Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы, жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарын, орындаушылардың республикалық конкурстары мен кәсіби шеберлік конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 99 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 11 сәуірде № 7547 тіркелді

Қолданыстағы

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 29) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Бекітілсін:
      1) Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
      2) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
      3) Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
      4) Орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес;
      5) Кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес.
      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Ж.А.Жонтаева):
      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
      3. «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстар, орындаушылар мен кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын өткізу ережеcін бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 28 желтоқсандағы № 668 бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5100-мен тіркелген, «Заң газетінің» 2008 жылғы 28 қарашадағы № 182 (1408) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н.Сарыбековке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                     Б. Жұмағұлов

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы 
№ 99 бұйрығына 1-қосымша 

Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік
олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу қағидалары 1. Жалпы ережелер

      1. Жаратылыстану-математика циклы пәндері бойынша Президенттік олимпиаданы (бұдан әрі – Президенттік олимпиада) ұйымдастыру және өткізу қағидалары Президенттік олимпиаданың ұйымдастыру және өткізу, ұйымдастыру-әдістемелік қамтамасыз етілуін, Президенттік олимпиадаға қатысу тәртібін айқындайды.
      2. Президенттік олимпиаданы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) жыл сайын өткізеді.
      3. Президенттік олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері:
      1) дарынды оқушыларды анықтау, олардың одан әрі интеллектуалдық дамуы мен кәсіптік бағыт алуы үшін қолайлы жағдай жасау;
      2) отандық жетекші жоғары оқу орындарында оқуды жалғастыру үшін дарынды оқушыларды дайындау арқылы үздіксіз білім беру идеясын іске асыру;
      3) оқушылардың жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерді оқуға деген қызығушылығын арттыру, олардың теориялық білімі мен практикалық дағдыларын дамыту.
      4. Президенттік олимпиада екі бағытта өтеді: математика-физика және химия-биология, 11-сынып бағдарламасы бойынша тиісті білім деңгейі бар жалпы орта білім беретін ұйымдардың оқушылары үшін.

2. Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      5. Президенттік олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
      1) бірінші кезең – өңірлік, облыстарда Астана және Алматы қалаларында, республикалық білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – РБҰ) және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – «НЗМ» ДБҰ) – жыл сайын 1 қарашаға дейін;
      2) екінші кезең – іріктеу кезеңі 2 турда өткізіледі:
      1 тур – қашықтық – жыл сайын 15 қарашаға дейін;
      2 тур – шығармашылық, қашықтық тур өткізілген күні эссе жазу;
      3) үшінші кезең – республикалық, 3 турда:
      1 тур – теориялық;
      2 тур – эксперименттік;
      3 тур – ағылшын тілінен тестілеу өткізу.
      6. Президенттік олимпиаданың барлық кезеңдерін тапсырмалармен қамтамасыз етуді дарынды балалармен жұмыс жүргізу саласындағы уәкілетті орган - «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырады.
      7. Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңін облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, «НЗМ» ДБҰ, РБҰ өткізеді.
      8. Президенттік олимпиаданың іріктеу кезеңі Министрліктің Интерактивті студиясы желісі арқылы республиканың барлық өңірлерінде ұйымдастыру комитеті белгілеген бір уақытта уәкілетті органмен өткізіледі.
      9. Іріктеу кезеңіне әр облыс, Астана және Алматы қалалары құрамына өңірлік кезеңнің жеңімпаздары енгізілген, Президенттік олимпиаданың бағыты бойынша: математика-физикадан – 15, химия-биологиядан – 15, құрамы 30 адамнан тұратын командалар ұсынады.
      РБҰ 20 қатысушыдан тұратын бір-бір құрама команда ұсынады, «НЗМ» ДБҰ құрамында 10 қатысушысы бар құрама команда ұсынады.
      10. Іріктеу кезеңіне тіркеу және қатысу облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларынан және «НЗМ» ДБҰ, РБҰ-ның Президенттік олимпиаданы ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі – ұйымдастыру комитеті) атына жіберілген жазбаша өтінімі негізінде жүзеге асырылады.
      11. Ұйымдастыру комитетінің қызметі:
      1) Президенттік олимпиаданы дайындауға және өткізуге тікелей басшылықты жүзеге асыру;
      2) Президенттік олимпиаданың қазылар алқасын және академиялық тобының құрамын бекіту;
      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министріне Президенттік олимпиаданың қорытындылары бойынша ақпарат беру.
      12. Өтінімде оқушының тегі, аты, әкесінің аты, мектебінің мекенжайы, қатысушының жетістіктері, сондай-ақ қатысушыны дайындаған мұғалімнің аты-жөні, байланыс телефондары көрсетілуі керек.
      13. Ұйымдастыру комитетінің құрамын Министрлік бекітеді. Ұйымдастыру комитетінің құрамына Министрлік, Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың, білім беруді басқару органдарының, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының өкілдері кіреді.
      14. Президенттік олимпиаданың қазылар алқасы төрағадан, мүшелерінен және хатшыдан тұрады. Қазылар алқасының құрамына алдыңғы қатардағы отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының ғалымдары, Қазақстан Республикасы командаларының ғылыми жетекшілері, бұрынғы халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары енеді.
      15. Президенттік олимпиаданың қазылар алқасы:
      1) Президенттік олимпиадаға қатысушының жазбаша жұмыстарын тексереді, олардың нәтижелерін бағалайды;
      2) ұйымдастыру комитетіне жүлдегерлер мен жеңімпаздарды марапаттау жөнінде ұсыныстар жасайды;
      3) Президенттік олимпиада қатысушыларының орындаған жұмыстарына талдау жүргізеді.

3. Қорытынды ереже

      16. Президенттік олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар тапсырылады.
      17. Президенттік олимпиаданың жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады: I дәрежелі – 2 қатысушы, II дәрежелі – 4 қатысушы және III дәрежелі - 6 қатысушы.

Қазақстан Республикасы   
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы  
№ 99 бұйрығына 2-қосымша 

Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды
ұйымдастыру және өткiзу
ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткiзу қағидалары (бұдан әрі – Олимпиада) республикалық олимпиаданың жалпы білім беретін пәндер бойынша жалпы орта білім беру бағдарламаларын іске асыратын барлық білім беру ұйымдарының оқушыларын, оны ұйымдастыру және өткiзу тәртiбiн анықтайды.
      2. Олимпиаданың негiзгi мақсаттары мен мiндеттерi: шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білімі мен тәжірибелік шеберлігін тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына ықпал ету, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, халықаралық олимпиадаларға қатысатын оқушыларды iрiктеу және даярлау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделiн көтеру.
      3. Министрлiктің бұйрығы негізінде Олимпиаданы дайындау және өткiзу жөнiндегi ұйымдастыру жұмыстарын үйлестiру және жүзеге асыру үшiн Республикалық ұйымдастыру комитетi (бұдан әрі - Республикалық ұйымдастыру комитетi) құрылады. Республикалық ұйымдастыру комитетiнiң құрамына Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым вице-министрi, төраға және тиісті құрылымдық бөлімшелер мен ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдарының жетекшілері енеді.
      4. Олимпиаданың республикалық ұйымдастыру комитетi:
      1) осы қағидамен белгіленген Олимпиаданың өткiзілуін бақылайды;
      2) Олимпиадаға басшылық жасауды жүзеге асырады;
      3) Олимпиаданы өткiзудің қажеттi ғылыми-әдiстемелiк деңгейін қамтамасыз ету үшiн пәндер бойынша әдiстемелiк комиссияларды қалыптастырады;
      4) Білім және ғылым министрiне немесе оның міндетін атқарушыға Олимпиаданың қазылар алқасы мүшелерiнiң құрамы және саны жөнiнде ұсыныс бередi;
      5) Олимпиаданың қорытындысын талдайды;
      6) Олимпиада материалдарын жариялайды.
      5. Олимпиаданың бірінші-үшінші кезеңдерiне басшылық жасауды жүзеге асыру үшiн мектепішілік, аудандық, облыстық (қалалық) ұйымдастыру комитеттерi құрылады. Олардың құрамын тиiстi бiлiм беруді басқару органдары бекiтедi.
      6. Құрамына пәндер бойынша қазылар алқасының төрағалары енетін уәкілетті органмен бекітілген Әдiстемелiк кеңес:
      1) Олимпиаданың екiншi, үшiншi және төртінші кезеңдерiнiң теориялық және эксперименттiк тапсырмалары мәтiнiнің қазақ және орыс тілдеріндегі соңғы нұсқасын әзірлейді;
      2) Олимпиаданың барлық кезеңдерiн өткiзу жөнiнде әдiстемелiк ұсыныс әзiрлейдi;
      3) әр пән бойынша Олимпиаданы өткізу кезеңдерінің түрін, тапсырмалардың үлгiсiн және бағалау өлшемдерiн анықтайды.
      7. Олимпиаданың республикалық кезеңінің пәндер бойынша қазылар алқасының құрамына төраға және мүшелер кіреді. Қазылар алқасының саны пәнге байланысты тақ саннан құралады (5 адамнан кем емес).
      Олимпиаданың республикалық кезеңінің қазылар алқасының төрағасы мен құрамын Республикалық ұйымдастыру комитетiнiң ұсынысы бойынша Министрлiк бекiтедi. Олимпиаданың республикалық кезеңінің қазылар алқасының төрағасы мен мүшелерi Олимпиаданың алдыңғы өткен кезеңдердегi қазылар алқасының құрамына ене алмайды.
      Қазылар алқасы құрамына жоғары оқу орындарының оқытушылары, әдiскерлер, тәжiрибелi мұғалiмдер және жоғары білікті бiлiм беруді басқару органдарының өкiлдерi, сондай-ақ республикалық және халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары енедi. Қазылар алқасының құрамына оқушылары Олимпиаданың облыстық және республикалық кезеңiне қатысатын мұғалiмдер енгізілмейді.
      8. Олимпиаданың республикалық кезеңінің қазылар алқасының төрағалары:
      1) Әдiстемелiк кеңеспен бiрлесе отырып, Олимпиаданың екiншi, үшiншi және төртінші кезеңдерiнiң теориялық және эксперименттiк тапсырмалары мәтiнiнің соңғы нұсқасын әзірлейді және құрады;
      2) орыс тiлiндегi тапсырмалардың қазақ тiлiне дәлме-дәл аудармасына, берiлген тапсырмалардың ғылыми-әдiстемелiк деңгейiне, мiндеттердiң нақтылығына және олардың олимпиаданың тиiстi кезеңi талабына сәйкестiгiне жауап бередi;
      3) тиiстi кезеңдерi өткенге дейiн тапсырмалардың құпиялығына жауап бередi;
      4) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдері бойынша ұсыныс және пәндік олимпиадалардың регламенттерін (турлардың саны мен бағытын, әрбір турдың ұзақтығын, қажетті құралдардың тізбесін) әзірлеу жөніндегі қазылар алқасының жұмысын ұйымдастырады.
      9. Олимпиаданың қазылар алқасы:
      1) тапсырмалардың орындалуын бағалау өлшемдерін бекітеді, жұмыстарды тексереді және бағалайды, қатысушыларды үшiншi және төртінші кезең тапсырмаларының авторлық шешімімен және жұмыстарды тексеру нәтижесімен таныстырады;
      2) қатысушылардың жұмысын бағалаудағы келiспеушiлiктi талқылайды және қажет болған жағдайда тиiстi түзетулер енгiзедi;
      3) жеңiмпаздарды анықтайды және олардың тізімін бекіту үшін Министрлікке ұсынады;
      4) Олимпиадаға қатысушылармен орындалған тапсырмаларды талқылауды және үйлестіруді жүргізеді;
      5) Республикалық ұйымдастыру комитетiмен бiрлесе отырып, оқу-жаттықтыру жиынына қатысушылар құрамын және халықаралық олимпиадаларға қатысушы кандидаттарды анықтайды.

2. Олимпиаданы ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      10. Олимпиаданы орта және жалпы орта білім беру бағдарламаларына сәйкес әрбір пән мен сынып бойынша тиісті білім беруді басқару органдары оқу жылы барысында төрт кезеңде өткізеді:
      1) бірінші кезең – білім беру ұйымдарында. Өтетін уақыты – ағымдағы оқу жылының қараша айынан кешіктірілмей білім беру ұйымдарының дайындаған тапсырмалары бойынша өтеді.
      2) екiншi кезең – аудандық (қалалық). Аудандық кезеңді аудандық және қалалық білім беруді басқару органдары өткізеді.
      3) үшінші кезең – облыстық. Облыстық кезеңді облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, республикалық білім беру ұйымдары және «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары өткізеді.
      4) төртінші кезең – республикалық. Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша республиканың әртүрлі өңірлерінде өткізіледі.
      11. Ұйғыр тілі және өзбек тілі бойынша Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
      1) I кезең – мектепішілік, 8-11 сынып оқушылары қатысады;
      2) II кезең – аудандық (қалалық), 9-11 сынып оқушылары қатысады;
      3) III кезең – өңірлік, республикалық олимпиадаға теңеседі, қатысушылары – 10-11 сынып оқушылары.
      Білім беру ұйымдарында ұйымдастыру комитеттері (бұдан әрі – ұйымдастыру комитеті) құрылады: аудандық (қалалық), облыстық (Астана және Алматы қалалары, РБҰ және «НЗМ» ДБҰ), республикалық.
      12. Олимпиаданың екінші, үшінші және төртінші кезеңдерін өткізу уақыты және Олимпиаданы өткізу тізбесі жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен белгiленеді.
      Олимпиаданың екінші, үшінші және төртінші кезеңдерінің тапсырмаларын жалпы орта білім беру бағдарламалары бойынша республикалық әдістемелік кеңес (бұдан әрі – олимпиаданың әдістемелік кеңесі) дайындайды және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) бекітеді.
      13. Әр кезеңдi өткiзуден бiр ай бұрын облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары, «НЗМ» ДБҰ және РБҰ әр қатысушыға Олимпиада материалдарын дайындау үшiн оқыту тiлдерiне сәйкес әрбiр пән және сынып бойынша қатысушылар саны көрсетiлген өтінімді «Дарын» РҒПО-ға жiбередi.
      14. Барлық төрт кезеңнің тапсырмалары «Дарын» РҒПО бекіткен әдістемелік ұсынымдамаларға сәйкес өлшемдер мен параметрлер бойынша бағаланады.
      15. Олимпиаданың бiрiншi және екiншi кезеңдерiне орта және жалпы орта білім беру ұйымдарының оқушылары қатысады.
      16. Орыс тiлiнде оқытатын мектептердегi «Қазақ тiлi» пәнi бойынша ұлты қазақ емес оқушылар қатыса алады.
      17. Олимпиаданың үшiншi кезеңiне екiншi кезеңнен iрiктелiп алынған жалпы орта білім беру ұйымдарының ең үздiк үш оқушысы, Астана және Алматы қалалары, «НЗМ» ДБҰ және РБҰ үшiн – алты оқушы қатысады.
      18. Олимпиадаға қатысу үшін тиiстi деңгейдегi бiлiмi бар қатысушылар жоғары сыныптардың бағдарламалары бойынша жіберіледі.
      19. Олимпиаданың төртінші кезеңiне үшінші кезеңнің жеңімпаздары (нәтижелеріне сәйкес әр сынып және пән бойынша екі қатысушыдан артық емес) жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерi бойынша 9-11 сынып оқушылары және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы пәндер бойынша 10-11 сынып оқушылары, сондай-ақ олимпиадалық резервтің оқу-жаттықтыру жиынына қатысушылар қатысады.
      20. Үшінші кезеңді ұйымдастыру комитеті Олимпиаданың республикалық кезеңiне тиісті командаларды қатыстыру үшін өтінімді «Дарын» РҒПО-ға ағымдағы оқу жылының 25 ақпанына дейін жіберуі қажет.
      21. Олимпиаданың төртінші кезеңіне қатысатын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының, «НЗМ» ДБҰ және РБҰ-ның командалары мамандармен, әдiскерлермен, сондай-ақ үздiк пән мұғалiмдері алып жүреді. Олар олимпиада барысында жалпы бiлiм беретiн пәндердi оқыту проблемалары жөнінде өткiзiлетін семинарларға, пікірталастарға қатысады, олимпиадаға даярлау бойынша тәжiрибе алмасады.
      22. Команда жетекшiсі Олимпиадаға қатысушылардың Олимпиада өтетiн жерге әкелу және тұратын жерiне қайту жолындағы, Олимпиада барысындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
      23. Жұмыстарды бағалауда барынша әдiлдiктi қамтамасыз ету үшiн әрбір турдан соң Олимпиадаға қатысушылардың барлығымен тапсырмалар талқыланады. Тапсырмаларды талқылаудан кейiн қатысушылардың тiлегi бойынша жұмыстарды үйлестiру жүргiзiледi. Үйлестiрудiң мақсаты - жұмыстарды бағалауда Олимпиадаға қатысушылар мен қазылар алқасы мүшелерi арасында толық өзара түсiнiстiкке қол жеткiзу.
      24. Үйлестiруді қазылар алқасының төрағасы және тапсырманы бағалаған қазылар алқасының мүшелері тiкелей Олимпиадаға қатысушымен өткiзедi.
      25. Олимпиадаға қатысушы қазылар алқасының бағасымен келiспеген жағдайда, үйлестiруге бөлінген мерзiмде ұйымдастыру комитетiнiң төрағасына өтініш білдіреді, төраға осы мәселенi шешу жөнінде мамандар қатарынан тиiстi комиссия құрады.
      26. Екінші және үшінші кезеңдердің жұмыстарын үйлестiру Олимпиаданың тиісті кезеңі аяқталған соң 1 күн iшiнде, республикалық кезеңі аяқталған соң - Олимпиаданың қорытындысы жарияланғаннан кейін 3 сағат ішінде өткiзіледi.

