапсырылған күні, айы, жылы)
Мен,________________________________________________________________
_________________________________________________________________
            (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты)
      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және
аңшылық шаруашылығы комитетінің 20___жылғы «__»_____________
      № ____бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің атынан:
_________________________________________________________________
      («Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы, І, ІІ, ІІІ –
дәрежелі «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгісі,
Құрмет грамотасы)
_________________________________________________________ тапсырдым.
      (Марапатталушының тегі, аты, әкесінің аты)

      Ұйым басшысы:________________________________________________
                (тегі, аты, әкесінің аты, қолы және ұйымның мөрі)

      Комиссия хатшысы _____________________________________________
                           (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      Марапатталған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты және қолы:
____________________________________________________________________

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 
саласында ынталандыру       
мен құрметті атақтар, төсбелгілерін және
Құрмет грамоталарын беру тәртібі 
қағидасына 6-қосымша      

«Қорық ісінің еңбек сіңірген қызметкері» атағы,
І, ІІ, ІІІ – дәрежелі «Биоәртүрлілікті сақтау ісіне
қосқан үлесі үшін» төсбелгісінің куәлігінің сипаттамасы

      Куәлік көлемі 100х70 миллиметр жасыл түсті бүктемелі кітапша түрінде жасалып, мундиор материалынан орындалады.
      Сыртқы бетінде ортада Қазақстан Республикасының елтаңбасы, төменгі жағында мынадай жазба бар:
      Куәлік
      Удостоверение
      Ішкі сол жақ жапсырмада мынадай жазбалар бар:
      жоғарғы жағында – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті
      Комитет лесного и охотничьего хозяйства Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан.
      Куәлік №_____
      Удостоверение
      Парақ ортасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің эмблемасы.
      Оң жақ жапсырмада мынадай мазмұндағы жазба бар:
      Осы куәлік ол ________________________________________________
                        (құрметті атақпен немесе төсбелгімен)

      Тіркеу нөмірі _______________
      биологиялық әртүрлілікті сақтауда және көбейтуде қол жеткізген табыстары үшін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласында белсенді ынтымақтастық жасағаны және талдамаларды өндіріске енгізгені үшін марапатталғаны жөнінде берілді.

      Төраға ____________________________________________________
                          (тегі, аты, әкесінің аты, қолы)

      _____________________________
      (марапатталған күні, айы, жылы)
      (мөр орны)