"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банк қызметін және қаржы ұйымдарын тәуекелдерді азайту тұрғысынан реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2011 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар белгіленсін:
1) Екінші деңгейдегі банктер, банктердің немесе банк холдингтерінің еншілес ұйымдары заңды тұлғалардың акцияларын (жарғылық капиталға қатысу үлестерін) олар мынадай талаптарға сәйкес келген кезде сатып алатыны:
Қазақстан Республикасының резидент емес заңды тұлғаларының акциялары осы қаулының қосымшасында көрсетілген халықаралық қор биржаларында еркін айналыста болады;
"Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-1-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының резидент ұйымдары ретінде танылған заңды тұлғалардың акциялары қор биржасының Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау Агенттiгi Басқармасының "Қор биржасында айналымына жiберiлетiн (жiберiлген) эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына талаптары, және де қор биржасы тiзiмiнiң бөлек санаттары туралы" 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысында (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі – № 77 қаулы) көзделген ресми тізімінің бірінші (ең жоғары) "акциялар" секторының санатына енгізілген;
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларына қатысты Қор биржасының бағалы қағаздарды бағалау әдістемесінде айқындалған критерийлерге сәйкес актив нарығы бар;
Қазақстан Республикасының резидент заңды тұлғаларының акциялары қор биржасының № 77 қаулыда көзделген ресми тізімінің екінші (ең жоғары) "акциялар" секторының санатына енгізілген;
2) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабының 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не акцияларының жиынтық құны банктің меншікті капиталының 50 (елу) пайызынан аспайтын мөлшерде.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ұлттық Банк
Төрағасы Г. Марченко
Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 24 ақпандағы № 84
қаулысына қосымша
Халықаралық қор биржаларының тiзiмi
1. Австрия қор биржасы (Wiener bourse AG)
2. Америка қор биржасы (American Stock Exchange)
3. Бомбей қор биржасы (The Bombay Stock Exchange Limited, BSE)
4. Бразилия қор биржасы (Bovespa)
5. Гонконг қор биржасы (Hong Kong Exchanges and Clearing)
6. Амстердамдағы "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Amsterdam)
7. Брюссельдегi "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Brussels)
8. Лиссабондағы "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Lisbon)
9. Париждегi "Еуронекст" Еуропа қор биржасы (Euronext Paris)
10. Үндiстан ұлттық қор биржасы (National Stock Exchange of India Limited)
11. Италия қор биржасы (Borsa Italiana SPA)
12. Лондон қор биржасы (London Stock Exchange)
13. Малазия қор биржасы (Bursa Malaysia)
14. Мексика қор биржасы (Bolsa Mexicana de Valores, BMV)
15. Немiс қор биржасы (Deutsche bourse AG)
16. Нью-Йорк қор биржасы (New York Stock Exchange)
17. Құрамына Стокгольм, Хельсинка, Таллин және Рига биржалары кiретiн бірлескен қор биржасы (Hex Integrated Markets Ltd.)
18. Сингапур қор биржасы (Singapore Exchange)
19. Стамбул қор биржасы (Istanbul Stock Exchange)
20. Стокгольм қор биржасы (Stockholm Exchange)
21. Токио қор биржасы (Tokyo Stock Exchange)
22. Австралия қор биржасы (Australian Stock Exchange)
23. Монреал қор биржасы (Bourse de Montreal)
24. Ресей Федерациясының қор биржасы (ААҚ МБВБ-РСЖ)
25. Торонто қор биржасы (Toronto Stock Exchange)
26. Швейцария қор биржасы (SWX Swiss Exchange)
27. Франкфурт қор биржасы (Frankfurt Stock Exchange)
28. Шанхай қор биржасы (Shanghai Stock Exchange)
29. Оңтүстiк Корея қор биржасы (Korea Stock Exchange)