Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрыққа өзгертулер және толықтыру енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2012 жылғы 30 қаңтардағы № 27 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылы 9 ақпанда № 7419 тіркелді

Қолданыстағы

      1. Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 бұйрығына (нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 4625 болып енгізілді, "Заң газеті" газеті 2007 жыл 11 шілде № 104 (1133 жарияланды), келесідей өзгерістер және толықтыру енгізілсін.
      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық) 4-тармақтың 4 бөлімі келесі редакцияда баяндалсын:
      "Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету Комитеті (бұдан әрі - Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету Комитеті) банктерді, республикалық және аймақтық мәртебемен қоғамдық бірлестіктерді (сонымен бірге барлық саяси партияларды), шетелдік және халықаралық коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдарының филиалдары және өкілдіктерін, республикалық және аймақтық мәртебемен діни бірлестіктерді, "мемлекеттік тіркеуін (қайта тіркеуін және таратылуын тіркеуін) қамтамасыз етеді.";
      Нұсқаулықтың 1 қосымшасында 18-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
      "18. Діни бірлестіктер:
      тіркеу туралы өтініш;
      құрылтай съезінде (конференцияда, жиналысында) қабылданған, діни бірлестігінің басшысымен қол қойылған жарғы (ереже);
      нөмірленген, тігілген, уәкілетті тұлғамен қол қойылған, жарғыны (ережені) қабылдаған құрылтай жиналысының (съезінің конференциясының, құрылтайының) хаттамасы;
      Нұсқаулықтың 70 қосымшасындағы нысаны бойынша, Діни бірлестікті құратын бастамшы-азаматтарының электронды және қағаз түріндегі тізімі;
      мекен-жайын растайтын құжат;
      заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу үшін бюджетке алым төленгенін растайтын түбіртек немесе құжат;
      діни ілімнің пайда болу тарихы мен негіздерін ашып көрсететін және осы ілімге сәйкес келетін діни қызмет туралы мәліметтер қамтылған діни баспа материалдары;
      діни бірлестіктің басшысын сайлау туралы шешім не шетелдік діни орталық басшыны тағайындаған жағдайда, уәкілетті органмен келісілгенін растайтын құжат қоса беріледі.
      Ескертпе:
      1. Республикадан шеңберінен тыс басқарушы орталықтары бар діни бірлестіктері, қосымша:
      мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды куәландырылған шетел орталығының жарғысының көшірмесі;
      діни орталық өз елінің заңдары бойынша заңды тұлға болып табылатындығын растайтын мемлекеттік немесе орыс тіліне аударылған, нотариалды куәландырылған тізілім көшірмесі немесе басқа құжат ұсынады.
      Діни басқармалар (орталықтар) негізін салған діни оқу мекемелерінің, мешіттерінің, монастрлердің және басқа да діни бірлестіктердің жарғыларын (ережелерін) осы діни басқармалар (орталықтар) бекітеді. Тіркеу үшін діни басқарманың (орталықтың) уәкілетті органының оларды құру туралы шешімі ұсынылады.
      Өңірлік діни бірлестікті тіркеу кезінде тіркеуші орган белгілеген нысан бойынша өңірлік діни бірлестіктерді құруға бастамашылық жасаған жергілікті діни бірлестіктердің әрқайсысының қатысушыларының тізімі, сондай-ақ олардың жергілікті діни бірлестіктері жарғыларының нотариат куәландырған көшірмелері қосымша табыс етіледі.";
      осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес Нұсқаулықтың 70 Қосымшасын толықтыру.
      2. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінің аумақтық органдары осы бұйрықты өз қызметтерінде басшылыққа алсын.
      3. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Әділет Министрі                            Б. Имашев

Қазақстан Республикасының
Әділет Министрінің   
2012 жылғы 30 қаңтардағы
№ 27 бұйрығына    
1-қосымша      

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу
және филиалдар мен өкілдіктерді
есептік тіркеу жөніндегі
нұсқаулыққа 70-қосымша

Діни бірлестікті құратын бастамшы-азаматарының тізімі

_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
                      діни бірлестіктің атауы
_____________________________________________________________________
                 Астана және Алматы қалалары, облыс


с/б

Тегі, аты, әкесінің аты

Туылған күні, айы және жылы

Қазақстан Республика азаматының жеке куәлік құжатты туралы мәлімет, ЖСН

Тұрғылықты мекен-жайы, үйдің және қызметтік телефонының нөмірі

Өз қолы

1

2

3

4

5

6