Инновациялық патенттің және өнертабысқа патенттің, пайдалы модель мен өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі қағидаларды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 24 ақпандағы № 88 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 4 сәуірде № 7516 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының Патент Заңының» 5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналар:
      1) Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес Инновациялық патенттің және өнертабысқа патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөніндегі қағидалар;
      2) Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес Пайдалы модельге патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөніндегі қағидалар;
      3) Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес Өнеркәсiптiк үлгiге патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөніндегі қағидалар бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Әділет министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Имашев

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 88 бұйрығына   
1-қосымша     

Инновациялық патенттің және өнертабысқа патенттiң
қолданылу мерзiмiн ұзарту жөніндегі қағидалар

      1. Осы Инновациялық патенттің және өнертабысқа патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Патент заңы) 5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және инновациялық патенттер мен Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген патенттерге қатысты қолданылады.
      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;
      2) сараптама жасау ұйымы – мемлекеттік монополияға жататын салада қызметін атқаратын, уәкілетті органға бағынысты ұйым (өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет көрсету);
      3) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті.
      3. Өнертабысқа инновациялық патенті мен патенті Патент заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен бастап тиісінше үш және жиырма жыл ішінде қолданыста болады.
      4. Өнертабысқа инновациялық патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтініші бойынша екі жылға ұзартылады.
      Заңнамаға сәйкес оны пайдалану құзыретті органның рұқсатын талап ететін өнертабысқа Қазақстан Республикасы патентінің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтініші бойынша көрсетілген өнертабысты қолдануға рұқсат алу үшін өтініш берушінің/патент иеленушінің құзыретті органға өтініш берген күнінен бастап мұндай рұқсатты алуына дейінгі, бірақ бес жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
      5. Инновациялық патенттің және өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) сараптама жасау ұйымына инновациялық патенттің немесе патенттің қолданылу мерзімінің соңғы жылы ішінде ол күшін сақтаған жағдайында орындалғанда беріледі.
      6. Инновациялық патенттің немесе өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту бойынша істерді жүргізу үшін патент иеленуші Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіліне (бұдан әрі – патенттік сенім білдірілген өкіл) немесе Патент заңында көзделген жағдайларда тиісті сенімхат бере отырып, өзге де өкілге уәкілеттік бере алады. Сенімхатта тапсырылған іс-әрекеттер нақты көрсетілуі тиіс.
      7. Өтініш мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады. Басқа тілде берілген өтінішке өтініш берілген кезден бастап бір ай ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі. Өтініштің аудармасы берілмеген жағдайда өтініш берілмеген болып есептеледі.
      8. Өтінішке патент иеленуші немесе патенттік сенім білдірілген өкіл не сенімхат негізінде өзге де өкіл қол қояды.
      Заңды тұлға атынан өтінішке ұйым басшысы немесе қызметін көрсете отырып, уәкілеттік берілген өзге де тұлға қол қояды, оның қолы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі.
      9. Өтінішке:
      өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімі ұзартылған жағдайда құзыретті органдарда рұқсат алу рәсімінен өткендігін растайтын құжаттардың нотариалды куәландырылған көшірмелері (құзыретті органға тиісті өтініш пен құзыретті органның өнертабысты қолдануға рұқсат жөніндегі ресми құжаты);
      іс-әрекет өкіл арқылы жасалған жағдайда сенімхат қоса беріледі.
      10. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар сараптама жасау ұйымына тікелей ұсынылады немесе пошта арқылы жолданады; құпиялық грифі бар материалдар арнайы байланысты пайдалана отырып жіберіледі.
      Құжаттар көшірмелері факс арқылы жіберілген жағдайда құжаттар түпнұсқалары сараптама жасау ұйымына бір ай ішінде ұсынылады.
      11. Өтініш сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралады.
      Инновациялық патенттің немесе өнертабысқа патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөнінде қорытынды шығарылғаннан кейін, бұл қорытынды қоса берілген материалдармен және өтінішпен бірге он бес жұмыс күні ішінде шешім шығару үшін уәкілетті органға жолданады.
      12. Осы Қағидалардың 7-9-тармақтарында көрсетілген өтінішті беру шарттары сақталған жағдайда, инновациялық патенттің немесе патенттің қолданылуы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес есептелетін мерзімге ұзартылады.
      Патент иеленушіге инновациялық патенттің немесе өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы ресми жариялануымен бір мезгілде инновациялық патентке немесе өнертабысқа патентке қосымша беріледі.
      Инновациялық патенттің және өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланады.
      13. Қажетті құжаттар болмаған немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда не өтініште көрсетілген библиографиялық деректер Мемлекеттік тізілімнің деректеріне сәйкес келмегенде, патент иеленушіге сараптама жасау ұйымына жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде тиісті өзгерістерді енгізу жөнінде хабарлама жіберіледі.
      Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген өтінішті қарау мерзімі жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап есептеледі.
      14. Жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттар сараптама жасау ұйымына ұсынылмаған жағдайда, немесе хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өзгерістер енгізу туралы өтініш берілмесе, өтініш қанағаттандырылмайды, бұл жөнінде патент иеленуші хабарландырылады.
      15. Егер инновациялық патенттің немесе өнертабысқа патенттің қолданылу мерзімін ұзарту жөнінде өтініш берген патент иеленуші тегін, атын, әкесінің атын немесе библиографиялық деректерді өзгертсе, онда ол хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш беруге міндетті. Осы орайда, өтінішті қарау мерзімі тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 88 бұйрығына   
2-қосымша     

Пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту
жөніндегі қағидалар

      1. Осы Пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Патент заңы) 5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген патенттерге қатысты қолданылады.
      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;
      2) сараптама жасау ұйымы – мемлекеттік монополияға жататын салада қызметін атқаратын, уәкілетті органға бағынысты ұйым (өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет көрсету);
      3) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті.
      3. Пайдалы модельге патент Патент заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен бастап бес жыл ішінде қолданыста болады.
      4. Пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтініші бойынша үш жылдан аспайтын мерзімге ұзартылады.
      5. Пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) сараптама жасау ұйымына патенттің қолданылуының соңғы жылы ішінде ол күшін сақтаған жағдайында беріледі. Өтініш беру мерзімі алты айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін.
      6. Пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту бойынша істерді жүргізу үшін патент иеленуші Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіліне (бұдан әрі – патенттік сенім білдірілген өкіл) немесе Патент заңында көзделген жағдайларда тиісті сенімхат бере отырып, өзге де өкілге уәкілеттік бере алады. Сенімхатта тапсырылған іс-әрекеттер нақты көрсетілуі тиіс.
      7. Өтініш мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады. Басқа тілде берілген өтінішке өтініш берілген кезден бастап бір ай ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі. Өтініштің аудармасы берілмеген жағдайда өтініш берілмеген болып есептеледі.
      8. Өтінішке патент иеленуші немесе патенттік сенім білдірілген өкіл не сенімхат негізінде өзге де өкіл қол қояды.
      Заңды тұлға атынан өтінішке ұйым басшысы немесе қызметін көрсете отырып, уәкілеттік берілген өзге де тұлға қол қояды, оның қолы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі.
      9. Өтінішке іс-әрекет өкіл арқылы жасалған жағдайда сенімхат қоса беріледі.
      10. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар сараптама ұйымына тікелей ұсынылады немесе пошта арқылы жолданады; құпиялық грифі бар материалдар арнайы байланысты пайдалана отырып жіберіледі.
      Құжаттар көшірмелері факс арқылы жіберілген жағдайда құжаттар түпнұсқалары сараптама жасау ұйымына бір ай ішінде ұсынылады.
      11. Өтініш сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралады.
      Пайдалы модельге патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөнінде қорытынды шығарылғаннан кейін, бұл қорытынды қоса берілген материалдармен және өтінішпен бірге он бес жұмыс күні ішінде шешім шығару үшін уәкілетті органға жолданады.
      12. Осы Қағидалардың 7-9-тармақтарында көрсетілген өтінішті беру шарттары сақталған жағдайда патенттің қолданылуы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес есептелетін мерзімге ұзартылады.
      Патент иеленушіге пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы ресми жариялануымен бір мезгілде патентке қосымша беріледі.
      Патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланады.
      13. Қажетті құжаттар болмаған немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда не өтініште көрсетілген библиографиялық деректер Мемлекеттік тізілімнің деректеріне сәйкес келмегенде, патент иеленушіге сараптама жасау ұйымына жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде тиісті өзгерістерді енгізу жөнінде хабарлама жіберіледі.
      Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген өтінішті қарау мерзімі жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап есептеледі.
      14. Жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттар сараптама жасау ұйымына ұсынылмаған жағдайда, немесе хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өзгерістер енгізу туралы өтініш берілмесе, өтініш қанағаттандырылмайды, бұл жөнінде патент иеленуші хабарландырылады.
      15. Егер пайдалы модельге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту жөнінде өтініш берген патент иеленуші тегін, атын, әкесінің атын немесе библиографиялық мәліметтерді өзгертсе, онда ол хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш беруге міндетті. Осы орайда, өтінішті қарау мерзімі тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 
2012 жылғы 24 ақпандағы
№ 88 бұйрығына   
3-қосымша     

Өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін
ұзарту жөніндегі қағидалар

      1. Осы Өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту жөніндегі қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының Патент Заңы» 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Патент заңы) 5-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және Өнертабыстарды, пайдалы модельдердi, өнеркәсiптiк үлгiлердi қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) берген патенттерге қатысты қолданылады.
      2. Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) бюллетень - өнеркәсiптiк меншiк объектiлерiн қорғау мәселелерi жөнiндегi ресми мерзiмдiк басылым;
      2) сараптама жасау ұйымы – мемлекеттік монополияға жататын салада қызметін атқаратын, уәкілетті органға бағынысты ұйым (өнертабыстар, пайдалы модельдер, өнеркәсіптік үлгілерді қорғау саласында қызмет көрсету);
      3) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті.
      3. Өнеркәсіптік үлгіге патент Патент заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес сараптама жасау ұйымына өтінім берілген күннен бастап он жыл ішінде қолданыста болады.
      4. Өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімі патент иеленушінің өтініші бойынша бес жылға ұзартылады.
      5. Өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) сараптама жасау ұйымына патент қолданылуының соңғы жылы ішінде ол күшін сақтаған жағдайында беріледі.
      6. Өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту бойынша істерді жүргізу үшін патент иеленуші Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкіліне (бұдан әрі – патенттік сенім білдірілген өкіл) немесе Патент заңында көзделген жағдайларда тиісті сенімхат бере отырып, өзге де өкілге уәкілеттік бере алады. Сенімхатта тапсырылған іс-әрекеттер нақты көрсетілуі тиіс.
      7. Өтініш мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынылады. Басқа тілде берілген өтінішке өтініш берілген кезден бастап бір ай ішінде оның мемлекеттік және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса беріледі. Өтініштің аудармасы берілмеген жағдайда өтініш берілмеген болып есептеледі.
      8. Өтінішке патент иеленуші немесе патенттік сенім білдірілген өкіл не сенімхат негізінде өзге де өкіл қол қояды.
      Заңды тұлға атынан өтінішке ұйым басшысы немесе қызметін көрсете отырып, уәкілеттік берілген өзге де тұлға қол қояды, оның қолы заңды тұлғаның мөрімен бекітіледі.
      9. Өтінішке іс-әрекет өкіл арқылы жасалған жағдайда сенімхат қоса беріледі.
      10. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар сараптама ұйымына тікелей ұсынылады немесе пошта арқылы жолданады; құпиялық грифі бар материалдар арнайы байланысты пайдалана отырып жіберіледі.
      Құжаттар көшірмелері факс арқылы жіберілген жағдайда құжаттар түпнұсқалары сараптама жасау ұйымына бір ай ішінде ұсынылады.
      11. Өтініш сараптама жасау ұйымына түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қаралады.
      Өнеркәсіптік үлгіге патенттiң қолданылу мерзiмiн ұзарту жөнінде қорытынды шығарылғаннан кейін, бұл қорытынды қоса берілген материалдармен және өтінішпен бірге он бес жұмыс күні ішінде шешім шығару үшін уәкілетті органға жолданады.
      12. Осы Қағидалардың 7-9-тармақтарындағы көрсетілген өтінішті беру шарттары сақталған жағдайда, патенттің қолданылуы осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес есептелетін мерзімге ұзартылады.
      Патент иеленушіге өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы ресми жариялануымен бір мезгілде патентке қосымша беріледі.
      Патенттің қолданылу мерзімін ұзарту туралы мәліметтер ресми бюллетеньде жарияланады.
      13. Қажетті құжаттар болмаған немесе дұрыс ресімделмеген жағдайда не өтініште көрсетілген библиографиялық деректер Мемлекеттік тізілімнің деректеріне сәйкес келмегенде, патент иеленушіге сараптама жасау ұйымына жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттарды ұсыну немесе хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде тиісті өзгерістерді енгізу жөнінде хабарлама жіберіледі.
      Осы Қағидалардың 10-тармағында көрсетілген өтінішті қарау мерзімі жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттар келіп түскен күннен бастап есептеледі.
      14. Жетіспейтін және/немесе түзетілген құжаттар сараптама жасау ұйымына ұсынылмаған жағдайда, немесе хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өзгерістер енгізу туралы өтініш берілмесе, өтініш қанағаттандырылмайды, бұл жөнінде патент иеленуші хабарландырылады.
      15. Егер өнеркәсіптік үлгіге патенттің қолданылу мерзімін ұзарту жөнінде өтініш берген патент иеленуші тегін, атын, әкесінің атын немесе библиографиялық деректерді өзгертсе, онда ол хабарлама жіберілген күннен бастап үш ай ішінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы өтініш беруге міндетті. Осы орайда, өтінішті қарау мерзімі тиісті өзгерістер енгізілгенге дейін тоқтатыла тұрады.