"Авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы 22 сәуірдегі № 131 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 15 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 ақпанда № 7421 тіркелді

Қолданыстағы

      "Әділет органдары туралы" 2002 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 7 бап 2-тармақтың 3) тамақшасына сәйкес және 1996 жылғы 10 маусымдағы "Авторлық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН
      1. "Авторлық құқық пен сабақтас құқықтардың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2010 жылғы  22 сәуірдегі № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6254 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағы, 2010 жылғы № 14 (тиражға шыққан уақыты 26.08.2010 ж.) жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Р. Түсіпбеков