«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 26-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Кадрлардағы қазақстандық қамтудың ең аз санын есептеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010 жылғы 27 қыркүйектегі № 319-ө бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6553 тіркелген, 2010 жылғы 9 қарашадағы № 461-468) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу ережесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған «Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу ережесі бекітілсін.»;
осы бұйрықпен бекітілген Кадрлардағы қазақстандық қамтудың ең аз санын есептеу ережесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Халықты жұмыспен қамту департаменті (Д.Р. Арғындықов) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Г. Әбдіқалықова
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2012 жылғы 7 наурыздағы
№ 77-ө-м бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2010 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 319-ө бұйрығымен
бекітілген
Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу ережесі
1. Кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеу ережесі «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және жер қойнауларын пайдалану құқығын беруге арналған конкурстарды өткізу кезінде кадрлардағы жергілікті қамтудың ең аз санын есептеуге арналған.
2. Кадрлардағы жергілікті қамту санаттар бойынша келісім шартты орындауға жұмылдырылған персоналдың жалпы санына кадрлардағы жергілікті қамтудың пайыздық мәнін айқындау негізінде белгіленеді.
3. Қазақстандық кадрлардың пайыздық құрамы мына санаттар бойынша айқындалады:
1) бірінші санат - басқарушы құрам;
2) екінші санат - жоғары және орта кәсіптік білімі бар мамандар;
3) үшінші санат - білікті жұмысшылар.
Бірінші санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың (директор, басқарма және төраға мүшелері) ағымдағы қызметін басқаруды жүзеге асыратын атқарушы органның құрамына кіретін адамдар, олардың орынбасарлары, филиалдардың басшылары, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың жекелеген бағыттағы қызметін басқаруды, құрылымдық бөлімшелердің қызметін үйлестіру мен бақылауды қоса жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы және (немесе) оператор лауазымындағы адамдар (басқарушы, орындаушы, қаржы және коммерциялық директорлары) жатады.
Екінші санатқа жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың құрылымдық бөлімшелерін басқаратын және жер қойнауын пайдаланушының қызмет процесіне тікелей басшылықты жүзеге асыратын қызметкерлер, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушының және (немесе) оператордың штатында тұратын арнайы білімі және жұмыс дағдысы, тәжірибесі бар қызметкерлер жатады.
Үшінші санатқа Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 125 бабында көзделген білікті талаптарына сәйкес келетін білікті жұмысшылар жатады.
4. Тиісті санаттар бойынша қазақстандық кадрлардағы пайыздық қамту мына формула бойынша айқындалады:
h = VKC х 100%
Vo
мұндағы
- VKC - тиісті санаттағы қазақстандық кадрлардың саны;
- Vo - келісімшартты орындауға жұмылдырылған тиісті санаттағы персоналдың жалпы саны.