3. Қорытынды ереже

      27. Мектепішілік, аудандық және облыстық (қалалық) олимпиадалардың жүлдегерлерi бiлiм беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың дипломдарымен, грамоталарымен және жүлделерімен марапатталады.
      28. Олимпиаданың төртінші кезеңінің жеңiмпаздар саны әр пән және сынып бойынша Олимпиаданың төртінші кезеңіне қатысушылар санының 45%-ын құрайды.
      Олимпиаданың әр кезеңінің жеңімпаздары I, II және III дәрежелi дипломдармен марапатталады. Олимпиаданың республикалық кезеңінің I, II және III дәрежелi дипломдар саны мына үйлесімдікпен анықталады: III дәрежелi дипломдармен жеңімпаздардың 50 %-ы, II дәрежелi дипломдармен 30 %-ы, I дәрежелi дипломдармен 20 %-ы марапатталады.
      29. Егер бірнеше қатысушы жүлделі орындарды анықтау үшін қажетті төмен деңгейге сәйкес бірдей балл санын жинаған жағдайда, жүлдегерлер саны қазылар алқасының шешімімен көбеюі мүмкін.

Қазақстан Республикасы  
Бiлiм және ғылым министрiнің
2012 жылғы 13 наурыздағы
№ 99 бұйрығына 3-қосымша

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар
конкурстарын ұйымдастыру және өткізу
ҚАҒИДАЛАРЫ

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Ғылыми конкурс) Ғылыми конкурстардың ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды.
      2. Ғылым мен техника бойынша Халықаралық жарыстардың (Intel International Science and Engineering Fair (бұдан әрі – Іntel ISEF)) Ғылыми конкурсы жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) өткiзедi.
      3. Ғылыми конкурстың мақсаттары мен мiндеттерi:
      1) оқушылардың ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
      2) ең талантты және дарынды жас зерттеушiлердi iрiктеу және оларға қолдау көрсету;
      3) Қазақстан Республикасының зияткерлік әлеуетiн қалыптастыруға ықпал ету.
      4. Әр секцияның сараптау комиссиясының (бұдан әрі - комиссия) құрамына ғылымның осы бағыты бойынша кемінде бес ғалым (маман) кiредi. Комиссияның құрамы Ғылыми конкурстың тиiстi кезеңiн ұйымдастырушы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекiтiледi. Ғылыми конкурстың төртінші кезеңінің қазылар алқасын Министрлік бекітеді.
      5. Iрiктеу кезеңінiң комиссиясы осы Қағидаға 1-қосымшада көрсетілген бағалау өлшемдерi бойынша зерттеу жұмыстарын қарап, әрбiр жобаны рецензиялайды және республикалық кезеңге қатысушыларды анықтайды.
      6. Ғылыми конкурсқа:
      1) ғылымның осы саласындағы фактiлерді, оқиғаларды, құбылыстарды және бұрын танылмаған жекелеген қырларын жария ететін;
      2) мектеп тәжірибелерін жетiлдiруге, өндiрiстiк процестердiң тиiмдiлiгiн арттыруға ықпал ететiн практикалық міндеттерді шешуге жаңалықтар әкелетiн аппараттардың, модельдердің, құралдардың конструкциялары ұсынылған;
      3) әлеуметтiк-экономикалық проблемаларды шешуге бағытталған экономикалық-заңды негiзделген компьютерлiк модельдер және жобалар ұсынылуы мүмкін;
      4) жарысқа кәмелетке толмағандар үшiн рұқсат етiлмейтiн аспаптар пайдаланылған жағдайда, жануарларға қатігездік көрсетiлетiн, адам денсаулығы мен жануарлар үшiн зиян келтiретiн заттарды (улы, радиоактивтiк, канцорегендік және мутагендік әсері бар зерттелмеген биологиялық белсендi қосылыстар, адам және жануарлар үшін патогенді немесе шартты патогенді заттар, микроағзалар, вирустар, iшiмдiк, никотин) пайдалануға байланысты тәжірибелері бар жұмыстар жiберiлмейдi;
      5) республикалық жарыстарда бұрын қаралған және қорғалған жұмыстар Ғылыми конкурсқа қатысуға жіберілмейді.
      7. Зерттеу жұмыстарын ресiмдеуге қойылатын талаптар:
      1) жұмыс мәтiнi компьютерде басылып мынадай құрылымнан тұруы тиіс:
      титул парағы;
      мазмұны;
      абстракт (аннотация) қазақ немесе орыс тiлдерiнде (зерттеу жұмысының қай тiлде дайындалғанына байланысты), сондай-ақ ағылшын тiлiнде жазылады;
      кiрiспе;
      зерттеу бөлiмi;
      қорытынды;
      пайдаланылған әдебиеттер тiзiмi;
      2) титул парағында мыналар көрсетiледi:
      жұмыс орындалған ұйымның толық атауы, қаласы, мектебi;
      автордың (бiрiккен автордың) тегi, аты, сыныбы;
      жұмыстың атауы;
      жұмыстың дайындалған бағыты, секциясы;
      жетекшiнiң тегi, аты, әкесiнiң аты;
      қаласы (жарыстың өтетiн жерi), жылы;
      3) абстракт (аннотация) (250 сөзден артық емес) қамтылған жұмыстың қысқаша мазмұнын көрсетуі тиіс:
      зерттеудің мақсаты;
      гипотезасы;
      кезеңдерi, зерттеудiң реті;
      тәжірибенің әдiстемесi;
      зерттеудiң жаңалығы және дербестiк дәрежесi;
      жұмыстың нәтижесi және қорытындысы;
      нәтижелерді практикада қолдану салалары;
      4) кiрiспеде (екi беттен артық емес) мыналар келтiрiледi:
      таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі, осы жұмыстың мақсаты (мiндетi);
      қойылған мiндеттердi шешу әдiсi қысқаша көрсетiледi;
      5) жұмыстың зерттеу бөлiмi (20 беттен артық емес) жеке тараулардан (параграфтардан) тұруы және мыналарды қамтуы мүмкін:
      осы жұмысты жүргізудің қажеттiлiгiне көз жеткiзуге және оның мақсатын (мiндетiн) құрастыруға мүмкіндік беретін таңдалған тақырып бойынша белгілі нәтижелерге талдама шолу жасау;
      қойылған мiндеттердi шешу әдiстерiн сипаттау;
      жұмыстың нәтижелері және оларды талқылау;
      суретті материалдар (сызбалар, кестелер, фотосуреттер және суреттер);
      6) пайдаланылған әдебиеттерге сiлтеменi төртбұрышты жақшада беру керек. Мәтiнде кездесетiн сiлтемелерде нөмiрлеу жүйесі болуы керек;
      7) қорытынды (бiр беттен артық емес) жұмыстың негiзгi нәтижелерi және олардың негiзiнде жасалған қорытындыларын, жұмыстың нәтижелерiн ғылыми және практикалық мақсаттарға пайдалану жөнiндегi ұсыныстарды қамтиды;
      8) пайдаланылған әдебиеттер жұмыс соңында жалпы тiзiммен мынадай тәртiпте берiледi:
      автордың тегi және қысқартылған аты-жөнi;
      мақаланың және журналдың аты (журналдағы мақалалар үшiн);
      журналдың, кiтаптың аты;
      басып шығарылған орны және баспасы (кiтаптар үшiн);
      басылған жылы, шығу нөмiрi, бетi;
      9) әрбiр жұмыста таңдалған тақырыптың өзектілігі, автордың жұмысқа сiңiрген жеке еңбегi, жұмыстың кемшiлiктерi және нәтижелерiн әрi қарай пайдалану жөнiндегi ұсыныстары көрсетілген жетекшiнiң пiкiрi қоса берілуі керек;
      10) төртiншi кезеңге (баяндамаға) 135х125 шаршы сантиметр көлемдегi стендке орналастыру үшін демонстрациялық материалдарды жасау ұсынылады.
      8. Стендтi рәсiмдеуге қойылатын талаптар:
      стендтiң жоғарғы жағына көлденеңiнен абстрактың, қатысушының атын, жасын, мектебiнiң, қаласының, облысының атын орналастыру қажет;
      стендтегi материалда нөмірленген кестелер, фотосуреттер, суреттер, диаграммалар енгізіліп, жұмыстың мазмұны, қорытындылары көрсетіліп, талғаммен ресiмделуі тиіс;
      мазмұнды дайындау кезiнде негiзiнен назарды жоба авторының алған нәтижелерiн көрсетуге аудару қажет.
      9. Ғылыми жетекшi алынған нәтижелердің нақтылығы мен дұрыстығын, жұмыстың диплом жұмыстарынан, магистрлік және кандидаттық диссертациялардан, ғылыми ұжымдардың есептерiнен көшiрiлген нәтижелерден тұрмайтындығын қамтамасыз етеді. Оқушы жаңа білім мен өз бетінше зерттеу қызметінің дағдыларын ала отырып, өз қолынан келетін жұмысты орындауы керек.

2. Ғылыми конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      10. Ғылыми конкурс төрт кезеңде өткізіледі:
      1) бiрiншi кезең – мектепішілік, орта білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында өткізіледі;
      2) екiншi кезең – облыстық (Алматы және Астана қалаларының білім беру ұйымдары, республикалық білім беру ұйымдары мен «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымдары мәртебесi жағынан облыстық кезеңдермен теңестiрiледi);
      3) үшiншi кезең – iрiктеу кезеңi екі турда өтедi. Бірінші тур – бейiндiк пәндер бойынша тестiлеу, екінші тур – жобаны алдын ала сараптау;
      4) төртiншi (қорытынды) кезең – республикалық.
      11. Ғылыми конкурстың бірінші кезеңiн өткiзу мерзiмi облыстық, Астана және Алматы қалалары бiлiм басқармаларының бұйрықтарымен белгiленедi, сондай-ақ Ғылыми конкурстың екінші, үшінші, төртінші кезеңдерi Министрліктің бұйрығымен белгiленген мерзімде өткізіледі. Ғылыми конкурс Осы қағидаға 2-қосымшаға сәйкес жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізбесі бойынша өткізіледі.
      12. Ғылыми конкурстың бірінші кезеңіне оқушылардың ғылыми қоғамдарының немесе ғылыми жетекшiлерінiң ұсынуымен 8-11 сынып оқушылары қатыса алады.
      Зерттеу жұмысын екi оқушыдан артық орындауға болмайды.
      13. Екiншi кезеңге бiрiншi кезең жүлдегерлері қатысады, олар ғылыми жетекшiнiң пiкiрiн және ілеспе құжаттарды (өтiнiм, мектептiң есебi, зерттеу журналы) ұсынады.
      Зерттеу жұмыстарының тақырыптары «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығында (бұдан әрі – «Дарын» РҒПО) тиісті жылдағы 20 қыркүйектен кешiкпей тiркелуi тиіс.
      14. Ғылыми конкустың үшінші (іріктеу) кезеңiне қатысуға үміткерлер ретінде облыстық, Астана, Алматы қалаларының, РБҰ-ның, «НЗМ» ДБҰ-ның, «Дарын» РҒПО-ның «Жас ғалым» республикалық мектебiнiң жүлдегерлері әр секция бойынша бiр жобамен қатыса алады.
      15. Сараптамалық комиссия осы Қағидада мазмұндалған талаптарға сәйкес iрiктеу кезеңiн ұсынылған зерттеу жұмыстарын әр секция бойынша Ғылыми конкурстың төртінші кезеңiнiң қатысушыларын анықтайды.
      16. Үшінші кезең екi турда өткiзiледi:
      бірінші тур - бейiндiк пәндер бойынша тестiлеу. Екінші кезеңнiң қорытындылары хабарланғаннан соң, осы Қағидаға 2-қосымша негізінде тиісті сыныбы мен секциясына сәйкес осы пәнді тереңдетiп оқыту бағдарламасы бойынша бейiндiк пәннен тестiлеу өткізіледi.
      Әдiстемелiк кеңес дайындаған тестер орындауға 2 астрономиялық сағат берiлетiн 60 сұрақты (120 балл) қамтиды.
      Алдын ала сараптауға тестiлеудiң жалпы ұпай санынан 50%-дан төмен емес ұпай жинаған авторлардың зерттеу жұмыстары ғана жiберiледi. Iрiктеу кезеңiн қорытындылауда тестiлеуде алған ұпайлары қосылмайды.
      Командалық жұмыстар үшiн өту балы жұмыстың авторлары жинаған балдардың орташа арифметикалық саны болып табылады.
      Екінші тур – iрiктеу кезеңi бойынша сараптама комиссиясының жұмыстарды алдын ала сараптамадан өткізуі.
      Iрiктеу кезеңiнiң қорытындылары бойынша әр секция бойынша 36 жобаға дейін алынады.
      17. Төртінші кезеңге қатысушылардың тiзiмiн Министрлiк бекiтедi және бекiтiлгеннен кейін үш күн ішінде облыстық, Астана және Алматы қалаларының бiлiм басқармалары мен РБҰ, «НЗМ» ДБҰ-ның назарына жеткiзіледi.
      Iрiктеу кезеңiнiң қорытындылары бойынша апелляция Ғылыми конкурстың тиісті кезеңі аяқталған соң 1 күн ішінде өткiзiледi.
      18. Төртінші кезең – зерттеу жұмысын қорғау және осы Қағиданың 6-тарауының талаптарына сәйкес ресімделген стенд материалын ұсыну. Жұмысты қорғау кезiнде авторға (бiрiккен авторларға) баяндама үшiн 10-15 минут берiледi.
      Ғылыми конкурстың қорытындысы жұмыстардың алдын ала сараптауда алынған балдарын есепке ала отырып шығарылады.
      Республикалық кезеңнен кейiн апелляция Ғылыми конкурстың нәтижелері хабарланған соң 3 сағат ішінде жүргiзiледi.

