Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалардың тізбесін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 13 ақпандағы № 37 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 19 наурызда № 7474 тіркелді

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етеді:
      1. Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып:
      1) банк конгломераты бас ұйымының лауазымды тұлғасы, басшы қызметкері, бірінші басшысы және бас бухгалтері, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;
      2) банк конгломераты бас ұйымының ірі қатысушысы болып табылатын жеке немесе заңды тұлға не банк конгломераты бас ұйымының ірі қатысушысының лауазымды тұлғасы, сондай-ақ олардың жұбайы (зайыбы) және жақын туыстары;
      3) осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалары ірі қатысушылары не лауазымды тұлғалары;
      4) банк конгломератының бас ұйымы ірі қатысушысы болып табылатын заңды тұлға, осы заңды тұлғаның лауазымды тұлғалары, олардың жұбайы мен зайыбы және жақын туыстары;
      5) банк конгломератының қатысушылары;
      6) банк конгломераты қатысушыларының үлестес тұлғалары танылатыны белгіленсін.
      Банк конгломератының бас ұйымының акционері болып табылатын ұлттық басқарушы холдинг және акцияларының (қатысу үлестерінің) он және одан көп пайызы осы ұлттық басқарушы холдингке тиесілі болатын заңды тұлғалар банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғалар болып танылмайды.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы                                   Г. Марченко