Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесінің 25-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қосымшаға сәйкес Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиiмдiлiгiн бағалау жөніндегі әдістеме бекітілсін.
2. Стратегиялық жоспарлау және талдау департаменті (Ә.Ә.Бақаев) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігінің ресми интернет-ресурсында кейіннен жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі М.Е. Әбілқасымоваға жүктелсін.
4. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялауға жатады.
Министр Қ. Келімбетов
Қазақстан Республикасының
Экономикалық даму және
сауда министрінің
2012 жылғы 19 қаңтардағы
№ 14 бұйрығына қосымша
Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістеме
1. Жалпы ережелер
1. Осы қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі – Әдістеме) «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығын іске асыру мақсатында әзірленген (бұдан әрі – Бағалау жүйесi).
2. Әдістеме бағаланатын орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – Мемлекеттік органдар) қадағаланатын саланы/аяны/өңірді дамытуға бағытталған шараларының тиімділігін айқындауға арналған.
3. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігін бағалау (бұдан әрі – Тиімділікті бағалау) Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі бекітетін Мемлекеттiк органдар қызметiнiң тиiмдiлiгiне жыл сайынғы бағалау жүргізу кестесіне сәйкес (бұдан әрі – Бағалау кестесі) жүзеге асырылады.
4. Тиімділікті бағалауды мынадай мемлекеттік органдар жүзеге асырады (бұдан әрі – бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар):
Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) – осы Министрліктің тиімділігін бағалауды қоспағанда, орталық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың тиімділігін бағалау;
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі – Министрліктің тиімділігін бағалау;
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі - Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың тиімділігін бағалау.
5. Тиімділікті бағалауды жүргізу үшін Министрлік Бағалау жүйесiнің шеңберінде бағыттар бойынша тиімділігін жалпы бағалау нәтижелері туралы сараптама қорытындысын қалыптастыру жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі - Сараптама комиссиясы) жұмыс органының кіші тобы болып табылатын лауазымды тұлғалар санынан Кіші жұмыс тобын (бұдан әрі - Кіші жұмыс тобы) құрады.
2. Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалауға арналған ақпарат көздері
6. Тиімділікті бағалау:
орталық мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының 3-бөлімі;
орталық мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын іске асыру туралы есептің;
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтарын дамыту бағдарламасының (бұдан әрі – АДБ) 4-бөлімінің;
АДБ іске асыру туралы есептің;
статистикалық деректердің;
басқада көздер (болған жағдайда) негізінде жүзеге асырылады.
7. Кіші жұмыс тобы бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті ақпаратына олардың дұрыстығы тұрғысынан талдау жүргізеді.
8. Деректердің дұрыстығы статистикалық деректермен, бәсекеге қабілеттіліктің халықаралық көрсеткіштерімен, сондай-ақ салалық орталық мемлекеттік органдардың деректерімен расталады.
3. Бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті ақпараттарында қамтылған деректерді қайта тексеру
9. «Орталық мемлекеттiк органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдары қызметiнiң тиiмдiлiгiн жыл сайынғы бағалау жүйесi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығының 51-тармағына сәйкес Министрлік бағаланатын мемлекеттік органдардың есепті ақпараттарында қамтылған деректерді қайта тексеруді жүзеге асырады (бұдан әрі - Қайта тексеру).
10. Қайта тексеру мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының/АДБ тікелей және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізу бойынша ақпараттың дұрыстығын айқындау тұрғысынан жүргізіледі.
11. Қайта тексеру Бағалау кестесіне сәйкес жүргізіледі.
12. Стратегиялық жоспардың/АДБ тікелей нәтижелерін қайта тексеру растайтын құжаттарды жинақтау және талдау (ведомстволық есептер, орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер актілері, хаттамалар, хаттар және т.б) жолымен жүзеге асырылады.
13. Стратегиялық жоспардың/АДБ түпкілікті нәтижелерін қайта тексеру статистикалық деректерді, ведомстволық есептерді және өзге де қосымша ақпараттарды талдау негізінде жүзеге асырылады.
14. Қайта тексеру шеңберінде Министрлік «құпия» немесе «қызметтік қолдану үшін» деген мәртебесі бар құжаттардан басқа, растайтын құжаттардың электронды көшірмесін ала алады.
4. Мемлекеттік органдардың бағалау нәтижелері бойынша сараптама комиссиясының ұсынымдарын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың пост-аудиті
15. Пост-аудит – өткен бағалау нәтижелері бойынша берілген тапсырмалар мен ұсынымдарды іске асырудың толықтығын айқындау жөніндегі шаралар кешені.
