Жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру кезде бөлінген активтердің құрамына кіретін ақшаны инвестициялауды жүзеге асыруға қойылатын талаптарды және бөлінген активтер есебінен сатып алуға рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 38 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 наурызда № 7475 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жобалық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Арнайы қаржы компаниясы инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен шарттың негізінде бөлінген активтердің құрамына кіретін бөлінген активтерді және ақшаны инвестициялауды мына қаржы құралдарында жүзеге асыратынын белгілесін:
      1) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Эмитенттерге және олардың қор биржасында айналысқа жіберуге рұқсат берілетін (рұқсат берілген) бағалы қағаздарына, сондай-ақ қор биржасы тізіміндегі жекелеген санаттарға қойылатын талаптар туралы» 2008 жылғы 26 мамырдағы № 77 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5251 тіркелген) (бұдан әрі – № 77 қаулысы) көзделген талаптарға сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздары;
      2) қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және № 77  қаулысында көзделген талаптарға сәйкес келетін акциялар;
      3) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (шет мемлекеттің аумағында шығарылғандарын қоса алғанда), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің кепілдік беруімен шығарылған бағалы қағаздары;
      4) Шетелдік қор биржаларында айналыстағы Қазақстан Республикасының резиденті еместерінің-эмитенттерінің бағалы қағаздары;
      5) мынадай талаптардың біріне сәйкес келетін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктердегі салымдары:
      «Standard & Poor's» агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша «ВВ-»-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi немесе «Standard & Poor's» ұлттық шәкiлi бойынша «kzBB»-дан төмен емес рейтингтік бағасы бар банктер;
      резидент емес бас банктерiнде «Standard & Poor's» агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша «А-»-тен төмен емес ұзақ мерзiмдi кредиттiк рейтингi немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар резидент еншілес банктер болып табылатын банктер;
      6) мына халықаралық қаржы ұйымдары шығарған борыштық бағалы қағаздары:
      Халықаралық қайта құру және даму банкі;
      Еуропалық қайта құру және даму банкi;
      Америкааралық даму банкi;
      Халықаралық есеп айырысу банкi;
      Азиялық даму банкi;
      Африкалық даму банкi;
      Халықаралық қаржылық корпорация;
      Ислам даму банкi;
      Еуропалық инвестициялық банк;
      Еуразиялық даму банкi;
      7) шет мемлекеттердiң орталық үкiметтерi шығарған, «Standard & Poor's» агенттiгiнiң халықаралық шәкілі бойынша «ВВВ-»-тен төмен емес тәуелсiз рейтингтiк бағасы немесе басқа рейтингтiк агенттiктердiң бiрiнiң осыған ұқсас деңгейдегi рейтингi бар мемлекеттiк мәртебеге ие бағалы қағаздары;
      8) Лондондық қымбат металлдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетiн және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондондық сапалы жеткiзiлiм» («London good delivery») стандарты ретiнде белгіленген тазартылған қымбат металлдары;
      9) Қазақстан Республикасы ұйымының инфрақұрылымдық облигациялары;
      10) базалық активі мыналар:
      шетелдік және ұлттық валюта;
      валюталық индекстер;
      Лондондық қымбат металлдар нарығының қауымдастығы (London billion market association) қабылдаған халықаралық сапа стандарттарына сәйкес келетiн және осы қауымдастықтың құжаттарында «Лондондық сапалы жеткiзiлiм» («London good delivery») стандарты ретiнде белгіленген тазартылған қымбат металлдары;
      қор биржасының ресми тізіміне енгізілген және № 77 қаулысында көзделген талаптарға сәйкес келетін бағалы қағаздары;
      тізбелері осы қаулының 1-қосымшасында белгіленген есептік көрсеткіштері (индекстері);
      көрсетілген тауар активтерінің нақты жеткізілуін жүзеге асырмай тізбелері осы қаулының 2-қосымшасында анықталған тауар активтері, сондай-ақ тауар активтеріне индекстері болып табылатын туынды қаржы құралдары және туынды бағалы қағаздар;
      11) «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 18-4-бабына сәйкес арнайы қаржы компаниясы шығарған меншікті облигациялар.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Арнайы қаржылық компанияның бөлінген активтері бойынша уақытша еркін түсімдерді инвестициялау үшін қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» 2006 жылғы 25 наурыздағы № 89 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4190 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 13 ақпандағы
№ 38 қаулысының   
1-қосымшасы      

Есептік көрсеткіштердің (индекстердің) тізбесі

      1. MICEX (Moscow Interbank Currency Exchange Index);
      2. DAX (Deutscher Aktienindex);
      3. CAC 40 (Compagnie des Agents de Change 40 Index);
      4. NIKKEI - 225 (NIKKEI - 225 Index);
      5. TOPIX (Tokyo Price Index);
      6. HSI (Hang Seng Index);
      7. ENXT 100 (Euronext 100);
      8. RTSI (Russian Trade System Index);
      9. DJIA (Dow Jones Industrial Average);
      10. S&P 500 (Standard and Poor's 500 Index);
      11. FT-SE 100 (Financial Times Stock Exchange 100 Index);
      12. KASE (Kazakhstan Stock Exchange Index);
      13. MSCI World Index (Morgan Stanley Capital International World Index).

Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2012 жылғы 13 ақпандағы
№ 38 қаулысының   
2-қосымшасы      

Тауар активтерінің тізбесі

      1. Мұнай және мұнай өнімдері;
      2. Табиғи газ және газ конденсаты;
      3. Түсті металлдар;
      4. Қара металлдар;
      5. Астық және астық өнімдері;
      6. Көмір және кокс;
      7. Қант;
      8. Мақта;
      9. Электр қуаты.