«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысының 13-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6987 тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 81 (1897) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережесін бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса берiлiп отырған Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелерi бекiтiлсiн.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк материалдық резервтiң материалдық құндылықтарын (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелерiнде (бұдан әрі – Ережелер):
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелерi»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелерi (бұдан әрi – Ережелер) «Мемлекеттiк материалдық резерв туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.»;
12-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) номенклатурасы, ең аз көлемi, қосылған құнға салынатын салықты ескере отырып немесе ескерусіз кесiмдi бағасы, тауарды төлеу мерзімі, тауарды шығарып алу мерзімі және тауардың орналасқан жері қамтылған тауар туралы мәлiмет;»;
15-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жарғының нотариалды куәландырылған көшірмесі.
Егер заңды тұлға өзінің қызметін үлгілік жарғы негізінде жүзеге асыратын болса, онда тендерге қатысуға өтiнiм заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы өтініштің көшірмесін қамтуы тиіс.
Қазақстан Республикасының резидент еместері мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріне аудара отырып нотариалды куәландырылған сауда тізілімінен жария етілген үзінді көшірмені ұсынады;»;
15-1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) егер ол алдында тендер жеңімпазы деп танылған және сатып алу-сату шартының талаптарын орындамаса немесе тиісінше орындамаса тендерге қатысуға жіберілмейді.»;
32-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«32. Тендерлiк комиссия үмiткердiң тендерге қатысуға өтiнiмiн:
1) тендерге қатысуға өтінімнің осы Ережелердің 16, 18-тармақтарына сәйкес келмеуі;
2) осы Ережелерге 1-қосымшаға (жеке тұлға үшін), 2-қосымшаға (жеке кәсіпкер үшін), 3-қосымшаға (заңды тұлға үшін) сәйкес тендерлік өтінімді ұсынбаған;
3) тендерге қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді растайтын құжаттың түпнұсқасын ұсынбаған;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 28 сәуірдегі № 55 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердің банктік кепілдіктер мен кепілдемелерді беру ережесінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5231 тіркелген) талаптарын бұза отырып берілген банк кепілдігін ұсынған;»;
5) банк немесе банк филиалы анықтамасының түпнұсқасында үміткердің осы анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің болуы;
6) толық емес немесе дәл емес ақпарат ұсынған;
7) үмiткердiң ұсынған бағасы кесiмдi бағадан төмен болған жағдайларда алып тастайды.»;
35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«35. Тендерлiк комиссияның шешiмiне сот тәртiбімен шағым жасалады.»;
Ережелерге 1-қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрышындағы тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелеріне 1-қосымша»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережелерiмен танысып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сату бойынша тендерге қатысуға ниет бiлдiредi және сатып алуды ұсынады»;
Ережелерге 2-қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрышындағы тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелеріне 2-қосымша»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережелерiмен танысып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сату бойынша тендерге қатысуға ниет бiлдiредi және сатып алуды ұсынады»;
Ережелерге 3-қосымшада:
оң жақ жоғарғы бұрышындағы тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелеріне 3-қосымша»;
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2011 жылғы 5 мамырдағы № 186 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртібімен) шығару жөніндегі тендерлерді дайындау және өткізу ережелерiмен танысып, мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сату бойынша тендерге қатысуға ниет бiлдiредi және сатып алуды ұсынады»;
Ережелерге 4-қосымшада оң жақ жоғарғы бұрышындағы тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Мемлекеттiк материалдық резервтен материалдық құндылықтарды (жаңарту және броньнан шығару тәртiбiмен) шығару жөнiндегi тендерлердi дайындау және өткiзу ережелеріне 4-қосымша».
2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Божко