Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 61-бабының 5-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру қағидалары бекітілсін.
2. Мемлекеттік жоспарлау әдіснамасы департаменті (Г. Жанбаева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің жауапты хатшысы Д.М. Шәженоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық оның мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму
және сауда министрінің
2012 жылғы 31 қаңтардағы № 34
бұйрығымен бекітілген
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша,
оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру
қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) кезекті үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру нысандары мен тәртібін анықтайды.
2. Жаңа бастамалар – бұл стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда көзделген және жаңа бюджеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландыру және (немесе) базалық шығыстарды ұлғайту жолымен жоспарланатын үш жылдық кезеңге арналған әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шығыстары болып табылады (бұдан әрі – шығыстардың жаңа бастамалары).
3. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа шығыстар бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстары әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған жоспарланған шығыстардың мақсаттылығы мен басымдылығын айқындау үшін кезекті жоспарлы үш жылдық кезеңге арнап бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жасайтын құжаттар жиынтығын білдіреді.
4. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстары әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу кезінде пайдаланылады.
5. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру кезеңінде бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде шығыстардың жаңа бастамалары, оның ішінде басым бюджеттік инвестициялар бойынша негіздемелері бар ұсыныстарды және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар сұрататын басқа да қажетті ақпаратты мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ұсынады.
6. Бірінші кезеңде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар осы Қағидалардының 12-тармағында көрсетілген құжаттарды қарау нәтижелері бойынша шығыстардың жаңа бастамаларын айқындайды, бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтарын қалыптастырады және әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарлық болжамы құрамында бюджет комиссиясына шығарады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің сценарлық болжамын және әлеуметтік-экономикалық саясаттың басымдықтарын бюджет комиссиясы мақұлдаған күннен бастап үш күннен кейін ағымдағы шығыстардың жаңа бастамалары бойынша қорытындыларын қалыптастырады және оны бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жолдайды.
Екінші кезеңде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдар бюджеттік инвестициялық саясаттың басымдықтары негізінде және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен алған ақпаратты қарау нәтижелері бойынша әлеуметтік-экономикалық даму болжамы құрамында басым бюджеттік инвестициялар тізбесін қалыптастырады.
7. Жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің ұсыныстары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдардың қорытындысы осы Қағидалардың 1, 2 және 3-қосымшаларын сәйкес нысандар бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жолданады.
2. Жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар
бойынша ұсыныстар беру нысандары және тәртібі
8. Бюджеттік бағдарламалар әкiмшiсi ақпаратты осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес қағазға түсiрiп нөмірленген, кітапша түрінде және мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесі арқылы электрондық құжат түрiнде немесе электрондық тасымалдағыш арқылы енгiзеді.
9. Жаңа шығыстар бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар беру күні оны мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарда тіркелген күні болып есептеледі.
10. Жаңа шығыстар бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар оларды құрастыру және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға ұсыну бойынша Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда жаңа шығыстар бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттiк инвестициялар бойынша ұсыныстар түскен күннен бастап үш күнтізбелік күн ішінде оларды қарастырмай бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсіне қайтарылады.
11. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі пысықталған жаңа шығыстар бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарды олар қайтарылған күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық және жергілікті уәкілетті органдарға табыс етеді.
12. Жаңа шығыстар бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар:
1) мыналарды қамтитын түсіндірме жазбаны:
бекітілген бюджетпен салыстырғанда жоспарлы кезеңге арналған мәлімделген шығыстардың қысқаша сипаттамасы (бекітілген көлемдерді қысқарту және бекітілген жоспардан тыс шығыстарды ұлғайту жолымен бюджет қаражатын қайта бөлу себептерін көрсете отырып);
мәлімделген шығыстарды республиканың және өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму басымдылығы мен өзара байланыстыру (жаңа бюджеттік бағдарламалар бойынша қандай басымдықты (міндетті) іске асыру үшін екенін көрсету қажет);
болашақ объектінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет болатын ағымдағы сипаттағы болжамды шығыстар бойынша ақпаратты көрсете отырып бюджеттік инвестициялар бойынша мәлімделген шығыстардың қысқаша сипаттамасы;
2) осы қағидалардың 4-қосымшасына сәйкес нысанда әзірленетін әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған жаңа бастамалар бойынша және жаңа ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылуы болжанған ұсыныстар.
Әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтарын жүзеге асыруға бағытталған жаңа бастамалар бойынша және жаңа ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылуы болжанған ұсыныстар стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттерді және іс-шараларды шешуге бағдарланған;
3) осы қағидалардың 5-қосымшасына сәйкес нысанда әзірленетін базалық шығыстарды ұлғайту жолымен әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыруға бағытталған жаңа қолданыстағы ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландырылатын ұсыныстар.
Базалық шығыстарды ұлғайту жолымен әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын жүзеге асыруға бағытталған және қолданыстағы ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландырылатын жаңа шығыстар бастамалары бойынша ұсыныстар құжаттардың мақсатына қол жеткізуге, нақты міндеттер мен іс-шараларды шешуге бағдарланған әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарын іске асыру бойынша бюджет қаражаты шығыстарының қосымша бағыттарын көздейді.
4) басым бюджеттік инвестициялар тізбесіне қосу үшін басым бюджеттік инвестициялар нысанда іске асырылатын жаңа шығыстар бастамалары бойынша ұсыныстар:
- бірінші кезеңде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес ағымдағы қаржылық жылының 1 наурызына дейінгі мерзімде;
- екінші кезеңде осы Қағидалардың 7-қосымшасына сәйкес ағымдағы қаржылық жылының 1 сәуіріне дейін беріледі.
Басым бюджеттік инвестициялар тізбесін қалыптастыру кезінде мемлекеттік органдар:
техникалық-экономикалық негiздемелер әзірлеуді талап етпейтін бюджеттік инвестициялық жоба бойынша инвестициялық ұсынысқа оң экономикалық қорытындыны;
бюджеттiк инвестициялық жоба бойынша экономикалық сараптаманың оң қорытындысын;
жобалау алдындағы немесе жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың мемлекеттiк сараптамасының оң қорытындысын (бар болса);
бюджеттен қоса қаржыландыру жағдайларында концессиялық жобаның техникалық-экономикалық негiздемесi бойынша экономикалық сараптамасының оң қорытындысын;
мемлекеттiң заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысуы арқылы бюджеттiк инвестициялар бойынша оң экономикалық қорытындыны;
басқа да қажетті құжаттаманы қоса береді.
13. Жаңа шығыстар бастамалары бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстарға орталық атқарушы органның жауапты хатшысы (белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органның жауапты хатшысының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлға), ал мұндай болмаған жағдайда - басшы немесе ол өкілеттік берген тұлға, олардың жасалуына жауапты мемлекеттік мекеменің құрылымдық бөлімшесінің басшысы, ал соңғылары болмаған кезде тиісті бұйрықтармен міндеттерді атқару жүктелген тұлғалар қол қояды.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде
бюджеттік инвестициялар бойынша
ұсыныстар беру қағидаларына
1-қосымша
________________ жылдарға арналған
жоспарлы кезең
Әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын іске асыруға
бағытталған және жаңа ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша
қаржыландыруы болжанатын шығыстардың жаңа бастамалары бойынша
(бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы) ұсыныстары бойынша
қорытынды
бюджеттің түрі (жергілікті, республикалық) мың теңгек
Р/с№ |
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға (құжаттың атауы, №, қабылданған күні, көрсеткіштері (мақсаты, тікелей нәтиженің нысаналы индикаторы немесе көрсеткіші), нормативтік құқықтық актілерге, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің тапсырмаларына сәйкестігі |
Іс-шаралардың сипаттамасы |
Бюджеттік бағдарламаның ұсынылатын атауы |
Жоспарланатын кезеңге арналған шығыстар сомасы |
Күтілетін нәтиже |
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ұстанымы |
||
1 - жыл |
2 - жыл |
3 - жыл |
||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1. |
1. |
|||||||
... |
||||||||
2. |
1. |
|||||||
... |
||||||||
Бюджет шығыстарының барлығы |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде
бюджеттік инвестициялар бойынша
ұсыныстар беру қағидаларына
2-қосымша
Нысан
_________________ жылдарға арналған
жоспарлы кезең
базалық шығыстарды көбейту жолымен әлеуметтік-экономикалық дамудың
басымдықтарын іске асыруға бағытталған және қолданыстағы ағымдағы
бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыруы болжанатын шығыстардың
жаңа бастамалар бойынша (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)
ұсыныстары бойынша қорытынды
бюджеттің түрі (жергілікті, республикалық) мың теңге
Р/с |
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға (құжаттың атауы, №, қабылданған күні, көрсеткіштері (мақсаты, тікелей нәтиженің нысаналы индикаторы немесе көрсеткіші), нормативтік құқықтық актілеріне, Мемлекет басшысының, Президенті Әкімшілігінің және Үкіметтің тапсырмаларына сәйкестігі |
Іс-шаралардың сипаттамасы |
Бюджеттік бағдарламаның коды |
Бюджеттік бағдарламаның атауы |
Есеп кезеңінің жоспары |
Жоспарланатын кезеңге арналған шығыстар сомасы |
Күтілетін нәтиже |
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ұстанымы |
||||
1 - жыл |
2 - жыл |
3 - жыл болж ам |
||||||||||
бекітілген жоспар |
болжам |
бекітілген болжам |
болжам |
|||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
13 |
1. |
1. |
|||||||||||
... |
||||||||||||
2. |
1. |
|||||||||||
... |
||||||||||||
Бюджет шығыстарының барлығы |
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде
бюджеттік инвестициялар бойынша
ұсыныстар беру қағидаларына
3-қосымша
Нысан
______________ жылдарға арналған
жоспарлы кезең
Басымдық бюджеттік инвестициялардың тізбесіне қосу үшін басым
бюджеттік инвестициялар бойынша (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің
атауы) ұсыныстары бойынша қорытынды
бюджеттің түрі (жергілікті, республикалық) мың теңгек
Функционалдық топ |
Іске асыру кезеңі |
Жалпы құны |
Жоспарланатын жылға дейін барлығы* |
|||||||
Функционалдық кіші топ |
||||||||||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі |
||||||||||
Бағдарлама |
||||||||||
Кіші бағдарлама |
||||||||||
Атауы |
||||||||||
1 - есеп жылына дейін |
1 - есеп жылы |
2 - жыл (ағымдағы жылдың жоспары) |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
жалғасатын жобалар: |
||||||||||
1. |
||||||||||
жаңа жобалар: |
||||||||||
1. |
||||||||||
кестенің жалғасы
Жоспарланатын кезең* |
3 - жоспарланатын жылдан соң * |
Ескертпе |
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органның ұстанымы |
||
1 - жыл |
2 - жыл |
3 - жыл |
|||
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
* алымы – мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті уәкілетті органның ұсыныстары, бөлiмі - ББӘ бюджеттік өтінімі
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде
бюджеттік инвестициялар бойынша
ұсыныстар беру қағидаларына
4-қосымша
Нысан
______________ жылдарға арналған
жоспарлы кезең
Әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын іске асыруға
бағытталған және жаңа ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша
қаржыландыруы болжанатын шығыстардың жаңа бастамалары бойынша
(бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы) ұсыныстары
бюджеттің түрі (жергілікті, республикалық) мың теңгек
Р/с |
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға (құжаттың атауы, №, қабылданған күні, көрсеткіштері (мақсаты, тікелей нәтиженің нысаналы индикаторы немесе көрсеткіші), нормативтік құқықтық актілерге, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің тапсырмаларына сәйкестігі |
Іс-шаралардың сипаттамасы |
Бюджеттік бағдарламаның ұсынылатын атауы |
Жоспарланатын кезеңге арналған шығыстар сомасы |
Күтілетін нәтиже 2 - жыл |
||
1 - жыл |
2 - жыл |
1 - жыл |
|||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
1. |
1. |
||||||
... |
|||||||
2. |
1. |
||||||
... |
|||||||
Бюджет шығыстарының барлығы |
Ескертпе:
Әлеуметтік-экономикалық даму басымдылықтарын жүзеге асыруға бағытталған жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде бюджеттік инвестициялар бойынша және жаңа ағымдағы бюджеттік бағдарламалар шеңберінде қаржыландырылатын ұсыныстар мынадай тәртіпте әзірлейді:
1) бірінші бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2) екінші бағанда өтінім іс-шараларды қаржыландыру үшін негізі болып табылатын стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттар (№, күні, мақсаттары, нысаналы индикаторлар және т.б.), нормативтік құқықтық актілері, Мемлекет басшысы, Президенті Әкімшілігі және Үкімет берген тапсырмаларға сәйкестігі көрсетіледі;
3) үшінші бағанда екінші бағанда көрсетілген стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттардың мақсаттарына, нысаналы индикаторларға жеткізу бойынша іс-шаралар көрсетіледі;
4) төртінші бағанда бюджеттік бағдарламаның болжамды атауы көрсетіледі;
5) бесінші, алтыншы және жетінші бағандарда жоспарлау әр жыл шеңберінде мың теңгеде шаралардың қаражатының көлемдері көрсетіледі;
6) сегізінші бағанда өтінім іс-шараларды іске асыру бойынша тікелей және соңғы нәтижелерінің көрсеткіштері және басқа да қосымша ақпарат көрсетіледі.
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштерінде екінші бағанда көрсетілген стратегиялық және бағдарламалық құжаттар көрсеткіштеріне сәйкес болу тиіс қол жеткізілетін көрсеткіштерін көрсетіп нақты нәтижелер көрсетіледі.
Соңғы нәтижелері көрсеткіштерінде адамдардың тұрмыс жағдайының жақсарғанын көрсететін нәтижелерді, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саладағы оң өзгерістер нәтижелерін көрсету қажет.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде
бюджеттік инвестициялар бойынша
ұсыныстар беру қағидаларына
5-қосымша
Нысан
________________ жылдарға арналған
жоспарлы кезең
Базалық шығыстардың көбейту жолымен әлеуметтік-экономикалық дамудың
басымдықтарын іске асыруға бағытталған және қолданыстағы ағымдағы
бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыруы болжанатын шығыстардың
жаңа бастамалары бойынша (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы)
ұсыныстары
бюджеттің түрі (жергілікті, республикалық) ____________ мың теңгек
Р/с№ |
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарға (құжаттың атауы, №, қабылданған күні, көрсеткіштері (мақсаты, тікелей нәтиженің нысаналы индикаторы немесе көрсеткіші), нормативтік құқықтық актілерге, Мемлекет басшысының, Президент Әкімшілігінің және Үкіметтің тапсырмаларына сәйкестігі |
Іс-шаралардың сипаттамасы |
Бюджеттік бағдарламаның коды |
Бюджеттік бағдарламаның атауы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1. |
1. |
|||
... |
||||
2. |
1. |
|||
... |
||||
Бюджет шығыстарының барлығы |
кестенің жалғасы
Есеп кезеңінің жоспары |
Жоспарланатын кезеңге арналған шығыстар сомасы |
Күтілетін нәтиже |
||||
1 - жыл |
2 - жыл |
3 - жыл болжам |
||||
бекітілген жоспар |
болжам |
бекітілген жоспар |
болжам |
|||
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
12 |
Ескертпе:
Базалық шығыстардың көбейту жолымен әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарын іске асыруға бағытталған және қолданыстағы ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландыруы болжанатын шығыстардың жаңа бастамалары бойынша (бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы) ұсыныстары мынадай тәртіпте әзірлейді:
1) бірінші бағанда реттік нөмірі көрсетіледі;
2) екінші бағанда өтінім іс-шараларды қаржыландыру үшін негізі болып табылатын стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттар (№, күні, мақсаттары, нысаналы индикаторлар және т.б.), нормативтік құқықтық актілері, Мемлекет басшысы, Президенті Әкімшілігі және Үкімет берген тапсырмаларға сәйкестігі көрсетіледі;
3) үшінші бағанда екінші бағанда көрсетілген стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттардың мақсаттарына, нысаналы индикаторларға жеткізу бойынша іс-шаралар көрсетіледі;
4) төртінші және бесінші бағандарда өтінім іс-шараларын қаржыландыруды көздейтін бюджеттік бағдарламаның коды мен атауы көрсетіледі;
5) алтыншы бағанда есептік кезеңнің жоспары көрсетіледі;
6) жетінші және тоғызыншы бағандарда есепті қаржы жылында бекітілген үш жылдық кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңда аталған шаралар көрсетілген бюджет қаражатының көлемдері көрсетіледі;
7) сегізінші, оныншы және он бірінші бағандарда қаржыландыру көлемдерін ұлғайтумен жоспарлау әр жыл шеңберінде мың теңгеде іс-шаралар қаражатының көлемдері көрсетіледі;
8) он екінші бағанда өтінім іс-шараларының іске асыру бойынша тікелей және соңғы нәтижелерінің көрсеткіштері және басқа да қосымша ақпарат көрсетіледі.
Тікелей нәтижелер көрсеткіштерінде екінші бағанда көрсетілген стратегиялық және бағдарламалық құжаттарының көрсеткіштеріне сәйкес болу тиіс қол жеткізілетін көрсеткіштерді көрсетіп нақты нәтижелер көрсетіледі.
Соңғы нәтижелерінің көрсеткіштерінде адамдардың тұрмыс жағдайының жақсарғаның көрсететін нәтижелерді, экономикалық, әлеуметтік және мәдени саладағы оң өзгерістерді, нәтижелерді көрсету қажет.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде
бюджеттік инвестициялар бойынша
ұсыныстар беру қағидаларына
6-қосымша
Нысан
__________________ жылдарға арналған
жоспарлы кезең
Бюджеттік инвестициялық саясаттың басым бағыттары бойынша
(бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің атауы) ұсыныстары
түрі (жергілікті, республикалық)
Р/с |
Бюджеттік инвестициялық саясаттың басым бағыттары |
Негіздеме |
||||
Жоспарланатын жылға дейін іс-шаралар |
Жоспарланатын кезеңге арналған іс-шаралар |
|||||
1 - есеп жылы |
2 - жыл (ағымдағы жылдың жоспары) |
1 - жыл |
2 - жыл |
3 - жыл |
||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
1 |
||||||
2 |
||||||
3 |
||||||
... |
Ескертпе:
Бюджеттік инвестициялар саясатының басымдығы бойынша ұсыныстар мынадай тәртіпте әзірлейді:
1) бірінші бағанда бюджеттік инвестициялар саясатының басым бағыттарының реті бойынша нөмірі көрсетіледі;
2) екінші және үшінші бағандарда есептік және ағымдағы жылдарда басым болып айқындаған іс-шаралар көрсетіледі;
3) төртінші, бесінші және алтыншы бағандарда жоспарланған үшжылдық кезеңде басым болып айқындаған шаралар көрсетіледі;
4) жетінші бағанда екінші, үшінші және төртінші бағандарда көрсетілген (стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда, нормативтік құқықтық актілері, Мемлекет басшысы, Президенті Әкімшілігі және Үкімет берген тапсырмалар) қандай байланыспен іс-шаралар таңдауының негізі көрсетіледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің
жаңа бастамалар бойынша, оның ішінде
бюджеттік инвестициялар бойынша
ұсыныстар беру қағидаларына
7-қосымша
Нысан
___________ жылдарға арналған
жоспарлы кезең
басым бюджеттік инвестициялар бойынша (бюджеттік бағдарламалар
әкімшісінің атауы) ұсыныстары
түрі (жергілікті, республикалық) мың теңгек
Функционалдық топ |
Іске асыру кезеңі |
Жалпы құны |
Жоспарланатын жылға дейін барлығы |
|||||||
Функционалдық кіші топ |
||||||||||
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі |
||||||||||
Бағдарлама |
||||||||||
Кіші бағдарлама |
||||||||||
Атауы |
||||||||||
1 - есеп жылына дейін |
1 - есеп жылы |
2 - жыл (ағымдағы жылдың жоспары) |
||||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
жалғасатын жобалар: |
||||||||||
1. |
||||||||||
жаңа жобалар: |
||||||||||
1. |
кестенің жалғасы
Жоспарланатын кезең |
3 - жылдан соң жоспарланатын * |
Ескертпе |
||||
1 - жыл |
2 - жыл |
3 - жыл |
||||
бекітілген жоспар |
болжам |
бекітілген жоспар |
болжам |
|||
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
Ескертпе:
Басым бюджеттік инвестициялар бойынша ұсыныстар осы тәртіпте әзірлейді:
1) бірінші және алтыншыға дейінгі бағандарда жалғастыратын жобалар бойынша бірыңғай бюджеттік сыныптамаға сәйкес ақпарат көрсетіледі. Жаңа жобалар бойынша өтінімдік іс-шараларға сәйкес бюджеттік бағдарламаның болжамды атауы көрсетіледі;
2) жетінші бағанда өтінім іс-шаралар бойынша іске асыру кезеңділігі көрсетіледі;
3) сегізінші бағанда өтінім іс-шаралар бойынша жалпы сомасы көрсетіледі;
4) тоғызыншы және оныншы бағанда жоспарланған кезеңде расталған бюджеттен қаржыландырылған жалғасатын жоспарлар бойынша бюджеттік қаражат көлемі көрсетіледі;
5) он бірінші бағанда бекітілген бюджетте көзделетін ағымдағы жылда жалғасатын жобалардың бюджет қаражатының жоспарланған көлемі көрсетіледі;
6) он екінші және он төртінші бағандарда есептік қаржы жылында бекітілген үш жылдық кезеңге сәйкес бюджетте көзделетін шаралардың бюджет қаражатының көлемі көрсетіледі;
7) он үшінші, он бесінші және он алтыншы бағандарда жарияланған іс-шараларды жүзеге асыру үшін әр жылдың жоспарланған кезеңінің ішінде болжамды шығыстардың сомалары көрсетіледі;
8) он жетінші бағанда жоспарланған кезеңнің үшінші жылынан кейін қаражыландырудың болжамды көлемі көрсетіледі;
9) он сегізінші бағанда өтінім іс-шаралар бойынша ақпарат көрсетіледі, оның ішінде:
стратегиялық және (немесе) бағдарламалық құжаттарға сәйкестігі (құжаттың нөмірі мен бекітілген күні, мақсаттары, нысаналы индикаторлары және т.б.);
нормативтік құқықтық актілері, Мемлекет басшысы, Президенті Әкімшілігі және Үкімет берген тапсырмаларға сәйкестігі (құжаттың нөмірі мен бекітілген күні және көшірме);
құжаттардың бар болуы (осы қағидалардың 12-тармағының 4) - тармақшасына сәйкес нөмірі және бекітілген күнін көрсеткіш құжаттар көрсетіледі).