16. Жоғарда көрсетілген тапсырмалар мен ұсынымдар негізінде әрбір мемлекеттік орган Мемлекеттік орган қызметі тиімділігінің көрсеткіштерін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын (бұдан әрі - Жоспар) әзірлейді.
17. Жоспар мемлекеттік органның, олардың жауапты орындаушылары мен жүзеге асыру бойынша мерзімдерімен байланыстырылған анықталған проблемаларды жою бойынша нақты іс-қимылын қамтиды.
18. Қайта тексеру жөніндегі іс-шаралар шеңберінде Жоспардың іске асырылуына талдау жүргізіледі, нәтижесі бойынша есеп дайындалады.
19. Мемлекеттік органды бағалауға уәкілетті өкіл қол қойған және пост-аудит объектісінің өкілі бұрыштама қойған есеп Кіші жұмыс тобының қарауына енгізіледі.
20. Пост-аудит нәтижелері қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелер туралы қорытындыларда «Пост-аудит нәтижелері» бөлімінде көрсетіледі.
5. Орталық мемлекеттік органның қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау
21. Тиімділікті бағалау мынадай өлшемдер бойынша жүзеге асырылады:
1) стратегиялық жоспардың/АДБ орталық мемлекеттік орган/жергілікті атқарушы орган қызметінің барлық салаларын қамтуы;
2) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының/АДБ мақсаттарына қол жеткізу;
3) мемлекеттік органның стратегиялық жоспарындағы/АДБ міндеттерді іске асыру.
22. Тиімділікті бағалау мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
– қадағаланатын саладағы/аядағы/өңiрдегi стратегиялық мақсаттар мен мiндеттерге қол жеткiзу және іске асыру тиімділігінің бағасы;
– стратегиялық жоспардың/АДБ мемлекеттік орган қызметінің барлық салаларын қамту коэффициенті;
– мемлекеттік органның стратегиялық жоспар/АДБ мақсаттарына қол жеткізу коэффициенті;
– мемлекеттік органның стратегиялық жоспарындағы/АДБ міндеттердің іске асырылу коэффициенті.
23. «Стратегиялық жоспардың/АДБ мемлекеттік орган қызметінің барлық салаларын қамтуы» өлшемі бойынша есеп мемлекеттік органның қызметін регламенттейтін ереже мен нормативтік құқықтық актілердің ұсынылуы және негізінде жүзеге асырылады.
Стратегиялық жоспардың/АДБ мемлекеттік орган қызметінің барлық салаларын қамту коэффициенті (бұдан әрі – Қамту коэффициенті) мемлекеттік орган қызметінің барлық салалары/бағыттарының стратегиялық жоспарының/АДБ нысаналы индикаторлары мен тікелей нәтижелер көрсеткіштерімен қамтылуын заңнама және заңға бағынысты деңгейлерде оған бекiтілген міндеттер мен функцияларына сәйкес сараптамалық айқындау жолымен анықталады.
Қамту коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
– стратегиялық жоспардың/АДБ мемлекеттік орган қызметінің барлық салаларын қамту коэффициенті;
– әрбір b саланы қамту коэффициенті;
– мемлекеттік орган қызметі салаларының жалпы саны.
егер мемлекеттік орган қызметінің әрбір b саласы есепті кезеңде стратегиялық жоспардың/АДБ нысаналы индикаторлары мен тікелей нәтижелері көрсеткіштерімен қамтылған жағдайда.
Бұл ретте, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын/АДБ әзірлеу бөлігінде мемлекеттік жоспарлау саласындағы нормативтiк-құқықтық актілерге сәйкес сараптамалық жолмен айқындалатын мемлекеттік орган қызметінің салаларына нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсеткіштерінің жеткiлiктiлiгі, сапасы және сәйкестiгі ескеріледі.
Егер қызмет саласы есепті кезеңде стратегиялық жоспардың/АДБ нысаналы индикаторларымен немесе тікелей нәтиже көрсеткіштерімен қамтылған жағдайда, онда .
Егер нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсеткіштері белгіленген саланың мақсаттары мен міндеттерін қол жеткізу дәрежесін толығымен сипаттамаған жағдайда, онда осы саланың қамту коэффициентінен 0,25 алынып тасталады.
Егер қызмет саласы есепті кезеңде стратегиялық жоспардың/АДБ нысаналы индикаторларымен және тікелей нәтиже көрсеткіштерімен қамтылмаған жағдайда немесе нысаналы индикаторлар мен тікелей нәтиже көрсеткіштері жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, онда .
Егер қызмет саласының екі және одан көп бағыттары болған жағдайда, әрбір бағытқа тиісті коэффициент беріледі.
Жалпы сала бойынша бағыттардың санына бөлінген әрбір бағыт бойынша есептелген коэффициенттердің сомасына тең болады.
24. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының/АДБ мақсаттарына қол жеткізуі тиiстi мақсатты орындау үшін көзделген әрбір нысаналы индикатордың қол жеткізуін талдау жолымен айқындалады.
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының/АДБ мақсаттарына қол жеткізу коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
Х – мемлекеттік органның стратегиялық жоспар/АДБ мақсаттарына қол жеткізу коэффициенті;
– мемлекеттік органның стратегиялық жоспарындағы/АДБ әрбір мақсатқа қол жеткізу коэффициенті;
– мемлекеттік органның стратегиялық жоспарындағы/АДБ мақсаттардың жалпы саны.
Бұл ретте, стратегиялық жоспардың/АДБ мақсатына қол жеткізу коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
– стратегиялық жоспардың/АДБ әрбір мақсатына қол жеткізу коэффициенті;
- тиісті мақсатқа қол жеткізуде көзделген әрбір нысаналы индикаторлардың қол жеткізу коэффициенті;
– тиісті мақсатқа қол жеткізуде көзделген нысаналы индикаторлардың жалпы саны.
Стратегиялық жоспардың/АДБ тиісті мақсатына қол жеткізуде көзделген әрбір нысаналы индикатордың қол жеткізу коэффициентін есептеу іс-жүзінде атқарылғанның (жақсарғанның немесе нашарлағанның) жоспарланған жақсартуға ара қатынасы арқылы жүзеге асырылады:
Бұл ретте, егер, 1 болса, онда = 1, егер < 0, онда = 0.
25. Стратегиялық жоспардың/АДБ мақсаттарына қол жеткізу коэффициентін есептеу кезінде мыналар есепке алынады:
есепті кезеңде жоспарлы мәні жоқ нысаналы индикатор мақсатқа қол жеткізу коэффициентінің есебіне қабылданбайды;
«Стратегиялық жоспардың/АДБ мемлекеттік орган қызметінің барлық салаларын қамтуы» өлшемі есебіне қабылданбаған нысаналы индикатор, осы өлшемінің есебіне де қабылданбайды.
26. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының/АДБ міндеттерін іске асыру тиiстi міндетті орындау үшін көзделген әрбір тікелей нәтиженің көрсеткішіне қол жеткізуді талдау жолымен айқындалады.
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының/АДБ міндеттерін іске асыру дәрежесін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
Y – мемлекеттік орган міндеттерін іске асыру коэффициенті;
– мемлекеттік органның әрбір l міндетін іске асыру коэффициенті;
– мемлекеттік орган міндеттерінің жалпы саны.
Бұл ретте, стратегиялық жоспардағы/АДБ әрбір міндетті іске асыру коэффициентін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
мұнда:
- мемлекеттік органның әрбір l міндетінің іске асырылу коэффициенті;
- мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының/АДБ тиісті міндетін іске асыруда көзделген g тікелей нәтиженің әрбір көрсеткішін іске асыру коэффициенті;
– мемлекеттік органның тиісті міндетін іске асыруда көзделген тікелей нәтижелер көрсеткіштерінің жалпы саны.
Стратегиялық жоспардың/АДБ тиісті міндетін іске асыруда көзделген стратегиялық жоспардың/АДБ әрбір тікелей нәтижесінің көрсеткішіне қол жеткізу коэффициентін есептеу іс-жүзінде атқарылғанның (жақсартылған немесе нашарланған) жоспарланған жақсартуға арақатынасы арқылы жүзеге асырылады.
Бұл ретте, егер 1 болса, онда = 1, егер < 0 болса, онда = 0.
27. Стратегиялық жоспардың/АДБ міндеттеріне қол жеткізу коэффициентін есептеу кезінде мыналар есепке алынады:
есепті кезеңде жоспарлы мәні жоқ тікелей нәтиже көрсеткіші міндетке қол жеткізу коэффициентінің есебіне қабылданбайды;
«Стратегиялық жоспардың/АДБ мемлекеттік орган қызметінің барлық салаларын қамтуы» өлшемі есебіне қабылданбаған тікелей нәтиже көрсеткіші, осы өлшемінің есебіне де қабылданбайды.
6. Қадағаланатын салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды
28. Жүргізілген бағалаудың негізінде осы Әдістеменің қосымшасына сәйкес қадағаланатын салада/аяда/өңірде стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру бойынша орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметі тиімділігін бағалаудың нәтижелері туралы қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) қалыптастырылады.
Қорытынды мынадай тәртіпте құрылады:
«Әрбір өлшемді бағалау балы» деген бағанда өлшемдер бөлінісінде балдар көрсетіледі;
«Жалпы баға» деген жолда осы Әдістеменің 22-тармағына сәйкес формула бойынша есептелген жалпы бал көрсетіледі.
«Орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның қызметін бағалау бойынша талдамалық есеп және тұжырымдар» деген бөлімде орталық мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган жоспарлаған мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу және іске асыру нәтижелеріне егжей-тегжейлі талдау келтіріледі, оның ішінде:
мемлекеттік органның қызметін регламенттейтін ережеде және басқа да нормативтік құқықтық актілерде бекітілген барлық қызмет бағыттарының стратегиялық жоспармен/АДБ қамтылуын талдау;
орталық мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының/АДБ мақсаттарына қол жеткізуін талдау;
жоспарлау сапасын талдау, оның ішінде мемлекеттік орган үшін белгіленген мақсаттарға мемлекеттік органның міндеттерді дұрыс қоюын айқындау жолымен.
Бұдан басқа, осы бөлімде бағалаудың нәтижелеріне қатысты тиісті тұжырымдар көрсетіледі.
«Орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар» деген бөлімде мемлекеттік орган қызметін одан әрі жақсарту бойынша ұсынымдар, сондай-ақ өзге де бар ұсынымдар егжей-тегжейлі сипатталады.
«Пост-аудиттің нәтижелері» деген бөлімде мемлекеттік орган Жоспарының тармақтарын іске асыру дәрежесі туралы мәліметтер көрсетіледі.
7. Бағалаудың нәтижелеріне шағымдану тәртібі
29. Шағымдану рәсімін өткізу үшін бағалауға уәкілетті мемлекеттік органда құрамына наразылық берген мемлекеттік органды бағалауға қатысқан қызметкерлер кіре алмайтын Арнайы комиссия құрылады.
Арнайы комиссияның саны мен құрамын бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган дербес айқындайды, бірақ кемінде 5 адам.
30. Сараптау комиссиясының жұмыс органынан бағаланған мемлекеттік органдардың растайтын құжаттары бар наразылықтарын алған сәттен бастап, бес жұмыс күні ішінде бағалауға уәкілетті мемлекеттік органдар бағалауға уәкілетті және бағаланатын мемлекеттік органдардың ұстанымдары көрсетілетін наразылық кестесін қалыптастырады және Арнайы комиссияның қарауына енгізеді.
31. Арнайы комиссия наразылық берген бағаланған мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ мүдделі салалық орталық мемлекеттік органдар өкілдері шақырылған наразылықты қарастыру және бағалау нәтижелерінің объективтілігін анықтау бойынша отырыс өткізеді.
32. Сараптау комиссиясынан бағаланған мемлекеттік органдардың растайтын құжаттары бар наразылықтарын алған сәттен бастап, он бес жұмыс күн ішінде Арнайы комиссияның қайта тексеру нәтижелері бойынша бағалауға уәкілетті мемлекеттік орган Сараптау комиссияның жұмыс органына және бағаланатын мемлекеттік органдарға наразылықтардың қабылданғаны немесе қабылданбағаны туралы негізделген қорытындыны жолдайды.
Наразылық қабылданған жағдайда бір уақытта түзетілген Қорытындылар жолданады.
Қадағаланатын саладағы/аядағы/
өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен
міндеттерге қол жеткізу және іске
асыру тиімділігін бағалау жөніндегі
әдістемеге қосымша
Қадағаланатын саладағы/аядағы/өңірдегі стратегиялық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу және іске асыру тиімділігін бағалау нәтижелері туралы қорытынды_____________________________________________________________________
(орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның атауы)
___________________
(есеп беру кезеңі)
№ |
Бағалау өлшемі |
Әрбір өлшемді бағалау балы |
1 |
Стратегиялық жоспардың/АДБ мемлекеттік органның оның қызметінің барлық салаларын қамтуы |
|
2 |
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарындағы/АДБ стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу |
|
3 |
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарындағы/АДБ міндеттерді іске асыру |
|
Жалпы баға: |
Орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның қызметін бағалау бойынша талдамалық есеп және тұжырымдар:
_____________________________________________________________________
Пост-аудит нәтижелері:
_____________________________________________________________________
Орталық мемлекеттік органның/жергілікті атқарушы органның қызметін жақсарту бойынша ұсынымдар_____________________________________________________________________
Мемлекеттік органның/ПӘ/ПМК
құрылымдық бөлімшесінің басшысы ____________________
(қолы) (қолды таратып жазу) Мемлекеттік органның
тиісті құрылымдық
бөлімшесінің басшысы _____________________
(қолы) (қолды таратып жазу)