3. Қорытынды ереже

      19. Мектепішілік, аудандық және облыстық (қалалық) Ғылыми конкурстың жүлдегерлерi бiлiм беру саласындағы жергілікті өкілдік және атқарушы органдардың дипломдарымен, грамоталарымен және жүлделерімен марапатталады.
      20. Республикалық кезең жеңiмпаздарының саны әр секция бойынша әр жоба бойынша Ғылыми конкурстың республикалық кезеңіне қатысушылардың жалпы санының 45 пайызын құрайды.
      Ғылыми конкурстың әр кезеңінің жеңімпаздары I, II және III дәрежелi дипломдармен марапатталады. Ғылыми конкурстың әр кезеңінің I, II және III дәрежелi дипломдар саны келесідей үйлесімдікпен анықталады: III дәрежелi дипломдармен жеңімпаздардың 50%-ы, II дәрежелi дипломдармен -30%-ы, I дәрежелi дипломдармен 20%-ы марапатталады.
      21. Егер бірнеше қатысушы жүлделі орындарды анықтау үшін қажетті төмен деңгейге сәйкес бірдей балл санын жинаған жағдайда, жүлдегерлер саны қазылар алқасының шешімімен көбеюі мүмкін.

Жалпы білім беретін пәндер  
бойынша республикалық ғылыми 
жоба конкурстарын ұйымдастыру
және өткiзу қағидасына   
1-қосымша          

«Қазақстан-2030» стратегиясын iске асыруда республиканың
экономикалық және әлеуметтiк-мәдени дамуының модельдерi» атты
республикалық жарыстарға ұсынылатын оқушылардың зерттеу жұмыстарын бағалау өлшемдері

Бағаланатын өлшем

Мүмкiн бағалар

Бағалау негiздемесi

1. Шығармашылық қабiлеттiлiгі

Жеке жұмыс үшiн 30 балл, командалық жұмыс үшiн 25 балл

Егер жұмыс автор(лар)ы проблеманы шешудiң жаңа ғылыми тәсiлiн жасауда шығармашылық қабiлеттiлiк танытса, жеке жұмыс үшiн 25-30, командалық жұмыс үшiн 20-25 балл қойылады.
Егер автор(лар) мәлiметтердi талдаудың жаңа қондырғылар жасау немесе жаңа тәсiлiн қолдануда шығармашылық қабiлеттiлiк танытса, жеке жұмыс үшiн 20-25, командалық жұмыс үшiн 15-20 балл қойылады.
Егер автор(лар) мәлiметтердi өзiнше түсiндiруде шығармашылық қабiлеттiлiк танытса, жеке жұмыс үшiн 10-20, командалық жұмыс үшiн 10-15 балл қойылады.
Егер жоба реферативтi сипатта болса, 10 балға дейiн қойылады.

2. Ғылыми ойлау

Жеке жұмыс үшiн 30 балл, командалық жұмыс үшiн 25 балл

Жекелеген өлшемдердің әрбiрі жеке зерттеу жұмысы үшін 3 балл және командалық зерттеу жұмысы үшiн 2,5 балл көлемiнде бағаланады.
Ғылыми жоба үшiн:
1) қарастырылып отырған проблема қаншалықты айқын және нақты ұсынылған;
2) жоспарланған ғылыми нәтиже алу мүмкiндiгi мол болуы үшiн шешетiн міндет қаншалықты айқын көрсетiлген;
3) міндетті шешудiң нақты жоспары бар ма;
4) міндетті шешуде ауыспалылықтар нақты анықталған ба;
5) автор нәтижелердi кезең-кезеңімен тексерудің қажеттiлiгiн (егер ол қажет болса) көре алды ма және оны дұрыс қолданды ма;
6) қорытындыны нақтылау үшiн мәлiметтер сәйкес таңдалған ба;
7) автор(лар) мәлiметтердiң қорытынды үшiн шектеулілігін мойындай ма;
8) автордың (команда) мәселенi шешуге кепiлдiк беретiн зерттеудiң келесi кезеңi турасында идеясы бар ма;
9) автор(лар) ғылыми әдебиеттерден немесе тек қана көпшiлiк әдебиеттерден дәйексөз келтіреді ме.
техникалық жоба үшiн:
1) жұмыс мақсаты қаншалықты айқын;
2) жаңалықтың әлеуетті тұтынушылары бар ма;
3) нәтиже өмiрде iске аса ма;
4) үнемдi орындалған ба;
5) әлеуетті тұтынушыға тиiмдi ме;
6) нәтиже түпкiлiктi қойылған мәселенi шешуде жетiстiкпен қолданыла ма;
7) техникалық шешiмнің шын мәнiнде алдыңғы белгілі нұсқаларымен салыстырғанда елеулi артықшылығы бар ма;
8) нәтиже нақты жағдайда тексерiлген бе;
9) зерттеудiң келесi кезеңiне байланысты мәселенi шешуге кепiлдiк беретiн автордың (команданың) идеясы бар ма;
10) автор(лар) ғылыми, әдебиеттерден немесе тек қана көпшiлiк әдебиеттен дәйексөз келтіреді ме.

3.Қолданылған зерттеу әдiстерiнiң тиiмдiлiгi

Жеке жұмыс үшiн 15 балл, командалық жұмыс үшiн 12 балл

Егер зерттеу жұмысының автор(лар)ы жұмыс барысында бiлiмнің саласында мүлдем жаңа нәтижелер алуға мүмкiндiк беретiн қазiргi тиiмдi қондырғыларды немесе қазiргi теориялық әдiстердi пайдаланса, жеке жұмыс үшiн 10-15 балл, командалық жұмыс үшiн 10-12 балл қойылады. Егер зерттеудiң бұрынғы (ескірген) әдiстерiн пайдаланып, бiрақ жаңа нәтиже шығарылса жеке жұмыс үшін 5-10 балл, командалық жұмыс үшін 5-10 балл қойылады. Егер жұмыс реферативтi сипатта болса, 5 ұпайға дейiн қойылады.

4. Тақырыпты ашу дәрежесi (жете ашуы)

Жеке жұмыс үшiн 15 балл, командалық жұмыс үшiн 12 балл

Бұл параметр үшiн баға жекелеген өлшемдер бойынша бағалар негiзiнде қойылады:
1) жұмыс жоспарланған деңгейге дейiн жеткiзiлген бе;
2) шешілетін проблема қаншалықты толық қамтылған;
3) қорытынды жекелеген тәжірибеге негiзделген бе, әлде қайталанған ба;
4) материал жобада қаншалықты айқын және нақты берiлген;
5) автор(лар) мәселенi шешудiң басқа тәсiлдерiн бiле ме;
6) автор(лар) зерттелiп отырған проблема бойынша ғылыми әдебиеттермен қаншалықты таныс.
Әрбір өлшем бойынша жеке жоба үшін ең көбі 2,5 балға дейін, командалық жұмыс үшін ең көбі 2 балл қойылуы мүмкін.

5. Шешендiк шеберлігі, ұсынылатын материалдың сапасы, айқындылығы

Жеке жұмыс үшiн 10 балл, командалық жұмыс үшiн 10 балл

Бұл параметр үшiн баға жекелеген өлшемдер бойынша бағаларды ескере отырып қойылады:
1) автор(лар) жұмысты қандай дәрежеде айқын және ұтымды баяндай алады (3 балл);
2) баяндамада жоба материалы қандай дәрежеде толық баяндалған (2 балл);
3) жобаның негiзгi жерлерiн қаншалықты баса көрсете алған (1 балл);
4) жобада қолданылған тәжірибелік мәлiметтер қаншалықты нақты және айқын ұсынылған (1 балл);
5) жоба нәтижелерi қаншалықты айқын және нақты көрсетiлген (1 балл);
6) жоба нәтижелерiн стенд қаншалықты жақсы ұғындырады (2 балл).

6. Команда мүшелерiнiң үйлестiру деңгейi (тек командалық жұмыстар үшін)

Барлығы 16 балл

Бұл параметр үшiн баға жекелеген өлшемдер бойынша бағалар негiзiнде қойылады:
1) жалпы жұмыста әр қатысушының мiндеттерi қаншалықты айқын және нақты белгiленген (4 балл);
2) команданың әр мүшесi команданың барлық жұмысымен қаншалықты таныс (3 балл);
3) аяқталған жұмыс команда мүшелерiнiң күш-жiгер үйлесiмдiгiн қаншалықты көрсеттi (3 балл);
4) команданың әр мүшесi жұмыс материалын қаншалықты жақсы баяндайды (3 балл);
5) берiлген жобаны командамен орындау қаншалықты қажет болды (3 балл) немесе бұл нәтижелердi жекелей алуға болатын ба едi (0 балл).

      (Әрбір өлшем үшін қойылатын барынша көп балдар көрсетілген)

      БАРЛЫҒЫ: 100 балл

Жалпы білім беретін пәндер  
бойынша республикалық ғылыми 
жоба конкурстарын ұйымдастыру
және өткiзу қағидасына   
2-қосымша          

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми
жобалар конкурстары өткізілетін пәндер тізімі

Бағыты                                      Пәні

1. Физика                                   Физика
2. Техника                                  Физика
3. Жер және ғарыш туралы ғылымдар           Физика
4. Математика                               Математика
5. Қолданбалы математика                    Математика
6. Информатика                              Математика
7. Экономика                                Математика
8. Биология                                 Биология
9. Химия                                    Химия
10. Қоршаған ортаны қорғау және
адам денсаулығын сақтау                     Биология
11. Тарих                                   Дүниежүзі тарихы
                                            және Қазақстан тарихы
12. Құқықтану                               Дүниежүзі тарихы және
                                            құқықтану негіздері
13. Өлкетану                                География және Қазақстан
                                            тарихы
14. Әдебиет                                 Қазақ әдебиеті және орыс
                                            әдебиеті
15. Этномәдениеттану                        Дүниежүзі тарихы және
                                            Қазақстан тарихы
16. Тіл білімі                              Қазақ тілі немесе орыс
                                            тілі

Жалпы білім беретін пәндер  
бойынша республикалық ғылыми 
жоба конкурстарын ұйымдастыру
және өткiзу қағидасына   
4-қосымша          

Орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру
және өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орындаушылардың республикалық конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес әзірленді және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) студенттері арасында орындаушылардың республикалық конкурстарын өткізуді ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
      2. Орындаушылардың республикалық конкурстарын (бұдан әрі – конкурстар) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі білім беру ұйымдарының студенттері (бұдан әрі – қатысушы) арасында білім алушылардың кәсіби даярлығын арттыру, неғұрлым дарынды орындаушыларды анықтау, олардың шығармашылық өсіруі және Қазақстанның музыкалық өнерін насихаттау мақсатында өткізеді.
      3. Конкурстардың негізгі міндеттері оқушы жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту Қазақстан Республикасында музыкалық білім беруді жетілдіру мен дамыту, орындаушыларды оқытудың жаңа тиімді әдістемелерін іріктеу және енгізу, білім беру ұйымдары педагог қызметкерлерінің шығармашылық қызметін ынталандыру болып табылады.
      4. Конкурстар «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері», «Ән салу», «Музыка теориясы» мамандықтары бойынша осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес мамандану бағыттары кезегімен ауысып өткізіледі.
      5. Конкурстарға қатысуға орындайтын конкурстық бағдарлама дайындаған және білім беру ұйымы педагогикалық кеңесінің ұсынымын алған қатысушылар жіберіледі.
      6. Білім беру ұйымы конкурстарға қатысуға әрбір номинация бойынша 2-ден көп емес қатысушы ұсынады.
      7. «Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстарға қатысуға өзге де музыкалық мамандықтардың студенттері жіберіледі.
      8. Ұйым қатысушыларды алып жүру үшін концертмейстерді және бір оқытушыны анықтайды және жолдайды.
      9. Конкурстарға қатысуға өтінімдер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ұйымдастыру комитеті көрсеткен мерзімде мемлекеттік және орыс тілдерінде басылған түрде ғана осы Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қабылданады.
      Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:
      1) туу туралы куәліктің көшірмесі (немесе жеке куәліктің көшірмесі);
      2) 10х15 см көлеміндегі бір фотосурет;
      3) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің ұсынымы;
      4) конкурсқа қатысушылардың турлар бойынша бағдарламасы.
      10. Конкурстардың ұйымдастыру комитеті мен қазылар алқасының құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
      11. Ұйымдастыру комитеті конкурстың өткізілетін орнын айқындайды, конкурс материалдарын дайындайды және оларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министріне бекітуге ұсынады.
      12. Қазылар алқасы қатысушылардың конкурстың өнер көрсетулерін бағалайды, конкурстық тапсырмалар аяқталған соң нәтижелерді хабарлайды. Қазылар алқасының шешімі соңғы болып табылады және қайта қаралмайды.
      13. Конкурстық комиссияның шешімі ашық түрде қарапайым дауыс беру арқылы конкурстық комиссия құрамының 3/2 қатысқан кезде қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады.
      14. Қазылар алқасының мүшесі қазіргі уақытта өзі оқытып жүрген қатысушылардың кандидатурасы бойынша дауыс беруге және талқылауға қатыспайды. Дауыстар тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші дауыс болып табылады.
      15. Қазылар алқасы конкурсқа қатысушылардың шеберлігіне баға береді, оларға бірінші, екінші және үшінші орын береді, оларды дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапаттайды.

2. Конкурстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      16. Қатысушылар орындайтын музыкалық шығармаларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығымен бекітілетін Конкурс бағдарламасы жасалады, Конкурс бағдарламаға сәйкес өтеді. Қатысушылардың өнер көрсету кезегі ұйымдастыру комитеті 1-турдың алдында өткізетін жеребе бойынша анықталады және конкурс аяқталғанша сақталады.
      17. «Аспапта орындаушылық және музыкалық эстрада өнері», «Ән салу» мамандықтары бойынша Конкурстың әрбір туры мына көрсеткіштер бойынша 25 балдық жүйемен бағаланады:
      музыкалық дарындылықтың айқындылығы - 5 балл;
      орындау техникасы (тазалығы, сауаттылығы, айшықталуы) - 5 балл;
      шығарманы стильдік айшықтау - 5 балл;
      әртістігі - 5 балл;
      жеке-даралығы - 5 балл.
      Екінші турға жиынтығында кемінде 18 балл алған қатысушылар жіберіледі.
      Үшінші турға әрбір аспап (дауыс) бойынша жиынтығында кемінде 21 балл алған қатысушылар жіберіледі.
      18. Қатысушылар ұсынған бағдарламаларды өзгертуге жол берілмейді. Барлық шығармалар жатқа орындалады. Әрбір шығарма бір рет қана орындалады.
      19. «Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстар нысандары мен мазмұны әртүрлі 3 турда өткізіледі:
      1) сольфеджио және гармония мамандандыруы бойынша конкурс:
      2 тапсырмадан тұрады, біреуі - сольфеджиодан, екіншісі - гармониядан.
      Қатысушылар соңына дейін барлық турларға қатысады:
      1 тур - жазбаша жұмыс;
      2 тур - ауызша жауап;
      3 тур - есту бойынша талдау және орындау.
      Әрбір тапсырма 10 балдық бағалау жүйесі бойынша мына көрсеткіштермен бағаланады:
      Бірінші тур екі бөлімге бөлінеді:
      сольфеджиодан диктант;
      гармониядан есеп.
      Сольфеджиодан диктант мына параметрлерден тұрады:
      диктантты сауатты әрі дұрыс жазу;
      жазу уақыты.
      Диктантты жатқа сақтағаны бойынша қайталаған қатысушы қосымша балл алады.
      Гармониядан есептер шығару мына көрсеткіштермен бағаланады:
      функционалды сауаттылық;
      қызықты фонизм;
      мүлтіксіз дауыс меңгеру.
      Есепті 2 нұсқада шешкен қатысушы қосымша балл алады.
      Екінші тур - парақтан оқу және секвенциядан тұрады.
      Парақтан оқу мына параметрлермен белгіленеді:
      мелодияны сауатты орындау;
      мәнерліп ән салу.
      Өзін-өзі сүйемелдеген қатысушы қосымша балл алады.
      Секвенция мына параметрлермен анықталады:
      сауатты орындау;
      адым мен бағытты таңдау;
      музыкалық сезімталдығы.
      Ұсынылған 2 секвенцияның екіншісін орындаған қатысушы қосымша балл алады.
      Үшінші тур екі бөлімнен тұрады: есту арқылы талдау және периодты ойнау.
      Есту арқылы талдау мына параметрлермен бағаланады:
      тональдық жоспарын есту арқылы анықтау;
      музыкалық материалдың такт бойынша аккордтық мазмұнын анықтау.
      Жатқа (алдын ала жазусыз) есту бойынша, талдау жасаған қатысушы қосымша балл алады.
      Ойнау кезеңі мына көрсеткіштермен бағаланады:
      Ойластырылған аккордтан тыс дыбыстарды қолдана отырып, дауыстың сауатты меңгерілуі (алдын ала берілген басталуы мен тональдық жоспар бойынша периодты ойнау - ең жоғары балл - 5; берілген тоналдық жоспар бойынша өздігінен периодты бастап ойнау - 4; алдын ала дайындалған периодты ойнау - 3);
      Стильдік біркелкілік. Периодтың жанрлық өңдеуін жасаған қатысушы қосымша балл алады.
      2) «Музыкалық әдебиет» мамандандыруы бойынша конкурс 3 турдан тұрады:
      концертке кіріспе сөз;
      викторина;
      коллоквиум және музыкалық тақырыптарды орындау.
      Бірінші тур «Концертке кіріспе сөз» екі бөлімнен тұрады:
      концертке кіріспе сөзді жазба ресімдеу (90 мин.);
      қатысушылардың ауызша сөйлеуі (5-7 мин.).
      Бірінші турдың бөлімдері 10 балдық жүйе бойынша бағаланады.
      Концертке кіріспе сөзді жазбаша ресімдеу мына көрсеткіштермен бағаланады:
      баяндаудың толықтығы;
      баяндаудың логикасы;
      баяндаудың стилі.
      Ауызша сөйлеу мына көрсеткіштермен бағаланады:
      сөйлеу мәдениеті;
      сөйлеу техникасы;
      әртістігі.
      Екінші тур «Викторина» 20 нөмірден тұрады. Бір нөмірді тыңдау уақыты - 1 минут, нөмірді ресімдеу - 1 минут.
      Екінші тур 20 балдық жүйе бойынша мына көрсеткіштермен бағаланады:
      табылған нөмірлерінің саны;
      жауаптың толықтығы (композитор, шығарма, әрекет, бөлім, тональдығы).
      Үшінші тур «Коллоквиум және музыкалық тақырыптарды орындау» екі бөлімнен тұрады:
      коллоквиум (әңгіме түрінде 10 сұраққа ауызша жауап беру);
      музыкалық тақырыптарды орындау. Тізімде кемінде 100 нөмір болуы керек.
      Қатысушы 10 тақырыпты орындауы керек.
      Үшінші турдың әрбір бөлімі 10 балдық жүйе бойынша бағаланады.
      Коллоквиум мына көрсеткіштермен өлшенеді:
      материалды толық білуі;
      сөйлеу мәдениеті.
      Музыкалық тақырыптарды орындау мынадай көрсеткіштермен бағаланады:
      орындау сапасы (орындаудың дұрыстығы, сауаттылығы);
      орындаудың музыкалық сезімталдығы.
      «Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстық тапсырмалар бойынша ең жоғарғы балдың қосындысы 60-қа тең.

3. Конкурстардың қорытындыларын шығару

      20. «Аспапта орындаушылық» мамандығы бойынша конкурстарға қатысушыларға тиісті балл жинағанда мынадай орындар беріледі:
      1 - орын және лауреат атағы - кемінде 24-25 балл;
      2 - орын және лауреат атағы - кемінде 22-23 балл;
      3 - орын және лауреат атағы - кемінде 20-21 балл.
      Кемінде 18 балл алған конкурстарға қатысушыларға дипломант атағы беріледі.
      21. «Музыка теориясы» мамандығы бойынша конкурстарға қатысушыларға мына орындар беріледі:
      1-орын және лауреат атағы - кемінде 57-60 балл;
      2-орын және лауреат атағы - кемінде 54-56 балл;
      3-орын және лауреат атағы - кемінде 51-53 балл.
      Дипломант атағы 48-50 балл жинаған қатысушыларға беріледі.
      22. Барлық лауреаттар өз қалауларымен конкурс аяқталған соң ұйымдастыру комитеті ұйымдастырған қорытынды концертке қатысады.

