Жәнібек аудандық мәслихаттың 2010 жылғы 23 ақпандағы N 22-2 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихаттың 2011 жылғы 5 сәуірдегі N 31-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2011 жылғы 26 сәуірде N 7-6-122 тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2012 жылғы 16 шілдеде N 5-2 шешімі.

Күшін жойған

Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық мәслихатының 2012.07.16 N 5-2 шешімі.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына сай Жәнібек аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" Жәнібек аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 ақпандағы N 22-2 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 7-6-101 тіркелген, 2010 жылғы 9 сәуірде аудандық "Шұғыла" газетінде N 15 жарияланған) шешіміне төмендегі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 1 тармақ келесі редакцияда жазылсын:
      "1. Жәнібек ауданындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) мемлекеттік мереке Жеңіс күніне Ұлы Oтан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) Ауған соғысына қатысқандарға;
      3) Ұлы Отан соғысында қайтыс болғандардың әскери қызметшілерінің қайталап некеге отырмаған жесірлеріне;
      4) қайтыс болған Ұлы Отан соғысының мүгедектерінің және қатысушыларынын қайталап некеге тұрмаған әйелдеріне (күйеулеріне);
      5) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына коммуналдық қызметтердің шығыстарын өтеу (есеп шоттарына жиынтық тізбенің негізінде өтініш берілмей аударылады);
      6) концлагердің, геттолардың және басқа да еріксіз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына;
      7) соғыс жылдарында тылда еңбек еткен азаматтарға;
      8) Чернобыль атом электростанциясы апаттың зардаптарын жоюға қатысқандарға;
      9) балаларды қорғау күніне – 18 жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      10) аз қамтылған отбасыларын рухани қолдау мақсатында республикалық, облыстық және аудандық басылымдарға жазылу үшін;
      11) аз қамтылған азамат қайтыс болған жағдайда, оны жерлеуді жүзеге асырған тұлғаға жерлеуге берілетін біржолғы төлем;
      12) денсаулық сақтау ұйымдарында емделуде жатқан және есепте тұрған онкологиялық және туберкулез ауруларымен ауратындарға, өрттен, су тасқыны басқа да табиғи және техногенді сипаттағы апатқа ұшыраған отбасыларға (азаматтарға) берілетін біржолғы көмек;
      13) бейбіт уақытта әскери қызметін өткізу кезінде қаза болған әскери қызметкерлердің отбасыларына ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      14) туберкулез ауруына шалдыққан адамдарға ай сайын толыққанды азық-түлік түрінде әлеуметтік көмек ай сайын 6000 (алты мың) теңге мөлшерінде;
      15) 1979-1989 жылдарғы Ауған соғысына қатысқаны үшін жауынгерлік награда (орден) алған ардагерлерге, 1-2 топ мүгедектеріне, қаза болған жауынгердің отбасыларына коммуналдық төлемдерден 50% көлемінде жеңілдік жасау жылына бір рет 15 (он бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтем ақы;
      16) "Капустин Яр" және "Азғыр" ядролық полигондары сынақтарынан зардап шеккен халыққа:
      бала кезінен мүгедектерге, он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға және жалпы аурудан бірінші топ мүгедектеріне ай сайын 2 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      екінші топ мүгедектеріне ай сайын 1,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      үшінші топ мүгедектеріне ай сайын 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.".
      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы             Қ. Қ. Қалташбаев
      Аудандық мәслихат хатшысы        Т. З. Кадимов