"Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 4-тармағына, "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекелдер деңгейлерінің ұсынылған бағалау өлшемдері бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің мұнай-газ кешеніндегі Мемлекеттік инспекция комитеті (Т.А. Момышев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен соң оның ресми түрде жариялануын;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің ресми интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының жетекшілік етуші Мұнай және газ вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми түрде алғашқы жарияланғанынан кейінгі он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасының
Мұнай және газ министрі Экономикалық даму және
сауда министрі
__________________ С. Мыңбаев ______________ Б. Сағынтаев
29 ақпан 2012 жыл 15 наурыз 2012 жыл
Қазақстан Республикасы
Мұнай және газ министрінің
2012 жылғы 29 ақпандағы
№ 41
және Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы 15 наурыздағы
№ 71
бірлескен бұйрықтарымен
бекітілген
Газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің
тәуекелдер деңгейлерін бағалау өлшемдері
1. Осы газ және газбен жабдықтау саласындағы жеке кәсіпкерліктің тәуекелдер деңгейлерін бағалау өлшемдері (бұдан әрі – өлшемдер) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" 2011 жылғы 6 қаңтардағы, "Газ және газбен жабдықтау туралы" 2011 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңдарына сәйкес газ және газбен жабдықтау саласындағы тәуекелдер деңгейлеріне жеке кәсіпкерлік субъектілерін енгізу үшін әзірленді.
2. Өлшемдерде мынадай ұғымдар қолданылады:
1) тәуекел – тексерілетін субъекті қызметінің нәтижесінде адам өміріне немесе денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделеріне, келтірілген залалдың зардаптарының ауырлық дәрежесін есепке ала отырып, мемлекеттің мүліктік мүдделеріне зиян келтіру ықтималдығы;
2) тексерілетін субъект – тауар немесе сұйытылған газ өндіруші, газ желілі, газ таратушы, газ тасымалдаушы ұйым.
3. Жоспарлы тексеру жүргізудің мерзімі тәуекел деңгейіне байланысты төмендегідей жиілікте белгіленеді:
жылына бір рет – тәуекелдің жоғары деңгейінде;
үш жылда бір рет – тәуекелдің орта деңгейінде;
бес жылда бір рет – тәуекелдің болмашы деңгейінде.
4. Тәуекел деңгейлерін бағалау өлшемдері 2 түрге бөлінеді:
1) объективті – тексерілетін субъектілер қызметін жүзеге асыру мүмкін болып табылатын тәуекелдердің мәніне негізделеді;
2) субъективті – тексерілетін субъектілердің белгіленген талаптарды бұзуына байланысты анықталады.
Субъективті өлшемдер маңызды және болмашы бұзылымдардан тұрады.
5. Тексерілетін субъектілерді тәуекелдер деңгейлері бойынша бастапқы енгізу тәуекелдер деңгейлерін бағалаудың объективті өлшемдері негізінде жүзеге асырылады.
6. Тексерілетін субъектілер объективті өлшемдер бойынша тәуекелдердің мынадай топтарына бөлінеді:
1) тәуекелдің жоғары деңгейінің тобына өндірушілер жатады;
2) тәуекелдің орта деңгейінің тобына газ таратушы және газ желілі ұйымдар жатады;
3) тәуекелдің болмашы деңгейінің тобына газ тасымалдаушы ұйымдар жатады.
7. Тексерілетін субъектілерді тәуекелдер деңгейлері бойынша екінші қайтара енгізу субъективті өлшемдерді ескере отырып жүзеге асырылады.
8. Өндірушілердің болмашы бұзылымдарына:
1) шикі және (немесе) тауарлық газды иеліктен шығаруды жүргізу ниеті болған жағдайда ұлттық операторға коммерциялық ұсыныс жібермеуі немесе жіберу мерзімдерінің сақталмауы;
2) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектісін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісіне ортақ меншік құқығындағы үлесін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі-заңды тұлға акцияларының пакетін (қатысу үлесін) иеліктен шығаруды жүргізу ниеті болған жағдайда ұлттық операторға коммерциялық ұсыныс жібермеуі;
3) тауар немесе сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада сату тәртібін сақтамау;
4) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу кестесін орындамау жатады.
9. Өндірушілердің болмашы бұзылымдарына:
1) тауар немесе сұйытылған мұнай газын өндіру мен сату жөнінде мәліметтер бермеу;
2) есеп жүргізуге арналған бақылау құралдарының болмауы жатады.
10. Газ желілі ұйымдардың болмашы бұзылымдарына:
1) ішкі нарықта тауар немесе сұйытылған мұнай газын көтерме сатудың соңғы бағасының белгіленген тәртіпте бекітілген деңгейін сақтамау;
2) тиісті шартсыз сұйытылған мұнай газын бөлшек сату;
3) бірдей газ толтырушы стансалар мен (немесе) жиынтық сұйық қойма қондырғыларының бір уақытта пайдаланылуы;
4) Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу кестесін орындамау;
5) апаттық-диспетчерлік қызметтердің болмауы жатады.
11. Газ желілі ұйымдардың болмашы бұзылымдарына:
1) сұйытылған мұнай газын сату жөнінде мәліметтер бермеу;
2) есеп жүргізуге арналған бақылау құралдарының болмауы жатады.
12. Газ таратушы ұйымдардың болмашы бұзылымдарына:
1) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектісін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісіне ортақ меншік құқығындағы үлесін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі-заңды тұлға акцияларының пакетін (қатысу үлесін) иеліктен шығаруды жүргізу ниеті болған жағдайда ұлттық операторға коммерциялық ұсыныс жібермеуі;
2) ішкі нарықта тауар газын көтерме сатудың соңғы бағасының белгіленген тәртіпте бекітілген деңгейін сақтамау;
3) апаттық-диспетчерлік қызметтердің болмауы жатады.
13. Газ таратушы ұйымдардың болмашы бұзылымдарына:
1) тауар газын сату жөнінде мәліметтер бермеу;
2) тауар газын тасымалдау жөнінде мәліметтер бермеу;
3) есеп жүргізуге арналған бақылау құралдарының болмауы жатады.
14. Газ тасымалдаушы ұйымдардың болмашы бұзылымдарына:
1) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесінің объектісін, тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісіне ортақ меншік құқығындағы үлесін және (немесе) тауарлық газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесі объектісінің меншік иесі-заңды тұлға акцияларының пакетін (қатысу үлесін) иеліктен шығаруды жүргізу ниеті болған жағдайда ұлттық операторға коммерциялық ұсыныс жібермеуі;
2) бірдей жалғастырушы, магистралдық газ құбырлары мен тауар газ қоймасын екі және одан да көп тасымалдаушы ұйымдардың пайдалануы;
3) апаттық-диспетчерлік қызметтердің болмауы жатады.
15. Газ тасымалдаушы ұйымдардың болмашы бұзылымдарына:
1) тауар газын тасымалдау мен сақтау жөнінде мәліметтер бермеу;
2) есеп жүргізуге арналған бақылау құралдарының болмауы жатады.
16. Тексерілетін субъектінің әрбір жасаған бұзылымдары үшін мынадай баллдар беріледі:
бір маңызды бұзылымға - екі балл;
бір болмашы бұзылымға - бір балл.
17. Тексерілетін субъектілер субъективті өлшемдер бойынша жасалған бұзылымдардың түрі мен санына байланысты бөлінеді.
Тексеру нәтижелері бойынша тексерілген субъектінің жинаған балының саны шығарылады.
Тәуекелдердің болмашы деңгейінің тобына жататын тексерілген субъектілер тексеру кезеңінде 4 баллдан жоғары жинаса, тәуекелдердің орта деңгейінің тобына ауыстырылады.
Тәуекелдердің орта деңгейінің тобына жататын тексерілген субъектілер тексеру кезеңінде 4 баллдан жоғары жинаса, тәуекелдердің жоғары деңгейінің тобына ауыстырылады.
Тәуекелдердің жоғары деңгейінің тобына жататын тексерілген субъектілер тексеру кезеңінде 2 баллдан төмен жинаса, тәуекелдердің орта деңгейінің тобына ауыстырылады.
Тәуекелдердің орта деңгейінің тобына жататын тексерілген субъектілер тексеру кезеңінде 3 баллдан төмен жинаса, тәуекелдердің болмашы деңгейінің тобына ауыстырылады.
18. Тексерілетін субъектілер тәуекелдердің бір тобының ішінде:
соңғы тексеру мерзімін;
соңғы тексеру кезінде анықталған бұзылымдар санын ескере отырып, тексеру жоспарына енгізіледі.