Орындаушылардың республикалық
конкурстарын ұйымдастыру және
өткізу қағидаларына 1-қосымша

Орындаушылар конкурсының мамандану бағыттарының кезектесуі

конкурсты өткізудің 1-ші жылы конкурсты өткізудің 2-ші жылы

«Аспапта орындаушылық»:
1) үрлемелі ағаш аспаптар (флейта, гобой, кларнет, фагот, саксофон-альт, саксофон-тенор);

«Аспапта орындаушылық»:
1) фортепиано;

2) үрлемелі мыс аспаптар (валторна, труба, тромбон, туба), урмалы аспаптар;

2) скрипка, альт, виолончель, контрабас.

3) қазақ халық аспаптары (домбыра, шертер, қобыз, қыл-қобыз);

«Ән салу» дауыс бойынша:
1) сопрано;

4) орыс халық аспаптары (баян, аккордеон, гитара, домра-прима, домра-бас).

2) меццо сопрано;


3) тенор;


4) баритон;


5) бас.


«Теориялық музыка» кезекпен ауысып:
1) музыкалық әдебиет (бірінші жылы);


2) гармония және сольфеджио (екінші жылы).

Орындаушылардың республикалық
конкурстарын ұйымдастыру және
өткізу қағидаларына 2-қосымша

Нысан

ӨТІНІШ

Мамандық ____________________________________________________________
Мамандану ___________________________________________________________
Қатысушының аты-жөні ________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жынысы ______________________________________________________________
Туған жері мен күні _________________________________________________
_____________________________________________________________________
Оқу орнының аты, курс _______________________________________________
Мұғалімнің аты-жөні _________________________________________________
_____________________________________________________________________
Концертмейстердің аты-жөні __________________________________________
_____________________________________________________________________
Алып жүретін адамның аты-жөні _______________________________________
_____________________________________________________________________
Мекен-жайы __________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Телефон нөмірі, факс ________________________________________________
Код _________________________________________________________________
Өтінішті толтырған күні _____________________________________________
Қолы ________________________________________________________________
Оқу орны басшысының аты-жөні  _______________________________________
_____________________________________________________________________

МО Қолы

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 13 наурыздағы 
№ 99 бұйрығына 5-қосымша

Кәсіби шеберліктің республикалық конкурстарын
ұйымдастыру және өткізу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қағидалар техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының білім алушылары арасында техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кәсіптері мен мамандықтары бойынша республикалық кәсіби шеберлік конкурсын (бұдан әрі - Конкурс) өткізуді ұйымдастырудың тәртібін анықтайды.
      2. Конкурстың негізгі мақсаттары мен міндеттері кадрларды кәсіби даярлау сапасын, техникалық және қызмет көрсету еңбегі мамандықтарының (кәсіптерінің) беделін арттыру, республикадағы кәсіптік білім беру және кадрлар даярлау жүйесін насихаттау, дарынды білім алушыларды анықтау және қолдау көрсету болып табылады.
      3. Республикалық конкурсқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітіруші курстарының білім алушылары қатысады.
      Конкурстың қорытынды турына облыстық, Астана және Алматы қалалық кәсіби шеберлік конкурстарының жеңімпаздары қатысады.

2. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібі

      4. Конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру үшін ұйымдастыру комитеті құрылады.
      Бірінші турды ұйымдастыру комитетінің құрамын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының басшысы, екінші турды ұйымдастыру комитетінің құрамын облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармаларының бастықтары бекітеді, үшінші турды ұйымдастыру комитетінің құрамы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) бұйрығымен бекітіледі.
      5. Ұйымдастыру комитеті:
      1) конкурсты дайындауды және өткізуді;
      2) конкурстық тапсырмаларды әзірлеуді және дайындауды;
      3) конкурсты өткізуге арналған үй-жайды және жұмыс орындарын дайындауды;
      4) конкурс барысында анықталған еңбектің алдыңғы қатарлы әдістері мен әдістемелерін бағалауды, таңдауды, жалпылауды қамтамасыз етеді.
      6. Конкурс мынадай турлардан тұрады:
      1) конкурстың бірінші турын техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары өткізеді;
      2) конкурстың екінші туры облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары осы Қағидаға сәйкес өткізеді;
      3) конкурстың қорытынды үшінші турын Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) өткізеді.
      7. Конкурсты өткізу уақыты мен орнын конкурсты ұйымдастырушылар белгілейді.
      8. Республикалық конкурс өткізілетін кәсіптерді (мамандықтар) немесе кәсіптердің тобын Министрлік айқындайды.
      9. Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының басшылары облыстық, Астана және Алматы қалалары білім басқармаларына конкурстың 1-тур жеңімпаздарының мынадай құжаттарын ұсынады:
      1) қазылар алқасының шешімінен үзінді;
      2) мінездеме - ұсынымдама;
      3) 3х4 см. көлеміндегі және 24х30 см. көлеміндегі 3 түрлі-түсті фотосурет.
      10. Облыстық, Астана және Алматы қалалық білім басқармалары Министрлікке конкурстың облыстық 2-тур жеңімпаздарының мынадай құжаттарын ұсынады:
      1) қазылар алқасының шешімінен үзінді;
      2) мінездеме - ұсынымдама;
      3) 3х4 см. көлеміндегі және 24х30 см. көлеміндегі 3 түрлі-түсті фотосурет.
      11. Конкурстың бағдарламасы 6 конкурстық тапсырманы қамтиды:
      1) «Таныстыру» конкурсқа қатысушының өзін-өзі таныстыруы (5 минут) 5 балдық жүйе бойынша бағаланады;
      2) «Тестілеу» - жалпытехникалық және арнайы пәндер бойынша білімі - (45 минут). 20 балдық жүйе бойынша бағаланады;
      3) «Кәсіби шеберлік» - тапсырманы орындау барысында жоғары кәсіби шеберлігін көрсете білуі (40 минут). 30 балдық жүйе бойынша бағаланады;
      4) «Спорттық шеберлік» - спорттық жарыстар (30 минут) 15 балдық жүйе бойынша бағаланады;
      5) «Қалыпты емес жағдай» - конкурсқа қатысушының жұмыс іздеу, жұмысқа орналасу және кәсіптік тапсырмаларды шешіп, өз бетінше шешім қабылдай білуін анықтауға мүмкіндік беретін психологиялық ойын жағдайы (7 минут) 10 балдық жүйе бойынша бағаланады;
      6) «Он саусағынан өнер тамған» - конкурсқа қатысушының авторлық шығармашылығы, шығармашылық шешімінің бірегейлігі, орындау мәдениеті (7 минут) 10 балдық жүйе бойынша бағаланады.

3. Конкурстың қазылар алқасы және жеңімпаздарды марапаттау

      12. Жыл сайын бірінші турдың қазылар алқасының құрамы техникалық және кәсіптік білім ұйымының басшысымен, екінші турдың қазылар алқасының құрамы облыстық, Астана және Алматы қалалық басқармалары бастықтарымен, үшінші турдың қазылар алқасының құрамы Министрліктің бұйрығымен бекітіледі.
      13. Қазылар алқасы конкурстың әр қатысушының жұмысын мынадай өлшемдер бойынша бағалайды:
      1) нақты кәсіп пен мамандық бойынша кәсіптік және оқыту бағдарламалары шеңберінде жалпы техникалық және арнайы пәндердің мазмұнын білуі;
      2) кәсіптік даярлау дағдылары мен шеберлігін практикада қолдануы;
      3) біліктілік, шығармашылық бастамашылық және ойлауының бірегейлігі;
      4) шығармашылық қабілеттілігі;
      5) спортпен шұғылдануы.
      14. Қазылар алқасы конкурстың номинацияларын белгілейді, Конкурс жеңімпаздарын анықтайды, "Бас жүлдені" бірінші, екінші және үшінші орындарды береді және оларды дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапаттайды.