Авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеуге берілетін өтініштердің нысандарын, авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысанын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 14 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылы 14 ақпанда № 7420 тіркелді

Қолданыстағы

      "Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы Заңының 9-1-бабының 1 және 16-тармақтарына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес авторлық құқықпен қорғалатын туындыларға құқықтарды тіркеуге берілетін өтініштердің нысандары;
      2) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес авторлық құқық объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Р. Түсіпбеков

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің 
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 14 бұйрығымен 
бекітілген     
1-қосымша     

нысан 

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Зияткерлік меншік құқығы
Комитетінің төрағасы
_________________________
мекенжай бойынша тұратын
_____________________________________________
(автор(лар)дың тегі, аты, әкесінің аты.)
тел.:________________________________________
_____________________________________________
(жеке басын куәландыратын құжаттың деректері)

Автор(лар)дың авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды тіркеуге берілетін
ӨТІНІШ

      Мен (Біз) _____________________________________________________
                     (автордың (лардың) тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________________________________ жасалған
                    (жасалған күні, айы, жылы)
_________________________________________________________ деп аталған
жарияланбаған ______________________________________________________
                    (авторлық құқық объектісінің түрі)
жалғыз авторы болып табылатынымды (мызды) растаймын (мыз) және осы авторлық құқық объектісін Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркеуді өтінемін (міз).
      Сондай-ақ, осы объектіге айрықша мүліктік құқықтардың жалғыз иеленушісі (лер) болып табылатынымды (ымызды) және осы объектіні жасаған кезінде басқа тұлғалардың құқықтары бұзылмағанын растаймын (мыз).
      Туындыны Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркеу фактісінің заңды мағынасы мен тіркеу шарттары маған (бізге) түсіндірілген.

20 ____ жылғы "____" __________                ____________________
                                              (автор(лар)дың қолы)

Қазақстан Республикасы
Әділет министрінің 
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 14 бұйрығымен 
бекітілген     
2-қосымша     

нысан

Қазақстан Республикасы
Әділет министрлігі
Зияткерлік меншік құқығы
Комитетінің төрағасы
______________________________________
(Құқық иеленушінің тегі, аты, әкесінің
аты немесе атауы)
Мекенжайы:___________________________
тел.: _______________________________
________________________________
(төлқұжат деректері/заңды тұлғаны
тіркеу туралы куәліктің деректері)

Құқық иеленушімен авторлық құқықпен қорғалатын
туындыларға құқықтарды тіркеуге берілетін
ӨТІНІШ

____________________________________________________________________
                    (құқық иеленушінің атауы )
авторы (лары) ______________________________________________________
    (автордың (лардың) тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжат деректері)
болып табылатын ___________________________________________ жасалған
                        (жасалған күні, айы, жылы)
_____________________________ деп аталған __________________________
                                  (авторлық құқық объектісінің түрі)
      Айрықша мүліктік құқықтарының иесі(лері) болып табылатынымызды растаймын (ды) және осы авторлық құқық объектісін Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркеуді өтінемін (ді).
      Сондай-ақ, осы объектіні жасаған кезінде басқа тұлғалардың құқықтары бұзылмағанын растаймын (ды).
      Туындыны Зияткерлік меншік құқығы комитетінде тіркеу фактісінің заңды мағынасы мен тіркеу шарттары маған (бізге) түсіндірілген.

      20____жылғы "____" __________             _____________________
                                                 (автор(лар)дың қолы)

Қазақстан Республикасы 
Әділет министрінің 
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 14 бұйрығымен 
бекітілген     
3-қосымша     

нысан  

Зияткерлік меншік объектісін
мемлекеттік тіркеу туралы куәлік

      № ______                              20 __ ж. "____" ________

       Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң Зияткерлiк меншiк құқығы комитетiнде автордың/құқық иеленушінің өтiнiшi бойынша авторы
______________________________________________ болып табылатын
        (тегi, аты, әкесiнiң аты)
авторлық құқықпен қорғалатын объектіге айрықша мүліктік емес/мүліктік
құқықтар "___________________________" атауымен тіркелгені
куәландырады.
      Автордың/құқық иеленушiнiң өтiнiшi бойынша авторлық құқықпен
қорғалатын объектіге айрықша (мүлiктiк) құқықтар және
____________________жасалған объектi ________________________тиесiлi
(күнi, айы, жылы)         (тегi, аты, әкесiнiң аты немесе заңды
тұлғаның атауы)
және автор/құқық иеленушi жоғарыда көрсетiлген объектiнi жасаған
кезде басқа адамдардың зияткерлiк меншiк құқығы бұзылмағандығына
кепілдік береді.

      Тiзiлiмде 20 __ жылы "____"________ жасалған № ____ жазба бар.

      Төраға
      М.О.