БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2010 жылғы 1 сәуірдегі № 141 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6148 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
2 «Салықтық емес түсiмдер» санатында:
04 «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» сыныбында:
1 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер салатын айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» кіші сыныбында:
45 «Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетi салатын әкiмшiлiк айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар» ерекшелігінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«45 Мұнай секторы ұйымдарынан түсетін түсімдерді қоспағанда, Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiнің тапсырмасы бойынша және/немесе шешімдерін орындау үшін төленуге тиіс санкциялар, өндіріп алулар»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
9 «Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер» функционалдық кіші тобында:
мынадай мазмұндағы 061 бюджеттік бағдарламасы бар 271 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«271 Облыстың құрылыс басқармасы
061 Мемлекеттік органдардың объектілерін дамыту»;
02 «Қорғаныс» функционалдық тобында:
2 «Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру» функционалдық кіші тобында:
202 «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
001 «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша;
100 «Қорғанысты және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін ұйымдастыру саласындағы мемлекеттік саясатты айқындау және іске асыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету» бюджеттік кіші бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«100 Табиғи және техногендік төтенше сипаттағы жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру жөніндегі уәкілетті органның қызметін қамтамасыз ету»;
07 «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» функционалдық тобында:
1 «Тұрғын ұй шаруашылығы» функционалдық кіші тобында:
271 «Облыстың құрылыс басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
056 «Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы шеңберінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне инженерлік коммуникациялық инфрақұрылымдарды дамытуға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы трансферттер» бюджеттік бағдарламасы мынадай редакцияда жазылсын:
«056 Жұмыспен қамту-2020 бағдарламасы шеңберінде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттеріне құрылысқа және (немесе) тұрғын үй сатып алуға және инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері»;
мынадай мазмұндағы 010 бюджеттік бағдарламасы бар 351 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:
«351 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер қатынастары басқармасы
010 Мемлекеттiк қажеттiлiктер үшiн жер учаскелерiн алып қою, оның iшiнде сатып алу жолымен алып қою және осыған байланысты жылжымайтын мүлiктi иелiктен айыру»;
10 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары» функционалдық тобында:
9 «Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы өзге де қызметтер» функционалдық кіші тобында:
364 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
мынадай мазмұндағы 035 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
«035 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебінен азық-түлік тауарларының өңірлік тұрақтандыру қорларын қалыптастыру».
2. Бюджеттік рәсімдер әдіснамасы департаменті (А.Н. Қалиева) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев